сондықтан жалпы қалыңдық А+В горизонт қалыңдықтарының
қосындысы арқылы анықталады.
В.В.Докучаевтың күрең топырақтар классификациясы
бойынша оларды күрең топырақтарға ( құрамындағы қарашірігі
4% шамасындай) және ашық-күрең топырақтарға (құрамындағы
қарашірігі 2 – 3%) жіктейді. Н. С. Коссович күрең
топырақтарды
үш тип тармағына бөлді: күңгірт- күрең (қарашірігі 5 – 6%),
күрең (қарашірігі 3 – 4%), ашық-күрең (қарашірігі 2 – 3%).
Тек бойынша бөлінуі: кәдімгі – жоғарғы горизонттар құ-
рылымы кесекшелі, күрең түсті, В горизонтының төменгі бөлі-
гінде немесе қарашірік горизонтында шымырлайды,
тез еритін
тұздар 1-2м тереңдікте, яғни тамырлы қабаттан төмен болады;
кебірленген – жоғарғы горизонты құрылымысыз, bi горизонты
біршама тығыздалған, құрылымы кесекті-призмалы, құба-қоңыр
қабыршақпен көмкерілген; сортаңдау –
тез еритін тұздары
0,25% кұрайды, солодтанған, құрылымдық кесекшелері бозғылт
түсті кремнезем ұнтақтарымен көмкерілген, карбонатты, бетінен
шымырлайды, топырақ кескіні толық қалыптаспаған. Тектер
аралас болуы мүмкін, мысалы кебірленген-сортаңдау.
Қарашірік горизонтының қалыңдығына байланысты
топырақтарды қалың қабатты (А + В 50 см-ден көп), орта қабат-
ты (30—50 см), жұқа қабатты (20—30 см) және қысқа қабатты
( 20 см-ден аз) деп бөледі.
Кебірлену дәрежесі бойынша бөлу мынадай: кебірленген –
3%-да аз, шамалы кебірленген – 3-тен 5%-ға дейін,
орташа ке-
бірленген 5-тен 10%-ға дейін және күшті кебірленген – 10-нан
15%-ға дейін.
Топырақ түрлерін жоғарғы горизонттардың механикалық
құрамы бойынша, ал разрядтарды аналық жыныстары бойынша
бөледі.
Дала белестері арасындағы ойпаңдарда, өзендердің арна-
үсті террасаларында шалғынды-күрең топырақтар қалыптасады.
Бұндағы қосымша ылғалдылық шалғынды
дала өсімдіктерінің
дамуына септігін тигізеді (бидайық, жоңышқа, т.б.). Шалғынды-
күрең топырақтарға қарашірік горизонтының едәуір қалыңдығы
және органикалық заттар мен Қоректік элементтердің көп
мөлшері болуы тән. Олар күрең топырақтар сияқты жіктеледі,
сонымен қатар мұнда глейлі топырақтар бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: