Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №675 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»


§ 4. Капитанның вахталық көмекшісінің кеме зәкірде тұраққа тұрған кездегі қызметтері



бет6/7
Дата26.06.2016
өлшемі366 Kb.
#159733
1   2   3   4   5   6   7
§ 4. Капитанның вахталық көмекшісінің кеме зәкірде тұраққа тұрған кездегі қызметтері

 

220. Кеме зәкірде тұраққа тұрған кезде капитанның вахталық көмекшісі:

1) ауа райы мен қоршаған орта жағдайын үнемі бақылауды қамтамасыз етеді, кеменің орнын барлық қолайлы әдістермен жүйелі түрде бақылайды, дрейфтің алдын алу үшін шаралар қабылдайды;

2) зәкір-шынжырды тартуды және орналасуын, түсірілген зәкір-шынжыр ұзындығының тұрақ шартына сәйкестігін бақылайды;

3) басқа кемелермен соқтығусудың немесе зәкірдегі кемені іздеу кезінде және жел мен ағыс бағытының өзгеруі кезінде навигациялық қауіпті алдын алады.

 

 

§ 5. Капитанның вахталық көмекшісінің кеме айлаққа



тұраққа тұрған кездегі қызметтері

 

221. Кеме айлаққа тұраққа тұрған кезде капитанның вахталық көмекшісі:

1) бортта кеменің тереңдік жағдайын, арқандап байлау тростарының және крандардың тиісті бекітілгенін және жағдайларын бақылайды, сондай-ақ жергілікті ережелер мен порт дәстүрлерін сақтайды;

2) ауа райы бұзылған кезде, сондай-ақ шторм есертулерін қабылдаған кезде қосымша арқандап байлайды және кеменің тұрақта қауіпсіз тұруын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды;

3) трап немесе баспалдақтар берік бекітілігенін және сақтық торларымен жабдықталғанын, тұтқалар орнатылғанын, ал леерлер тартылғанын, трап немесе баспалдақтарда лақтыру ұшу бар құтқару дөңгелектері дайын болуын, сондай-ақ тиісті жарықтандыру қамтамасыз етілгенін бақылайды;

4) жүк операциялары кезінде кеме қисаюына жол бермейді, жүк жоспарына сәйкес тиеуді және кеменің жүк құралдарын дұрыс пайдалануды бақылайды, трюмарды ашу мен жабуды басқарады, жүк операциялары жүріп жатқан борттың арқандап байлау иллюминаторлары көтерілгенін бақылайды;

5) жүк люктерін, мойыншалар мен желдеткіштерді және палуба мен борттың басқа да саңылауларын уақтылы ашу мен жабуды қамтамасыз етеді;

6) корпустық бөлікте жұмыстар орындау кезінде өртке қарсы ережелерді сақтауды бақылайды;

7) кемеде капитан мен капитанның аға көмекшісі болмағанда кеменің өміршеңдігі үшін күресті басқарады. Жағада, кеменің қасында немесе жанында тұрған кеме қасына қауіп төну кезінде өз кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажетті көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды;

8) порттың құтқару және өрт құралдарын шақырту тәртібін біледі, ал қажет болған жағдайда оларды дереу шақыртады;

9) мөр басылған трюмалар мен үй-жайлардағы пломба пен мөрлер жағдайын бақылайды;

10) су есу бұранданы бұру кезінде үнемі бақылайды және кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

11) кеменің арқандап байлау операцияларына (траптарды жинау, шлюпка бөренелерін, крандарды, садақтарды және т.с жинау), уақтылы дайын болуын, арқандап байлауды тез қабылдауды (беруді), крандық қорғауды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;

12) түнгі уақытта кеме үй-жайларын жүйелі түрде аралауды және тексеруді жүргізеді.

222. Капитан кемеден кетер кезде вахталық көмекші оны трапқа дейін шығарып салады.



Капитан қайтып келген кезде вахталық көмекші оны траптың алдынан күтіп алады және оған кеменің жай-күйі, жүргізіліп жатқан жұмыстар және орын алған жағдайлар туралы баяндайды.

223. Капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатымен ғана кемеге бөгде адамдар кіре алады. Көпіршеде қызметтік лауазымдарын атқарып жүрген адамдар ғана бола алады. Капитанның немесе капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатынсыз көпіршеге, штурмандық рубкаға және басқа да қызметтік үй-жайларға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.

224. Егер кемеде корпустық бөлік бойынша жұмыстарды кеме құрамы жүргізбеген болса, капитанның вахталық көмекшісі жеке өзі барлық жұмыс объектілерін қарап шығады және кеменің қауіпсіз жағдайда екеніне көз жеткізеді.

225. Капитанның вахталық көмекшісі қажет болған жағдайда жоғарғы палубаға кеме бортындағы экипаждың қалған бөлігін шақырады.

226. Капитанның вахталық көмекшісіне ДТБАЖ пайдалану жөніндегі регламентке сәйкес радиобайланысты қамтамасыз ету жүктеледі;

227. Кемені портта арқандап байлау уақытында капитанның вахталық көмекшісі жүк операциялары жоқ кезде түнгі уақытта өзінің каютасында киімін шешпей дем алады.



 

 

§ 6. Вахталық матрос



 

228. Вахталық матрос капитанның вахталық көмекшісіне бағынады.

229. Кеме зәкірге тұраққа тұрған кезде және арқандап байлау кезінде:



1) вахтаға түсу кезінде вахта бойынша тапсырмалармен танысады;

2) белгіленген орнында болады;

3) зәкір-шынжырдың, арқандап байлаудың, крандардың, траптардың жағдайы мен түсіруді бақылайды;

4) белгілерді көтеруді және зәкірлік жарықтарды қосуды жүзеге асырады;

5) жүзбелі құралдарды бортқа арқандап байлайды (арқанды шешеді);

6) тышқандарға қарсы қалқандардың бар екенін бақылайды;

7) өрт, басқа да авариялық жағдайдарда мүмкін шараларды қабылдайды, капитанның вахталық көмекшісіне баяндайды және оның нұсқауы бойынша әрекет етеді;

8) теңіз қоршаған ортасынының ластануы, айналадағы жағдайдың өзгеруі туралы баяндайды; жоғарғы палубада тазалық пен тәртіпті бақылайды.

230. Матрос жүріп атқаратын вахтада:



1) тапсырушыдан компас бойынша бағытты қабылдайды және оны дауыстап қайталайды;

2) кемені белгіленген бағытта ұстап тұрады;

3) бұйрықтарды орындау алдында дауыстап қайталайды;

4) автоматты түрдегі рульмен басқарудан қолмен басқаруға және керісінше, сондай-ақ авариялық басқаруға ауысады;

5) кемедегі жарықтар мен белгілердің неге арналғандығы туралы біледі;

6) компас пен руль құралдыраның бұзылғандығы туралы баяндайды;

7) капитанның вахталық көмекшісінің нұсқауы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.

 

 

§ 7. Вахталық механик



 

231. Вахталық механик барлық кеме механикасы қызметінің бастығы болып табылады және кеменің қауіпсіздігі мен оның қалыпты пайдалануын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың сенімді жұмыс істеп тұруына, теңізде адам өмірін қорғауға, теңіз қоршаған ортасын ластануын алдын алуды қарайды. Вахталық механик капитанның вахталық көмекшіге, ал техникалық құралдарды пайдалану бөлімінде аға механикке бағынады.

232. Вахталық механик:



1) вахтаны басқарады; қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді;

2) техникалық құралдардың жұмыс режимі мен кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша құралдардың әрекетке үнемі дайын болуын, электр энергиясын, буды, суды тұтынушыларға беруді қамтамасыз етеді. Оларды сырттан алған кезде қосуды қамтамасыз етеді;

3) нұсқау бойынша көпіршеден балластты қабылдауды, айдап шығаруды және қайта айдауды, трюмды ластардан суды айдап шығаруды жүргізеді. Лас машина үй-жайларындағы су деңгейін бақылайды және вахталық көмекшінің рұқсаты бойынша теңіз ортасын ластандыруға жол бермей оларды айдап шығаруды жүргізеді; кемені дұрыс бункерлеуді жүргізуді қамтамасыз етеді;

4) өртке қарсы қажетті шараларды қабылдамай от және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;

5) өртті немесе корпустың ішіне су кіргенін байқаған кезде, басқа да авариялық жағдайларда вахталық көмекшіге хабарлайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;

6) механикалық қондырғының қауіпсіз жұмысына немесе жалпы алғанда кемеге қауіп-қатер туған жағдайда, авариялық жағдайға әкелетін техникалық құралдардың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылу жағдайында, авариялық жағдайда, сондай-ақ вахта барысындағы кез келген күмәндік жағдайда аға механикті уақтылы хабарлап тұрады; Аға механикті ескерткенге қарамастан вахталық механик егер жағдай талап етсе, кеменің қауіпсіздігін, оның тетіктері мен экипажының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Машина үй-жайында аға механиктің болуы аға механик оған өзіне осы міндеттерді алатыны туралы арнайы хабарлағанға және бұны екі жақта түсінгенге дейін вахталық механиктен вахтаны атқару және техникалық құралдар жұмысы міндетін алмайды;

7) машина журналында жұмыс, техникалық қызмет көрсету және техникалық құралдарды жөндеу туралы жазбалар жазады. Машина үй-жайларында тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді;

8) вахтаны қабылдаушы механик өз міндеттірін тиімді орындайтын жағдайда емес деп санаса, вахтаны тапсырмайды және бұл туралы вахта қызметі бастығын ескертеді.

233. Вахтаға шығу кезінде вахталық механик:



1) техникалық құралдардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін машина бөліміне уақтылы келеді (кем дегенде вахтаның басталуына 10 минут қалғанға дейін) келеді және қажетті нұсқау беру жүргізеді;

2) машина журналындағы жазбалармен, дербес жазушылардың және басқа да тіркелетін құралдар жазбасын, сондай-ақ техникалық жұмыстар, жөндеу және алдын алу жұмыстары барысымен, вахта бойынша бұйрықтармен танысады;

3) басты энергетикалық қондырғыны басқару әдісіне, қызмет бастығының және вахталық көмекшінің жүйелер мен тетіктерді пайдалану және ластанған суды төгу туралы тапсырмаларына, техникалық құралдардың бұзылуына, балласттарда судың қалуына, құю және ағызу цистерналарына, оларды пайдалану немесе жою туралы нұсқаулықтарға, жабдықтың бұзылуынан немесе қолайсыз жүзу шарттарынан техникалық құралдарды пайдалану режиміне қатысты мәліметтерді алады;

4) жұмыс істеп тұрған техникалық құралдарды, рульдік машинаны, қазандық жабдықтарының жағдайын, олардың автоматты басқару және қорғауды қоса алғанда, бөлу, құю, тұндырғыш және резервтік цистерналардағы отын және май деңгейін, энергетикалық қондырғының басты және көмекші тетіктерінің жұмыс параметрлерін, авариялық техникалық құралдардың дайындығын тексереді;

5) техникалық құралдардың белгіленген жұмыс режимін қабылдайды;

6) вахтаға түсу туралы баяндаманы қабылдайды, вахтаны қабылдау туралы машина журналында жазба жасайды және көпіршеде баяндайды. Вахтаны тапсырушы мен қабылдаушы машина журналына қол қоюынан кейін вахта тапсырылды (қабылданды) деп саналады. Маневрлеу немесе авариялық жағдайлар кезінде вахтаны ауыстыру тек қана вахта қызмет бастығының рұқсатымен және оның қатысуымен рұқсат етіледі.

234. Жүріп атқаратын вахтада вахталық механик:



1) тұрақты вахта болатын кемелерде машина бөлімінде (МБ) немесе ПБО-да энергетикалық қондырғыны басқару постында болады және оның жұмыс режимін қамтамасыз етеді, үй-жайларды аралап шығу қажет болған жағдайда өзінің орнына постқа мотористі қалдырады;

2) көпіршеде энергетикалық қондырғыны басқару кезінде (МБ-де немесе ПБО-да тұрақты вахта болмайтын) авариялық-ескерту сигналы мен көпіршемен вахталық көмекшіге өзінің орнын хабарлайтын екі жақты байланыспен жабдықталған кез келген үй-жайда болады;

3) көпіршеде бұйрықтарды қайталайды және орындайды; егер бұйрықты орындау авариямен немесе адамдар үшін қауіпті қатермен байланысты болса, көпіршеге және қызмет бастығына хабарлайды; бұйрықты екінші рет қайталған кезде оны орындайды, машина журналында тиісті жазба жасайды; авария немесе адамдарға қауіпті кезде энергетикалық қондырғыны, кез келген техникалық құралды істен шығарады және бұл туралы дереу көпіршеге және қызмет бастығына баяндайды;

4) көпіршеден қиын жүзу шарттары туралы ескерту алғаннан кейін қызмет бастығына баяндайды, біржола қуат резервін қамтамасыз ететін энергетикалық қондырғыны, қажетті техникалық құралдардың дайын болуын дайындайды;

5) қашықтық басқару кезінде қондырғы мен машина журналында посттан постқа дейінгі әр аударымды белгілейді.

235. Тұрып атқаратын вахтада:



1) техникалық құралдармен бақылауды және басқаруды, кеменің, порттың және қоршаған ортаның өндірістік қызметі мен қауіпсіздігімен байланысты жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін, кеменің өміршеңдігін қамтамасыз ету бойынша құралдардың дайындығын қамтамасыз етеді;

2) энергетикалық қондырғыны шұғыл қозғалысқа келтіруге дайын болады;

3) кемені қарап шығады; техникалық құралдардың бұзылғандығын жояды; жөндеу жұмыстары барысын бақылайды.

236. Энергетикалық қондырғыны қозғалысқа дайындау кезінде:



1) капитанның вахталық көмекшісінің (қызмет бастығы) дайындықтың уақыты мен тәртібі туралы нұсқауын алады;

2) көпіршемен және қондырғыны басқару посттарымен, авариялық жарықтандырумен, өртке қарсы және кептіру құралдарымен, байланыс құралдарын тексереді. Машина мен көпіршедегі сағатты тексереді;

3) ҚАБ жүйесінің іс-қимылын тексереді;

4) қондырғыны іс-қимылға дайындайды. Капитанның вахталық көмекшісінің рұқсатымен ғана қондырғыны ескек бұрандасына қосып қондырғыны бұрау және сынамалық іске қосуды жүргізеді;

5) машина журналында барлық командаларды, негізгі операцияларды орындау уақытын, тексеру және өлшеу қорытындыларын жазады;

6) қондырғының іс-қимылға дайындығы туралы қызмет бастығына баяндайды және оның рұқсаты бойынша капитанның вахталық көмекшісіне хабарлайды.

 

 

§ 8. Вахталық моторист



 

237. Вахталық моторист вахталық механикке бағынады.

238. Вахталық моторист:



1) вахтаны тапсырушыдан техникалық құралдар жұмысының режимі, бүзылуы және вахта бойынша тапсырмалар туралы мәліметтер алады;

2) техникалық құралдардың жарамдығын тексереді;

3) вахтаны қабылдау туралы баяндайды;

4) өз постында болады және тетіктердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) бұзылу мен ақаулар туралы баяндайды;

6) машина бөлімінде тәртіпті сақтайды.

 

 

11. Кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыру



 

239. Кеменің өміршеңдігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру Кемелердің өміршеңдігі үшін күрес бойынша тәлімдемеге (КӨКТ) және Халықаралық қауіпсізді басқару жөніндегі кодекске сәйкес кеме иесі әзірлеген және Сыныптау қоғамымен келісілген КБК талаптарын көрсететін болып табылатын Қауіпсіздікті басқару жүйесі (ҚБЖ), сондай-ақ кемедегі ұйымдастыру - техникалық іс-шараларды және ескерту іс-шараларын өткізу тәртібін, кеменің өміршеңдігі үшін экипаждың дайындығы мен іс-қимылын анықтайтын негізгі құжаттар болып табылатын ТЭЕ талаптары негізінде жүзеге асырылады.

240. Кеменің өміршеңдігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды көздейді:



1) кемені, оның құрылғыларын, техникалық құралдарын және жабдығын кеменің және оның теңізде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес үнемі қолдау;

2) кемені және айналадағы жағдайды тиісті бақылау;

3) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының үнемі дайындығы;

4) өміршеңдік үшін күресті қамтамасыз етуге қабілетті бортта белгіленген экипаж санының үнемі болуы.

241. Авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлік пен мүкәммал кеме экипажы адамдарының меңгерімдеріне тіркеледі, штатты орындарында сақталады және тізімі болады.



Аталған. мүлік пен мүкәммалды тікелей мақсатынсыз пайдалануға жол берілмейді.

242. Барлық кемелерде суға батпаушылық және беріктілік нормаларының талаптары қатаң сақталуы, кренді, корпустың дифферента мен су өткізбеушілігі үнемі бақылануы тиіс.



Балласты цистерналарды толтыру, кептіру және нығыздау, цистерналардан балласт пен отынды басқаларына қайта айдауға кеме капитанның рұқсаты және капитанның вахталық көмекшісін ескерту бойынша ғана рұқсат етіледі.

243. Кеменің өміршеңдігі үшін жалпы басшылықты кеме капитан жүзеге асырады, ал тікелей басқару капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.



Өміршеңдік үшін күресті ұйымдастыру үшін кемеде үнемі авариялық партиялар (топтар) мен тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету партиялары (жолаушылар кемелерінде) құрылады.

Капитан авариялық партия (топ) құрамына медицина персоналдарынан басқа, барлық экипаж мүшелерін қосады, сондай-ақ кеменің өміршеңдігі үшін күреске экипаж құрамына кірмейтін адамдарды да тартады, бірақ кемедегілерді.

Аға механик машина үй-жайларында өміршеңдік күрес бойынша вахта іс-қимылын басқарады және өзінің меңгеріміндегі техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз етеді.

Кемеде капитан және капитанның аға көмекшісі болмаған жағдайда кеменің өміршеңдігі үшін күресті капитанның вахталық көмекшісі басқарады.

244. Кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастырудың негізі дабыл бойынша кестелер болып табылады.

245. Дабыл бойынша кестелер экипаждың барлық мүшелерінің міндеттерін анықтайды, әр кемеде жасалады және капитан бекітеді.

Дабыл бойынша міндеттер әрбір экипаждың лауазымдар, мамандықтар, дайындығы, жеке қасиеттері мен физикалық қасиеттерін есепке ала отырып бөлінеді. Дабыл бойынша кестелерде экипаж мүшелерінің бір-бірін өзара алмасушылық көзделеді.

Дабылдар бойынша кестелерді жасау және оларды уақтылы түзеу капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.

Дабылдар бойынша мынадай кестелер бекітіледі:

1) жалпы кемедегі дабыл бойынша кесте (оның ішінде өртпен/сумен, рефрижераторлық қондырғылардан аммиактың бөлінуімен күрес, рульмен авариялық басқаруға өту, қарақшылықпен күрес, мұнай өнімдерінің және т.б. төгілуін жою);

2) «Борт сыртында адам» дабылы бойынша кесте;

3) шлюпкалық дабыл бойынша кесте (кемені қалдыру кезінде).

246. Жалпы кемедегі дабыл бойынша кестеде барлық экипаждың міндеттері мен іс-қимылдары анықталады:



1) кемені теңізде басқару;

2) радиобайланыс және көру байланысы;

3) көкжиекті, ауа мен суды бақылау;

4) кеменің герметизациясы;

5) кеменің өміршеңдігі үшін күрес (су және отпен күрес);

6) кемеде орнатылған арнайы құралдарды пайдалану;

7) экипаж бен жолаушыларға медициналық көмек көрсету және санитарлық өңдеу;

8) тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау (жолаушылар кемелерінде).

247. Авариялық партиялардың (топтардың) командирлары жалпы кемедегі дабыл сигналы бойынша орындарға жетуі бойынша көпіршеде өміршеңдік үшін күреске дайындығы туралы, ал одан әрі өзінің іс-қимылдары мен жағдайдың өзгерістері туралы баяндайды.

248. «Борт сыртында адам» дабылы бойынша кестеде борт сыртындағы адамды құтқару, медициналық көмек көрсету бойынша экипаждың міндеттері анықталады.

«Борт сыртында адам» дабылы бойынша вахтаны ауыстыру жүргізілмейді.

249. Шлюпкалық дабыл бойынша кестеде мынадай бөлікте экипаж мүшелерінің міндеттері анықталады:



1) ұжымдық пайдаланатын құтқару құралдарын дайындау және түсіру және оларды қажетті мүлікпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету;

2) шлюпкаларға жолаушылар мен экипажды отырғызу;

3) кеме және машина журналдарын, кем құжаттары мен құндылықтарды құтқару;

4) теңізде құтқару құралдарын басқару және олардың өзара, басқа кемелермен, жағамен, ұшақтармен және тікұшақтармен байланысын ұйымдастыру.

250. Жалпы кемедегі дабылды капитанның вахталық көмекшісі хабарлайды:



1) қажет болған жағдайда кемені оған төніп тұрған қандай да бір қауіпті алдын алу үшін алдын ала дайындау кезінде;

2) борттың сыртынан су келгенін немесе оның кеме ішіне жайылуын байқаған кезде;

3) жарылыс кезінде, өрт шыққанда не болмаса оның бірінші түтін белгілерін мен күйік иісін байқаған кезде;

4) кеме мен экипажға қауіп төндіретін басқа авариялық жағдайларда. «Борт сыртында адам» дабылын адам борт сыртына құлаған кезде немесе борт сыртынан адамды (адамдарды) байқаған кезде капитанның вахталық көмекшісі хабарлайды. Шлюпкалық дабылды (кемені қалдырған кезде) экипаж және жолаушылар кемені қалдыру қажет болған жағдайда осы Жарғының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет