Сертификаттау және үлгі сертификатын
беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №678 қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы «20» маусымдағы
№678 қаулысымен
бекітілді
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаға сәйкес әзірленді.
2. Қағида сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) үлгі сертификатын ұстаушы – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған өтініш беруші (әзірлеуші);
2) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
3) дайындаушы – әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) өтінім – өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға үлгі сертификатын алу үшін жүгінген заңды тұлға;
6) зауыттық сынақ – әуе кемесінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттық базис талаптарына сәйкестікке дейін келтіру;
7) әзірлеуші – әуе кемесін жасауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) үлгі сертификаты – азаматтық әуе кемесінің үлгісі конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
9) сертификатталған талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
10) сертификаттық сынақ – жер үсті, ұшу және стендтық сынақтар қамтылған әуе кемесінің сынақ үлгісі;
11) пайдалану құжаттамасы – әуе кемесінің және компонентінің, техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерінен, рәсімдері мен ұсынымдарынан тұратын құжаттама;
12) пайдалану сынағы – жерде, әуеде және әртүрлі климатикалық жағдайларда пайдалану процесі кезіндегі әуе кемесінің сынақ үлгісі.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган уағдаласушы мемлекеттердің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдарымен құрылтайшы мемлекеттермен жасалған келісімдер (шарттар) шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын және сертификаттау рәсімдерін нормалау саласында өзара іс-қимыл жасайды.
5. Осы Қағида белгіленген тәртіппен берілген және осы Қағида қолданысқа енгізілгенге дейін құрылтайшы мемлекеттердің азаматтық авиациясында пайдалануға рұқсат етілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын куәландыратын құжаттардың қолданысын жоймайды.
6. Қазақстан Республикасындағы авиациялық кәсіпорындарда жасалған азаматтық әуе кемелері сериялы шығару алдында қолданыстағы ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестікке зауыттық, сертификаттау және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттауына жатады.
7. Сериялы шығару процесінде Үлгі сертификатын ұстаушы жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттама кешендерін сақтауды ұйымдастырады және сериялы шығаруды, материалдар қасиетінің, технологиялық процестердің тұрақтылығын, сертификатталған үлгінің сериялы дайындалатын даналары үшін бөлшектер мен тораптар сипаттамаларының тұрақтылығын сақтауды ұйымдастырады.
8. Әуе кемесінің үлгісіне зауыттық сынақтар жүргізуді бастағанға дейін әзірлеуші мен дайындаушы жұмысшы бабындағы конструкторлық құжаттамаға осы дананың сәйкестігін куәландыратын формулярды, паспортты немесе оған балама құжатты ресімдейді. Әуе кемесінің сертификаттау сынақтары аталған құжаттар болған кезде ғана басталады.
9. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынақтар әуе кемесі данасының, оның компоненттері мен жүйелерінің сынақ жүргізуге дайындығы бойынша жүргізіледі.
10. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға метрологиялық қамтамасыз ету туралы хабарлама, есептер және әуе кемесі үлгісінің зауыттық сынақтар жүргізуге дайындығы туралы техникалық құжаттама жібереді.
11. Зауыттық сынақтар:
1) әуе кемесі үлгісінің, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын күтілетін пайдалану жағдайындағы ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестікке жеткізу;
2) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін айрықша жауапты функционалдық жүйелерінің (планер, шасси, басқару жүйесі, аэродинамикалық сипаттамалар, тежегіш, гидравликалық және басқа да жүйелер) үлгі конструкциясын белгілеу;
3) әуе кемесін сертификаттық бақылау сынақтарына ұсыну шарттарын айқындау мақсатында жүргізіледі.
12. Зертханалық, стендтік, жер сүті, ұшу және арнайы сынақтарды қоса алғанда, зауыттық сынақтар бағдарламасын өтініш беруші әзірлеп, бекітеді және ол берілген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйыммен келісіледі.
13. Әуе кемесі үлгісінің зауыттық сынақтарының нәтижелері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қорытындыны ресімдейді, ол:
1) осы Қағидада белгіленген және зауыттық сынақтардың кезеңіне жататын рәсімдердің орындалуын;
2) өтініш беруші ұсынған тексеру, сынақ материалдарының және дәлелдеу құжаттарының толықтығы мен сапасын;
3) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растау үшін қажетті тексерулердің көлемі мен номенклатурасын бағалауды қамтиды.
14. Сертификаттау сынақтары процесінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына жекелеген сәйкессіздіктері анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлайды. Өтініш беруші бұл сәйкессіздіктерді әуе кемесін бақылау сынақтары аяқталғанға дейін жояды.
15. Егер әуе кемесі үлгісінің анықталған сәйкессіздіктері мен кемшіліктері кезінде зауыттық сынақтарды одан әрі жүргізу қатермен байланысты екендігі белгіленсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сынақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Зауыттық сынақтар өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойып, растау құжаттарын ұсынғаннан кейін қайта жаңартылады.
16. Зауыттық сынақтар аяқталғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы бақылау сынақтарының актісін бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келіседі. Келісу мерзімі акт берілген сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайды.
Сертификаттау сынақтарын жүргізу мерзімін әзірлеуші анықтайды.
17. Сертификаттау сынақтары аяқталғаннан кейін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:
1) зауыттық сынақтардың нәтижелері бойынша нақтыланған, өтініш беруші бекіткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағандағы ұйыммен келісілген авиациялық техника үлгісінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестік кестесі;
2) сертификаттық бақылау сынақтарының нәтижелері бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығы;
3) әуе кемесі үлгісінің жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттаманың бақылау және ағымдағы жиынтығы (жиынтығының нөмірлері көрсетіледі) сертификаттау жұмыстарының нәтижелері бойынша түзетілгендігі, әуе кемесі үлгісінің үлгілік конструкциясын көрсететіндігі, осы үлгідегі әуе кемесінің үлгісін сериялы шығару үшін жарамды екендігі, бекітілгендігі және өтініш берушіде және дайындаушыда сақталатындығы туралы хабарлама.
18. Пайдаланушы конструкцияға және пайдалану құжаттамасына қандай да бір өзгерістерді осы өзгерістерді тек Үлгі сертификатын ұстаушымен келісім бойынша ғана енгізеді.
19. Әуе кемелеріне Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл) 16-қосымшада белгіленген қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар қолданылады.
20. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар әуе кемесінің сертификаттау нормаларына дербес бөлімдер ретінде енгізіледі.
21. Әуе кемесі үлгісінің қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігі жергілікті жердегі шуыл бойынша әуе кемесінің Үлгі сертификатымен куәландырылады.
2. Сертификаттау тәртібі
22. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу және Үлгі сертификатын беру үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:
1) әуе кемесінің үлгісін шығарушы ұйым сертификатының көшірмесі;
2) ұшуға жарамдылығы бойынша нұсқаулық;
3) техникалық қызмет көрсету регламенті (бағдарламасы);
4) формулярлар;
5) материалдың негізгі мөлшері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
6) отын және тежегіш жүйесінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
7) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан);
8) әуе кемесі үлгісінің зауыттық сынақтарының нәтижелері;
9) схемалар, жүйелер, негізгі сипаттамалары, үлгі сертификатталатын диапозонда күтілетін пайдалану жағдайлары мен шектеулер, сондай-ақ осы үлгіге қолданылатын ұшуға жарамдылығы нормалары тарауларының, бөлімдері мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тізбесі қысқаша баяндалған техникалық құжаттама;
10) Өтініш берушіге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы ұйым тарапынан берген сертификаттық тексеруге қорытындының көшірмесі.
3. Үлгі сертификатын беру
23. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үлгінің үлгілік конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, сертификаттау және пайдалану сынақтарының оң актілері негізінде күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Үлгі сертификатын береді.
24. Үлгі сертификаты осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. Үлгі сертификатына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес деректер картасы қоса беріледі, ол үлгінің үлгілік конструкциясы, үлгінің ұшуға жарамдылығына қатысты пайдалануды шектеу және басқа да шарттар туралы ақпаратты қамтиды. Үлгі сертификаты шектелмеген мерзімге беріледі.
25. Әуе кемесінің үлгісін пайдаланудан алынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен осы үлгіге Үлгі сертификаты күшін жояды.
26. Шетелдік мемлекет берген үлгі сертификатын беруге немесе оған күш беруге негіз болған талаптар Қазақстан Республикасы белгіленген стандарттарға сай келеді деген шартпен оны Қазақстан Республикасының уәкілетті органы таниды.
4. Үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру
27. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктер табылған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұрады.
Үлгі сертификатының күші тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тоқтата тұру себебін көрсетіп, үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұратын мерзімді белгілейді.
28. Үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қабылданған шешім туралы әуе кемесінің осы үлгісін пайдаланатын әзірлеуші мен пайдаланушы, сонымен сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.
29. Үлгі сертификатының қолданысын қалпына келтіруді әзірлеуші табылған кемшіліктерді жойып, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттау сынақтарын өткізгеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
_______________________
Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру қағидасына
1-қосымша
Нысан
Елтаңба ___________________________________________________________
Уәкілетті органның атауы
ҮЛГІ СЕРТИФИКАТЫ
№ _________
Осы сертификат ___________________________________ берілді
(ұйымның/заңды тұлғаның атауы)
________________________________________________ үлгілік конструкциясы
(әуе кемесі үлгісінің атауы)
азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландырады.
Үлгінің негізгі пайдалану шектеулері мен сипаттамаларын ол осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын деректер картасында қамтылады.
МО Уәкілетті органның басшысы
____________ ____________(қолы) (Т.А.Ә.)
Берілген күні: 20 __ ж. «__» _______
________________________
Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру қағидасына
2-қосымша
Нысан
Деректер картасы
Жалпы мәліметтер
1. Әуе кемесінің үлгісі _________________________________________________
2. Әуе кемесінің моделі ________________________________________________
3. Дайындаушы ______________________________________________________
4. Дайындау орны ___________________________________________________
5. Дайындаудың ерекшеліктері _________________________________________
6. Экипаждың ең аз құрамы ____________________________________________
7. Жолаушылардың ең көп саны ________________________________________
8. Багаждың ең көп саны _______________________________________________
9. Жүктің ең көп саны _________________________________________________
Геометриялық деректер
1. Қанаттың құлашы, м ______________________________________________
2. Қанаттың алаңы, шаршы м ___________________________________________
3. ОАХ, м __________________________________________________________
4. Қанаттың тарылуы _________________________________________________
5. Қанат қондырғысының бұрышы, градус ______________________________
6. Көлденең V қанатының бұрышы, градус _______________________________
7. Қатан бейінінің үлгісі және салыстырмалы қалыңдығы, % ________________
8. Элерондардың алаңы, шаршы м _________ элерондардың құлашы, м _______
9. Закрылкалардың алаңы, шаршы м _______закрылкалардың құлашы, м ______
10. Көлденең қанаттанудың құлашы, м _____________________________
11. Көлденең қанаттанудың алаңы, шаршы м _________________________
12. Көлденең қанаттанудың иығы, м ______________________________
13. Тұрақтандырғыш орнату бұрышы, градус ____________________________
14. Жоғары руль алаңы, шаршы м ______________________________________
15. Жоғары рульдің ауытқу бұрышы, градус: жоғары _______ төмен _________
16. Тігінен қанаттану алаңы, шаршы м ___________________________
17. Тігінен қанаттану иығы, м ________________________________
18. Бағыттау рулінің алаңы, шаршы м _________________________________
19. Бағыттау рөлінің ауытқу бұрышы, градус: солға ____ оңға _____
20. Фюзеляждың ұзындығы, м __________________________________________
21. Фюзеляждың ұшқыш кабинеті бойынша ені / биіктігі, м _________________
22. Шассидің колеясы / базасы, м _______________________________________
23. Дөңгелектердің мөлшері, мм: негізгі _____ басындағы (ұшынлағы) _______
Салмақ деректері
1. Бос әуе кемесінің салмағы, кг ________________________________________
2. Бос центровка, % ОАХ ______________________________________________
3. Ең көп ұшу салмағы, кг _____________________________________________
4. Қону салмағы, кг ___________________________________________________
5. Ұшу центровкаларының диапазоны, % ОАХ ____________________________
6. Отын құю, кг ______________________________________________________
7. Май құю __________________________________________________________
8. Пайдалы жүктеме, кг ________________________________________________
Күш қондырғысы
1. Қозғалтқыштың үлгісі мен моделі _____________________________________
2. Ең жоғары қуаты, а.к. _______________________________________________
3. Қозғалтқыштың айналымы, айн./мин. __________________________________
4. Әуе бұрандасының диаметрі, м _______________________________________
5. Қалақ қондырғысының бұрышы, градус________________________________
6. Бұранданың статикалық тартуы, кг ___________________________________
7. Күш қондырғысының ерекшеліктері (редуктордың, қозғалтқышты пысықтаудың және т.б. болуы)__________________________________________
Ұшу сипаттамалары
1. Тымық күндегі екпіннің ұзындығы, м __________________________________
2. Көлденең ұшудың ең жоғары жылдамдығы, км/сағ. ______________________
3. Крейсер жылдамдығы, км/сағ. ________________________________________
4. Жерден көтерілу жеделдігі, м/с _______________________________________
5. Құлау жылдамдығы, км/сағ. __________________________________________
6. Ұшу кезінде жерден алшақтау жылдамдығы, км/сағ. _____________________
7. Қону жылдамдығы, км/сағ. __________________________________________
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |