Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет53/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129
§ 1. Жалпы талаптар

 

2783. Өртке қарсы жабдықтар мен жүйелердің конструктивті орындалуы, пайдаланудың барлық жағдайларында жылдам орындауға олардың сенімділігі және дайындығы қамтамасыз етілуі қажет.

2784. Өрт сөндіру жүйесін дайындау кезінде осы Қағиданың 35-бөлімінде айтылған талаптар орындалуы қажет.

2785. Өрт сөндіргіш заттарды, пневмогидравликалық цистерналарды, көмірқышқыл газының, өрт сөндіру жүйелерінде қолданылатын сығылған ауаның және азоттың сауыттарын, сақтауға арналған резервуарлар, осы Қағиданың 33-бөлімінде айтылған қысым астындағы сауыттарға арналған талаптарды қанағаттандыру қажет.

2786. Көлемді өрт сөндіру жүйесі күзетілетін үй-жайды олармен көршілес кеме үй-жайымен бөліп тұрған жабындардың герметикалығы қамтамасыз етілуі қажет.

2787. Көмірқышқыл, аэрозольды немесе көлемді химиялық сөндіру жүйелерімен қорғалатын үй-жайдың желдеткіш саңылаулары, үй-жайдың сыртынан саңылауды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталуы қажет.

2788. Өрт сөндіру жүйелерін дайындауға арналған материалдар жанбайтын және өрт сөндіретін заттардың әсеріне тұрақты болуы қажет.

2789. Өрт сөндіру жүйелерінің барлық конструкциясы оларды әрекетте мерзімді тексеру үшін қабілетті болу қажет.

Таратқыш коллекторға көмірқышқылмен сөндіру жүйесінің құбырларын тексеру үшін, сығылған ауа жеткізілу қажет. Сығылған ауаның құбырында қайтпайтын-жабық клапан орнатылуы қажет. Өртті аэрозольмен сөндіру жүйесі үшін іске қосқыш электр тізбегінің дұрыстығын бақылау функциялары көзделу қажет.

2790. Жүйеде қашықтықтан іске қосқыштың болуына қарамастан тікелей өрт сөндіру станциясынан жергілікті, ал сорғыны - оны орнату орнынан басқару көзделу қажет.



Аэрозольды өрт сөндіру жүйесі үшін жергілікті басқаруды көздемеуге рұқсат етіледі.

2791. Қашықтықтан іске қосу жүйелерінде (ауа, азот, көмірқышқыл газы және т.б көмегімен), әрқайсысы өрт сөндіру жүйесін бір рет толық іске қосуды қамтамасыз ететін, екі іске қосқыш сауыттары болу қажет.

2792. Қашықтықтан іске қосқыштың арматурасымен басқару штоктармен немесе білікшемен қатты жалғанған маховиктармен немесе рычагтармен жүзеге асырылуы қажет.

 

 

§ 2. Құбырлар және арматура



 

2793. Өрт сөндіру жүйесінің құбырларын отынды, майлау майын сақтау орны арқылы, барлық кемелердегі үй-жайды салқындатқыш және мұнай құятын кемелердің сорғы бөлімі арқылы орнатуға рұқсат етілмейді.

2794. Әрбір күзетілетін үй-жайдағы көлемді өшіру жүйесінің өрт сөндіру заттарын жеке құбырлар арқылы шығару керек; ілмек арматура өрт сөндіру станциясының үй-жайында орналасу қажет.



Бір атты көлемі бойынша үлкен емес үй-жайлар тобына бір таратқыш құбыр рұқсат етіледі (мысалы, фонарьлық және малярлық).

2795. Газбен өшіру жүйесінің құбырларын тұрғын және қызметтік үй-жайлар арқылы салып, дәліздерді қоспағанда, егер құбырлар осы үй-жайлардың ішінде барлық ұзындықта алмалы-салмалы жалғауларсыз орындалған және беріктілікке өрт сөндіру станцияларындағы коллекторларды гидравликалық сынау үшін талап етілген қысыммен сыналған болса, рұқсат етілуі мүмкін.



Бұл құбырларды тұрғын және қызметтік үй-жайлардың дәліздері арқылы салу кезінде алмалы-салмалы жалғауларды қолдануға болады. Сонымен бірге олардың саны минимумға теңестірілу қажет.

 

 

§ 3. Өрт сөндіру станциялары



 

2796. Барлық өрт сөндіру жүйесінің жабдықтарын, сумен өшіру жүйесін қоспағанда, күзетілетін үй-жайдан тыс өрт сөндіру жүйелерінің үй-жайында орналастыру керек.

Егер осы жүйелердің жұмысы өрт сорғысының әрекетімен байланысты болса, онда ұзындығы 65 м жоғары жолаушылар кемесінде, өздігінен жүретін құрғақ жүкті және жүк көтерімділігі 1500 т жоғары мұнай құятын кемелерде өрт сорғысы, жетекті қозғалтқыш, сондай-ақ оларды басқару органдары қорғалатын бөлмеден тыс орналасу қажет.

2797. Көбікпен өшіру және көлемді өшіру станциялары мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:



1) машиналық үй-жай үшін өрт сөндіру станцияларын қоспағанда, өрт сөндіретін барлық станциялар ашық палубаларда немесе тікелей олардың астында тікелей палубаға шығуымен орналасу қажет.

машиналық үй-жай үшін өрт сөндіру станцияларында тікелей палубаға шығатын жолы бар ашық палубаға тікелей шығудың болмауы, рульдік рубкадан немесе басқа үй-жайдан от сөндіретін заттарды қашықтықтан іске қосқыш құрылғысы болғанда ғана рұқсат етілуі мүмкін;

2) станцияларды герметикалық қоршауларда немесе шкафтарда орналастыру қажет.

Станцияларды қорғалатын үй-жайларды бөліп тұратын аралықтардың және палубалардың конструкциясы А типті болу қажет (осы Қағиданың 9-бөлімі);

3) егер станцияның қалыпты жұмысы үшін қажетті температура қажет болса станцияның үй-жайында жанбайтын материалдан жасалған жылу оқшаулауы және жылыту болу қажет;

4) станцияның үй-жайындағы ауаның температурасын бақылау үшін станцияның ішінен және сыртынан иллюминатор арқылы көрінетін термометр орнатылу қажет. Станция үй-жайындағы ауа температурасы 40оС аспау қажет.

Ауа сақтағыштардағы манометрлердің көрсеткіштері станцияның ішінен және сыртынан иллюминатор арқылы көрінуі керек;

5) станцияны жарықтандыру табиғи және электрлі болу қажет, оның ішінде жарық беретін шырақтар қоректі негізгі желіден және апаттық жарықтандырудан алу қажет;

6) станция әрқашанда екі кілті бар құлыпқа жабылу қажет, біреуін шыны дуалда құлыпқа жақын жерде жабық жәшікте, ал екіншісін - рульдік рубкада сақтау керек;

7) станцияның үй-жайында көрінетін жерде іске қосқыш құрылғылары және күзететін үй-жайлардың, сондай-ақ жүйені іске қосу бойынша қысқаша нұсқаулық көрсетілген өрт сөндіру жүйесінің сызбасы іліну қажет;

8) станцияның барлық клапандарында және құрылғыларында «Ашық», «Жабық» деген жазулар және көрсеткіштері бар ажыратқыш маңдайшалар болу қажет;

9) станциялар сағатына 12 ауаны айырбастауды қамтамасыз ететін автономды сору желдеткішімен жабдықталу қажет.

2798. Негізделген жағдайларда жекелеген қорғайтын үй-жайларға сауыт саны бесеуден жоғары болмайтын жергілікті станцияларды көздеу қажет (көмірқышқыл газының 125 кг жоғары емес).



Машиналық үй-жайдың ішінде картерлерді, іштен жану қозғалтқыштарын тұншықтырғыштарды, түтін құбырларын және басқа машиналық үй-жайдың ішіндегі тұйық көлемдерді қорғау үшін сауыттарды оратуға рұқсат етіледі.

2799. Мұнай құю кемелеріндегі өрт сөндіру станциялары жүктік құйма бөліктердің палубаларынан тыс орналасу қажет.

2800. Кемені пайдаланудың кез келген жағдайларында жүйенің өздігінен іске қосылуын болдырмау қажет; барлық құрылғылар механикалық ақаулардан қорғалу қажет; көбікпен өшіру және көлемді өшірудің іске қосқыш тұтқалары кеме әкімшілігімен пломбалануы қажет.

 

 

262. Өрт сөндіру жүйесін гидравликалық сынау



Сумен өшіру жүйесі

 

2801. Өрт сөндіру жүйелері осы Қағиданың 332-қосымшасында сәйкес байқау қысымымен сыналуы қажет.



 

 

§ 1. Өрт сөндіру сорғылары



 

2802. Сумен өшіру жүйелерінің сорғыларының механикалық жетегі болу қажет, ал олардың саны осы Қағиданың 333-қосымшасында келтірілген нормаларға сәйкес болу қажет.



Жекелеге жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімі «қозғалтқыш-біліктірек-бұранда» кешенінің конструкциясы кеменің тұрағында жұмыс істеуге мүмкіндік берсе және оның қозғалысы кезінде сорғының ажыратылуын қамтамасыз ететін жағдайда, басты қозғалтқыштан өрт сөндіру сорғыларының жетегін рұқсат етуі мүмкін.

Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен, бұрау сәтінің егер бір ремені бөлшектенген жағдайда да сенімді берілісті қамтамасыз ететін, басты қозғалтқыштан сорғыға клиноременді беріліс рұқсат етіледі.

2803. Негізгі өрт сорғыларының қосынды берілісін кемеде орнатылған барлық өрт сөндіру крандары санының бір мезгілде 15 % қамтамасыз етуден туындайтын шарттан анықтау керек, бірақ үшеуден кем емес, ал қосынды қуаттылығы 220 кВт және одан кіші қозғалтқышты кемелер үшін - кемеде қолданылатын ең үлкен бүркумен ақырын ағыс беру кезінде екеуден кем емес.



Егер кемеде өрт сөндіру сорғысынан су тұтынатын өрт сөндіру жүйесі көзделсе (көбікпен өшіру жүйесі, су тозаңдатқыш, жер суландыру және с.с.), онда сорғыны беру сумен өшіру жүйесінің екі бағанының жұмысын ету және судың ең көлемін тұтынатын басқа бір жүйенің параллельді жұмысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу қажет.

2804. Жүйедегі арын осы Қағиданың 2803-тармағында көрсетілген жүйенің бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу қажет, сонымен бірге өрт сөндіру крандарының қысымы 0,25 МПа кем болмау қажет.

2805. Кемелік қорек көздері кемені кез келген пайдалану жағдайларында, соның ішінде тұрақта өрт сөндіру сорғысының жұмысын қамтамасыз ету қажет.

2806. Егер біреуі тікелей міндеті бойынша тез қимылға іске қосылуға үнемі дайындықта тұратын автономды жетегімен екеуден кем емес сорғы көзделсе, стационарлы өрт сөндіру сорғылары басқа кемелік қажеттіліктер үшін қабілетті болуы мүмкін.



Егер кемелер бір өрт сөндіру сорғысы орнатылса, оларды басқа мақсаттар үшін қысқа мерзімде қолдануға рұқсат етіледі (мысалы, палубаларды, шлюздарды жуу үшін)

2807. Өрт сөндіруге арналған сорғылар және құбырларды мұнай өнімдерін, майлау майларын немесе басқа тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшін, сондай-ақ кезектесіп отынмен және балластпен толтырылатын цистерналар үшін, балласты сорғылар ретінде қолдануға болмайды.

2808. Арынды құбырда қарым-қатынасты клапанға дейін манометр орнатылу қажет.

Өрт сөндіру құбырларында рұқсат етілгеннен жоғары қысым тудыратын сорғылар, арынды құбырдан қабылдауға суды бұру үшін қайта жіберу клапанымен жабдықталуы қажет.

Қайта жіберу клапандары жұмыс қысымынан 10 % артық емес асатын қысымға реттелуі қажет.

2809. Оларға кингстондар сәйкес келетін стационарлы өрт сөндіру сорғылары бос кеменің ватерсызығынан төмен орналасу қажет. Егер сорғы көрсетілген ватерсызықтан жоғары орнатылса сенімді өздігінен соратын құрылғылар көзделу қажет.



Кеменің әртүрлі борттарында орналасқан екі кингстоннан өрт сөндіру сорғыларымен суды қабылдау мүмкіндігі көзделу қажет.

2810. Стационарлы апатты өрт сөндіру сорғысы мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:



1) сорғының апатты дизель-генераторлар қоректенетін, дизельді немесе электрлі қозғалтқыштан жетегі болу қажет. Егер сорғы жетегі үшін дизель орнатылса, онда апатты өрт сөндіру сорғысының бөлмесінде сыйымдылығы 3 сағаттан кем емес уақыт ішінде сорғының жұмыс істеуі үшін жеткілікті шығыс отын цистернасы көзделу қажет;

2) сорғы кеменің сумен өшіру жүйесіне жалғану қажет;

3) сорғының берілісі есепті қысым кезінде осы кеме үшін қабылданған, бүркудің ең үлкен диаметрімен екі тұтқалы бағанның бір мезгілде жұмыс істеуі үшін жеткілікті болу қажет. Егер сорғы сондай және басқа сумен немесе көбікпен өшіру жүйелері үшін қолдану ұйғарылатын болса, онда оның берілісі, судың ең үлкен көлемін тұтынатын осы жүйелердің біреуінің бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті үлгімен ұлғайтылу қажет;

4) оның жетегі және қабылдау кингстондары үшін сорғы, энергия көздері, негізгі өрт сөндіру сорғысы орналасқан бөлмеде өрт болған жағдайда, олар қатардан шығып кетпейтіндей етіп орнатылу қажет;

5) апатты сорғы үй-жайына кіру негізгі өрт сөндіру сорғысының үй-жайына кіруден тәуелсіз болу қажет. Сорғыны форпиктің аралықтарын алдыңғы жаққа орналастыруға рұқсат етілмейді;

6) Сорғы осы Қағиданың 2808, 2809-тармақтардың талаптарын қанағаттандыру қажет; сонымен бірге, егер қабылдау құбырында клинкетті ысырма осы кингстоннан апатты сорғы үй-жайында табылатын болса, екінші кингстон осы Қағиданың 2809-тармақпен талап етілетін кез келгені бола алады.



 

 

§ 2. Құбырлар



 

2811. Сумен өшіру жүйесінің магистральды құбырлардың диаметрі және олардан қосымша, құбырлардағы судың жылдамдығы бірде бір учаскеде 4 м/с аспайтындай болу қажет. Өрт сөндіру құбырындағы қысым 1 МПа аспау қажет.

2812. Жылытылмайтын үй-жайлар және ашық палубалар арқылы өтетін Сумен өшіру жүйесінің құбырлар учаскелері, оларды жылытылатын, сондай-ақ суды жіберуге қабілетті үй-жай арқылы өтетін құбырлардан ажырату үшін жапқыш арматурмен жабдықталуы қажет.

2813. Әрбір өрт сөндіру сорғысының қабылдау және арынды құбырларында жапқыш клапандар орнатылу қажет; қабылдау құбырларында клинкеттерді орнатуға рұқсат етіледі; екі орталықтандырылған сорғылар және одан жоғары арынды құбырларда олардың әрқайсысында қайтпайтын-жапқыш клапандар орнатылу қажет.

2814. Сумен өшіру жүйесінің құбырлары ішкі және сыртқы жағынан коррозияға қарсы жабындалған болат тігіссіз құбырлардан дайындалу қажет.



Арматура қола, жез, болат және басқа оларға коррозияға тұрақтылығы бойынша тең материалдардан дайындалу қажет.

Жалғаулардың төсемдері өрт сөндіретін заттың әсеріне тұрақты материалдардан дайындалу қажет.

2815. Ұзындығы 50 м кемелерде және одан жоғары оңай қол жетімді жерлердегі сызықты магистралды өрт сөндіру құбырларында 30 м кейін жапқыш клапандар орнатылу қажет.



 

 

§ 3. Өрт сөндіру крандары



 

2816. Әрбір өрт сөндіру крандары жылдам қабыстырылатын типті стандартты жалғаушы бастармен жабдықталуы қажет.

Ашық палубаларда орнатылған крандар, сондай-ақ жылдам қабыстырылатын бас-бітеуішпен жабдықталу қажет.

2817. Өрт сөндіру крандары кемеде кеменің кез келген жеріне судың екі ақырын ағысын бір мезгілде беруді қамтамасыз ететіндей етіп орнатылу қажет.



Өрт сөндіру крандарын орнату керек:

ашық палубаларда - қондырмадан және шахтадан шығу ауданында, сондай-ақ жүк люктерінен;

үй-жайдың ішінде - дәліздерде және вестибюльдерде, машиналық үй-жайларда.

Өрт сөндіру крандарын палубадан немесе төсеніштен 1,35 м жоғары емес қашықтықта орнату қажет.

Ішкі үй-жайларда орнатылған өрт сөндіру крандары, бір бірінен 20 м жоғары емес қашықтықта орналасу қажет.

Сыртқы өрт сөндіру крандары бір бірінен 40 м жоғары емес қашықтықта орналасу қажет.

Көршілес екі жапқыш клапандар аралығында қосарланған өрт сөндіру крандары орнатылу қажет.

Палубалық жүктерді тасымалдаушы кемелерде, өрт сөндіру крандары олардың жүкпен және бұдан басқа қол жетімді жерде орналасқан зақымданудан қорғалу қажет.

2818. Машиналық және қазан үй-жайларында, қарама қарсы бортта орналасқан екеуден кем емес өрт сөндіру крандарын көздеу керек, сонымен бірге қуаттылығы 750 кВт дейінгі кемелерде тікелеу өрт сөндіру сорғысында орналасқан кранды қолдануға рұқсат етіледі (сорғы және жапқыш клапан аралығында).



Қуаттылығы 220 кВт кіші кемелердің машиналық бөлімдерінде өрт сөндіру сорғысында орналасқан бір өрт сөндіру кранын орнатуға рұқсат етіледі (сорғы және жапқыш клапан аралығында).

2819. Тіркеп сүйрегіштер, тіркеп-сүйрегіштер-итермелегіштер, мұзжарғыштар, құтқару кемелері және жүзбелі доктар ашық палубаларда орнатылатын және басқа кемеге суды беруге арналған гайкамен тез қабысатын коллекторлармен жабдықталу қажет.

2820. Кемедегі барлық өрт сөндіру крандары қызыл түске боялу және нөмірленуі қажет.

 

 

§ 4. Өртке су себетін түтік құбырлар және бағандар



 

2821. Өртке су себетін түтік құбыр мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:

1) ашық палубада орнатылған крандарға арналған өртке су себетін түтік құбырдың ұзындығы 10 кіші және 20 м жоғары болмау қажет, ал кеменің үй-жайында орнатылған крандар үшін - 10 м кем емес.

2) өртке су себетін түтік құбыр Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған немесе құзырлы ұйымдармен танылған материалдардан жасалу қажет.

2822. Өртке су себетін түтік құбырлардың саны кемеде орнатылған крандар санына тең болу қажет.

2823. Әрбір өртке су себетін түтік құбырлар өрт сөндіру бағанымен жиналған түрде, оған арналған кранның қатарына орналасу қажет.

Өртке су себетін түтік құбырды жеке жабылмайтын шкафтарда немесе вьюшкаларда сақтау қажет; шкафтарда «ПР» (Өртке су себетін түтік құбыр) деген жазу болу қажет.

2824. Бағандар жинақ сияқты шашыраған арын ағысты алу мүмкіндігін беретін құрастырылған болу қажет.

2825. Сұғындырмалардың стандартты диаметрін 12, 16 және 19 мм немесе осы өлшемдерге жақын сандарға тең деп қабылдау қажет.

Жүк көтерімділігі 1000 т және одан жоғары ашық палубалардағы қолдық бағандардың, ұзындығы 50 м және одан жоғары техникалық флот кемелерінің және жүзбелі доктардың сұғындырма диаметрлері 16 мм кем болмау қажет.

Қосынды қуаттылығы 900 кВт кіші басты қозғалтқыштары бар тіркеп-сүйрегіш және итермелегіштерде ашық палубаларда сұғындырма диаметрі 12 мм қолдық өрт сөндіру бағандарын қолдануға рұқсат етіледі, егер осы кемелерде көбікпен өшіру жүйесінің өрт сөндіру сорғысы қамтамасыз етілсе.

 

 

263. Көбікпен өшіру жүйесі



 

2826. Көбікпен өшіру жүйесінде жалын сөндіруші зат ретінде мынадай көбік еселігі өндіріледі:

1)төменгі — шамамен 10:1;

2) орташа — 50:1 және 150:1 арасында;

3) жоғарғы — шамамен 1000:1.

Төменгі еселікті көбікпен өшіру жүйесінде, ереже сияқты, еселегі 12:1 қарағанда жоғары көбік өндірілу қажет. Егер нақты еселігі 12:1 қарағанда біреше жоғары болса көбікқұраушының саны 12:1 еселік жүйесі үшін есептелінеді. Егер нақты еселігі 12:1 қарағанда біреше төмен болса, көбікқұраушының саны пропорционалды ұлғайтылуы қажет.

2827. Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған типті көбік құраушы қолданулы қажет.

2828. Көбікпен өшіру жүйесінің өнімділігі және көбік құраушының саны көбік құраушының еселігіне, ерітіндінің беріліс интенсивтілігіне және осы Қағиданың 334-қосымшасында көрсетілген жүйелердің жұмыс ұзақтығына байланысты есептелу қажет.

2829. Көбік құраушыларға арналған цистерналар толтыру және сұйықтықты жіберуге арналған құрылғымен, сұйықтық деңгейіне және қарау және тазарту үшін мойындарды бақылауға арналған құрылғылармен жабдықталу қажет. Цистерналардың сыйымдылығы көбікқұраушылардың барлық қорларын сақтау үшін жеткілікті болу қажет.



Егер жүйенің жүмыс істеуі кезінде цистерналарда артық қысым құралмау қажет, онда цистерналар және магистральды құбырлар аралығында кері (қайтпайтын) клапандарды көздеу қажет.

Егер ащы сумен бассейнге шығуға пайдалануға арналған кемелердегі, жоғары еселікті көбікпен өшіру жүйесінде, тұщы суда жұмыс істейтін көік құраушы қолданылған болса, көбікпен өшіру станциясындағы цистернада қорғалатын бөлмені көбікпен бір еселі толтыруға арналғаннан кем емес запас көзделу қажет.

2830. Көбікпен өшіру станциясындағы жүйені сумен қоректендіретін құбырда манометр орнатылу қажет.

2831. Егер кеме төменгі және/немесе орташа еселікті өшіру жүйесімен жабдықталса, ерітіндінің құбырынан жоғарғы палубамен машиналық бөлімге кіру жеріне, сондай-ақ кемеге сұйық отынды қабылдау аудандарына қосымшалар көзделу қажет.

Бұл қосымшаларда әуе-көбікті бағандармен немесе көбік генераторлармен оларға өрт сөндіретін түтік құбырды жалғау үшін екі краннан орнатылу қажет.

2832. Жоғары еселікті көбікпен өшіру жүйесі мынадай талаптарға жауап беруі қажет:



1) көбік суының қима ауданы көбікгенераторлардың шығу тесігінің қима ауданынан кем болмау қажет. Көбік сулар оларда арынды жоғалту минималды болатындай етіліп салыну қажет, ал шығу саңылауларының орналасуы қорғалатын үй-жайға көбіктің еркін түсуіне ештеңе кедергі келтірмейтіндей болу керек;

2) көбік генератордың немесе көбіксудың шығу саңылаулары оның станциясынан тыс шығу жерлерінде жабылатын құрылғылармен жабдықталу қажет. Бұл құрылғы бір мезгілде автоматты түрде түсіру жүйесімен ашылу қажет. құрылғыны қолмен басқару және «ашық» және «жабық» күйн көрсететін көрсеткіш көзделу қажет;

3) жүйені сынау кезінде көбікті ашық палубаға шығару үшін ауыстырып қосатын құрылғы көзделу қажет. Құрылғы қорғалатын бөлмедегі көбіктің түсуін қамтамасыз ететін күйге қарай пломболануы қажет;

4) көбікгенераторлардың жұмысын қамтамасыз етуші жабдықтар, қоректі негізгі және апатты энергия көздерінен алу қажет.

2833. Жоғары еселікті көбік жүйесімен қорғалатын үй-жайлардың судың көбікке қарама қарсы жағының жоғарғы бөлігінде осы Қағиданың 2-бөлігі 238-бөлімінің және 1192-тармағы 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын ауаны шығаруға арналған саңылау көзделуі тиіс.

2834. Концентрацияға, көбікгенераторға және әуе-көбікті бағандарға қажетті көбік құраушының су ерітіндісін алуға арналған қоспалауыштар Кеме қатынасы тіркелімі мақұлдаған типті болу қажет.

Қоспалауыш арқылы көбікқұраушыныңы есепті шығысы бағандардың және/немесе көбікгенераторлардың бірмезгілде жұмыс істеу әрекетін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болу қажет.

2835. Кемелік үй-жайларда қолданылатын әуе - көбікті баған 120 м3/с кем емес көбіктің берілсін қамтамасыз ету қажет.

2836. Орташа еселікті әуе-механикалық көбіктің ауыспалы генераторы мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:

1) генераторлар алдындағы 0,6 МПа шамадай қысым кезінде көбік құраушының ерітінді бойынша шығысы 21,6 мЗ/с кем болмау қажет;

2) көбіктің ақырын ағысының аралығының қашықтығы 8 м кем болмау қажет.

3) көбікгенераторлардың немесе құрамдастырылған көбік қондырғысының есепті саны

 

N = Q/q,                        (620)

 

мұндағы Q — ерітінді бойынша жүйенің өнімділігі, м3/с;

q — көбікгенераторлардың немесе ерітінді бойынша құрамдастырылған көбіктің өнімділігі м3/с.

2837. Әрбір лафетті баған осы Қағиданың 334-қосымшасындағы 1-сілтемесінде көрсетілген көбік құраушының ерітіндісіні 50 % кем емес берілісін қамтамасыз ету қажет.

2838. Лафетті баған судың және көбіктің кезектесіп берілісін қамтамасыз етуге арналған ауыстырып қосқыш құрылғымен жабдықталуы қажет. Бұл құрылғыларға өрт сөндіру магистралынан және көбікті ерітіндінің магистралынан қосымшалар жеткізілу қажет.

Егер өзара блоктау көзделген болса, ауыстырып қосқыш құрылғының орнына жапқыш клапандарды орнатуға болады.

2839. Оның тұмсығына орналасқан қорғалатын ауданның лафетті бағаннан ең алыс шекараға дейінгі арақашықтығы, желсіз кезде лафетті бағанның ақырын ағысының ұзындығынан 75 % жоғары болмау қажет.

2840. Құрғақ қауіпті жүктерге арналған үй-жайды стационарлы көбікпен өшіру жүйесі мынадай талаптарды қанғаттандыру қажет:

1) жүйенің магистралды құбырының ашық палубаға шығуы алдында жапқыш клапан көзделу қажет;

2) әрбір борттан магистральды құбырда өрт сөндіру крандарымен клапандық қорапшалар көзделу қажет. Әрбір борттан қорапшалар аралығындағы ара-қышықтық көбікгенераторлардың есепті санының 50 % тең болу қажет.

Әрбір жәшіктегі өрт крандарының саны көбікгенератордың есепті санының 50 % тең болуы тиіс.

2841. Тұтанатын сұйықтықтарды немесе құрғақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын өздігінен жүрмейтін кемелерге арналған, тіркеп-сүйрегіш итермелегіштердің көбікпен өшіру жүйесі, өздігінен жүрмейтін кемелерді қызмет етушілерді өшіруге есептелу қажет. Жүйенің өнімділігі және көбікқұраушының қоры осы Қағидаға сәйкес анықталады, сонымен бірге жүк цистерналарына немесе трюмдарға өздігінен жүрмейтін кемелердің цистерналарын және трюмдарын қабылдайды.



Көбікпен өшіру қондырғысы лақтырылатын өртке су себетін түтік құбырмен, көбік құйылатын немесе ұзартқышпен көбікті генераторлы көбік бағандарымен жабдықталуы қажет.

Тіркеп-сүйрегіштердің және итермелегіштердің өзін қорғау үшін басқа өрт сөндіру жүйелерін қолдануға болады.

 

 

264. Көмірқышқылмен өшіру жүйесі



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет