Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет4/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#139918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- қоршаған ортамен таныстыру

- сенсорика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде іске асырылады.

Аталған білім беру саласын ұйымдастыруда баланың қоршаған ортаны бағдарлауы кеңейтіледі және байытылады, сенсорлық эталондар жүйесі қалыптасады.

Мақсаты: танымдық қабілеттерді, адамдар өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

Міндеттері:

- тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу;

- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;

- қоршаған әлем туралы түсініктер мен сенсорлық қабілеттерді қалыптастыру.
Қоршаған ортамен таныстыру

1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Осы жастағы балаларда мынадай қарапайым түсініктер қалыптасады:

- өзі, өзінің аты-жөні туралы;

- өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды т.б.) туралы;

- тілектері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу т.б.) туралы;

- жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы;

- жақын заттық орта туралы – ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағамдар, азық-түлік, жеке заттар туралы.

Балалар заттарды, олардың белгілерін, күрделі емес әрекеттерді білулері керек және заттарды, құралдарды, кейбір еңбек әрекеттерін, жануарларды білдіретін сөздік қорлары болуы керек.

Балалар аквариумдағы балықтарға, ақырға ұшып келген құстарға, үй құстарына және жануарларға (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылау жасай білуі, ағаштар, гүлдер, шөптерді және оларға қамқорлықпен қарауды білулері керек.



Балалардың өсімдіктер мен жануарларға қызығушылығын дамыту, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Бұл жастағы балаларда қоғамдық өмірдің кейбір нақты жағдайлары жайлы қарапайым түсініктері қалыптасады

Балалар:

- жақын ортадағы заттардан және суреттерден, көліктердің, үй жануарларының түрлерін тануы, олардың дауысына еліктеуі;

- жануарлардың ерекшеліктерін: ерекше белгілерін мен қимылын ажырата және атай білуі;

- табиғат құбылыстарын бақылау және оларды атай білуі;

- гүлдейтін бөлме өсімдіктеріне назар аудару;

- кейбір көкөністер мен жемістер туралы түсініктерінің болуы, оларды табиғи түрде және суреттерден ажырата;

- судың, құмның қасиеттерін білуі керек.

Режимдік сәттер барысында танымдық қабілеттерін қалыптастыру үшін қоршаған ортамен, түрлі заттармен, олардың қасиетерімен, пішіндерімен, түрімен және оларды қолдана білуді таныстыруды қамтамасыз ететін ойындар ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтижелер:

- өзі туралы - өзінің аты-жөні, іс-әрекеттері, тілек-ниеттері, жақын адамдары мен отбасы мүшелері туралы біледі;

- бірнеше жануарларды табиғи болмысынан, суреттерден, ойыншықтардан тану және көрсету, олардың дауыстарына еліктеп осы жануарларды атайды;

- жақын ортадағы және суреттерден заттарды таниды;

- ағаштар, гүлдер, шөптерді ажырату және оларға қамқорлықпен қарауды біледі;

- белгілі түстегі гүлді табады, ересектің көмегімен гүлді, ағашты, шөпті көрсетеді;

- жеуге болатын кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады, оларды табиғи түрде және суреттерден таниды;
Сенсорика
1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Балаларда затты лентасынан, бауынан, ауа шарын, ойыншық машинаны, арбаны жібінен тарту, жібінен тарта отырып, дыбысын шығару қабілеттері қалыптасады.

Олар:

- бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю - жинастыру, алу - салу, кішкентай шарларды қорапқа, шелекке ауыстырып салу, кішкентай науалармен домалатуды;



- заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға;

- түрлі-түсті қақпақтарды жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне салу, іші қуыс бірдей заттарды мөлшері үлкен заттармен үстінен жабу, 2-3 сақинадан тұратын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі, кейіннен бір өлшемді бірнеше сақинаны, түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруды;

- спектр түсімен қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ және қара түспен боялған: біркелкі заттарды тану және жұмыс жасауды;

- түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сонымен бірге музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуды үйренеді.



1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Аталған жастағы балаларда мынадай қабілеттер қалыптасады:

- заттар-құралдарды қолдану, олармен әрекет ету, пішінді, көлемді, түсті, дыбысты ажырату;

- едәуір күрделі зат-құралдармен әрекеттерді қалыптастыру - сақинасы, аулағышы, қарпығышы бар таяқшамен ойыншықтар мен шарларды алу, орындарын ауыстыру;

- балаларды кішігірім қазықтарды ылғал құмға және тесіктері бар арнайы үстелге балғамен қағып кіргізуге үйрету;

- заттарды өлшеміне қарай таңдауға және ажыратуға үйрету;

- конусты және тік негізде бірнеше сақинадан тұратын пирамиданы түсі мен өлшеміне байланысты жинастыру, түрлі өлшемдегі cақиналардың 2-3 тобынан тұратын, түрлі өлшемдегі пирамида жинастыру;

- балаларды бір белгісі бойынша пішіндері, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруға үйрету.

Дамыту үшін:

- ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдарды орындау, дидактикалық ойындар мен тұрмыста балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастыру;

- естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңырау, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыру;

- қабылдауды дамыту үшін тұрмыстық заттар, дидактикалық және ұлттық ойыншықтарды қолдана отырып, бір мезгілде екі қасиетті - түс пен өлшем, пішін мен өлшем, пішін мен түсті ажырату, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату, 4 түрлі түсті реңкті: қызыл - қызыл сары, сары - қызыл сары; көк - күлгін, сары - ақ үйлесімділігінде таңдау;

- логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру және топтастыру.
Күтілетін нәтижелер:

- іс-әрекеттерді орындауға қажетті қарапайым құрал-жабдықтарды қолданады;

- еңбек құралдарына ұқсас ойыншықтармен және құрал-жабдықтармен әрекет жасайды;

- екі және үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастырады;

- 2-3 топты қарама-қарсы өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастыру; ересектердің көмегімен 4-5 және одан да артық түрлі өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастырады;

- бірнеше заттарды бір белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастырады;

- заттармен кейбір іс-әрекеттерді шеберлікпен орындайды, 2-ден, кейіннен 3 бөлшектен іріктеуде сәйкес қосымша-бөлшектерді таңдайды;

- қораптардың қақпақтарын таңдайды;

- түсі мен өлшемінен тыс таныс заттарды танып, көрсетеді;

- негізгі төрт түсті ажыратуды (қызыл, көк, сары, жасыл), тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдайды;

- екіден кем емес түстерді атайды;

- 4 түсті реңктердің қызыл - қызыл сары - сары; сары - қызыл сары - сары, көк-күлгін, сары - ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіре біледі.


«Шығармашылық» білім беру саласы

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

- өнерге шығармашылық қатынасын тәрбиелеу;

- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді қабылдауды дамыту;

- қоршаған орта туралы түсініктерді және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
Сурет салу

Сурет салуда қолданылатын құралдар мен материалдарды тану, бейнелеу, музыка өнері туралы түсініктерді қалыптастыру.



1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Балалардың назарын сурет салу үдерісіне аудару.



Балаларды:

- бояудың ашық түстеріне эмоционалды жауап беруге;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниеттерін қолдауға;

- қағаз бетін ашық түсті дақтармен, шатпақтармен толтыруға;

- алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруге үйрету.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Балаларға қарындашпен, фломастермен жұмыс жасау, сызықтар жүргізуге үйретуді жалғастыру.
Мүсіндеу

Бұл жастағы балалар сазбалшықпен, оның қасиеттерімен танысады.

- сазбалшықты алақанына салуды;

- алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;

- жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеуді үйренеді.
Музыка

Аталған жастағы балалардың музыкалық қабілетін, музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдау және дамыту.

1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Балалар:

- мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдау, олардың көңіл-күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен көрсетуді;

- фортепианода 3-4 минуттық үзілістермен, 20-40 секунд үздіксіз орындалатын, сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда орындалатын әуендерді тыңдауды;

- дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі қайталанатын сөздерді айтуды;

- ересектердің созылыңқы айтқан екпіндерге еліктеу, тіркестердің соңын қосылып айтуды;

- әндегі қайталанып айтылатын интонацияларды әндетіп айтуды;

- педагогтың айтқан әнімен жүруді;

- қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету, музыкамен сылдырмақты сылдырлатуды;

- сюжетті ойыншықтардың музыкалық-қимылдық көрсетілімдерін көруді;

- ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау, әннің сөзі мен музыка сипаты бойынша қимылдарды елестетуді;

- сүйемелдейтін әннің сөздеріне байланысты екі қимылдың ауысуын есте сақтау, оыс қимылдарды алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі бойынша орындауды үйренеді.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Балалар:


- әннің әуені мен сөздерін тыңдауды, оларды тануды. Жылдың басында үздіксіз тыңдау 15-20 секундты, ал жылдың соңына 40-45 секундты құрайды.

- көңілді және байыпты сипаттағы әндер мен пьесаларды қолдана отырып, музыкалық шығармаға сәйкес эмоционалдық жай-күй туғызуды;

- музыканы тыңдауда топтасу және музыкалық дыбыстауды ажырата білуді;

- түрлі музыкалық аспаптарда орындалған қарама-қарсы сипаттағы халықтық әуендерді тыңдауды;

- ересектің орындауындағы әнді тыңдау және одан соң қайталау, әндерді орындауда интонацияларды қайталап, ересекпен қосылып айтуды;

- музыкамен жүру, жүгіру, жалаушамен жүру; ересектердің әніне қосылып дабылды соғуды;

- жоғарғы және төменгі дыбыстауды тыңдау, ойын әрекеттерін көрсете білуді;

- ересектің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;

- музыкалы-қимылдық көрсетілімдерде көрген бөлек қимылдарды өздігінен ойында жаңғырту, оларды еліктеулермен және сөздермен қостауды;

- заттармен қарапайым қимылдарды орындау: жалаушаны жоғары көтеру, бұлғау, сылдырмақты сылдырлатуды;

- музыка сипатындағы алмасуларға жауап беруді үйренуді жалғастырады.
Күтілетін нәтижелер:

- қағаз бетіндегі қарындаш немесе фломастердің бедерін байқайды;

- бояудың ашық түстеріне эмоционалды жауап береді;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниет білдіреді;

- қағаз бетіне ашық түсті дақтармен, шатпақтармен толтырады;

- сазбалшықты алақанына салу, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасайды;

- жалпақ дөңгелек пішіндер мүсіндейді.

- ересектің айтқан әнімен жүре біледі;



- ересектің орындауындағы әнді тыңдайды және одан соң қайталайды, әндерді орындауда интонацияларды қайталап, ересекпен қосылып айтады;

- ойын қимылдарын орындау;

- би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен билейді: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру, орнында айналу, музыкамен сылдырмақты соғу;

- ересектерге еліктеп, музыканың баяу және қатты дауысын шапалақпен белгілейді;



- қарапайым бейнелі қимылдарды орындайды.

4. Күн тәртібінің үлгісі

Режим элементтері

Жас

1 жас-1 жас 6 ай

1 жас 6 ай-2 жас

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, өз бетінше әрекет, жеке жұмыс

7.00-8.00

7.00-8.00

Гигиеналық шаралар. Таңғы ас

8.00-8.40

8.00-8.30

Заттық әрекет, баланың бастамасы бойынша ойындар

8.40-9.30




Ұйқы

9.30-11.40

Ересектің басшылығымен оқу-танымдық іс-әрекет, ойындар, серуен




9.30-11.40

1 топшалармен ойын-сабақтар




9.10-9.30

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу

11.40-11.50




Гигиеналық шаралар. Түскі ас

11.50-12.30

11.40-12.30

Ұйқы




12.30-15.00

Белсенді сергектену

12.30-15.00




1 топшалармен ойын-сабақтар

13.00-13.20




2 топшалармен ойын-сабақтар

14.00-14.20




Екінші ұйқы

14.40-16.00




Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, сауықтыру және гигиеналық шаралар

16.00-16.20

15.00-15.40

Бесін ас

16.20-16.40

15.40-16.00

2 топшалармен ойын-сабақтар




16.00-16.20

Ересектің басшылығымен оқу-танымдық іс-әрекет, ойындар, серуен

16.40-18.00

16.20-18.10

Гигиеналық шаралар. Кешкі ас

18.00-18.30

18.10-18.30

Балалардың үйге қайтуы

19.00 –ге дейін

19.00 –ге дейін


5. Ата-аналармен жұмыс

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісіне ата-аналарды тартуды белсендіру, балаларды ерте жастан дамыту мәселелері бойынша олардың білімін ағарту.



Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйым мен отбасында балаларға қойылатын талаптардың ортақ болуы;

- ата-аналарды педагогикалық және медициналық ағарту;

- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым тіршілігімен таныстыру;

- ата-аналардың сұраныстарын, педагогикалық құзыреттілік деңгейіне қажеттіліктерін ескеріп, олармен консультативтік-ағартушылық жұмысты жүзеге асыру.

Жұмыс екі бағытта жүргізіледі:

- әрбір ата-анамен жеке жұмыс;

- ата-аналар ұжымымен жұмыс.

Ата-аналармен жұмыстардың жеке нысаны – ол әңгімелесулер, консультациялар, үйлеріне бару, консультациялық пункттер, ата-аналарға тапсырмалар және т.б.

Ата-аналар ұжымы үшін ортақ консультациялар, топтық және жалпы ата-аналар жиналыстары, конференциялар, қашықтықтан оқыту, көрмелер, лекциялар, үйірмелер ұйымдастырылады. Ақпараттық және тақырыптық бұрыштар, фотомонтаждар безендіріледі, радио бағдарламалар, сауалдар мен жауаптар кештері, дөңгелек үстел жанында кездесулер және т.б. өткізіледі.

Ата-аналармен жұмыс мектепке дейінгі ұйымның тәрбие үдерісіне ата-аналар қауымдастығын тарту болып табылады.

Ата-аналарға көмек ретінде:

- «Ерте жастағы баланы мектепке дейінгі ұйымның жағдайларына бейімдеу мәселелері» ата-аналарға арналған жаднама;

- ата-аналарға арналған сауалнама;

- тәрбиелеу жұмысын көрсету, педагогикалық кітапханаларды, көрмелерді ұйымдастыру,

- консультациялар, әңгімелесулер, үйлеріне бару;

- көрнекі-насихаттау материалдары әзірленуде.

Ата-аналармен жұмыс мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу үдерісіне ата-аналар қауымдастығын тарту болып табылады.




ІV. БІРІНШІ КІШІ ТОП

(2 жастан 3 жасқа дейін)
1. Балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама

2 жастан 3 жасқа дейінгі баланың салмағы шамамен 2 кг артып, 13-16 кг болады, бойы 7-10 см ұзарып, 91-99 см-ге, көкірек қуысының шеңбері 52 см-ге жетеді.

Бала барынша дербес, қимылдары да барынша үйлесімді бола бастайды. Балаларда осы кезеңде жүйке жүйесінің қызметі жетіледі, осының арқасында олардың белсенді сергектігінің ұзақтығы (6-6,5 сағат) артады.

Бұл кезеңнің ерекше сипаты әртүрлі қимылдарға сұраныс, оларды орындауға қызығушылық пен талпыныстың пайда болуы. Бала өмірінің үшінші жылында барлық мүшелердің қызметі мен баланың психологиялық қызметтерінің жетілуі жалғасады.

Бала өмірінің үшінші жылы баланың өзін жеке тұлға ретінде сезінуінің өзгерісті кезеңі болып табылады. Ол саналы түрде «Мен», «Мен қаламаймын, мен жасамаймын!» деп айтады. Ол өзін айнадан және фотолардан таниды.

Бала әрдайым дұрыс болмаса да барлық сөз таптарын қолданады. Дыбыстарды айтуы барынша жетілген, бірақ әлі де ақаулар кездесіп отырады. Екі-үш жастағы бала тілінің ерекше сипаты үнемі айтып қалу, ойын жағдайлары мен барлық қимылдарын сөзбен сүйемелдеу болып табылады.

Екі-үш жастағы баланың негізгі дамытушы әрекетінің түрі ойын болып табылады. Бала ойынға қажетті заттарды сәйкес таңдап, алдын-ала ойлап ойнауы мүмкін. Қиял, фантазия, абстрактілі ойлауды дамыту арқасында ойынның мазмұны болады. Үшінші жылдың соңында балалардың сүйікті ойыны рөлдік ойындар болады.

Дербестік бала тіршілігінің барлық саласында және әрекеттерінде көріне бастайды.
2.Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Бірінші кіші топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

- денсаулыққа қамқорлық, эмоциялы саулық, әрбір баланың жан-жақты дамуы;

- топ ішінде тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынас орнату;

- бұл жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;

- тәрбие мен оқыту үдерістерін шығармашылықпен ұйымдастыру;

- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;

- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.

Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында ұйымдастырылады.

Үш жастағы баланың күн тәртібін құру кезінде алдымен, сергектену уақытының сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. Дербестігінің айтарлықтай артуымен байланысты түрлі гигиеналық шараларды жүргізу мен органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты едәуір кемиді. Сондықтан сергектену бала үшін басқа да барынша күрделенген сабақтармен толықтырылады.

Күн тәртібін құру кезінде бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сергектену уақытында балалардың өздігінен ойыны тәрбиешімен бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар - тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың ұйқыдан оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің бақылауымен өздігінен ойнауын ұйымдастырған жөн.
3. Тәрбие мен оқыту мазмұны

Тәрбиелеу-оқыту үдерісінің негізі «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларын кіріктіру аясында жоспарланатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері (ҰОӘ) болып табылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері І кіші топта аптасына 9 рет ұзақтығы 10-15 минуттан өткізіледі.
«Денсаулық» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- негізгі қимыл түрлерін: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті сақтауды дамытуды жетілдіру;



- жалпы дамыту жаттығуларын, қимылды ойындарды, шынықтыру шараларын қолданып, балалардың денсаулығын нығайту;

- салауатты өмір салты туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет