3.4. Қазақстанда бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн дамыту және жетiлдiру
Ағымдағы жағдай
2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудi және қаржылық есеп берудi жасауды ХҚЕС бойынша жүзеге асырады, бұл тәуелсiз аудиторлық компаниялардың қорытындыларымен расталады. ХҚЕС қаржылық тәуекелдердi бағалауға, ашуға және басқаруға қатысты неғұрлым тиiмдi құралдардың бiрi ретiнде мойындалады, себебi стандарттардың негiзгi мақсаты - бұл дайындалатын қаржылық есеп берудiң айқындылығы мен растылығы, осыған байланысты отандық қаржы мекемелерi үшiн ақпарат берудiң танымал көзқарастарын пайдалану салдарынан шетел инвесторларымен өзара iс-әрекет мәселесi едәуiр оңайлатылады.
2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттер
Республиканың қаржы секторында бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында мыналарға бағытталған бiрқатар iс-шаралар өткiзу болжамдалады:
қаржы секторының бухгалтерлерiнiң, ЖОО жас мамандарының бiлiктiлiк деңгейiн арттыруға және сертификатталған бухгалтерлердi дайындауға, ХҚЕС қолдану мәселелерi бойынша жалпыға қол жетiмдi оқу практикалық материалдар мен құжаттамаларды арттыруға;
ХҚЕС-пен реттелмеген, алайда олармен анықталған тұжырымдамалар мен принциптер шеңберiндегi қазақстандық экономика мен заңнама ерекшелiгi үшiн қаржылық ұйымдар жүзеге асыратын операциялардың белгiлi спектрiн есепке алуға қатысты талаптар әзiрлеуге;
ХҚЕС бойынша бухгалтерлiк есепке алуды және қаржылық есеп берудi жасауды автоматтандыру деңгейiн, қаржылық есеп беру растылығы мен сапасын бақылау жүйесiн арттыруға, "адам факторын" алып тастауға.
Бухгалтерлiк есепке алу саласында мамандардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында "ХҚЕС" тақырыбы бойынша конференциялар, семинарлар және тренингтер өткiзу арқылы қаржылық ұйымдар бухгалтерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламаларды iске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелдерде де халықаралық ұйымдармен (СРА, ACCA, СМА) мамандардың кәсiби сертификатталуына қатысты оларды ынталандыруға және қолдауға күш жұмсау болжамдалады. Бұдан басқа, жария мүдде ұйымының бас бухгалтерiнiң лауазымын атқару үшiн кәсiби бухгалтер сертификатының болуын талап ету енгiзу болжамдалады.
Басым бағыттардың бiрi Республиканың ЖОО-ларының базасында жас мамандар дайындау, жалпыға қол жетiмдi телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып таратылатын студенттер үшiн қажет әдiстемелiк және оқу материалдарын, кәсiби бухгалтерлер үшiн практикалық материалдар әзiрлеу болып табылады.
Алдағы жылдарға арналған дамудағы келесi бағыт - ХҚЕС қазақстандық қаржы жүйесiнiң талаптарына одан әрi үйрету жүргiзу. Бүгiнгi таңда, отандық қаржы жүйесiнiң серпiндi дамуы қазақстандық экономика мен заңнама ерекшелiктерiне негiзделген ерекшелiгi бар бiрқатар институттардың пайда болуына алып келдi. Мысал ретiнде, чили жүйесiнiң принциптерiне құрылған және, тиiсiнше, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң негiзгi рәсiмдерiн әзiрлеудi талап ететiн жинақтаушы зейнетақы қорларын атауға болады, себебi ХҚЕС қаржылық есеп берудi жасаудың қолайлы концептуалдық негiздер жиынтығын бiлдiре отырып, отандық экономиканың талаптарына тиiсiнше үйретiлмей пайдаланыла алмайды. Бұдан басқа, қазақстандық бағалы қағаздар нарығының және өзге қаржы институттарының жеткiлiксiз белсендiлiгi мен дамуы салдарынан республиканың қаржы институттарының активтерiн барабар бағалау мәселесi өзектi болып отыр. Осылайша, пайдаланылатын бағалаудың субъективтiлiгi қаржылық ұйымдар қызметi тиiмдiлiгiнiң бұрмалануына, сондай-ақ олардың қаржылық көрсеткiштерiн объективтi салыстыру және сәйкестендiру мүмкiндiгiнiң болмауына алып келедi. Осы мәселенi шешу мақсатында дамыған экономикасы бар түрлi елдердiң тәжiрибесiн, қаржылық есеп берудiң шетел стандарттарын зерттеу жөнiнде нысаналы жұмыс жүргiзу, бухгалтерлiк есепке алу саласында сарапшылармен кеңестер өткiзу болжамдалады. Жүргiзiлген жұмыстар нәтижелерi бойынша бағалау әдiснамасын құрудың және қаржы құралдарының бухгалтерлiк есепке алуын жүргізудің түрлі нұсқалары ұсынылады.
Сондай-ақ, бухгалтерлiк есепке алу жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау бөлiгiнде ақпараттық жүйелердi автоматтандыру процесi де аса маңызды мәселе болып табылады. Бухгалтерлiк есепке алуды автоматтандыру процесiн iске асыру мақсатында ұйымдарда ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiнде енгiзiлген көмекшi бухгалтерлiк есепке алуды және Бас бухгалтерлiк кiтабын жүргiзуге қойылатын талаптарды одан әрi жетiлдiру жоспарланады.
Бағалы қағаздар нарығын ойдағыдай дамыту үшiн нақты сектор кәсiпорындарында ХҚЕС енгiзу маңызды фактор болып табылады. Осы үшiн ХҚЕС тездетiп енгiзу талап етiледi, бұл ретте, нақты сектор кәсiпорындарының ХҚЕС-ке көшу кезiнде асыра сiлтеу жағдайының қайталануына жол бермеу және тиiмдi көшудi қамтамасыз ету мақсатында тек үкiмет тарапынан мемлекеттiк бақылауды ғана емес, сонымен қатар, консультациялық қоғамдық ұйымдар базасында керi байланыс тетiгiн де жетiлдiру талап етiледi.
Мынадай талаптардың орындалуын бақылауды қосымша қамтамасыз ету қажет:
олар үшiн аудит мiндеттi болып табылатын қарыз алушылардың қарызды беру кезiнде соңғы қаржы жылы iшiнде қаржылық есеп берудiң ХҚЕС-ке сәйкес келуi туралы көзқарас бiлдiрiлетiн аудиторлық есеп беру, сондай-ақ шығарылатын бағалы қағаздар шығарылымын тiркеу кезiнде ХҚЕС-ке сәйкес жылдық қаржылық есеп берудi ұсынған шығарылған бағалы қағаздар шығарушылары туралы ақпарат беру;
табиғи монополияларды ХҚЕС талаптарына сәйкес келуiне реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы талдау;
ХҚЕС ерекшелiгiн бiлетiн мамандар дайындау: ХҚЕС бойынша оқулықтар әзiрлеу; ХҚЕС-ке және халықаралық аудит стандарттарына сәйкес "Бухгалтерлiк есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит" курсы бекiтiлдi; оқытушы құрамын және студенттердi ХҚЕС-ке оқыту жөнiнде шаралар қабылдау;
акционерлiк қоғамдар мен мемлекеттiк кәсiпорындар арасында ХҚЕС-ке көшу бөлiгiнде бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталу қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзу және ұйымның ХҚЕС-ке көшу жағдайы туралы ақпарат беру.
3.5. Қаржы нарығына және қаржы құралдарына қатысушыларға салық салуды жетiлдiру
Мақсаты мен мiндетi
Еуропа одағының стандарттарына көшу қазiргi уақытта түрлi қаржы құралдары бойынша өмiр сүретiн салықтық жеңiлдiктер мен преференцияларды жою болжамдайды. Уақытша жеңiлдiктер енгiзу экономиканың басым секторларында, оның iшiнде қаржы секторында, мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асырумен аса байланысты қандай да бiр жаңа қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру мақсатында расталған. Кейiн бұл жеңiлдiктер қаржы нарығында жаңа құралдардың қалыптасуына жеткiлiктi уақыттың белгiлi кезеңi өткеннен кейiн күшiн жоюы тиiс.
Қазақстан Республикасының қор нарығын жандандыру Қазақстан үшiн деривативтер сияқты жаңа қаржы құралдарының пайда болуына алып келдi. Дұрыс пайдаланған жағдайда пайда болған құралдар (деривативтер) тәуекелдердi басқару құралы болып табылады. Оларды тиiмдi пайдалану үшiн деривативтерге салық салуды жетiлдiруде одан әрi жұмыс iстеу талап етiледi.
Қазiргi уақытта қаржы нарығын реформалау мен ырықтандыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi, олармен қаржы жұмыстары жұмыс iстей алатын және оларға активтер шоғырлана алатын қаржы құралдарының тiзбесi үздiксiз қайта қаралады және кеңейтiледi. Осылайша, ҚҚА қаулысына сәйкес зейнетақы қорларына зейнетақы активтерi бойынша ықтимал құны немесе ақшалай ағынының өзгеру тәуекелiнен қорғау үшiн хеджирлеу құралын сатып алуға рұқсат берiлген.
Акция шығарушыларға салық салуды жетiлдiру
Ағымдағы жағдай
Қазақстанның қор нарығының қазiргi жағдайы акция нарығының дамымағандығымен сипатталады. Акциялардың бақылау пакеттерi акцияларды миноритарлық акционерлерге сатуға мүдделi емес стратегиялық инвесторлар қолдарында болады. Нарықта еркiн айналатын акциялар көлемi (free float) 1 %-дан аспайды. Бұдан басқа, KASE-те жасалатын акциялармен мәмiлелердiң жартысынан астамы тiкелей мәмiлелер режимiнде өтедi.
Негiзгi шаралар
Бағалы қағаздар нарығында акциялардың жария ұсынымдарын, ынталандыру үшiн және акциялардың қажет айналымын және өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, акциялары KASE-те және/немесе Алматы қаласының Өңiрлiк Қаржы Орталығының арнайы сауда ауданында айналатын және жария компаниялар өлшемдерiне жауап беретiн бағалы қағаздар шығарушылар үшiн жеңiлдiктер енгiзудiң орындылығы мүмкiндiгiн қарастыру ұсынылады.
Депозиттер және борыштық бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салық салу
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын банктерде және ұйымдарда салымдар бойынша сыйақы және жеке тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы салық салудан босатылады. Бұл халық қаражатын қаржы жүйесiне тартудың басқа мүмкiндiгiнiң болмауы кезiнде банк жүйесiне халық салымын ынталандыру мақсатында жасалды.
Негiзгi шаралар
Нарықта халық үшiн жаңа қаржы құралының пайда болу шартында депозиттер және борыштық бағалы қағаздар бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды оңтайландыру туралы мәселенi қарау болып табылады.
Мемлекеттiк және агенттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақыға салық салу
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта мемлекеттiк бағалы қағаздармен (МБҚ) жасалатын операциялар және олар бойынша сыйақы салық салудан босатылды. Бұл осы қаржы құралына инвестициялауды неғұрлым тартымды етедi. Сондай-ақ, айналымды ынталандыру үшiн салық салудың жеңiлдетiлген режимiн талап ететiн Қазақстанның қаржы секторы үшiн жаңа қаржы құралдарының бiрi қаржы агенттiктерiнiң агенттiк бағалы қағаздары болып табылады. Агенттiк бағалы қағаздарына салық салу тәртiбi 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап МБҚ-ға қатысты қолданылатын тәртiпке пара пар болып табылады.
Негiзгi шаралар
Болашақта, нарықтарының қалыптасу шамасына қарай МБҚ және агенттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзiнен ұсталатын табысқа салынатын салық салынатын болады, бұл Еуропа Одағының, АҚШ-тың барлық елдерiн, Канаданы қоса алғанда, көптеген дамыған елдер үшiн қатысты. Бұл түрлi бағалы қағаздар шығарушылар үшiн, ол Үкiмет, агенттiк немесе мемлекеттiк емес бағалы қағаздар шығарушылар болса да, жағдайда теңестiруге мүмкiндiк бередi.
Екiншi деңгейдегi нарықтың қалыптасу шамасына қарай, екiншi деңгейдегi банктер өтiмдiлiгiн реттеу жөнiндегi Ұлттық Банкiнiң операцияларын қоспағанда, мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар кезiнде құн өсiмiне салық салуды енгiзу мүмкiндiгiн қарастыру қажет.
Биржаның ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялармен және облигациялармен жасалатын операциялар кезiнде құн өсiмiне салық салу
Ағымдағы жағдай
Қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялар мен облигацияларды iске асыру кезiнде құн өсiмiнен алынатын табысқа салынатын салықтан босату жөнiндегi салық жеңiлдiгiнiң жұмыс iстеу тәжiрибесi осы бағалы қағаздармен операциялар жасайтын тұлғалар тарапынан асыра пайдаланудың болғандығы туралы болжам жасау негiзiн беретiн бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығының көрсеткiштерiнiң белгiлi ауытқуға алып келдi.
Осылайша, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ға жасалатын акциялармен мәмiлелердiң жартысынан астамы (KASE) тiкелей мәмiле режимiнде жүргiзiледi, себебi мұндай мәмiлелер салықтық жоспарлаудың қолайлы құралы болып табылады.
КАSЕ-тiң ресми тiзiмiне енгiзiлген акциялар мен облигациялардың айқындығын төмендету жүрiп жатыр және оларды бағалармен еркiн iс-әрекеттер жасау мүмкiндiгiне жол берiледi.
КАSЕ-ке "тiкелей" мәмiле жасау және осындай операциялар арқасында бағалы қағаздардың нарықтық бағасына алыпсатарлық әсер ету арқылы салық сызбасын асыра пайдалануды болдырмау мақсатында "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiне өткiзiлетiн күнi листингтiң ең жоғары және ең жоғарыдан кейiнгi санаттары бойынша қор биржасының ресми тiзiмдерiнде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табысты салық салудан босатуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Осы өзгерiс 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Негiзгi шаралар "А" және "Б" санаттағы листингiлiк компаниялардың акцияларымен және облигацияларымен жасалатын операциялар кезiнде құн өсiмiнен табысқа салық салуды оңтайландыру мүмкiндiгi туралы қарау.
Пайда болатын құралдарға салық салуды жетiлдiру
Ағымдағы жағдай
Пайда болатын құралдар (деривативтер) дүниежүзiнде капиталды тарту тәуекелді хеджирлеу түсімді арттыру және инвестициялық қоржынды диверсификациялау үшiн пайдаланылатын тиiмдi қаржы құралы болып табылады. Қазақстан Республикасында қаржы құралдарының нарығы төмен өтiмдiлiгi және нарыққа белсендi қатысушылардың жоқ болуымен форвард, своп, доллар/теңге опциондары және т.б. сияқты бiрiншi өнiмнiң пайда болуымен сипатталатын қалыптасу деңгейiнде тұр. Осы нарықты одан әрi дамыту үшiн бүгiнгi күнi деривативтер ұғымын анықтау Қазақстанда нарықты дамыту ерекшелiгiн ескере отырып, оларды бағалау жүйесiн әзiрлеу, олардың айналымы, кейiн оған пайда болатын құралдарға салық салу жүйесi негiзделетiн бухгалтерлiк есеп берудi жүргiзу әдiснамасы жөнiндегi қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер енгiзу талап етiледi.
Негiзгi шаралар
Пайда болатын қаржы құралдарының нарығын одан әрi дамыту мақсатында дамыған қор нарығы бар елдердiң тәжiрибесiне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қажет өзгерiстердi әзiрлеу үшiн Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының, қаржы ұйымдарының және ҚҚА өкiлдерiнiң қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады.
Жинақтаушы сақтандыруға салық салу және ұзақ мерзiмдi перспективаға актуарлық бағалауды жетiлдiру жүйесiн жетiлдiру
Ағымдағы жағдай
Өмiрдi жинақтаушы сақтандыру халық ақшасын жинақтау құралдарының бiрi болып табылады, алайда осы нарық сегментiнiң даму деңгейi банктiкпен салыстырғанда салыстыруға келмейдi.
Елiмiзде өмiрдi жинақтаушы сақтандыруды дамытуға бағытталған тетiктердi ойдағыдай енгiзу тек сақтандырушылар ғана емес, тұтастай алғанда, мемлекет үшiн де пайдалы болады, бұл мемлекеттiк-әлеуметтiк қорғаудан жеке мойындалған экономикалық дәлелге бағдарланған iс-шараларға көшуге мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта "өмiрдi сақтандыру" саласында қызметтерiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметiн жандандыруға байланысты республика халқының қаражаты мен жинақтарының құралы ретiнде өмiрдi жинақтаушы сақтандыру тартымдылығын арттыру мақсатында салық заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiлiгi туралы мәселе өзектi болып отыр.
Негiзгi шаралар
Атап айтқанда, банктер, зейнетақы қорлары, пай қорлары және инвестициялық қорлар клиенттерi үшiн инвестициялық табысқа салық салу талаптарымен тең "өмiрдi сақтандыру" саласында қызметтерiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының клиенттерi үшiн инвестициялық табысқа салық салу талаптарын құру жөнiндегi мүмкiндiк қарастырылады. Сондай-ақ, сақтандыру төлемдерiне салық салу мәселесi де әзiрленедi. Бұл ретте, мұндай өзгерiстердiң барлық оң және терiс жақтарын, сондай-ақ ең жақсы халықаралық тәжiрибенi ескеру қажет.
3.6. Төлем жүйелерiн дамыту
Ағымдағы жағдай
Қазiргi уақытта Қазақстанның төлем жүйелерi төлемдер мен ақша аударымын қазiргi заманға сай жүргiзуде экономиканың, банктердiң және қаржы нарығына басқа қатысушылардың нақты секторының мұқтажын қамтамасыз етедi, сондай-ақ мемлекеттiң ақша-кредит саясатын тиiмдi iске асырылуына және мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына септiгiн тигiзедi. Бүгiнгi күнi Қазақстанның төлем жүйелерi халықаралық қаржы ұйымдары дамыған елдердiң төлем жүйелерiне қоятын барлық талаптарға жауап бередi. Бұл ретте, төлем жүйелерiнде пайдаланылатын нормативтiк база мен технологиялар үнемi жетiлдiрiлiп отырады.
Төлем жүйелерiн құрған сәттен бастап жүйелермен өңделетiн төлемдер саны мен көлемдерi өсiмiнiң тенденциясы сақталады. Осылайша, 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, қолма-қол емес төлемдер саны мен көлемi 2 eceгe және 3,3 есеге тиiсiнше артты. Бұл ретте, елде қолма-қол емес төлемдердiң барлық көлемi Қазақстанның төлем жүйелерi арқылы өтетiндiгiн ескерсек, Қазақстанның экономикасын тиiмдi дамытуға олардың маңызды рөлiн атап өту қажет.
Төлемдер ағымының жоспарлы өсiмiмен қатар төлем жүйелерiнде ел халқы қолма-қол емес төлемдердi жүзеге асыру үшiн кеңiнен таралған және ыңғайлы құрал болып табылатын төлем карточкалары бойынша төлемдер саны мен көлемiнiң едәуiр өсiмi байқалды. Осылайша, 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда, төлем карточкалары бойынша транзакция саны мен көлемiнiң өсiмi 2,4 есенi және 3,4 есенi тиiсiнше құрады. Бұл реттi, төлем карточкаларының нарығы елдiң қаржы рыногының едәуiр серпiндi дамып келе жатқан сегменттерiнiң бiрi болып табылады. Жыл сайын айналымдағы карточкалар, карточкаларды ұстаушылар саны өсуде, төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымы кеңеюде. Бүгiнгi күнi, елдiң экономикалық жағынан белсендi халықтың 45%-ы төлем карточкаларының нарығына тартылған, ал 3 жыл бұрын осы ара қатынас 20,4%-ды құрады.
Алайда, сонымен қатар, қазiргi уақытта бөлшек сауда саласында қолма-қол ақша айналымының басымдылығымен, сондай-ақ төлем карточкаларына қызмет көрсету үшiн инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуымен байланысты белгiлi проблемалар да бар. Бұдан басқа, төлем жүйелерiнiң операциялық сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн одан әрi арттыру жөнiнде шаралар қабылдау шеңберiнде шешiм талап ететiн мәселелердiң бiрi жаңа Төлем жүйелерiнiң резерв орталығын құру болып табылады, бұл төлем жүйелерiнiң негiзгi және резерв орталықтарының орналасқан жерлерiнiң жеткiлiксiз алшақтығына байланысты (Алматы қаласында).
2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттер
Ұлттық Банкiнiң орта мерзiмдi кезеңге арналған төлем жүйелерiн дамыту саласындағы негiзгi мәселесi Қазақстан экономикасының түрлi субъектiлерi арасында төлем жүйелерiнiң жұмысын төлемдер мен ақша айналымын қауiпсiз және уақтылы өткiзудi қамтамасыз ететiн жоғары технологиялық деңгейде қолдау болып қалады.
Бұл ретте, 2007 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғандағы кезеңге Ұлттық Банк төлем жүйелерiн дамытуды мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыруды болжамдайды:
Қолданыстағы төлем жүйелерiнiң техникалық инфрақұрылымын одан әрi жетiлдiру және жаңғырту. Осы саясат шеңберiнде жаңа Төлем жүйелерiнiң резерв орталығын құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлетiн болады. Ұлттық Банкiнiң төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi мәселелерiнiң бiрi оның үздiксiз және тиiмдi жұмысын қолдау болып табылады. Бұл жағдайларда, төлем жүйелерiнiң негiзгi орталығы орналасқан ауданда төтенше жағдайдың туындауы жағдайында төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн жаңа Төлем жүйелерiнiң резерв орталығын құру мәселесi Ұлттық Банкiнiң олардың жұмыс iстеуiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мәселенi тиiмдi орындау үшiн ерекше маңызға ие.
Осылайша, бөлшек қолма-қол емес төлемдердi одан әрi кеңейту жөнiнде жұмыс жалғасатын болады. Инфрақұрылымды дамытуға және тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге есеп айырысқанда төлем карточкаларын кеңiнен пайдалануға қажет жағдай жасауға аса назар аударылады.
Бөлшек қолма-қол емес төлемдердi дамыту саласында басым бағыттар мыналар болуы тиiс:
спектрдi кеңейту және халыққа көрсетiлетiн бөлшек банк қызметтерiнiң сапасын арттыру;
төлем қызметтерiнiң нарығын дамыту және инновациялық технологияларды енгiзу үшiн құқықтық тосқауылдарды жою;
бәсекелес нарықтық жағдайды қолдау;
қажет инфрақұрылымды дамыту және төлем карточкаларын пайдалану үшiн тиiстi жағдай жасау.
Бөлшек қолма-қол емес төлемдердi дамыту мақсатында қазiргi заман технологияларын - төлем карточкаларын, Интернет-банкингтi, мобильдiк банкингтi және т.б. пайдалану негiзiнде қолма-қол емес төлемдердi енгiзуге және кеңейтуге септiгiн тигiзетiн нормативтiк базаны жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғасын табады.
Бөлшек қолма-қол емес төлемдер саласын кеңейту және банк өнiмдерiнiң жаңа өспелi түрлерiн дамыту осы бағыттағы банктiң белсендi қызметiне байланысты. Осыған байланысты, бөлшек банк қызметтерiн ұсынудың принципиалды жаңа деңгейiне шығу үшiн банктерге төлем карточкалары нарығының дамыған инфрақұрылымын құру, төлем карточкаларын ұстаушыларға көрсетiлетiн қызметтер сервисiн кеңейту, банкоматтар мен ақпараттық өз-өзiне қызмет көрсету киоскiлерi, мобильдi байланыс құралдары және басқа инновациялар негiзiнде инновациялық технологиялар мен алыс қол жеткiзу жүйелерiн енгiзу және дамыту жөнiндегi күштi шоғырландыру қажет.
Сонымен қатар, карточкалар нарығын одан әрi дамыту шеңберiнде мынадай мiндеттердi кеңейту үшiн банк жүйесiнiң құрылып жатқан "электрондық үкiмет" жүйесiмен бiрiктiрудi қамтамасыз ететiн "төлем шлюзiнiң" жобасын iске асыру болжамдалады:
екiншi деңгейдегi банктер шоттарында орналастырылған халықтың және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен "электрондық үкiмет" қызметтерiне қолма-қол емес оn-line төлемiн iске асыру;
"электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жеткiзу үшiн төлем карточкаларына қызмет көрсету жөнiндегi банктердiң терминал желiлерiн пайдалану.
Қазақстанның қаржы жүйесiн басқа елдердiң қаржы институттарымен бiрiктiру жөнiндегi жалпы тенденция шеңберiнде нақты уақыт режимiнде есеп айырысудың ұлттық жалпы жүйелерiне негiзделген ЕурАзЭҚ елдерi арасында жалпы төлем жүйесiн құру жөнiндегi жұмысқа қатысу жалғасын табады. Ұлттық Банк пайдаланушыларға SWIFT жүйесi арқылы төлем жүйесiне хабарды қабылдау және жiберудiң қосымша арналарын ұсыну үшiн SWIFT жүйесiн Қазақстанның төлем жүйелерiмен бiрiктiрудiң ықтимал жолдарын зерттейдi. Жаңа қаржы институттарын қосу арқылы SWIFT сервис бюросын одан әрi дамыту болжамдалады.
Қазақстанның төлем жүйелерiн танымал ету үшiн төлем жүйелерi және ТМД елдерiнiң бағалы қағаздарын есептеу жүйелерi (CISPI) бойынша Дүниежүзiлiк Банк Бастамасы саласында халықаралық институттармен қарым-қатынасты және төлем жүйелерiн құруда тәжiрибемен алмасуды одан әрi дамыту болжамдалады.
3.7. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
Қаржы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, экономикалық процестер дамуына және халықаралық корпорациялық стандарттардың бизнес ортаға енуiне әсерiн арттыру мәтiнiндегi маңызды мәселе республикада корпорациялық басқаруды жетiлдiрудiң жаңа кезеңiн жүргiзу болып табылады.
Корпорациялық басқаруды жетiлдiру жөнiнде жоспарланған жұмыстың мақсаты қазақстандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және инвестициялық тартымдылығын арттыруға септiгiн тигiзетiн кешендi және тиiмдi жүйенi қалыптастыру, сондай-ақ корпорациялық қатынастардың айқындылығы мен транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету болуы тиiс.
Бұл ретте, корпорациялық басқаруды жетiлдiру халықаралық заңнама стандарттарымен және, атап айтқанда, ОЭСР корпорациялық басқару принциптерiмен неғұрлым жақындастыруға бағытталуы тиiс.
Қазақстанда корпорациялық басқару проблемалары
Республикадағы корпорациялық қатынастар мен корпорациялық басқарудың ағымдағы жағдайына шолу жасау қазақстандық компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және қаржы секторының экономикада қаржы ресурстарын бөлудiң тиiмдi агентi ретiнде одан әрi қалыптасуына бөгет болатын бiрқатар негiзгi проблемаларды бөлiп көрсетуге мүмкiндiк бередi:
сот бақылауының жеткiлiксiз тиiмдiлiгiмен байланысты құқыққа қарсы басып алудан компаниялардың меншiк иелерiнiң мүдделерiн әлсiз қорғау;
заңды тұлғалардың басқару органдары мүшелерiнiң жеке жауапкершiлiгi тетiктерiнiң пысықталмауы;
заңнамада корпорациялық шешiмдер мен мәмiлелердiң дау айту және заңсыздығының нақты өлшемдерiнiң болмауы, бұл елеулi бұрмалаушылыққа және асыра пайдалануға, атап айтқанда, активтердi заңсыз шығаруға және т.б. алып келедi;
акционерлiк қоғамдарға қатысты да, басқа заңды ұйымдарға қатысты да ақпаратты (оның iшiнде қаржылық есеп беруде де) ашуға қойылатын талаптарды жетiлдiру қажеттiлiгi;
инсайдер ақпаратын, нарықты басқару және қаржы айлаларын пайдалануға жол бермеу жүйесi пысықталмаған;
активтер қозғалысының, шешiмдер қабылдау рәсiмiнiң айқындылығы және т.б. бөлiгiнде бiрiктiрiлген бизнес-құрылымдарды (холдингтердi) реттеу саласы пысықталмаған.
Бұдан басқа, Қазақстанда шаруашылық жүргiзетiн заңды тұлғалар құрудың басым құқықтық нысаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып табылады, бұл ақпаратты ашу, корпорациялық басқару заңды ұйымдар саласында осы ұйымдарға қойылатын жұмсақ талаптармен байланысты, бұл ретте, олар капиталды тарту саласында акционерлiк қоғамдар сияқты осыған ұқсас мүмкiндiктердi пайдаланады.
Қалыптасқан жағдай қаржы секторының формальды тетiктерi арқылы инвестициялау тәуекелiн арттырады, транзакциялық ұстап қалуларды ұлғайтады, корпорациялық қатынастарға қатысушылар үшiн расталған ақпаратты таратуды шектейдi, қор нарығын дамытуға кедергi болады.
Достарыңызбен бөлісу: |