Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Серверлік желінің сипаттамасы



бет22/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

Серверлік желінің сипаттамасы:

  1. Желідегі компьютерлер саны желі мен сервердің аппараттық жабдықталуына байланысты болады.

  2. Ресурстарды жан-жақты және бір орталықтан қорғау жүзеге асырылады.

  3. Администрациялау бір орталықтан жүзеге асырылады.

Артықшылықтары:

  1. Бір орталықтан жан-жақты қорғалуы.

  2. Файлдардың бір орталықта сақталуы. Барлық пайдаланушылар бір мәліметтер қорымен жұмыс істей алады.

  3. Сервер желілік ресурстарға пайдаланушының жылдам қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

  4. Ресурстарды басқару қызметінен пайдаланушылар босатылады.

  5. Желіде бірнеша пайдаланушы болса да, басқару қарапайым жүзеге асырылады.

Желіде сервер болмай, компьютерлер бір-бірімен тең дәрежеде қызмет атқарса, мұндай желіні бір рангіліжелі деп атайды.
Біррангілік желінің сипаттамасы:

  1. Желідегі компьютерлердің саны 10 компьютердің шамасында.

  2. Қорғау мәселесін әрбір пайдаланушы өз бетінше шешеді.

  3. Өз компьютерін администрациялаумен әрбір пайдаланушы өзі айналысады.



Лекция№2.
Мәлімет жіберу ортасы. Аналогты канал. Сандық канал. Кабельдік канал.

Компьютерлік желідегі мәлімет жіберу ортасы типтері мен қасиеттері бойынша сипатталады.


Мәлімет жіберу ортасының негізгі типтеріне мыналар жатады:
- аналогты канал;
- сандық канал;
- кабельдік канал;
- радиоканал (спутник байланыс) - радиотолқындарды жіберу және қабылдау негізінде жұмыс жасайды.
Канал (Арна) – техникада (байланыс ортасында) – таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпаратты алушыға) дабыл (сигнал) тарайтын техникалық құрылым немесе физикалық орта.
Канал – мәліметтерді бір құрылғыдан екінші құрылғыға жеткізуге арналған техникалық құралдар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет