Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/8
Дата22.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#1741
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ

ПАЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мананбаев Жеңіс Исаұлы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ДАМУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

(1938–2006 жж.)

Қазақстан Республикасы

Павлодар,2010 жыл

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ……………………………………………………………... .. .4 1.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ НЫШАНДАРЫ МЕН БАСТЫ БАҒЫТ

БАҒДАРЛАРЫ.........................................................................................15

1.1 Павлодар облысының өнеркәсібі: кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, электр қуатын өңдіру …………......................................................................................................26

1.2 Павлодар облысындағы құрылыс және инвестиция, көлік пен байланыс,сауда мен шағын кәсіпкерлік………………………...43

1.3 Павлодар облысының ауылшаруашылығы: егіншілік, мал шаруашылығы,фермерлік қожалық ...........................................50


2. АЙМАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ӨЗІНДІК

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………………………………………………………...51

2.1 Павлодар облысы халқы санының өсу динамикасы мен этникалық және әлеуметтік құрамы……………………………………………..…63

2.2 Павлодар облысы халқының әлеуметтік- тұрмыстық өмір сүру

деңгейінің көрсеткіштері……………………………………………..83

2.3 Павлодар облысындағы денсаулық, білім, мәдениет және спорт

саласындағы өзгерістер………………………………………………110



ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….117

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………......125


Қысқартулар мен шартты белгілер
ҚР ОММ- Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты

ҚазКСР -Казақ Кеңестік Социалистік Республикасы

КСРО ХКК – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық

Комиссарлар Кеңесі

ҒА –Ғылым Академиясы

АҚ-Акционерлік қоғам

БКП/ б / ОК -Бүкілодақтық Коммунистік партиясының /б/ Орталық Комитеті

ҚК- Қалалық комитеті

АК – аудандық комитеті

КБК –Кең байыту комбинаты

ҚК – қалық комиссары

РФММ – Ресей Федерациясыңың мемлекеттік қоры

КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ПОММ – Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты

ҚРПМ- Казақстан Республикасы Президентінің мұрағаты

ПОӘАМ- Павлодар облысының әлеуметтік экономикалық даму бойынша

талдау материалдары

ЖЭО -Жылу электр орталығы

ГРЭС -Гидроэлектр станциясы

ФЗО -Фабрика зауыттық оқыту

Қазревком -Қазақ революциялық комитеті

ҚР – Қазақстан Республикасы

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

Совхоз – кеңестік шаруашылық

МК- Министрлік кеңес

ОК –Орталық комитет

СЭС-санитарлық эпидемиялық станциясы

СНК- Совнарком

ОМ – орталық мектеп

Турксиб – Туркестан – Сібір магистралі


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Егемендік алып, тәуелсіз мемлекет атанғанымызға жуырда жиырма жыл болады. Әрине, бұл екі ғасырға жуық Ресей патшалығының бодандығында, одан соңғы 74 жыл бойы кеңес үкіметінің құрамында болып, көп нәрселерден қағыс қалған Қазақстан үшін қол- аяғын бауырына жинап аларлықтай ұзақ мерзім емес. Алайда, осы аз уақыт аралығында біздің республикамыз саяси тұрақтылық және әлеуметтік- экономикалық даму жағынан басқа да өзі тектес елдерге қарағанда әлдеқайда ілгері кетіп, үлкен жетістіктерге, оң нәтижелерге жетті. Осындай ортақ табысқа еліміздің ірі өндіріс аймағы болып табылатын Павлодар облысы еңбекшілерінің де қосып отырған үлесі ерекше деп білеміз. Өйткені өзінің географиялық орналасуы жағынан өте қолайлы аумақта орналасқан (Солтүстік және Солтүстік шығысында Ресейдің Алтай өлкесі және Новосибирь, Омбы облыстарымен, батысында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен, оңтүстік Батыс және оңтүстігінде Қарағанды, оңтүстік шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен). Облыс шекарасы 2100 шақырымға, оның ішінде Ресеймен 800 шақырымға созылып жатыр. Облыстың жалпы жер көлемі 124,8 мың шаршы шақырымға тең. Онда 758,9 мың адам тұрады. Яғни, әрбір шаршы шақырымға 6,1 адамнан келеді [1,13 б].

Облыс аумағының бедері негізінде тегістік. Ертістің оң жағын Барабин алқабы және Құлынды тегістігі алады, сол жағын -биіктігі -100-200 метр болатын Ертіс тегістігі алып жатыр. Оңтүстік батыс жағын Сарыарқа жеріндегі Баянауыл таулары (биіктігі 1026 метр),Кызылтау ( биіктігі-1055 метр),Желтау ( 959 метр) және басқа таулар орналасқан. Жер қойнауында тас көмір, түсті және бағалы металдар, тұз және құрылыс материалдары бар.Климаты континенталды.Қаңтар айындағы орташа температура - 17-19 градус, шілдеде + 20-22 градус. Атмосфералық жауын-шашындардың жылдық көрсеткіші 220-230 мм.

Облыс аумағымен (700 шақырым) Ертіс өзені ағып өтеді. Ұзындығы 458 шақырымды құрайтын Ертіс-Қарағанды каналы салынған. Облыс аумағында көлдер саны өте көп. Басым көпшілігі тұзды көлдер.Мысалы , Кызылтаң(аумағы 175 шаршы шақырым), Маралды (54,7 шаршы шақырым). Баянауыл тауларында әртүрлі орман,Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл, Біржанкөл және т.б. көлдер бар. Баянауылда ұлттық табиғат паркі құрылған.

Облыс орталығы Ертіс өзенінің жағасындағы Павлодар қаласында орналасқан.Ол 1861 жылы құрылған. 2006 жылдың каңтар айында қалада 291,4 мың адам, яғни облыстың барлық халқының 39 ,2 пайызы тұрған. Облыста 10 ауылдық аудан,3 қала, 7 кент, 165 ауылдық округ және селолар бар.Ондағы қала халқының саны 487,8 мың адам(65,5 пайыз), ауыл халқының саны – 256 мың адам (34,4 пайыз).

Облыста 474 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Ондағы оқушылар саны 124,3 мың адам. 35 колледж (25,4 мың), 5 жоғары оқу орындары және 7 филиал (33,3 мың студент) бар.

Облыста 69 аурухана бар, онда 2,9 мың дәрігер және 6,2 мың орта буындағы медицина кызметкерлері жұмыс істейді.

Міне, осының барлығы де облыстың жер асты шикізат байлығы және жер үсті табиғат байлығы жағынан Қазақстан бойынша алдыңғы қатарда екендігін көрсетеді. Атап айтқанда, бұл аймақтың жер қойнауынан қоңыр және тас көмір, құрамында алтын, күміс, мыс, қорғасын, цинк, молибден, кадмий, теллур, барий басқа да бағалы элементтері бар түсті және бағалы металдар, ас тұзы, әк, балшық, құрылыс материалдарын (құрылысқа пайдаланылатын түрлі- түсті тастар, құм қиыршық тас, сылақ үшін қолданылатын шикізат) алуға болады. Сондай- ақ, жоғарыда айтылғандай облыс өзінің географиялық орналасуы жағынан қолайлы аймақта жатқандықтан энергетикалық ресурстарының молдығымен, пайдалы шикізат көздерінің ерекшелігімен және жоғары сапалы кәсіби мамандарының көптігімен де дараланады. Бұл тұрғыдан алғанда соңғы 70 жыл ішінде Павлодар облысынан Қ. Сәтпаев бастаған 25 академик және 200- ге жуық ғылым докторларының (ғылым кандидаттарын қоспағанда) шығуының өзі ғылым саласында да тың серпілістердің барлығын көрсетеді.

Сондай ақ, облыста өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығы да қарқынды дамыған. Бүгінгі таңда аймақта 3773 ауылшаруашылық құрылымдар болса, оның 3508-і фермерлік қожалықтар, оның үстіне 91625 жеке қосалқы шаруашылықтар тағы да бар. Олар жалпы республика бойынша өндірілетін ауылшаруашылық өнімінің 4,4 пайызын береді [2,112 б]. Облыс диқандары 1,4 миллион гектар егістіктен жыл сайын шамамен 294 мың тонна дәнді- дақылдар жинайды. Сондай- ақ, малшылардың қолында 306,6 мың бас ірі қара, 269,3 мың қой мен ешкі,101,1 мың шошқа, 53,3 мың жылқы мен 1041,1 мың құс бар [3,27б].

Облыста ауылшаруашығында пайдалы 11,2 миллион гектар жер бар.Оның 1,4 миллионы егістік. Мысалы, 2004 жылы дәнді-дақылдарды өндіру 354,9 мың тоннаға жетсе, оның 255,3 мың тоннасы бидай,69,6 мың тоннасы көкөніс болған. Сондай-ақ,30,4 мың тонна күнбағыс, 179,8 мың тонна картоп,66,5 мың тонна ет (тірідей салмағы), 324,6 мың тонна сүт,111,9 миллион дана жұмыртқа және 891 тонна жүн өндірілген.

2005 жылдың басында облыс бойынша алғанда ірі қара малдың саны 333,6 мың басқа(оның 144,2 мың сиыр),қой және ешкі саны - 308,1 мың басқа,шошқа -96,6 мың басқа, жылқы -59,2 мың басқа, құс – 1054,5 мың басқа жетті.Соның нәтижесінде облыс көлемінде 2004 жылдың қорытындысы бойынша 57 миллион тонна көмір,26 миллиард киловатт-сағат электроэнергиясы,222 мың тонна болат, 10 мың тонна ет, 0,6 мың тонна сары май, 9 мың тонна өңделген сүт пен кілегей және 1,8 мың тонна шұжық өндірілді.Осының барлығы облыстың өндірісімен қатар ауылшаруашылығына да жыл сайын халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайының жақсаруына айтарлықтай үлес қосып отырғандығын байқатады.

Осы жылдар аралығында облыстың негізгі корларын құруға және ұдайы өндіріске жұмсалатын инвестиция (қаржы) көлемі үнемі артып отырды. Мысалы,2004 жылы қаржылық емес активтерге инвестиция жұмсау 57,3 миллиард теңгеге жетті. Сөйтіп, қаржылық емес активтерге бөлінетін инвестициялардың жалпы көлемімен салыстырғанда негізгі капиталға бөлінетін инвестициялардың көлемі 72 пайызды құрады.Ал, материалдық айналым бойынша қаражат қорын толтыруға жұмсалатын инсвестициялар көлемі -27,6 пайыз болды.

Бұл тұрғыдан алғанда инвестициялардың маңызды бағыттары негізінде материалдық капиталға жұмсалатын инвестициялардың көлемі: тұрғын үйлерге -4,5 пайыз, тұрғын үйлерге жатпайтын ғимараттарға -38,2 пайыз,машина, жабдық, құрал-саймандарға -57,1 пайыз, басқаларға -0,2 пайыз болды.Сөйтіп, 2004 жылы облыс бойынша құрылысқа бөлінген инвестицияларының көлемі 28,4 миллиард теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көбейген.

Бұл зерттеу жұмысына тағы ең басты ортақ болып табылатын фактор - облыс территориясында 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өмір сүреді. Мысалы, барлық 776846 тұрғындардың 315698-і қазақтар, 31930- сі орыстар, 58342-сі украиндықтар, 8017-сі белорустар, 16329-сы татарлар, 35452-сі немістер, 23706-сы басқалар [4,46 б]. Мұның өзі бұл аймақтағы демографиялық жағдайдың басқалардан өзгешелігін байқатады.

Сондықтан, бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі дау тудырмайды. Қайта егемендік алып, тәуелсіз ел атанған соңғы он тоғыз жыл ішінде Павлодар облысының әлеуметтік- экономикалық жағынан дамуымен қатар саяси, тарихи және мәдени тұрғыдан да қаншалықты дәрежеге жеткендігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Павлодар облысының зерттелу тарихы ХІХ ғасырдың орта тұсынан, яғни Павлодар уезінің құрылу тұсынан басталады. Бұл жұмыспен алғашқыда саяхатшы зерттеушілер, патша үкіметінің шенеуніктері айналысқан. Атап айтқанда А.И.Левшин, Н.Г.Андреев, Г.Ф. Миллер, П.С Паласс, М.Красовский, А.К.Гейнс, С.Идаров және т.б өз зерттеулерін жеке бақылау, жергілікті тұрғындардың әңгімелері негізінде, кейде ресми деректер бойынша да жазған. Бұл еңбектер суреттеу сипатында болса да, танымдық және фактілік жағынан құнды.(5,45 б)

Екінші жағынан, ХІХ ғасырдың ортасында тарихи өзгерістерді білім, ғылым, ой-сананың, тұрмыстың, әлеуметтік, ұлттық қалыптасуымен байланыстыра қарастырған ағартушылық бағыт қалыптасты. Оның жаңашылдығы өлкені зерттеуші тарихшылар мен жазушылардың арасында жергілікті тұрғын өкілдері мен (Ш. Уәлиханов,Ә.Бөкейханов,М.Шорманов, М.Сейдалин, Ы.Алтынсарин)(6) осы өлкеде туған бірақ басқа ұлттар арасынан шыққан оқымыстылардың (Г.Потанин, Ф.Усов, Н.Костылецкий)(7,1-15 б) болуы еді.

Үшіншіден, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Павлодар уезін де қамтыған статистикалық зерттеулер жаңа құбылыс еді. Бұл Ф.Усовтың, Н.Я. Коншиннің, Г.Е. Катанаевтың, Ф.Щербинаның еңбектері болатын.(8,1-4б) Осы аралықта Орыс география қоғамы бөлімдерінің, статистикалық комитеттермен қатар басқа да қоғамдық ұйымдардың аймаққа деген қызығушылықтары артып, жарияланымдардың көбеюіне алып келді. Соның нәтижесінде «Күнтізбе анықтамалар», «Ескерткіш кітаптар», «Семей губерниясының шолулары» сияқты басылымдар шығарылды. Ондай жұмыстар азамат соғысынан кейін де жалғасын тапты. Оны Семейде құрылған «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» (1925 жылдан «Қазақстанды зерттеу қоғамы») басқарды. Бұл кезеңнің маңыздылығы тарихи материалдардың көп жиналуына байланысты оның шеңберінің ұлғаюы және әлеуметтік мәселелерді қарауға деген ұмтылыс болды.

1930 жылдары аймақтың табиғи байлықтарын зерттеудің артуына орай енді оның тарихи проблемаларын қарастырудың да қажеттігі туындады. Ондай жұмыстар И.Л.Лубны - Герцик, С.И.Руденко, П.Драверт, В.Н.Рейнектің «Қазақстан аудандары» және басқа да жинақтаушы еңбектерде байқалды [9, 21-27б].

Облыс тарихындағы және оны зерттеудегі ерекше бетбұрыс 1950 жылдардың орта тұсындағы өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының жылдам қарқынмен дамуына байланысты болады. Осы тұста Павлодар облысы бойынша алғашқы талапқа сай еңбектер көріне бастады.(10,12-28б) Сол ақпараттық- танымдық мақалалар мен очерктердің арасынан З.В. Кузнецованың облыстың табиғи жағдайы мен облыс экономикасының жүйелік сипаттамасын ашып көрсетуге арналған монографиясы өзгеше ерекшеленді [11,12б]. Себебі онда бірталай тарихи материалдар үзінді түрінде болса да берілген. Бірақ, автор әлеуметтік- саяси, рухани аспектілерді қозғамаған.

1960 жылдан бастап Павлодарда жоғары оқу орындарының ашылуына және облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен мұрағатының қызметінің кеңеюіне орай жергілікті авторлардың өлкетануға қызығушылықтары артып, облыстық газеттерде осы сындас мақалалардың саны артады (Д.Приймак, Э.Д.Соколкин және т.б.(12,79б) Мысалы, БЛКЖО-ның 40 жылдығына арнап облыстың комсомол комитеті мен мұрағат бірлесе отырып «Павлодар облысы комсомолдары тарихының очеркі» деген еңбекті шығарды. Бұл Қазақстандағы осындай жұмыстардың алғашқыларының бірі еді. Онда мұрағат материалдарынан, жарияланған түпнұсқалардан, әдебиеттерден басқа, облыстың алғашқы комсомолдарының естеліктері жиналып берілген. Еңбекте өз кезеңіне байланысты кемшіліктер болса да (комсомолдың ішкі өмірінің қиыншылықтары туралы ештеңе айтылмай, тек комсомолдардың табыстары мен ерекше белсенділіктері ғана көрсетілген) бүгінгі күнге дейін танымдық, тарихнамалық бағалығын жоғалтпаған [13,18б].

1970 жылы «Біздің Павлодар» атты брошюра шықты. Бұл қаланың пайда болғанынан бастап оған арналған соңғы 30 жыл ішіндегі алғашқы кітап болды. Еңбек ағартушылық- тәрбиелік сипатында жазылған. Онда түпнұсқаларға сілтеме, библиография, деректерге талдау мен жинақтау жоқ. Авторлар негізінен бұрын жарияланған тұпнұсқалар мен мерзімдік баспасөзде жарық көрген өлкетануға қатысты мақалалар мен заметкаларды пайдаланған.

1973 жылы жергілікті мұрағат негізінде С.И.Сергиенков Ұлы Отан соғысы жылдарындағы облыстық партия ұйымдарының қызметі жөнінде кандидаттық диссертация жазып қорғаған. Бұл жұмыс кеңес кезеңіндегі тарих ғылымына тән кемшіліктерге толы болса да, күні бүгінге дейін сол тұстағы озық еңбек болып саналады [14,15-112б]. Сондай- ақ, Павлодар облысына қатысты материалдар Бижанов К, Т.Ж.,Зозуля мен Р.В.Григорьеваның диссертацияларының зерттеулеріне арқау болған.(15,34 б)Бірақ, олар өлкетанудың дамуына айтарлықтай тың серпіліс бермейді.

Бұл жағдай 1980 жылдардың соңына қарай жоғарыдан реттелетін тарихи үрдіс жүйесінің, тарихи әдебиетті жасау жүйесінің, кітап өнімдерін жариялау және т.б жүйелердің күйреуіне байланысты өзгеріске ұшырады. Осы жылдары әртүрлі бағыттағы басылымдар пайда болып қана қоймай, тарих үшін, қызықты материалдар үшін, оның ішінде тарихи тақырыптар үшін де күрес басталды. Газеттер мен журналдарда ең алдымен бұрындары зерттеуге және жариялауға тиым салынған тақырыптарға арналған мақалалар басылды. Толық емес мәліметтерге қарағанда тек Павлодар қаласының басылымдарында ғана 1990-2006 жылдары облыс тарихына қатысты 1000-ға жуық мақалалар жарияланған. (16,17-41б).Мұның өзі кеңес үкіметі жылдарындағыдан 4 есеге жуық көп деген сөз. Бұл мақалалар әр түрлі тұрғыдан, кейде әртүрлі пиғылдан жазылды. Қалай болғанда да материалдар уақыт сұранымына сай, қызықтылығымен ерекшеленді. Осыған орай тарихи сананы тәуелсіздік ұғымына сай қайта қарастыру мүмкіндігі туындады.

Соның нәтижесінде облыста тарихи-өлкетану жұмысы бұрынғыға қарағанда жанданып, оның нәтижелілігі артты. Жергілікті тақырыптар бойынша Нұрбаев Қ.Ж.,Қосаяков Б.Ж., Сабданбекова З.Ә.,Эрназаров Т.Я., Қуатов Б.А., және т.б. кандидаттық диссертациялар қорғап (17), Павлодар және облыс тарихына,әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты Марғулан А.Х., Касымбаев Ж.Қ., Қозыбаев М.Қ. Әубәкіров Ө.А., Шөкин Ш., Дахшлейгер Г.Ф., Нұрпейісов К., Қуандық Е.С. Алексеенко Н.В.,Алексеенко А.Н., Сыдықов Е.Б.,. Ақышев А.А., Еңсебаев К.К., Байсарина Қ.Қ., Нұрбаев Қ.Ж. және т.б. монографиялық еңбектері мен зерттеу мақалалары(18,4-41б) және облыс тыныс-тіршілігіне байланысты бағалы құжаттар жинақтары мен облыс энциклопедиясы шығарылды.(19,14б).

Осы тұрғыдан алғанда ғылым саласына енді ғана ене бастаған «аймақтық тарих» терминінің де ел, жер деген мағынаны білдіріп қана қоймай, аймақтық басқару, оның тұтастығы мен дербестігін, экономикалық еркіндігін көрсететін сөз тіркесі деп білеміз, сондықтан да бұл диссертациялық жұмыстың тарихи проблемаларға арналған негізі Қазақстанның жалпы тарих ғылымында (Павлодар облысының мысалында) аймақтық тарихтың алатын орнын анықтауға арналған.

Сөйтіп, аймақ түсінігі аймақтануда басты орын алып латыншадан аударғанда «ел», «жер», «аймақ», «облыс» деген мағынаны білдіреді. Түрлі кезең ғалымдары дәлелдеген бұл үш бағыт –нақтылық пен ғылымилықтың бірлігі ретінде қарастырылады. «Аймақ тарихы» -бұл территориялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, этникалық мәдени тұрмыстық байланыстардың өзара бірлігін көрсететін біртұтас ұғым.

Бірақ осының барлығына да қарамастан Павлодар облысының 68 жылдық тарихына, әсіресе оның тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі соңғы 15 жыл ішіндегі әлеуметтік- экономикалық даму тақырыбына толықтай арналған, бүгінгі көзқарас тұрғысынан жазылған бірде- бір толыққанды ғылыми еңбек әлі де болса жарыққа шыққан жоқ. Сондықтан да біздер назарларыңызға ұсынылып отырылған бұл еңбекті келешекте Павлодар облысы туралы жазылатын қадау - қадау қомақты зерттеулердің бастамасы ғана деп білеміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл монография жұмыстың мақсатын орындау үшін автор Павлодар облысының құрылғанынан бергі 68 жылдық, әсіресе әлі де болса ғылыми айналымға түсіп үлгере қоймаған соңғы 15 жыл аралығындағы әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы туралы мұрағат, статистикалық және баспасөз материалдары негізінде, оның Қазақстанның қоғамдық өмірінен алатын орны мен рөлін анықтауға күш салды. Сол арқылы төмендегідей міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалды-

1. Аймақтық дамуының ерекшелігіне әсер еткен негізгі факторларды анықтадық;

2. Экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін көрсетттік;

3. Өндірістік құрылымдарының орналасу жүйесіне талдау жасап, «А» және «Б» топтарындағы кәсіпорындардың даму дәрежелерін нақтыладық;

4.Экономиканың аграрлық секторының даму деңгейі мен өзіндік ерекшеліктерін айқындадық;

5.Тәуелсіздік тұсындағы нарықтық экономиканың туындауына байланысты оның басқару жүйесі мен заңдылықтарында болған өзгерістерге баға бердік;

6.Аймақ тұрғындарының сандық және саналық өзгерістерін, әлеуметтік- демографиялық және этноұлттық құрылымын көрсеттік;

7. Облыс тұрғындарының әлеуметтік, білім беру және мәдени көрсеткіштерінің даму динамикасына талдау жасадық.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізгі ғылыми принциптерге сүйеніп жазылды. Нақты статистикалық материалдарды және облыстық, республикалық мұрағат деректерін жинақтап, талдап, жүйелеп, қорытындылау әдістерін кеңінен пайдалану арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырыстық, оның үстіне тәуелсіздік жылдары қайта құрылған облыс экономикасының Қазақстанның халық-шаруашылығынан алатын орны мен рөлі тарихи қажеттілік ретінде алынып, тарихи үрдістің заңдылық тұрғысынан қарастырылды.

Зерттеу жұмысының деректік негіздері болып мұрағат материалдары, негізгінен алғанда Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты (ПОММ) сондай- ақ, Павлодар облысының статистика басқармасының зерттеу кезеңі аралығындағы жылнамалары (ПОСБЖ), Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағатының (ҚРММ), Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының (ҚРПМ) және Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағатының құжаттары саналады. Одан басқа, бұл тақырыпты зерттеу барысында ізденуші ғылыми еңбектер мен мақалалар, деректі әдебиеттер мен мерзімді баспасөз материалдарын да пайдаланды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының 195 және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының 708 қорларында Павлодар облысының құрылуымен әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және мәдени дамуы жөніндегі түрлі қаулылар мен резолюциялардың шешімдері сақталған.

Сондай- ақ, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатынан біздер өзіміз зерттеп отырған тақырыптқа байланысты Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің -689, Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік жоспарлау комитетінің -1479, Ауыл шаруашылығы министрлігінің-1481, Денсаулық министрлігінің -1473, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің-1962, 1982 және т.б қорларды пайдаландық. Әсіресе, зерттеу барысында Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағатынан аса маңызды да қажетті материалдарды кездестірдік. Олардың арасында біздің назарымызды ерекше аудартқан Павлодар облысы әкімдігі аппаратының -1381, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы бақармасының- 1016, Павлодар облысы статистика басқармасының- 909, Павлодар облысы жергілікті өнеркәсібі басқармасының -822, Павлодар облысы халыққа білім беру басқармасының-785, Павлодар облысы мәдениет басқармасының-400 және т.б қорлары болды.

Зерттеудің басты дерек көздерінің бірі болып 1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағының және 1999 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағының материалдары есептеледі. Себебі, ол арқылы біздер жиырма жыл уақыт аралығында түрлі әлеуметтік- экономикалық үрдістер негізінде Павлодар облысы тұрғындарының сандық және сапалық құрамындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік алдық.

Оның үстіне «Қазақстан және оның өңірлерінің өнеркәсібі», «Қазақстандағы баға», «Қазақстан Республикасындағы еңбекақы» деген Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің жинақтары материалдарымен қатар, экономикалық бағыт- бағдар ұстанған республикалық газет- журналдар және Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Приртышья» басылымдарының жарияланымдары да ғылыми айналымға түсірілді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Еңбекте Қазақстан тарихинамасында алғаш рет Павлодар облысының алғаш құрылғаннан бастап күні бүгінге дейінгі (1938-2006 жж) әлеуметтік- экономикалық дамуының проблемаларын, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін жан- жақты, шыншыл тұрғыдан кешенді түрде зерттеуге күш салынған. Жұмыста бұрын арнайы зерттеу нысаны болмаған немесе кеңестік кезеңде бір жақты идеологиялық бағытта қарастырылған бірталай маңызды мәселелер бүгінгі күн тұрғысынан талдаудан өтеді. Олардың қатарына жататындар:

-Кеңес үкіметі тұсындағы және оның ыдырап, тәуелсіздік алған алғаш жылдардағы, яғни нарықтық экономика кезеңіндегі Қазақстан, оның ішінде Павлодар облысының әлеуметтік - экономикалық дамуындағы қиыншылықтар;

-экономикалық реформаға бағыт алу, нарықтық экономикаға көшу кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері: зардаптары мен нәтижелері;

-Павлодар облысының өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы, мәдениеті және білім беру инфрақұрылымындағы динамикалық өзгерістер;

-идеологияда және қоғамдық- саяси өмірде СОКП-ның монополиялық өктемдігінің жойылуына байланысты бүкіл республикадағыдай Ертістің Павлодарға қараған өңірінде де біраз рухани жаңарулар пайда болды;

-тәуелсіздік жылдарында аймақтық тұрғындарының полиэтникалық құрамының қалыптасып, дамуы, яғни сандық және сапалық дәрежесі артты.

Осындай нақты мәселелерге орай жаңа концепциалдық тұрғыдан бұрындары қолдануға енбеген бірқатар мұрағат деректері мен статистикалық дәйектер алғаш рет ғылыми айналымға түсіріліп отыр.

Монографияның негізгі тұжырымдары. Кеңес Одағының құлауы өткен кезең қиыншылықтарының нәтижесі және жаңа үрдістер мен жаңа қиындықтардың көзі болды. Қайта құру басталмай жатып-ақ, 1982 жылдың өзінде тұрғындарды азық- түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындап, нәтижесіз азық- түлік бағдарламасының пайда болуына алып келді. Облыс астық, ет, сүт, басқа да азық түлікті қажет мөлшерден әлдеқайда аз алғандықтан оған деген сұраным жыл сайын өсе берді.

Жоғарыда айтылған қиыншылықтар, бұрынғы кеңестік республикалармен экономикалық, әлеуметтік байланыстардың нашарлауы, қоғамның экономикалық- әлеуметтік негізін қайта құру облыстың күш-қуатын төмендетіп жіберді. 1989-1999 жылдары тұрғындардың саны 14,4 пайызға азайып, 806,983 адамды құрады.

1990 жылдардың басында республикада және облыста экономикалық реформаға бағыт алып, нарықтық экономика құру басталды. Реформаның алғашқы кезеңі (1991-1994 жылдар) экономиканың либерализациялануымен сипатталады. Соның нәтижесінде 1991-1994 жылдары тұтыну тауарларының бағалары 10-30 есеге дейін өсті. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы өнімдері бағаларының арасында қарама-қайшылықтар туындады. Экономиканың барлық салаларында өндіріс көлемін айтарлықтай қысқартулар жүргізілді.

1995-2002 жылдары реформаның екінші кезеңі-көпшілігі таратылу жағдайында болған кәсіпорындардың иелік ету түрі мен басқару жүйелеріне қайта құрулар басталды. Бірқатар тау-кен және энергетикалық кәсіпорындардың мемлекеттік акциялары шетел инвесторларына сатылып, жаппай жекешелендіру өткізілді. 2001 жылдың басында кәсіпорындардың 78,9 пайызы жекеменшік иелерінің, 20,8 пайызы мемлекеттің, 0,3 пайызы шетелдіктердің қолында болды. Ауыл шаруашылығында да колхоздарды реформалау, совхоздарды жекешелендіру нәтижесінде, 2000 жылдың соңында облыста 3,2 мың ауыл шаруашылық құрылымдар, оның ішінде 3 мыңнан аса шаруа қожалықтары болды.

Осындай шаралардың барлығы да бірте-бірте экономикалық жағдайдың түзелуіне алып келді. 2000 жылдың өзінде- ақ өнеркәсіп өнімдерін өндіру 18 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 11 пайызға артты. Экономикалық саладағы осындай оң көрсеткіштер әлеуметтік дамуға да әсерін тигізді. Облыста тұрғындардың табиғи өсімі артып, эмиграция қысқарып, жұмыссыздық азайды.

Тәуелсіздік жылдарында Павлодар облысында рухани, яғни мәдениет саласында да көптеген шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бүгінгі таңда аймақта республикада тіркеген барлық негізгі партиялар мен «Аналар», «Тұтынушылар қоғамы», «Ардагерлер кеңесі» сияқты әртүрлі қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі, жалпы білім беру, арнайы орта білім беру, жоғары оқу орындары жыл сайын сандық және сапалық жағынан өсе түсуде. 2001 жылы облыста 526 мәдени-ағарту мекемелері (ұжымдары) болса, солардың 31-і «халықтық», «үлгілі» деген атақтарға ие болған. Олардың барлығы да жаңадан құрылып жатқан - мәдени ұлттық орталықтармен, Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеяларымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен қоян- қолтық араласып, көптеген игі істерді жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда облыста 12 мұражай бар. Жыл сайын оларды 250 мың адам тамашалайды.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Бұл еңбекте қол жеткен нәтижелерді Қазақстанның бүгінгі тарихында тәуелсіздік алғанға дейінгі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономика мен әлеуметтік істерді жүргізуге тарихи тәжірибе ретінде пайдалануға болады. Сондықтан, бұл тақырып зерттеліп отырылған кезең аралағындағы мұрағат, статистика деректерімен қатар, экономикалық бағытта шығып тұрған түрлі бағыттағы басылымдардың материалдарын түпнұсқа негізінде зерттеп, бүгінгідей тәуелсіздік алып отырған кезімізде халық назарына ұсынып, кеңес үкіметі тұсындағы 53 және егемендік туы астында өткен 19 жылдық тарихын ой елегінен өткізудің теориялық әрі практикалық мәнінің зор екендігінде дау жоқ.

Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары республикалық түрлі басылым беттерінде жарияланған 8 мақалада ашып көрсетілген. Диссертацияның жекелеген тұжырымдары 2002-2006 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, Павлодар Еуразия инновациалық университетінде және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет