2 Қарапайым түс моделдері: rgb, hsb, cmyk.
Қарапайым түс модельдері. Түстік модель – құралушы компоненттердің түстік реңін ажырату әдісін анықтайды.
RGB– модель (аддитивтік) күн сәулесінің физикалық қасиеттеріне негізделген: кез келген түс ең әуелгі үш түстердің бірін (Red - қызыл, Green - жасыл, Blue – көк) араластырудан пайда болады. Ақ түс барлық үш түсті араластырудан пайда болады.
CMY-модель (субтрактивтік немесе алып тастау) Ең әуелгі түсті ақ түстен алып тастау арқылы қосымша түстер пайда болады:
Көгілдір (Gyan)= ақ – қызыл = жасыл + көк
Қызыл күрең (Magenta) = ақ – жасыл = қызыл + көк
Сары (Yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл
CMYK-модель. CMY моделіне ұқсас, бірақ оған таза қара түс енгізілген
(black). Қара реңді «таза» түсті алуға арналған.
Түсті принтерлерде көбінесе төрт бояғыштар қолданылады. Осы жүйе полиграфияда кең қолданылады.. Өмірде бірде бір бояу мүлде таза емес және араласқан түрде болады. Сондықтан қосымша түстерді бірінің үстіне бірін салу таза қара түсті бермейді.
Сурет 1. Түстік модельдер: а) RGB ;б) CMYK.
3 Видеоақпаратты шығару құрылғысы
Компьютерге ыңғайлы түрдегі ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы түрде
түрлендіруге арналған. Компьютер ішінде ақпарат цифрлық түрде сақталады, ал пайдаланушы ақпараттарды мәтін, кескіндеме, дыбыс түрінде түсінуге әдеттелген. Шығару құрылғыларының кең тарағандары:
Видеоплата - видеомониторға кескіндерді құрастыратын негізгі құрылғы. Қазіргі видеоплаталар компьютердің өзі сияқты құрылған: оларда видеосигналдарды өңдейтін процессор (видеопроцессор), кескіндерді сақтайтын видеожад, видеопроцессордың жұмысы үшін қажет бағдарламадан тұратын тұрақты жады (BIOS ұқсас) бар. Қазіргі видеоплаталар телевизорға, екінші мониторға және т.б. қосуға арналған құралдармен жабдықталуы мүмкін.
Видеомонитор – ақпаратты видеоплатадан алып оны мәтін немесе кескін түрінде бейнелейді. Қазіргі мезгілде мұндай құрылғылыардың келесі түрлері шығарылады:
электронды-сәулелік трубка негізіндегі мониторлар
сұйық кристаллды мониторлар
плазмалық мониторлар
Проектор - видеоақпаратты үлкен экранға шығаруға арналған. Принтерлер – ақпаратты қағазға шығаруға арналған. Принтерлер түрлері
матрицалық
бүріккіш
лазерлік
термиялық
Матрицалық және термиялық принтерлер қазіргі кезде бөлек құрылғы ретінде шығарылмайды. Олар енді кассалық және факстік аппараттардың құрамына енеді.
Графсалғыш - конструкторлық бюрода сызбаларды сызу үшін қолданылады. Дыбыстық плата сандарды адамға түсінікті дыбыстар ретінде түрлендіреді. Head Mounted Display. Виртуальдық жүйелерде дисплейлердің басына (Head Mounted Display – HMD) бинокулярлы барлық жаққа бағытталған монитордың (Binocular Omni–Orientation Monitor – BOOM) бас қалпын қадағалайтын (head tracking) және тіпті көз қалпын да қадағалайтын (eye tracking) монтаждалған түрдегі шығару құрылғылары қолданылады. Бұл стереоскоптік кескіндеумен
бастың және/немесе көздің бұрылуындағы көріністердің оперативті өзгеруін құру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |