14. Ротациялау
82. Əскери қызметшілерді ротациялау əскерлердің жауынгерлік əзірлігін арттыру үшін
əскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе əскери
қызметшілердің кəсіби əлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
мақсатында жүзеге асырылады.
83. Ротациялау шарттары:
1) бір əскери лауазымда осы Қағидалардың
45-тармағына
сəйкес белгіленген мерзімнен
артық болу;
2) бір гарнизонда (немесе климаттық жағдайы ауыр жерлердегі əскери бөлімде
(бөлімшеде) əскери қызмет өткеру құзыреті мен ерекшелігін ескере отырып, уəкілетті
органның бірінші басшысы айқындайтын мерзімнен артық əскери қызмет өткеру болып
табылады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
84-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
84. Əскери қызметшілерді ротациялау мынадай тəртіппен жəне мерзімдерде жүзеге
асырылады.
Жыл қорытындылары бойынша оларға қатысты осы Қағидалардың
83-тармағында
айқындалған жағдайлар қалыптасқан əскери қызметшілерді ротациялау жоспары
құрылады.
Ротациялау жоспарына мынадай əскери қызметшілер:
1) Заңның
22-бабының 3-тармағында
айқындалған;
2) келісімшарт аяқталатын жылы;
3) олар əскери қызметте болудың шекті жасына толуына дейін үш жыл ішінде;
4) оларды тең немесе жоғары əскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған
жағдайда енгізілмейді.
Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидалардың
45-тармағы
негізінде
белгіленген мерзім ішінде атқаратын лауазымдарында одан əрі əскери қызмет өткеру
мақсатында ротациялау жоспарына енгізілмейтін əскери қызметшілердің тізімі жасалады.
Ротациялау жоспары жəне ротациялау жоспарына енгізілмейтін əскери қызметшілердің
тізімі уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын
тəртіппен
жəне нысан бойынша
жасалады жəне оларды лауазымды адамдар тізбесіне сəйкес аталған жоспарға жəне əскери
лауазымдар тізіміне енгізілетіндерді тағайындау құқығы берілген уəкілетті лауазымды
адам бекітеді.
Ротациялау жоспарына немесе ротациялау жоспарына енгізілмейтін əскери
қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу талап етілетін жағдайлар туындаған кезде
өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды.
Əскери қызметшілерді ротациялау оның жоспары негізінде ол бекітілгеннен кейінгі
келесі жыл ішінде əскери қызметшілерді осы Қағидаларда айқындалған тəртіппен əскери
лауазымдарға тағайындау жолымен əскери қызметті ұйымдастыруды ескере отырып жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |