Әлемдiк стандарттар деңгейiнде меншiктi инжинирингтiк базаның болмауы
Бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде әлемдiк деңгейде қызметтер ұсынуға қабiлеттi инжинирингтiк компаниялар жоқ. Талдамалық зерттеуден, жоба алдындағы жұмыстардан, техникалық-экономикалық негiздемелерден және жұмыс жобалауы кезеңiнен бастап техникалық сүйемелдеумен және барлық iрi жобаларды iс жүзiнде қабылдаумен аяқтайтын болсақ оларға Қазақстан Республикасында шетелдiк компаниялар қызмет көрсетедi.
Шешу жолдары: Осыған байланысты 2011 - 2013 жылдары конструкторлық бюро, коммерциализациялау орталықтары және т.б: құрумен қатар жетекшi әлемдiк әрiптестердiң қатысуымен салалық жобалық-консалтингтiк компаниялар құру көзделедi. Осындай жұмыс химия өнеркәсiбiнде болжалынған, бiрақ таяу уақытта осы тәжiрибенi мұнай-газ, машина жасау және металлургия жобаларына тарату қажет. Бұл қазақстандық құраушылардың күрт өсуiнен басқа осы немесе өзге өндiрiстердiң дамуын болжауға, қажеттi технологиялар трансфертiн зерделеуге және жүзеге асыруға және меншiктi жобалау мектебiн құруға мүмкiндiк бередi.
Инновациялық белсендiлiктiң елеусiз деңгейi. Инновациялық көшбасшылардың болмауы
Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша кәсiпорындардың инновациялық ортасы белсендiлiгiнiң деңгейi жоғары емес деңгейдi құрады - 4,0% (2008 жыл). 2008 жылы инновациялық өнiм көлемi 111,5 млрд. теңгенi құрады, яғни өңдеушi өнеркәсiп өндiрiсiнiң барлық көлемiнiң небәрi 3,3 %-ын құрайды.
Қазақстандық өнеркәсiптiк кәсiпорын өз бетiмен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстармен (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТКЖ өнiмдерiн сатып алуға ақша салуға икемдi емес. Статистикалық деректерге сәйкес соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық белсендi кәсiпорындардың деңгейi ЕО елдерiндегiге қарағанда өте төмен, 3-4 % деңгейiнде тербелiстi.
1997 жылдан бастап 2008 жыл бойы кәсiпорындар шығындарының құрамындағы ғылыми-техникалық қызметтердiң үлес салмағы 4,5 есе ұлғайды. Бұл ҒЗТКЖ өнiмдерiне сұраныстың артуын куәландырады.
Бүгiнгi күнi елде инновациялық дамудың катализаторлары болуы мүмкiн инновациялық көшбасшылар жоқ.
Шешу жолдары:
инновациялық дамытуды институционалдық негiздер құру және «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi» акционерлiк қоғамын және «Ғылым қоры» акционерлiк қоғамын ғылыми әзiрлемелердi қолдау және коммерциализациялау саласында инновациялық белсендiлiгiн арттыру, мемлекеттiк қолдауын күшейту үшiн технопарктердiң инфрақұрылымын дамыту арқылы ынталандыру;
компаниялардың тiркелген ставкадағы ғылыми-техникалық өрлеуiнiң мiндеттерiн шешу үшiн экономиканың дәстүрлi секторларымен алынатын компания табыстарынан жартысын тарату;
ҒЗТКЖ бойынша нәтижелердi енгiзуге арналған шығыстардан корпоративтiк табыс салығы бойынша салық салу базасын 150 %-ға қысқарту жолымен ҒЗТКЖ-ны дамытуды ынталандыру;
«инновациялық кәсiпорын» ұғымын енгiзу және салықтық преференцияларды беру.
Нарықта сұранысқа ие тапсырыстар құрылымында ұзақ мерзiмдi тапсырыстарды жасаудың тұрақты тәжiрибесiнiң болмауы. Кепiлдендiрiлген ұзақ мерзiмдi тапсырысты ұсыну тәртiбi
«Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында мыналарды көздеу қажет:
Кепiлдендiрiлген тапсырыс ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың отандық шығарылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзуге бiр жылдан астам мерзiмге шарт жасасу жолымен тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуы болып табылады.
«Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi ережелерге сәйкес Отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзiлген барлық әлеуеттi отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жеткiзушiлер арасында тендер ұйымдастыру арқылы ұйымдастырылатын болады.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық жеткiзушiлермен кепiлдендiрiлген тапсырыс шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiлген тауарлардың, көрсетiлген жұмыстар мен қызметтердiң шыққан елiн растайтын олардың мiндеттемесiн көздеуi тиiс және мiндеттемелердi орындамаған жағдайда бұзу туралы шартты қамтуы тиiс.
Отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды жеткiзушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртiбi.
Салалық министрлiктер мен өңiрлер деңгейiнде қазақстандық қамтуды дамытудың жүйелiк тәсiлiнiң болмау. Қазақстандық қамту көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн бiрiншi басшылардың дербес жауапкершiлiгi
Мемлекеттiк бюджеттi үш жылдық жоспарлау мемлекеттiк сатып алу сұранысының негiзгi үрдiстерiн болжауға және жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Бiрақ, экономиканы кешендi дамыту үшiн оның жеткiлiксiз анық екенi, бұл саланы дамытуды болжау үшiн өте аз мерзiм. Бұған қоса салалық министрлiктер мен өңiрлер деңгейiнде қазақстандық қамтуды дамытуда жүйелiк тәсiл және Қазақстандық қамту көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн бiрiншi басшылардың дербес жауапкершiлiгi жоқ.
Шешу жолдары:
орта мерзiмдiк (5 жыл) және қысқа мерзiмдiк (1 жылға) перспективаға арналған қазақстандық қамтуды дамытудың салалық және өңiрлiк жоспарларын әзiрлеу;
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар басшыларының, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық компанияға тиесiлi ұйымдар басшыларының жоспарлау нәтижелерiне қол жеткiзу үшiн дербес жауапкершiлiгi және мерзiмдiк есептiлiгi.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық өндiрушiлерге сервистiк және қаржылық қолдау көрсету
Жергiлiктi қамтуды дамытуды қолдауда нақты коммуникациялық жоспардың және отандық өндiрушiлердi сервистiк қолдау саясатының болмауы
Кәсiпкерлер мен халықты отандық өндiрiстерге қол жеткiзудi және маңызды оқиғаларды таныстыра отырып қазақстандық қамту саласындағы мемлекеттiк саясат туралы хабардар ету қажет.
Шешу жолдары:
Осыған байланысты мынадай негiзгi шараларға сүйенуi тиiс қазақстандық қамтудың өсуiне жәрдемдесу саясаты мен әдiстерiн жетiлдiруi қажет:
iшкi нарықта жоғары сапалы бәсекеге қабiлеттi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық өндiрушiлердi сервистiк қолдау;
кәсiпкерлердiң сұранысқа ие тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат алуын арттыру мақсатында «Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тiзiлiмi», «Қазақстандық қамту» интернет-ресурсы» ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу және одан әрi дамыту;
отандық өндiрушiлер мен әлеуеттi тапсырыс берушiлердiң қатысуымен өткiзiлетiн кездесулердiң, форумдардың, мәжiлiстердiң, көрмелердiң, дөңгелек үстелдердiң тиiмдiлiгiн арттыру, бiлiм беретiн және насихаттау сипатындағы анықтамалық әдебиеттер мен брошюралар басып шығару.
Аталған шараларды жергiлiктi қамтуды дамытудың мемлекеттiк саясаты операторы ретiнде жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық ұйымға жүктеудi жүзеге асыру.
Қазақстандық қамтуды дамытуды қолдауға әзiрленген нормативтiк-құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру
Қазақстандық қамтуды дамытуды қолдау шеңберiнде заңнамалық база әзiрлендi, оның өз кезегiнде кейбiр iстелiп бiтпеген және қолдану қиындығы бар. Жүргiзiлген талдаудың нәтижесi бойынша өз шешiмiн қажет ететiн мынадай мәселелер анықталды:
Қазақстандық қамтуды дамыту мәселесiне мемлекеттiк көзқарасты талдау тұрақсыз сипатты көрсетедi, мысалы, осы мәселеге назар аудару дағдарыс кезiнде күшейедi және шикiзатқа жоғары баға кезеңiнде нашарлайды. Нәтижесiнде, осы мәселеде жүргiзiлген мемлекеттiк саясат ұзақ мерзiмдi кезеңде өз тиiмдiлiгiн жоғалтады.
Аталған мәселенi шешу үшiн қазақстандық қамтуды дамытудың тұрақты идеологиясын қалыптастыру тетiгiн, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегiмен идеяларды насихаттау жолымен заңнамалық бекiту қажет.
Ауыл шаруашылығы өнiмiне және басым кәсiпорындардың өнiмдерiне CT-KZ нысанды тауардың шыққан жерi туралы сертификатты сатып алу.
Осы мәселенi шешу үшiн беру тәртiбiн жеңiлдету бөлiгiнде «Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысын қайта қарау қажет.
Қазақстандық қамту ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес қазақстандық қамтуды есептеу.
Есептеу дәлдiгiне мердiгерлiк жұмыстардың барлық деңгейлерiнде жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды есепке алу жолымен қол жеткiзiледi. Бұдан басқа, формуланы iске асыру қиындығының деңгейi жұмыстар немесе қызметтер шарты бойынша жеткiзу кезiнде пайдаланылған қазақстанда жасалған тауарлардың құнын анықтау қажеттiгi есебiнен артады. Бұл фактi сатып алуды жүзеге асыратын және жүргiзiлген сатып алулар туралы есептi Ұсынатын ұйымдардан қажеттi ақпаратты жинау үдерiсiн қиындатады, бұл қазақстандық қамту бойынша статистикалық деректерде келеңсiз көрiнiс табады.
Осы мәселенi шешу үшiн есептеу әдiстемесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып aлу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегi № 964 қаулысын қайта қарау қажет.
Қазақстандық өндiрушiлер және Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн ұйымдар өндiретiн Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң заң жүзiнде бекiтiлген бiрыңғай тiзiлiмiнiң болмауы.
Осы мәселенi шешу үшiн осындай Тiзiлiмдi бекiту мақсатында «Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың қызметi;
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмде бекiтiлген ерекше мәртебе мен заңнаманың тұрақтылық режимi уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайта өңдеу деңгейiн арттыру және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды кеңейту жөнiндегi саясатты тиiмдi жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Осы мәселенi шешу мақсатында мыналарды:
заңнамалық деңгейде өткiзiлетiн тендерлердiң барынша ашықтығының қажеттiлiгiн белгiлеу;
шикiзатты қайта өңдеу деңгейiн арттыруды және тiкелей қатысу арқылы қазақстандық қамтудың үлесiн қамтамасыз ететiн жаңа қайта өңдеушi және iлеспе өндiрiстер құруға бастамашы болу;
кәсiпорындардың тапсырыстарды жоғалтуын болдырмау шарттарын жасау рәсiмдерiн жеңiлдету мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға ұзақ мерзiмдi келiсiмшарттар жасау тетiгiн пысықтау қажет.
Қазақстандық қамту бойынша пайыздық мiндеттемелердiң бұрын жасалған жер қойнауын пайдалану келiсiмшарттарында болмауы.
Осы мәселенi шешу мақсатында жер қойнауын пайдалану келiсiмшарттарында қазақстандық қамтудың пайызын көрсете отырып, қосымша келiсiмге қол қою жөнiнде жұмыс жүргiзу қажет. Бұрын келiсiмшарттармен және оларға қосымша келiсiмдермен белгiленген жер қойнауын пайдаланушылардың мiндеттемелерi тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегi қазақстандық және кадрлардағы қамту бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстерге сәйкес қайта қаралуы тиiс.
Концессияның үлгi шарттарында қазақстандық қамтуды дамыту бойынша концессионерлердiң мiндеттемелерiне қатысты нормалардың болмауы.
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 18 және 19-тармақтарына сәйкес концессия шарты қазақстандық қамту бойынша, алдағы жылға арналған сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсыну бойынша мiндеттемелердi және сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты қамтуы тиiс.
Осы мәселенi шешу мақсатында «Экономиканың түрлi саласындағы (аясындағы) концессия үлгi шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы қазақстандық қамту мониторингiне жататын ұйымдарды қайта қарау қажеттiлiгi.
Осы мәселенi шешу шеңберiнде кәсiпорындарды iрiктеудiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiту және осы тiзбенi қайта қарау бойынша жұмыс жүргiзу, сондай-ақ «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы қазақстандық қамту мониторингiне жататын ұйымдардың тiзбесi» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Мемлекеттiк органдар, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе құраушы кәсiпорындар сатып алуында қазақстандық қамтудың анық үлесiн анықтау.
Берiлiп отырған есептiлiк қазақстандық қамту бойынша анық ақпаратты бұрмалайды, өйткенi мониторинг субъектiлерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi толық орындамайды.
Аталған мәселенi шешу үшiн мониторинг субъектiлерi ұсынатын ақпараттың дұрыстығы бөлiгiнде iрiктеме бақылау тексеруiн жүргiзу қажет.
Қазақстандық қамту үлесiн ұлғайту бойынша көрсеткiштерге қол жеткiзу үшiн, сондай-ақ қазақстандық қамту бойынша анық емес ақпарат ұсынбағаны немесе ұсынғаны үшiн мемлекеттiк органдар мен ұлттық компаниялар бiрiншi басшыларының дербес жауапкершiлiгiнiң болмауы.
Қазақстандық қамтуды дамытумен байланысты мәселелердi анағұрлым тиiмдi шешу мақсатында қазақстандық қамтуды дамыту саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткiзу үшiн, сондай-ақ қазақстандық қамту бойынша анық емес ақпарат ұсынбағаны немесе ұсынғаны үшiн мониторинг субъектiлерiнiң басшыларына дербес жауапкершiлiктi бекiту қажет.
Халықаралық ұйымдар ережелерiнiң шеңберiнде жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi Қазақстанның мемлекеттiк саясаты
Әлемдiк сауда жүйесiнiң эволюциясын қарастыру барысында мынадай қазiргi заманғы үрдiс анықталуда: халықаралық сауда анағұрлым либералдық болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекетаралық (ұлттықтан жоғары) және де ұлттық деңгейде анағұрлым реттелетiн (басқарылатын) де халықаралық сауда болып табылады. Бiр жағдайларда бұл реттеу тауарлар мен қызметтердiң еркiн қозғалысын шектейдi, басқаларында - оған ықпалдасады немесе белгiлi түрде оны ұйымдастырады, тәртiпке келтiредi. Бiрақ, реттелетiн еркiн сауда протекционизм тәрiздi еркiн нарық, еркiн бәсекелестiк тетiгiне араласуын ұсынады және бұл қатынаста еркiн саудаға оның классикалық түсiнiгiмен қарсы тұрады. Сондықтан қазiргi заманғы кезеңде еркiн туралы емес, ал реттелетiн еркiн сауда туралы айтқан дұрыс, бұл халықаралық экономикалық байланыстардың нақты нысанына анағұрлым сәйкес келедi, өйткенi қазiргi заманғы әлемдiк шаруашылықта сыртқы сауда кедендiк-тарифтiк және негiзiнен тарифтiк емес реттеу арқылы шаруашылық өмiрдiң анағұрлым реттелетiн салалардың бiрiне жатқызылады.
Сондықтан Бағдарламада болжанған қолдау шаралары отандық өндiрушiлерге белгiлi бiр дайындық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгi шеңберiнде еркiн бәсеке жағдайына бейiмделу мүмкiндiгiн беретiнiн назарға алу қажет. Сонымен қатар, мемлекет халықаралық ережелер мен тәжiрибеге қайшы келмейтiн тәсiлдермен экономиканы индустриялық дамытуды қолдау саясатын жалғастырады.
Бұған байланысты әлемдiк сауда жүйесiне кiрiгу үдерiсi сауда саясатының негiзгi мақсаты ретiнде мына аспектiлердi айқындайды:
елдiң гүлденуiне қол жеткiзу үшiн әртараптандыруды, ашықтықты, тең құқықтықты және өзара табысты қамтамасыз ету;
сауданың анағұрлым бейтарап режимiне қол жеткiзу;
елдiң халықаралық сауда ұйымдарының толық мүшесi болу.
Қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шаралар iшкi де, сыртқы да нарықтағы саланың бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру үшiн қажеттi. Бұл ретте, мемлекеттiң қорғауында тұрған кәсiпорын бұрынғы шаралардың қолданысы кезеңiнде жаңа технологияларды енгiзуге, менеджменттi және т.б. жақсартуға тиiс.
Кәсiпорынды нығайтқан сәттен бастап, яғни оның қызметi iшкi нарық шетелдiк өндiрушiмен бәсекелесуге дайын сәттен бастап, оның қызметi iшкi нарықтан импорттық өнiмдi шығару жолымен шетелдiк өндiрушiмен бәсекелесуi мүмкiн, ұсынылатын қолдау болмауы мүмкiн.
Әрине, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жергiлiктi қамту үлесiн сақтау бойынша Қазақстанда жасалған тауарлар мен қызметтердi мiндеттi пайдалану туралы талаптар ДСҰ нормаларына қайшы келедi, атап айтқанда инвестициялық шаралар бойынша Келiсiм (ТРИМС) 1994 жылғы ГАТТ II және XI баптың шарттарына сәйкес келмейтiн, инвестициялық шаралардың саудасымен байланысты пайдалануға тыйым салады (көрсетiлген баптардың мiндеттемелерi ұлттық режим мен сандық шектеулерден жалпы бас тартуға қатысты).
Сонымен қатар, ДСҰ-ға қосылатын елдер жергiлiктi компоненттердiң үлесi бойынша шетелдiк инвесторларға қойылатын талаптарды жою бойынша көшпелi кезең ұсынылуы мүмкiн. Мысал ретiнде мына елдердi атауға болады: Аргентина, Колумбия, Малайзия, Мексика, Пәкiстан, Румыния, Таиланд және Филиппины. Сондықтан заңнаманы ТРИМС бойынша ДСҰ Келiсiмiне сәйкес келтiру үшiн қажеттi көшпелi кезеңдi белгiлеу жүзеге асырылатын және қажеттi мiндет болып табылады.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң деректерi бойынша Қазақстан үшiн көшпелi кезеңдi 2020 жылға дейiн ұсыну жоспарланады. Бағдарлама 2010 - 2014 жылдар аралығында iске асырылады, сондықтан қазақстандық қамтуды дамыту бойынша барлық ұсынылатын шаралар ДСҰ-ға кiру жөнiндегi жұмыс тобының талаптарына қайшы келмейтiн болады.
Сондай-ақ, Бағдарламадағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi ұсынылатын шаралардың Кеден одағы шеңберiнде жасалған келiсiмдерге қайшылығы байқалмайды. Өйткенi кедендiк заңнаманың түпкiлiктi үйлесуi 2017 жылы жоспарланады.
4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
Мақсаты
Отандық бәсекеге қабiлеттi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiрудi тұрақты дамыту үшiн жағдай жасау, сондай-ақ оларды iшкi нарыққа жылжыту.
Нысаналы индикаторлар
2014 жылы мыналарды сатып алудың жалпы көлемiнде қазақстандық қамту үлесiн ұлғайту күтiлуде:
жер қойнауын пайдаланушылар:
тауарлар бойынша 16 %-ға дейiн;
жұмыстар мен қызметтер бойынша 85 %-ға дейiн.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық қамтудың даму серпiнi (%)
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Тауарлар
|
10,7
|
5,0
|
8,0
|
11,0
|
13,0
|
16,0
|
Жұмыстар мен қызметтер
|
78,4
|
79,7
|
81,1
|
82,4
|
83,7
|
85,0
|
Қазақстандық персонал:
|
|
|
|
|
|
|
жоғары буын менеджерлерi
|
|
|
30
|
40
|
60
|
70
|
орта буын менеджерлерi, инженерлiк-техникалық персонал және жұмысшы мамандар
|
|
|
60
|
70
|
80
|
90
|
мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар:
тауарлар бойынша 60 %-ға дейiн;
жұмыстар мен қызметтер бойынша 90 %-ға дейiн.
Мемлекеттiк сатып алудағы қазақстандық қамтудың даму серпiнi (%)
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Тауарлар
|
52.0
|
50.0
|
53.0
|
55.0
|
58.0
|
60.0
|
Жұмыстар мен қызметтер
|
87.0
|
80.0
|
83.0
|
85.0
|
88.0
|
90.0
|
ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингтер мен компаниялар:
тауарлар бойынша 60 %-ға дейiн;
жұмыстар мен қызметтер бойынша 90 %-ға дейiн.
Ұлттық холдингтер мен компаниялардың сатып алуындағы
қазақстандық қамтудың даму серпiнi (%)
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Тауарлар
|
63.0
|
51.0
|
53.0
|
55.0
|
57.0
|
60.0
|
Жұмыстар мен қызметтер
|
79.0
|
75.0
|
82.0
|
85.0
|
88.0
|
90.0
|
жүйе құраушы кәсiпорындарда:
тауарлар бойынша 60 %-ға дейiн;
жұмыстар мен қызметтер бойынша 90 %-ға дейiн.
Достарыңызбен бөлісу: |