4. Оқытудың мазмұны заңды түрде оның мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ сәйкес жастағы оқушылардың шынайы мүмкіндігіне тәуелді.
Бұл заңдылық қажеттілігіне сай ауқымды қоғамдық жоспардың, өнеркәсіптің, ғылымның, мәдиениеттің, әлеуметтік қатынастардың даму деңгейімен сәйкес оқыту жоспарлары және барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған топтық бағдарламарды жасатуға әкелген.
Бұл заңдылық арнайы сыныптарға арналған сабақтарды жоспарлау барысында ескеріледі. Сабақ мазмұны білім берудің міндеттері мен мектеп оқушылардың дамуына, тәрбиесіне сәйкес келуін ескеру керек және сыныптағы оқушылардың шынайы оқу мүмкіндігінің бірте бірте өсуін ескеру қажет.
5. Оқушылардың оқыту жүйесіндегі белсенділігі заңды түрде оқушылардың таным дүниесінің ырғақтары мен мұғалімнің оқытудың ынталандыру әдістерін қолдануына байланысты. Оқытуды ынталандырудың себептерінсіз оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін және білім берудің міндеттерін шешу, оқушыларды тәрбиелеу мен қалыптастыру мүмкін емес. Сол себепті де оқыту үдерісіне арнайы оқуға ынталандыру әдістерін үнемі қолдану қажет. Сондай-ақ танымдық оқу әрекетіне қызықтырудың басқа да тәсілдерін қолдану қажет.
Оқу-танымдық әрекетті, бақылау мен өзін-өзі бақылауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын ұйымдастыру, заңды түрде оқушылардың шынайы оқу мүмкіндігі мен оқыту мазмұнының тәуелді.
К. Маркс «Капитал» атты туындысында адамның әрекет ету әдісі мен сипатын мақсат заң ретінде анықтайтынын сенімді түрде басып айтқан болатын. Сондықтан да оқытудың әдістері мен құралдары оқытудың мақсатымен анықталады. Оқытудың әдістері мен құралдарының алға басуы сәйкес жастағылар алдына мейлінше жоғары міндеттерді қоюға мүмкіндік тудырады.. Бұл заңдылық оқытудың әдістерін таңдауда тек міндеттерді ескеруді ғана емес, оқу материалының мазмұнының және оқушының жас ерекшілігі мен оқушылардың дайындық деңгейін ескеруді талап етеді.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары заңды түрде оқытудың әдістері мен мазмұны, міндеттеріне тәуелді.Бұл заңдылықты есепке алу мұғалімдерге оқу- танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық, жекелік және жалпы сыныптық тиімді үйлесімін таңдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |