Түйін сөздер: пәндік құзыреттілік, тұлғааралық, кәсіби музыкалық құзыреттілік, шығармашылық
құзыреттілік, танымдық құзыреттілік, орындаушылық құзыреттілік.
Еліміздің болашағын өркендетудің жан-жақты жолдары қамтылған Елбасының жолдауларында
оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді
және құралдарды қарқынды енгізу, өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің
онлайн-жүйелерін белсене дамыту қажеттілігі, үш тұғырлы тіл мәселесі де кеңінен қарастырылып
келеді. Болашақ ұрпақтың үш тілде білім алуы олардың сыни тұрғыда ойлау, өзіндік ізденіс
пен ақпаратты терең талдау машығын игеруге негіз болары сөзсіз. Осы тұрғыда, Елбасы орта
білім жүйесіндегі жалпы білім беретін мектептерді Н.Назарбаев зияткерлік мектептеріндегідей
оқыту деңгейіне жеткізуді қолға алу уақыт талабы екендігін ескертеді [1]. Қазірде осы мақсатта
біршама жұмыстар жүргізіліп, ізгілендіруде: жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен қатар
жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж универси-тетінің Білім беру факультетінің
бірлесіп ұйымдастырған тренерлік курстарына қатысып, біліктіліктерін жетілдіруде.
Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық
білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару
мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін
жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан жоғары оқу
орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, педагогикалық мәдениетінің дамуына
және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау
қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог мамандарды даярлаудың мазмұны мен
құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды,
болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.
Қазіргі таңда мұғалімнің әлеуметтік рөлінің маңызыдылығына байланысты педагог
мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне аса назар аударылуда. Қазақстан
республикасы жоғары оқу орындарының жаңа тұжырымдамасында болашақ ұрпақтың жеке тұлға
ретінде қалыптасып, дамуына шығармашылықпен қарау қабілеті реттелген, кәсіби құзыретті
маманды даярлау қажеттілігі аталынып өтілді.
Ә
лемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп
|