186 сызықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны
есептеледі.
Зейіннің тұрақтылығы жəне жинақтылығын дамыту жаттығулары Оқи білетін балаларға ұсынылады. Қағазда (7-сурет) кездейсоқ
ретпен əріптер басылған (5 жол). Əр жолда шамамен 30 əріп бар.
Бала əр жолды мұқият карап, əріптер арасынан сөздерді құрауға
тырысады.Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш, төрт, бес-əріпті) жəне
астын сызуы керек.
ФІІИТЗМҮКУІШЗНИƏАКОТЕЛМАРТҮПОМЯЧВ
ТРПМДЫМЫЛОЩЙЬМІШЦЫСОРЗЩНӨТСПРЖО КВИАИНƏШУБАЫВАКРҮТЬАМАМАОИПСАЗШ ОТШМЛОҚРОРВВУРАНСҮТРАЛГПАЛКАНИО ОДЫРАМЕТӨЛАКАИОГУАВТОБУСШЫГМИК Табыстылық көрсеткіші – табылған дұрыс сөздер саны жəне тап-
сырманы орындау жылдамдығы. Зейінді одан əрі жаттықтыру үшін
өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз. Əріптер
мен сөздерді компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады.
Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл əрқашан да ұнайды.
9. Ұқсасын тауып, сыз. Мақсаты: оқушылардың зейінін, ойлауын
дамыту. Мазмұны: əр түрлі пішіндер салынған матрица ұсынылады.
Матрицадан оқушы ұқсас пішіндерді тауып сызуы қажет. Тапсырма-
ны орындауға 3-5 минут уақыт беріледі.
6а-сурет
187 7-сурет.
188 8-сурет.
189 10. Дұрыс орналастыр. Мақсаты:оқушылардың логикалық-
бейнелі ойлауын дамыту. Мазмұны:оқушыларға орындары алма-
сып кеткен бейнелер беріледі. Суреттердің əрқайсысын өзінің тиісті
орнына орналастыру қажет. Тапсырманы орындауға 2 минут уақыт
беріледі.
9-сурет