ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
І Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси қатынастардың қалыптасуы
1.1. Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен мүдделері
1.2. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси дипломатиялық қатынастардың орнауы мен дамуы
ІІ Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттары.
2.1. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастық
2.2. Екі ел арасындағы сауда қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
2..3. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы гуманитарлық саладағы ынытымақтастығы
2.4. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастар: даму мәселелері мен келешегі
Қорытынды
Пайдаланылған деректер
Қосымшалар
І Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси қатынастардың қалыптасуы
1.1 Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен мүдделері
Қазақстанның әлемдегі беделінің нығая түсуі, оның Европа Одағына (ЕО) біріккен мемлекеттерімен байланысының жақсаруымен байланысты. Президент Н.Ә. Назарбаев сыртқы саясаттың осы бағытын Жандандыру мақсатында «Европаға жол» бағдарламасын ұсынды. Әлемде озық технология, жоғарғы сапа мен тиімділікке негізделген экономикасы бар Еуропа елдерімен жан-жақты байланыстар орнату Қазақстан үшін өте пайдалы. Қазақстан осы бағытты қалыптастыруды 1992 жылы Европаға ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүше болумен басталды. Қазақстан дипломатиясы әлемдік нарықтың негізгі үш орталығы АҚШ, Батыс Европа және Жапония деп есептеді. Олармен ынтымақтасу елді әлемдік қауымдастыққа енгізудің ең оңтайлы жолы саналады. Батыс Европамен қатынастардың жақсаруы ең алдымен ЕЫҚҰ, НАТО, Европарламент, Европа Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдардың қызметіне Қазақстанның белсене араласуына байланысты болды. Евроодақ елдерінің ұлы державаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар: Бірінші,Евроодақ экономикалық, саяси және әлеуметтік интеграцияға түскен мемлекеттердің бірлестігі. Дамыған Еуропа елдеріндегі бұл интеграциялану, өзара жақындасу үдерістері әлі де жалғасуда. Екінші, ЕО мүшесінің халықаралық еңбек бөлінісінде өз орны бар, өзіндік ерекше мүдделері бар. Олардың ұлттық мүдделерін қорғауы бұл елдің толық бірлесіп кетуіне жібермеуде. Үшіншіден, ЕО елдерінің даму деңгейлері әркелкі. Әсіресе, ЕО кейінірек кірген Орталық және Шығыс Европа елдерінің даму деңгейі төмен. ЕО тірегі Германия мен Франция сияқты қуатты экономикалық державалар. Төртіншіден, 1951 жылы құрылған Европадағы көмір мен болат бірлестігі негізінде пайда болған ЕО өзінің ғаламдық мәселелерге қатысты саясатын АҚШ-тың ұлттық мүдделерін қорғау саясатымен тығыз байланыстырады. АҚШ пен ЕО экономикалық қана емес әскери одақтастар. Бесіншіден, ЕО мемлекеттері Қазақстанның мұнай, газ, түсті металдар секторына қызығушылық танытады. Атом электр станциялары аса көп Франция, Ұлыбритания сияқты мемлекеттер Қазақстанның уран өнімдеріне зәру. Европалық трансұлттық компанияларды Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал қызықтырады. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде ЕО елдерінің Қазақстанмен танысуы басталып, 1992 жылы ресми дипломатиялық қатынастар орнатылды. Ал, тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап Батыс Европалық компаниялардың Қазақстанның мұнай, газ секторын игеруіге кірісті. ХХ ғасырдың аяқ шенінде Ауғанстандағы тәлібтер режимінің теократиялық, фундаменталды мемлекет құрып әлемдік терроризмнің, наркотрафиктің, діни экстремизмнің тірегіне айналуы европалық қауіпсіздікке зиянын тигізе бастады. Заңсыз қару сату, адам саудасы, жасырын иммиграция сияқты құбылыстар да ЕО елдерінде алаңдаушылық әкелді. Сондықтан, ЕО мемлекеттері Ауғанстанға жақын орналасқан Орталық Азия елдері мен Қазақстанды өзіне тартып, ынтымақтастық қатынастар орнатуға мүдделі болды. Бір жағынан мұнай, газға деген зәрулік, екінші жағынан халықаралық терроризм мен наркотрафикке қарсы күрес мүдделері ЕО пен Қазақстанның әріптестігінің нығаюына объективті себеп болды. Қазақстанда қомақты саны бар неміс, поляк диаспораларының болуы Германия мен Польша сияқты ЕО ірі мемлекеттердің Қазақстанмен мәдени-әлеуметтік қатынастарды тереңдетуге деген мүдделігін тудырды. Қазақстанның ұлы державалардың мүдделері түйіскен геосаяси нүктеде тұруы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы діни экстремистік күштерден қорғаудағы Қазақстанның буферлік рөлі, оның ашық демократиялық мемлекет құруға деген құлшынысы және т.б. фактілер ЕО мемлекеттерінің Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық қатынастар орнатуға мүдделі болуына объективті себеп болды. Қазақстанға инвестиция құю, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақты нығайту арқылы ЕО елдері өзінің геосаяси мүдделерін қорғауды мақсат тұтты. ЕО елдері Қазақстанда нарықтық реформалар жасауға, экономиканы либерализациялауға, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, ғылыми зерттеулер салаларының жұмыстарын жандандыруға көмектесті. 1992-2000 жылдар тек ТАСИС бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға 120 млн. евро көлемінде техникалық көмек берілді. Бұл көмектің 50 пайызы банк секторын жандандыруға, шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға кеңестер беруге, ал 25 пайызы шағын жобаларды жасауды қаржыландыруға жұмсалды. Қазақстандағы нарықтық қатынастарды ұйымдастырудың әдістемелік істерін игеруде ЕО елдерінің көмегінің пайдасы зор болды. Қазақстан үшін ТАСИС-тің экологиялық бағдарламалары қажет болды. Семей ядролық полигонында жасалған сынақтарының салдарын анықтау және жою, Арал теңізі бассейнінің мәселелерін шешу, Алматы қаласының әуе бассейнінің ластауын азайту мәселелеріне қатысты бағдарламалардың әкелген пайдасы қомақты болды. Сонымен қатар, Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын дамыту шараларына қатысты жобаларды да қаржыландырды. Жалпы Қазақстандағы демократия үдерістерінің өрістеуінде және құқықтық мемлекет қалыптастыруда Батыс Европа мемлекеттерінің үлгісінің ықпалды болғандығын айта кеткен дұрыс. Мысалы, әлеуметтік жағынан нашар халық топтарына көмек көрсету ұйымдарын қолдануға ТАСИС бағдарламасынан 300 мың евро бөлінді. Осымен қатар ТРАСЕКА (Европа-Кавказ-Орталық Азия тасымалдау дәлізін ашуға көмектесу); ИНОГЕИТ (Орталық Азиядан Европаға көмірсутекті шикізат тасымалдау жүйесін әртараптандыру инвестициялау жобасы); Темпус (ЕО жағынан білім беру саласынан көмек бағдарламасы) сияқты түрлі жобалар Қазақстанда дамыған өркениетті қоғам құруға өз септігін тигізеді. Қазақстан Евроодаққа кіретін мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарын Европадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының қызметіне белсене араласу арқылы жандандыра түсті. ЕЫҚҰ мүшелері көптеген талқылаулардан соң 2007 жылы желтоқсанда осы ұйымның төрағасы ретінде ТМД мемлекеттерінің ішінен алғашқы болып Қазақстанды таңдады. ЕЫҚҰ қауымдасқан 56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері Қазақстанға өз даусын берді. 2010 жылғы Қазақстанның сыртқы саясатының даму бағыттары мен басымдылықтарын ЕЫҚҰ төрағалық қызмет атқарды анықтады деп есептеуге болады. Қазақстан бұл ұйымның қызметін ренимациялау жоспарын іске асыра алды. Қазақстандық төрағалықтың шешуші міндеті қауіпсіздіктің іргелі мәселелері бойынша консенсус алаңын кеңейту және нығайту болды. Қазіргі қауіп-қатерлер мен сынақтарды түсіну және сараптау арқылы мемлекеттердің үйлесімді іс-қимылдар жасауы мәселесі ұсынылды. 2010 жылы 1-2 желтоқсанда ЕЫҚҰ кіретін 56 мемлекеттің басшылары мен өкілдері Астана саммитіне жиналды. Бұл саммитке 28 елдің президенті, 10 елдің премьер-министрі, 75 делегация, 700 журналистер келді. Әлемдік беделді халықаралық ұйымдар Астана саммитіне өз делегацияларын жіберді. Қазақстанда осы уақытқа дейін осыншама елдердің басшылары жиналған жиын болған емес. Сондықтан, ЕЫҚҰ Астана саммиті Қазақстан үшін тарихи оқиға болды. Қазақстан ЕЫҚҰ-на өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан қиыншылықтар мен келіспеушіліктерді бірлік, келісім, толеранттық, сұхбаттасу арқылы бейбіт жолдармен шешу тәжірибесін ұсынды. Қазақстанның тәуелсіздік ала салысымен өз жеріндегі ядролық қарулардан бас тартуы осы бейбітшілікті жақтау саясатының заңды көрінісі еді. Егеменді Қазақстан 1991 жылдан бастап өзінің сыртқы саясатында ынтымақтасу, бейбітшілік, өзара пайдалы сауда-экономикалық қатынастар, өркениеттердің үн қатысуы принциптерін бұлжытпай басшылыққа алып отырды. Соның нәтижесінде ЕЫҚҰ Қазақстан төрағалығы «Trust – Traditions – Transparency — Tolerance» немесе сенім, дәстүр, ашықтық, төзімділік ұрандарымен жүрді. Қазақстан, біріншіден Батыс пен Шығысты жақындастыруға, олардың өзара үн қосуына үлес қосуды көздеді. Екіншіден, әлемдік қайшылықтар мен аймақтық соғыстарға себеп болып отырған күрделі мәселелер: Ауғанстан, Таулы Қарабақ, Днестр бойы, Кавказдағы соғыстар сияқты қайшылықтар көзін шешуді мақсат тұтты. Төрағалық қызметі барысында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өкілдері осындай қауіпті нүктелердің барлығында болып, Евразия кеңістігінде бейбітшілікті нақты нығайту шараларын қарастырды. Қазақстан осымен қатар, үшіншіден, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстардан шығудың жолдары мен тәсілдерін Евразия мемлекеттеріне ұсынды. Төртіншіден, гуманитарлық, діни, мәдени салалардағы толеранттылық пен мәдениетаралық сұхбат мәселелері көтерілді. Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық қызметінің белсенділігінің нәтижесінде Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікте орналасқан 56 мемлекетті қамтитын Евроатлантикалық және Евразиялық қауіпсіздік парадигмасы берік орнықты. Қазақстанның әлемдік ядролық сынақтарды тоқтату, ядролық қаруларды таратпау туралы ұсыныстарды БҰҰ, НАТО, ЕО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ (ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы), ИЫҰ (ислам ынтымақтастық ұйымы) сияқты халықаралық ұйымдардан белсенді қолдау тапты. Қазақстан әлемдік саясатты Кеңес Одағы мен Батыс арасында «суық соғыс» жылдары (ХХ ғасырдың 50-ші 70-ші жылдары) қалыптасқан екі қоғамдық жүйе арасындағы конфронтация идеологиясын және санасын жеңу жолдарын ұсынды. Шығыс пен Батыс өркениеттердің өзгешеліктеріне қарамастан біртұтас азаматтық құндылықтар төңірегінде топтасуға міндетті. Қазақстан ЕЫҚҰ-ын тек дамыған елдер үшін ғана емес, дамушы елдер үшін де қауіпсіздік негіздерін қалыптастыратын ұйымға айналдыруды көздеді. Ұйымға төраға ел ретінде Қазақстан гуманитарлық немесе адами өлшемдерді есепке ала отырып Ұйымның «үш корзинасын» бірдей толықтыруға ұмтылды. Біріншіден, діндер мен халықтар арасындағы диалогты күшейту. Бұл іске Қазақстанда өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Форумы маңызды рөл атқармақ. Екіншіден, 1975 жылдан бастау алған Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік Кеңесінің Хельсинки қортынды актісінде көрсетілген демократияны, адам құқығын және азаматтық қоғамды дамыту идеяларына адалдық. Үшіншіден, сайлау жүйесіндегі тазалықты, ашықтықты және әділеттілікті қамтамасыз ету. Саяси партиялардың парламент, Президент сайлауларында өздеріне тән қызмет бағыттарын толықтай іске асыруына мүмкіндіктер тудыру. Мәселені шешуде ҚР 2009 жылы «БАҚ туралы», «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп өз үлесін қосты. Мемлекеттік деңгейде қабылданған «Европаға жол» бағдарламасы аясында Қазақстанда әлемдік өркениет жетістіктері болып табылатын еуропалық саяси-құқықтық, философиялық және моральдық құндылықтардың негізінде құқықтық, саяси, қоғамдық және азаматтық жүйелерді қалыптастырудың кең көлемдегі шараларын іске асыру көзделді. Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалығының заңды нәтижесі Астана саммитінің нәтижелі өткізілуі болды. 1999 жылы Ыстамбулда ЕЫҚҰ соңғы саммиті өткізілген болатын. Содан кейінгі 11 жылдан соң Астана саммитінің өткізілуі және Астана Декларациясының қабылдануы ЕЫҚҰ-ның қызметін жаңғыртты. Астана Декларациясы ЕЫҚҰ одан әрі дамуына, Евразия кеңістігінде рөлінің артуына, аймақта ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің беки түсуіне ықпал етті. 35 жыл өмір сүрген ЕЫҚҰ-ның ұстанған «Хельсинки процесін» Евразия кеңістігінде таралуына өз көмегін тизізді. Бейбітшілікті баянды ететін қоғамдық қатынастарды демократияландыру, түрлі қайшылықтарды бейбіт, келіссөздер арқылы шешу, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан шекаралардың мызғымастығы, ғаламдық мәселелерді бірігіп шешу сияқты принциптер баянды бола түсті. Қазақстанның сыртқы саясатының келесі бағыты Орталық Азия аймағындағы көршілер, бауырлас мемлекеттермен ынтымақтасу, әріптестік және бейбітшілік саясатын жүргізу. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан мен Тәжікстан басшылары Қазақстанға сан мәрте ресми, бейресми сапарлармен келді. Бұл мемлекеттер ТМД, ШЫҰ, ҰҚКШ (ұйымдық қауіпсіздік келісім шарты), АСӨКШ (Азиядағы сенім мен өзара келісім шарты) ұйымдары шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінде өзара сауда, экономикалық және саяси байланыстарын жүзеге асырды. ТМД шеңберіндегі қарым-қатынастарға Түркіменстан бейтарап саясат ұстануы нәтижесінде аса көп белсенділік көрсете қойған жоқ. Өзбекстан жабық қоғам құруы нәтижесінде басқа мемлекетермен тым-тығыз қатынастар жасауға мүдделілік танытпады. Ал, Қырғызстанда 2000-шы жылдардың бас кезінде басталған билікке талас, халықтың ереуілдеу процесі 10 жылдан астам уақытқа созылып бұл елдің экономикасын тұралатып тастады. Сондықтан Қазақстан бауырлас Қырғызстанға көмек көрсету саясатын басшылыққа алды. Қазақстан көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен шекарасын бейбіт келісімдер арқылы белгілеуге қол жеткізді. Трансұлттық өзендерді әділ және экологиялық қорғау тұрғысынан пайдалану мәселелерін күн тәртібіне қойды. Азаматтардың Орталық Азия мемлекеттері арасында еркін жүріп-тұруына заңдық негіз жасауды ұсынды. Қуатты Қазақстан экономикасы 2000 жылдан бастап әр жылда Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 1 миллионға жуық еңбек мигранттарын қабылдап оларға құрылыстан, ауыл шаруашылығынан, қызмет көрсету салаларынан жұмыс берді. Қазақстан басшылығы мен бизнесінің бұл саясаты Орталық Азия мемлекеттеріндегі жұмыссыздықтан туған әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетуге үлкен көмегін тигізді. Олар әр жылда бірнеше миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыларын өз елдеріне аударып отырды. Аталған мемлекеттер халқы үшін бұл ақшаның зор көмек болғандығын айтқан жөн. Өкінішке орай, Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы екі жақты талаптар мен мүдделерге толыққанды жауап бере алған жоқ. Ресми Ташкент өзінің сыртқы саясатының басымдылықтарын өзгертіп отырды. Өзбек басшылығы тәуелсіз дамудың бастапқы кезеңінде Ресейден біршама шектеп АҚШ-қа бетбұрыс жасаса, одан соң қайтадан Ресейге жақындай бастады. Ал, cоңғы жылдарда Ташкент сыртқы саясатта белсенділікті АҚШ-пен ЕО-қа әріптестікті бағыттауда. Қырғызстанның сыртқы саясатында да бірізділік болған жоқ. Ресми Бішкек АҚШ-тың әуе базасын Манас әуежайына орналастырып Ресейді ренжітті. Соңғы жылдарда бұл базаны жабу әрекеттері байқалуда. Қырғызстан Ресеймен жақындасу мақсатында оған да Бішкектің қасынан әуе базасын ашуға рұқсат берді. Қырғызстан басшылығының бұл қадамына Өзбекстан Президенті Ислам Каримов наразылық білдірді. Каримов өзінің Орталық Азияның әлемдік державалардың әскери базаларының алаңына айналып кетуіне қарсы екендігін айтып, «ұлы державалар арасындағы әскери жарыстың» құрбандығы болмауға шақырды. Ташкент билігінің 2005 жылғы Әндіжандағы билікке қарсы көтерілісті аямай жазалауы көптеген көтерілісшілердің шығын болуы өзбек басшылығын нағыз авторитарлық билік ретінде көрсетті. Осыған қарамастан АҚШ Өзбекстанды Орталық Азиядағы өз мүддесі үшін пайдалануға күш салуда. АҚШ-қа Өзбекстан басшылығының Ресейден тәуелсіз саясат жүргізуі ұнайды. Өзбекстан билігі өз ішіндегі радикалды ислам оппозициясының күшеюінен қорқады. Сондықтан, АҚШ-тың Ауғанстандағы, Тәжікстандағы антитеррористік қызметін қолдайды. Сонымен қатар, Қырғызстандағы өзбек диаспорының осы елдегі билікке қарсы көтерілістер барысында 2003, 2010 жылдардағы қақтығыстарда зардап шегуі де Ташкентті қатты алаңдатуда. Әсіресе, 2010 жылғы Ош облысында болған этносаралық қақтығыстар бауырлас екі мемлекет арасын тіптен суытып жіберді. Ресми Ташкент қырғыз-өзбек қатынастарында салқынқандылық танытып, жиі-жиі қайталанған Қырғыз көтерілістері кезінде екі халықтың арасында өшпенділік болмауына күш салды. Осыған қарамастан өзбек-қырғыз қатынастары орталық Азиядағы саяси тұрақтылық пен ынтымақтастықты нығайтып отыр деп айта алмаймыз. Осы ретте Түркіменстанның бейтарап, Тәжікстанның көпвекторлы саясат ұстануы Орталық Азиядағы Қазақстан көксеген біртұтас одақтың болуына кесірін тигізуде. Тәжікстанның Ауғанстанның ислами экстремистік террористік топтарының әрекет ету алаңына айналу қаупі күшейе түсуде. Сондықтан буферлік рөл атқарып отырған Тәжікстандағы саяси биліктің мығым болуына Орталық Азия мемлекеттерінің барлығы мүдделі. Қазақстан Орталық Азияда Өзбекстан Республикасымен өзара түсіністік және ынтымақ қатынастарында болуға ерекше мүдделі. Біріншіден, Қазақстанның 12 мың шақырымнан астам мемлекеттік шекарасының 2351 шақырымы Өзбекстанға келеді. Бұл ресей-қазақ шекарасынан кейінгі екінші ұзақ шекара. Екіншіден, өзбек-қазақ байланыстары ортақ түркілік тамырдан шығып күрделеніп өзгерістерге ұшыраған қарым-қатынастардан тұрады. Екі халықтың мәдени-экономикалық байланыстарға ұласып кеткен. Үшіншіден, Өзбекстанда аса ірі 1,5 миллионнан астам қазақ диаспорасы өмір сүруде. Ресми деректерде оның саны 1 млн. қазақ деп көрсетіліп жүр. Қазақстан қазақ ұлтының 10 пайыздан астамын құрайтын бұл диаспорамен тығыз қатынаста болуға мүдделі. Өзбекстандағы қазақтар Қазақстанның демографиялық жаңғыруының көздерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл елдегі қазақ диаспорасының өз Отанына қайтуына Қазақстан ерекше мүдделі. Төртіншіден, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда лидерлік рөл атқару үшін өзара бәсекелестікке де жол беріп отыр. Даму тетіктерін, ел шаруашылығын реформалау жолдарын таңдауды Қазақстан ашық қоғам мен ашық экономика орнатуға ұмтылса, Өзбекстан негізінен өзінің ішкі мүмкіндіктерін, демографиялық потенциалын пайдалануға ұмтылуда. Экономиканы басқарудың авторитарлық, этатистік тәсілдері Өзбекстан басшылығына жақын. Ал, Қазақстан либералистік экономиканы мемлекеттік реттеу саясатын негізгі ұстаным ретінде таңдап отыр. Қазақстан мен Өзбекстан Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді бейбіт жолмен шешуді, әлемдік терроризм, наркотрафик, адам саудасы, заңсыз қару сату сияқты қауіп-қатерлерге қарсы бірлесіп күрес жүргізуді жақтады. Екі мемлекеттегі екі түрлі экономикалық даму деңгейі, діни фактор Өзбекстандағы қазақ диаспорасының тарихи Отанына жаппай көшуіне себепкер болды. Сонымен қатар, екі ел арасында 2351 шақырымға созылатын үлкен мемлекеттік шекараны делимитациялау барысында кейбір түсініспеушіліктер орын алды. Екі мемлекет тәуелсіздік жолымен өз таңдаулары бойынша дамып келе жатыр. Екі елдің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлары әр түрлі. Мысалы 1 шаршы шақырым жерде Өзбекстанда 46 адам өмір сүрсе, Қазақстанда – 6,2 адам өмір сүруде. Ферғана, Зарафшан аңғарларында 1 кв. км жерде 600 ден астам адам бар [Узбеков У.У. Политические аспекты казахстанско-узбекстанских отношений. Алматы, 2000. с. 12.] Сол себепті Өзбекстан да Қытай, Жапония, Үндістан сияқты халқын сыртқа лақтыратын «вулкан мемлекет» қатарында. Қазақстанда жүздеген мың өзбек еңбек мигранттарының жұмыс істеп, нәпақа табуына мүмкіндік берілген. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында туысқан Қырғызстан Республикасымен тең, достық және ынтымақ қатынастармен нығайта беруге мүдделі. Өкінішке орай, Қырғызстандағы ішкі саяси ахуал 2000-шы жылдардың бас кезінен бастап 10 жыл уақыттай шиеленісумен ерекшеленеді. Елдегі түрлі кландық топтардың, солтүстік пен оңтүстік аймақтардың басқарушы және бизнес элиталары арасындағы билік пен байлық жолындағы перманентті күрес бұл елдің экономикалық дамуын тежеді. Елдің қарапайым халқының басым көпшілігі кедейленген әлеуметтік топты көбейте берді. Ел халқының люмпенденуі қауіпті шекке келді. Елдегі ішкі ахуалдың нашарлауы Қырғызстан басшылығына тиімді сыртқы саясат жүргізуіне мұрсат бермеді. Қырғыз басшылары алғашқы кезде президент Асқар Ақаевтың кезінде-ақ Батыс пен Ресей арасында саяси ойын ойнауға ұмтылды. Қырғызстан Орталық Азиядағы АҚШ-тың алғашқы әскери-әуе базасын ашуға рұқсат берді. Пентагон жылына 60 млн. доллар төлеп «Манас» әуежайын пайдаланса, Ресей қысымынан кейін бұрынғы Президент Құрманбек Бакиев Мәскеуде Бішкектен 20 шақырым жердегі әскери базаны пайдалануға берді. Бішкектің әлемдік екі басым державаларға өз жерінен әскери базалар ашуға рұқсат етуі ресми Ташкентке ұнамады. Өзбекстан мен Қырғызстан арасында су-энергетика, заңсыз көші-қон, есірткі айналымы, діни экстремизм, ұлттық сепаратизм, шекараның ұдайы жабылып қалуы, тарифтік және транзиттік шектеулер сияқты «базалық қауіптер» жиі-жиі қайталанып тұрды. Осындай жағдайда Қазақстанның Қырғызстанмен қатынасын жақсартуға ұмтылысына шешілмеген проблемалар қалды. Мысалы, трансшекаралық өзендерді пайдаланудағы су квотасы үнемі өзгеріске ұшырай берді. Қырғыз жағы Ыстықкөл аумағында Кеңес Одағы кезінде салынған қазақстандық демалыс базаларының тағдырын шешпей, тәлкекке салып қойды. Қырғызстан аумағындағы наркотрафик пен заңсыз қару айналымы да қазақ-қырғыз қатынастарындағы қиындық тудыратын мәселелер. Қырғызстандағы әлеуметтік-этникалық қатынастардың шиеленісуі 2003, 2010 жылдардағы екі мәрте болған «қызғалдақ революциялары» бұл елдегі саяси-экономикалық ахуалды тіптен шиеленістіріп жіберді. Қазақстан өзімен 729 шақырым ортақ шекарасы бар, өзін оңтүстік бағыттағы түрлі қауіптерден қорғап тұрған бауырлас Қырғызстанға көмек көрсетті. 2010 жылы ғана Қазақстан Қырғызстанға 20 млн. 300 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек берді [Методические пособие по разъяснению основных положений Послания Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Построим будущее вместе!» Астана. 2011. 203 с.] Бұл көмекке көктемдегі егіс егуіне дизель жанар майы, азық-түлік, құрылыс материалдары, көмір, т.б. тұтыныс заттары кірді. Негізінен әлемдік және екі жақты мәселелерге байланысты қазақ-қырғыз қатынастарында түсінбеушіліктер мен мәнді қайшылықтар жоқ. Екі ел арасындағы қатынастарды дамыта түсу мақсатында Жоғарғы мемлекетаралық кеңес екі елдің премьер-министрлерінің төрағалығымен Үкіметаралық Кеңес, екі елдің сыртқы істер министрлігі Кеңесі құрылған. Аталған ұйымдар қазақ-қырғыз қатынастарының өзекті мәселелерін дер кезінде шешіп отыруға мүмкіндік берді. Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясат бағытын жүргізе отыра басқа мемлекеттермен бірігіп өзінің ықпал ету аймағында мемлекетаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырды. Біріншіден, Орталық Азия мен Қазақстан ядролық қарудан азат аймаққа айналды. Екіншіден, осы аймақ жаһандық энергетикалық орталықтардың бірі болуға лайықты потенциалға ие екендігін көрсетті. Үшіншіден, Орталық Азия арқылы Батыс пен Шығысты жалғастыратын транзиттік жүйенің іске қосылатыны белгілі болды. Төртіншіден, осы аймақтан өтетін мұнай, газ құбырлары әлемдік экономиканың дамуына өз ықпалын тигізетіндей дәрежеге көтеру міндеті шешіліп жатты. Бесіншіден, Қазақстанның аса бай уран қоры бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға өзінің қомақты үлесін қоса бастады. Алтыншыдан, өңір халықаралық терроризм, экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткі транзитті, адам саудасы сияқты сын-қатерлермен күресте әлемдік өркениетті мемлекеттер қауымдастығының сенімді тірегіне айналды. Жетіншіден, Қазақстан жаһандық сын-қатерлермен күресте БҰҰ, ЕЫҚҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО, ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдардың қызметіне белсене атсалысты және олардың қызметтерін жандандыруға бағытталған түрлі ұсыныстар берді. Кеңес Одағы ыдырауының алдында 1991 жылы 31 тамызда Қазақ ССР-нің Президенті Н. Назарбаев «Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа» қол қойды. Қазақстан өз жерін Кеңес Одағының ядролық арсеналынан тазарту ісіне кірісті. Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында елдің ядролық потенциалына қызыққан Иран, Туркия, Пәкістан сияқты жақын орналасқан мемлекеттер мен қатар алыста жатқан Египет, Ливия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт сияқты мұсылман мемлекеттері Қазақстанда өз ықпалын күшейтуге тырысып бақты. Олардың кейбірі Қазақстанға ядролық қару немесе ядролық технологияларды сатып алуға ұсыныстар жасады. Алайда Қазақстан осы күрделі мәселелерге байланысты тәуелсіз саясат жүргізіп әлемдік беделге ие бола алды. Қазақстанның ядролық полигонды жабу және ядролық қауіпсіздікті нығайту ұсыныстары өзінің нәтижелерін берді, бүкіл әлемдік қауымдастыққа өз үлгісін таратты. Семей ядролық полигоны жабылған соң АҚШ-тың Невададағы, Қытайдың Лоб-Нордағы, АҚШ-тың Жаңа Жердегі және Францияның Муроруа атомындағы ядролық сынақ полигондарының үнін өшірді. Қазақстанның «Семей-Невада» қозғалысы үлгісімен басталған әлемдік антиядролық қозғалыс және қарсылық акциялары ондаған ядролық сынақтарды мерзімінен бұрын тоқтауға ықпал етті. Әрине, Ресейдің әскери-өндірістік кешеннің өкілдері Қазақстан полигонын бұрынғыша пайдалануды көздеп бақты. Семей ядролық полигонын жабу Қазақстанға біртіндеп халықаралық девиденттер әкеле бастады. Ядролық сынақ алаңы жабылғанда әуелі АҚШ, Ресей, Англия, одан кейін Қытай мен Франция Қазақстанның ядролық қауіпсіздігіне кепілдік берді. Қазақстан осы маңызды қадамымен алыс-жақын көрші елдерге үлгі болды. Орта Азия мемлекеттері ядролық қарусыз аймақ құру жөнінде Семей келісіміне қол қойды. Қазақстан Президентінің шақыруымен 182 мемлекет ядролық жарылыстан бас тарту туралы келісімге келді. Олардың 154 мемлекеті бұл келісімді радификациялады[ Алдан Смайыл. Тұлғалар табысса, құрлықтар тоғысады [ Егемен Қазақстан. 2012. 5 сәуір. 4 б.]. Қазақстан БҰҰ мүше болып енгеннен кейін оның арнаулы мекемелерінде белсенді жұмыс жүргізе бастады. Бұл ынтымақтастық елдің сыртқы саясатының басым бағдарларының біріне айналды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун «ядролық қарудан өз еркімен бас тарту, Семей полигонын жабу әлемдік тәжірибедегі ерекше жағдай болып табылады», – деп жазды[ Шарипов М. Казахстан в ООН: активной и ответственный участник // Казахстанская правда. 2012. 3 марта. С. 3] БҰҰ Бас хатшысы 2010 жылы Қазақстанға 2 мәрте ресми сапар жасады. Ғасырлар тоғысқан кезеңде адамзатқа түрлі қауіп-қатерлер күшейе түсті. Оның ең қауіптілерінің бірі ядролық қарудың тарауы және қолданылуы болды. Осыған орай тәуелсіздік жылдары Қазақстан ядролық қарусыздану мәселесін үнемі көтеріп келді. Бейбіт атомды игеруді әлемнің 44 мемлекеті жүргізуде. 15 мемлекет атом электростансаларын салуда[ Алдан Смайыл. Тұлғалар табысса, құрлықтар тоғысады // Егемен Қазақстан. 2012. 5 сәуір. 4 б. ]. Қазақстан бейбіт мақсаттағы атомдық технологияларды лаңкестік топтар өздерінің терроршылдық мақсатына пайдаланып кетпеуіне назар салуды ұсынды. Қазақстан әлем елдерінің көшбасшысы болып табылатын «үлкен сегіздіктің» жаппай қырып-жоятын қаруға қарсы жаһандық әріптестікке қосылды. 2005 жылы ядролық материалдарды физикалық қорғау туралы конвенцияның түзетулерін ратификациялады. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тарту туралы ұсынысы әлем мемлекеттерінің басшыларының қолдауына ие болды. Қазақстан өзінің көпвекторлы сыртқы саясатын тұрақты жүргізуі арқасында әлем мемлекеттерінің арасында нақты беделге ие болды. Елдің геосаяси тұрғыдағы маңыздылығы, экономикалық және сауда қатынастары тұрғысындағы тартымдылығы, шикізат ресурстары тұрғысынан пайдалылығы оның әлемдік сауда-экономикалық қауымдастығына жылдам енуіне негіз болды. Қазақстанның бейбіт сүйгіш сыртқы саясаты әлемдегі ынтымақ, теңдік, өзара сенім атмосферасын нығайтуға үлес қоса бастады. Орталы Азиядағы мемлекеттердің ішінде Қырғызстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қырғызстан өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, әлемнің 1о0 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Қырғызстан мен Орталық Азия аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қырғызстан демократияның екпінді даму қарқынының арқасында Орталық Азиядағы өзге мемлекеттермен салыстырғанда үлкен ерекшелігі бар. Бұл түсінікті де, Қырғызстан соңғы жылдардың өзінде екі революцияны бастан кешірдң. Орталық Азиядағы "тұрақсыз" мемлекет дегкн атұа ие болып, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша Қырғызстан аймақтағы кенже мемлекет. Бүгінгі күні Қырғызстан сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2010 — 2015 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының соңғы Европа мемлекеттеріне жасаған ресми сапары Бішкектің басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша Қырғызстан әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Қазіргі кезде Қырғызстан көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалық, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Қырғызстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Қырғызстан ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қырғызстан кезінде Қазақстан ұсынған Орта Азиялық Одақ құру идеясын қолдады. Бұл бірлестікке Қазақстаннан басқа аймақтың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қырғыз басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қырғызстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр. Алайда бұл идеяның жүзеге асуына обективті және субективті кедергілер жетерлік. Дегенмен де болашақта Орталық Азиялық Одақ құрыла қалса Қырғыз мемлекеті оны қолдайтындағы айқын. Қырғыз мемлекеті сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен Қырғызстан көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қырғызстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қырғызстан-Ресей қарым-қатынасының біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. Қырғызстанң мемлекетінің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Қытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. Қырғызстан ҚХР нан ТМД келетін тауар сауда орталығы болып есептеледі. Ал, 2001 жылдан бастап Қырғызстан мен Америка Құрама Штаттарымен байланысы нығая түсуті. Қырғызстанда АҚШ Манас әскери базасының ашылуы қырғыз-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Оның барысында екі ел арасында қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Қырғызстанда инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуын тездетті. Қырғызстан ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында соңғы жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. Қырғызстан мен ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейі байқалуда. Мысалға Қырғызстан қазіргі Сирия мен Иемендегі оқиғаларға алаңдатушылық білдіріп отыр. Себебі осы мелеаеттерде Қырғыз азаматтары соғысуда. Бүгінгі күні әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясында тартылып отыр. Соңғы жылдары Қырғызстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте Қырғызстан ЕО-мен «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі — Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қырғызстаннның саяси, экономикалық дамуы халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ОА ықпалының өcyi мемлекет басшысы А. Атамбаевқа үлкен мүмкіндік берді. Қырғызстан Президентінің ойынша Бішкектегі тұрақтылық ЕО мемлекеттіріне "Қырғызстанға қайтуға" және екі жақты көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді қайта қаралуда. Қырғызстанның сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Қырғызстан бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. Қырғызстан Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына мүдделі. Қырғызстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепциянын қолдайды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. Қырғызстан экономикалық мүмкіндіктері зор бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай мүдделі болып отыр. Халықаралық коғамдастықтағы Қырғызстанның позитивті бейнесіннің қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының басты мақсаты болып отыр. Бұл тұрғыда діни экстремизмге қарсы тұру және Қырғызстандағы тұрақтылық қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде Қырғызстан аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз мемлекеті туралы жағымды имидж қалыптастыруды қайта бастады. Мысал ретінде Қырғызстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қырғызстандағы тұрақтылық халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). Қырғызстан 2001 жылғы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалог арқасында Қырғызстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті. Сонымен, жоғарыда айтып кеткен фактілер Қырғызстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. 2015 жылдың мамырынан бастап Қырғызстан мемлекеті ЕАЭО мүше болып отыр. Бұлда осы мемлекеттің соңғы жылдардағы сыртқы саясатындағы елеулі қадам.
Достарыңызбен бөлісу: |