Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы"



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі376 Kb.
#9629
1   2   3   4

3. Дайындық iс-шаралары

1-параграф. IҚО (Ж) өткiзу жоспарын әзiрлеу, келiсу және бекiту


тәртiбi

      38. Әрбiр iздестiру және құтқару ауданына осы Қағидалардың 2-қосымшасында қамтылған iздестiру және құтқару ауданында (саласында) IҚО (Ж) ұйымдастырудың және жүргiзудiң үлгiлiк жоспары негiзiнде iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргiзудi ұйымдастыру жоспары (бұдан әрi – IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспары) әзiрленедi.


      Әзiрленген IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын Үйлестiру кеңесiнiң басшысы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның облыстық аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы және Үйлестiру кеңесiнiң құрамына кiретiн мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органның өкiлi бекiтедi.
      Үйлестiру орталығы мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-мен бiрлесiп, IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын әзiрлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
      39. IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларын азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдардың, басқа мүдделi мемлекеттiк органдардың, пайдаланушылар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерi бiрлесiп әзiрлейдi.
      Жоспарлар IҚО (Ж) үшiн тағайындалған қолда бар күштер мен құралдардың мүмкiндiгiн ескерiп әзiрленедi.

2-параграф. Iздестiру-құтқару күштерi, құралдарының және басқару


органдарының кезекшiлiгiн ұйымдастыру

      40. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету үшiн мынадай кезекшiлiктер ұйымдастырылады:


      1) iздестiру-құтқару ӘК мен экипаждардың
      2) апат сигналдарын уақтылы қабылдау және тарату үшiн ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының
      3) ЖIҚК, авариялық-құтқару жасағы, құтқару жасағы, ПДҚТ және басқаларының
      4) Үйлестiру орталығының және мемлекеттiк авиацияның ҚҮО кезекшi ауысымының
      5) "КОСПАС-САРСАТ" халықаралық спутниктiк жүйесiнен ақпарат қабылдау пунктiлерiнiң кезекшi ауысымдарының кезекшiлiгi.
      41. Азаматтық авиацияда iздестiру-құтқару ӘК кезекшiлiгi аэронавигациялық ұйымның азаматтық ӘК пайдаланушыларымен жасаған шарттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк авиацияның кезекшi iздестiру-құтқару ӘК бөлу тәртiбiн мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
      Басқа iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын бөлу және олардың әзiрлiгiн қамтамасыз ету тәртiбi қарамағында осындай күштер мен құралдар бар уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен айқындалады.
      42. Үйлестiру орталығы мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-мен бiрлесiп, iздестiру-құтқару ӘК-нiң кезекшiлiктi IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарларына сәйкес атқаруын күн сайын бақылауды жүзеге асырады.
      Аэронавигациялық ұйыммен шарт жасаған кезекшi iздестiру-құтқару ӘК пайдаланушылар белгiленген уақытта Үйлестiру орталығына iздестiру-құтқару ӘК-нiң кезекшiлiкке түскен экипажы туралы, iздестiру-құтқару ӘК-нiң ұшу орындауға даярлығы туралы күн сайын баяндайды.
      43. Iздестiру-құтқару экипажы кезекшiлiкке түсер алдында ӘК тиесiлi авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметiнiң басшысы (немесе оның орынбасары) (мемлекеттiк авиацияда – тiкелей бастық немесе оның орынбасары) нұсқаулық өткiзедi. Нұсқаулық барысында iздестiру-құтқару экипажы:
      1) кезекшiлiкке мiндет алады;
      2) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды белгiлейдi;
      3) iздестiру және құтқару ауданының шекараларын және кезекшiлiк уақытына арналған ұшу жоспарын нақтылайды.
      ӘК авиакомпанияның (пайдаланушының) тұрақты шоғырлану орнынан (мемлекеттiк авиацияда – тұрақты орналасу пунктiнен) тыс орнында болған жағдайда, нұсқаулықты байланыс құралдарын пайдалана отырып өткiзуге рұқсат берiледi.
      44. Кезекшiлiкке түсер алдында iздестiру-құтқару экипажы:
      1) iздестiру-құтқару ӘК кезекшi экипажының нұсқаулығын зерделейдi;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң iздестiру және құтқару жөнiндегi талаптарын зерделейдi;
      3) iздестiру-құтқару ӘК-нiң ұшар алдындағы дайындығын өткiзедi;
      4) iздестiру-құтқару ӘК-нiң бортындағы авариялық-құтқару мүлкi мен жарақтарының бар болуын және олардың жай-күйiн тексередi;
      5) ауа райының iс жүзiндегi жай-күйiн және болжамын зерделейдi;
      6) байланыс арналарының жарамдылығын тексередi.
      45. Iздестiру-құтқару экипаждарының кезекшiлiк атқаруға әзiрлiгiн бақылауды ӘК пайдаланушының ұшу қызметiнiң басшысы не оның орынбасары (мемлекеттiк авиацияда – тiкелей бастық не оның орынбасары) жүзеге асырады.
      46. Кезекшiлiкке бөлiнген iздестiру-құтқару ӘК-нi, ұшуға белгiленген мерзiмдерiн сақтаған жағдайда, жаттығу мақсатындағы ұшу немесе әуеайлақ ауданындағы өндiрiстiк қызметке кезiнде қолдануға рұқсат бередi.
      47. Кезекшi iздестiру-құтқару экипажының құрамына кiретiн ПДҚТ күндiз де, түнде де түрлi климаттық географиялық жағдайларда парашютпен секiруге әзiр болуы керек.
      48. Мемлекеттiк авиацияның ЖIҚК басшысы бұйрықпен тағайындалады, ол ауысымға түсер алдында:
      1) команданың жеке құраммен жасақталғанын;
      2) топ құрамының IҚО (Ж) жүргiзу кезiндегi өз мiндеттерiн бiлуiн;
      3) қажеттi жеке жарақпен жабдықталғандығын және олардың барын;
      4) көлiк құралдарының даярлығын және автомобиль жолдары схемасының бар болуын;
      5) байланыс құралдарының жарамдылығын;
      6) авариялық-құтқару мүлкiнiң бар болуын және олардың жай-күйiн тексередi.

3-параграф. Iздестiру-құтқару экипажының персоналына және


iздестiру-құтқару әуе кемесiне қойылатын талаптар

      49. Мемлекеттiк авиацияның iздестiру-құтқару экипаждарының құрамына жерүстi және ұшу дайындығынан өткен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Авиациялық персоналға куәлiк беру және жарамдылық мерзiмiн ұзарту қағидасына сәйкес алған арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы тағайындалады.


      Мемлекеттiк авиацияның iздестiру-құтқару экипаждарының құрамына әскер түрлерiнiң жауынгерлiк даярлық курсына сәйкес алған арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы кiредi.
      50. Iздестiру-құтқару ӘК осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құтқару мүлкiмен және жарағымен жарақталады.

4-параграф. ЖIҚК, ПДҚТ қажеттi жабдықпен және байланыс құралдарымен


жарақталуына қойылатын талаптар

      51. ПДҚТ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес техникалық құралдармен жарақталады.


      52. ЖIҚК осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес техникалық құралдармен жарақталады.
      53. ПДҚТ мен ЖIҚК жарақтандыру табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы және мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi орган көрсетiлген мемлекеттiк органдардың жеке құрамын жарақтандыруға және күтiп ұстауға бөлген бюджеттiк қаражат шегiнде жүзеге асыралады.

5-параграф. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе


кемелерi туралы хабарламаларды қабылдауды және таратуды ұйымдастыру

      54. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын уақтылы табу және оларға көмек көрсету үшiн «Апатқа ұшырадым» дегендi бiлдiретiн «СОС» – телеграфтық бiрыңғай халықаралық кодтық сигналы (ағылшын тiлiндегi аббревиатурасы «SOS»), МЭЙДЕЙ – радиотелефондық (ағылшын тiлiндегi қысқартылған аббревиатурасы MAYDAY), сондай-ақ авиациялық Щ-кодта көрсетiлген қауiп туралы шұғылдық және ескерту сигналдары орнатылған.


      55. Апат туралы хабарды қабылдау үшiн әуеайлақтарда (тiкұшақ айлақтарында), ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарында 121,5 МГц жиiлiгiнде авариялық арна ұйымдастырылады.
      56. Апат сигналдары әуе кемесiнiң бортындағы байланыс, хабар беру және пеленгация құралдарымен:
      1) аса жоғары толқынды (бұдан әрi – АЖТ) және қысқа толқынды (бұдан әрi – ҚТ) радиостанциялармен телефон режимiнде;
      2) ҚТ радиостанциялар – телеграф режимiнде (экипажда борт радист бар болған жағдайда);
      3) тану аппаратурасымен;
      4) қайталама радиолокация аппаратурасымен берiледi.
      57. Апат туралы сигналдар «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларына (бұдан әрi – ҰНҚ) 9-қосымшаға сәйкес ашық мәтiнмен таратылады.
      58. ӘК экипажынан апат туралы хабарлама алған барлық жерүстi радиостанциялары оған апат сигналын қабылдағаны туралы дереу растау жiберiп, онымен сенiмдi радиобайланыс орнату шараларын қабылдайды және сол жиiлiкте басқа радиостанциялармен радиоалмасуды тоқтатады.
      59. Апат сигналын қабылдаған ӘК экипажы апат сигналын қабылдағаны туралы растау таратады және бұл туралы дереу ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды.
      60. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-мен радиобайланыс орнатқан ӘК экипажы сол экипаждан алған хабарламаны ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ретрансляция жасайды және оған өз әуе кемесiнiң ұшуы, жолаушылары мен экипажы үшiн қатер төндiрмей, қолдан келген көмегiн көрсетедi.
      Апатты көзiмен көрген ӘК экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына өзiнiң бақылауы және апат орын алған орынның координаттары туралы баяндайды, апатқа ұшырау жағдайындағы немесе ұшыраған ӘК-мен байланыс орнатып, оның жай-күйiн анықтайды және координаттарын нақтылайды, байланыстың мүмкiн деген барлық құралдарын қолданып, бақылау нәтижелерi туралы жақын жердегi ӘҚҚ (ӘҚБ) пунктiне баяндайды.
      61. Әуеайлақтан тыс жерге амалсыз қонғаннан кейiн апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж авариялық радиоқұралдарды жұмысқа дайындайды. Бұл ретте байланыс апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипажда мүшелерiнде бар авариялық-құтқару радиоқұралдарының түрiне қарай 121,5 МГц (243 МГц), 2182 кГц жиiлiгiнде немесе теңiз күштерiнен көмек сұраған жағдайда 8364 КГц жиiлiгiнде жүзеге асырылады.
      62. Iздестiру-құтқару ӘК-нiң дыбысы пайда болған немесе оны көзбен шолып қадағалау кезiнде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-нiң экипажы апат туралы таратуы және онымен екi жақты радиобайланыс орнатуы керек, егер екi жақты байланыс орнату мүмкiн болмаса, апат туралы хабар таратуды 1,5-2 минут iшiнде келтiру үшiн сигналдар таратумен («Маяк» режимi) кезектестiредi; ӘК экипажымен екi жақты байланыс орнатылған кезде радиостанция жұмысының одан кейiнгi тәртiбiн iздестiру-құтқару ӘК командирi айқындайды.
      63. Топтық пайдаланымдағы ҚТ-радиостанциясымен жұмыс кезiнде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған экипаж мынадай тәртiппен әрекет етедi:
      1) құрлықта:
      мәжбүрлi қонғаннан кейiн, радиостанция мен оның антенналарын өрiстеткен соң апат туралы хабарлама әрбiр таратқан сайын 3 минутқа қабылдау режимiне көше отырып, 8364 кГц жиiлiкте телеграф және телефон режимiнде апат туралы хабарламаны үш реттiк тарату жүргiзiледi;
      мәжбүрлi қонғаннан кейiн алғашқы тәулiктердiң әрбiр сағатының басында 10-12 минут iшiнде «СОС» сигналын автоматты түрде тарату режимi iске қосылады, қалған уақытта радиостанция телеграф режимiнде қабылдауға қосылады.
      Келесi тәулiктерде әрбiр сағаттың басында радиостанция 5 минутқа «СОС» сигналын автоматты түрде тарату режимiне қосылады, одан кейiн 5 минут телеграф режимiнде қабылдау жүзеге асырылады. Қалған уақытта радиостанция өшiрiледi.
      2) теңiзде:
      мәжбүрлi қонғаннан (суға қонғаннан) кейiн радиостанция мен оның антенналарын өрiстеткен соң апат туралы хабарлама әрбiр таратқан сайын 3 минутқа қабылдау режимiне көше отырып, 8364 кГц жиiлiкте телеграф және телефон режимiнде апат туралы хабарламаны үш реттiк тарату жүргiзiледi;
      8364 кГц жиiлiкте апат туралы хабарлама берiлгеннен кейiн 2182кГЦ жиiлiгiнде телефон режимiнде апат туралы хабарламаны үш реттiк тарату жүргiзiледi;
      әрбiр сағаттың келесi 1-минутынан 3-минутына дейiн және 31-минутынан 33-минутына дейiн әрбiр берiлген сайын қабылдау режимiне көше отырып, 2182 КГц жиiлiкте апат туралы хабарлама қайталанады.
      Екi жақты радиобайланыс орнатылған кезде кейiнгi жұмыс қабылданған нұсқауларға сәйкес жүргiзiледi.
      64. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң экипажымен 121,5 МГц жиiлiгiндегi байланысты iздестiру ауданына бiрiншi болып жеткен ӘК немесе корабль (кеме) орнатады.
      Кейiннен апатқа ұшыраған экипажбен екi жақты байланыс тек IҚО (Ж) басшысының нұсқауы бойынша 121,5 МГц жиiлiгiнде жүзеге асырылады.
      ЖIҚК бағыттау IҚО (Ж) басшысы көрсеткен арнада жүзеге асырылады, ал ЖIҚК және ПДҚТ-ның апатқа ұшырағандармен тiкелей байланысқа шығуы 121,5 МГц арнасында жүзеге асырылады.
      65. IҚО (Ж)-ге қатысатын ӘК, теңiз және өзен корабльдерi өздерiнiң арасындағы өзара iс-қимыл мақсатында радиобайланысты 130 МГц жиiлiгiнде жүзеге асырады.
      66. IҚО (Ж) жүргiзу кезiнде iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын басқару IҚО (Ж) басшысы белгiлеген арнада жүзеге асырылады:
      1) әуеайлақ ауданында ӘҚҚ, ӘҚБ органдарының жұмыс жиiлiгiнде;
      2) авариялық жиiлiкте - 121,5 МГц;
      3) арнайы бөлiнген жиiлiкте - 123,1 МГц.
      67. ПДҚТ өзiнiң шақыру белгiсi ретiнде 10-нан 19-ға дейiнгi, ал ЖIҚК - 20-дан 29-ға дейiнгi екi мәндi сандық индекстi қоса отырып, тұрақты орналасатын әуеайлақтың трассалық шақыру белгiсiн пайдаланады.
      68. Азаматтық авиацияда iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн байланыс құралдарын даярлауды және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету аэронавигациялық ұйым филиалының (өкiлдiгiнiң) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметiнiң (бұдан әрi – РТЖБҚ) басшысына жүктеледi.
      Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң экипажына көмек көрсету үшiн барлық байланыс құралдарын дереу қолдану және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету ұшу басшысының (ӘҚҚ аға диспетчерiнiң) немесе ӘҚБ органының лауазымды адамының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      69. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiне көмек көрсету үшiн телефон және телеграфтық байланыс арналарын ұсыну бiрiншi кезекте жүргiзiледi.
      Апат туралы хабарлама – басқа хабарламаларға қарағанда басымдығы бар хабарлама.
      70. Экипаждың апаттың алдын алу үшiн қолданған шаралары нәтижесiнде әуеайлаққа дейiн әрi қарай ұшудың қауiпсiздiгiне сенiмдiлiк туындаса, дереу қауiптiң жойылғаны туралы хабарлама тарату қажет.

4. Оқыту және оқу-жаттығулар

1-параграф. Iздестiру мен құтқаруды үйлестiру орталығының мамандарын,


iздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң үйлестiрушiлерiн және
iздестiру-құтқару операцияларының (жұмыстарының) үйлестiрушiлерiн
даярлау жөнiндегi талаптар

      71. Үйлестiру орталығының мамандары оқудан, жұмыс орнында тағылымдамадан және бiлiктiлiгiн тексеруден өтедi.


      Үйлестiру орталығының мамандарын оқыту азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша даярлауды қамтиды.
      72. Оқыту аяқталғаннан кейiн Үйлестiру орталығының мамандарына IҚО (Ж) (SMC) үйлестiрушiсi бiлiктiлiгi берiледi.
      73. Үйлестiру орталығының мамандарын жұмыс орнында тағылымдамадан өткiзудi және бiлiктiлiгiн тексерудi нұсқаушылар мен Үйлестiру орталығының бастығы жүргiзедi.
      74. ӘК үйлестiрушiлерiн даярлау және бiлiктiлiктерiн арттыру азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
      Оқыту аяқталғаннан кейiн аэронавигациялық ұйымның мамандарына ӘК үйлестiрушiсi бiлiктiлiгi берiледi.
      75. Үйлестiру орталығы өз мамандарын даярлау, тағылымдамадан өткiзу және қайта даярлау жоспарын бекiтедi, сондай-ақ қайта даярлаудан уақтылы өткiзудi есепке алуды жүргiзедi.

2-параграф. ЖIҚК мен ПДҚТ даярлауға қойылатын талаптар

      76. ЖIҚК:
      1) арнайы даярлықтан;
      2) IҚО (Ж)-ға алдын ала даярлықтан өтедi.
      77. ЖIҚК мыналарды атқара алуға тиiс:
      1) апат туралы хабарлама қабылдау және тарату;
      2) радиобайланыстың авариялық арналарының жұмысқа қабiлеттiлiгiн тексеру;
      3) басқа iздестiру-құтқару командаларымен радиобайланыс жүргiзу;
      4) борттық авариялық-құтқару мүлкiн және авариялық құтқару құралдарын (мемлекеттiк авиацияның ЖIҚК) қолдану;
      5) iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын апат орнына бағыттауды жүзеге асыру;
      6) авариялық ӘК-ден зардап шеккендердi эвакуациялау және шығару, оларға дәрiгерге дейiнгi көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккен адамдарды апат орнынан эвакуациялау.
      78. ПДҚТ мыналарды атқара алуы керек:
      1) қиылысқан және жетуi қиын жерлерде жол көрсету, топографиялық картаны қолдану және азимут бойынша ауысу;
      2) IҚО (Ж) жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, түрлi iздестiру тәсiлдерiн қолдану;
      3) апатқа ұшыраған ӘК-ден кемесiндегi зардап шеккендердi эвакуациялау және шығару, оларға дәрiгерге дейiнгi көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсету;
      4) түрлi климаттық және физикалық-географиялық жағдайларда тiрi қалу қағидаларын қолдану;
      5) әуе кемесiндегi өрттi сөндiру тәсiлдерi мен құралдарын қолдану;
      6) iздестiру-құтқару ӘК-нi қондыру үшiн алаң таңдау және таңбалау.
      79. ПДҚТ мүшелерi түрлi климаттық және географиялық жағдайларда кез келген уақытта парашюттен секiрудi орындауға даярлықтан өтедi.
      80. Медициналық қызметкер, егер ол ЖIҚК және ПДҚТ құрамында болса:
      1) тiкелей апат орнында дәрiгерге дейiнгi көмек немесе алғашқы медициналық көмек көрсетудi;
      2) эвакуациялау кезектiлiгiн, тасымалдау түрiн айқындау және апатқа ұшырағандарды медициналық мекемелерге уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз етудi атқара бiлуi керек.

3-параграф. Оқу-жаттығулар өткiзу

      81. Жұмыстың тиiмдiлiгiнiң жоғары дәрежесiне қол жеткiзу үшiн ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштерге оқу-жаттығу өткiзу және құралдарды пайдалану ұйымдастырылады.
      Оқу-жаттығулар IҚО (Ж) жүргiзу ықтималдығы елеусiз болған уақыт кезеңiнде өткiзiледi.
      82. Жаттығулар былай бөлiнедi:
      1) шынайы авариялық жағдайда сенiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн барлық iздестiру-құтқару күштерi арасында белгiленген байланыс арналары мен құралдарын кезең-кезеңiмен қолдануға байланысты оқу-жаттығулар;
      2) iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын өрiстетпей, дағдарыс жағдайына әзiрленген сценарийлер негiзiнде ден қою шараларын көрсетудi көздейтiн штабтық оқу-жаттығулар;
      3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiн бiлдiретiн объектiнi iздестiру мақсатында IҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында көзделген iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын қатыстырып өткiзiлетiн толық масштабты (далалық) оқу-жаттығулар.
      83. Осы Қағидалардың 80-тармағында көрсетiлген оқу-жаттығуларды өткiзу туралы шешiмдi (олардың мақсаты мен өткiзу жоспарын әзiрлеудi қоса алғанда) Үйлестiру кеңесiнiң басшысы қабылдайды.

5. Iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргiзу тәртiбi

1-параграф. Авариялық хабардар ету

      84. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары, пайдаланушылар, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпарат алған кезде ҰНҚ айқындалған тәртiппен қажеттi көмек көрсету жөнiнде мүмкiн болатын барлық шараларды қолдануға және IҚО (Р) жүргiзу жоспарына сәйкес iздестiру-құтқару командаларын, мемлекеттiк органдардың авариялық-құтқару қызметтерiн, ӘК пайдаланушыларын дереу ақпараттандырады, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде авариялық оқиғаға немесе тосын оқиғаға тексеру жүргiзудi ұйымдастыру үшiн азаматтық және мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi органдарға хабарлайды.
      85. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар ӘК-нiң апатқа ұшырауы жөнiнде өздерiне белгiлi болған барлық жағдайлар туралы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлайды.
      86. ӘҚҚ органдарының диспетчерлерi, ӘҚБ органдарының лауазымды адамдары ӘК апаты туралы хабарды алған кезде ӘК-нi табу, оның координаттарын айқындау, онымен радиобайланыс орнату, апаттың сипатын және ӘК командирiнiң одан кейiнгi iс-қимылдар туралы шешiмiн анықтау үшiн дереу шаралар қабылдайды. Қабылданған ақпаратты белгiленген схема бойынша хабарлауды жүргiзетiн ӘҚҚ органының ұшу басшысына (аға диспетчерiне) немесе ӘҚБ органы басшысына дереу баяндайды.
      87. Үйлестiру орталығы, ұшу басшысы, ӘҚҚ органдарының диспетчерлерi апат туралы хабарды қабылдаған кезде ол туралы мемлекеттiк авиация басқармасының пунктiн хабардар етедi.
      88. Авариялық хабардар ету белгiленген схемалар бойынша жүргiзiледi.

2-параграф. Iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргiзу


кезiнде шешiм қабылдау және басқару жүйесi

      89. IҚО (Ж) жүргiзу кезiнде шешiм қабылдау және басқару жүйесi мына деңгейлерге бөлiнедi:


      1) IҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңi;
      2) IҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңi;
      3) IҚО (Ж)-ның аяқталу (тоқтату) кезеңi.
      90. IҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңiнде iс-қимылдарды үйлестiру мен шешiм қабылдауды Үйлестiру орталығы РДО-мен келiсе отырып және қажет болған кезде мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-мен өзара iс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады.
      IҚО (Ж)-ның бастапқы кезеңi уақыт бойынша қайсысының бұрын басталуына қарай, апаттық кезең басталған сәттен жедел штаб жұмысы басталғанға дейiн немесе апаттық кезең жабылғанға дейiн тарайды.
      91. IҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңiнде IҚО (Ж) басшысы РДО-мен және қажет болған кезде, Үйлестiру орталығымен және мемлекеттiк авиацияның ҚҮО-мен өзара iс-қимыл кезiнде шешiм қабылдауды қамтамасыз етедi.
      IҚО (Ж) аймағын кеңейту кезеңi жедел штаб жұмысы басталғаннан (оның алғашқы кеңесiнен) бастап авариялық кезең жабылғанға дейiн тарайды.
      92. IҚО (Ж) аяқталу кезеңiнде IҚО (Ж) басшысы авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияның басшысымен өзара iс-қимылда шешiм қабылдауды қамтамасыз етедi.
      IҚО (Ж) тоқтату және осындай тоқтатуға байланысты iс-қимылдар туралы шешiм қабылдауды ӘК иесi мен жедел штаб басшысының ӘК-нi, оның жолаушылары мен экипажын iздестiрудi тоқтату туралы келiсiмi бойынша авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияның басшысы қабылдайды.

3-параграф. Авариялық кезең уақытындағы


Үйлестiру орталығы iс-қимылдарының тәртiбi

      93. Авариялық кезеңдегi ӘК туралы ақпаратты қабылдағаннан кейiн Үйлестiру орталығы мемлекеттiк авиация ҚҮО-мен бiрлесiп:


      1) қабылданған ақпаратты бағалайды;
      2) талап етiлетiн операцияның ауқымын айқындайды және iс-қимылдардың бастапқы жоспарын әзiрлейдi;
      3) iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда бередi.
      94. Iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда берген кезде мыналар ескерiледi:
      1) олардың орналасқан жерлерiнiң апат ауданынан алыстығы;
      2) метеорологиялық, климаттық жағдайларға, жергiлiктi жердiң бедерi мен ондағы кедергiлердiң болуына қарай авиациялық, жерүстi құралдарын қолдану мүмкiндiктерi.
      95. ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдары ӘК-нiң авариялық кезеңде екенi нақтыланған кезде Үйлестiру орталығын, мемлекеттiк авиация ҚҮО-ны хабарландырады.
      96. Егер авариялық кезеңдегi ӘК жөнiндегi ақпарат ӘҚҚ органдарынан емес, басқа ақпарат көздерiнен қабылданған болса, Үйлестiру орталығы мемлекеттiк авиация ҚҮО-мен бiрлесiп, аталған жағдайдың авариялық кезеңнiң қайсысына жататындығын айқындайды.
      97. Айқынсыздық кезеңi туындаған кезде Үйлестiру орталығы ӘҚҚ (ӘҚҰ) органдарымен және РДО-мен бiрлесiп, келiп түскен ақпаратты бағалайды.
      98. Алаңдаушылық кезеңi туындаған кезде Үйлестiру орталығы ол туралы дереу РДО-ға хабарлайды.
      РДО алаңдаушылық кезеңiнiң туындағаны туралы IҚО (Ж) басшысын тағайындау үшiн болжамды iздестiру мен құтқару ауданының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кезекшi қызметiн хабардар етедi.
      99. Апат кезеңi басталған кезде Үйлестiру орталығы:
      1) ӘК тұрған орынды анықтайды, оның тұрған орнын анықтау кезiнде болуы мүмкiн қатенiң шамасын айқындайды және осы деректердiң негiзiнде iздестiру аймағының көлемiн айқындайды;
      2) РДО-мен бiрлесiп, болжамды iздестiру мен құтқару аудандарындағы IҚО (Ж) жедел штабтар арқылы iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын шұғыл түрде iс-қимылға енгiзедi, сондай-ақ жағдайдың дамуы бағалау негiзiнде кезекшi iздестiру-құтқару ӘК-нi көтеруге команда бередi;
      3) апатқа ұшыраған ӘК пайдаланушысын хабардар етедi және операцияның барысы туралы ақпарат бередi (ол туралы ақпарат бар болса);
      4) көмегi талап етiлуi мүмкiн немесе аталған операция оған қатысты болуы мүмкiн шекаралас мемлекеттердiң iргелес аумақтарының Үйлестiру орталығына (қажет болған кезде) хабарлайды;
      5) егер авариялық жағдай туралы ақпарат басқа дереккөзден қабылданған болса, тиiстi ӘҚҚ органын хабарландырады;
      6) қолда бар ақпарат негiзiнде IҚО (Ж) өткiзу бойынша бiрiншi кезектегi iс-шаралар жоспарын құрады және оны мемлекеттiк авиация ҚҮО және РДО-мен келiседi;
      7) авиациялық оқиғаны тексерудi ұйымдастыру, ӘК тiркеу мемлекетi мен пайдаланушы мемлекетi үшiн ақпарат ұсыну үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органды хабардар етедi.
      100. Апат кезеңi туралы хабарландырудан кейiн Үйлестiру орталығы оған тартылған IҚО (Ж)-ның қатыстырылған жедел штабтарына авариялық кезеңнiң барлық жағдаяттары мен оқиғалардың әрi қарай дамуы туралы ақпараттандырады.
      101. Авариялық кезеңге қатысты кез келген ақпаратты алған IҚО (Ж) жедел штабтары оларды Үйлестiру орталығына тапсырады.
      102. Үйлестiру орталығы жауапкершiлiк аймағында авариялық кезеңдегi ӘК бар ӘҚҚ органына оны осы ӘК-ге тапсыру үшiн қабылданған iс-қимылдар туралы ақпаратты жолдайды.
      103. Айқынсыздық, алаңдаушылық және апат кезеңдерi үшiн Үйлестiру орталығы мамандары iс-қимылдарының бақылау тiзбесi Осы Қағидаға 6-қосымшада белгiленген.

4-параграф. Апатқа ұшыраған әуе кемелерiн iздестiру мен құтқаруды


ұйымдастыру кезiнде iздестiру мен құтқару ауданының IҚО (Ж) жедел
штабы iс-қимылының тәртiбi

      104. Iздестiру мен құтқару аудандарында IҚО (Ж)-ны тiкелей басқаруды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi жанында құрылған ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету жөнiндегi жауапкершiлiк аудандары-ның IҚО (Ж) жедел штабтары (бұдан әрi – Жедел штаб) жүзеге асырады.


      Жедел штаб төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi аумақтық комиссиялар құрамында құрылады.
      105. Жедел штаб өзiнiң жауапкершiлiк ауданы шегiнде IҚО (Ж) жүргiзу жоспарын әзiрлейдi. Штаб 1:1000000 (iздестiру ӘК-нiң радиотехникалық iздестiрудi жүргiзуi үшiн); 1:500000 (iздестiру ӘК-нiң көзбен шолып iздестiрудi жүргiзуi үшiн); 1:200000 (ЖIҚК-ның көзбен шолып iздестiрудi жүргiзуi үшiн) масштабтағы жауапкершiлiк ауданы карталарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
      106. Iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын басқару процесiнде жедел штаб:
      1) зардап шеккендердi тез табу және дереу көмек көрсету мақсатында барлық бөлiнген iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының iс-қимылдарын ұйымдастырады;
      2) iздестiру-құтқару ӘК-нi апат орнына бағыттайды;
      3) отын қорын, тәулiктiң жарық уақытын, сондай-ақ, метеожағдайдың нашарлауы жағдайындағы iс-қимылды ескере отырып, әрбiр iздестiру-құтқару экипажы үшiн iздестiру ауданын айқындайды.
      107. IҚО (Ж)-ны басқару кезiнде IҚО (Ж) бойынша жауапкершiлiк ауданының IҚО (Ж) штабының негiзгi мiндеттерi:
      1) iздестiру мен құтқару жүргiзу кезiнде әуе және жерүстi iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарының iс-қимылдарын тiкелей басқару;
      2) iздестiру мен құтқаруға тартылған күштер мен құралдардың үйлескен iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
      3) iздестiру мен құтқару процесiнде күштер мен құралдарды өсiрудi қамтамасыз ету болып табылады.
      108. IҚО (Ж) өткiзудi тiкелей басқаратын жедел штабтар:
      1) өздерiне бағынышты органдарға нұсқау бередi және ол нұсқаулар туралы РДО-ға хабарлайды;
      2) Үйлестiру орталығын оқиғалардың дамуы туралы ақпараттандырады;
      3) қажет болған кезде РДО арқылы iздестiру мен құтқару үшiн қосымша әуе және жерүстi iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын сұратады;
      4) РДО мен Үйлестiру орталығына күн сайын IҚО (Ж)-ның орындалу барысы туралы есеп бередi.
      109. Жедел штабтардың нұсқау беруi және ұшудағы iздестiру-құтқару ӘК-ден ақпарат қабылдауы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары немесе ӘК үйлестiрушi арқылы жүзеге асырылады.

5-параграф. Iздестiру-құтқару операцияларын (жұмыстарды) орындау


кезiнде iздестiру-құтқару әуе кемелерi экипаждарының iс-қимылдары

      110. Iздестiру-құтқару ӘК экипажы ұшып шығуға команда алысымен дереу ұшу алдындағы дайындыққа кiрiседi, оның процесiнде:


      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларының талаптарына сәйкес немесе мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен мемлекеттiк авиацияда ұшуды жүргiзу қағидаларының талаптарына сәйкес қажеттi құжаттарды және ұшу карталарын алу және ресiмдеу;
      2) ұшу ауданындағы метеожағдай мен ауа райы болжамы туралы ақпаратты алу;
      3) апатқа ұшыраған ӘК iздеу ауданын, үлгiсi мен нөмiрiн нақтылау;
      4) радиобайланыс жүргiзу тәртiбiн нақтылау;
      5) ӘК-нiң iздестiру радиоаппаратурасының даярлығын, авариялық-құтқару мүлкi мен жарақтарының бар болуы мен жай-күйiн нақтылау;
      6) ПДҚТ мiндеттерiн және ПДҚТ-мен өзара iс-қимыл тәртiбiн және экипаждағы мiндеттердi нақтылау;
      7) ұшып шығуға даярлығы туралы хабарлау қажет.
      111. Шұғыл түрде ұшып шығу кезiнде кезекшi iздестiру-құтқару экипаждары ҰНҚ 139-тармағына сәйкес iздестiруге ұшып шыға алады. Бұл ретте iздестiруге мiндеттер қою, апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК мен экипаж туралы, метеожағдай, ұшу бағыты мен биiктiгi, әуе және жерүстi iздестiру-құтқару күштерiмен өзара iс-қимыл тәртiбi туралы деректердi нақтылау және басқа ақпаратты тарату экипаж ұшып көтерiлгеннен кейiн радио арқылы жүзеге асырылады.
      112. Iздестiру-құтқару экипаждарының бұдан кейiнгi ұшып шығуын ұйымдастыру кезiнде мiндеттер қоюды, мүмкiндiгiнше, ұшып шығу алдында ӘК үйлестiрушiсi арқылы IҚО (Ж) басшысы жүргiзедi, ал ұшу алдындағы дайындық процесiнде көзбен шолып iздестiру үшiн iздестiру ауданын жан-жақты зерделей отырып, ұшу карталары қосымша дайындалады.
      113. Iздестiру-құтқару ӘК ұшуына диспетчерлiк қызмет көрсетудi ӘК ұшып бара жатқан жауапкершiлiк ауданындағы ӘҚҚ органы жүзеге асырады, ал бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде ұшу кезiнде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету қамтамасыз етiледi.
      114. ӘҚҚ органы IҚО (Ж) басшысын немесе ӘК үйлестiрушiсiн iздестiру экипаждарының ұшып шығуы және жұмысы туралы хабардар етедi.
      115. Ұшып көтерiлу және берiлген биiктiкке жеткеннен кейiн iздестiру-құтқару ӘК экипажы:
      1) iздестiру аппаратурасының борттық кешенiн iске қосады (бар болса);
      2) ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен радиобайланысты тоқтатпай тұрып, тыңдау үшiн байланыстың авариялық арнасын iске қосады;
      3) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчерiне нұсқаулықта айтылған уақыттық мерзiмде, бiрақ 15 минуттан сиретпей iздестiру нәтижелерi туралы баяндайды.
      116. Iздестiру ауданына шығу барлық навигация құралдарын кешендi пайдалана отырып, сондай-ақ:
      1) авариялық радиостанцияның жұмысы кезiнде – iздестiрудiң радиотехникалық құралдарының көмегiмен;
      2) апатқа ұшырағандармен радиобайланыс бар болған кезде – олардың нұсқауы бойынша;
      3) апат орнында басқа ӘК бар болған кезде – оның нұсқауы бойынша;
      4) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының командалары бойынша жүзеге асырылады.
      117. Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық құралдарды қолданумен iздестiру негiзгi iздестiру әдiсi болып табылады. Апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК-нi радиотехникалық iздестiрудi орындау әдiстемесi осы Қағидаларға 7-қосымшаның 2-бөлiмiнде келтiрiледi.
      118. Iздестiру-құтқару ӘК-нiң авариялық радиомаяктан (радиобуй) ұшып өту уақыты мен орны туралы экипаж өзi байланыста болған ӘҚҚ органына баяндайды және апатқа ұшырағандарды көзбен шолып табу үшiн төмендеуге рұқсат берудi сұрайды.
      119. Егер радиотехникалық iздестiрудiң нәтижесiнде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, IҚО (Ж) басшысының шешiмi бойынша көзбен шолып iздестiру жүргiзiледi. Iздестiрудiң қолданылған әдiсiне (радиотехникалық немесе көзбен шолу) қарамастан, iздестiрудiң алғашқы екi күнiнде ұшу борттық iздестiру аппаратурасының iске қосылған кешенiмен орындалады (бар болса).
      120. Көзбен шолып iздестiру көзбен шолып iздестiру палеткаларын пайдалана отырып, берiлген квадраттар бойынша жүзеге асырылады. Iздестiру ауданын квадраттарға бөлудi IҚО (Ж) басшысы немесе ӘК үйлестiрушiсi жүзеге асырады. Iздестiру ауданын квадрат бойынша зерттеудiң кезектiлiгi iздестiру-құтқару әуе кемесiнiң экипажына ұшу алдында немесе ұшып шыққаннан кейiн радиобайланыс арналары арқылы көрсетiледi.
      Көзбен шолып iздестiрудi орындау әдiстемесi осы Қағидаларға 7-қосымшаның 4-бөлiмiнде келтiрiлген.
      121. Көзбен шолып iздестiру кезiнде экипаж құрамына бақылаушылар кiредi. Iздестiру-құтқару ӘК-нiң командирi әрбiр экипаж мүшесi мен бақылаушыға ұшып өтетiн жердi қарау секторларын айқындайды.
      122. Iздестiру-құтқару ӘК-нiң радиотехникалық iздестiру кезiндегi ұшу биiктiгi мынадай шектерде тағайындалады:
      1) В және С санатты ұшақтар үшiн – 3000-8100 м.;
      2) А санатты тiкұшақтар мен ұшақтар үшiн – 1200-2100 м.
      123. Iздестiру-құтқару ӘК-нiң көзбен шолып iздестiру кезiндегi ұшу биiктiгi мынадай шектерде тағайындалады:
      1) В және С санатты ұшақтар үшiн – жергiлiктi жер бедерiнiң үстiнен 500-600 м.;
      2) А санатты тiкұшақтар мен ұшақтар үшiн – жергiлiктi жер бедерiнiң үстiнен 100-300 м.
      124. Ашық ауа райы кезiнде жергiлiктi жердегi объектiлердi көзбен шолып табудың қашықтығы осы Қағидаларға 8-қосымшада келтiрiлген.
      125. Көзбен шолып iздестiру кезiнде бүйiрлiк жолақтарды 25 % жаба отырып, берiлген iздестiру ауданын тұтас қарап шығу қамтамасыз етiледi. Осы мақсатта галстардың арасында мынадай қашықтықты ұстану қажет:
      1) қиылысқан жергiлiктi жер үстiнде - 0,5 шақырым;
      2) орман үстiнде - 1 шақырым;
      3) қалың орман үстiнде - 0,5 шақырым;
      4) ашық жер үстiнде - 2 шақырым.
      Галстардың ұсынылатын ұзындығы - 10-20 шақырым.
      126. Қиылысқан жергiлiктi жер үстiнен және қалың орманның үстiнен көзбен шолып iздестiрудi бастау алдында немесе радиоiздестiру процесiнде өрт ошақтарын, түтiндердi немесе болуы мүмкiн апат орнының басқа да белгiлерiн табу мақсатында iздестiру ауданын жалпы қарап шығуды қамтамасыз ететiн жоғары биiктiкте шолып ұшу орындалады.
      127. Тауда iздестiру ұшуын орындау кезiнде шатқалдар, аңғарлар, тау өзендерi қаралады. Тау шыңдары мен бөктерлерiн қарау барлық жағынан (көлденеңiнен) жүргiзiледi.
      128. Апатқа ұшырағандармен байланыс орнатылған кезде iздестiру-құтқару ӘК экипажы олардан апат орны мен сипаты, физикалық жай-күйi және қажеттi көмек туралы сұрайды, сигналдық немесе қолда бар құралдармен өзi туралы белгi бере отырып, авариялық радиостанцияны «Маяк» режимiне қосуға команда бередi.
      129. Апат орны анықталған кезде iздестiру-құтқару ӘК экипажына:
      1) апат орнының координаталарын айқындау және картаға түсiру;
      2) ӘК бортындағы құралдардың көмегiмен апат орнын белгiлеу (мүмкiндiгiнше);
      3) радиомен немесе ӘК-нiң эволюцияларымен апатқа ұшырағандарға олардың табылғандығы туралы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес хабарлау;
      4) апатқа ұшырағандарға жедел көмек қажет, ал қонуды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, ПДҚТ, авариялық-құтқару мүлкi мен жарақтарын түсiру;
      5) басқа iздестiру-құтқару күштерi мен құралдарын бағыттауды қамтамасыз ету;
      6) егер отын қоры мүмкiндiк берсе, ауыстырғанға немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчерi апат ауданынан кету туралы нұсқау бергенге дейiн апат ауданының үстiнен ұшуды жалғастыру қажет.
      130. Су бетiнде апатқа ұшыраған жолаушылар немесе ӘК экипажын тапқан кезде iздестiру-құтқару ӘК экипажы түтiн, суды бояйтын маркерлер, жүзiп жүрген белгiлер немесе ӘК бортында бар басқа құралдардың көмегiмен апат орнын белгiлеудi жүргiзедi.
      131. Iздестiру-құтқару ӘК-нiң экипажы апат орнын тапқан кезде радиобайланыс арналары арқылы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчерiне:
      1) UTC бойынша сағатта және минутта анықталған уақытты, апат ауданының координаталарын;
      2) ӘК-нiң жай-күйi мен жағдайын, авариялық ӘК-ден эвакуцияланған жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң болуын және көрiнетiн жағдайын;
      3) радиобайланыс арналары бойынша апатқа ұшырағандарға жiберiлген ақпаратты;
      4) апат ауданындағы ауа райын;
      5) жергiлiктi жер бедерiнiң бағасын және апатқа ұшыраған ӘК мен адамдар тұрған жер (су) бетiнiң жай-күйiн (теңiз толқынын, мұз жағдайын);
      6) қозғалу құралдарын (су, темiржол, автокөлiк, жегiн көлiк) пайдалану мүмкiндiгiн;
      7) апатқа ұшырағандарға көмек көрсету үшiн қабылданған iс-қимылдарды хабарлайды.

6-параграф. Iздестiру-құтқару әуе кемелерi экипаждарының апатқа


ұшырағандарға көмек көрсету және эвакуациялау бойынша iс-қимылдары

      132. Iздестiру-құтқару ӘК экипажы қону үшiн алаңды таңдап, оның координаттарын ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчерiне хабарлайды. Қонғаннан кейiн ол туралы баяндайды және апатқа ұшырағандарды эвакуациялау бойынша өз iс-қимылдарын IҚО (Ж) басшысымен келiседi.


      IҚО (Ж) басшысымен радиобайланыс болмаған кезде ӘК командирi апатқа ұшырағандардың қону және эвакуациялау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық факторларды ескере отырып, апатқа ұшырағандарды эвакуациялау тәсiлiн дербес таңдайды.
      Қону үшiн алаң таңдау және оны орындау Қазақтан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларының және ӘК-нi ұшу кезiнде пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қонуды орындау мүмкiн болмаған кезде iздестiру-құтқару ӘК командирi ПДҚТ-ны парашюттiк тәсiлмен жерге түсiредi немесе оларды iлiнiп тұру режимiнен түсiру құрылғысының немесе шығырдың көмегiмен тiкұшақтан түсiредi.
      133. Қонғаннан кейiн iздестiру-құтқару ӘК командирi бiрiншi кезекте зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi және алғашқы медициналық көмек көрсетудi және оларды жақын әуежайға немесе медициналық мекемеге эвакуациялауды ұйымдастырады.
      Дәрiгерге дейiнгi немесе алғашқы медициналық көмек апат орнында өзiне-өзi және өзара көмек ретiнде көрсетiледi. Дәрiгерге дейiнгi немесе алғашқы медициналық көмектi тiкелей апат орнында ПДҚТ, ЖIҚК құрамына кiретiн медициналық персонал көрсетедi, ал оны көрсету мүмкiн болмаған жағдайда, жақын медициналық мекемелерде көрсетiледi.
      Зардап шеккендердi эвакуациялау кезектiгi мен тасымалдау түрiн апат орнында медициналық персонал айқындайды, бұл ретте радио арқылы мамандардан консультация алу мүмкiндiгi қолданылады.
      134. Апатқа ұшыраған ӘК-де өрт болған кезде iздестiру-құтқару ӘК экипажы қонғаннан кейiн ПДҚТ-мен бiрлесiп адамдарды, бiрiншi кезекте жарақат алғандарды ӘК-ден эвакуациялауға дереу кiрiседi және бiр уақытта өрттiң алдын алу шараларын қабылдайды.
      ПДҚТ есебiнiң жетекшiсi немесе iздестiру-құтқару ӘК-нiң командирi экипаж мүшелерi мен құтқарушылар арасында мiндеттердi бөле отырып, эвакуацияны басқарады. Өрттi сөндiру үшiн iздестiру-құтқару ӘК бортындағы құралдарды, сондай-ақ қолда бар құралдарды (су, құм, топырақ және т с.с.) барынша қолдану қажет. Мүмкiн болса, жергiлiктi тұрғындарды қатыстыру керек.
      135. Iздестiру-құтқару ӘК экипаждары мен ПДҚТ, ЖIҚК мүшелерi әуе кемесiндегi авариялық люктер мен шығатын жерлердi және фюзеляжды ашатын орынды бiлуi керек.
      136. Апатқа ұшырағандарды тiкұшақ бортына тартып көтеру әдетте құтқарушының көмегiмен iлiнiп тұру режимiнде жүргiзiледi.
      137. Суда апатқа ұшыраған ӘК экипажы немесе жолаушылары табылған кезде iздестiру-құтқару ӘК экипажы:
      1) қажет болған кезде, апатқа ұшырағандарға жүзетiн апаттық-құтқару құралдары мен басқа мүлкi бар төсемдi лақтырады;
      2) апатқа ұшырағандарды ӘК бортына көтеру және эвакуациялау мүмкiндiгiн бағалайды.
      138. Ұшақтардан жерге түсiру парашюттiк тәсiлiн, ал тiкұшақтан төмендегi тәсiлдердiң бiрiн қолданумен орындалады:
      1) парашюттiк тәсiлiмен;
      2) парашютсiз жерге түсу;
      3) түсiру құрылғысының немесе электр шығырдың көмегiмен тiкұшақ тоқтап тұрған режимде.
      139. Адамдарды су бетiнен тiкұшақ бортына көтеру құтқарушылардың көмегiмен жүзеге асырылады. Суға құтқарушыларды түсiру мүмкiн болмаған жағдайда тiкұшақ командирi зардап шеккендердi орналастыру және әрi қарай бортқа көтеру үшiн оларды шөмiш-себет немесе басқа құрылғыны судағы немесе жақын жердегi адамдарға келтiру не жақындату тәсiлiмен көтеру туралы дербес шешiм қабылдай алады.
      140. Тiкұшақтағы құтқарушыларды суға түсiру алдында зардап шеккендерге жүзетiн құралдар (үрмелi қайықтар, сал және т.б.) лақтырады, ал құтқарушылар гидрокостюм немесе құтқару белдiктерiн киедi.
      141. Су үстiнде тоқтата тұру үшiн тоқтатуды орындауды гидрометеожағдайды ескере отырып және Тiкұшақты ұшу кезiнде пайдалану басшылығының ұсынымдарына сәйкес тiкұшақ командирi жүзеге асырады.
      142. Зардап шеккендердi эвакуациялау кезектiлiгiн ПДҚТ құрамындағы медицина қызметкерiнiң баяндауы бойынша ПДҚТ жетекшiсi немесе iздестiру-құтқару ӘК командирi айқындайды.
      143. ПДҚТ-ны жерге түсiру, апатқа ұшырағандарды қону тәсiлiмен немесе iлiнiп тұру режимiмен эвакуациялау мүмкiн болмаған жағдайда, адамдардың тiрi қалуын қамтамасыз ету үшiн апаттық-құтқару жарақтары мен арнайы жүктерi бар салынған төсемдi лақтырады.
      144. Корабльдердi, кемелердi апат ауданына бағыттау радио арқылы, ал радиобайланыс жоқ кезде – орнатылған көзбен шолу сигналдары арқылы iздестiру-құтқару ӘК экипажы жүзеге асырады.
      145. Егер апатқа ұшыраған ӘК суға батып кеткен болса, онда iздестiру-құтқару ӘК командирi суға бату орнын белгiлеу немесе осы жердi сипатты бағдармен байланыстыру (торауылдау) үшiн барынша мүмкiн болатын дәлдiкпен буй, радио немесе радиолокациялық маяк немесе бортта бар басқа құралдарды тастайды.
      ӘК суға батқан және таңбалау құралдары тасталған орын туралы экипаж командирi ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчерiне хабарлайды және кейiнгi iс-қимыл туралы нұсқау алғанға дейiн объектi үстiнен ұшуды жалғастырады.
      146. IҚО (Ж) орындалғаннан кейiн iздестiру-құтқару ӘК командирi нәтижелер туралы IҚЖ басшысына немесе ӘК үйлестiрушiсiне баяндайды.
      IҚО (Ж) басшысының нұсқауы бойынша баяндама жазбаша нысанда берiледi.

7-параграф. Апат туралы хабарламаны қабылдаған әуе кемесi


командирiнiң әрекет ету тәртiбi

      147. Егер ӘК командирi басқа ӘК-нiң апатқа ұшырағанын анықтаса, ол (өзi басқарып отырған ӘК-нiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жағдайларды қоспағанда):


      1) оның әуе кемесi оқиға орнынан кетуге мәжбүр болғанша немесе Үйлестiру орталығының нұсқауына сәйкес ӘҚҚ органы оның қажетi жоқ екендiгi туралы хабарлағанға дейiн апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нi бақылауды жүргiзедi;
      2) апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нiң орналасқан жерiн анықтайды;
      3) мүмкiндiгiнше ӘҚҚ органына мына мәлiметтердi хабарлайды:
      апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК үлгiсiн, тану белгiлерiн және жай-күйiн;
      географиялық координаттарда немесе тор координаттарында немесе радионавигациялық құрал орналасқан жердегi белгiлi болған жерүстi бағдары немесе пункттегi арақашықтық пен шынайы пеленгте көрсетiлген оның орналасқан орнын;
      Дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақыттың (UTC) сағаты және минуттарымен көрсетiлген бақылау уақыты;
      байқалған адамдардың саны;
      адамдардың апатқа ұшыру жағдайындағы әуе кемесiнен кету фактiсi;
      оқиға орнындағы метеожағдайлар;
      тiрi қалғандардың сыртқы физикалық жай-күйi;
      оқиға орнына қолжетiмдiлiктiң оңтайлы, айқын жерүстi бағыты.
      148. Егер оқиға орнына iздестiрушi-құтқарушы емес ӘК бiрiншi болып келсе, оқиға орнына алғашқы iздестiрушi-құтқарушы ӘК келiп жеткенге дейiн ол өзiнен кейiн келген барлық басқа ӘК-нiң iс-қимылдарына басшылық жасауы керек. Егер осы кезеңде осындай ӘК ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланыс орната алмаса, ол өзара келiсу негiзiнде, алғашқы iздестiрушi-құтқарушы ӘК келiп жеткенге дейiн iс-қимылдарды басқару жауапкершiлiгiн осындай байланысты орната және жүргiзе алатын басқа ӘК-ге тапсырады.
      149. Жерден сигнал берiлген кезде ӘК осы сигналды түсiнгендiгiн немесе түсiнбегендiгiн немесе егер бұл iс жүзiнде жүзеге асырылмайтын болса, тиiстi көзбен шолу сигналының көмегiмен көрсетедi.
      150. ӘК командирi апат туралы хабарды қабылдаған кезде мүмкiндiгiне қарай:
      1) егер ол хабарланса, апатқа ұшыраған ӘК-нiң орналасқан жерiн белгiлейдi;
      2) мүмкiн болса, таратушы радиостанцияның пеленгiсiн анықтайды;
      3) ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчерiне радиобайланыс арналары арқылы апат туралы хабардың қабылданғандығын айтады;
      4) өз әуе кемесiнiң жай-күйi мен отын қорын ескере отырып, апат туралы хабарламада көрсетiлген жерге бағыт алады;
      5) барлық қабылданған мәлiметтердi тарата отырып, ӘҚҚ (ӘҚБ) органын хабарламаны қабылданғаны туралы ақпараттандырады.
      151. Су үстiндегi кеменi апат орнына бағыттау қажет болған жағдайда, ӘК иелiгiнде бар кез келген құралдың көмегiмен, қажет болған кезде, маневр қолдана отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нақты нұсқаулар бередi.
      152. Әуе кемесi тiрi қалғандарға немесе ЖIҚК-ге қандай да бiр ақпаратты беру қажет болған жағдайда және бұл ретте екi жақты байланыс жоқ болса, iс жүзiнде жүзеге асырылған жағдайда радиобайланыс орнату үшiн авариялық радиостанцияларды лақтырады немесе осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ақпарат таратады.
      153. «Әуе - жер бетi» және «жер бетi - әуе» көзбен шолу сигналдарын қолдану кезiнде сипаттамаға сәйкес мәнi болады. Олар көрсетiлген мақсаттар үшiн ғана қолданылады және бұл ретте шатастыруы мүмкiн басқа сигналдар қолданылмайды.
      154. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес сигналдар анықталған кезде ӘК осы қосымшада келтiрiлген сигналдардың мәнiне сәйкес қажеттi әрекет етедi.

8-параграф. Қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара


iс-қимыл жасау

      155. Апатқа ұшырау жағдайындағы (апатқа ұшыраған) ӘК жолаушылары және экипаж мүшелерiнiң туыстарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету үшiн IҚО (Ж) басшысы өкiл тағайындайды.


      156. Өкiл IҚО (Ж) жүргiзу барысы туралы мынадай ақпарат түрiнде жүйелi түрде ақпараттандыруды қамтамасыз етедi:
      1) IҚО (Ж) жүргiзудiң жалпы себептерi;
      2) апатқа ұшыраған ӘК үлгiсi;
      3) ӘК иесiнiң/пайдаланушысының атауы (тегi) (тек әуе кемесi иесi/пайдаланушысының ақпараттандыруынан және одан рұқсат алғаннан кейiн ғана);
      4) рейстiң нөмiрi (тек әуе кемесi иесi/пайдаланушысының ақпараттандыруынан және одан рұқсат алғаннан кейiн ғана);
      5) ӘК бортындағы адамдардың саны;
      6) iздестiрудiң жалпы ауданы;
      7) iздестiруге жұмылдырылған ӘК саны мен үлгiсi, ұшу сағатының саны;
      8) жерүстi iздестiру жөнiндегi iс-шаралар (қажет болған кезде);
      9) iздестiруге қатысып жатқан басқа уәкiлеттi органдар туралы толық мәлiмет;
      10) жақын туыстары ақпарат алу үшiн байланыс телефонының нөмiрi;
      11) қосымша ақпарат алу үшiн байланыс телефонының нөмiрi;
      12) бұқаралық ақпарат құралдары үшiн байланыс телефонының нөмiрi.
      157. Өкiл келiп түскен ақпаратты жаңартып отыру үшiн IҚО (Ж) басшысымен және Үйлестiру орталығымен тiкелей байланыста болуы қажет.
      158. Тексеру процесiнде зиян келтiруге жол бермеу үшiн тағайындалған өкiл бөгде адамдармен талқылаудан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары үшiн сұхбат барысында оқиғалардың себептерi немесе оның алдын алудың мүмкiн әдiстерi туралы өз пiкiрiн немесе болжамын бiлдiруден аулақ болуы керек.
      159. Азаматтық тұлғалардың арасынан қайтыс болғандардың тегi, оған туыстарының келiсiмi алынбағанға дейiн жария етiлмеуi керек.
      Туыстарына хабарлағанша қаза тапқан, тiрi қалған және жарақат алғандар саны туралы мәлiметтер ашылады. Әскери қызметшiлер арасынан қаза тапқандардың тектерi олар қарасты әскери бөлiм басшысының нұсқауы бойынша ғана жарияланады.
      160. Тiрi қалғандардың тектерi оларды нақты сәйкестендiргенге дейiн жарияланбауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет