Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі №132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#136301
  1   2   3


Бұйрық № 74 3 наурыз 2010 жыл


Қазақстан Республикасы Төтенше

жағдайлар министрінің 2008 жылғы

25 шілдедегі № 132 бұйрығына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:

Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында:

барлық мәтін бойынша «(АҚҚ)» сөзі алып тасталсын;

1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы тау-кен жұмыстарын жерасты амалымен жүргізуге қолданылады.»;

2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«2. Жерасты жұмыстары жоба негізінде жүргізіледі.

3. Барлық шахталарда қыртыстардың тау соққыларына шыдамдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. »

4. Барлық шахталарда қыртыстардың тау соққыларына шыдамдылығын анықтау, жарылғыш және жанатын газдардың суфлярлы бөлінулерінің қауіптілігі, шаңның жарылғыштығы, пайдалы қазбалардың өзінен өзі жануға қабілеттілігі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Көмір шахталарында көмір қыртыстарының көмір мен газдың тосын лақтырылуларына қауіптілігі анықталады.

5. Тау соққылары бойынша қауіпті, тау жыныстары мен газдың тосын лақтырылуына, жарылғыш және жанатын газдардың суфлярлы бөлінулердің тазалау және дайындық кеніштеріндегі жұмыстарына шахтада бір жылдан кем болмайтын еңбек өтілі бар, осындай қауіптілік кезінде тау кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша оқудан өткен жұмыскерлер жіберіледі.»;

7-тармақта:

бірінші азат жолда «пайдалану» деген сөзден кейін «, тоқтату» сөзімен толықтырлысын және «немесе Апаттық құтқару құрамдары» (бұдан әрі - АҚҚ) сөзі алып тасталсын;

екінші азат жолда «, уәкілетті органның» сөзі алып тасталсын;

8-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«8. Шахтаға тау-кен жұмыстарын жүргізудің нақты жағдайларында қолдану мен міндетті түрде пайдалану көзделген арнайы киімі мен аяқ киімсіз, керекті жеке қорғаныш құралдарынсыз тұлғаның келуіне рұқсат берілмейді»;

11-тармақтың төртінші азат жолындағы «жұмыскерлердің талапты білуі» сөзі «тәжірибелік дағды» сөзіне алмастырылсын;

12-тармақ алып тасталсын;

14-тармақта:

бірінші азат жолда «әрбір ұйымдарда» сөзінің алдынан «Жұмыстарды жерасты амалымен жүргізетін» сөзімен толықтырылсын;

3) тармақшада «бойынша жалпы ережелер талаптарына» сөзі «Жалпы талаптармен» сөзімен алмастырылсын;

16-тармақтың 2) тармақшасында «қауіпсіздіктің нормалары мен ережелері» сөзі «өнеркәсіптік қауіпсіздік» сөзімен алмастырылсын;

18-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«18. Әрбір жұмыс орнына қауіпсіз өтетін орындар қамтамасыз етіледі. Жұмыс орындары мен оған өтетін орындарды, сондай-ақ адамдар мен жүктерді ауыстыратын орындардыбітеп тастауға рұқсат берілмейді.

Әрбір жұмыскер адамдарға немесе объектіге төнетін қауіпті байқасымен бұл туралы жұмыс істеушілерді ескертеді, техникалық бақылау тұлғасына хабарлайды және мүмкіндікке қарай қауіптілікті түзету бойынша шаралар қабылдайды.

Барлық тау кен өндірулерінің бөлімдері жоғарыға қарай шығатын бағытты көрсететін жарықтандырылған нұсқарлармен жабдықталады.

Жағдайы адамдарға қауіп төндіретін тау-кен өндірулерінде осы қауіптіліктерді қосымша қорғаныс құралдарын қолданумен түзету бойынша жұмыстарды орындау жағдайларын есепке алмағанда болуға рұқсат берілмейді.»;

20-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«20. Жұмыс өндірісі кезінде объектіде бірнеше ұйыммен жұмыс өндірісінің қауіпсіздігі мен уәкілеттік ауқымын шектеу бойынша бірлескен шаралар әзірленеді.»;

23-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«23. Жөндеуден өтіп тазаланған және өту кешендерін, энергиямен жабдықтау объектілерін, желдеткіш және су төгетін қондырғыларды және басқа жабдықтарды пайдалануға қайтадан қабылдауды бақылау сынақтары нәтижелерін есепке алып дайындық актісін жасаумен комиссия жүргізеді.»;

мынадай мазмұндағы 23-1,23-2 және 23-3 тармақтармен толықтырылсын:

«23-1. Машиналарды, жабдықты, аспаптар мен аппаратураны пайдалану және қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу және сақтау технологиялық регламенттер мен дайындаушылардың нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

23-2. Машиналардың, жабдықтың зауыттық құрылымы мен басқару және қорғау сызбасын дайындаушының келісімінсіз өзгертуге болмайды.

23-3. Егер жабдықтың қозғалатын бөлшектерінде қауіптілік көздері болатын болса, қызметтік мақсатына байланысты (кенжар машиналарының жұмыс органдары, конвейер таспалары, роликтер, тартылыс шынжырлары және т.б.) қоршау мүмкін емес бөлшектерден басқалары қоршалады.

Егер машиналарды немесе олардың атқарушы органдарын (жылжымалы машиналар, конвейерлер, арқанды және монорельсті жолдар, итергіштер, шығыршықтар және т.б.) қоршау мүмкін болмаса, машинаны іске қосу және құралдарды тоқтату мен оларды энергия көзінен ажырату туралы ескерту белгісі қарастырылады.

Іске қосу алдындағы дыбыстық ескерту белгісі адамдар үшін қаупі бар барлық аймаққа естілетін болады.»;

26-тармақтағы «күйдегі» деген сөз «мас болған» деген сөздермен ауыстырылсын;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Жер асты қазбаларында жапсарлас сатылардан тексеру, өлшеу, шұғыл (авариялық) жұмыстардан басқа, кез келген өзге жұмыстарды жүргізуге болмайды.»;

33-тармақтағы «берік, тұрақты,» деген сөздер алынып тасталсын;

41-тармақтың бірінші абзацында «Өту жолдары кіреберістердің (кіру жолдарының) ені ҚнжЕ, осы Талаптарда көзделген нормаларға сәйкес болады.» деген сөздер алынып тасталсын;

44-тармақтағы «немесе күлмен» деген сөздер «, күлмен немесе мұз басуға қарсы күресу үшін химиялық реагенттермен»;

46-тармақта:

бірінші абзацта «жоба анықталады» деген сөздер «жұмысты ұйымдастыру обасы әзірленеді»;

екінші абзацта «Тәртіп» деген сөз «Жоба» деген сөзбен ауыстырылсын;

48-тармақта «14 см» деген цифрлар мен әріптер «0,14 м» деген цифрлармен және әріптермен ауыстырылсын;

51-тармақтың бірінші абзацындағы «арнайы» деген сөздер алынып тасталсын;

56-тармақта:

бірінші абзацта «қазбаның жабынына, өту көпірлері мен өзге де құрылғыларға дейін» деген сөздер «, өту көпірлері мен өзге де өзге де құрылғылардың қазба жабынына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацта «алаңдарды» деген сөзден кейін «персоналды отырғызу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«57. Рельс көлігінде жолдардың арасындағы ені жүгі 0,2 м кем емес қарсы электровоздар, вагоншалар арасындағы габаритті қамтамасыз етеді»;

61-тармақтың екінші абзацында «және далдалардың есік ойығы» деген сөздер алынып тасталсын;

62-тармақта «1,0» деген цифр «0,7» деген цифрлармен ауыстырылсын;

65-тармақта:

2) тармақшада «500 мм» деген цифрлар мен әріптер «0,5 м» деген цифрлармен және әріппен ауыстырылсын;

3) тармақшада «600 мм» және «1200 мм» деген цифрлар мен әріптер тиісінше «0,6 м» және «1,2 м» деген цифрлармен және әріппен ауыстырылсын;

68-тармақта «200 мм» және «250 мм» деген цифрлар мен әріптер тиісінше «0,2 м» және «0,25 м» деген цифрлармен және әріппен ауыстырылсын;

69 -тармақ алынып тасталсын;

70-тармақта «240 мм» деген цифр «0,24 м» деген цифрмен ауыстырылсын;

75-тармақта «300 мм», «250», «3 мм», «400 мм» және «100 мм» деген цифрлар «0,3 м», «0,25», «0,003 м», «0,4 м» және «0,1 м» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

76-тармақта «200 мм» және «250 мм» деген цифрлар «0,2 м» және «0,25 м» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

1-кестеде:

4-бағанның атауында «мм» деген сөз «м» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-бағанда «200», «150», «200», «200», «150», «40», «50», «15», «60», «60», «25», «250», «250», «400», «400», «300» және «350» деген цифрлар «0,2», «0,15», «0,2», «0,2», «0,15», «0,04», «0,05», «0,015», «0,06», «0,06», «0,025», «0,25», «0,25», «0,4», «0,4», «0,3» және «0,35» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

5-бағанда:

1-жолда «150 мм» деген цифр «0,15 м» деген цифрмен ауыстырылсын;

5-бағанда «100 мм» деген цифр «0,1 м» деген цифрмен ауыстырылсын;

6-жолда «25 мм» деген цифр «0,025 м» деген цифрмен ауыстырылсын;

9-жолда «40 мм» деген цифр «0,04 м» деген цифрлармен ауыстырылсын;

11-жолда «300 мм», «700 мм», «700 мм», «240 мм», «500 мм» және «500 мм» деген цифрлар «0,3 м», «0,7 м», «0,7 м», «0,24 м», «0,5 м», «0,5 м» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

12-жолда «300 мм», «300 мм», «350 мм», «350 мм», «800 мм», «250 мм», «250 мм», «800 мм», «250 мм», «265 мм» және«250 мм» деген цифрлар «0,3 м», «0,3 м», «0,35 м», «0,35 м», «0,8 м», «0,25 м», «0,25 м», «0,8 м», «0,25 м», «0,265 м» және «0,25 м» деген цифрлармен тиісінше ауыстырылсын;

82-тармақта «уәкілетті органның келісімі бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;

84-тармақтың 2) тармақшасында «(бұдан әрі КАҚҚ)» деген сөздер алынып тасталсын;

89-тармақтың үшінші абзацында «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

93-тармақтың екінші абзацында «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

95-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) техникалық ұйымдастыру бөлімінде.»;

Мынадай мазмұндағы 97-1-тармақпен толықтырылсын:

«97-1. Жанбайтын материалдармен бекіту кезінде бос жерлерді ағашпен жабуға жол берілмейді.»;

111-тармақтың екінші абзацында «қазбалардың» деген сөзден кейін «көлбеу бұрышы 18º астам» деген сөздермен толықтырылсын;

116-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«116. Анкерлік бекіткішті тұрғызу жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен паспортқа сәйкес жүргізіледі.

Қабыршақтанған жыныс кесектерін тексермей және жоймай, шпурларды бұрғылау жұмыстарын жүргізуге болмайды. Бұрғылау кезінде тозаң басу құралдарын пайдалану немесе тозаңға қарсы респираторларда жұмыс істеу қажет:»;

134-тармақ алынып тасталсын;

154-тармақтың алтыншы абзацындағы «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

170-тармақта «0,1515 м» деген цифрлар мынадай редакцияда жазылсын «0,15 м × 0,15 м»;

237-тармақта «Әрбір келіп түсетін» деген сөздер «Әрбір келіп түсетіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

256-тармақта «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

341-тармақтың 1) тармақшасында «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

386-тармақт «осы Талаптардың талаптары» деген сөздер «осы Талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

422-тармақта «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

433-тармақта «осы Талаптардың талаптары» деген сөздер «осы Талаптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

526-тармақтың екінші тармағында «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

527-тармақтың бесінші абзацындағы «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

528-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«528. Тек желдету үшін пайдаланылатын және АЖЖ жұмылдырылатын оқпандар жылына бір реттен кешіктірілмей тексеріледі, сол үшін олар тиісті құрылғылармен (клетпен, қауғамен және басқасымен) жабдықталады.

Қосалқы шығу жолы болып табылмайтын желдету шахталарының күйін видео бақылау арқылы тексеру әдісімен бақылауды жүзеге асыруға болады.»;

533-тармақтың бірінші абзацындағы «18€» деген цифр «18º» деген цифрмен ауыстырылсын;

536-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

612-тармақта «осы Талаптардың» деген сөздер алынып тасталсын;

629, 630 және 631-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«629. Тау-кен соққысына бейімді немесе қауціпті әрбір шахтада аттестатталған ұйым тау-кен соққыларын болжау және алдын алу әдістерін жетілдіру бойынша зерттеу жүргізеді.

630. Тау-кен қазындысы бойынша жоғары мықты қасиеттері бар, жүктемеде морт сынуға қабілетті, жыныстардың жарылуы, қарқынды түрде тесік пайда болатын, осыған ұқсас геологиялық жағдайларда дәл сондай кен денесі шегінде көршілес шахтада тау-кен соққысы немесе оның түрткілері болған қазбалар тау-кен соққыларына бейімдіге жатады.

631. Қазбаларды «тау-кен соққысына бейімді» ретінде жатқызу туралы қорытындыны аттестатталған ғылыми-зерттеу ұйымы береді. Қорытындының негізінде ұйым басшысы қазбаны осы санатқа жатқызады.»;

632, 633 тармақтар алынып тасталсын;

648 және 649 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«648. Тау-кен соққысының зардабын жою жұмысты ұйымдастыру жобасы мен ұйымның техникалық басшысы бекіткен іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады.

649. Тау-кен соққысы кезінде жыныстарды (кендерді) лақтыру нәтижесінде түзілетін қабаттар жанбайтын және уытты материалдармен бекітіледі, қаланады немесе тампондалады. Тау-кен соққылары нәтижесінде түзілген қабаттарды толтыру орындалған жабық жұмыстарды қабылдау актісімен расталады.»;

686-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«686. Кен денесіндегі дайындау қазбалары тазарту жұмыстарынан негізгі қысым аймақтарынан тыс жүргізіледі. Тазарту жұмыстарының фронтынан бастап шекті қашықтық жобамен анықталады, бірақ 40 м кем болмауы қажет.»;

711-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«711. Тау-кен соққыларына бейімді (қауіпті) жер асты объектілерінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар тау-кен инженері МЖММ бастығы болып тағайындалады.»;

713-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«713. Тау-кен кәсіпорнында үздіксіз бақылау және тау-кен қазындысының соққы қаупі бар күйін болжау жүйесі болған кезде қызмет көрсетуші персонал МЖММ штатына кіреді. Үздіксіз болжау жүйесіне ғылыми-әдістемелік басшылық етуді аттестатталған ғылыми ұйым жүзеге асырады.»;

726-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«726. Газ шахталарында жер асты жұмыстарымен байланысты барлық персонал ұйымның техникалық басшысы бекіткен бағдарлама бойынша шахталық газ анықтағыштардың көмегімен газдарды өлшеуге үйренеді.

Газ шығу қаупі бар шахталарға тым болмаса бір қабатында (сілемінде) метан немесе сутегі анықталған шахталар жатады;

Қазбалар мен құрылыстардың жанғыш және улы газдардың өтуі бойынша қауіптілік аймағы мен дәрежесін бағалауды жыл сайын құрамында техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның АЖҚ бастығы бар комиссия геологиялық-маркшейдерлік құжаттама мен аттестатталған ұйымның газ бен газға қаныққан судың өту мүмкіндігі туралы қорытындының негізінде жүргізеді.

Аймақтардың, қазбалар мен құрылыстардың газ қауіптілігі дәрежесін бағалау нәтижелері он күндік мерзім ішінде жобалау және техникалық қызметтеріне мәлімденеді.»;

730-тармақта «... кен орындарының өзіндік жағдайларын ескере отырып,» деген сөздер «Газ шахталары үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;

730-тармақта «Газ режиміне ауыстырылған шахталарға аттестатталған ұйым сараптама жүргізеді» деген сөздер «Газ режиміне ауыстырылған шахталар үшін аттестатталған ұйым сараптама жүргізеді»деген сөздермен ауыстырылсын;

732-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«732. Бас желдеткіш тоқтаған немесе желдеткіш бұзылған жағдайда учаскелерде жұмыстар тоқтатылады, адамдар таза ауа ағысына шығарылады, электр жабдығынан кернеу алынып, өздігінен жүретін жабдықтың қозғалтқышы ажыратылады.

Жұмысты желдеткіштің қалыпты режимін қалпына келтіріп, газдарды өлшегеннен кейін шахтаның техникалық басшының рұқсаты бойынша қалпына келтіруге болады.»;

733-тармақтағы «тұйық» деген сөз «дайындау» деген сөзбен ауыстырылсын;

740-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;

Мынадай мазмұндағы 740-1 және 740-2 тармақтармен толықтырылсын:

«740-1. Қалқанды шахталарда жұмысты қайта қалпына келтіруді оларды желдеткеннен кейін және ауа құрамын белгіленген нормаларға дейін ғана жүргізуге болады.

740-2. Қазбалар мен құрылыстардың жанғыш және улы газдардың өтуі бойынша қауіптілік аймағы мен дәрежесін бағалауды жыл сайын құрамында техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның АЖҚ бастығы бар комиссия геологиялық-маркшейдерлік құжаттама мен аттестатталған ұйымның газ бен газға қаныққан судың өту мүмкіндігі туралы қорытындының негізінде жүргізеді.

744-тармақта:

3) тармақша алынып тасталсын;

алтыншы абзацта «өзге» деген сөз алынып тасталсын;

750-тармақтағы «лақтырынды қаупі бар қабаттарда» деген сөздер «газ шахталарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

764-тармақта:

бірінші абзацта «қазба» деген сөздің алдынан «ұзындығы 10 м астам» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 764-1 және 764-2-тармақтармен толықтырылсын:

«764-1. ЖМК қазбаларын желдету кезінде желдеткіш құбырларының газ шахталарындағы кенжардан 5 м, ал газ жоқ шахталарда 8 м аз болуына жол беріледі.

764-2. Автоматты бақылау құралдары болмаған жағдайда ЖМК қызмет көрсетуді оқудан өткен тұлғалар жүзеге асырады.»;

767, 768, 769-тармақтар алынып тасталсын;

778-тармақта «тампондалған» деген сөз «тампондалады» деген сөзбен ауыстырылсын;

782-тармақта «, мемлекеттік инспекторлары мен санитарлық бақылау органдарына» деген сөздер алынып тасталсын;

6-бөлімде «Қосымша Талаптар» деген сөздер «осы талаптардан ерекшеліктер» деген сөздермен ауыстырылсын;

796-тармақтың бірінші абзацында «осы Талаптардың талаптары» деген сөздер «осы талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

799-тармақта «сульфид жарылуы бойынша қауіпті» деген сөздер «сондай-ақ жарылғыштығы бойынша қауіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;

800-тармақта «ауада» деген сөз «атмосферада» деген сөзбен ауыстырылсын;

801-тармақта «шекті шамадан астам» деген сөздер «шекті шамадан артық болады» деген сөздермен ауыстырылсын;

802-тармақта «тотығы» деген сөз «оксиді» деген сөзбен ауыстырылсын;

803-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«803. Қазбаны желдету үшін қажетті ауа мөлшері мынадай факторлар бойынша есептеледі:

бір мезгілде жер асты жұмыстарымен айналысатын адамдар санының көптігі;

көмірқышқыл газы, улы және жанғыш газ, тозаң, жару жұмыстарын жүргізу кезінде түзілетін улы газ,

іштен жанатын қозғалтқышы бар жабдықты қолдану кезінде бөлінетін пайдаланылған газдың зиянды бөлшектері бойынша;

ауа қозғалысының ең төменгі жылдамдығы бойынша.

Жоғарыда көрсетілген фактор бойынша есеп кезінде алынған ауаның едәуір мөлшері есепке алынады.»;

804-тармақта «адамдардың саны бойынша есептеледі» деген сөздер «адамдардың едеуір саны бойынша беру жағдайына байланысты есептеледі»;

817-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«817. Шахталарды желдету тау-кен қазбаларындағы ауа құрамы, жылдамдығы және температура осы Талаптармен сәйкесетіндей етіп ұйымдастырылады.

екінші абзацта «тиімді» деген сөзден кейін «және тұрақты» деген сөздермен толықтырылсын;

820-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

«3) осы камералардан шығатын желдету ағысы таза ауа ағынымен тазартылады;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) ауа құрамын зарядтау камерасында және газ талдау зертханасында шығыс желдету ағысында сутегі құрамын ай сайын тексеру.»;

822-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тау-кен қазбаларын желдету және технологиясы мақсатында пайдаланылмайтын ауа өткізбейтін далдалармен дер кезінде оқшаулау;

2) пайдалы қазбаны ауа өткізбеуді қамтамасыз етпін жыныс немесе кен төсеу арқылы кентіректер қалдырмай, қазу кезінде өңделген қазбалардың үстінен орнату;

3) кіретін және шығатын ағыстары бар қазбалар арасынан желдету далдаларын тұрғызу;»;

822-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

826-тармақта «іштен жану қозғалтқыштары» деген сөздермен кейін «тау-кен диспетчеріне хабарланады» деген сөздермен толықтырылсын;

826-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Қазбадағы жұмыстар шахтаның техникалық басшысының рұқсаты бойынша ғана қайта қалпына келтіріледі.»;

830-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«830. Желдету есіктері қазбалардың бүйірінде және жабынында қазбаның периметрі бойынша герметикалығын қамтамасыз ететін тереңдікте далдаларға орнатылады. Жолдың тереңдігі кемінде 0,5 м болады»

Есіктері бар желдеткіш далданың құрылымы жылжымалы құрамның едеуір шығыңқы бөлігінен бастап далдаға ойықты салуға дейін 0,5 м кем емес саңылауды, 0,25 м кем емес бүйір саңылауды қарастырады.

Қазбаларда бір оқпанды есіктерді орнату кезінде далдаларда ені 0,7 м кем емес адамдардың өтуіне арналған арнайы есіктер қарастырылады.

Адамдардың өтуі үшін арнайы есіктермен жабдықталмаған желдеткіш далдалардың ойықтарында ойықтың бір жағындағы саңылау 0,7 м құрайды. Бұл талап автоматты есіктерге қолданылмайды.

Қарқынды жұмыс істейтін басты жолдарда желдету жолдарын автоматты ашу және жабу немесе олардың кезекті жұмысшылардың қызмет көрсетуі қамтамасыз етіледі.

50 daПа астам шлюздерді депрессиялау кезінде желдету шлюздері олардың ашылуын жеңілдететін құрылғылармен жарақталады.

Әрбір желдету далдасында негізгі (тікелей) және қарама-қарсы бағытта ашылатын реверсивті есіктер болады.»;

831-тармақ алынып тасталсын;

832-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Желдету құрылыстары арқылы желдету ағыстарының қысқа тұйықталуын болдырмас үшін шлюздеу қамтамасыз етіледі, яғни есіктері бар қалқалардың саны – кемінде екеу. Бұл ретте далдалар арасындағы қашықтық вагоншалар құрамының ең үлкен ұзындығынан артық қабылданады.

Желдету есіктерін рельс көлігімен, сондай-ақ моно рельсті және аспалы арқан жолдармен жабдықталған көлбеу қазба учаскелерінде желдету есіктерін орнатуға болмайды. Өңдеу жүргізілетін қазбалардың учаскелерден төмен орналасқан желдету есіктері тосқауылдармен қорғалады.

Қажеттілігі аяқталғаннан кейін желдету есіктері алынады, ал далдалар бөлшектенеді.»;

833-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

Тау-кен қазбаларында желдету ағыстарын реттеу тозаң желдету қызметі бастығының нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі.»;

837-тармақтың үшінші абзацында «оқпандармен» деген сөзден кейін «, сондай-ақ желдеткіштің жұмыс дөңгелегі алдында» деген сөздермен толықтырылсын;

839-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«839. Басты желдету қондырғылары ақпаратты тау-кен диспетчеріне шығарып, депрессиометрлермен және шығыстарды өлшеу құралымен жабдықталады.»;

840-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«840. Ұзақтығы 30 минуттан астам басты немесе қосалқы желдету қондырғыларын тоқтату кезінде адамдар желдетілетін барлық тау-кен қазбаларынан таза ауа ағынды қазбаларға шығарылады. Бақылау тұлғасы көрсетілген қазбаларда кен атмосферасын желдеткеннен және тексергеннен кейін жұмысты қайта бастауға болады. Ұзақтығы 30 минуттан астам басты желдету құрылғысы тоқтаған кезде персонал ауа беру оқпанына немесе жер бетіне шығарылады. Бұдан әрі іс-әрекет Аварияларды жою жоспарында анықталады. Шахтадағы жұмыстар техникалық басшының немесе оның ауыстырушы тұлғаның рұқсаты бойынша қайта қалына келтіріледі.»;

742-тармақта:

бірінші абзацта «реверсивті» деген сөзден кейін «, ауыстырып қосатын және герметизациялаушы» деген сөздермен, «аудару» деген сөзден кейін «желдету» деген сөзден, «тексеріледі» деген сөздің алдынан «бас» деген сөзден толықтырылсын;

екінші абзацта «6 айда бір рет», «бас», «реверсивті» деген сөздер тиісінше «жылына кемінде екі рет (қысқы және жазғы уақытта)», «бас», «реверсивті жұмыс режимі» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац пен 1), 2), 3) тармақтар алынып тасталсын;

843-тармақта «ауа ағыны» деген сөздер «желдету ағыны», «жол бермей» деген сөздер «жол бермеу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;

844-тармақта:

Бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«844. Реверстеуді тексеру актісіне мынадай көрсеткіштер енгізіледі:»

2) тармақшада «(м/с)» деген сөздер «м3/с)» деген сөздермен ауыстырылсын;

Мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) Аварияларды жою жоспарының реверсивті шебіне жатқызылған қазбалар арқылы өтетін ауа мөлшері мен құрамын өлшеу, желдетудің қалыпты және реверсивті режимдерінің нәтижелері.»;

845-тармақ алынып тасталсын;

846-тармақта «басты желдету» деген сөздер алынып тасталсын;

«2 жылда кемінде бір рет мамандандырылған ұйымдардың желдету қондырғыларының жеке сипаттамаларын алу арқылы тексеру және баптау жүргізіледі.»;

4-тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;

850-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«850. Желдету қондырғысының арнасы немесе диффузор арқылы өтетін орынжайларда желдеткішті тоқтату кезінде іске қосылатын мәжбүрлі желдету қарастырылады.»;

852-тармақта:

екінші абзац алынып тасталсын;

алтыншы абзацта «8» деген цифр «20» деген цифрлармен ауыстырылсын;

852-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;

853-тармақтың екінші абзацындағы «(ЖША)» деген қысқартылған сөз алынып тасталсын;

855-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

857-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«857. Әрбір шахтада өлшеу орындарында ұзындығы басты келіп түсетін және шығатын ағыстардан кемінде 30 м тік сызықты учаскелерде ауа мөлшерін өлшеу орындарында өлшеу станциялары ұзындығы 4 м кем емес стандарт құрылымымен жабдықталады. Өлшеу станцияларын орнату үшін бетонмен бекітілген немесе комбайндармен жүріп өткен және тегіс қабаттары бар қазба учаскелерін пайдалануға болады.

екінші абзацта «учаскелерде» деген сөзден кейін «ұзындығы кемінде 30 метр» деген сөздермен және цифрлармен толықтырылсын;

үшінші абзацта «тақтайлар» деген сөз «өлшемдер,» деген сөзбен толықтырылсын;

859-тармақ алынып тасталсын;

860-тармақта «аппаратура» деген сөз «аспаптар» деген сөзбен ауыстырылсын, «газ шахталарында (метан қаупі бар) – аппаратура.» алынып тасталсын, «азот;» деген сөзден кейін «Барлық аспаптар жарамды күйде ұсталады, мерзімді түрде аттестаттау зертханаларында тексеріледі және аттестатталған ұйымдарда жөнделеді.» деген сөздермен толықтырылсын;

867-тармақтың 4) тармағында «төмендеу» деген сөзден кейін «ішкі» деген сөзбен толықтырылсын, «және жергілікті кедергілерді төмендету» деген сөздер алынып тасталсын;

883-тармақ:

мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Сұйық және жанғыш жүктерді тасымалдау үшін арнайы вагоншалар қолданылады.»;

897-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 908-1 тармақпен толықтырылсын:

«908-1. Ұзын материалдар мен жабдықты құрамдарда жеткізу кезінде осы мақсатқа арналған вагоншалар немесе бір-бірімен қатты тіркемелермен тіркелген платформалар қолданылады. Қатты тіркеменің ұзындығы аралас платформалардағы ұзын материалмен немесе жабдықпен құрамның дөңгелек және иілгіш рельс жолының өтуін қамтамасыз ететін кемінде 300 м қашықтық болатындай есеппен алынады.»;

912-тармақтың екінші абзацында «гаризонттардың» деген сөзден кейін «қарқынды өңделетін» деген сөздермен толықтырылсын;

937-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«937. Жарылысқа қауіпсіз электровоз желіге өтпес бұрын батерея жәшігіндегі сутегінің құрамы өлшенеді, ол 1,5 % аспайды.»;

950-тармақта «(€)» белгі «(º)» белгімен ауыстырылсын;

954-тармақта «€» белгі «º» белгімен ауыстырылсын;

959-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) өртке қарсы жікте су қысымы болмаған кезде конвейерді іске қосуды бұғаттау.»;

988-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«988. Конвейерлік қондырғылардың техникалық қамтамасыз етуді шахтаның бас механигі жүзеге асырады.

Конвейерді, басқару аппаратурасын, роликтерді, керме және тиеу құрылғыларын, таспа мен оның жіктерін, сондай-ақ конвейерді (тежеу құрылғыларын, таспаны басу құралдарын және т.б.) қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылғыларды тексеруді ауысым сайын инженерлік-техникалық ауысым жұмысшысы немесе тағайындалған тұлға жүргізеді.

Басқару және қорғау (таспаның шығу және тежелу бергіштері, жүктеме деңгейі, шұғыл тоқтау және т.б.) аппаратурасының жұмысын, өртке қарсы қызмет құралдары мен өртке қарсы жікте судың болуын тексеруді және байқауды тәулігіне бір рет учаске механигі немесе тағайындалған тұлға жүргізеді.»;

Конвейердің сақтандыру құрылғыларының жұмыс істеу сенімділігі мен таспаның жай-күйін тексеруді шахтаның бас механигі немесе оның орынбасары айына 1 рет жүргізеді.

Тексеру нәтижелері «Конвейердің жай-күйінің жазба журналына» ұйымның техникалық басшысы бекіткен нысан бойынша жазылады. Журналда міндетті тексеруге және байқауға жататын объектілер көрсетіледі.

999-тармақтың 5) тармақшасында «€» белгі «º» белгімен ауыстырылсын;

1020-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1020. Жер асты жұмыстарында қолданылатын ЖАҚ машиналарының түрлері үшін мынадай мәліметтер болуы қажет:

1) қозғалтқыштың жұмыс режимінің барлық саласындағы газ тазалағанға дейінгі және кейінгі өзгерістер, пайдаланылған газдардың, қосылымдардың саны мен температурасы, ондағы көміртегі тотығының, азот тотығының, альдегидтер мен қатты фильтраттың мөлшері;

2) қозғалтқыштың жер асты пайдалану кезінде пайдалануға арналған отынның сериялық отандық маркасы;

3) пайдаланылған газдардың зияндылығының аз болуын қамтамасыз ететін қозғалтқышты бақылау және реттеу әдістемесі;

4) машиналарды техникалық пайдалану талаптары, оның ішінде өңделген мото сағаттарға немесе километрлік аралыққа байланысты ағымдық және күрделі алдын алу тексерулері мен жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері;

5) бейтараптаушыларды пайдалану бойынша нұсқаулық.»;

1021-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«ЖАҚ машиналарын басқаруға оқудан өткен және жер асты жағдайында машиналарды басқаруға куәлік алған тұлғалар жіберіледі.»;

1024-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1024. Дизельдік ЖАҚ бар барлық машиналар пайдаланылған газдарды тазалау жүйесімен жабдықталады.»;

1046-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Рельс көлігімен жабдықталған барлық көлбеу қазбаларында адамдардың өтуіне арналған бөлімшелер болады. Бұл ретте олар жылжымалы құрамның едәуір шығыңқы бөліктерінен жоғары орналасады.

Араластырғыш, қосалқы және көлік құрылғылары мен тетіктерінде, жүк көтергіш және көлік машиналарында орнатылатын электр жабдығы мен автоматтандыру құралдарын орынжайлар мен сыртқы қондырғылардың жарылу қауіптілігі класына сәйкес күйде қолдануға болады.»;

1135-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Шығырларды техникалық куәландыру кезінде статикалық сынақ олардың жұмыс (жобалық) жүк көтергіштігінен 2 есе артық жүктемемен, ал динамикалық – дәл сондай жүктемеден артық болатын жүк көтергіштің 10 % жүктемесімен жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 1263-1 тармақпен толықтырылсын:

«1263-1. Оқпандарды ұңғылау кезінде ұңғылау жабдығы ауыстырылады. Арқанның қозғалыс жылдамдығын түсіруде 0,35 м/с аспайды. Сақтағыш тежеуіштің қосындысы маневрлік тежеуіштің автоматты істеуімен жарысайды. (жүктеменің ең үлкен статистикалық моментіне тежеуіш құрылған қатынасы) әрбір тежеуіштің тоқтатуын қор коэффициенті - ең кемінде 2. Электр еріксіз келтіруі бар шығарлар қозғаушының ажыратуында тежеуге автоматты қосатын бітеулерді алады.

Шеткі жүктемесі бар қол лебедкаларының көтеру және түсіру конструкциясында саптың айналуларымен жететін 2 т дейін арқанында қолдануға рұқсат етіледі. Қол шығырларын тежеп, тоқтатқыш құрылымы және қосарланған тісті берілісті алады. Қол лебедкаларының саптары көтергіштің машинисіне сақтауларға қолданудан кейін түсіп беріледі және техникалық бақылауды тұлғаның шешуі бойынша тек қана шығып тұрады.

Аспалы сөрелер және үрлегіштері бар бесік және жабдықпен тұрақты немесе уақытша әрбір олардың орын ауыстыруынан кейін діңгекті бекіткіш бекітіледі. Сорғы агрегаты және жіберу аппаратурасы бұл сөрелерге және бесіктерге өз кезегінде бекінеді.

аспалы шынжырлар, ілмектер, сөрелер, үрлегіштер, құбырлар, керу құрылымдары және басқа жабдықтың көтергіш арқанымен Қосқыш олардың кез келген ажырау мүмкіндігін болдырмайды.»

1369-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Аппараттардың, электр қорғағыштың, бұғаттау құрылғылары мен реттегіштердің бөліктерінің қақпақтары атаулы пломбалармен бекітіледі.»;

1370-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1370. Жер асты лифт қондырғылары аттестатталған ұйым орындаған жоба бойынша құрылады және қолданыстағы «Лифттерді орнату және қауіпсіз пайдалану талаптар» талаптарына сәйкес болуы қажет.»;

1391-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шахталарда қолданылатын электр жабдығы, кабелдер мен электрмен жабдықтау жүйелері жұмыс істейтін, жарылыс қаупі бар объектілердің электр қауіптілігін қамтамасыз етеді.»;

1395-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Аппараттардың, электр қорғағыштың, бұғаттау құрылғылары мен реттегіштердің бөліктерінің қақпақтары атаулы пломбалармен бекітіледі .»;

1397-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:

«9) патрондары жоқ сақтандырғыштар мен калибрленбеген балқыма ендірмелер қолданылады;

10) газ шахталарында қоршалған тұйық қазбалардан 10 м жақын электр жабдығы орнатылады.»;

1404-тармақтағы «МСТ бойынша көзделген немесе аттестатталған ұйымның қорытындысы негізінде» деген сөздер алынып тасталсын;

1405-тармақтағы «қолданыстағы техникалық шарттар (МСТ) бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;

1421-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1421. Бронды кабелді қосу немесе біріктіру ұйымның технологиялық регламентіне сәйкес жүргізіледі.»;

1422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1422. Иілгіш кабелдерді жөндеу, іске қосу және электр жабдығына қосу ұйымның технологиялық регламентіне сәйкес жүргізіледі»;

1443-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ажырату аппараттарын, реле қорғау құрылғыларын, АТЖ және АЖЖ таңдау кезінде осы құрылғылардың іске қосылу өлшемдерін тексеру және есебін жүргізу жұмыстары жүргізіледі.»;

1453-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1453. Шахталарда кеніште қолдануға арналған шамдар пайдаланылады. Жарық беру үшін кернеуі 24 В аспайтын арматурасы жоқ лампаларды қолдануға болады.»;

1454-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Газ және тозаң жарылу қаупі бар шахталарда жер асты жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін 220 В аспайтын кернеу қолданылады»;

1531-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлық шахталардың (жаңа, қайта ұйымдастырылатын, қолданыстағы) жобаларында «Өрттен қорғау» деген бөлім болады;

1573-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өрт кезінде оқшаулауға жататын учаскеге қатысты сыртқы жағынан әрбір далданың жанында тиісті өлшемдегі науалар орнатылады, онда қалған ойықтарды дереу және сенімді жабу үшін жеткілікті мөлшерде қажетті материалдар сақталады.»;

1598-тармақта:

14-кесте мынадай редакцияда жазылсын:






р/с

Орналасу орны

Қол өрт сөндіргіштері

Құм,

м

Кү

рек, дана.

Автоматты өрт сөндіру қондырғылары (50-100 л), дана.

1

2

3

4

5

6

1

Шахта үстіндегі ғимараттар

7

0,4

1

-

2

Мұнаралы коперлер:













әрбір белгіде

2

-

-

-

май станциялары

8

-

-

2

трансформаторлы шағын станциялар

8

-

-

2

бөлу құрылғылары

8

-

-

2

3

Оқпан жанындағы алаңдар

8

0,2

2

-

4

Орталық электр шағын станциялар

6

0,2

1

4

5

Түзгіш шағын станциялар мен зарядтау камералары

8

0,2

1

2

6

Электровоз депосы

7

0,2

2

2

7

Іштен жану қозғалтқыштары бар машиналардың гараждары, жанар жағармай материалдарының қоймалары

10

0,4

2

2

8

Жарылғыш материалдардың қоймалары

8

0,4

2

2

9

Учаскелік трансформаторлық шағын станциялар, электр бөлу бекеттері, су төкпе камералары

4

0,2

1

-

10

Шығыр камералары

7

0,2

1

-

11

Селен тегістегіштер камерасы

6

0,4

2

1

12

Кжер асты жөндеу шеберханаларының камералары

4

0,4

2

-

13

Жер асты аспаптық камералар мен емдеу орындары

4

-

-

-

14

Авариялық ауамен жабдықтау камералары (ААЖК)

4

-

-

-

15

Газдан жасырыну камералары

16

0,2

2

-

16

Көлбеу оқпандардың, еңістердің, шыңыраулардың жоғарғы және төменгі алаңдары

4

0,4

1

-

17

Таспалы конвейерлермен жабдықталған қазбалар:












Жетек станциялары

2

0,2

1

1

Керме станциялар

2

0,2

1

1

Бөлу бекеттері

2

0,2

1

-

әрбір 100 м сайын конвейердің ұзындығымен

2

0,2

1

-

18

Жылжымалы электр шағын станциялары

2

0,2

1

-


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет