§ 4. Газды тұтынушылар және оларды орнатуға арналған үй-жайлар
2669. Кемеде орнатылатын барлық газды тұтынушылар, техникалық бақылауға құқықты органмен мақыұлданған типті болу қажет.
2670. Газды тұтынушылар, егер жанарғы отыны сөніп қалған жағдайда газ беруді автоматты тоқтатын құрылғымен жабдықталуы қажет. Су қыздырғыштарда бұл құрылғының бақылау жалыны болуы тиіс.
Суқыздырғыштар жану өнімдерін бөлмеден тысқары шығару үшін түтін құбырымен жабдықталу қажет.
Газды жеткізуді автоматты тоқтататын құрылғысы жоқ газ плиталарын орнатуға, егер оларды персоналдардың қатысуымен пайдаланатын болса ғана рұқсат етіледі.
2671. Газ тұтынуды орнатуға арналған бөлме осы Қағиданың 245-тарауына сәйкес жабдықталу қажет, сондай-ақ мынадай талаптарды қанағаттандыру керек:
1) басты палубадан төмен орналаспау қажет және жану өнімдерін жою және ауаны айырбастау үшін тиімді желдеткішпен жабдықталу қажет;
2) ашық палубаға қарай шығу және ашылатын иллюминатор (терезе) болу қажет. Егер камбуздан тұрғын емес бөлмеге қарай ашылатын иллюминатормен немесе есікпен ашық палубаға қарай апаратын шығу жолы болса, камбузда ашылатын иллюминаторды (терезе) қарастырмауға рұқсат етіледі;
3) суқыздырғыштар бөлмесінің төменгі бөлігінде, әрбір суқыздырғышқа 0,02 м2 кем емес көлденең қима ауданымен желдеткіш торы қарастырылу қажет;
4) аралықтар және палубалар өткізбейтін болу қажет, есік тіліктерінің комингстері 150 мм кем емес биіктікте болу қажет;
5) бөлменің биіктігі 2,2 м кем болмау қажет. Плитаның габаритті өлшемдерінен шығатын, сору желдеткішінің тез шешілетін қорабын орнату кезінде, бөлменің биіктігі 1,9 м дейін төмендетілуі мүмкін;
6) бөлме көлемін әрбір газ плитасының кемпірегіне 4 м3 есептен, су қыздырғышқа 7,5 м3 есептен анықтау қажет.
Сору желдеткішінің тез шешілетін қорабын орнату кезінде 2 кемпіректі бөлме көлемін 6 м3 дейін, 4 кемпіректіні - 12 м3 дейін кемітуге рұқсат етіледі.
2672. Конструкциясында жану өнімдерін бөлмеден тысқары бұру қарастырылған, барлық газ құбырлары мынадай талаптарға жауап беретін жеке түтін құбырымен жабдықталу қажет:
1) түтін құбырлары көлденең учаскесінде газ құралдары жағына қарай 0,01 кем емес көлбеу болу қажет;
2) түтін құбырларының көлденең учаскелерінің қосынды ұзындығы кемінде 3 м болуы тиіс;
3) түтін құбырларда айналы радиусы түтік диаметрінен кем болмауы тиіс үш иілімі болуы тиіс;
4) түтін құбырларын шығару түтін құбырда жақсы тартылысты қамтамасыз ету тиіс;
5) құбырлардың бөлек үзбелерін қосу саңылаусыз, тығыз болуы тиіс;
6) түтін құбырларды салу осы Қағиданың 2694-тармақ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
2673. Газ құралдарынан бастап аралықтарға дейінгі арақашықтық кемінде 75 мм болуы тиіс.
§ 5. Сұйылтылған газдардың құбырлары және олардың арматурасы
2674. Сұйытылған газдың құбырлары тігіссіз болат немесе ішкі диаметрі 6 мм кем емес мыс құбырынан жасау қажет.
2675. Құбырлардың дуалының қалыңдығы осы Қағиданың 326-қосымшасында 2 немесе 9-бағанына сәйкес келу керек.
2676. Құбырларды жалғау дәнекерленген жолмен болуы қажет. Бұранды және фланецті жалғаулар тек бақылау-өлшегіш құралдарын, газды тұтынушыларды және арматураларды жалғау жерлерінде ғана рұқсат етіледі.
2677. Құбырдағы таратқыш постынан шығу жерінде, бөлмеден тыс жерде басқарылатын жабылатын кран немесе клапан орнатылу қажет. Егер мұны орындау мүмкін болмаса, онда постың сыртқы жағынан екінші жапқыш кран немесе клапан орнатылу қажет.
2678. Таратқыш постынан тұтынушы газға дейінгі құбырлар ашық палубада салыну және мүмкін болатын механикалық зақымдардан қорғалу қажет.
Сұйытылған газ құбырын тұрғын, шаруашылық және машиналық бөлмелер арқылы салуға рұқсат етілмейді.
2679. Егер кемеде бірнеше тұтыну газын орнату қарастырылса, жалпы құбырдан тұтынушыға әрбір тармақтандыру жапқыш арматурамен жабдықталуы қажет.
2680. Жүйеде орнатылатын редукциялық клапандар, тұтынушыға жеткізілетін газдың 5 кПа жоғары емес артық қысымын қамтамасыз ету қажет.
2681. Құбырдағы крандар тез қол жетімді жерде орналасу қажет. Кран тығынында оны 90о бұруға мүмкіндік беретін шектеуіш және күйінің «Ашық» - «Жабық» екенін білдіретін көрсеткіш болу қажет.
2682. Барлық арматура қола, жез немесе басқа коррозияға тұрақты материалдан жасалу қажет.
2683. Газ құбырын таратқыш құрылғылардан, сақтандырғыштардан, ажыратқыштардан және басқа коммутациялық және қорғағыш аппараттан 500 мм кем емес қашықтықта орнату керек.
Газ құбырынан аралыққа дейінгі арақашықтық 50 мм кем болмау қажет. Газ құбырының басқа құбырлармен қиылысатын жерлерде олармен жанаспау қажет.
§ 6. Сұйылтылған газ қондырғысын сынау
2684. Сауыттардан бастап редукциялық клапанға дейінгі сұйытылған газ құбырлары цехта - 2,5 Мпа гидравликалық қысыммен, кемеде - 1,9 Мпа ауа қысымымен сыналу қажет.
Редукциялық клапаннан тұтынушы газға дейінгі сұйытылған газ құбырын кемеде монтаждан кейін тығыздыққа ауамен 0,2 Мпа артық қысыммен сынау қажет.
2685. Оны кемеде монтаждағаннан кейін барлық сұйытылыған газ қондырғысы жүйеде тығыздыққа қалыпты жұмыс қысымында тексеру қажет.
Жалғауды тығыздыққа тексеру оларға сабын ерітіндісін жағу жолымен тексеріледі, газдың шығуына рұқсат етілмейді.
2686. Тұтынушыға газ беруді тоқтататын автоматты құрылғы қосылғаннан кейін газ тұтынушылардың қалыпты жұмысы тексерілуі қажет.
247. Жылытқыштар және пештер
2687. Барлық жылытқыштардың конструкциясы және орналасуы өрттің пайда болу себебі болмау қажет.
Жылытқыштың үстіңгі бетіндегі температура 60оС аспау қажет, ондай болмаған жағдайда жылытқыштарды бүркенішпен қорғау керек, сонымен бірге бүркеніштің бетіндегі температура 60оС аспау қажет.
2688. Электрлік жылыту осы Қағиданың 57-бөлімінің талаптарына жауап беру қажет.
2689. Өздігінен жүрмейтін және тұрақтағы кемелерді, жолаушылар және мұнай құятын кемелерді қоспағанда пешпен жылытуға рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ сұйық отында жұмыс істейтін, отынмен немесе қондырғысымен цистерналары бар үй-жайларда ауыр отынмен жұмыс істейтін пештерді орнатуға рұқсат етілмейді.
Негізделген жағдайларда Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен мұнай құю баржаларындағы кемелік үй-жайларда пешпен жылыту рұқсат етілуі мүмкін.
Кірпіш пештер жабын болаттан жасалған бүркеніштермен қорғалу қажет.
2690. Жылыту үшін будың тұтану температуасы 600С төмен емес сұйық отынды пайдалануға рұқсат етіледі.
Сұйық отында жұмыс істейтін пештер кемені, сондай-ақ отынның ағып кеткендерін жинағыштарды кез келген пайдалану шартында пештердің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін дозаторлармен жабдықталуы қажет
2691. Жылыту құралдарын және пештерді орнату және орналастыру кезінде мынадай талаптар орындалу қажет:
1) сумен жылытылатын жылытпаның қабырғасынан бастап жану конструкциясына дейінгі арақашықтық 25 мм кем болмау қажет;
2) бу жылуты жылытпалары және электрлік жылыту құралдарын борттардан және аралықтардан 50 мм кем емес қашықтықта орнату керек. Ағашпен, фанермен немесе басқа да жанатын материалдармен айналдырылған және қыздыратын элементтерге қарсы орнатылған борттар немесе аралықтар учаскелері жанбайтын материалдан жасалған жылу қоршаумен қорғалу қажет. Жылу қорғаулары болмаған жағдайда қыздыру элементтері жанатын жамаудан 150 мм кем емес қашықтықта болу қажет.
Жылулық сәулеленудің едәуір интенсивтілік бағытында электрлі жылыту құралдары жану конструкциясынан 1 м кем емес қашықтықта орналасу қажет;
3) жылытуға арналған пештер жану конструкциясына 500 мм кем емес қашық тұру қажет, оларда жанбайтын материалдан жылу изоляциясы болғанда, бұл қашықтық 250 мм кем болмау қажет. Ол егер жану конструкциясының және оның жылу қоршауының арасында ауаның еркін циркуляциясы болса төмендетілуі мүмкін.
Егер конструкция учаскелері толықтай жанбайтын материалдан жасалған пештерге жанасатын болса минималды қашықтық регламенттелмейді.
Жағатын есіктен жанатын материалдан жасалған аралыққа дейінгі қашықтық 1,25 м кем болмау қажет. Егер аралық жанбайтын материалдан немесе асбеста қабаты бойынша қалыңдығы 5 мм жапқыш болатпен оқшауланған болса, бұл қашықтық 1 м төмендетілуі мүмкін. Жағатын және үрлеу есіктерінің алдында болаттан жасалған табақша қарастырылу қажет.
Пештер кеменің ауытқуы кезінде олардың араласып кетуін болдырмау үшін берік нығайтылу қажет.
2692. Суды қыздыруға немесе газды өндіруге арналған қазандар, сондай-ақ олардың форсункалары конструкциямен мақұлданған болуы және осы Қағиданың 33-бөлімінің талаптарына жауап беруі қажет.
2693. Ағаш аралықтар және жанатын материалмен қапталған аралықтар арқылы өтетін бумен жылыту құбырларының өтетін жерлерінде, асбеста қабаты бойынша қалыңдығы 2 мм жапқыш болатпен қапталған жаққа қарай 50 мм кем емес өртке қарсы бөліктер қарастырылу қажет.
Сумен жылыту құбыры үшін жаққа қарай бөлік 25 мм кем болмау қажет, сонымен бірге асбесті оқшау талап етілмейді.
2694. Пештердің түтін құбырлары ең жоғарғы қондырғыдан 0,5 м жоғары болу қажет. Мұнай құйғыш кемелерде түтін құбырларының ойықтары жүк зонасының шектерінен кемінде 2 м арақашықтықта тұруы тиіс.
Түтін құбырының аралықтар немесе палубалар арқылы өтетін жерлері, олардың калқалармен немесе палубалармен жанасатын жерлеріндегі температура 60 оС аспайтындай етіліп орнатылу қажет.
Түтін құбырынан немесе түтіндіктен жану конструкциясына дейінгі арақашықтық 350 мм кем болмау қажет.
Құбырлар желдету қуысын құрайтын бүркенішті болат немесе жылу өткізбейтін материалмен оқшауланған болу қажет.
Түтін құбырлары берік нығайтылған және жалын ұстағыштармен жабдықталуы қажет.
2695. Кірпіш пештер мынадай талаптарға жауап беру қажет:
1) жалын камерасының, түтіндіктердің ішкі кірпіш дуалдарының қалыңдығы 130 мм кем болмау қажет;
2) жоғарғы жабудың салынуының қалыңдығы 200 мм кем болмау қажет;
3) пештерді жандыру кірпіш қалаудың қалыңдығы 250 мм кем емес жанатын материалдан жасалған палубалық төсеніштен бөлектенуі қажет.
4) пештер болат бүркеніштермен қорғалу қажет.
Кемелік бөлмелерде кірпішсіз футеровканы немесе сусыз көйлекпен жылытуға арналған металл пештерді орнатуға тыйым салынады.
37-бөлім. Автоматтандыру
248. Таралу саласы және анықтамалар
2696. Қағиданың осы бөлімі барлық типті және міндеттегі кемелерде қолданылатын автоматтандыру жүйесін және құрылғысына қолданылады.
2697. Егер кемелерді машиналық бөлімшеде вахтасыз немесе кемелік техникаға мерзімді қызмет көрсету кезінде орталық басқару постында (ОБП) вахтамен пайдаланылатын болса, Қағиданың осы бөлімінің талаптары орындалу қажет.
2698. Энергетикалық, электрлік және электрлі жабдықтар, сондай-ақ автоматтандыру жүйесінің конструктивті элементтері және осы жүйемен жабдықталған қозғалтқыштың өзі, компрессорлар, сорғылар, механизмдер осы Қағиданың талаптарна сәйкестіктен басқа, Қағиданың осы бөлігінің, осы Қағиданың 4 және 5-бөлігінің талаптарын қанағаттандыру қажет.
2699. Осы бөлімде мынадай анықтамалар қабылданған:
1) орындаушы дабыл беру - өзінше бөлік немесе қоректің болуы, берілген команданың басқару жүйесінің орындалғаны туралы персоналдарға хабар беруге арналған, автоматтандыру жүйесінің бөлігі;
2) орталықтандырылған сигнал АСЖ - параметрлері бақыланатын объектіден немесе объекті тобынан түскен сигнал,, бірақ сигналдар бақылау тетігінен тікелей басқару пультына түспейді және шешілмейді. Бақыланатын параметрлердің біреуі регламенттелген диапазон мәні шегінен шығып кеткен жағдайда бұл сигналды АСЖ басқарады;
3) апатты-сақтандырғыш дабыл беру жүйесі (АСЖ) - бақыланатын параметрлармен белгіленген шекті мәнге жеткенде және энергетикалық қондырғылардың қалыпты жұмыс режимінің өзгеруі кезінде жарық және дыбсты сигнал беруді қамтамасыз ететін жүйе;
4) автоматтандыру жүйесі - элементтер, автоматизация құрылғылары және басқару және бақылау саласында берелген қызметтерді орындауға арналған жалғаулар жиынтығы;
5) қашықтықтан автоматтандырылған басқару жүйесі (ҚАБ жүйесі) - әрі қарай барлық аралық әрекеттерді автоматты орындайтын басқару органына (мысалы рукоятка) қашықтықтан пост көмегі арқылы бір қалыпты әрекетпен механизмнің қажетті жұмыс редимін тапсыруға болатын басқару жүйесі;
6) қашықтықтан басқару жүйесі (ҚБ жүйесі) - қашықтықтағы поста орналасқан, басқару органына аралық әрекеттерді орындау үшін, оператордың қатысуын қажет ететін басқару жүйесі;
7) қорғау жүйесі - апатты ескерту немесе оның зардабын шектеу мақсатында басқарылатын қондырғыға нақты автоматты ықпал етуге арналған жүйе;
8) индикация жүйесі - қоректену жүйесінің,басқарудың және бақылаудың дұрыс қалыптасуын визуалды бақылайтын, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс үшін сипатталатын шектен тыс, энергетикалық қондырғының және кеме жүйесінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететін, сол немесе басқа параметрдің шығу жағдайлары байқалатынжүйе;
9) автоматтандыру элементі - құрылғы және/немесе автоматтандыру жүйесі құрамына кіретін (күшейткіш, тетік, микросхема, логикалық элемент) электрлік немесе электронды бұйым.
249. Жалпы талаптар
2700. Жабдықтың сенімділігін көрсеткіштер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) реттеу операциясы арасының белгіленген қызмет көрсету мерзімі және жөндеулер 3000 с кем емес жұмыс істеуге сәйкес келу қажет, белгіленген жөндеу аралық ресурс 15000 с кем болмау қажет;
2) Егер автоматтандыру құралдарының ұзақ мерзімділігі цикл немесе операциялардың жұмысында анықталса, онда жұмыс істеу бойынша берілген мәліметтер сағаттарға белгіленген ресурсқа сәйкес келетіні дәлелдену қажет.
2701. Электрлік, пневматикалық, және гидравликалық элементтер жабдықтар және автоматтандыру жүйелері осы Қағиданың 350-тарауында көрсетілген жағдайда пайдалану кезінде сенімді жұмыс істеу қажет.
2702. Электрлік және электронды элементтердің қорғау деңгейі және орналасу орнына байланысты автоматтандыру құрылғысы осы Қағиданың 5-бөлігіне сәйкес болу қажет.
2703. Автоматтандырудың гидравликалық және пневматикалық жүйелері қорек қысымы номинальды мәннен ±20 % ауытқыған кезде сенімді жұмыс істеу қажет.
2704. Автоматтандыру жүйесі сол немесе басқа элементтерді және құрылғыларды олардың бір типті ұқсастарымен ауыстыру автоматтандыру жүйесі жұмысына әсер етпейтіндей және осы жүйелердің қайта реттеуін талап тепейтіндей болып орындалу қажет.
2705. Автоматтандыру жүйелерінде кемелік техниканы қосумен және ажыратумен, кеменің тербелу себебінен, параметрлердің қысқа мерзімді өзгерісінен туындайтын қарама қарсы іске қосулар шаралары қабылдану қажет.
2706. Автоматтандыру жүйелері «қатардан қауіпсіз жаққа қарай шығу» принципі бойынша орындалу қажет.
2707. Автоматтандыру жүйелерін магнитті және электрлі сызықтардан құралатын кедергілерден, сондай-ақ кемеде әртіүрлі электрлік жабдықтарды пайдалану кезінде пайда болатын, кернеудің және токтың кенеттен пайда болған импульсынан қорғау шаралары қабылдану қажет.
2708. Автоматтандыру жүйелері жергілікті басқару постынан алғашқы күйіне қорғауды қолмен қайтарғаннан кейін, қорғаудың іске қосылу нәтижесінен тоқтатылған, кемелік техникалардың объектілерінің автоматты немесе қашықтықтан қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
2709. Автоматтандыру құрылғыларының конструкциясы, ол жұмыс кезінде олардың дұрыстығын бақылауға мүмкіндік беру қажет.
2710. Әрбір автоматты реттелетін параметр үшін қолмен реттеу мүмкіндігі көзделу қажет. автоматтандыру немесе қашықтықтан басқару жүйелерінің зақымдануы, істен шығуы шығаруға қолмен басқару қатарынан әкелінбеу қажет.
Қашықтықтан басқарылатын әрбір техникалық құрал үшін жергілікті постан басқару мүкіндігі көделу қажет.
2711. Техникалық құралдармен қашықтықтан басқару кезінде берілген команданың орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілу қажет.
2712.Техникалық құралдары қашықтан басқару кезінде берілген командалардың орындалуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
2713. Гидравликалық және пневматикалық басқару жүйесінің құбырлары осы Қағиданың 228-тарау талаптарына сәйкес болу қажет, оның ішінде олады қорғау құрылғыларының жабдықтарына.
Электірлік басқару жүйесін қорғау осы Қағиданың 5-бөлігінің талаптарына сәйкес келу қажет.
2714. Машиналық бөлмеде орналасқан автоматтандырудың барлық жүйелері және құрылғылары вахталық қызмет көрсетусіз жұмыс жағдайына бейім болу қажет, ең болмағанда машиналық бөлмеде қызметтеуші персоналдар болмаған жағдайда.
Автоматтандырудың жүйелерінің немесе құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуі бойынша жекелеген қысқа мерзімді операцияларды орындауға рұқсат етіледі, егер осы операциялар тиісті нұсқаулықтармен қарастырылса және егер олар белгіленген кезеңмен орындалатын болса бірақ 12 сағатта бір реттен жиі емес.
250. Қорек
2715. Автоматтандырылған басқару жүйесін энергетикалық қондырғылардың резервті элементтерімен қоректендіру мүмкіндігінше, энергетикалық қондырғының негізгі элементіне сәйкес автоматтандырылған басқару жүйесі қорегінен тәуелсіз болу қажет.
2716. Қарастырылып жатқан энергетикалық қондырғылардың элементін басқару жүйесін қоректендіруді қосу және өшіру кезінде, АСД қорек тізбегін қосу және өшіру және қорғау автоматты түрде қамтамасыз етілуі қажет.
2717. Автоматтандырудың гидравликалық және пневматикалық жүйелерін қоректендіру үшін екі қорек көзі қарастырылу қажет.
Резервті қорек көзі қорек қысымы төмендеген кезде автоматты түрде қосылу қажет.
Егер ауа сақтағыштарды автоматты толтыру қамтамасыз етілсе, ауаны жіберу жүйесінен автоматтандыру жүйесін ауамен қамтуға рұқсат етіледі.
2718. Автоматтандырудың пневматикалық жүйесін қоректендіру үшін ауаны құрғату немесе тазарту қажет болған жағдайда екі құрылғы қарастырылу қажет.
Егер сүзгілеуші элементтерін ауыстыру жұмысты тоқтатпай мүмкін болса, бір құрылғы көздеуге рұқсат етіледі.
2719. Қоректі аккумулятордан алатын, автоматтандырудың электрлі жүйелері, қорек кернеуінің номинальды мәннен +20...-25% ауытқуы кезінде сенімді жұмыс істеу қажет.
Жүктемеге зарядты құрылғысымен параллель жұмыс ісейтін аккумулыторлы батареялар үшін кернеудің номинальды мәннен ауытқуы +30-25% аспау қажет.
251. Авариялық-сақтандырғыш сигнал беруді қорғауды және индикацияны басқару жүйелері
2720. Жүйелердің әрқайсысы (басқару, АСД, қорғаулар, индикациялар) тәуелсіз және тиісті қызметтерін біреуден жоғары емес орындау қажет. Осы жүйелердің қандай да бір бұзылуы немесе зақымдалуы басқа жүйелердің жұмысына ықпалын тигізбеу қажет. Басқару жүйесінің, АСД және қорғауды сазадп жалғауға рұқсат етіледі, оның ішінде егер осымен бірге осы жүйелердің жоғары сенімді жұмысы қамтамасыз етілсе, АСД және қорғау жүйелері үшін бірыңғай тетікті қолдану.
2721. АСД жүйесі бір мезгілде дыбыстық және жарық сигналын беру қажет.
Дыбыс сигналы АСД барлық жүйелері үшін жалпы болуы мүмкін және бұзылған туралы жаңадан түскен сигналды ажыратқаннан кейін оның жұмысқа дайындығы сақталған кезде ажыратылатын болу қажет.
Жарық сигналдары АСД жүйесінің іске қосылу себебін көрсету және жақсы ажыратқыш индикаторларды қосу арқылы жағдайдың немесе бұзылудың тиісті мәліметтері беру қажет. Бұзылған жағдайда индикаторды қосу кезінде жыпылықтайтын жарық сигналымен басқару қажет. Квитирленгеннен кейін жыпылықтайтын жарық сигналы үнемі жарық интенситі сигналына қайта өзгертілуі қажет және тек бұзулар жойылғанда немесе бұзылған механизмнің, құрылғылардың, жүйелердің немесе АСД жүйелерінің бөліктері ажыратылған кезде автоматты түрде ажыратылу қажет.
2722. Жарық сигналдары осы Қағиданың 395-қосымшасына сәйкес болу қажет.
2723. АСД жүйесінің дыбысты сигналы басқа дыбыс сигналдарынан айырмашылығы болу қажет.
2724. Кемелік техниканың объектілерін жұмыс режимін өзгертпей АСД жүйесін тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
2725. Қорғау жүйесінің іске қосылуы жарық және дыбысты сигналмен ере жүру керек.
2726. Энергетикалық қондырғылардың жекелеген элементтерін қорғау жүйесі бір-бірінен тәуелсіз болу қажет.
252. Автоматтандыру көлеміне қойылатын жалпы талаптар
2727. Автоматтандыруға арналған талаптар көлемі бойынша кемелер үш топба бөлінеді:
І топ — басты қозғалтқышының қосынды қуаттылығы 1500 кВт және одан жоғары кемелер;
II топ - басты қозғалтқышның қосынды қуаттылығы 400 жоғары, бірақ 1500 кВт кем емес кемелер;
III топ — басты қозғалтқышның қосынды қуаттылығы 400 және одан кіші, сондай-ақ динамикалық принципті қолдаумен кемелер (су асты қанатында, әуе жастығында).
2728. Кемелердің әрбір тобына арналған АСД және қорғау жүйесінің көлемі осы Қағиданың 330-қосымшасына сәйкес келу қажет.
2729. ОБП болғанда осы Қағиданың 330-қосымшасына сәйкес АСС сигналдарын ОБП үнемі вахталық ұғындыруды қамтамасыз ету қажет. Рульдік рубкада осы Қағиданың 330-қосымшасына 1-тармақ 1), 13) тармақшаларында ұғындырылған сигналдырының қайталануын көздеу керек. Жергілікті басқару постарында басты қозғалтқыштардың, дизель-генераторлардың, қазандардың, сеператорлардың, сорғылардың, компрессорлардың, жүйелерердің әрбір бақылау параметрі бойынша АСС сигналдарынын ұғындыру талап етілмейді, бірақ ОБП шығарылмайтын АСС сигналдарын ұғындыру жүргізілу қажет. Мұндай жағдайда дыбысты және жарық сигналдарын ажырату осы Қағиданың 2721-тармаққа сәйкес көзделмейді. Машиналық бөлмедегі осы Қағиданың 330-қосымшасында жабдық және жүйеде көрсетілген АСС жинақ сигналдарын ұғындыруға рұқсат етіледі.
2730. ОБП болмағанда ұғындырылған жинақ сигналдар 7-тармақтың 1), 2) тармақшаларымен, 8-тармақтың 1) тармақшасында көзделген сигналдарынан басқа энергетикалық осы Қағиданың 330-қосымшасында көрсетілген қондырғының элементтері және рульдік жетектер рульдік рубкаларға шығарылуы қажет.
Бұл сигналдардың ұғындырылуы машиналық бөлмеде орталық немесе жергілікті басқару постарында жүзеге асырылу қажет. Басты қозғалтқыштардың, еспелі энергетикалық қондырғылардың, дизель-генераторлардың, қазандардың, компрессорлардың, сеператорлардың, сорғылардың, сығылған ауа жүйелерін, өртке қарсы және әрбір бақыланатын параметр бойынша құрғатудың АСС сигналдарын ұғындыру жергілікті басқару постарында машиналық бөлмеде қамтамасыз етілу қажет.
2731. Кемемен басқару постындағы АСС жарық сигналдары мүмкіндігінше жинақталу қажет. Жинақтау мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:
1) Әрбір басты қозғалтқышқа оның берілісі және білік өткізгішімен және әрбір қосымша қозғалтқыш үшін бөлек ескертетін және апаттық жинақтау сигналдарын көздеу қажет;
2) бір міндеттегі олардың жүйесімен энергетикалық қондырғылардың әрбір қосымша тобы үшін бір жалпы сигналды көздеуге болады;
3) Жалпыға басқару жүйесін қоректендірудің жоғалуы, өрт қауіптілігі, трюмдардағы судың пайда болуы, өртке қарсы жүйенің ақауы және жалынның өшуі туралы сигналдар жатпайды.
2732. І топтағы кемелерде АСС жүйесінен жалпылама сигнал беру машиналық бөлменің персоналдары бар бөлмелерге (асхана, тұрғын үй-жайлар және т.б.) шығарылу қажет, І топтағы кемелер үшін ұсынылады.
2733. Энергетикалық қондырғының басты элементтерімен автоматтыққа немесе қашықтықтан немесе кері ауыстырып қосу рульдік рубкадағы жергілікті басқару индикациясымен жергілікті постардан ғана мүмкін болу қажет.
2734. Машиналық бөлмедегі І топтың кемелерінде АСС жүйесінің апатты сигналының жүруі кезінде қосылатын үзік жарық көзі орнатылу қажет.
253. Басты қозғалтқыштар, берілістер
2735. Басты қозғалтқыштармен және берілістермен басқару машиналық бөлмедегі ДАБ жүйесі арқылы рульдік рубкадан жүзеге асырылуы қажет.
Кеменің ені 10 м жоғары болған кезде ДАБ жүйесінің негізгі постынан басқа, кемені басқару пульттарында сондай-ақ ДАБ жүйесінің борттық посты қарастырылу қажет.
Реверсті-редукторлы реверстелген қозғалтқыштар үшін, бір басқару органымен бағыттың және реверс-редуктордың шығу білігінің айналу жиілігінің өзгеруі, ал басқасымен - қозғалтқышты іске қосу және тоқтату қамтамасыз етілетін ДАБ жүйесін қолдануға рұқсат етіледі.
Қуаттылығы 220 кВт және одан кіші қозғалтқыштар үшін ДТ жүйесін қолдануға рұқсат етіледі.
2736. ДАБ жүйесі басты қозғалтқыштармен мыналарды қамтамасыз ету қажет:
1) Жұмыс режимін талап ететін бір басқару органымен қашықтықтан тапсырма мүмкіндігі;
2) тез өзгеретін командалар берілген жағдайда мынадай тапсырылған команданы алдыңғыларды өзгертіп орындау;
3) Әрекетке дайындалған қозғалтқышты, режимнің өзгеруін, тоқтатуды, реверстеуді іске қосу және қозғалтқышты және берілісіті жүктемей берілген бағдарлама бойынша аралық операцияларды автоматты түрде орындау;
4) қозғалтқыштың барлық жұмыс режидерінде айналу жиілігінің сатысыз (қалқымалы) өзгеруі;
5) айналу жиілігінің барлық жұмыс диапазонында қозғалтқыштың орнықты жұмысы;
6) қозғалтқышпен отында жұмысқа сенімді өтуді қамтамасыз ететін жағдайға жеткенде және қосынсыз іске қосу кезінде ауа берудің тоқтату немесе электорсаттерді ажырату.
2737. ДАБ жүйесінің статистикалық қатесі иінді біліктің номинальды айналу жиілігінен немесе толық қуаттылыққа тиісті айналу жиілігінің +1,5 % пайызынан аспау қажет.
2738. Кез келген ақаулар немесе ДАБ жүйесінің қоректендіруі тоқтауы айналу жиілігінің ұлғайуын және еспелі бұранданың тірек бағытының өзгеруін тоқтатпау қажет.
2739. Қозғалтқыштарды басқару бойынша барлық операциялар рульдік рубкада кез келген дистанционда басқару постынан қандай да бір ауыстырып қосусыз орындалу қажет. Рульдік рубкадағы қашықтықтағы постарда басқару тұтқалары, үйлестіріліп басқару қай постан жүзеге асырылатынына қарамай орналасу қажет.
2740. ҚАБ жүйесінің қашықтықтағы постын ажырату мүмкіндігі көзделу және дизель-электрлі еспелі қондырғылы кемелердегі ҚАБ жүйесінен басқа, қашықтықтан басқару постының тұтқасының күйіне қарамай, жергілікті басқару постынан басқаруға өту көзделу қажет.
Басқару бір постыдан басқасына ауыстыру басты қозғалтқыштардың немесе жылжытқыштардың жұмыс режимінің өзгеруіне әкелмеуі қажет.
2741. Басқару жүйесінен, АСС және қорғаудан тәуелсіз, қозғалтқыштарды шұғыл қашықтықтан тоқтатуға арналған құрылғы көзделуі тиіс.
2742. Рульдік рубкада, айналу жиілігі бойынша қорғаудан және «Қорғау ажыратылды» орындаушы сигнал беруден басқа, қозғалтқышта болатын автоматты қорғауды ажыратуға арналған құрылғы көзделу тиіс.
2743. Салқындату және басты қозғалтқыштарды майлау жүйелеріндегі судың және майдың ішкі контурының температурасын реттеу автоматты түрде орындалу қажет.
254. Генераторлы агрегаттардың алғашқы қозғалтқыштары
2744. Кемелік генераторлардың алғашқы қозғалтқыштары рульдік рубкадан немесе ОБП-нан ДБ немесе ДАБ жүйелерімен жабдықталуы қажет.
Жылдам іс-қимылға дайындықта алғашқы қозғалтқыштардың автоматты қолдауы қамтамасыз етілу қажет.
2745. Іс-қимылға дайындалған қозғалтқыштың іске қосуға дайын болғанға дейін сигналды беру сәтінен бастап 100%-ды жүктемені қабылдауға дейінгі уақыты 30 с жоғары болмау қажет.
2746. Қашықтықтан басқару постынан шұғыл іске қосқан кезде генераторлы агрегаттың қыздырылмаған қосымша қозғалтқышымыен жүктемені қабылдау мүмкіндігі көзделу қажет.
2747. Суды салқындату температурасын реттеу автоматты түрде жүзеге асырылу қажет.
2748. Негізгі генераторлы агрегаттардың алғашқы қозғалтқыштарын басқару жүйесі мынадай басқару түрлерін қамтамасыз ету қажет:
1) қашықтықтан іске қосу және дизель-генераторды тоқтату;
2) негізігі жұмыс істеуші (осы сәттегі) қатардан шығып кеткен кездегі резервті дизель-генераторды (І және ІІ топтың кемелері үшін) автоматты іске қосу;
3) Рульдік рубкадан немесе ОБП-нан (егер І немесе ІІ топтың кемелері қуаттылығы дизель-генератордың қуаттылығымен шамалас ДБ жетектерімен жабдықталса) дизель-генераторды параллельді жұмысқа қашықтықтан іске қосу және автоматты қосу;
4) резервті дизель-генераторды автоматты іске қосу және электростанцияның жүктемесінің белгіленген шекті мәннен (І топтың кемелері үшін) артуы кезінде параллельді жұмысқа автоматты енгізу;
5) ОПБ немесе ГРЩ -дан қашықтықтан іске қосу, тоқтату, үйлестіру, жүктемелерді бөлу егер ол ОБП бөлмесінде болса (І топтың кемелері үшін).
255. Отын жүйелері
2749. Қозғалтқыштардың шығыс отын цистерналарын толтыру және қосымша қозғалтқыштардың қазандарын толтыру автоматты түрде жүзеге асырылуы қажет.
2750. Екі отынды (дизельді - ауыр отын) жүйелерінде І топтағы кемелердің қозғалтқыштарын қоректендіру мыналарды көздеу қажет:
1) қоректі дизельдіден ауыр отынға және ауыр отыннан жизельді отынға ауыстырумен қыздыру және ауыр отынды айдауды қашықтықтан басқару;
2) ауыр отынның берілген тұтқырлығын (температура) автоматты қолдау;
3) ауыр отынның тұтқырлығының рұқсат етілмегеннен асып кетуі кезінде (температураның төмендеуі), сондай-ақ арматуралардың жетектерінің және екі отынды жүйенің сорғыларының жоғалуы кезінде дизельді отынға автоматты ауыстыру;
4) Қыздырғыштарда отынның қатты қызып кетуін ескерту үшін жеткілікті уақыт ішінде оларды ажыратқаннан кейін қыздырғыштар арқылы отын циркуляциясын автоматты қолдау;
2751. Ауыр отынды тазартуға арналған қондырғыларда іске қосу, тоқтатау, шламды жою және тұрақ рәсімдерінің автоматтандырылған технологиялық операциялары болу қажет.
256. Салқындату, майлау және сығылған ауа жүйелері
2752. І топтың кемелерінде қозғалтқыштарды және берілістерді салқындататын және майлайтын,негізгі сорғылар қатардан шығып кеткен жағдайда білік өткізгіштің мойынтіректерін майлайтын және айдайтын резервті циркуляциялық сорғылардың автоматты іске қослуы көзделуі керек.
2753. Басты қозғалтқыштарды маймен айдауды іске қосар сорғылар үшін қашықтықтан іске қосу және қозғалтқышты іске қосқаннан кейін автоматты тоқтату көзделу қажет.
Егер турбокомпрессордың роторының мойынтіректерінде майлаудың автономды (тәуелсіз) жүйесі болмаған жағдайда маймен айдауды іске қосар қозғалтқыштың тоқтауына сигнал өту сәтінде маймен айдауды іске қосатын сорғылардың автоматты қосылуын және турбокомпрессор роторы тоқтағаннан кейін олардың автоматты тоқтауын көздеу қажет.
2754. Іске қосқыш ауалардың ауа сақтағыштарын, тифонды және шаруашылық қажетттілік үшін, сондай-ақ автоматтандыру жүйесінің қорегі үшін ауаны толтыру автоматты болу қажет.
Автономды компрессорлар үшін сондай-ақ оларды рульдік рубкадан немесе ОБП-нан іске қосу және тоқтату көзделу қажет. Компрессорлардың сеператорларын автоматты тазарту көзделу қажет.
2755. Әуе компрессорларын автоматты қосу ауа сақтағыштардағы қысымның номиналдыдан 30% артық емес төмендеуі кезінде және номиналды қысымның 97—103% жеткенде сөндіргенде жүзеге асырылу қажет.
257. Жалпы кемелік жүйелер
2756. Қашықтықтан басқару және орындаушы сигнал беру болғанда, балласты құбырлардың жапқыш қарым-қатынасты ашылу және жабылуы, балласты бөліктердегі қашықтықтағы индикация немесе су деңгейінің сигнал беруі жергілікті постарда орнатылуы тиіс.
2757. Құйма кемелер рульдік рубка немесе басқару постарында жүк операцияларымен танкілерде көрсеткіштерді немесе сигнализаторларды орнатумен қашықтық индикациясы немесе су деңгейінің шекті сигнал беру (95 %) және апатты жүйесімен (98 %) жабдықталуы қажет. Жалпы жарық және дыбыстық сигналдар ашық палубаға шығарылу қажет.
2758. Егер кемеде сландалған суды мұнай фракциясынан регламенттелген ПЭБ тазарту деңгейінің мәніне дейін тазарту жүйесі көзделсе, І топтың кемелерінде арнайы цистернаға немесе борт сыртына сландалған суды айдау жолымен машиналық бөлмелерге автоматтындырылған құрғату жүйесін қолдану ұсынылады.
258. Рульдік рубканың жабдығы
2759. Рульдік рубкадағы басқару органдары, құралдар индикациясы және сигнал берулері бір адаммен қызмет көрсетуге қабілетті пульттарда орналасуы қажет.
2760. ОБП болуына қарамастан рульдік рубкадан басты қозғалтқыштармен, өрт сорғыларымен, ұшқын сөндіргіштермен басқару қамтамасыз етілу қажет.
2761. Жарықтық сигнал беру кеме жүргізушіге көзі көрмей қалатын әсер бермеу және күндізгі уақытта анық көрінетіндей етіп орындалу қажет.
Орындаушы сигнал берудің шамының сәулесінің жарықтануын реттеу көзделу қажет.
2762. Мынадай индикация көзделу қажет:
1) жылжытқыштардың айналу жиілігі және бағыты;
2) басты қозғалтқышқа кіру жеріндегі май қысымы;
3) басты қозғалтқыштан шығардағы ішкі контурдағы су салқындату температурасы;
4) басты қозғалтқыштардың іске қосқыш сауыттарындағы және дыбыстық сауыттағы ауа қысымы;
5) басты қозғалтқыштардың, муфталардың ДАБ жүйелеріндегі жұмыс ортасының қысымы;
6) генераторлар жүктемесінің кернеуі және тогы.
ОБП болғанда 2), 3) және 6) көрсетілген параметрлердің үнемі вахталық индикациясын көздемеуге рұқсат етіледі.
2763. Реверстелмеген басты қозғалтқыштар үшін және реверстелген басты дизель-редукторлық агрегаттар үшін иінді біліктің айналу жиілігінің индикациясын көздеу қажет. Сонымен бірге қуаттылығы 220 кВт дейін айналу индикациясын және жылжытқыштардың айналу бағытын қоса реверстелмеген қозғалтқыштар үшін көздемеуге рұқсат етіледі бірақ реверстің орындаушы сигнал беруін көздеу қажет.
2764. Білік генераторлы кемелерде ток жиілігінің және кернеудің индикациясы көзделу қажет.
2765. Көрсетілген борттық постарда ДАБ басты қозғалтқыштардың борттық постары болған жағдайда жиілік индикациясы және жылжытқыштың айналу бағыты, рульдердің күйі және рульдеу құрылғысының тіректің бағыты көзделу қажет. Борт постарынан сондай-ақ рульдік жетектермен және рульдеу құрылғысымен жабдықталу қажет.
2766. «Апатты» категориясының АПС жүйесінің жарықтық жалпылама сигналы АПС апаттық сигналы бойынша (апатты қорғаудың жұмыс істеуі, техникалық құралдың жылдам тоқтауы талап етіледі, резервті енгізуі және с.с.) қалыптасуы қажет.
Рульдік рубкаға шығарылған АПС жүйесінің міндетті сигналдарын осы Қағиданың 2731-тармақтарын қараңыз.
2767. Рульдік рубкада жарықтық орындаушы сигнал беруді көздеу қажет:
1) әрбір дизель - генератордың жұмысы туралы;
2) берілетін отынның сорты және ауыр отынға өтуге дайындығы туралы (екі отынды жүйелермен жарықтандырылған кемелер үшін );
3) салқындату және майлайтын резервті сорғыны іске қосу туралы;
4) автономды компрессорлардың жұмысы туралы;
5) ұшқын сөндіру жүйесінің автономды сорғыларының жұмысы туралы.
Үнемі вахталы ОБП болғанда 2) - 4) тармақшалар бойынша жарықтық орындаушы сигнал беруді көздемеуге рұқсат етіледі.
2768. ДАБ және ДБ болуына қарамастан рульдік рубкадан басты қозғалтқыштарды тоқтату мүмкіндігі көзделу қажет.
259. Тұрақты вахтамен ОБП жабдығы
2769. ОБП-да машинналық бөлмеге орнатылатын жабдықтар үшін басқару органдары, қашықтық индикацияларды көрсеткіш, байланыс құралдары, АСС және орындаушы сигнал беру көзделу қажет.
ОБП-да басты қозғалтқыштармен басқару органдарын көздемеуге рұқсат етіледі.
ОБП көзделетін энергетикалық қондырғылардың элементтерінің қашықтық индикацияларын көрсеткіштер құрамы, басты қозғалтқыштан басқа, әрбір жағдайда кеменің міндеті және оның энергетикалық қондырғысының типіне байланысты анықталады.
2770. ГРЩ электростанциясын ОБП немесе тікелей (көру) оның көрітетін жағында орналастыру ұсынылады.
Егер ГРЩ ОБП көрінетін жерден тыс орналасса, соңында ГРТТТ генераторлы автоматтарының күйі туралы сигнал беру құрылғысы орнатылу қажет.
2771. Егер ОБП басты қозғалтқыштармен қашықтықтан басқару пневмматикалық,гидравликалық, электрлік байланыстар көмегімен немесе олардың тәсілдері көмегімен көзделсе, онда рульдік рубкадан басты қозғалтқыштармен ДАБ жүйесі ОБП басқару жүйесінен тәуелсіз болу қажет.
2772. Басты қозғалтқыштармен басқаруды ОБП постына ауыстыру кезінде осыған дейін басқару жүргізілген рульдік рубкадағы поста сигнал беру іске қосыылу қажет
38-бөлім. Өртке қарсы жабдықтар және жүйелер
260. Жалпы талаптар
2773. Осы бөлімнің талаптары қарастырылып жатқан кеменің өртке қарсы қорғауға арналған өрт сөндіру жүйесі және өртке қарсы жабдықтарын қамтиды.
2774. Өртке қарсы жабдықтар және жүйелер, осы бөлімнің талаптарын қанағаттандырғаннан басқа, Қағиданың қолданылатын тиісті бөлімдерінің талаптарын қанағаттандыру қажет.
2775. Егер кемеде жоғарыда көрсетілгеннің үстіне өртке қарсы қосымша жабдықтар және жүйелер көзделсе, онда олар әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген көлемде төмендег талаптарға жауап беруі қажет.
2776. Қосынды қуаттылығы 220 кВт жоғары кемелердегі мұнай станцияларында, жүзбелі шеберханаларда, қауіпті жүктерді жегулерде және сорғы станцияларындағы үй-жайларда олардың міндетіне байланысты осы Қағиданың 331-қосымшасында сәйкес өрт сөндірудің стационарлы жүйелерімен жабдықталуы қажет.
Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша, бұдан басқа және көрсетілгендерді ауыстыруға, тәжірибеде тексерілген стационарлы жүйелер қолданылуы мүмкін.
2777. Үшеуден кем емес экипажымен кемелерде сумен өшірудің стационарлы жүйесін көздемеуге болады.
2778. Ыстық заттарды және тұтанатын сұйықтықтарды тасымалдайтын кемелермен жұмыс істеуге арналған тіркеп сүйрегіштер және итермелегіштер көбікпен өшіру жүйесімен жабдықталуы қажет.
2779. Кеменің типі және конструктивті ерекшелігіне байланысты кемелік үй-жайлар осы Қағиданың 414-тарауында көрсетілген өрттік сигнал берумен жабдықталуы қажет. Командасыз пайдаланылатын өздігінен жүрмейтін кемелерде өрт сөндіру құралы талап етілмейді.
2780. Командасыз пайдаланылатын өздігінен жүзбейтін кемелерде өртке қарсы жабдық немесе жүйелер талап етілмейді.
2781. Осы бөлімнің талаптары арнайы өрт сөндіретін кемелердің өрт сөндіру жүйелерін және жабдықтарын қамтымайды.
2782. Егер көмірқышқыл немесе аэрозолды өрт сөндіру жүйесімен қорғалатын бөлімшеде сыйымдылығы бос ауа бойынша осы бөлімше көлемінің 30 пайызын құрайтын ауа сақтандырғышы болса, өрт сөндіргіш заттардың көлемі қорғалатын бөлменің есепті көлемін қорғау қажеттілігінен және сығылған ауаның бос көлемінің артықшылығынан анықталады.
Егер ауа қорғалатын бөлімшеден тыс сақтандырғыш қақпақтар мен ауа сақтандырғыштардың жеңіл ерітілетін тұғырықтарынан айналуы қамтамасыз етілсе, өрт сөндіргіш заттардың мұндай көлемін көбейту көзделмеуі мүмкін.
261. Өртке қарсы жабдықтар
Достарыңызбен бөлісу: |