ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14-3-01.
1.20.16/03-2012
|
ПОӘК
«Банктердегі бухгалтерлік есеп және есептілік» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
Басылым №2 _________
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «БАНКТЕРДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК» 5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
МАЗМҰНЫ
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәріс материалдары
|
4
|
3
|
Тәжірибелік сабақтар
|
70
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
79
|
1. ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп – бұл “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының, ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні – жекелеген әдістерді сипаттайтын, құрамында өзгеріс тудыратын, мүлікті және оның қалыптасу көздерін орналастыратын шаруашылық операциялары болып табылады.
Банктердегі бухгалтерлік есептің объектісі біріңғай ақшалай өлшеммен бейнеленетін тұтас оның жарғылық қызметі болып табылады және меншікті негізгі және айналмалы құралдарды, олардың қалыптасуынан қайнар көздердің тартылған құралдарды, банктің жарғылық қызметін орындауда пайда болған процесстер, сонымен қатар қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің әдісі – осы пәннәң оқытылуы және танылуына әдістер мен амалдар болып табылады.
Банктегі бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты –банктердің жарғылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпарат мәліметтерімен қамтамасыз ету.
Банкішілік бақылау – жүргізілетін операциялардың заңдылығын және ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруға байланысты жазбаша бұйрық, бұл кейінгі бухгалтерлік есеп шотын анықтауға қызмет етеді.
Бухгалтерлік шоттар – бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі бірлігі, яғни мүліктің шаруашылық операциялары жайлы ағымдық ақпарат жинақталатын жүйеленген экономикалық топтау.
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп шотында сипатталған құралдар мен олардың құралу көздері туралы мәліметтерді белгілі бір мерзімге топтастыру.
Бағалау – бұл мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.
Калькуляция – шығындарды топтастыруды қамтамасыз ететін және өзіндік құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.
Екі жақты жазу - бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу.
Түгендеу – негізгі құраладрды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды және олардың есеп беру мәліметтерімен сәйкес келуін тексеру операциялары.
Есеп беру – кәсіпорын қызметінің белгілі бір кезеңдегі қорытындысын сипаттайтын есетілік қорытынды көрсеткішінің жүйесі.
Банктің қаржылық есептілігі – пайдаланушыларға бухгалтерлік есепте жинақталған, өңделген банк қызметі жөніндегі экономикалық ақпаратты мерзімдік ұсынудың маңызды әдісі.
2. ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ
Тақырып 1. Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
Дәріс сұрақтары:
1. Банктердегі бухгалтерлік есептің пәні
2. Банктердегі бухгалтерлік есептің әдістері
3. Банктердегі бухгалтерлік есептің принциптері
1. Банктердегі бухгалтерлік есептің пәні
Бухгалтерлік есеп – бұл “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.
Банктегі бухгалтерлік есеп банк мүліктерінің, ақша қаражаттарының, ссудалық қорлардың, несиелердің жағдайы және қозғалысы туралы, табыстар мен шығындар турал, бақылау, талдау, басқару, сонымен қатар банк қызметін болжау туралы ақпараттық ағымды жалпылау жүйесін көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп- бұл:
- банк туралы қаржылық мәліметтер жиналған ақпараттық жүйе;
- банктің жарғылық капиталы туралы экономикалық мәліметтерді жинау;
- банктің шектеулі ссудалық ресурстарды тиімді қолданудың тәсілі.
Банктердегі бухгалтерлік есептің объектісі біріңғай ақшалай өлшеммен бейнеленетін тұтас оның жарғылық қызметі болып табылады және меншікті негізгі және айналмалы құралдарды, олардың қалыптасуынан қайнар көздердің тартылған құралдарды, банктің жарғылық қызметін орындауда пайда болған процесстер, сонымен қатар қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүдделеріне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар:
-
акционерлерді банктің қаржылық- шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
-
банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Банктің жарғылық қызметін жүргізу үшін алдымен ақшалай қаржылары болуы керек: шетелдік және ұлттық валютадағы кассадағы ақшалар; Ұлттық және басқа да банктердегі корреспонденттік шоттағы ақшалар; бағалы қағаздарға салынған қаржылар; Ұлттық банктегі резервтік шоттағы ақшалар және ақшалай бейнедегі негізгі және айналмалы құралдарды көрсететін ғимараттар мен құрылыстар, байланыс құралдары, есептеу және компьютерлік , көбейту техникалары және басқа да материалдық мүліктер.
Шаруашылық құралдардың ішінде дебиторлық қарыздар да үлкен үлес алады. Оның негізгі бөлігін клиенттерге берілген банк несиелері құрайды.
Банк қаржысының негізгі тобын айналымнан тыс қаржылар құрайды – жыл ағымында бюджетке табысқа салық түрінде пайдаланылатын табыстың сомасы.
Меншікті және сырттан алынған қаржылар пайда болу көздеріне , яғни банк қаржылары ресурстарына жатады.
Меншікті қаржыларына банктің жарғылық капиталы, резервтік және арнайы қорлар, экономикалық ынталандыру және табыс қоры жатады.
Жарғылық капитал – акционерлердің қаржылары немесе банкті құрғанда салынған банктің құрылтайшыларының жарналары; ол қосымша акцияларда шығаруда, жаңа құрылтайшыларды алуда өсуі мүмкін.
Резервтік капитал – күтілмеген, жоспарланбаған шығындарды, зиянды, төлемдерді жабу мақсатында құрылады.
Арнайы қор – банк шығындарына тозу түрінде жатқызылған бұрын сатып алынған негізгі қорларды жабатын шығындар сомалары.
Экономикалық ынталандыру қоры – банктің материалдық-техникалық базасын дамытуға және банк қызметкерлерін материалдық мадақтауда қолданылады.
Сырттан алынған қаржыларға келесілер жатады: банк клиенттерінің есепті және ағымдағы шоттарында сақталатын ақшалай қаржылары; заңды және жеке тұлғалармен депозит шоттарына өткізілген ақшалай қаржылары; Ұлттық банктен алынған банкаралық несие; орталықтанған несие; басқа да кредиторлық қарыздар.
Қаржылық нәтижелер есеп объектісі ретінде пайда мен зиянның құрамын, сонымен қатар бірден пайда немесе зиян құрамына жатқызылған табыстар мен шығындарды бақылауға мүмкіндік береді.
Банктердегі бухгалтерлік есептің пәні біріңғай ақшалай өлшемде ақпаратпен көрсетілетін банктің жарғылық қамтамасыз ететін және құрайтын объектілер болып табылады, яғни жиынтығында банк қызметін құрайтын қаржылар мен қорлардың жағдайы және қолдану, шаруашылық процесстер және банк операциялары мен фактілер.
Банктердегі бухгалтерлік есептің басқару, қаржылық және салық есебіне бөлінеді.
Басқару есебі – бұл банктің жарғылық қызметін оперативті басқару және бақылау үшін қажетті, сонымен қатар оның болашағын болжау үшін қаржылық ақпараттарды жинау, бағалау, талдау, дайындау және рәсімдеу процесі.
Қаржылық есеп – бұл қызығушылығы бар тұлғаларға көрсететін банк туралы уақытылы және нақты ақпарат.
Салық есебі – мемлекеттік салық қызметі есебінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Ол салық салудың оперативтілігі және объективтілігі үшін қажет.
2. Банктердегі бухгалтерлік есептің әдістері
Банктердегі бухгалтерлік есепке анықталған талаптар қойылады, мысалы, дәлдік, объективтілік, қатаң негізділік, толықтық, уақыттылық, үнемділік.
Басты талап – экономикалық ақпарат жүйесі мен әдістемелік бірлік.
Бухгалтерлік есептің әдістері негізіне тексеріп, бақылау жұмыстарын нақтылы жүзеге асыру мақсатымен қолданылады.
Банктердегі бухгалтерлік есептің әдісінің негізгі элементтері келесілер болып табылады: құжаттау мен түгендеу, бағалау мен калькуляциялау, шоттар мен екі жақты жазу, баланс пен есеп беру.
Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқы тіркеу. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады.
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.
Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады.
Екі жақты жазу– бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі шотта жазылады.
Бағалау – құралдарды және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізіне нақты шығындар жатады.
Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есептің әдістерінің элементі ретінде банк қаржылары және ресурстары туралы ақпараттардың топтастырылған ағымын көрсетеді. Банк қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі банк қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.
Есеп берушілік – белгіленген кезеңде банктің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Банк қызметі туралы кезеңдік жалпылауыш ақпараттар бухгалтерлік есеп берушілікпен қамтамасыз етіледі. Есеп берушіліктің формаларына баланс, пайда және зиян туралы есеп, акционерлік капиталдың қозғалысы туралы есеп, ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есеп жатады.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері банктің қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.
3. Банктердегі бухгалтерлік есептің принциптері
Банктегі бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – есеп жұмысының сапасын арттыруға, есеп жұмыстарының қарапайымдылығына, оның көрсеткіштерін орынды пайдалануына қарай жүргізіледі.
Банктегі бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты –банктердің жарғылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпарат мәліметтерімен қамтамасыз ету.
Банктер экономиканың спецификалық саласы болып табылады, дегенмен де активтер және пассивтер есебі, табыстар мен шығындарды анықтау үшін келесідей принциптер қолданылады.
-
Екіжақтылық
-
Ақшалай өлшем
-
Кәсіпорынның дербестігі
-
Үздіксіздік
-
Өзіндік құндылық
-
Кертартпалық
-
Материалдық
-
Өткізімділік
-
Сәйкестік
Екіжақтылық принципі. Бұл келесі ережелерге сүйенеді: ұйымның қаржысы
оның міндеттемелері мен капиталының сомасына тең.
Әрбір құбылысты екі жағынан қарастыруға болады. Мысалы, компания тауарды несиеге сатып алған кезде оған ие болады және бір мезгілде келешекте қайтаруға міндетті несиелік қарызға алады. Екі жақты жазу осы екі сәтті де қамтиды: активтер шоттың сол жағында, пассивтер оң жағында. Кез келген жағдайда екі құбылыс бір-біріне қарама- қарсы, ал баланс оларды теңестіруі керек.
Ақшалай өлшем принципі. Ақшалай сипаттағы мәліметтер бухгалтерлік
жазбада көрініс табады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық бірлігіне әсер етумен байланысты. Барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепте ақшалай өлшемде көрметіледі.
Кәсіпорынның дербестік принцип. Банктің бухгалтерлік шоттары олардың иелері мен жұмысшыларының бухгалтерлік шоттарынан бөлек болуы керек. Бухгалтерлік есепті жүргізуші банк, заңды түрде дербес, өздрінің меншік қатынасыныан тәуелсіз. Банктің меншігі ол құрылтайшылардың меншігі емес, ал құрылтайшылардың меншігі банктің меншігі болып табылмайды. Бұл бухгалтерлік есептің барлық жүйесіне тән принцип. Бұның негізі- меншік иесімен оның банкінің мүліктерін, міндеттемесін бейнелейтін шоттар бөлек көрсетілуі керек.
Үздіксіздік принципі. Бұл принцип бойынша банк өз қызметін үздіксіз жалғастырады, яғни келешекте өз қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға немесе операциясын қысқартуға міндетті емес. Бір немесе бірнеше филиалдардың жойылуы немесе активтер сатылған жағдайда, келесі есепті кезеңде бұл активтер нақты сатылу құны бойынша есепке алынады.
Өзіндік құн принципі. Ұйым қандай да болмасын бір құралдарды сатып алғанда, оларды сатып алуға кеткен, бухгалтерлік есепте көрсетілетін шығыстар және осы құралдардың өзіндік құны болып аталады. Бухгалтерлік есепте барлық шаруашылық құралдар нарықтық бағасымен емес, өзіндік құнымен көрсетіледі.
Сақтық принципі. Сақтық принципіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарлықтай сақтықпен бағаланады және көрсетіледі, себебі банктің қаржылық жағдайына төніп тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:
а) есепті кезеңде аяғына дейін нақты алынған табыстар ғана есеп беруде көрсетіледі;
б) есепті кезеңде немесе өткен кезеңде анықталған күтілетін барлық міндеттемелер және әлуетті жоғалтулар, тіпті есептік мерзімнің аяғынан кейін қаржылық есеп беруге дейін пайда болса да тәуекелді жабуға резервте көрсетілуі керек. Бұндай жағдайда сақтық принципі капитал саласының өсуін мынадай жағдайда ғана мойындайды, осы жағдай толық анықталғанда, капитал сомасынынң азаюы толық анық болғанда таниды.
Материалдылық принцип. Банк басшысына және инвесторға шешім қабылдау үшін пайдалы барлық материалдық немесе маңызды ақпараттар қаржылық есепте көрсетілуі керек.
Егер ақпараттардың жоқтығы немесе бұрмаланып берілуі есеп ақпараттарын беруге пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізе алса, ақпарат материалды болып табылады. Сондықтан материалдылық принципі маңызды емес жағдайларды жаңалықтарды ескермейді, тек барлық маңыздыларды тіркеп отырады.
Сатып-өткізу принципі. Бұл принцип табысты қай кезде есепке алу керектігін анықтайды. Ол бойынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сәтте және тұтынушыға өнімді жеткізген кезден есептеледі.
Сәйкестілік принципі. Бухгалтерлердің негізгі міндеті есепті кезеңдегі пайданы есептеу болып табылады. Пайда дегеніміз берілген есепті мерзімдегі табыс пен шығыс арасындағы айырма. Сәйкестілік принципі есепті кезеңдегі шығыстың есебін реттейді. Оның мағынасы: күрделі табыс алумен байланысты шығыстар әртүрлі шығындардың жиынтығынан тұрады. Яғни табыстар және оған сәйкес шығыстар бір есепті кезеңде көрсетілуі керек.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Банктегі бухгалтерлік есеп деген не?
2.Банк қызметінің қандай ерекшеліктерін білесіз?
3.Бухгалтерлік есеп объектісі не ?
4.Бухгалтерлік есептің түрлерін атаңыз.
5.Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?
6.Бухгалтерлік есептің қандай принциптерін білесіз?
Әдебиеттер: (1) 5-25 бет, (2) 6-18 бет
Тақырып 2. Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру
Дәріс сұрақтары:
1. Банкте есеп-операционды жұмыстың мәні.
2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру талаптары.
3. Банктің есеп-операционды аппаратының құрылуы.
4. Жұмыс күнін ұйымдастыру.
1. Банкте есеп-операционды жұмыстың мәні.
Банктегі бухгалтерлік есептің негізі операциондық жұмыc болып табылады. Оған келесілер жатады:
-банк клиенттерінің ақшалай құжаттарын қабылдау және дұрыстығын тексеру;
-бухгалтерлік есепте бейнелеу үшін құжаттарды дайындау;
-ақшалай қаржылардың және төлемдердің түсуінің жедел есебі;
-төлемдердің мерзімділігін бақылау;
-банк ссудалары бойынша қарыздарды реттеу үшін мәліметтер есебі;
-ақшалай қаржылардың аударылуын бақылау.
Банктердегі операциялық жұмыс әртүрлі және күрделі, ол ақшалай есеп айырысу формаларының көп болуынан, ссудаларды беру және жою тәсілдері мен ережелерінен, төлемдерді жүзеге асырудың көптүрлігінен көрінеді. Операциялық жұмыс процесінде кассалық, есеп айырысу және басқадай ақшалай қаржылар мен төлемдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалады.
Күнделікті операциялық жұмысты орындау және оған байланысты бухгалтерлік есепті жүргізу есеп-операциондық жұмыс деп аталады, сәйкес функцияларды орындайтын жұмысшылар – банктің есеп-операционды аппараты болып есептеледі.
Есеп-операциондық жұмысты дұрыс ұйымдастыру банкке міндеттелген барлық қызметтің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепте көрсетілген банктік операциялардың барлығы аяқталған болып саналады.
Банкте есеп-операциондық жұмысты ұйымдастыруға келесілер жатады:
-
есепті-операциондық аппаратты құру;
-
жұмыс күнін және құжаттар айналымын ұйымдастыру;
-
ішкібанктік бақылау.
2. Банктің есеп-операционды аппаратының құрылуы.
Банктегі бухгалтерлік есеп бөлімшесі (бухгалтерия) оперативті
бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есеп берушіліктерді жасайтын банктің арнайы бөлімшесі. Бухгалтерия банктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бас бухгалтермен басқарылады.
Есепті-операциондық аппарат құрылымында есептік топтар болуы мүмкін, олар экономикалық мазмұны бойынша біртекті шоттарды жүргізеді. Топтардың саны және құрамы банк қызметіне және оның масштабынан тәуелді болады.
Мысалы, кленттердің шоттарын жүргізуді жауапты орындаушылардан тұратын операциялық бөлім жүзеге асырады. Олар банктің сенімді жұмысшылары болып саналады, яғни олар есепті- ақшалай құжаттарды толтырады және қол қояды.
Шоттар және операциялар жауапты атқарушылар арасында бөлінген, арнайы кітаптарға тіркеліп отырады және бухгалтерлер және жұмысшылар қолымен рәсімделеді.
Банктегі есеп –операционды жұмысты банктің бас бухгалтері қамтамасыз етеді, ол ұйымдастырушылық сұрақтармен айналысады және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Бас бухгалтер келесілерді қамтамасыз етеді:
-банкпен жүзеге асырылатын барлық операцияларды бақылау және бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу;
-клиенттерге есеп айырысу, ағымдағы және басқа шоттарды ашу;
-шоттар бойынша пайыздардың есептелуін бақылау;
-жауапты атқарушылар арасында міндеттерді және бухгалтерлік есеп шоттарын бөлу;
-банк басқармасын жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
-бухгалтерлік есептілікті уақытында құру;
-банктің қаржылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыру.
Бас бухгалтер күнделікті келесілерді тексеріп отырады:
-кассалық операциялардың дұрыстығын;
-ақшаның кірістелуінің толықтығын;
-күндік баланс пен айналым жиынтығын;
-ақша-есептік құжаттардың қалыптасу және сақталу дұрыстығын.
Бас бухгалтер бекітіліп берілген шоттар және мөрлерді көрсетумен банктің жұмысшы-бухгалтерлерінің лауазымды нұсқауларын құруға; кітаптарда, журналдарда операцияларды жүргізу және тіркеу тәртібімен таныстыруға және міндеттер мен құқықтарды бөлуге міндетті.
Жауапты атқарушы бухгалтерлердің міндеттері:
-ақшаларды есепке алу, аудару немесе беруге байланысты құжаттарды өңдейді;
-операциялардың заңдылығын тексереді;
-төлемдердің мақсатты тағайындалуын бақылайды;
-чектерді, төлем тапсырмалары мен төлем талап тапсырмаларын рәсімдейді;
-еңбек ақыны есептеу туралы анықтаманы қабылдайды;
-есеп айырысулар тәртібінің орындалуын қадағалайды.
Барлық өңделген құжаттар жауапты атқарушылардың қолымен міндетті түрде расталуы тиіс.
Банктердің мамандануы мен шамасынан және орындалатын операциялар көлемінен бухгалтерлік аппаратты ұйымдастырудың әртүрлі варианттары болады. Банк бухгалтериясының келесідей бөлімдері болады: операциондық, валюталық, несиелік, депозиттік, бағалы қағаздар, банкішілік бақылау және т.б.
3. Жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыру.
Банкте есеп-операционды жұмысты ұйымдастыру келесідей жағдайлардың орындалуын қамтамасыз етуі керек:
-операциондық уақыт ағымында клиенттерден құжаттармен қабылданған барлық операциялар бухгалтерлік есепте сол күні сол сәтте бейнеленеді (операциялық уақытты банк өзі ерікті құрады, тәртіп бойынша 3,5-4 сағат аралығында);
-өңделген құжаттарды компьютерлік жүйеге жіберу график бойынша жұмыс уақытында жүзеге асырылады, бірақ ағымдағы күн аяқталғанға дейін 1,5-2 сағаттан кем болмауы керек;
-бухгалтерлік күнделікті баланс келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуы қажет;
жұмыс күнінің аяқталуына 2 сағат қалғанда инкассаға қабылданған төлем тапсырмалары сол күні банк мекемесіне төлеуші шотының орналасқан жеріне жіберілуі тиіс, ал операциялық уақыт аяқталғаннан кейін келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күнінің бухгалтерлік есебінде көрсетіледі.
Банктегі есеп-операциондық жұмысты ұйымдастыру клиенттерге жедел және нақты қызмет көрсетуге, бухгалтерлік есепте барлық банктік операциялардың уақытылы және қатесіз көрсетілуіне бағытталған. Бухгалтерия жұмысшыларының жұмыс күнінің ұйымдастырылуына бас бухгалтер жауап береді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Банктегі есеп-операционды жұмыстың мазмұны туралы айтыңыз.
-
2.Есеп- операционды аппаратты құрудың мәні не?
3.Банктегі жұмыс күні қалай ұйымдастырылған?
Әдебиеттер: (1) 34-50 бет, (2) 18-28 бет
Тақырып 3. Банктік баланс және оны құру принциптері
Дәріс сұрақтары:
1. Баланс түсінігі. Баланс баптарының мазмұны мен түсінігі.
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары.
1. Баланс түсінігі. Баланс баптарының мазмұны мен түсінігі.
Баланс бухгалтерлер жасайтын орталық есеп берудің бірі болып табылады. Бір жағынан активтерді, екінші жағынан пассивтерді бейнелейтін, белгілі бір уақыт мерзіміндегі банк жағдайын көрсетеді.
Банктің бухгалтерлік балансы – қаржылық есеп берудің басты нысаны. Банктық есеп беру банкті меншікті капиталдар мен міндеттемелер көзіне тең активтер ресурстарын ұстаушы ретінде көрсетеді.
Жылдық бухгалтерлік баланс
(Банк атауы)
АКТИВТЕР
|
Символ
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
1. Қолма-қол валюта, оның ішінде :
1.1. Ұлттық валюта- теңге
1.2. Шетел валютасы
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі салымдар
3.Басқа банктегі салымдар
4. Бағалы қағаздар
5. Тазартылған асыл металдар
6. Несиелер мен лизингтер
7. Басқа заңды тұлғалар капиталына инвестиция
8. Өтелмеген акцепт бойынша клиенттердің міндеттемесі
9. Негізгі құралдар (амортизацияны есептемегенде)
10. Материалдық емес активтер (амортизацияны есептемегенде)
11. Басқа да активтер
12. Минус: жіктелген активтер мен дебиторлық қарыз бойынша залалдарды жабу үшін басқа да мәжбүрлі шығындар
|
010
011
012
020
030
040
050
060
070
080
090
100
120
130
|
|
|
Барлық актив (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11-12)
|
|
|
|
МІНДЕТТЕМЕЛЕР
|
|
|
|
1. Салымдар, оның ішінде:
1.1. Талап етілгенге дейінгі салымдар
1.2. Жинақ салымдар
1.3. Мерзімді салымдар
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алдындағы қарыз
3. Басқа банктер мен ұйымдар алдындағы қарыз
4. Банктің бағалы қағаздары
5. Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы қарыз
6. Өтелмеген акцептер бойынша банк міндеттемелері
7. Басқа да қарызға алулар
8. Басқа да міндеттемелер
|
200
201
202
203
210
220
230
240
250
260
270
|
|
|
Барлық міндеттемелер (1+2+3+4+5+6+7+8)
|
|
|
|
КАПИТАЛ
|
|
|
|
9. Жарғылық акционерлік капитал (сатып алған меншікті акцияны шегергенде)
10. Қосымша капитал
11. Банктің резервтік капиталы
12. Негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервтер
13. Қайта бағалау бойынша резервтер
14. банк өкімінде қалған өткен жылдық бөлінбеген таза табыс
15. Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)
16. Азшылық үлесі
|
|
|
|
Барлық капитал (9+10+11+12+13+14+15+16)
|
|
|
|
Барлық пассив
|
|
|
|
Сөйтіп, бухгалтерлік баланс банктің қаржылық жағдайын көрсетеді. Ол банктің қаржылық жағдайын айқындайды және оған барлық капиталды қарсы қояды. Оны келесі теңдеу арқылы көруге болады:
Экономикалық ресурстар = пайда болу көздері
Экономикалық ресурстар бұл – активтер, ал пайда болу көздері меншікті және қарызға алынған болып бөлінеді және баланста жеке капитал мен міндеттеме ретінде бейнеленеді, сондықтан келесі теңдеу шығады:
Активтер = меншікті каитал + міндеттемелер
Активтердің үш маңызды сипаттамасы бар:
1. Ол келешекте ақшаның өсуіне тікелей немесе жанама ықпал ете отырып келешектегі ықтимал пайданы қамтамасыз етеді.
2. Оның арқасында шаруашылық бірлігі пайда алуы немесе оны басқа әдіспен басқаруға мүмкіндік алуы мүмкін.
3. Пайдалануға немесе оған бақылау жүргізуге құқығын арттыруды немесе қамтамасыз ететін шаруашылық операциялар немесе басқа мәселелер бұрын да орын алған.
Міндеттемелердің де үш сипаттамасы болады:
1. Кредиторлық қарыз белгілі бір оқиға кезінде басқа тұлғаларға талаптарды ұсынуды жүзеге асыру уақытында немесе активтерді пайдалану ықтималдылығы бар тұлғалар алдындағы қарыздар мен міндеттемелерді көрсетеді.
2. Бұл кредиттік қарызға шаруашылық бірлігінің жауапкершілігінің туындауы мүмкіндігінше келешекте жоғалмайды.
3. Міндеттеменің пайда болуына әсер еткен мәселе бұрын да орын алған.
Банктің баланстық есеп беруінде активтер бабы өтімділік принципі бойынша көрсетілген, өтімді құралдар ең бірінші болып келеді. Міндеттеме бабы банк балансында мерзімдік принципі бойынша көрсетілген, ал мерзімсіз жеке капитал келесі пассивтің аяғында орналасқан.
Банктің баланстық есеп беруі немесе мерзімі ұзартылған балансы әдетте белгілі бір анықталған мерзімге жасалынады, бірақ бухгалтерлік жедел басқару мақсатында баланс жұмыс балансы деп аталадын тұрақты балансы болуы керек. Оның баланстық есеп беруден айырмашылығы мынада: жұмыс балансында табыс және шығыс шотын қоса бухгалтер әрбір баланстық шотты жеке көре алады, ал баланстық есеп беруде табыс және шығыс шоты көрсетілмейді, олар бөлінбеген табыс шотында ғана көрсетіледі. Сонымен қатар баланстық есеп беруде жекелеген шоттарды баптар бойынша топтастыру жүргізіледі және баптар әдетте өтімділіктің азаюы ретімен орналасқан.
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары.
Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізі – синтетикалық есеп шоттардың біріңғай жүйесі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарын Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып табылады. Бұл құжат кәсіпорынның қаржылық- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік шот жүйесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер үшін біріңғай есеп нысаны болуы банктің және оның фирмаларының қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді.
Шоттар жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді:
1 класс – Активтер
2 класс – міндеттемелер
3 класс – Меншікті капитал
4 класс – Табыстар
5 класс – Шығындар
6 класс – Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер
7 класс – Банк балансына меморандум шоттары.
Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық шоттарға бірінші кластан бесінші класқа дейінгілер кіреді - активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар, шығындар, ал алтыншы және жетінші класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді: актив және пассив. Актив шоттарға бірінші және бесінші класс шоттары жатады, пассивке – екінші, үшінші және төртінші класс шоттары жатады.
Актив бойынша шотта дебет бойынша түсімдер, кредит бойынша – шығындар ескеріледі. Пассив шотта керісінше.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Банк балансы деген не?
-
2. Баланстың актив бөлігінің құрылымын айтыңыз.
3. Банктік баланстың пассив жағына не көрсетіледі?
4. Баланс теңдігі деген не?
5. Бухгалтерлік шоттардың қандай түрлері бар?
6. Бухгалтерлік шоттардың жоспарының барлық шоттары қандай кластарға топтастырылады?
Әдебиеттер: (1) 51-68 бет, (2) 29-36 бет
Тақырып 4. Коммерциялық банктердегі құжат, құжат айналымы
және бақылау.
Дәріс сұрақтары:
1. Банк құжаттамасының мәні банктік операциялар бойынша құжат айналымын ұйымдастыру.
2. Банкішілік бақылау.
1. Банк құжаттамасының мәні банктік операциялар бойынша құжат айналымын ұйымдастыру.
Жұмыс күнінің аяғында барлық құжаттарды жинап, тәртіп бойынша қораптарға сұрыптайды. Операциялық қызмет бойынша аға қызметкер құжаттар қорабын құру және сұрыптау дұрыстығын тексереді. Егер құжатты қорптардан қателіктер байқаса, аға қызметкер оны жояды, содан кейін берілген қораптағы құжат түрі, оның саны және төлемінің жалпы сомасы көрсетілген таспаға бақылау жүргізеді және өзінің қолын қояды.
Негізгі бухгалтерияға жіберілетін барлық құжаттардың қорабына екі данадан тізімдеме құрылады, содан соң оралған қораптарды және құжаттар тізімдемесінің екінші данасын инкассаторлық сөмкеге салып, аузын жауып, мөрлейді. Инкассатор сөмкені құжаттарды өңдеу және деректердің синтетикалық және аналитикалық есепте көрсетілуі үшін банк бухгалтериясына жеткізеді.
Өздерінің қызметтерін бөлуге және құжаттауды жүргізуге байланысты бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті, өз кезегінде шартты түрде Басбухгалтерияға және көмекші бухгалтерияға бөлінеді. Бухгалтерлік бөлім банктің ресми есептілігін жүргізеді, банктің басқа бөлімдері өздерінің жазбаларын өзін- өзі бақылау мақсатында жүргізуі мүмкін.
Есептерге жакапты бөлім, Бас кітапты жүргізуші Бас бухгалтерия болып табылады. Есептің көмекші орталықтар қызметін орындаушы, яғни бөлшектенген, аналитикалық есепті орындайтын банктің басқа бөлімдері көмекші бухгалтерия болып табылады және көмекші бухгалтерлік кітаптар мен журналдарды жүргізеді.
Құжат- бұл қабылдау формасы үшін әртүрлі әдістер және тәсілдер көмегімен ақпараттарды тіркейтін материалдық зат. Бухгалтерлік құжат шаруашылық операциялар туралы деректерден тұрады. Ал оның құрылуы барлық құқықтық нормаларға сәйкес болуы керек. Барлық банктік операциялар (есеп айырысу, кассалық, ссудалық) ақшалай-есеп айырысу құжаттарына негізделген бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Ақша-есеп айырысу құжаттары банктерге шаруашылық субъектілерден, басқа банктерден түседі, сонымен қатар банкте құрылады. Сондай-ақ құжаттар банктік және клиенттік болып бөлінеді.
Банктік құжаттарға кіріс және шығыс кассалық ордерлер, материалдық ордерлер, филиалдар арасындағы айналым бойынша авизо, несие беру туралы ұйғарым және т.б.жатады.
Банктік операция сипаты бойынша ақша-есеп айырысу құжаттары, кассалық, мемориалдық және баланстан тыс болып бөлінеді.
Кассалық құжаттар – қолма-қол ақшаны теңге және шетел валютасы түрінде қабылдау және беру арқылы банктік операцияларды ұйымдастыруға арналған, сонымен оған кіріс және шығыс кассалық ордерлері, ақша қабылдау туралы квитанция, банк кассаларына ақша салуға клиенттер хабарландыруы, ақша алу үшін чектер жатады.
Мемориалды құжаттар – шоттар бойынша қолма қолсыз аудару үшін іске асырылады. Оған қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін клиенттермен көрсетілген барлық құжаттар жатады. Яғни төлем талаптары, төлем тапсырмалары, есеп айырысу чектері, клиенттер шотына қаржыны есептеу және шығару туралы авизо, аккредитивтер және т.б. жатады.
Баланстан тыс құжаттармен банк кепілімен, кепілгерлігімен, аккредитивпен берілген, банк клиентінің атына көрсетілген, лизингтік сомада және факторингтік операцияларда, яғни бухгалтерияда және кассада сақталған құжаттармен құндылықтарды қабылдау және беру туралы банктік операцияларды баланстан тыс рәсімдейді.
Банк бухгалтериясында жүргізілетін синтетикалық есеп құжаттары болйп бухгалтерлік журналдар, кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеруші тізімдемелер және есеп күніне баланстар табылады.
Бухгалтерлік журнал – банк операцияларының есепте толық көрсетілуін бақылау үшін қолданылады. Онда дебет және кредит бойынша операциялық күн үшін әрбір операцияның айналымы тіркеледі және журнал бойынша да, шот бойынша да жалпы қорытынды шығарылады. Сонымен қатар журналдың жалпы қорытындысында дебет және кредит тең болуы керек. Баланстан тыс шоттар бойынша операциялар тек қана кіріс және шығыс бойынша тіркеледі.
2. Банкішілік бақылау.
Банкішілік бақылау – жүргізілетін операциялардың заңдылығын және ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.
Жүргізілетін операциялар үшін банкішілік бақылауды алдын-ала және кейінгі деп бөлуге болады.
Құжат айналымы процесінде алдын-ала бақылау баланс құрылғанға дейін, яғни операция заңдылығын және құжаттарды дайындау дұрыстығы сақталу мақсатында іске асырылады. Оны операцияны жүргізу кезінде жауапты қызметкерлер, бухгалтер-операционистер, бөлімше бастығы және бақылаушылар іске асырады. Мысалы, атқарушы жауапты ақшалай-есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде кленттің есеп шотында қаржының болуын, қолма-қол ақша алуға құқықтың болуын тексереді. Сонымен қатар құжаттың толтырылуының дұрыстығы, қаржының мақсатты жұмсалуы және есеп айырысу тәртібінің сақталуы тексеріледі.
Бақылаушылармен ақшалай-есеп айырысу құжаттары және азаматтардың шоттар бойынша салымдарының аналитикалық есептегі жазбасы, айыппұлды өтеп алу, баланстан тыс шоттар және т.б. тексеріледі.
Бас бухгалтер клиенттің ағымдағы, есептегі шоттарын ашуды дайындауда бақылауды ұйымдастырады және оның барлық есепті-операциялық жұмыстың учаскелерінде іске асырылуына бақылау жүргізеді.
Кейінгі бақылауды бас бухгалтермен, оның орынбасарымен, сонымен қатар бақылау бойынша арнайы инспектормен іске асырылады. Ол сәйкес құжаттарды дайындау және есептеуде оның дұрыстығы, жүргізілген операциялардың заңдылығының сақталуы мақсатында баланс құрылғаннан кейінгі бақылау жүргізіледі.
Сонымен банк операцияларының бақылауы үшін есеп-операциондық жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын банкішілік бақылау деп атайды.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Құжаттау деген не?
-
2. Құжаттардың қандай түрлерін білесіз.
3. Бухгалтерлік кітапта не көрсетіледі?
4. Банк ішілік бақылау дегеніміз не?
5. Банк ішілік бақылаудың қандай түрлері бар?
6. Бухгалтерлік журналда қандай мәліметтер жазылады?
Әдебиеттер: (1) 16-32 бет, (2) 18-28 бет
Тақырып 5. Есеп айырысу операцияларының есебі
Дәріс сұрақтары:
1. Қолма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі.
2. Төлем тапсырмасы және төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысулар есебі.
3. Чекпен және аккредитивпен есеп айырысулар есебі.
4. Пластикалық карточкалармен есеп айырысулар есебі.
5. Электронды есеп айырысуда есепті ұйымдастыру.
1. Қолма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі.
Ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады.
Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім-шарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім-шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық функцияларының бірі өз клиенттеріне әртүрлі банктік қызмет көрсету үшін қажетті (қолма-қолсыз) ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Шоттардың әртүрлі түрлерін ашуда (есеп айырысу, ағымдағы, депозиттік және т.б.) өз клиенттеріне коммерциялық банктер олардың тапсырмалары бойынша сәйкес төлем құжаттарының бар болуында клиент шотынан құжатта көрсетілген соманы қабылдайды және қажетсіздендіріледі.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардың жекелігі әртүрлі меншік формалары кәсіпорындары арасындағы, сонымен қатар жеке тұлғалар арасындағы шаруашылық байланыстардың көптүрлілігі және дамытуды нығайтуды ұсынады. Мұндай байланыстар қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылады.
Субъектілер барлық шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін және басқа субъектімен есеп айырысу үшін өз ақша қаражаттарын банкте ашылатын арнайы шоттарда сақтайды.
Банкаралық есеп айырысуларды жүргізгенде екінші деңгейдегі банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және жеке, заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері есеп айырысу шотын және ағымдағы шот ашады. Банктік шотты ашу банк пен шот иесі арасында банктік шоттың келісімін жасаумен жүргізіледі. Онда орындалатын операциялардың тізімі және қосымша қызметтер мен төлем тәртібі, сонымен қатар клиент реквизиттері және банкпен шаруашылық субъектіге берілген жеке код көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының «Ақшаларды төлеу және аудару туралы» Заңына сәйкес ақшасыз есеп айырысулардың келесідей түрлері қолданылады:
-чектер беру;
-төлем карточкасын пайдалану;
-төлем тапсырмасын көрсету;
-төлем талап-тапсырмасын көрсету;
-инкассалық бұйрықтарды көрсету;
-банктік шотты тура дебеттеу;
-республиканың заңдылық актілерімен бекітілген басқа тәсілдер;
-есеп айырысудың аккредитивті формасы.
2. Төлем тапсырмасы және төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысулар есебі.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысулар ақшасыз есеп айырысулардың көп таралған түрі болып табылады.
Төлем тапсырмасы – бұл субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы бұйрығы болып табылады. Төлем жасаушы банкке белгіленген формадағы бланкілер ұсынылып, оған қажетті құжаттар тіркеледі.
Егер төлем тапсырмасы бойынша төлем акцепсіз тәртіпте төленетін болса, төлеуші шотында қаржылар жеткіліксіз болғанда , қалдық шамасында бөлшектеп төлеу жүргізіледі, бөлшектеп төлеу мемориалды ордермен жүргізіледі және төлем тапсырмасының екінші жағында қалдықпен төлеу күні көрсетіледі. Төленбеген сома 7303 «Уақытында төленбеген есеп айырысу құжаттары» баланстан тыс шотына кірістеледі.
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:
1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі жазба құрылады:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» ақша жөнелтуші
Кт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» бенефициар
2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әртүрлі банк қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есеп шоты»
немесе
Кт шот 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоты»
3. Есеп айрысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт шот 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».
Төлем талап- тапсырмасы – қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы бенефициардың жөнелтушіге берген талабы.
Төлем талап- тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және төлем құжаттарының негізінде келісім шарт бойынша жөнілтілген өнімдердің, көрсетілген қызметтердің құнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді, ол белгілі формадағы бланкіде жасалады.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланке жазып, бенфициар банкіне немесе жөнелтуші банкке реестрмен бірге төрт данада ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада жасалады.
Төлем талап тапсырмасымен есеп айырысудың құжат айналымы келесідей:
Төлеуші банкі Сатып алушы банкі
Төлеуші- сатып алушы Сатып алушы- жабдықтаушы
3. Чекпен және аккредитивпен есеп айырысулар есебі.
Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы шотына аудару туралы бланкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.
Чек кітапшасындағы ақшалай қаржылары жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа субъектілерінен алынған тауарлық-материалдық қорлардың құнын төлеуге және олардың қызметтері үшін есеп айырысуларға арналған.
Кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер чек кітапшаларын алу үшін банкке өтініш жазады, сонымен қатар осы өтінішпен бірге кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талап тапсырмасын ұсынуы керек.
Банк мекемесі чек чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы берілетін кәсіпорын немесе мекеменің толық аталуын, ал егер жеке адамға берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасындағы соманың жұмсалмаған, яғни пайдаланылмаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады.
Аккредитив- сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектіге қызмет көрсететін банк мекемесіне тауардың жіберілмегендігін немесе қызмет көрсетілмегендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлеу жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитив мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.
Аккредитивтердің өтелінген (депоненттелген) және өтелінбеген түрлері ашылуы мүмкін. Сонымен қатар кері шақырылатын және кері шақырылмайтын болып бөлінеді.
Тапсырыс берушінің өз шотындағы ақша есебінен немесе қызмет көрсететін банк берген несиесі есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісім бойынша алдын- ала аударылған қаржысы “өтелінген аккредитив” болып есептелінеді.
Ал сатып алушы кәсіпорын жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсетуші банк мекемесі арасындағы аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, ол ”өтелмеген аккредитив” қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |