"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды



бет1/5
Дата20.06.2016
өлшемі299 Kb.
#149325
  1   2   3   4   5
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 279 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қыркүйектегі № 1034 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 279 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін жүз тоқсан екінші, жүз тоқсан үшінші, жүз тоқсан төртінші, жүз тоқсан бесінші, жүз тоқсан алтыншы, жүз тоқсан жетінші, жүз тоқсан сегізінші, жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші, екі жүз төртінші, екі жүз бесінші, екі жүз алтыншы, екі жүз жетінші, екі жүз сегізінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші, екі жүз он бесінші, екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырмасыншы, екі жүз жиырма бірінші, екі жүз жиырма екінші, екі жүз жиырма үшінші, екі жүз жиырма төртінші, екі жүз жиырма бесінші, екі жүз жиырма алтыншы, екі жүз жиырма жетінші, екі жүз жиырма сегізінші, екі жүз жиырма тоғызыншы, екі жүз отызыншы,екі жүз қырық жетінші, екі жүз қырық сегізінші, екі жүз қырық тоғызыншы, екі жүз елуінші, екі жүз елу бірінші, екі жүз елу екінші, екі жүз елу үшінші, екі жүз елу төртінші, екі жүз елу бесінші, екі жүз елу алтыншы, екі жүз елу жетінші, екі жүз елу сегізінші, екі жүз елу тоғызыншы, екі жүз алпысыншы, екі жүз алпыс бірінші, екі жүз алпыс екінші, екі жүз алпыс үшінші, екі жүз алпыс төртінші, екі жүз алпыс бесінші, екі жүз алпыс алтыншы, екі жүз алпыс жетінші, екі жүз алпыс сегізінші, екі жүз алпыс тоғызыншы, екі жүз жетпісінші, екі жүз жетпіс бірінші, екі жүз жетпіс екінші, екі жүз жетпіс үшінші, екі жүз жетпіс төртінші, екі жүз жетпіс бесінші, екі жүз жетпіс алтыншы, екі жүз жетпіс жетінші, екі жүз жетпіс сегізінші, екі жүз жетпіс тоғызыншы, екі жүз сексенінші, екі жүз сексен бірінші және екі жүз сексен екінші абзацтарын қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, төрт жүз отыз алтыншы, төрт жүз отыз жетінші, төрт жүз отыз сегізінші, төрт жүз отыз тоғызыншы, төрт жүз қырық, төрт жүз қырық төртінші, төрт жүз қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».


      2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  



      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2014 жылғы

31 наурыздағы

№ 279 қаулысымен

бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында:

«Кіріспе» деген 2-бөлімде:


төртінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері орындайтын болады.»; он бесінші бөлікте:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыстық деңгейде (астана, республикалық маңызы бар қала)/өңірлік деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;»;
«Міндеттер» деген 4.3-бөлімде:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны Уәкілетті органмен келіседі.»;
«Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау»:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жобалар бойынша субсидиялау/кепілдік беру экономиканың басым секторлары шеңберінде (Бағдарламада көзделген) жүзеге асырылады.
Моноқалаларда, шағын қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде жобалар бойынша субсидиялау/кепілдік беру салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.»;
«Банктердің/Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/Қаржы лизингінің шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауда»:
«Сыйақы ставкасын субсидиялау шарттарында»:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экономиканың басым секторларында сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»;
«Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігінің» алдынан мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Салалық шектеулерсіз сыйақы ставкасын субсидиялау шарттары»:
1. Банктер/Лизингтік компаниялар ұсынатын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау моноқалаларда, шағын
қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы елді мекендерде, осы Бағдарламада белгіленген жағдайларды қоспағанда, экономиканың кез келген секторларында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
2. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
3. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір Кәсіпкер үшін 750000000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден аспайды.
4. Пайыздық ставканы субсидиялау номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредит/лизинг бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте Банктер/Лизингтік
компаниялар мыналарды:
1) Кәсіпкер бастамашылық жасайтын кредит беру шартының/Қаржы лизингі шартының өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкер кредит/Қаржы лизингінің шарты бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндіріп алынатындарды;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг нысанасын сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
4) Қаржы лизингінің шартын (кедендік тазалау, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің қызметтері және т.б. сияқты тысқары ұйымдардың көрсететін қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты жағдайларды қоспағанда, кредитке/Қаржы лизингі шартына байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
5. Егер кредит бойынша сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, 10 %-ға мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
6. Кредиттер/Қаржы лизингінің шарттары бойынша субсидиялау мерзімі 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше Субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі Қаржы агенті бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
7. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі Қаржы агентінің қайта қаржыландыру жүзеге асырылған Кредитор банктер/Лизингтік компанияда бірінші Субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
8. 3 (үш) жыл өткеннен кейін Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған кезде ғана Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады.
9. Лизинг бойынша субсидиялау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.»;
«Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тетігінде»:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«3. Өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімімен жобаны одан әрі ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жобаны жіберетін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.
Астана мен Алматы қалаларында өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімімен жобаны ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.
Кәсіпкерлердің құжаттары қабылданып, субсидиялау үшін бөлінген қаражат шегінде ғана ӨҮК қарауына шығарылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамадан үзіндіні Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға және Қаржы агентіне жібереді.»;
«Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беруде»:
«Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттарында»:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«2. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің (кредиттердің) сомасы экономиканың басым секторлары (Бағдарламада көзделген) іске асырылатын Жоба (-лар) бойынша бір Кәсіпкер үшін 300 млн. теңгеден аспауы тиіс. Экономиканың басым емес секторларында іске асырылатын Жоба (-лар) бойынша кредиттің (кредиттердің) сомасы бір Кәсіпкер үшін 150 млн. теңгеден аспауы тиіс.
Бір Кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (кредиттері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.»;
«Банктердің/Даму Банкінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігінде»:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банктен/Даму Банкінен хат алғаннан кейін өтінім беруші Банктің/Даму Банкінің хатын және қажетті кепілдік мөлшерінің есебін қоса отырып, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.
Бұл ретте, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі жобаны одан әрі ӨҮК шығару үшін жобаны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.»;
6-тармақ алынып тасталсын;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, Қаржы агентіне және тиісті Банктерге/Даму Банкіне жібереді, сондай-ақ өтінім берушіні жобаның ӨҮК-де қаралу нәтижелері туралы хабардар етеді.
9. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік берудің келісілгені туралы ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін алғаннан кейін, Қаржы агенті Банкке/Даму Банкіне алдын ала кепілдік хат жібереді.
10. Банк/Даму Банкі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын/ӨҮК хаттамасының үзіндісін және Қаржы агентінен алдын ала кепілдік хат алғаннан кейін, өтінім берушімен кредит шартын, кепіл (кепілдер) шартын (шарттарын) жасасады, олардың көшірмелерін Қаржы агентіне жібереді.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында Қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі кәсіпкерлердің тиісті құжаттарымен қоса өтінімдерін алғаннан кейін, жобаларды одан әрі ӨҮК шығару үшін оларды Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді.
Астана және Алматы қалаларында өтінім беруші жобаны одан әрі ӨҮК шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жобаларды жасалған кепілдік шарттары бойынша Қаржы агентіне төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана ӨҮК қарауына шығарады.»;
«Гранттық қаржыландыруда:
«Гранттар беру шарттарында»:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Грант қаражатын мемлекет кәсіпкерлерді іріктеу бойынша нысаналы гранттар ұсынуға өткізілген конкурс қорытындылары бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы ұсынады. Бұл ретте Бағдарлама және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.»;
«Гранттар ұсыну тетігінде»:
8-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделген сәттен бастап:»;
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігінде»:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді.
2. Бағдарламаны жергілікті үйлестірушісі қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі жобаларды одан әрі ӨҮК-ге шығару үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне беріледі.»
«Индустриялық аймақтарды дамыту» деген бөлімде:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық аймақтың аумағының шекарасына дейін және ішінде инфрақұрылымды жеткізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырған жағдайда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен іске асырылатын болады.»;
бесінші бөлік алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
Индустриялық аймақтар операторының функцияларына мыналар жатады:
1) индустриялық аймақтарды дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлеу;
2) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
3) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және
индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
4) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалдауға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалдауға (қосалқы жалдауға) беру;
5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарын орындау мониторингі;
6) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компаниялар, соның ішінде жергілікті және шетелдік тысқары ұйымдарды тарта отырып, құра алады.»;
«Үшінші бағыт: «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес 4 және 5-санаттағы «үмітсіз» немесе «күмәнді» деп жіктелгендерді қоспағанда, кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне сауалнама-өтініш берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар;»;
«Үшінші бағытты іске асыру тетігінде»:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне сауалнама-өтініш бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасының бар екенін растайтын ақпарат пен құжаттарды қоса бере отырып, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның сыйақы ставкасын субсидиялауға өтініш береді.
2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі кәсіпкерлердің жобаларын алдын ала қарағаннан кейін тиісті құжаттармен жобаларды және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне субсидиялауға өтініш берген кәсіпкерлердің тізімдерін одан әрі ӨҮК-нің қарауына шығару үшін жібереді.
Кәсіпкерлердің құжаттары ӨҮК қарауына тек субсидиялауға арналған қаражат шегінде ғана қабылданады және ұсынылады.»;
«Төртінші бағыт «Кәсіпкердің әлеуетін күшейту»:
бірінші, екінші үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Төртінші бағыт халықты кәсіпкерлік қызметке тартуды, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруды және өндірістерді жаңғырту мен бизнесті басқарудың қазіргі заманғы үлгілерін енгізу мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған шағын және орта бизнеске (бұдан әрі - ШОБ) мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсету:
1) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастырудан;
2) кәсіпкерлік әлеуеті бар адамдарды және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді «Бизнес-кеңесші» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан;
3) Жұмыс істейтін кәсіпкерлерді «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқытудан;
4) «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы (бұдан әрі - «ЖКМ» жобасы) шеңберінде жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан;
5) жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдаудан;
6) шағын және орта бизнестің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын консультациялық жобаларды (бұдан әрі - ВАS Бағдарламасы) іске асыруда қолдаудан;
7) шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқытудан;
8) шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар (бұдан әрі - «Іскерлік байланыстар» жобасы») орнатуды қолдаудан;
9) технологиялар мен басқарудың жаңа әдістерін енгізу саласында басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттырудан (бұдан әрі - «Аға сеньорлар» құрамдауышы);
10) «Бизнес-Насихат» жобасы шеңберіңде кәсіпкерлікті насихаттаудан;
11) ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі серіктестік бағдарламаларды іске асырудан тұрады.
Экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнестің әлеуетті және жұмыс істейтін кәсіпкерлері Бағдарламаға қатысушылар бола алады.
Бизнес-инкубаторларды дамытуды, жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды, ВАS бағдарламасын, ірі компаниялардың айналасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі серіктестік бағдарламаларды іске асыруды қоспағанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Оператор) осы бағыт бойынша Бағдарлама операторы болып табылады.»;
төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
«Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру»;
алтыншы бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалаларындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары құрылады.»;
«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі - КҚКО) құру және оның жұмыс істеуінде»:
төртінші бөлікте:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
4) «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары шеңберінде оқыту;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну.»;
«КҚКО қызметтерін ұсыну тетігінде» 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Бизнес-Кеңесші», «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Бизнес-Кеңесші», «Жас кәсіпкер мектебі» атты оқыту жобаларын іске асыру тетіктерімен айқындалады.
4. Жұмыс істейтін бизнесті жүргізу мен дамытудың функционалдық бағыттарының ерекшелігіне оқыту «Бизнес-Өсу» жобасын іске асыру тетігімен айқындалады.
«Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын (бұдан әрі - КҚО) құру және оның жұмыс істеуінде»:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«КҚО бизнес-инкубаторлар негізінде тегін орналасады. Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында бизнес-инкубаторлар болмаған жағдайда, КҚО тегін негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе әкімдіктер ұсынған үй-жайларда орналасады.»;
«Бизнес-инкубаторлар құруда»:
үшінші бөлік алынып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация немесе жергілікті атқарушы органдар немесе моноқалалар мен шағын қалаларда кәсіпорындар ұсынған алаңдар базасында құрылады. Бизнес-инкубатордағы үй-жайды/алаңды жалдау мерзімі кәсіпкерліктің әрбір субъектісі үшін үш жылдан аспайды.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (бұдан әрі - ӘКК) Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту операторы болып табылады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) бизнес-инкубаторды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу;
2) бизнес-инкубаторға қатысушыларды тарту;
3) инвестициялар тарту және бизнес-инкубатор қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу;
4) бизнес-инкубатор үй-жайларын жалдауға (қосалқы жалдауға) беру;
5) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, бұзу және олардың талаптарын орындау мониторингі;
6) бизнес-инкубатор қызметін қамтамасыз ету және қолдау.
Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту бойынша ӘКК операторлық қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
«Бизнес-Кеңесші-І» жобасының» алдынан мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
«Бизнес-Кеңесші» жобасы»
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-Кеңесші» жобасы Оператордың көрсетілетін қызметтерінің стандартталған топтамасын ұсынуын көздейді, ол мыналарды қамтиды:»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттардың стандартты топтамалары «Бизнес-Кеңесші» жобасының шеңберінде оқыту барысында да, сол сияқты жеке сұрау негізінде де қағаз және/немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын болады.»;
«Бизнес-Кеңесші-І» жобасын іске асыру шарттарында»:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру шарттары»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-Кеңесші» жобасын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.»;
«Бизнес-Кеңесші-І» жобасын іске асыру тетігінде»:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыру тетігі»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Операторға жергілікті телеарналарда кәсіпкерлік бастамасы бар халықты және кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша тегін курстар туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабардар ететін «Бизнес-Кеңесші» жобасы жөніндегі бейнероликті және жергілікті телеарналарда жүгіртпе жолдағы хабарландыру түрінде ақпаратты тегін негізде орналастыруға жәрдем көрсетеді.»;
«Бизнес-Кеңесші-IІ» жобасының» алдынан мынадай мазмұндағы тақырыппен толықтырылсын:
«Бизнес-Өсу» жобасы»;
«Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасында»:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-Өсу» жобасы» Оператордың көрсететін қызметтерінің стандартталған топтамасын ұсынуымен кәсіпкерлерді оқытуды көздейді, ол мыналарды қамтиды:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Оқу материалдары мен құжаттардың стандартты топтамалары «Бизнес-Өсу» жобасы шеңберінде оқу барысында қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде ұсынылатын болады.»;
«Бизнес-Кеңесші-ІІ» жобасын іске асыру шарттарында»:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет