Қазақстан Республикасы білім және ғылым



бет30/78
Дата12.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#460613
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
ЕТ Aubakirov Et jane Et onimderi

Шикізатты араластыру. Турама консервілерді дайындау барысындағы дайын тураманы банкіге өлшеп салу алдында, қыртыс маймен тұздардан бұрын, құрғақ тұзды етпен ет тартқышта екі қайтара ұсақтағанан кейін, орау алдындағы етті (таңертенгілік ас); ұсақталған және орау алдындағы піскілегеннен ішек- қарынды, өкпе-бауырмен (Ассорти) араластырады; тұздауды өткізу үшін, сол сияқты ұсақталған шошқа етімен (сиыр еті, қой еті, "таңертеңгілік ас" үшін); туралған немесе ұсақталған етті банкіге өлшеп салу алдында тұз, ұн, дәмдеуіш, пияз, томат паста, қант, сірке суы, көкеніс, жарма тағы басқалармен араластырады; ет - өсімдік консервілері және «Гуляш», «Ақ тұздықтағы ет» тағы басқа типтегі консервідер өндірісінде.
Ет турамаларын араластыру кезінде вакуумды қолдану дайын бұйымның сапасын анағұрлым жақсартады, консервілердің жылу өткізгіштік коэффициентін және ыдысты толтыру дәрежесін арттырады.
Ет шикізатын тұздау. Ет консервілерін жасау барысындағы технологиялық өңдеудің әр түрлі кезеңдерінде, ет шикізаттарына ас тұзы қосылады. Жылқы етінен «Антрекот» консервін өндірудегі шикізатты алдын ала қалыпта жылу мен өңдеу арқылы жасағанда, немесе «Бұқтырылған ет» өніміне тікелей банкаға өлшеп салу алдында тұз салады. Тұзды компоненттермен бірге
араластырады және өнімді дереу буып-түйіп орауға береді. Паштет консервілерін жасауда тұзды куттерге дәмдеуішпен және сорпамен бірге салады. Енгізудің мұндай тәсілі кезінде, өнімдегі тұз консервілерді сақтауға қою барысында араласып кетеді.
Тұздаудың ұзақтығы мен әдісі, жасалатын консервілер түріне байланысты. Ветчина консервісін өндіру кезінде сан еті мен жауырын мүшесін тыңғылықты тазалағаннан кейін тұздықпен піскілейді, тұздық құяды және тұздауда ұстайды. Тұз себілгеннен кейін, сан еті мен жауырын мүшесіне тұздың толық сіңуі үшін 5-7 тәулік ұсталады. Бұдан кейін етті ыстайды, сүйектен ажыратады, қалыпта пісірген соң салқындатып барып банкаға салады.
Шикізатты алдын ала жылумен өңдеу. Негізгі шикізаттың кейбір түрлері банкілерге салынарда алдын ала жылумен өңделеді: пісіткілеу, қуыру, пісіру, ыстау.

Сурет 17. Етті тұздау


Пісіткілеу дегеніміз – шикізатты суда өз сөлінде немесе бу ортасында толық дайындамай қысқа мерзімді пісіру болып табылады. Ақуыздарды жылумен денатурациялауы барысында, бұлшық ет талшықтарының диаметрі кішіреюімен ұштасады, соның нәтижесінде бос ылғал босап шығады да, пісіткілеуден кейін ет массасы 40-45% азаяды, ал көлемі 30% кемиді, соның арқасында консерві ыдыстарының сыйымдылығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді және өнімде тағамдық заттардың шоғырлануын арттырады. Сонымен қатар, пісіткілеу үдерісінде байланыстырғыш талшықтар ішінара піседі, жасушалық мембрананың өткізгіштігі артады, ауа көпіршіктері бөлінеді, бұл стерилизацияланған өнімде қышқылдануын жылдамдатылады, ыдыстың ішкі коррозиясын күшейтеді және стерилизациялау кезінде банкілердегі қысымның көтерілуге әкеп соғады.
Пісіткілеу кезінде бұлшық ет ферменттерінің және етте болатын микроорганизмдердің вегетативті формалары өледі, соның нәтижесінде бұдан кейінгі стерилизациялаудың тиімділігі артады. Етті суда пісіткілеу кезінде еритін тағамдық заттар, минерал тұздары және дәрумендер едәуір дәрежеде шығын
болатынын атап өткен жөн. Сондықтан да пісіткілеу бумен жүргізген абзал.
Ет шикізатын пісіткілеу тәсілі, көбінесе, ішек-қарын, өкпе-бауыр, паштет және консервілеудің басқа да түрлерін өңдеу үшін қолданылады. Пісіткілеу аяқталғаннан кейін ет шикізатын 45-55°С дейін салқындатады және бөлшектеп, өлшеуге немесе одан кейінгі өңдеуге жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет