Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет131/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Василий Иванович Журавлев
(1923-1996)


Әйгілі педагог, РБА академигі (1992), педагогика ғылымдарының докторы, профессор (1976) Василий Иванович Журавлев Омбы облысында Старорямов селосында дүниеге келген. 19582 жылы Новосибирск педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1940 жылдан педагогикалық жұмыста. 1956-77 жылдары Липецк және басқа пединституттарда дәріс оқиды.1978-1996 жылдары Мәскеу облыстық пединститутында педагогика кафедрасын меңгерді. 60-70 жылдары ұзақ уақыт жүргізілген Липецк және Ростовтың оқу практикасында педагогика ғылымдарының жетістіктерін іске асыру тәжірибесінің нәтижелеріне талдау жасады. Ол педагогиканың адам туралы ғылымдар кешеніндегі кіріктірілген пән ретінде даму мәселелерін зерделеді. «Педагогика в системе наук о человеке», 1990.
90 жылдардың басында ол Ресейде алғаш рет білім беру мәселелерінің компьютерлік ақпараттық жүйесін, инновациялық педтехнологиялар жүйесін ұйымдастырды. Мұғалімге қатысты конфликтология мәселелерін зерделеді.
Шығармалары: Вопросы жизненного самопределения выпускников ср. школ. Ростов на Дону 1972, методы пед. исследований. М., 1972, Взаимосвязь пед.науки и практики, М., 1984, Основы педагогической конфликтологии. Учебник М., 1995.



      1. . Журавлев В.И. Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезі және педагогика ғылымдарының әдіснамалық мәселелері: (Педагогика ғылымы – мектепті қайта құру)



1. Педагогика әдіснамасы негізгі ұғымдары

Ең бірінші қазіргі әдебиеттердегі «педагогика әдіснамасы» ұғымының негізгі анықтамаларын қарастырайық.


Бұл басты термин ең негізгі анықтама басылымдары «Педагогикалық сөздікте» (1960 ж), «Педагогикалық энциклопедияларда» (1966-1968 жж.) - түсініктеме қорына енгізілмеген. «Педагогикалық энциклопедияларда» тек қана «педагогика әдіснамасын (оның философиялық әдісі), әдістемесін... және зерттеу техникасын ажырту» туралы ескерту кездеседі. Педагогикадан болашақ мұғалімдер ғылыми білімдерін игеретін нормативті және оқу құралдары «Педагогика әдіснамасы» түсінігі анықталмаған.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу әдебиеттерін талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: «педагогика әдіснамасы» ұғымы мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнына әлі күнге дейін енбеген. Педагогикалық жоғарғы оқу орнын маман ретінде бітіргенде белгісіз қалатын философия ғылымының жалпы әдіснамасынан басқа құбылыстың педагогикалық болмыстың ерекшелігін көрсететін педагогика ғылымының негізіне жеке ғылымдық әдіснама енеді.
Жалпы алғанда әдіснамалық семинардың материалдары педагогикадағы әдіснамалық білімнің шекарасы көмескі деген қорытынды жасауды ұсынды. Таза әдіснамалық зерттеулер өте сирек кездеседі. Нақты екі бағыт ерекшеленеді: педагогика әдіснамасы педагогика ғылымның өзіндік саласы ретінде және педагогика теориясын дамыту факторы ретіндегі әдіснама. Сол уақыттарда бірнеше автордың педагогика әдіснамасын оқу практикасымен және тәрбиемен жақындастыру талпыныстары байқалады. Бұл, мысалы, зерттеу логикасын оқушылардың танымдық жұмысының логикасына көшіруде байқалады.
Н.Д.Никандровтың «Қазіргі кезеңдегі педагогиканың әдіснамалық мәселелері» мақаласында (1985) арнайы әдіснаманың негізгі екі қызметі ерекшеленеді: ұйымдастырушылық және бағдарлаушылық. Педагогика әдіснамасының пәнін кеңейтуді қолдай отырып, автор мектеп реформасын, халыққа білім беру жүйесін жетілдіруді, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын, педагогика ғылымының рөлін арттыруды ғылыми қамтамасыз етуге жауап беретін негізгі әдіснамалық мәселелерді 3 топқа бөліп көрсетеді. Педагогика әдіснамасының ғылым және практикаға қосқан үлесін арттырудың негізгі жолы – оның әртүрлі деңгейдегі міндеттерді шешумен байланыстылығы. Педагогика ғылымның тиімділігін арттыру шарты - әдіснаманың басымдылық рөлін мойындау. Автор үздіксіз циклдің идеясын жақтайды: «іс-тәжірибе - әдіснама - теория - әдістеме - жоғарғы деңгейдегі іс-тәжірибе».
Әдіснаманың педагогика ғылымының саласы ретінде қалыптасуы және дамуы үшін маңыздысы - педагогика әдіснамасының мазмұнды жағы. З.А.Малькова кеңестік педагогиканың идеологиялық мәселелеріне сәйкес әдіснамалық білім мазмұнын ашып көрсетті. М.Н.Скаткин дидактиканың әдіснамалық білімдеріне зерттеушінің ғылыми жұмыста қолданылатын логика-әдіснамалық құралдарын және оның дүниетанымдық көзқарасын жатқызды
Жеке тұлғаның жан-жақты дамыту компонентіне енетін оқушыға философиялық білімберуге педагогика әдіснамасы және теориясы жауапты. Бұл идеяны педагог В.С. Шубинскиймен негіздеп, дидактика және тәрбие теориясы үшін өте маңызды деп ұсынды. Педагог-әдіснамашы В.В.Краевский жаңа идеялардың ұстанымдық қатарын алға қояды: психология әдіснамасы және педагогика әдіснамасының келісімділігі, нақтылыдан дерексізге және дерексізден нақтылыға өрлеу үдерісінің әдіснамалық шешімі .
Теориялық зерттеулердегі педагоика әдіснамасы мәселелерін қарастырудың негізгі қорытындысы осындай.
«Педагогика әдіснамасы» ғылыми түсінігін жасаудағы белгілі бір қадам оқыту және тәрбиенің басқа мәселесін зерттеушілер, ғалымдар араласатын әдіснамалық аллғышарттарды бірыңғай құрудың арқасында жасалған. Осындай тұғырға мысал ретінде В.И.Загвязинскийдің «Дидактикалық зерттеудің әдістемесі және әдіснамасы» жұмысы жатады. Автор педагогика әдіснамасын «педагогикалық зерттеудегі бастапқы қағидалар, құрылым, қызметтер және ғылыми-зерттеу әдістері деп анықтайды , педагогикадағы теориялық және әдіснамалықтың шекарасының жылжымалылығын атап көрсетеді. Әдіснамалық білім құрамына ол «жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық заңдар мен заңдылықтар және олардан шығатын педагогикалық әрекетке талаптарды», педагогикалық зерттеулердің ұстанымдары мен әдістерін ендіреді. Педагогика әдіснамасы «педагогика ғылымының маңызды және өзгермейтін бөлігі» ретінде түсіндіреліді.еді. Көрініп тұрғанымызға сәйкес, педагогика әдіснамасына ықшам анықтама беруге, :педагогиканың әдіснамасының ұғымдарының мазмұнын және оның көлемін, педагогиканың әдіснамасы мен теориясының байланыстарын көрсетуге болады.
Қазіргі жағдайда педагогика әдіснамасы мазмұнын қандай бағытта тиімді дамытуға болады? Педагогика әдіснамасын практика және теория саласындағы педагогикалық іс-әрекеттің құралдары және әдістері деп анықтайтын белгілі кеңес ғалымдарының ұжымдық пікірінен шығатын болсақ, онда педагогика әдіснамасындағы эволюция оның бетбұрысын практикаға бұрылатын болады.
Бұл бағытта жоғары оқу орны педагоикасы алға қадам жасап қойды. Педагогикалық зерттеу әдістері белгілібір жаңартудан кейін әдіскердің, тәрбиешінің, мектеп мұғалімдерінің практикалық жұмысының әдістеріне айналады. Нәтижесінде жаңа, үйреншікті емес жағдайда туындаған міндеттерді шешетін педагогтердің қабілеттері артады. Әдіснаманы және мектеп мәселесін зерттеудің әдістемесін меңгерген педагогикалық жоғары оқу орнының студенттері оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жаңартуға белсенді қатыса алады және институтты бітіргеннен кейін осы дәстүрлі емес әдістерді жұмыста қолдана алады.
Басылымдарға қорытынды талдау жүргізсек, педагогика әдіснамасы оның ғылыми түсінігіндегі сипаттама деңгейінде қарастырылады және зерттеу пәні ретінде жүреді. «Педагогика әдіснамасы» түсінігін дамытуда және ашуда нақты кертарпалық өзіне көңіл аудартады. Оның мазмұнының сипаттамасында пайымдаулық бағыт басым болады. Жалпы әдіснамадан - философияға – жеке ғылыми әдіснамаға ауысу нәтижесі анықталмаған күйде көрсетіледі. Көптеген анық әдіснамалық идеялар түсінік мазмұнынына кірмеген. «Педагогика әдіснамасы» термині педагогиканың ғылыми лексикасында өзіндік орнын алған жоқ.
Педагогикалық зерттеулердегі диагностикалық және кабинеттік– құрастырушылық әдістер қайта өзгерту әдістеріне қарағанда кеңінен құрастырылған. Басқаша айтсақ, «педагогика әдіснамасы» (зерттеу әдістері, педагогикалық болмысты қайта құрушы әдіс) ғылыми анықтамадағы түсінігі екі логикалық компонентпен байланысқан, екіншісі өзінің мазмұны жағынан практика жаңғыртатын әдісі педагогика ғылымының тысқарыда табылады.
Педагогиканың тәрбие бөліміндегі дискрипторлық сөздіктің негізін құрайтын негізгі және жалпы қолданылатын терминдермен педагогика әдіснамасының сөздігі шектелуі болуы мүмкін:
әдіснама (жалпы),
педагогика әдісснамасы,
педагогикалық мәселе,
педагогикалық зерттеу әдісі,
педагогикалық зерттеу құралдары,
педагогикалық зерттеу көздері,
болжам,
педагогикалық зерттеу нәтижесі,
педагогикалық заңдылық,
педагогика заңы,
ғылыми-педагогикалық категория,
ғылыми–педагогикалық ұғым,
педагогикалық тезаурус,
педагогиканың ақпаратты-ізденістік тілі (АІТ)
педагогикалық информатика, педагогикалық ақпарат,
педагогикалық іс-тәжірибе,
педагогикалық зерттеу нәтижелерін іс-тәжірибеге енгізу,
педагогикалық логика,
педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығы,
педагогикалық практика,
ғылыми қорытындылардағы педагогикалық практиканың сұранысы,
зерттеу сапасы бағасының өлшемі,
педагогикалық үдерістегі тиімділік бағасының өлшемі.
Педагогика әдіснамасы терминдерінің рәсімі ұғымдардың категориялық, базалық (негізгі) және шеткері болып бөліну негіздерін анықтау болуы керек. Топтама негізінде мынаны бұл ғылымтануда қалай жасалады, педагогикалық шындықтағы құбылыстың түсінігінің іргелілігі, көлемі, педагогика ғылымы прогресін көрсету түсінігінің өзгеруі болуы керек. Ондай көзқарасөзара ғылымаралық сипатта және қолданылуы тәрбие туралы ғылымның арнайы ерекшеліктерге қарама-қайшы келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет