Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.
Барлық әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер тек жүкті әйелдерден басқасы аттестациялаудан өтеді. Мемлекеттік қызметке алғашқы рет келген немес мемлекеттік қызметке үзіліспен келген адамдар мемлекеттік қызметтің 3 жылы өткеннен кейін аттестациялауға жатады. Ары қарай әр 3 жыл сайын мемлекеттік қызметтегілер аттестациялаудан өтіп тұрулары қажет. Осыған орай аттестация белгіленген мерзімнен 6 ай уақыт ішінде өтілуі керк. Мемлекеттік қызметкердің тікелей басшысы аттестациялаушыға қызметтік белгіленген форма бойынша мінездеме дайындап, оны кадрлар қызметін жіберуі тиіс. Аттестациядан өтетін қызметкерге тиісті қызметтік мінездемесінде оның жеке басының кәсіби қасиеттері мен қызметтік іс әрекетінің қорытындысы болуы керек. Кадрлар қызметшілеріне әкімшілік қызметкерді оған жасалған қызметтік мінездемесімен таныстыру жүктеледі, ол аттестациялық комиссияның отырысына алдын ала 3 апта мерзім ішінде таныстырылуы керек. Бұл орайда мемлекеттік қызметіне өзі туралы ақпарат беруіне құқылы.
Аттестациялық комиссия мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен немес осы орынға лайықты лауазымды адамның бұйрығымен аттестациялық комиссия жасалады. Бұл орайда аттестация мемлекеттік қызметтің іс-әрекетін анықтайтын өкілетті органның осы қызметке белгіленген келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
өз орнына лайықты деген сәйкестілігі және категориялық қызметке орналасуына мүмкіндігі бар деп кадрлар резервіне ұсынылады;
өз орнына лайықты деп есептеледі;
аттестациядан қайта өту туралы;
өз орнына лайықты емес.
Аттестациямен әкімшілік мемлекеттік қызметкердің қызметтік карьерасы тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметкердің қызметі бойынша жоғарылау жолы оның жоғары тұрған қызмет пен одан жоғары категорияның берілуіне байланысты. Әрине бұл жерде мемлекеттік қызметте өзін жұмыста жақсы жағынан көрсете білген, әр уақытта өзінің кәсіби деңгейін көтеруде еңбек еткен және кадрлар резервіне есепке алынғандардың артықшылығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |