Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
1. Кіріспе......................................................................................................................4
2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту
үрдістерін талдау.........................................................................................................4
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық мақсаты..............................6
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған
бағдарламасының басым бағыттары.......................................................................6
4.1. Мемлекеттік жоспарлау.......................................................................................6
4.2. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру...............8
4.2.1. Фискалдық саясат..............................................................................................8
4.2.2. Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту...........................10
4.2.3. Бәсекені дамыту, бәсекелі ортаны қорғау және табиғи
монополиялардың қызметін тиімді реттеу..............................................................12
4.2.4. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау..................................14
4.2.5. Мемлекеттік меншікті тиімді басқару...........................................................15
4.3. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру
және адами капиталды дамыту..............................................................................16
4.3.1. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау..................................16
4.3.2. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту........19
4.3.3. Ғылымды дамыту............................................................................................22
4.3.4. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету..................24
4.3.5. Халықты әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары және көші-қон ..............27
4.3.6. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту..............................30
4.3.7. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мәдениет саласын дамыту.....31
4.3.8. Туризм мен спортты дамыту..........................................................................33
4.4. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту....................................34
4.4.1. Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...................................................................34
4.4.2. Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту...............................................37
4.4.3. Сұрапыл зілзалалардың, авариялар мен апаттардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шараларды іске асыру................................................39
4.5. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру..............................................40
4.5.1. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру....................40
4.5.2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.................................................................46
4.5.3. Жер қатынастары, геодезия және картография ...........................................48
4.5.4. Минералдық шикізат кешенін дамыту..........................................................49
4.5.5. Тұрғын үй құрылысының әлеуметтік бағдарланған саясатын
іске асыру және тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығын дамыту..................51
4.6. Техникалық реттеудің жаңа моделіне көшу....................................................53
4.7. Инфрақұрылымды дамыту................................................................................56
4.7.1. Көлік.................................................................................................................56
4.7.2. Электр энергетикасы.......................................................................................58
4.7.3. Телекоммуникация..........................................................................................60
4.8. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін
аумақтық даму.........................................................................................................61
4.9. Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға
табысты кірігуін қамтамасыз ету.............................................................................63
4.10. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты
қалыптастыру...........................................................................................................64
4.10.1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту: мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, тиімділігін арттыру және оның қызметті үйлестіруді
қамтамасыз ету...........................................................................................................64
4.10.2. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттыру........................................................................................................66
4.10.3. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру...................................67
5. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету.....................68
6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін негізгі әлеуметтік-экономикалық нәтижелер...................................................................................................................70
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған қызметі ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іс жүзінде іске асыруға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламасының басым бағыттары ел Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы) және 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауларының, Қазақстан Республикасының 2007 – 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының негізінде қалыптастырылды.
2. 2006 жылдың қорытындыларын және экономиканы дамыту үрдістерін талдау
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
2006 жылы өткен жылдардағы сияқты экономика өсуінің жеткілікті түрде жоғары қарқыны сақталды. Бұл ретте 2006 жылы экономика 2005 жылға қарағанда неғұрлым жедел қарқынмен дамыды.
2005 жылы экономика өсуінің қарқыны нақты мәнде 9,7 %-ті құрады.
2006 жылы ЖІӨ-нің көлемі 9,7 трлн-нан астам теңгеге жетті, ал нақты өсім болжамды мәннен 2,1 проценттік пунктке артып, 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 110,6 %-ті құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5046 АҚШ долларын құрады, бұл
2005 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге жоғары.
Нақты жағдай Қазақстанның 2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарында қойылған ЖІӨ-ні
2000 жылдың деңгейіне қарағанда екі еселеу жөніндегі міндет 2008 жылдан кешіктірмей орындалатын болады.
Өнеркәсіптік өндірісі көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ті, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3 %-ті, тау-кен өнеркәсібінде –
7 %-ті құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ті құрады. Көлік қызметтері 5 %-ке, байланыс қызметтері 20,4 %-ке, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6 %-ке ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ке, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3 %-ке, импорт 36,4 %-ке өсті.
Еңбек нарығында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін және жалақы деңгейін одан әрі арттыру байқалды. Жұмыссыздардың саны 2,4 %-ке азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда 0,3 проценттік пунктке азайды және 7,8 %-ті құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері 10,7 %-ке өсті. Орташа айлық жалақы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша
2006 жылы 40775 теңгеге жетті және нақты мәнде 10,2 %-ке ұлғайды.
Қаржы нарығы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылды. Ел экономикасына тартылған кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7 %-ке ұлғайды және 4,7 трлн. теңгені құрады. Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4 %-ке – 3,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайды.
2006 жылы инфляциялық әлеуеттің ұлғаюын болдырмау және экономиканың «қызып кету» қаупін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қабылданды. Есепті кезеңде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет: 2006 жылғы 1 сәуірден бастап –
8,0 %-тен 8,5 %-ке дейін, 1 шілдеден бастап 9,0 %-ке дейін арттырылды. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкалар 3,5 %-тен
4,5 %-ке дейін кезең-кезеңімен ұлғайды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша кірістілік 2005 жылдың аяғындағы 2,24 %-тен 2006 жылдың аяғында 4,76 %-ке дейін өсті.
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі 2005 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен 1 проценттік пунктке
(7,6 %) және 2006 жылға жоспарланған шаманың жоғары шегінен 6,9 – 8,5 % дәлізінен 0,1 проценттік пункт артып, айтарлықтай жоғары деңгейде – 8,6 % болып қалыптасты.
Теңгенің АҚШ долларына орташа өлшемді биржалық айырбас бағамы бір жылда номиналды мәнде 5,06 %-ке нығайып, 2006 жылы орта есеппен 1 АҚШ долларына 126 теңгені құрады.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, елдің экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Агенттік құрылды.
Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап 74,5 %-ке ұлғайып, 2006 жылғы 31 желтоқсанда 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта резервтерінің көлемі оларды есепке алғанда 33 млрд-тан астам АҚШ долларына жетті.
Зейнетақы жинақтарының көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 40,3 %-ке ұлғайды және 909,7 млрд. теңгені құрады.
2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер түсімінің жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер жоспардан 6,5 %-ке артып, 2,54 трлн. теңгені құрады, шығыстар 2,39 трлн. теңге сомасына немесе жоспардың 98,6 %-іне жүргізілді. Жоспарланған 136,4 млрд. теңге тапшылық кезінде іс жүзінде 81,6 млрд. теңге сомасында профицит қалыптасты.
Тұтастай алғанда Қазақстан экономикасының перспективаға серпінді және қарышты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін оң алғышарттар байқалды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық мақсаты
Үкімет қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму принциптерінің негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және оның азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасының мынадай басым бағыттары белгіленген.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары
4.1. Мемлекеттік жоспарлау
Мақсаты
Мемлекеттік жоспарлаудың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдаудағы дербестігін және олардың түпкілікті нәтижелерге (мақсатты индикаторлар) қол жеткізуге жауапкершілігін арттыруға бағытталған бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және ұстауға жаңа тәсілдерді көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу және енгізу.
2. Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет.
3. Мемлекеттік органдар қызметінің және олардың бюджет қаражатын пайдалануының ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету.
4. Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру.
Шешу жолдары
Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне және экспорттық мүмкіндіктеріне қол жеткізу стратегиясын әзірлейді және Бәсекеге қабілеттілік пен экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрады.
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі әзірленетін және енгізілетін болады.
Бұл әрбір мемлекеттік органның өзінің дамуының стратегиялық жоспарын (5 жылға арналған) және оның негізінде мемлекеттік органдардың мақсатты бағдарламаларын, операциялық (жылдық) жоспарларын әзірлеуін көздейді. Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылары арасында нысаналы индикаторларды белгілей отырып, үш жылдық кезеңге арналған меморандум жасалатын болады. Жыл сайын мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер жарияланатын болады. Өңірлерде осыған ұқсас жүйе енгізілетін болады.
Мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 2007 – 2008 жылдары олар екі-үш пилоттық мемлекеттік органдарда және екі пилоттық өңірде енгізілетін болады. 2009 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуі жоспарланып отыр.
Жоспарлаудың жаңа жүйесін іс жүзінде іске асыру үшін тиісті нормативтік құқықтық база жасалатын болады.
Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
мемлекеттік органдардың дербестігі мен қызметтің нәтижелеріне жауапкершілігін күшейтетін Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары міндеттерінің бюджеттік бағдарламалармен, ал жоспарлардың міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралардың бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларымен, мемлекеттік органдар қызметінің аралық және түпкілікті нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеумен байланысуы;
мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға енгізу;
мемлекеттік органдардың жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде, мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізуді ескере отырып, олардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту;
мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеуі;
мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен тиісті түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингінің жүйесін енгізу.
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкенге дейін қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды біріктіру, қысқарту және жекелеген міндеттерді шешуді мемлекеттік органдардың деңгейіне беру жолымен оларды оңтайландыру жүргізілетін болады.
Мемлекеттік органдар қызметінің және олардың бюджет қаражатын пайдалануының ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз ету үшін мыналар жүзеге асырылатын болады:
мемлекеттік органдар қызметін және олар іске асыратын бағдарламаларды үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер) мен халықтың мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы туралы пікірлерін ескере, осы бағалау нәтижелерін міндетті түрде жариялай және мемлекеттік органдардың алдағы жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар әзірлей отырып, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мәніне бағалау институтын енгізу;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелеріне, олардың ашықтығына және бақылануына уақтылы қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін жетілдіру;
мемлекеттік жоспарлау және оны іске асыру сатысында еңбек өнімділігін арттыру үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару рәсімдерін ықпалдастыру мақсатында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді оңтайландыру және жаңғырту.
Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық (жылдық) жоспарларын, олардың нысаналы бағдарламаларын орындау процесінде нысаналы индикаторлар жетістіктеріне статистикалық қадағалауларға негізделген мемлекеттік статистикалық есептілік енгізілетін болады.
Нәтижелері
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу.
4.2. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру
4.2.1. Фискалдық саясат
Мақсаты
Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Міндеттері
1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.
3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.
Шешу жолдары
Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді:
орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;
бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;
Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз алу үлесін азайту жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру.
Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді:
орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
кедендік және салық әкімшілігін жүргізу;
салық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру;
2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;
бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту;
бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.
Нәтижелері
Салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін толық орындау.
4.2.2. Инфляцияға қарсы саясат және қаржы секторын дамыту
Мақсаты
Ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Міндеттері
1. Инфляцияның деңгейін берілген параметрлерде ұстап тұру.
2. Қазақстанның қаржы секторын нығайту, оның орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындар мен халықтың қаржы секторының қызметтерімен қамтылуын кеңейту, оның жекелеген сегменттерін одан әрі дамыту.
3. Қазақстан Республикасының ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде қаржы ағындарын тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы.
Шешу жолдары
Инфляцияның деңгейін берілген параметрлерде ұстап тұру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің бірлескен іс-қимылдарымен жүзеге асырылатын болады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банк өзінің негізгі мақсатын орындауға бағытталған мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізетін болады. Атап айтқанда, бұл ақша-кредит саясатының құралдары мен операциялық негізін одан әрі жетілдіруді, банк жүйесінің шамадан тыс өтімділігі проблемасының өткірлігі сақталған жағдайда ақша-кредит саясатын қатайтуды болжайды.
Үкімет, өз кезегінде, Ұлттық Банк қызметінің негізгі мақсатын орындауға, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша жәрдем көрсететін болады:
көбінесе өндірістің тиімділігін арттыру және еңбек өнімділігін өсіру есебінен экономиканың өсуін ынталандыру;
өлшемдері ақша-кредит саясатымен келісілетін біркелкі қатаң фискалдық саясат жүргізу;
шикізат ресурстарына жоғары баға кезеңінде Ұлттық қорда қаражатты жинақтау саясатын жүргізу;
орта мерзімді тарифтік жоспарлар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлары мен қызметтер көрсетуіне бағаны реттеу;
үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің тауарлары мен қызметтер көрсетуіне баға белгілеуді бақылау;
баға жөнінде сөз байласу фактілерін, теріс пиғылды бәсекелестікті анықтау және жолын кесу;
бәсекелі ортаны, бәсекелі ішкі нарықтарды дамыту үшін жағдай жасау;
биржалық сауданың қалыптасуы және оны дамыту;
сауда инфрақұрылымын дамыту;
ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Нақты макроэкономикалық бағдарлар, оның ішінде ақша-кредит саясатының бағдарлары, сондай-ақ тараптардың оларға қол жеткізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдары Үкімет пен Ұлттық Банктің жыл сайынғы бірлескен мәлімдемелерінде айқындалатын болады.
Экономиканы ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ мыналарға:
қаржы институттарының орнықтылығы мен тұрақтылығын, қаржы секторы қызметтерінің сапасын және оларға қол жетімділікті арттыруға;
қаржы қызметтері нарығында бәсекені арттыру мақсатында қаржы секторын реттеу стандарттарын жақсартуға, оны одан әрі ырықтандыруға;
Ұлттық Банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және Үкімет арасында қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша меморандум жасасуға;
Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың перспективалық секторларына нарықтық ақталған қолдау көрсету үшін жағдай жасауға және өңірлік экономикалық жобаларда, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде банктік қатысуды күшейтуге;
Қазақстанның жиынтық сыртқы борышының оңтайлы мөлшерін ұстап тұру қажеттілігін ескере отырып, cыртқы қарыз алуды шектеу жөнінде қолданылатын шаралардың тиімділігі туралы мәселені қарауға;
тиімді жұмыс істейтін қаржы нарығын құруға және халықты өздерінің жинақтарын бағалы қағаздарға белсенді түрде инвестициялауға тартуға;
электрондық банктік қызметтердің инфрақұрылымын кеңейтуге байланысты болады.
Халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру коммуникация құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының ТМД мен Орталық Азия өңірі шеңберінде негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы қаржы секторының жекелеген сегменттерінің көшбасылық өңірлік ұстанымдарға қол жеткізуі есебінен мыналар:
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және оның тиімді жұмыс істеуі;
ТМД мен Орталық Азиядағы неғұрлым өтімді және қол жетімді нарық ретінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту;
валюталардың негізгі түрлері бойынша Қазақстанда неғұрлым өтімді валюта нарығының қалыптасуы;
қазақстандық қаржы институттарының (банктердің, зейнетақы қорларының, сақтандыру компанияларының және басқа да қаржы институттарының) ТМД мен Орталық Азия өңірінің қаржы ресурстарына қажеттілігін, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялары мен мүдделерін қолдауды, өңірлік нарықтарға жылжытуды қамтамасыз етуге қабілетті ірі өңірлік қаржы ұйымдары ретінде дамуы;
Қазақстанның қаржы секторының мынадай көрсеткіштер: тұрақтылық, орнықтылық, айқындылық, сондай-ақ қаржы өнімдерінің деңгейі, сапасы мен әртүрлілігі бойынша ТМД мен Орталық Азиядағы көшбасылық бойынша экономикалық жағынан дамыған елдердің стандарттарына қол жеткізуі арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Бұл ретте Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында отандық қаржы институттарының орнықты ұстанымдар мен бәсекеге қабілеттілікті сақтауы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |