Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Ұрық оның қабықтары және плацента



бет43/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
акушерство китап

4.1. Ұрық оның қабықтары және плацента
Ұрықтың дамуында төрт сатыны айырады /анықтайды/:
1/ бластоциттер - олардың қоректенуі анасы сүтінің есебінен өтеді, бұл саты әдеттегі барлық омыртқалы жаунарлардың белгілері болуымен сипатталады.
2/ эмбриональдық /өскіндік/ - тұқымдас малдардың белгілерінің пайда болуыменен өтеді. Бұл жағдайда анасының сүтінің белсенді сіңірілуі және плацентаның аналық бөлігінің өсуі болады.
3/ фетальдық /ұрықтық/ - органдардың өсуі, осы түрге тән денесінің құрылуының аяқталуы және анасы мен ұрықтың қан жүйелері аралығындағы зат алмасуы нәтижесінде қоректенуі.
4/ фетальдық уақыттан кейінгі мерзім - туғаннан физиологиялық жетілуге дейінгі уақыт.
Эмбриональдық мерзім әдетте буаздылықтың бірінші жартысында, ал кейбір малдарда осы уақыттан ерте аяқталады. Органдардың пайда болуы /салынуы/ бір уақытта болмайды, сондықтан фетальдық және фетальдық уақыттан кейінгі мерзімдерде организмде әртүрлі жасты органдар кездеседі. Органның құрылуы тым ерте болса соған байланысты фетальдық және фетальдық уақыттан кейінгі мезгілдерінде оның өсуі де осыған байланысты мезгілден ерте аяқталады.
Әдеттегі жағдайда ұрық органдарының өсуі уақыттан және органның пайда болуы /салыну/ көлеміне байланысты болады. сондықтан кейбір органдардың өсуі фетальдық мезгілде аяқталады, ал біреулері фетальдық уақыттан кейінгі мезгілде де интенсивті өседі. Осыған орай ұрықтың салмағы да эмбриональдық және фетальдық мезгілдерде тез өседі. Кейбір буаздылық кезеңінде күндік ұрықтың салмағының қосуы 25-30% оның жалпы салмағына жетеді.
Биенің ұрығы организмнің жетілу мерзіміне келгенде 30-ға дейін массасы көбею керек, ал 26 оның қысқа эмбриональдық және фетальдық мезгілдеріне келеді, тек төртеуі ғана фетальдық уақыттан кейінгі мезгілге түседі.
Жұмыртқаның қабығынан босағаннан кейін стеробласта көлемі жағынан сары көбікшенің қуысында белокқа бай сұйық жиналу себебінен қатты үлкейеді. Эмбриональдық дамудың бірінші аптасында ұрық түйіншегі қағанақтың ұрық көбікшесінсіз бөліктерінен бөлінеді. Трофобласт пластинкасы ұрық көбікшесінін қалыңдағы ішіне қарай кіруіне байланысты ұрық үстінде трофобластың бүкпесі пайда болады.
Трофобласт клеткаларының ары қарай өсуі эмбриональдық түйін ішегінің айналасындағы трофобласт бүкпелерінен құрылған көтеріңкі эмбрионды бөлектейтін процесске әкеледі, осы себептен ұрықтың бөлігі орталық қалыпты жағдайда түседі, ал трофобластың бүктемесі оның үстіне қосылып тек кішкентай тесік қалдырады /амнионның кіндігі/, осы арқылы ұрық жатыр қуысымен қатынасады. Трофобласт клеткасы элементерінің кезекті көбеюінде ұрық үстіндегі бүктемесінің тесігі тарылады да өсіп кетеді.
Амнионның кіндік клеткаларының көлемі семуі /атрофия/ нәтижесінен трофобластың бір қабығынан екеу пайда болады: сыртқы-трофобласт және ішкі-амнион /су/. Эмбрионның әрі қарай өсуіне байланысты олардың ара қатынастары да өзгереді. Бұнда амниотикалық қабығының кіндік сақинасы /шығыршық/ эмбрионды жағынан жабып ұрықтың терісіне айналады.
Осы мезгілде трофобластың сыртқы бойындағы барлық бетінде көп санды қылшық /ворсинка-түк/ пайда болады. Әрбір қылшық эпителиальдық клеткадан және дәнекер болып тұратын тканьнен тұрады. Қылшықтар пайда болғаннан кейін трофобласт прохорионға көшеді, қылшықтар қан тамырларына біргіп кеткенде ол қабықты хорион деп атайды.
Ұрық үш қабықтармен қоршалған: 1/ су, 2/ несеп қабығы және 3/ тамырлы.
1/ су қабығы /амниотикалық қабық, амнион тостаған/ трофобластан құрылады. Бұл ұрықтың ең ішкі қабығы, барлық аналық малдарда тамырлы қабықтың қуысында орналасқан. Амнион ірі қара және ұсақ малдың, мегежіннің, биенің, ұрықтарында ұрықтанудан кейін 13-16 тәуліктен соң пайда болады.
Су қабығының қабырғасы ұрықты жан-жағынан қоршап кіндік сақинасының көлемінде ұрықтың терісімен бірігіп осы жерде кіндіктің өтуіне тесік құрастырады. Олардың көбінде түйреуіш басының көлеміндей кіндік жанында топтасқан ақшылт сары дақтар байқалады. Олар эпителиальдық ұлпаның жиынтығы.
Биеде су қабығы тығыз несеп қабығының ішкі жапырағымен өсіп аллантоис-амнионды құрайды. Тақ тұяқты /бие/ жануарлардың аллантоитс-амнионының ерекшелігі, оларда қабырғасы қалың тамырлардың болуы. Су қабығының ішінде шырышты сәл созылмалы сұйық болады. Буаздылықтың бас кезінде мөлдір, кейіннен сары немесе қоңыр түсті болады, ал буаздықтың аяқ кезінде тағы да мөлдірлеу бола бастайды, сиырларда лай түсті. Бұнда шашты, эпителийдің қабыршағын, ал ұрық өлген жағдайда меконийді табуға болады.
Биенің 1 айлық буаздығында сұйықтық мөлшері 40-50 мл, 2 айында -300-500 мл, ал 11 айында 10-20 л болады.
Сиырда да сұйықтың көлемі буаздылық мерзімі өскен сайын көбейе береді: 1 айдың аяғында 30-60 мл; 2 айда 200-450; 9 айында 12-20 л
Амниотикалық сұйықтың химиялық құрамы тұрақты емес. Мұнда белок муцин, тұз, қант және май табылған. Осы сұйықта гормондар да болады.
Буаздықтың орта мерзіміне дейін амниотикалық сұйықтың мөлшері көбейеді содан кейін ол азая бастайды. Буаздықтың бірінші жартысына дейін ұрық су қабығының қуысында бос малтып жүреді және бір жерден екінші жерге ауысып отырады, ал буаздықтың екінші жартысында су қабығы ұрыққа тығыз жабысып тұрады. Амниотикалық сұйықтық ұрық үшін буфер болып есептелінеді, ол ұрықты анасы ішек-қарынының қысымынан сақтайды және сыртқы факторлардың құрсақ қабырғасына тигізетін механикалық әсерін әлсіретеді. Осы екі жағдай ұрық органдарының әдеттегі құрылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге қағанақ сұйығы туу актісі кезінде үлкен рөл атқарады, ең алдымен жатыр мойынын кеңейтуге ықпал жасайды және туу жолдарын сулайды.
2/ несеп қабығы /аллантоис-allantois-шұжық тәрізді/ - ұрықтың қуығынан оның қабырғасы кіндік тесігінен томпаю арқылы пайда болады. Аллантоис-қуық, ұрықтың құрсақ қуысының шегінен шыққан сары көбікшенің қапшығы, су және тамыр қабықтардың аралықтарында жайылған. Несеп қабығы несеп тармағы - урахуспен қосылған.
Несеп қабығының ішінде-ұрықтың зәрі болады. Сұйықтың жартысы қан тамырларының транссудаты. Несеп қабығы ұрықтың қан айналу жүйесінің даму мезгілінде үлкен рөл атқарады.
Биеде, қоянда несеп қабығы соқыр қапшық секілді су және тамырлы қабықтарының аралығында орналасады. Ұрықты және оның ұрық жанындағы қабықты барлық жағынан жабады. Аллантоис-амнион ішіне алынған ұрық несеп қабығының қуысында бос алмасуға мүмкіндік алады және кіндік арқанға аяқпен секілді ұсталынады. Бұл жағдай ұрықтың ұрық жанындағы қабықпен тууына ықпал жасайды.
Басында несеп сұйығы мөлдір, әрі қарай ол сары түсті болады, сосын буаздық аяғында ақшыл-қоңыр. Биенің 3 айлық буаз мерзімінде несеп сұйығының саны 400-800 мл, 6-7 айда 3-6 л, туу алдында 7-15 л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет