2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
1-стратегиялық бағыт.
Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.2-мақсат. Сыртқы эконмикалық статистиканың халықаралық стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету
1.2.1-міндет. «Төлем балансы бойынша деректерді жинақтау және өңдеу» ААШЖ дамыту және пысықтау (бұдан әрі – ААШЖ)
Іс-шара: 2012 жылы Төлем балансы бойынша деректерді жинақтау және өңдеу» ААШЖ дамыту бойынша 2-тапсырма жасалды.
1) 01.12.11ж №580 НБ/BSB/161 шарт бойынша бірінші тапсырма 26.01.12ж. № 6 нақты айырбастау бағамдарын есептеу, кіріс, шығыс, аралық есептеу деректерін және олардың форматтарын айқындау мақсатында ААШЖ дамытуға жасалды. Нәтижесі бойынша 2012 жылғы 28 ақпандағы Зерделеу туралы есеп дайындалды, келісілді және бекітілді;
2) 01.12.11ж. №580 НБ/BSB/161 Шарт бойынша 20.03.12 ж. № 13 екінші тапсырма нақты айырбастау бағамдарын есептеу бойынша талаптар бөлігінде ААШЖ дамытуды іске асыру, сондай-ақ халықаралық қызметтер бойынша есептілікті қалыптастыру және жекелеген қолданыстағы нысандар бөлігінде ААШЖ пысықтау мақсатында ААШЖ дамытуға жасалды. Жұмыстар орындалды, 13.12.12ж. ААШЖ өндірістік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды.
1.3-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету
Міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару үрдісін жетілдіруге арналған бағдарламалық өнімдерді ендіру («HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру)
Іс-шара: Есепті кезеңде Ұлттық Банкте «HiPerformance» бағдарламалық өнімін ендіру бойынша жұмыстар жалғастырылды:
1) жобаның 1 фазасы өнеркәсіптік пайдалануға қабылданды;
2) жобаның 1 фазасы бойынша жұмыстарды үйлестіру жүзеге асырылды;
3) «Шектеулі кірісі бар бағалы қағаздарға арналған кірістілікке салым» (ҒІА) модулін қоспағанда, жұмыс жоспарын және SDD құжатының жобасын жобаның 2-ші фазасына келісу жұмыстары жүргізілді;
4) жобаның 2 фазасы бойынша осы модуль бойынша шешімді және мәселелер бойынша ұсыныстарды DST компаниясынан алғанға дейін жұмыс уақытша тоқтатылды.
Жұмыстар 2013 жылы жалғастырылады.
3-стратегиялық бағыт.
«Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру»
3.1-мақсаты. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу мақсатында пысықталған ААШЖ тестілеу және ендіру
Сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға өту шеңберінде 2012 жылы СН пайдалануға өту бойынша төлем жүйелерін, Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерін және КБЕО төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне 4 жоспарлы тестілеу жүргізілді (2012 жылғы 11-12 қыркүйек, 2012 жылғы 16-17 қазан, 2012 жылғы 13-14 қараша, 2012 жылғы 11-12 желтоқсан). Сонымен қатар төлем жүйелерін пайдаланушылардың өздерінің ақпараттық жүйелеріне қосымша тест жүргізу үшін тесттік стендтің жұмысы ұйымдастырылды.
2012 жылғы 29 желтоқсан - 2013 жылғы 2 қаңтар аралығындағы кезеңде Ұлттық Банктің ақпараттық жүйелерінің және төлем жүйелерінің СН пайдалануға өтуін іске қоу жұмысы жүргізілді.
2013 жылғы 3 қаңтарда (2013 жылғы бірінші жұмыс күні) Қазақстан Республикасының төлем жүйелері, Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелері СН қолдана отырып, жаңа режимде жұмыс істеді.
4-стратегиялық бағыт.
Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.
Мақсатты индикаторлар: орталық банктердің қаржылық тұрақтылығын және тиімді қызметін қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларға, тағылымдамаларға, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулеріне қатысуын ұйымдастыру.
Орталық банктердің қаржылық тұрақтылығын және тиімді қызметін қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу мақсатында есепті кезеңде ҚРҰБ 13 қызметкері шетелдік семинарларға және шетелдік орталық банктердің өкілдерімен жұмыс кездесулеріне қатысты, онда қаржы секторын макроэкономикалық басқару, жүйелік тәуекелдерді талдау, қаржылық тұрақтылық үшін экономикалық және макропруденциалдық саясат мәселелері қаралды.
Оның ішінде 12 қызметкер Бірлескен Вена институты ХВҚ, Дойче Бундесбанкпен Чехия Ұлттық Банкімен бірлесіп ұйымдастырған шетелдік семинарларға қатысты. Сондай-ақ 1 қызметкер ТМД бойынша Ресей Банкінің Өңіраралық Оқу Орталығында өткен семинарға қатысты.
4.1.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар. Есептерді тексеру және қаржылық тұрақтылық индикаторларын шығару бөлігінде «Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» ААШЖ функционалын пысықтау.
Нысандарды іске қосу кестесін дайындау және жаңарту, көздер бойынша деректерді шығаруды, сол сияқты шағын жүйенің функционалын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Міндет. Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
Пайдаланушылардың Т24 БАЖ (АБАЖЕБ) ілеспе және дамыту қызметіне шамамен 150 өтініш өңделді.
Өнеркәсіптік пайдалануға «Bloomberg FXGO» сауда платформасы бар интерфейс енгізілді.
Тұтастай алғанда есепті кезеңде пайдаланушылардың өтінімдері негізінде және Шарт бойынша талаптарға сәйкес «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «Әкімшілік-шаруашылық қызметі», «FOREX» қолма-қол жасалмайтын валюта-айырбастау операциялары», «Ностро шоттарын салыстырып-тексеру», «Ақша аударымдары», «Деривативтер – фьючерстер, опциондар», «Сенімгерлік-брокерлік және кастодиандық қызмет көрсету», «Банкаралық депозиттер», «Жеке тұлғаларға қарыздар беру жөніндегі операциялар», «Бағалы қағаздармен операциялар», «АДМ сатып алу/сату» «Мерзімі өткен берешек», «Шоттар», «Эмиссиялық-кассалық операциялар» модульдері бойынша 59 пысықтау жүргізілді, сондай-ақ SWIFT, «Bloomberg», «Bloomberg-FX GO», «KASE», «БААЖ ПУ», «Бағалы металдарды есепке алу», «ҚБЕО», «НАА» және «Бюджетті жоспарлау және талдау» жүйелері бар интерфейстер бойынша 14 пысықтау жүргізілді.
Теменос компаниясының қолдау қызметі операциялық күнді жабу рәсімі функционалын түзету, сондай-ақ «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары» модулінің жұмысын түзету үшін ұсынған 3 патч тестіленіп, орнатылды.
Сонымен қатар, «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және төлем жүйелері операторының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу бойынша дайындық іс-шараларын өткізу, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру туралы» ҚРҰБ Басқармасының 28.04.2012ж. №157 қаулысында және ҚР Қаржыминінің 31.05.2012 ж. №272 бұйрығында көзделген іс-шараларды мемлекеттік органдардың орындауы бөлігінде жұмыстар жүргізілді;
«ҚРҰБ-нің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға өтуінің іс-шаралар жоспарына» (ҚРҰБ Төрағасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және төлем жүйелерін тестілеуден өткізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2012 жылғы 23 ақпандағы № 33 Өкіміне № 1 қосымша) сәйкес Т24 БАЖ пысықтау және тестілеу бойынша іс-шаралар жүргізілді.
ҚРҰБ Төрағасының орынбасары 28.12.12 ж. бекіткен «ҚРҰБ ААШЖ-де сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға өту бойынша ҚРҰБ-де жұмыс жүргізу жоспарына» сәйкес Т24 БАЖ тиісті пысықтаулары мен іске қосулары 30.12.2012 ж. өндірістік пайдалануға енгізілді.
Іс-шара. «ҚРҰБ ӘШҚ есепке алу жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу және ендіру:
Есепті кезеңде мынадай жұмыстар жүргізілді:
1) «ҚРҰБ ӘШҚ есепке алу жүйесі» (бұдан әрі – ӘШҚ ЕЖ) бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алумен байланысты ұйымдық мәселелер пысықталды;
2) ҚР екінші деңгейдегі банктерінде және ТМД орталық банктерінде пайдаланылатын ӘШҚ ЕЖ туралы ақпаратты жинау және талдау жұмысы жүргізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша ӘШҚ ЕЖ сатып алу бойынша одан әрі шешімдер қабылдау үшін ҚРҰБ Төрағасына қызметтік жазба (30.03.2012 ж. №18108/1256) жіберілді;
3) ҚҰБ басшылығының тапсырмасы бойынша БСБ РМК арқылы ӘШҚ ЕЖ сатып алу жұмысы жүзеге асырылды. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) БСБ РМК жарғысында көзделген функциялардың бірқатарын алып тастауға байланысты, осы жұмыстар орындау тоқтатылды;
4) SCC компаниясы АТД қызметкерлері үшін MS Dynamics/Navision және ҚРҰБ-нің мүдделі бөлімшелері үшін «Oracle E-Business Suite» жүйесі бойынша таныстырулар жүргізді;
5) Ұлттық Банк (БЕД, ОПЕРБ, АТД) қызметкерлерінің ӘШҚ бойынша модуль блогымен танысу мақсатында «Альянсбанк» АҚ-на және «Нұрбанк» АҚ-на баруы ұйымдастырылды және жүргізілді. Бару туралы жиынтық есептер дайындалды;
6) бағдарламалық өнімдерді таныстыру және ӘШҚ бойынша модульдер ендірілген екінші деңгейдегі банктерге бару нәтижелері бойынша ӘШҚ ЕЖ жеткізушіні таңдау бойынша одан әрі іс-әрекет жасауға қатысты ұсыныстары бар қызметтік жазба (27.11.2012 ж. № 18108/4919) ҚРҰБ Төрағасының қарауына жіберілді.
ҚРҰБ басшылығының шешімі алынды, оған сәйкес ӘШҚ есепке алу жүйесін таңдау жұмысы 2013 жылы жалғастырылатын болады.
Міндет. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласында Резервтік орталығын құру жөніндегі жұмыстарға қатысу
2012 жылы Астана қаласында ҚРҰБ-нің Резервтік Орталығын салу бойынша мынадай жұмыс жүргізілді:
1) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған Астана қаласы Әкімшілігінің қаулысы алынды;
2) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған АПЗ алынды;
3) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған жер учаскелері тұрған аудандардың оң белгілерінің қызыл желілері мен профильдерін қөрсете отырып, жан-жақты жоспарлау алынды;
4) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына бөлінген жер учаскелері бойынша «АстанагорНПЦзем» ДГП-мен жерді өтеусіз пайдалану шарты жасалынды;
5) «Астана қаласының архитектураы және қала құрылысы басқармасы» ММ-мен ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған жер учаскелерін игеру шарты жасалынды;
6) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған жер учаскелері бағыттарының схемалары әзірленді;
7) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін жобалауға және құрылысына арналған топографиялық түсірілім әзірленіп, алынды;
8) ҚРҰБ Резервтік Орталығын жобалау және құрылысын салу үшін сыртқы инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық талаптар алынды;
9) ҚРҰБ Резервтік Орталығын жобалау және құрылысын салу үшін сыртқы инженерлік желілердің трассаларының схемалары алынды;
10) ҚРҰБ Резервтік орталығын, жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін, ҚРҰБ әкімшілік үйін жобалауға және құрылысына арналған учаскелердің шекараларын бөлу актілері алынды;
11) ҚРҰБ Резервтік орталығының эскиздік жобасы әзірленді;
12) ҚРҰБ Резервтік орталығының ТЭН әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді және мемлекеттік сатып алу шарты жасалынды;
13) инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді және мемлекеттік сатып алу шарты жасалынды.
ҚРҰБ-да оқуға жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету. Орталық банк қызметкерлерін - әмбебап қызметкерлерді оқыту жүйесін құру
Міндет. Ұлттық Банк жүйесінде үздіксіз білім беру жүйелерін әзірлеу және ендіру
Іс-шара: Ұлттық Банк қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігін, шеберлігін, көшбасшылығын және шығармашылығын дамыту, сондай-ақ дербес және сыни тұрғыдан ой салуға, көруге және күнделікті қызметінде туындайтын проблемаларды оңтайлы шешуге қабілетті қызметкерлердің тез арада кәсіби қайта бағдарлау мүмкіндіктерін дамыту мақсатында Ұлттық Банк Төрағасының 2012 жылғы 29 мамырдағы № 146 бұйрығымен «Ұлттық Банктің және оның ведомстволары қызметкерлерінің үзіліссіз білім алуының негізгі бағыттары» бекітілді.
Ұлттық Банктің және оның ведомстволары қызметкерлерінің үзіліссіз білім алуының негізгі бағыттарын ендіру шеңберінде Ұлттық Банктің әрбір қызметкері және басшысы үшін өз бетінше оқуын және мәнсабын жоспарлау жүйесі дамып келеді, орталық банк қызметінің негізгі бағыттары бойынша зерттеуде халықаралық ынтымақтастық жетілдіріледі, Ұлттық Банк қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда тұрақты даму өлшемдері ендіріледі. Ұлттық Банктің және оның ведомстволары қызметкерлерінің үзіліссіз білім алуының негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде үзіліссіз білім беру жүйесін қамтамасыз ететін білім беру орталығын құру, оқу үдерісіне тартылған қызметкерлер үшін ынталандыру, көтермелеу, оның ішінде материалдық көтермелеу әдістерін ендіру жоспарлануда.
Міндет. Қашықтан оқытуды ендіру
Ұлттық Банк филиалдарының қызметкерлері үшін семинарлар/тренингтер жүргізуге қашықтан оқыту бағдарламасын пайдалану
2012 жылы Ұлттық Банкте қашықтан оқытуды ендіру шеңберінде филиалдардың қызметкерлері үшін 4 вебинар өткізілді, аталған іс-шаралар оқытуда осы түрін пайдаланудың ыңғайлылығын және филиалдардың аумақтық алыс болуына байланысты осы уақытқа дейін оқу процесіне аз тартылған филиал қызметкерлерінің қызығушылығын, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарының қызметкерлеріне қашықтан жүргізілетін семинарлар/курстар/ тренингтер саны көбейту қажеттілігін анықтауға мүмкіндік берді, бұл шығыстарды азайтуға және көп тыңдаушылар санын қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ұлттық Банктің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізген 4 қашықтан оқыту семинарында оқыды.
Іс-шара: Оқытатын курстардың бейнетекасын және электрондық кітапхана құру
Оқытатын курстардың бейнетекасын және электрондық кітапхана құру шеңберінде Ұлттық Банктің Ақпарат технологиясы департаментіне 2013 жылы оқытатын курстардың бейнетекасын және электрондық кітапхана құру бойынша бағдарламаларды сатып алуға сұрату (26.03.2012 ж. №26122/545) жіберілді. Ұлттық Банк Медиа порталының жұмыс нұсқасы жасалды, онда оқытатын курстардың бейне материалдары мен электрондық кітапхана орналастырылған. Қолда бар бейне материалдарын конвертациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, осы жұмыс аяқталған соң материалдар Ұлттық Банктің медиа порталында орналастырылатын болады.
Оқытатын курстардың бейнетекасы және электрондық кітапхана құрылу барысында. Ұлттық Банк қызметкерлері өзі үшін қолайлы кез келген уақытта өз кәсіби біліктілігін жетілдіру және деңгейін арттыру үшін бар ақпаратты қолдануға мүмкіндік алады. Оқыту курстарының бейнетекасын құру үшін Ұлттық Банк қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде өткізілетін барлық шаралардың кәсіби бейне жазбаларын жүргізу, сондай-ақ Ұлттық Банктің электрондық кітапханасын сатып алу жоспарланады.
Міндет. Ұлттық Банктің қызметкерлері мен басшыларының арасынан көшбасшылық, шешендік дағдылары дамыған, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, шет тілдерін еркін меңгерген қызметкерлерден тәлімгер-оқытушылардың топтарын құру
Іс-шара: Ұлттық Банктің білікті қызметкерлерін тарта отырып, мынадай семинарлар өткізілді:
Мероприятие. ҚРҰБ базасында 2012 жылы ҚРҰБ қызметкерлерін лектор ретінде тарта отырып ҚРҰБ ОА, ведомстволары мен филиалдарының қызметкерлері үшін 52 оқыту іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 30% ағылшын тілінде сабақ оқыта отырып 10 семинар (бұл ретте 2012 жылғы қыркүйектен бастап 100% ағылшын тілінде сабақ өтілді). Сонымен ҚРҰБ аумақтық филиалдарының қызметкерлері үшін бухгалтерлік есеп, валюталық реттеу, төлем балансы мәселелері, «ЭҚА» ААШЖ пайдалану мәселелері, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметінің басқа да маңызды мәселелері жөніндегі семинарлар ұйымдастырылды, филиалдардың заң кеңесшілері үшін Заң департаментінде тағлымдамалар ұйымдастырылды. ҚРҰБ ведомстволарының қызметкерлері үшін халықаралық резервтерді басқару мәселелер, ҚР заңнамасына тәуекелдерді барынша азайту бойынша өзгерістер енгізу мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырылды. ҚРҰБ ОА бөлімшелерінің қызметкерлері үшін монетарлық операциялар, ақпарат технологиясы бөлімшелерінде және операция бөлімшесінде тағлымдамалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жаңа қызметкерлерді бейімдеу бойынша, ақша-кредит саясаты бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуді және сақтауды насихаттау бойынша, исламдық қаржы бойынша семинарлар өткізілді. Магистранттар үшін ҚРҰБ Қаржылық қадағалау комитетінің бөлімшелерінде тағлымдамалар ұйымдастырылды. ЕурАЗЭҚ қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің өкілдері үшін Ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде қызметкерлерді оқыту саласында қаржылық тұрақтылықты, тәуекелдерді басқаруды, қолма-қол ақша айналысын зерттеу мәселелері бойынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері, стартегиялық басқару мәселелері және т.б. бойынша бірқатар семинарлар және тағлымдамалар ұйымдастырылды.
Сабақтарды 30% ағылшын тілінде оқытумен өткізу практикасы жалғасуда, бұл ретте 2012 жылғы қыркүйектен бастап ағылшын тілінде дәріс беру 100% болды. Мәселен «Investment in gold”, “Public Accountability”, “Sustainable development”, “Banking Supervision”, "Life-long learning" тақырыптары бойынша семинарлар және басқалары өткізілді.
Оның үстіне, ҚРҰБ-де және Магистратурада семинарлардағы сабақтарға тартылатын қызметкерлер үшін жұрт алдында сөйлеу дағдыларын дамыту үшін мамандандырылған семинарлар (Мастер-тұсаукесерлер, жұрт алдында сөйлеу) ұйымдастырылды.
ҚРҰБ филиалдарында 6 көшпелі семинар (құндылықтар, корпоративтік мәдениет және сарапшы-кассирлермен тренинг мәселелері бойынша) ұйымдастырылды.
Іс-шара. Тәлімгерлік жолмен басқару жүйесін құру, табысты нәтижелерге қол жеткізген кезде материалдық емес ынталандыру шаралары қолданылады және бір жыл ішіндегі жұмыс нәтижелерін жүргізген кезде де ескеріледі
Құжаттың жобасын Ұлттық Банктің бөлімшелерімен келісу нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметкерлеріне үздіксіз білім берудің негізгі бағыттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 мамырдағы № 146 бұйрығы әзірленіп бекітілді.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы арқылы
мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары
үшін кадрлар даярлауға қатысуы
Міндет. ҚРҰБ жоғары білікті қызметкерлерінің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк магистратурасының оқу процесіне қатысуы
Ұлттық Банкте магистранттардың практикасын ұйымдастыру
ҚРҰБ жоғары білікті қызметкерлерінің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк магистратурасының оқытушылары үшін ҚРҰБ қызметі бойынша практикалық сабақтар ұйымдастыру
Қазақстанның қаржы жүйесін Ұлттық Банктің жоғары білікті кадрларымен қамтамасыз ету үшін Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы Ұлттық Банктің Магистратурасы арқылы мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрларды даярлауға қатысуы жалғасты.
Ұлттық Банктің қызметкерлері дәрістер, шебер-класстар, тренингтер өткізуге, Магистратурадағы түрлі комиссиялардың жұмысына, магистраттарды жұмысқа орналастыруға, кіру емтихандарына қатысты.
Ұлттық Банк ақпараттандыру және біліктілігін арттыру мақсатында Магистратураның оқытушылары үшін де білім беру іс-шараларын өткізеді, осыған байланысты 2012 жылғы 17 сәуірде State Street Global Advisors компаниясы Ұлттық Банктің және State Street Global Advisors компаниясының ынтымақтастығының 10-жылдығы құрметіне ұйымдастырған «Asset Management in Volatile Times» тақырыбына семинар өткізілді, оған Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы Ұлттық Банктің Магистратурасының 2 оқытушысы, сондай-ақ активтерді басқару семинарына қатысты.
Тұтастай алғанда, Ұлттық Банктің Магистратура арқылы мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрларды даярлауға қатысу нәтижелері осы жобаның оң нәтиже беретінін көрсетті. Магистратура түлектерінің практикалық дайындықпен қатар теориялық білімі бар, яғни оқу барысында жүйелі негізде Ұлттық Банктен және оның ведомстволарынан және басқа қаржы ұйымдарынан практика беріледі, практика тікелей Ұлттық Банкте өтеді, Ұлттық Банктің басшылары және қызметкерлері практиканың және магистрлік диссертациялардың жетекшілері болып табылады. Осының бәрі Магистратура түлектерінің Ұлттық Банкке, не басқа қаржы ұйымдарына жұмысқа орналастырылған кезде тез бейімделуіне көмектеседі.
Практика мен теория ұштастырылған мамандар дайындаудың оң тәжірибесін дамыту шеңберінде, Ұлттық Банк «Назарбаев университеті» ААҚ-мен және әріптес шетелдік жоғары оқу орнымен ынтымақтастықты дамыту жұмысына бастамашы болды және жалғастыратын болады.
Ұлттық Банктің мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін
Ұлттық Банк Академиясында кадрларды даярлауға қатысуы
Іс-шара. Ұлттық Банктің Академиясын құру;
Ұлттық Банктің жоғары білікті қызметкерлерінің Ұлттық Банк Академиясының оқу үдерісіне қатысуы;
Ұлттық Банк Академиясы түлектерінің Ұлттық Банкте практикасын ұйымдастыру
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.01.2012ж. № 134 қаулысына сәйкес «АӨҚО аһАкадемиясы» АҚ-ның 50% акциясы ҚРҰБ-нің сенімгерлік басқаруда. Ұлттық Банктің Академиясын құру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.01.2012ж. № 134 қаулысының жекелеген тармақтарын іске асыру бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.
2012 жылғы 8 мамырда ҚРҰБ және ҚР Қаржы министрлігінің өкілдерінің оқу процесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі кездесуі өтті. 2012 жылғы 18 мамырда «АӨҚО Академиясы» АҚ одан әрі дамыту туралы мәселе ҚРҰБ Директорлар кеңесінің қарауына шығарылды.
ҚРҰБ ҚР Президентіне «Назарбаев университеті» АҚ жанынан Қаржы мектебін құруға қатысты 21.05.2012ж. 26015/1045, 07.06.2012ж. № 26015/1202, 27.08.2012ж. №26015/1901, 14.09.2012ж. №26122/2078, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігіне қаржы секторы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құруға қатысты 14.06.2012ж. №26122/1293, 28.08.2012ж. №26122/1920 хаттарды жіберді.
2012 жылғы 22 қарашада ҚРҰБ оқу орталығының құрылысы туралы мәселе ҚРҰБ Директорлар кеңесінің отырысына шығарылды, отырыста «Ұлттық Банктің Академиясы» оқу орталығының дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Дамыту бағдарламасы ҚРҰБ бөлімшелерімен келісу сатысында тұр.
Оның үстіне, ҚРҰБ ҚР Қаржы министрлігіне «АӨҚО Академиясы» АҚ-ның акцияларын басқару бойынша мәселелерді шешуге қатысты 25.12.2012ж. №26016/3014 хат жіберді. Сондай-ақ жыл бойы ESADE Бизнес Мектебін ынтымақтастыққа тарту бойынша жұмыстар жүргізілді..
Достарыңызбен бөлісу: |