Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі



бет10/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017

7 Арнаулы салық режимдері

Сұрақтар:


1. Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары
2. Патент алу үшін салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
3. Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары

1.Осы шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (бұдан әрі – Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпоративтік) табыс салығын және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған салық есептілігі (оңайлатылған декларация) нысанын (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды.


2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
3. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
4. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта – нысандар Салық кодексінің сәйкес толтырылады.
5. Декларацияға Салық кодексінің сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
6. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің электронды түрде қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
7. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:
СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі міндетті түрде толтыруы тиіс. 
8. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәйкестендіру нөмері (бизнес-сәйкестендіру нөмері);
3) жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша – сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының салық міндетін орындау мезетте, жолда сенімді басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның (немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшенің) атауы көрсетіледі;
4) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
5) салық төлеуші санаты.
Торкөз, егер салық төлеуші А немесе В жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;
6) Декларацияның түрі.
Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
7) хабарламаның нөмірі мен күні.
Торкөздер Салық кодексінің көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
8) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
9) резиденттік белгісі:
2. Декларация – салық салынатын объекті туралы ақпараттарды ашу бойынша және корпоративтік табыс салығына салық салуға байланысты объекті туралы декларацияның және оған қосымшаның өзінен тұрады.
Декларацияда көрсетілетін деректер есептік құжаттамалармен расталуы тиісті. Заңды тұлғамен есептік құжаттарды сақтау мерзімі салық заңымен белгіленген 5 жылдағы қуыну мерзімінің көп жыл өтуімен анықталады.
Табыстар, шегерімдер, ауыстырылған залалдар мен жеңілдіктер туралы декларацияда келтірілген деректерді растайтын құжаттарды салық төлеуші декларацияны толтырған және тапсырған күнінен бастап, 5 жыл сақтауға міндетті.
Тіркелген активтердің алғашқы және ағымдағы құнын растайтын құжаттар, салық салу мақсатында белгіленген барлық өтелім кезеңінің ішінде сақталуға тиіс. Есептік құжаттары электорнды және магнитті құралдарда сақталған салық төлеушілер салық органдарының талаптары бойынша, құжаттар көшірмесінің барлық деректемелерін көрсетіп жазады.
Салық төлеушілермен шетел тілінде толтырылған есептік құжаттар салық қызметінің талабымен қазақ немесе орыс тіліне аударуға жатады. Есептік салық жылында салық төлеуші Декларацияны толтырғаннан кейін он күн ішінде мемлекеттік бюджетпен біржола есептесуін жүргізеді. Корпоративтік табыс салығын төлеудің соңғы күні Декларацияны тапсырған күнге қарамастан есеп берумен жалғасатын 10- сәуір болып табылады.
Салық декларациясы мен салық бойынша есеп айырысуға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.
Салық декларациясы мен салық бойынша есеп айырысуға өзгерістер мен қосымшалар енгізу Салық кодексімен қарастырылған мерзім ақталғанға дейін рұқсат етіледі. Салық төлеушінің есеп айырысуы осы өзгерістер мен қосымшаларға қатысты қосымша салықтық декларация немесе салық кезеңіндегі есеп айырысуды толтыру жолымен жүргізіледі.
Салықтық декларацияға немесе соған сәйкесті жолдар бойынша есеп айырысуға қосымшаларда бұрын тапсырылған көрсеткіштермен салыстырғандағы тек анықталған айырмашылықтар сомасы көрсетіледі. Тексеруге дейінгі қосымшаны беру кезіндегі салық төлеушімен анықталған салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы бюджетке айыппұлдарды есептемей, бюджетке енгізуге жатады. Салық төлеушіден негізделген жазбаша өтініш алғаннан кейін, соған сәйкесті қаржылық органның басшысының келісуімен аумақтық салық органның басшысы Салық Кодексімен белгіленген, жергілікті бюджетке толық көлемде төлемге жататын, салықты немесе айыппұл санкциясы бойынша бір жылдан артық емес уақытқа ұзартуға құқылы.
Салық төлеушінің тіркелген жері бойынша жергілікті атқару органы өтінішті алғанан кейін, ҚР Мемлекеттік кіріс Минисрлігі келісімімен салық немесе айыппұл санкциясының белгіленген төлеу мерзімін, бірақ бір салықтық жылдан артық емес уақытқа ұзартуға құқығы бар.
Салық шегерімдері:
Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жыл ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатқызылады:

  1. Қазақстан Республикасының заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

  2. Асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асыруындағы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына – отбасы мүшесіне қолданылады.

  3. Жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары.

  4. Қазақстан Республикасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептік көрсеткіш 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары.

  5. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары.

  6. Тұрғын-үй құрылыс жинақ банктерінде Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға Қазақстан Республикасы аумағында тұрған үйді жөндеу, салу немесе сатып алу үшін алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына табыстардың мынадай түрлері:

  1. Мүліктік табыс;

  2. Жеке кәсіпкердің салық салынатын табыстары;

  3. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары т.б.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

  1. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

  2. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

  3. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

  4. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

  5. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар.

Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етілу мерзімдері:

  1. Жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі;

  2. Арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер арнаулы салық режимі қолданылатын қызметінен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейді.

Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу, әлеуметтік салықты есптеу жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу бойынша есепті жасау жолымен жүзеге асырылады. Есепте салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

  1. 1- бағанда күнтізбелік жылының тиісті айлары;

  2. 2- бағанда жеке тұлғаның есептелген табыстар сомасы;

  3. 3- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстар сомасы;

  4. 4- бағанда екінші бағанда көрсетілген және салық жылының тиісті айы үшін салық салуға тиіс емес табыстарының сомасы;

  5. 5- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 4 – бағанда айқындалған табыстардың сомасы;

  6. 6- бағанда салық жылының тиісті айы үшін зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

  7. 7- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

  8. 8- бағанда Салық кодексінің 152- бабының 1- тармағының 1), 2) және 4)- 7)- тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін салық шегерімдерінің сомасы;

  9. 9- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 8-бағанда айқындалған салық шегерімдерінің сомасы;

  10. 10- бағанда салық жылының басынан бастап 3-баған мен 5,7,9- бағандардың арасындағы айырма ретінде айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстардың сомасы;

  11. 11- бағанда салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмыстан босаған ретте жұмысының соңғы айы үшін табысынан жеке табыс салығын есептеу «1» қайта есептеу коэффициентін қолдану арқылцы жүзеге асырылады.

  12. 12- бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын табысының есепті сомасы (10-баған) мен қайте есептеу коэффициентіне (11- баған) көбейту жолымен айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы;

  13. 13- бағанда салық салынатын табыстың есепті сомасына салық кодексінің 145-бабының 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген ставкаларды 12- бағанда көрсетілген салық салынатын табыстың есетік сомасына қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;

  14. 14- бағанда 13- баған сомасының 11-бағанға қатынасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;

  15. 15- бағанда сылық жылының өткен айлары үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;

  16. 16- бағанда салық жылының тиісті айы үшін ұстап қалуға тиісті, 14 және 15- бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;

  17. 17- бағанда 2-бағанда көрсетілген және міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, Салық кодексінің 316-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салу обьектілеріне жатпайтын табыс сомасы;

  18. 18- бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен 17-бағанда айқындалатын табыстар сомасы;

  19. 19- бағанда 2- баған мен 6,17- бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;

  20. 20- бағанда 3-баған мен 7,18-бағандардың арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;

  21. 21-бағанда есепті ай үшін (20-баған) салық салынатын табыс сомасын қайта есептеу коэффициентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын салық жылы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстың есепті сомасы;

  22. 22- бағанда 21- бағанда айқындалған салық салынатын табыстың есепті сомасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің 317-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген әлеуметтік салық сомасы;

  23. 23- бағанда көрсетілген салық жылының есепті айы үшін әлеуметтк салық 22-бағандағы сомалардың 11-бағанның тиісті сомаларына қатысы ретінде анықталады;

  24. 24- бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген әлеуметтік салық сомасы;

  25. 25- бағанда 23- баған мен 24- бағандағы сомалардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін төленетін әлеуметтік салық сомасы;

  26. 26- бағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің ақшалай үлесі түріндегі табысын қоса отырып әлеуметтік аударымдар есептелетін жеке тұлғалардың табыстары;

  27. 27- бағанда Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы.

Салықтарды есептеу кезінде қайта есептеу коэффициенттерін айқындаудың ерекше тәртібін салық органдары ағымдағы жылы бірінші рет жұмысқа тұрған қызметкерлер үшін белгіленген. Тап осы тәртіп жұмысқа алынып, бұрынғы жұмыс орнынан анықтама тапсырмаған жеке тұлғаларға да қолданылады. Қалған қызметкелерге қайта есептеу коэффициенттері қарапайым тәртіппен қолданылады, яғни жұмысқа алынға айға сай келетін коэффициент қолданылады. Есептелген табыс және ұсталған жеке табыс салығы туралы анықтаманы қызметкерлер жаңа жұмыс орнына тапсырған. Бірақ әлеуметтік салықтың есептелген-есептелмегені айқын болмай отыр. Ұйым 1 сәуірден бастап жеке табыс салығын есептеу үшін сәуірге сай келетін, коэффициентті, яғни «3» санын қолдануға тиіс. Ақпан және наурыз айларында аталған жеке тұлға еш жерде жұмыс істемеген ескерсек, Ұйым есепті қаңтардағы табысын сәуірдегі табысымен жиынтық түрінде ескеруге тиіс. Ұйым бухгалтериясы қаңтар үшін деректерін алдыңғы кезең үшін жыл басынан бергі көрсеткіштер ретінде ескеріледі. Салық шегерімдрі қаңтар және сәуір айлары үшін ғана беріле алады. Сөйтіп, аталған жағдайда жеке табыс салығын есептеу бойынша қиындықтар туындамайды. Мұндағы қиындық- әлеуметтік салықты есептеп шығарған кезде жаңа жұмыс берушіде бірінші жұмыс орнында есептелген әлеуметтік салық туралы деректер жоқ.
Бірінші жұмыс берушінің бюджетке әлеуметтік салық төлеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеу жөнінде міндеттемелерді орындалмай қалған, бірақ ҚР-да салық салу принциптеріне орай, салық төлеушінің-екінші жұмыс берушінің міндеттемесіне ықпал етуге тиіс емeс.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша шоттар корреспонденциялары





Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Жеке табыс салығы есептелді

3350

3120

2.

Әлеуметтік салық есептелді

1620,7110,7210,
8110,8310,8410

3150

3.

Жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқа да міндетті төлемдер есептелді

7210

3160-3190

4.

Есептелген салықтар бюджетке аударылды

3110-3190

1010,1030

5.

Артық төленген салық сомалары бюджеттен қайтарылды

1030

3110-3190

2.Осы патент алу үшін салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (911.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және патент құнын есептеуге арналған патент алу үшін салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі – Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс және әлеуметтік салықтар кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды.


2. Есеп Есептің өзінен (911.00-нысан) және оған патентті алу үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Есепке қосымша Есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәптіпте жасалады
6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «–» – алу; «х» – көбейту.
8. Соманың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
9. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
10. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
11. Есепті табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
12. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
13. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Есепті табыс ету кезінде:
СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде толтыруы тиіс. 
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу нөмірі;
2) ЖСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе атауы.
Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
4) салық есептілігі (Есеп) табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
5) Есеп түрі. Тиісті торкөздер Есептің Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша табыс етілген жағдайда белгіленеді;
7) салық төлеушінің санаты. Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;
8) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;
9) торкөз Есеп электронды түрде табыс етілген кезде белгіленеді;
10) табыс етілген қосымшалардың саны.
15. «Патент құнын есептеу үшін мәліметтер» бөлімінде:
1) 911.00.001 жолында табыс сомасы көрсетіледі;
2) 911.00.002 жолында 911.00.001 жолы мен Салық кодексінің 432-бабы 1-тармағында белгіленген ставкасының туындысы (911.00.001 х 2%) ретінде айқындалатын бюджетке төленуге тиіс есептелген салық сомасы көрсетіледі;
3) 911.00.003 жолында есептелген салықтардың бір бөлігінің 1/2 мөлшерінде айқындалатын (911.00.002 х 0,5) бюджетке төленуге тиіс жеке табыс салығы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте есептелген салық сомасы 1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома Есепке қабылданбайды;
4) 911.00.004 жолында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар алына отырып, есептелген салықтардың бір бөлігінің ½ мөлшерінде айқындалатын бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі ((911.00.002 х 0,5) – 911.00.005). Бұл ретте есептелген салық сомасын 1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома Есепке қабылданбайды.
3. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес- сәйкестендіру нөмірі);
3) салық төлеушінің атауы.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және шаруа және фермер шаруашылықтарының атауы (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімді басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
4) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
5) Декларация түрі. Тиісті торкөздер Салық кодексінің көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне Декларацияны жатқызу ескеріле отырып, белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні. А немесе В торкөздері Салық кодексінің көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
7) салық төлеуші санаты. Торкөздер, егер салық төлеуші А немесе В жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;
8) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды ;
9) тиісті торкөзде табыс етілген қосымшалардың саны.
16. «Бірыңғай жер салығын есептеу» бөлімінде:
1) 920.00.001 А жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа және фермер шаруашылықтарында бар егiстiктердің ауданы көрсетіледі.
920.00.001 В жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа және фермер шаруашылықтарында бар жайылымдардың, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің жиынтық ауданы көрсетіледі;
2) 920.00.002 А жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа және фермер шаруашылықтарында бар егістіктердің жиынтық бағалау құны көрсетіледі.
920.00.002 В жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа және фермер шаруашылықтарында бар жайылымдардың, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің жиынтық бағалау құны көрсетіледі;
3) 920.00.003 А жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа және фермер шаруашылықтарында бар егістіктер бойынша бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
920.00.003 В жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа және фермер шаруашылықтарында бар жайылымдар, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелері бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі;
4) 920.00.004 жолда 920.00.004 А және 920.00.004 В жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін шаруа және фермер шаруашылықта бар егістіктер мен жайылым, табиғи шабындық және басқа да жер учаскелерінің мекенжайы бойынша есептелген бірыңғай жер салығы сомасының жалпы сомасы көрсетіледі.
Бұл ретте 920.00.004 жолының сомасы 920.00.005 А және 920.00.005 В жолдарының сомасына тең келеді.
920.00.004 А жолда 920.01 барлық нысаны бойынша 920.01.007 жолының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін егістіктің мекенжайы бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі.
920.00.004 В жолда 920.01 барлық нысаны бойынша 920.01.014 жолының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін егістіктің, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің мекенжайы бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі;
5) 920.00.005 А жолда ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанға дейін салық кезеңі үшін және ағымдағы салық кезеңі үшін 10 қарашасынан кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан мекенжайы бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
920.00.005 В жолда ағымдағы салық кезеңінің 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін салық кезеңі үшін және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңнің 10 сәуірінен кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан мекенжайы бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.
920.00.005 А және 920.00.005 В жолдарының сомасы 920.00.004 жолының сомасына тең келеді.
17. «Әлеуметтік салықты есептеу» бөлімінде:
1) 920.00.006 жолының А бағанында салық кезеңнің әрбір айы үшін шаруашылық басшысын қоса, шаруашылық мүшелерінің саны көрсетіледі;
2) 920.00.006 жолының В бағанында салық кезеңнің әрбір айы үшін шаруашылық қызметкерлерінің саны көрсетіледі;
3) 920.00.006 жолының С бағанында әрбір айы үшін мыналар көрсетіледі.
Салық кодексінің 920.00.006 жолының А және В бағандары сомасының туындысы ретінде айқындалатын, салық кезеңнің әрбір айы үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасы көрсетіледі.
«Салық кезеңі үшін барлығы» жолында салық кезеңнің барлық айлары үшін 920.00.006 жолы С бағанының көрсеткіштерін қосумен айқындалатын әлеуметтік салықтың есептелген жиынтық сомасы көрсетіледі;
4) 920.00.007 А жолында ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан мекенжайы бойынша бюджетке төлеуге жататын, шаруашылық басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің сәйкес бұл жол салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазан кезеңі үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасы мен 920.00.015 А және 920.00.019 А жолдардың сомасының айырмашылығы ретінде айқындалады.
920.00.007 В жолында есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңнің 10 сәуірінен кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан мекенжайы бойынша бюджетке төлеуге жататын, шаруашылық басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің сәйкес бұл жол салық кезеңінің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсан кезеңі үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасы мен 920.00.015 В және 920.00.019 В жолдардың сомасының айырмашылығы ретінде айқындалады.
Әлеуметтік аударымдар сомасының әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге теңеледі.
18. «Жеке тұлғалардың табысынан жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» бөлімінде:
1) 920.00.008, 920.00.008 I, 920.00.008 II жолдарында салық кезеңі үшін салық агенті есептеген, Салық кодексінің 160-бабына сәйкес төлем көзіне салынатын табыстардың сомасы көрсетіледі. 920.00.008 жол 920.00.008 I және 920.00.008 II жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте 920.00.008 I жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.008 II жолда 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін салық агенті есептеген, төлем көзіне салынатын табыстардың сомасы көрсетіледі;
2) 920.00.008 А, 920.00.008 А I, 920.00.008 А II жолдарында салық кезеңі үшін қызметкерлерге есептеген табыстардың сомасы көрсетіледі.
920.00.008 А жолының сомасы 920.00.008 А I және 920.00.008 А II жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте 920.00.008 А I жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.008 А II жолда 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін қызметкерлерге есептеген табыстардың сомасы көрсетіледі;
3) 920.00.008 В, 920.00.008 В I, 920.00.008 В II жолдарында салық кезеңі үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі.
920.00.008 В жолының сомасы 920.00.008 В I және 920.00.008 В II жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте 920.00.008 В I жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.008 В II жолда 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;
4) 920.00.009, 920.00.009 А, 920.00.009 В жолдарында салық кезеңі үшін жеке тұлғаларға есептелген табыстардан есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі. 920.00.009 жолдың сомасы 920.00.009 А және 920.00.009 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте 920.00.009 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.009 В жолында 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;
5) 920.00.010 жолында салық агенті жеке тұлғаларға салық кезеңінің соңына дейін міндетті, ерікті зейнетақы және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйақыларына және жеке табыс салықтарына кірістер бойынша есептелген, бірақ төленбеген берешектердің сомасы көрсетіледі. 920.00.010 жолының сомасы 920.00.010 А және 920.00.010 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады;
Бұл ретте 920.00.010 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.010 В жолда 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін салық агенті жеке тұлғаларға есептеген, бірақ төленбеген берешектердің сомасы көрсетіледі;
6) 920.00.011, 920.00.011 А, 920.00.011 В жолдарында салық кезеңі үшін жеке тұлғаларға төленген табыстардың сомасы көрсетіледі.
920.00.011 жолындың сомасы 920.00.011 А және 920.00.011 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте 920.00.011 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.011 В жолда 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға төленген табыстардың сомасы көрсетіледі;
7) 920.00.012, 920.00.012 А, 920.00.012 В жолдарында жеке тұлғаларға – Қазақстан Республикасы азаматтарына төленген табысынан есептелген және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.
920.00.012 жолдың сомасы 920.00.012 А және 920.00.012 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.
Бұл ретте 920.00.012 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға – Қазақстан Республикасы азаматтарына төленген табысынан есептелген және ағымдағы салық кезеңі үшін 10 қарашасынан кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан мекенжайы бойынша бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.
920.00.012 В жолында 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға – Қазақстан Республикасы азаматтарына төленген табысынан есептелген және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке жататын жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет