Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы



бет1/5
Дата09.07.2016
өлшемі3.72 Mb.
#186717
  1   2   3   4   5



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМКД 042-14-1-05.1.20.71/03-2014



ПОӘК

«Жасанды суық тұтыну және өндіру технологияларының негіздері» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



«___» _______ 20__ ж. №1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«жасанды суық тұтыну және өндіру технологияларының негіздері»

5В072300 – Техникалық физика мамандығы үшін



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014

Мазмұны



5В072300 – Техникалық физика мамандығы үшін 1

1 Глоссарий 3

2 Дәріс 5

Тақырып. Тамақ өнімдерін суыту 12


1 Глоссарий

Технология – тұтыну затында және өндіріс құралдарында табиғи шикі заттар мен материалдарды өңдеу тәсілдерінен білімдер жиынтығы.


Тоңазыту технологиясы — ол суық көмегімен тамақ өнімдерін сақталу міндетін шешетін тәжірибелік іс-әрекет пен білім саласы, сонымен бірге оның өнеркәсіптік өндірісте суықтың қолданылуы.
“ЖСТӨТН” пәні физикалық және химиялық өзгеру жолы арқылы, заттың ішкі құрылысында және қасиетінде, құрамында болатын өзгеріс әдістерін және процесстерін оқытады.
Технологиялық режим — бұл процесстердің жылдамдықтарына әсер ететін негізгі факторлар (көрсеткіштер) жиынтығы, өнімнің сапасы және шығуы.
Ағынды сызба нұсқа дегеніміз, ашық тізбекті сызба нұсқа, онда әрекеттесетін масалар аппарат арқылы бір рет өтеді.
Айналмалы сызба нұсқада процесс толық деңгейіне жеткенге дейін әрекеттесетін массалардың сол аппаратқа бірнеше мәрте қайтып оралуы қарастырылады.
Бөлінген немесе сіңірілген жылу химиялық реакцияның жылулық тиімділігі деп аталады.
Реакция нәтижесінде қоршған ортадан энергия жұтылса, ондай процес энедотермиялық деп аталады.
Химиялық әрекеттесу кезіндегі жылу бөліну жағдайындағы процесс экзотермилық деп аталады.
Реакция қандай да бір фазаның көлемінде жүрсе гомогенді, ал фазалардың бөліну шекарасында жүрсе гетерогенді болады.
Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз реакцияға қатнасатын қандай да бір заттың концентрациясының уақыт бірлігінде өзгеруі.
Криоскопиялық температура дегеніміз, өнімде мұз пайда болу температурасы.
Суыту – бұл криоскопиялық температурадан төмен емес температураға өнім температурасын төмендету.
Мұзадату деп, өнім температурасының криоскопикалық температурадан 10-30 ºС төмендтлу процессін айтамыз.
Еріту деп, оладың міндетіне тәуелді өнім температурасын криоскапикалық температураға дейін немесе одан жоғары арттыру процессін айтамыз.
Тоңазытқыш техникада мұздату процессінде мұзға айналған суды қатырылған деп атайды.
Кептіру процессі- қатты немесе қоймалжың материалдардан буландыру жолымен ылғалды жою және су буын әкетудің технологиялық процессі.
Тіке булану (сублимация) дегеніміз, бұнда қатты заттың газ тәріздес күйге, сұйыққа айналмай тікелей өтуін айтамыз.
Десублимация дегенміз кері процесс, яғни заттың газ тәріздес күйден сұйыққа айналмай қатты күйге өту процессін айтамыз.
Шикі зат деп, өнеркәсіптік өнімдерді өндірісте шығару үшін пайдаланылатын бастапқы материалдарды айтады.
Жартылай фабрикаттар деп, өнеркәсіптік өңдеуден өткен шикі заттарды айтады.
Қалдықтар – бұлар осы кәсіпорында қолданылмайтын қосалқы өнімдер, бірақ, басқа кәсіпорында өнім өндіру үшін шикі зат ретінде қызмет етуі мүмкін.
Абсорбция дегеніміз, сұйық сіңіргішпен газ немесес будың жұтылу процессін айтамыз.
Ректификация деп, гомогенді сұйық қоспаны бір қатар компоненттерге буландыру мен конденсациялау сатыларын үйлестіру жолымен бөлу процессін айтамыз.
Заттың газ тәріздес күйден сұйық күйге суыту нәтижесінде өту процессін конденсация деп атаймыз.

Адсорбция – бұл қатты дене бетімен газ, бу немесе ертіндінің жұтылу процессі.


Будан, ертіндіден қатты фазаның бөліну процессі кристалдау деп аталады.
Полимеризация – бұл мономер молекуласын жалғау жолымен полимер түзілу процессі.
Поликонденсация – бұл кішімолекулалық зат бөлінумен жалғасатын, мономер молекуласын жалғау жолымен полимер түзілу процессі.

2 Дәріс

Дәріс – бұл оқу сабағының формасы, міндеті қарастырылатын теориялық сұрақтарды логикалық ұстамды түрде баяндау.


Дәріс 1
Тақырып. Кіріспе. Тамақ және химиялық технологияның жалпы сұрақтары.
Сұрақтар
1. Кіріспе.

2. ЖСТӨТН пәнінің жалпы түсініктері.

3. Технологиялық режим.

4. Химиялық-технологиялық процестердің жіктелуі.


Технология — бұл өндіріс құралдарында және тұтыну затында, материалдарды және табиғат шикізаттарын өңдеу туралы білім жиынтығы.

Технологияның міндеті — физикалық, химиялық және механикалық заңдылықтарды ашып беру мақсатымен практикада аз материалдық ресурс және уақыт шығындарын талап ететін ең тиімді және экономикалы өндіріс процесстерін қолдану және анықтау.

“ЖСТӨТН” пәні физикалық және химиялық өзгеру жолы арқылы, заттың ішкі құрылысында және қасиетінде, құрамында болатын өзгеріс әдістерін және процесстерін оқытады. Технологияның маңызды міндеттері өндіріс әдістерін таңдау немесе тиісті аппараттарда өте тиімді жағдайларда өтіп жатқан процесстерді (операцияларды) тізбегімен баяндаудан тұрады.

Техникалық, экономикалық тиімділіктерін мінездейтін, сол немесе басқа өндіріс әдістерінің негізгі көрсеткіштері келесілер:

а) энергия мен ішкі зат;

б) өнім сапасы мен шығуы;

в) жұмыс жабдықтарының өнімділігі;

г) өндіріске салынған ақша қаражатының шығыны;

д) өнімнің өздік құны.

Осы аталған көрсеткіштерді салыстыру және анализ жасаудың негізінде сол немесе басқа өндіріс сызба нұсқалары және әдістері іске асырылады.

Технологиялық режим — бұл процесстердің жылдамдықтарына әсер ететін негізгі факторлар (көрсеткіштер) жиынтығы, өнімнің сапасы және шығуы.

Режимнің негізгі параметрлары болып t, P, C (концентрация), реагендердің бір-біріне әсер ету әдістері, католизаторлардың бар болуы. Өндірістің технологиялық схемасы деп, өздеріне сәйкес аппараттарда процесстерді бейнелеу немесе тізбектеп сипаттау.

Технологиялық схемалар екіге бөлінеді: ағынды және айналма.

Ағынды схемада әрекеттесетін массалар аппарат арқылы бір рет өтеді, ал айналма схемада бірнеше рет берілген процесске толық жеткенше өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет