Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Жұмысқа нұсқау оқушыны өзіндік бақылауға бағыттауы керек. Ол үшін оқулық мәтіні, анықтамалықты, сөздікті, атласты, т.б.қолдану ұсынылады. 6



бет120/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   160
2 Ой-сана 8 том

5. Жұмысқа нұсқау оқушыны өзіндік бақылауға бағыттауы керек. Ол үшін оқулық мәтіні, анықтамалықты, сөздікті, атласты, т.б.қолдану ұсынылады.
6. Жұмысқа нұсқауды құруда оқушылардың жылдамдығын ескеру керек, барлық оқушыға міндетті материал нұсқаудың негізгі бөлімінде, ал қосымша материал соңында берілуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1.Жұмысқа нұсқау бір ретпен берілуі керек. Әдетте, олар нөмірленеді. Осы арқылы оқу үдерісін нақты басқаруға болады. Оқушыларға жұмыс уақыты (мерзімі) хабарланады.
2. Әрбір тапсырмада қажетті материал қандай деректен алынатындығы көрсетілуі керек. Мысалы, оқулықтың параграфы, парақ нөмірі көрсетіледі, сөздіктерге, карталарға, қосымша әдебиетке сілтеме беріледі, зертханалық тәсілдердің қолданылуы көрсетіледі.
3. Әрбір тапсырманы қандай формада орындауды, жауапты қайда жазуды хабарлау керек (жазбаша, ауызша, жоспар немесе сурет түрінде,т.б.).
4.Тапсырмалар нақты, анық және қысқа берілуі керек. Жұмыс нұсқауын мұғалімнің өзі немесе орталық береді. Егер жұмыс дәптері болмаса, оқушыларға нұсқауды үш тәсілмен хабарлайды: 1) әрбір оқушыға жеке таратылады; 2) тақтаға жазылады; 3) оқушыларға оқылады.


4.2.2. Жұмыс дәптері және оның атқаратын қызметтері

Өзіндік жұмыстың тәсілі ретінде жұмыс дәптерін терілген негізде қолдану біздің республикамызда кең таралған. Эстонияда И.Кяйс жұмыс дәптерін алты жылдық мектеп үшін барлық пән бойынша құрды. Олардың қолданысы О.А.Нильсоннің монографиясында («мектептегі жұмыс дәптері», 1975) берілген.


Жұмыс дәптерін екі топқа бөлуге болады: 1) жұмыс нұсқауларының жинағы; 2) өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жинағы.
Жұмыс дәптерінің екі түрін қолданғанда, тапсырмаларды әдетте сол дәптерге арнайы орындайды. Алайда кейбір дәптерлерде тапсырманы жеке дәптерге орындау нұсқауы беріледі. Оқулыққа байланысты жұмыс дәптерінің келесі түрлері қарастырылды:
1) жұмыс дәптері нақты оқулыққа қатысты, оқулық мәтінімен жұмыс жасау тапсырмаларын береді. Әдетте, оқулықты нақты материалдармен (сурет, кесте, контурлық-карталар, т.б) толықтырылған.
2) жұмыс дәптері оқулықпен байланысты орнатпайды, тек оқу әдебиетіне қосымша болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет