6. Тараптардың жауапкершілігі
1. Қарыз алушы кредит сомасын және есептелген сыйақыны шартта белгіленген мерзімде және талаптарға сәйкес қайтару бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан кредиторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасының 0,1%-ы мөлшерінде, бірақ кредит бойынша негізгі борыш сомасының 10%-ынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.
2. Кредиттің мақсатты пайдаланылуы бұзылған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан Кредиттің мақсатсыз пайдаланылған сомасын (оның бөлігін) мерзімнен бұрын қайтаруды және (немесе) мақсатсыз пайдаланылған соманың 10%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
3. Шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 8) тармақшасында көзделген тыйым бұзылған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан кредит сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды және (немесе) шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 8) тармақшасында тыйым салынған мақсаттарға жұмсалған қаражат сомасының 10%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
4. Қарыз алушы шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 4), 6), 9), 10), 16) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді бұзған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан міндеттемелерді бұзудың әрбір фактісі үшін кредит сомасының 0,0001% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
5. Шарттың өзге де талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
6. Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеу және шығындардың орнын толтыру қарыз алушыны бұзған міндеттемесін тиісінше орындау міндетінен босатпайды.
7. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
1. Егер шарт бойынша міндеттемелерін орындамау шарт жасалған соң Тараптар алдын ала болжай алмайтын, ақылға қонымды шаралармен алдын алуға болмайтын төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде орын алған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы бөлімнің 4 және 5-тармақтарына сәйкес осы мән-жайлардың әрекет ету мерзіміне Тараптар міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары орын алған жағдайда, шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлар мен салдары созылатын уақытқа тең мерзімге кейінге шегеріледі.
3. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына Тараптар ықпал ете алмайтын және олардың туындағаны үшін жауапты болмайтын оқиғалар жатады.
4. Осындай мән-жайларға сілтеме жасаған Тарап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлардың орын алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Екінші Тараптың талап етуі бойынша мұндай мән-жайлар басталған соң құзыретті орган берген куәландыратын құжат көрсетілуі тиіс.
5. Тарап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарт бойынша міндеттемелерін орындаудың межеленген мерзімін көрсете отырып, мұндай мән-жайлардың әрекет етуінің тоқтағаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
8. Дауларды шешу
1. Тараптар шарт талаптарын орындау барысында өздерінің араларында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен шешуге міндеттенеді.
2. Егер келіссөздер басталғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тараптар шартқа қатысты дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
3. Даулар мен келіспеушіліктердің орын алуы Тараптарды шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
9. Құпиялылық
1. Тараптар шарттың және оған қосымша келісімдердің талаптарын өздерінің орындауы нәтижесінде екі Тарап та алған қаржылық, коммерциялық және өзге ақпараттың құпиялылығын қатаң сақтауға және олардың жария етілуін болдырмау үшін қажетті барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндетті.
2. Жоғарыда көрсетілген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді, ақпаратты жариялау немесе өзге түрде жария етуді Тараптардың бірі тек мұндай беру талаптарын екінші Тараппен алдын ала жазбаша келіскеннен кейін ғана жүзеге асырады.
3. Осы бөлімде көзделген құпиялылық (және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпия) туралы ережелер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) шарт бойынша қарыз алушының берешектерін өтеу үшін қарыз алушының барлық банктік шоттарынан кредитордың акцептісіз ақша алуы және осыған байланысты өзге банктерге (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерге) қажетті ақпарат беруі;
2) капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды іске асыру мақсатында, оның ішінде рейтингілер алу үшін кредитордың үшінші тұлғаларға қажетті ақпарат беруі;
3) берілген сауалдар шеңберінде кредитордың Қазақстан Республикасының Парламентіне, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, кредитордың акционеріне кредит бойынша қажетті ақпарат беруі.
10. Қорытынды ережелер
1. Шарт Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойып, мөр бедерлері басылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар шарт бойынша өздерінің барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
2. Осы шарт Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан, заңды күші бірдей екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
3. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар мөрлердің бедерлерін қоя отырып, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған Тараптардың қосымша жазбаша келісімдерімен ресімделеді.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген жағдайда, шарттың қандай да бір тармағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе, мұндай қайшылық шарттың өзі жарамсыз дегенді білдірмейді. Мұндай қайшылық Тараптар арасындағы қосымша келісіммен жойылады.
5. Осы шарттың талаптары мен міндеттемелерін орындаудан Тараптардың біржақты бас тартуына жол берілмейді.
6. Тараптардың бірінің деректемелері өзгерген жағдайда, соңғысы бұл туралы екінші Тарапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
11. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары:
кредитор:
|
қарыз алушы:
|
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
|
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
|
____________________
м.о.
|
______________________
м.о.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің өңдеу өнеркәсібінде
кәсіпкерлік субъектілерін
қаржыландыруды қамтамасыз ету
жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына
4-қосымша
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы мен
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арасындағы қарыз шарты
Астана қ.
|
2014 жылғы «___» _______________
|
Бұдан әрі «кредитор» деп аталатын, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының атынан ___________ негізінде әрекет ететін __________ бір тараптан және
бұдан әрі «қарыз алушы» деп аталатын, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының атынан __________ негізінде әрекет ететін __________ екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар», ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар төмендегілер туралы осы Қарыз шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты.
1. Шарттың нысанасы
Кредитор шарттың талаптарына сәйкес қарыз алушыға шартта көзделген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан ақша (бұдан әрі - кредит) береді.
2. Шарт жасасу үшін негіздеме
1. Шартты жасасу мен іске асыру негіздемесі мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесі отырысының 2014 жылғы «____» ______________ № _______ хаттамасы;
2) Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы «___» __________ № ____ хаттамасы;
3) кредитордың Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «___» ___________ шешімі (№ ____ хаттама);
4) кредитордың Басқарма отырысының 2014 жылғы «____» ___________ шешімі (№ ___ хаттама);
5) қарыз алушының Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «____» __________ шешімі (№ _____ хаттама);
6) қарыз алушының Басқарма отырысының 2014 жылғы «____» _____________ шешімі (№ ____ хаттама).
3. Кредиттің негізгі шарттары
1. Кредит мынадай шарттармен беріледі:
1) кредит сомасы - _______________________ теңге;
2) кредит мерзімі - 20___ жылғы «_____» ________________ дейін 20 (жиырма) жыл;
3) сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,15% (нөл бүтін жүзден он бес пайыз);
4) кредит валютасы - теңге;
5) кредиттің нысаналы мақсаты - кейіннен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде кредит қаражатын шартты орналастыру;
6) негізгі борышты төлеу - кредит мерзімінің соңында;
7) сыйақыны төлеу. Сыйақыны алғашқы төлеу мерзімі: 20___ жылғы «____» _______________.
Сыйақының кейінгі төлемдері: шарттың осы тармақшасында көзделген сыйақыны алғашқы төлеу күнінен бастап жартыжылдық төлемдермен.
Сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
Шартта айқындалған мөлшерлеме бойынша сыйақыны есептеу кредит бойынша негізгі борыштың сомасына ол қарыз алушының шотына түскен күннен бастап негізгі борышты толық өтегенге дейін жүзеге асырылады. Кредитордың шотына негізгі борыштың барлық сомасы түскен күн негізгі борышты толық өтеу күні болып саналады. Сыйақыны есептеу үшін жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн есептеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторға төленетін сыйақыдан төлем күнінде қолданыстағы сыйақы бойынша төлем көзінен корпоративтік табыс салығы ұсталады. Бұл ретте, сыйақы төлеген кезде төлем тапсырмасында төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын көрсету қажет, сондай-ақ тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, әр айға бөле отырып, кредиторға төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының ұсталғаны және төленгені туралы анықтама беру қажет;
8) қамтамасыз ету - қамтамасыз етілмейді;
9) төлемдерді қабылдау реттілігі мынадай кезектілікте жүзеге асырылады:
тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
шартты орындауға байланысты және қарыз алушы өтеуге тиісті шығыстар сомалары және кредитор шеккен шығындардың сомалары;
есептелген сыйақы;
кредит бойынша негізгі борышты өтеу;
10) қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімнен бұрын өтеуге шектеу (мораторий) - 2024 жылдан бастап.
4. Кредит беру және қайтару тәртібі
1. Кредит беру шарт күшіне енген күннен бастап ______ (____) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2. Кредит беру қарыз алушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған № ___ арнайы банктік шотына (шарт мәтіні бойынша - қарыз алушының шоты) аудару арқылы жүзеге асырылады.
3. Қарыз алушы кредитті қайтаруды және сыйақы төлеуді кредитордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған № ________ арнайы шотына (шарт мәтіні бойынша - кредитордың шоты) ақша аудару арқылы жүргізеді.
4. Қарыз алушы кредит бойынша негізгі борышты қайтару, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) және шартта көзделген өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындаған кезде кредит өтелді деп есептеледі.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Кредитор:
1) қарыз алушыдан кредитті игеру, мақсатты пайдалану, қызмет көрсету және қайтару туралы ақпаратты сұрауға және алуға, сондай-ақ қажетті тексерістер жүргізуге;
2) шартқа сәйкес төлем жүзеге асырылуға тиіс күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін қарыз алушының сыйақыны төлеу, сондай-ақ кредитті мақсатты пайдалану бойынша міндеттемесін бұзуы жағдайында (осындай бұзушылықты анықтау күнінен бастап кез келген уақытта):
қарыз алушы алған кредитті есептелген сыйақымен бірге мерзімінен бұрын өтеуді, шартта көзделген тұрақсыздық айыбын және келтірілген шығындар мен өзге төлемдерді төлеуді қарыз алушыдан талап етуге;
Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс кез келген банктерде (қаржы, кредит ұйымдары мен мекемелері) ашылған қарыз алушының банк шоттарына қарыз алушының акцептісін талап ететін төлем талап-тапсырмаларын ұсыну жолымен қарыз алушыдан мерзімі өткен берешек сомасын талап етуге (шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін немесе өзге құжаттарды қоса беру). Қарыз алушының банк шотында ақша жеткілікті болған кезде кредитордың төлем құжаты онда көрсетілген сомаға орындалуы, ал кредитордың төлем құжатында көрсетілген ақшаның барлық сомасын алу үшін ақша жеткіліксіз болған кезде - қарыз алушының банк шотының картотекасында сақталады (ақшаны өзге (кредит валютасынан басқа) валютада алған жағдайда, алынған ақшаны кредит валютасына айырбастау қарыз алушы есебінен жүргізіледі);
кредитті мақсатты пайдаланбағаны үшін шартта көзделген айыппұлды төлеуді талап етуге (мақсатты пайдаланбауды анықтау кезінде);
шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген басқа әрекеттерді қолдануға;
3) осы бөлімнің 4-тармағы 3), 5), 8), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді қарыз алушы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған кезде шарттың және (немесе) шартты мерзімінен бұрын бұзу талаптары бойынша сыйақы мен кредиторға тиесілі өзге сомаларды төлеп, қарыз алушыдан берілген кредитті мерзімінен бұрын қайтаруды және берешекті өтеуді талап етуге;
4) осы тараудың 4-тармағы 4), 6), 9), 10) және 16) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді қарыз алушы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған кезде қарыз алушыдан шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
2. Кредитор:
1) шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және шартқа сәйкес қарыз алушының банктік және коммерциялық құпиясы болып табылатын және шарт талаптарына сәйкес қарыз алушы ұсынатын ақпаратта қамтылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға;
2) шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қарыз алушының шотына кредиттің аударылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Қарыз алушы:
1) кредитордан шарт талаптарын толық, нақты және уақтылы орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) шартта көрсетілген мерзімде кредит алуға;
3) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Қарыз алушы:
1) шартқа сәйкес кредитордың алдындағы міндеттемелерін орындауды жүзеге асыруға;
2) шартта белгіленген мерзімде кредитті толық көлемде қайтаруға және сыйақыны төлеуге;
3) осы бөлімнің 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайда, кредит сомасын, есептелген сыйақыны және шарттың талаптары бойынша кредиторға тиесілі өзге сомаларды кредитор тиісті хабарламаны жіберген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қайтаруға;
4) нысаналы тексерулер жүргізу үшін кредитордың өкілдерін қызметтік және басқа жайларға жұмыс уақытында жіберуге және осындай тексерулер барысында жан-жақты жәрдемдесуге;
5) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге және табыс етпеуге;
6) кредитор белгілеген мерзімде шарт талаптарына сәйкес ол талап ететін ақпаратты және құжаттарды, оның ішінде кредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы есепті қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей беруге;
7) кредитті шартта көзделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
8) кредит қаражатын депозитте (салым үшін) орналастырмауға, қандай да болмасын қаржы құралдарына және (немесе) олармен жасалатын операцияларға инвестицияламауға, шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына бағыттамауға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер тарапынан осы тармақшаның орындалуын қамтамасыз етуге;
9) шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредиторға Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктердегі (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелердегі) қарыз алушының барлық банктік шоттарының тізбесін, сондай-ақ олардың алдындағы қарыз алушының берешектерінің бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтерді беруге;
10) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктерде (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерде) жаңа банктік шот ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредиторға: банктік шот ашылған банктің (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелердің) атауы, шот нөмірі, БСК, шот валютасы туралы жазбаша мәліметтер беруге;
11) қарыз алушының шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзуы салдарында кредитор нақты шеккен және құжаттамамен расталған шығындарды өтеуге;
12) кредитті пайдалануға байланысты үшінші тұлғалармен жасалатын шарттарға берілген/аударылған ақша сомалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер мен шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы мәліметтерді кредиторға, сондай-ақ кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ашуға екінші тараптың келісім беруі туралы ереже енгізуге;
13) кредит қаражатын пайдалану кезінде оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға жол бермеуге, оның ішінде консалтинг қызметтерін көрсетуді және оффшорлық компанияларға аударуды болдырмауға;
14) шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде қарыз алушының шоты арқылы кредит қаражаты есебінен кез келген аударымдарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қарыз алушының шарт бойынша міндеттемелерін орындауға арналған кредит қаражаты мен ақшадан басқа, қарыз алушының шотына кез келген ақшалай қаражатты есепке алуға жол бермеуге;
15) кредитті екінші деңгейдегі банктердің тарапынан басқа қаржы құралдарына айырбастауды қоса алғанда, оны кез келген нысанда қайта құрылымдауға жол бермеуге;
16) шарттың талаптарын мүлтіксіз орындауға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің алынған ақшаны нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
6. Тараптардың жауапкершілігі
1. Қарыз алушы кредит сомасын және есептелген сыйақыны шартта белгіленген мерзімде және талаптарға сәйкес қайтару бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан кредиторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасының 0,1%-ы мөлшерінде, бірақ кредит бойынша негізгі борыш сомасының 10%-ынан аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.
2. Кредиттің мақсатты пайдаланылуы бұзылған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан Кредиттің мақсатсыз пайдаланылған сомасын (оның бір бөлігін) мерзімнен бұрын қайтаруды және (немесе) мақсатсыз пайдаланылған соманың 10%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
3. Шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 8) тармақшасында көзделген тыйым бұзылған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан кредит сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды және (немесе) шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 8) тармақшасында тыйым салынған мақсаттарға жұмсалған қаражат сомасының 10%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
4. Қарыз алушы шарттың 5-бөлімі 4-тармағының 4), 6), 9), 10), 16) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді бұзған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан міндеттемелерді бұзудың әрбір фактісі үшін кредит сомасының 0,0001% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы.
5. Шарттың өзге де талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
6. Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеу және шығындардың орнын толтыру қарыз алушыны бұзған міндеттемесін тиісінше орындау міндетінен босатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |