Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ (жалпы бөлім) «Юриспруденция»



бет5/6
Дата11.06.2016
өлшемі496 Kb.
#128302
1   2   3   4   5   6

           Бірінші топқа жататындар:


          - 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетсіз тұлғаның жасаған келісімдері (ҚР АК 159 бабының 3 тармағы);

- заңды өкілдерінің келісімінсіз 14 тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмаған азаматтардың жасаған келісімдері (ҚР АК 159 бабының 4 тармағы);

           - қорғаушысының таалбы бойынша сотпен әрекетке қабілеттілігіне шектеу қойылған азаматтардың жасаған келісімдері (ҚР АК 159 бабының 6 тармағы);

          - психикалық күйзелістің салдарынан сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғаның жасаған келісімдері (ҚР АК 159 бабының 5 тармағы);

         - әрекетке қабілетті болса да, бірақ, келісім жасаған уақытта өз әрекетінің мәнін түсінуге қабілетсіз немесе оны басқаруға күші жетпейтін тұлғаның жасаған келісімдері (ҚР АК 159 бабының 7 тармағы).

          Ерік білдірудің екі жақтың нақты еркіне сәйкес келмеуінің негізіндегі жарамыз келісім мыналар болып табылады:

          - жалған және жасанды келісімдер (ҚР АК 160 бабы).

         Жалған келісімдерге жататындар: есепке, тіркеуге алынбау мақсатында мүлкін жалған сату; ал жасанды келісімдер: басқа бір келісімді бүркемелеу мақсатындағы келісімдер.

Мұндай бүркемелеу мақсатындағы келісімдер жасалған жағдайда туатын құқықтық салдарлар мыналар:

        - бүркемелеу мақсатындағы келісімдерді жарамсыз деп таниды немесе оны заңды жолмен жасауға құқық береді;

           - мәнді маңызы бар, жаңылысу әсерінен жасалған келісімдер (ҚР АК 159 бабының 8 тармағы).

           Жаңылысу, қателесу – қандай да бір жағдай туралы тұлғаның қате пікірі.

          Жаңылысу мына жағдайларда туады:

           - не тұлғаның өзінің абайламауынан,

           - немесе контрагенттің абайсыз әрекетінен.

         Алдау дегенде түсінетініміз - басқа бір тұлғаны жаңылыстыру, қателестіру әрекеті. Әдетте алдау жалған өтініште, жалған мәлімет таратуда немесе келісімнің маңызды бір тарауларын айтпай қойғанда болады. Алдау фактісін жасау үшін міндетті түрде екі тараптың біреуінің әрекеті қажет емес, оны сол екі тараптың біреуінің өтінішімен үшінші бір тұлғаның жасауы мүмкін.

         Келісімді жарамыз деп тану үшін (жалған бойынша жасалған келісімді) контрагент немесе үшінші тұлға міндетті түрде алаяқтығы үшін қылмыстық іске тартылуы қажет емес.

         Күштеп жасалынған әртүрлі келісімдер де жарамсыз деп танылады.

       Күш көрсету - келісімнің екінші тарапына заңға қарсы әрекет көрсету. Келісімді жарамсыз деп тану үшін маңызы бар күштеу әрқашан да азаматтық құқықтық бұзылуларды білдіреді, бірақ оның міндетті түрде қылмыстық іске тартылуы қажет емес.

         Қоқан-лоққы көрсету арқылы жасалған келісімдер де жарамсыз деп танылады.

        Қоқан-лоққы көрсету – психикалық күш көрсету, бұл оны іске асырудың маңыздылығын, мәнін, мүмкіндіктерін сипаттайды. Бірақ, оның әзіл түрінде де болуы мүмкін.

        Күш көрсету, зорлық-зомбылықтың қоқан-лоққы көрсетуден айырмашылығы күш көрсету бұл – іске асқан жамандық іс, ал қоқан-лоққы көрсету бұл – болашақта жамандық іс істеу туралы ескерту, яғни әлі іске аспаған күш көрсету.

         Жарамсыз деп танылатын келісімдердің тағы да біреуі – субъектінің ағымдағы бір жағдайларды өзіне пайдалы шарттармен келісімдеуі арқылы жасаған келісімі.

         Келісімдерді субъектінің ағымдағы бір жағдайларды өзіне пайдалы шарттармен келісімдеуі арқылы жасаған келісімі ретінде жарамсыз деп тану үшін контрагенттің кінәлі істерін дәлелдеу қажет.

        Осы жоғарыда аталған шарттардың барлығы да істің нақты бір жағдайларына орай сотпен бекітілуі қажет.

          Келісімнің жарамсыздығының құқықтық салдарлары.

Жарамсыз келісімдер заңды салдарларға әкелмейді, тек қана кейде оның жарамсыздығымен байланысты жайттар болуы мүмкін. Келісімнің жарамсыздығының ең басты салдары – оның орындалуының мүмкін еместігі   (ҚР АК 160 бабының 2 тармағы).

           Қамқоршы тұлғаның талабы бойынша (ата-ананың, асырап алушы адамның) сот егер де кәмелетке жасы толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың жасаған келісімдері болса, келісім әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүддесіне орай жасалған келісім болса, ол келісімдерді жарамсыз деп тануы мүмкін (ҚР АК 159 бабының 12 тармағы).

        Егер басқа жайттар заңда қарастырылмаса, жарамсыз келісімнің әр тараптары бір-біріне келісім бойынша алғандарының барлығын қайтарып беруге міндетті (ҚР АК 157 бабының 3 тармағы). Бұл – екі жақты реституция (бұрынғы құқықтық).

        Кейбір жағдайларда реституцияның болдырылмауы да мүмкін, яғни барлық алынған нәрсе және келісім бойынша алынатын нәрсе мемлекеттің кірісіне жатады (ҚР АК 157 бабының 4 тармағы), немесе бір жақты реституция (ҚР АК 157 бабының 5 тармағы) болуы да мүмкін.

        Келісімнің бір бөлігінің жарамсыздығына орай оның басқа бөліктерін жарамсыз деп тануға болмайды, тіпті сол жарамсыз бөліксіз де келісім жасауға болады (АК 161 бабы).
7 Өкілдіктің түсінігі мен маңызы
Өкiлдiк дегенде түсінілетін оның өкiлеттiктерiнiң шектелуiнде мәмiлелердің және басқа да заң әрекеттерінің басқа тұлға мүдделерiндегi бiр тұлғамен, өкiлмен iске асырылуы. Өкiлмен оның өкiлеттiктерi негiзінде жасалатын мәмiлелер ұсынылатын азаматтың азаматтық құқығын және мiндеттерiн тiкелей құрып, өзгертiп, тоқтатады. ҚР АК 5-шi тарауды осы институтқа арнады.

Өкiлдiкке қажеттiлік мына жағдайда туады: мысалы, ұсынылатын

тұлғаның өзі заңға сәйкес (мысалы, әрекетке қабiлеттiлiгі болмағандықтан) немесе нақты тiршiлiк жағдайларына орай (мысалы, ауру, iссапар, қолы бос болмау) өз құқықтары және мiндеттерін өздігінен жүзеге асыра алмайды, бiрақ өкілдің арнайы бiлiмдері мен тәжiрибесiн пайдалану үшін, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін өкiлдердiң қызметтерiне жиi жүгінеді.

Өкiлдiк арқылы тек қана мүлiктiк емес, сонымен қатар кейбiр дербес мүлiк емес құқықтар да iске асырылады, дегенмен өз сипатына орай тек өзі ғана жасай алатын және заңда ескерiлген жағдайлардағы келісімдерді өкіл арқылы жасауға рұқсат берілмейді (мысалы өсиеттi тек қана өзi құра алады, сонымен қатар өмiрлiк асырау бойынша әртүрлі шарттар, т.б.)


7.1 Өкілдіктің субъектілері

Өкілдікке қатысты үш субъектіні айыра алу мүмкін, олар: ұсынылатын тұлға, өкіл және үшінші тараптағы адам, өкілдің әрекетінің арқасында ол адаммен ұсынылатын адамның арасында құқықтық байланыс туады.

Ұсынылатын азаматтың ролінде азаматтық құқықтың кез-келген субъектісі бола алады – заңды тұлға немесе қабiлеттiлiктiң күйiне тәуелсiз құқықтың кез келген азаматы. Ал өкiлдер ретiнде әрбiр адам бола алмайды, ең алдымен олар әрекетке толық қабiлеттi азаматтар болуы қажет, ал ережеден тыс өкіл бола алатын тұлғалар, сауда және қызмет көрсету саласындағы заңды тұлғалар болатындар – еңбекке жарамды, жасы толған, яғни 16 жасқа толған азаматтар. Заңды тұлғалар өкiлдердiң қызметін өзiне қабылдай алады, егер де ол олардың құрылтай құжаттарындағы көрсетiлетiн есептермен және мақсаттармен әртүрлі болмаса.

Ұсынылатын адамның өкілдің көмегімен азаматтық-құқықтық келісім жасайтын немесе басқа да заңды әрекет жасайтын үшiншi тұлғасы ретiнде азаматтық құқықтың кез-келген субъектi бола алады. Заң

тек қана өкілге өзі сол мезгілде өкілі бола отырып, ұсынылатын тұлғаның атынан өзiне қатысты, сонымен бiрге басқа адам туралы келісім жасауға тыйым салады (коммерциялық өкiлдiктiң кейбiр жайларын ескермегенде). Мысалы, өкiл адам ұсынылатын адамның сатуға берген мүліктерін өзі сатып ала алмайды, яғни оған ешқандай құқығы жоқ.
Ұсынушы адамның өкілеттілігі. Өкілдіктің пайда болу негіздері

Өкiлдiң әрекеттері ұсынылатын азаматтың азаматтық құқықтары мен міндеттерін мына жағдайларда ғана құрып, өзгертiп немесе тоқтатады: олар өкілге берілген құзіреттіліктердің шегінде ғана мүмкін болады.

Егер де өкiл адам оның атынан заңға сүйенген қатынастарында қандай болмасын мiндеттемелерiн, еркiн ұсынылатын өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланса, кiрген үшiншi тараптың алдында шаралар қолданылады. Өкiл өкiлеттiктер тараптары арқасында берiлген осы мәмiленiң үшiншi тараптарымен тұжырымдайды және мүдделерiндегi ұсынылатын басқа заң әсерлерi мүмкін болады.

Жиi-жиі, нақты өмiрде жалған өкілдіктер орын алады, мұнда азаматтық айналымның қатысушылары өкiлдiк туралы ережелермен сәйкес жұмыс iстедім деп ойлайды. Бiрақ өкiл шындығында ондай өкiлеттiкке ие болмайды. Мұндай жалған өкiлдiктiң мысалдары мыналар болуы мүмкін: сенiмхаттың терiс ресiмделуi, мерзiмнiң өтуiмен байланысты оның әрекетінің тоқтатылуы, оны тағы сол сияқтылар ұсынылатын адамның жоюы, т.б.

Келісімнің барлық жағдайларында және басқа да заң әрекеттері басқа бiр тұлғаның мүдделерінде жасалған мәмiлелер оларға сәйкес құқықтар мен мiндеттемелер тудырады. Сонымен бiрге өкiлеттiктерсiз қызмет немесе өкiлеттiктi асыра қолданумен байланысты қызмет дұрыс болып саналмайды және де және шарттарда азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу немесе тоқтатылуына әкеліп соғуы мүмкін (ҚР АК 165-шi бабы, өкiлеттiксiз өкiлдiк).

Сәйкес өкілеттілігі жоқ немесе оларды асыра пайдалану арқылы тұлғаның дәнекерлігімен жасалған келісім үшiншi тарап үшiн құқықтық салдарлар тудырады. Ережеге сәйкес ұсынылатын адамның өзінің атынан жасалған келісімді мақұлдауы осы келісім жасалған тұлғаның пайдасына жасалады. Мәмiле жасалған үшiншi тарапқа келсек, ол өкiлдiң құқыққа қабілетті емес екендігін білді немесе білуге тиіс еді, себебі сенiмхатпен танысу арқылы оның өкiлеттiктерін тексеруге мүмкiндiк болды.

Егер үшiншi тараппен бұл тұрғыда жайбарақаттық айқындалса немесе мұндай мәмiле әдейi жасалса, сондықтан, онда ол мүлтiксiз сабақтас мәмiле болып есептеледi. Демек, егер мәмiленi жеке алғанда ұсынылатын адам мақұлдаса ол заңды күшке ие болады, өкiлдiң құқыққа қабілетті емес екендігін бiлген үшiншi тарап осы жағдайға қарап, өзiне қабылданған мiндеттемеден бас тарта алмайды.

Әлбетте, бұл тек қана ортақ ережелер, бұл өкiл құқыққа қабілетті емес болған жағдайда қолданылады. Келісім жасау барысында заңды тұлға қызметкерлері өзіне берiлген өкiлеттiктері жоқ бол немесе шектен шығатын болса, олары мақұлданбаған болып есептелуге тиiстi. Ал құқыққа қабілетті емес өкілге келетін болсақ, егер де оның әсерi заңға қайшы және кінәлі сипатта болса, осы жағдайда оларды үшiншi тараппен зиян келтiруiне байланысты жауапкершiлiкке тарту қажет.


7.2 Өкілдік түрлері

а) Өкілдік, әкімшілік актіге, сот шешіміне негізделген, яғни өкiл әкiмшiлiк ұйғарым күшімен соңғысының атымен жұмыс iстеуге мiндет артатын өкiлдiк. Ол мына жағдайларда жиi орын алады: заңды тұлғаның органы қызметкердiң қызметке тағайындалуы туралы бұйрық бергенде, осындайда ол өкiлдiң қызметтерін жүзеге асыруға қатысты, мысалы, сот қызметiнде өкіл болу, мәмiлелер және тағы басқа заң актiлерiнiң құрастырылуында өкiлдiктiң нақтылы көрнекi қызметінде, келісім жасауда, т.б.;

б) заңға негiзделген (заңды ) өкiлдiк, яғни нұсқау түзу бойынша пайда болған заңдардың қатынасы. Осылайша, жасөспiрiм балалардың заңды өкiлдерiмен өкiлеттiгi аналық және әкелiк айғақтарында тұрақтанатын ата-аналар болып табылады. Сондай рөл атқаратын – бала асырап алу, қамқорлықтың анықталуы және басқа да заң факторларының қатары, онымен заң өкiлдiктiң пайда болуын байланыстырады. Өкiлдiктердің осы түрінiң ерекшелiктерi: бiрiншiден, ол өкiлдiң волеизъявления байланысты емес туады және екiншiден, өкіл тұлғаның өкiлеттiлігi заңмен тiкелей анықталған болады. Өкiлдiктiң бiрiншi түрi заңдының әртүрлілігі болып табылады;

в) келiсiм шартқа негiзделген өкiлдiк (келiсiмдік), міндеті өкiлдiктiң басқа да қарастырылған түрлерiнен айырмашылықта ол өкiлдiк ерiктi болып табылады, яғни ол өкiлдiң фигурасын ғана емес, оның өкiлеттiгiн де анықтаған ерiгi бойынша пайда болады. Бұдан басқа ұсынылатын тұлғаның атынан заңды әрекет жасауға өкiлдiң келiсiмі керек болады. Ұсынылатын тұлғаның және өкілдің аралығында келiсiм шарты жасалады, ол олардың iшкi арақатынасын анықтайтын болады (әдетте тапсырманың келiсiм шарты);

г) Азаматтық кодекстiң 166-шы бабы бiздiң азаматтық құқығымыз үшін өкiлдiктiң жаңа түрiн енгізеді, ол – коммерциялық өкiлдiк. Коммерциялық өкiл – үнемi кәсіпкер және мәмiле кәсiпкерлерінiң ататын әрдайым өз алдына келісімдер жасайды. Тиiстi жағдайдың есепке алынуымен дәстүрлi айтарлықтай айырмашылығы болатын өкiлдiктер конструкциясы жасалған. Заңға сүйенген тәртiптiң ерекшелiктерінiң бiрi өкiлдiктердің осы түрі үшiн бекітілген, мұнда сауда өкiлi кәдiмгi мәмiлелерден басқа, одан басқа тысқары біреу жасай алмайтын келісім жасауға құқылы.

Осының барлығын да есепке ала отырып, Азаматтық кодекс мұндай қатынастарды қолданудың міндетті шарттарының бірқатарына бекітеді. Олардың тым болмаса біреуінің жоқтығы – коммерциялық өкілмен жасалған келісімнің жарамсыз деп танылуына толықтай негіздеме болып саналады.

Мұнда міндетті шарттарға жататындар:

1) Екі тарап та бір мезгілдегі коммерциялық өкілдікке келісім береді. Бұл тек заңмен бекітілген аранйы жағдайларда ғана осы ережеден тыс болады;

2) Коммерциялық өкіл тура көрсетілген құқыққа немесе құзырлыққа ие болады. Мұндай құзырлықтар жазбаша келісімдерде болуы мүмкін, оны екі жақ та коммерциялық өкілмен жасасады немесе олар берген сенімхат арқылы жасалады.

Коммерциялық өкiл тиiстi құқықтармен, азаматтық кодекспен үлестіріледі және оған сонымен бiрге нақтылы, оның мәртебесiнен шығатын міндеттемелер тапсырылады. Коммерциялық өкiлдiк өкiлмен iске асатындығынан және өтемдiк есептейтiн өкілмен жүзеге асырылады. Сонымен бiрге өкіл сыйлық берумен қатар шығындардың өтемақысын талап етуге құқылы болады. Екi жақтардың да мүдделерiн қорғау үшiн

анықталған шығындардың басқа сыйлық берудiң шарттары туралы және орнын толтыруын сауда өкiлiмен оған тең бөлiктердегi тараптармен есептесуi керек екендігі бекітілген.

Коммерциялық өкіл өз жасап жатқан сауда келісімдері туралы құпияны сақтауға міндетті. Мұндай міндеттілік соңына дейін сақталады.


7.3 Сенімхат түсінігі. Сенімхат формалары. Түрлері

Сенiмхат дегеніміз – бір тұлғаның екінші бір тұлғаға басқа бір тұлғаның алдында берген жазбаша өкiлеттiлігі болып табылады (ҚР АК 167 бабының 1 тармағы). Сенiм хат көбінесе ерiктi өкiлдiктiң өкiлеттiктерiн растауы үшiн беріледі. Дегенмен егер ерiктi өкiлдікте ұсынылатын және өкiлдiң аралығында келiсiм шартын негiзiне алатын болса, онда сенiм хатты беру өзінің заңды табиғаты бойынша бiржақтылық мәмiленi білдіреді. Басқаша айтқанда, сенiмхат беру үшін және оның заңды күшiн алуы үшiн өкiлдiң келiсiмi керек болмайды.

Сенімхат беру үшін негіз болған сенімхат немесе басқа да заңды факті үшiншi тараптарға қатысы болмайды. Өкілдің өзіне берілген өкілеттілік шеңберінде жасаған кез-келген мәмiлелері және басқа да заңды әрекеттері өкiлдер үшiн міндетті сипатта болады. Жеке алғанда өкiл олардың арасындағы өкілділік туралы жасалған келісімшартты бұзды деген сылтау айтып, сенiмхат негiзiнде жасалған келiсiм шарттарын орындаудан бас тарта алмайды.

Басқа сөзбен айтқанда, өкіл мен ұсынушының ішкі қатынасын анықтайтын келісімнің арасындағы айырмашылық болған жағдайында және өкiлдiк туралы сенiмхат берген өкiлге, оның құқықтары мен міндеттемелерінде үшiншi тараптармен жасалған келісімшарт негізінде, өкілдік туралы келісімшартта емес (мысалы тапсырма келiсiмшартында), сенiмхатта жазып алынған өкiлеттiліктер анықталады. Сенiмхаттарға қойылатын негiзгi талаптардың бiрi – оның формасы (ҚР АК 167-шi бабының 2-8 тармақтары).

Сенiмхат мiндеттi түрде жазбаша болуы керек. Бұл жерде нотариалды форманы талап ететін келісімдер жасауға берілетін сенімхат туралы сөз болып отыр (мысалы, жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiлелер), онда олар нотариуспен куәландырылған болуы керек. Бұл ережеге жатпайтындар заңда ескерiле алады. Нотариус арқылы куәләндiруді талап ететін мүлікті басқару мен келісімдер жасауға берілетін сенімхат нотариалдық формада болуы қажет (егер басқасы заңмен ескерiлмесе).

Дегенмен мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: ереше түрде ресімделген жазбаша сенімхаттар заңмен талап етілген нотариалды куәлікті алмастыра алады. Мұндай жағдайлар өкілдер тап болған ерекше жағдайлармен байланысты. Бұл тізімге мыналар енеді:

1) госпитальда, шипажайда немесе басқа да әскери-емдік мекемелерде емделіп жатқан тұлғалардың сенімхаттары. Мұндай келісімді сол мекеменің басшысы, оның медициналық бөлім бойынша орынбасары немесе аға не кезекші дәрігер куәландыруы қажет;

2) әскер қатарындағы тұлғалардың сенімхаты, оны әскери бөлімнің командирі (басшысы), бөлімнің, мекеменің немесе әскери оқу орнының басшылығы куәландыра алады. Осындай тәртіпте бөлімнің, мекеменің немесе әскери оқу орнының нотариалдық кеңсе жоқ жерде орналасқан жағдайында (нотариус немесе қызмет барысына нотариалдық қызмет жасау кіретін басқа органдар) сол тұлғалармен куәландырылып, әскер қатарындағылардың отбасы мүшелеріне, қызметкерлерге, олардың отбасы мүшеле ріне сенімхат беріледі;

3) бас еркіндігінен айыру мекемелерінде жатқан тұлғалардың сенімхаты (түрмеде жатқандар), бұл сенімхат сол сәйкес бас еркіндігінен айыру мекемелерінің басшылығымен куәландырыла алады;

4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде – қарттар үйінде, мүгедектер үйінде және т.б. жерде жатқан кәселетке жасы толған, әрекетке қабілетті азаматтардың сенімхаты, бұл сенімхатты мекемеің әкімшілігі немесе жееткшісі, сәйкес органның орынбасарлары куәландырулары қажет.

Ал мынадай жағдайларда:

- еңбек ақысын алу немесе еңбек қатынасымен байланысты басқа да төлемдерді жасау;

- авторлар мен өнертапқышқа сыйақы төлеу;

- зейнетақы алу;

- жәрдемақы алу немесе шәкіртақы алу;

- азаматтардың банктегі салымын алу немесе ақшалай, сәлемдеме, тағы да басқа өзге корреспонденцияны алуға мына түрдегі сенімхаттар ұсыныла алады: олар сол тұлғаның оқып жатқан немесе жұмыс жасап жатқан ұйымымен куәландырылған болуы керек немесе оның тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрғын үй-пайдаланылмалы ұйымдармен куәландырылған болуы керек немесе емделуде жатқан болса, сол стационарлық емдеу мекемесінің әкімшілігімен куәландырылған болуы қажет.

Сенiмхаттарға олардың формасы туралы арнаулы талаптар да қойылады, мысалы, оларды сол ұйымның мөрiмен бекiту осы туралы заңда немесе басқа құқықтық актіде немесе тараптардың келiсiмiнде нұсқау бар болған жағдайда ғана қажет.

Жеке алғанда азаматтық ҚР АК 167-шi бабының 6-шы тармағымен қарастырылған: заңды тұлғаның атынан сенiмхатты берген кезде ұйымның мөрi, сонымен бiрге сәйкес қолтаңба бар болу керек. Бұдан басқа, бекітілген нәрсе – ақша немесе басқа да мүліктік құндылықтарды алу немесе беру үшін мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте жүрген заңды тұлғаның атынан берілетін сенiмхат бас есепшінің екінші қолтаңбасымен де бекітілуі қажет.

Ортақ ереже бойынша сенiмхатқа жетекшi қол қояды. Алайда егер ол ұйымның құрылтай құжатымен тиiстi өкiлеттiктермен және кез келген басқа жауапты тұлға қол қойылған кезде де нақты болып табылады.

Өкiлеттiктердiң мазмұны және көлемi бойынша сенiмхаттың үш түрi болады:

1) бас (жалпы) сенiмхаттар, олар нақты бір белгіленген уақыт мерзімі арылығында әр түрлі келісімдер мен басқа да заңды әрекеттерді жасау үшін беріледі (мысалы, заңды тұлғаның бөлімше жеткшісіне берген сенімхаты);

2) арнайы сенiмхаттар, олар бiрқатар мәмiлелер немесе басқа заң әрекеттерін жасау үшін беріледі. Оған жататын сенімхаттар: соттағы өкiлдiк үшін, арбитражды сот үшін, жүк тасымалдаушыдан тауарлық-заттық құндылықтарды, т.б. алуы үшiн берілетін сенiмхаттар;

3) бiр жолғы сенiмхаттар, олар белгiлi бiр мәмiленiң iске асырылуы немесе басқа заң әрекеті үшiн беріледі.

Сенімхаттардың куәліктері.

Нотариус сенімхаттарды бір немесе бірнеше адамның атынан, бір немесе бірнеше тұлғаның атына куәландырады.

Екінші біреуге жүктеу тәртібінде берілген сенімхат нотариус арқылы куәләндiрілуі қажет және сенiм ретiнде көрсетушi сенiмхат оның құқығы ескертiлген негiзгi сенiмхаттың ұсынысы бойынша немесе негiзгi сенiмхат бойынша өкiлдің мүдделерiн берген сенiмхат бойынша қорғауы үшiн осыған мәжбүр еткен дәлелдерiнiң ұсынысы бойынша беріледі. Екінші біреуге жүктеу тәртібінде берілген сенімхаттың негiзгi сенiмхат бойынша берiлген құқықтардан артық құқығы болмауы керек. Екінші біреуге жүктеу тәртібінде берілген сенімхаттың әрекет ету мерзімі өзі негіз етіп алған сенімхаттың әрекет ету мерзімінен артық болмауы керек.

Сенімхаттың мерзімі.

Азаматтық кодекс сенімхаттың ең шекті мерзімін бекіткен, ол мерзім үш жылды құрайды (ҚР АК 168 бабы). Ал одан көп мерзімге берілген сенімхаттың жарамдылық мерзімі тек үш жыл ғана болады. Сенімхатта мерзімінің көрсетілмеуі, болмауы оның заңды күшін жоя алмайды. Мұндай сенімхаттардың жарамдылық мерзімі бір жыл ғана болып саналады. Бірақ мерзіммен басқа нәрселер байланысты, ол аса міндетті талап, оны бұзған жағдайда сенімхат жарамсыз деп танылады, ол талап – оның берілген күнінің міндетті түрде көрсетілуі. Егер сенімхат көп мерзімге берілген болса, оның жарамдылық мерзімі тек үш жыл ғана болып есептеледі.

Екінші біреуге жүктеу.

Сенімхат берудің барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже – жеке өкілдің онда қарастырылған әрекеттің қажетті деп мойындалуы. Осы аталған себеп бойынша осы мақсатта берілген сенімхат (екінші біреуге жүктеу) негізінде басқа біреуге сәйкес әрекетті орындауды беру тек мына жағдайларда ғана мүмкін: не сол сенімхаттың өзінде екінші біреуге жүктеу құқығы қарастырылған немесе өкіл тұлға беріп отырған тұлғаның мүддесін қорғау үшін (ҚР АК 169 бабы) жағдайлардың негізінде тапсырмны орындауды екінші біреуге жүктеуге мәжбүр.

Мұнда сенімхат беретін тұлға мен жаңа өкілдің арасындағы байланысты анықтау үшін тек қана мекенжайы мен сол сияқты мәліметтер ғана қажет емес, сонымен қатар жаңа өкілдің кәсіби және басқа да сапаларын сипаттайтын мәліметтер де қажет.

Мұндай сенімхаттарға екі талап қойылады: біріншіден, ол барлық жағдайларда нотариалды түрде куәландырылған болуы қажет және екіншіден, екінші біреуге жүктеу кезінде берілген сенімхат түрлі шектеулерден шыға алмайды.

Екінші біреуге сеніп тапсыруды бекіту үшін берілген сенімхаттар алғашқы өкілдігіне берілген әрекеттердің тек бір бөлігін ғана немесе оны тұтастай қамти алады.

Сенімхаттың тоқтатылуы және оның салдары.

Сенімхаттың негізінде екі тараптың жеке қатынастары жатады. Осы себепті сенімхат мына жағдайларда бірден тоқтатылған болып саналады: қайтыс болған жағдайда, әрекетке қабілетті емес деп танылған жағдайда. Сонымен қатар сенімхаттың тоқтатылуының тағы да бір сәйкес жағдайы – ұсынылатын тұлғаның немесе өкілдің заңды тұлғасының тоқтатылуы. Осы себепті құқық иеленуші өкілдің келісімімен оған жаңа сенімхат беруі қажет.

Сенімхатты тоқтатудың тағы да бір негіздемесі – оның жедел сипатымен байланысты. Жарамдылық мерзімі өткен соң тоқтатылады, яғни екі жақтың келісімімен қажет болған жағдайда жаңа сенімхат берілуі қажет. Тағы бір ескеретін жайт – сенімхаттың тоқтатылуы автоматты түрде екінші біреуге сеніп тапсыруды да тоқтатуға әкеледі.

Азаматтық Кодекстің 171 бабында өкіл тұлға үшін нақты бір кепілдіктер бар, сонымен қатар үшінші тұлға үшін ұсынылатын адаммен сенімхатты алып тастау жағдайында кепілдік бар. Бұл кепілдіктер мынадай: ұсынушы тұлға өкіл мен үшінші тұлғаға мүмкін болатын алып тастау туралы хабардар етуге міндетті. Мұндай міндеттеме ұсынушы тұлғаның қайтыс болған кезінде оның құқық иеленушісіне жатады (заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру).

Сенімхаттың тоқтатылуының құқықтық салдарлары өкіл адамның сенімхаттың тоқтатылуы туралы білген кезінде немесе білуі қажет кезде туады. Сондықтан, сәйкес кезңге дейін туған құқықтар мен міндеттемелер өкіл үшін де, құқық иеленуші үшін де маңызын жоғалтпайды.

Сенімхаттың күші жойылғаннан соң жасалған келісімді ұсынушы тұлға жеңіп шығуы мүмкін. Бұл үшін олар мына жағдайды дәлелдеуі керек: үшінші тұлға келісім жасалған кезеңде сенімхаттың күші жойылғандығын білді немесе білуге тиіс еді.

Өкілге бұл жағдайда жүктелетін міндеттеме – ұсынушы тұлғаға сенімхатты бірден қайтарып беру. Бұл міндеттілік фактілік әрекеттер жасаудан емес, заңды әрекеттер жасаудан көрінеді. Осы себепті өкіл тұлғаның сенімхатты жоюы оны ұсынушы тұлғаға қайтарып берумен тең болады.


8 Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі
Азаматтық құқықты жүзеге асыру мен қорғау уақыт факторымен тікелей байланысты. Азаматтық заң нақты бір белгіленген кезеңмен азаматтық құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстырады, оны жүзеге асыру қажеттілігі заңмен немесе әрекет келісімдерімен қарастырылады. Азаматтық құқықта мерзім дегенде түсінетініміз – заңды салдарлармен байланысты уақыт кезеңі немесе аралығы.

«Мерзім» түсінігінің екі мағынасы бар: не нақты бір кезең немесе нақты бір уақыт мерзімі, аралығы және ол екі мағынада да қолданыла береді. Уақыт мәселесі тек қана кіші шаруашылық қызметтерінде ғана емес, мемлекеттің тұтастай экономикасында да маңызды роль атқарады. Кез-келген әрекеттің өндірілуі мен бағалануы мерзімді сақтаусыз мүмкін емес. Құқық пен міндеттеменің уақытпен қызмет жасауы – азаматтық құқықтық қатынастың қатысушыларына заңды әсер етудің басты құралы.

Мерзім азаматтық айналымды реттейді, келісімдердің орындалуына да ықпал етеді. Сонымен қатар азаматтық құқықтардың іске асырылуы мен қорғалуы да уақыт факторымен тікелей байланысты екендігі де табиғи нәрсе. Азаматтық заңнама уақыт кезеңімен әрекет жасауды, құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады, олар келісіммен немесе заңмен қарастырылады. Азаматтық Кодекстің 172 бабында заң шығарушы азаматтық құқықтағы мерзімнің жалпы түсінігін былай деп береді: ол нақты бір кезең немесе уақыт бөлшегі, ол өтіп кеткен соң заңды салдарлар туады, бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады: өзінің заңды табиғаты жағынан мерзім бұл – заңды факті, оның басталуымен заңнама заңды салдарлардың басталуын байланыстырады.

Мерзімді әдетте заңды фактілерге-оқиғаларға жатқызады, себебі уақыт адамның еркіне байланысты емес. Дегенмен уақыттың екі жақты табиғатын сипаттайтын басқа да көзқарастар бар. Пайда болу кезеңі бойынша еркін бола отырып (заң шығарушымен, сотпен, келісімге келуші екі жақпен бекітіледі), мерзім сонымен бірге тұлғаның еркінен тыс уақыт ағымына ие болады. міне, сол себепті азаматтық құқықтағы мерзімдер заңды фактілердің жеке категориясын ұсынады және сол себепті әрекетке де, оқиғаға да жатқызылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет