Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы баймұхамбетов М. А. Медешова А. Т. Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы



бет5/7
Дата25.02.2016
өлшемі6.72 Mb.
#18573
1   2   3   4   5   6   7

Оралдық мия. Бұршақтар тұқымдасы.

Glycyrrhiza uralensis Fish Fabaceal (Jeguminosal)
Сипаттама. Мия туысына жататын, өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінің биіктігі 60 см-ге дейін жететін, бірнеше сабақтан тұратын, көпжылдық өсімдік. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қауырсынға ұқсас. Бұтағының ең ұшында жалғыз жапырағы болады. Жапырақтарының екі жағында да түкті бездері бар. Гүлдері көкшіл түсті, жапырақтарының қуысында шоғырланып тұрады. Жемісі орао сияқты иіліп, бұтақталған қауыз. Жылтыр мияның гүлдері орал мияның гүлдеріне қарағанда қызылдау, майдалау. Шілде тамыз айларында гүлдейді.

Таралуы. Далалы аймақтарда, өзен жағасында, арам шөп ретінде егістік арасында өседі. Көкшетауда, Күңгей, Жоңғар Алатауларында, Алтайда, Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда, Каспий маңында кездеседі. Жалпы Орта Азияда, Қытай, Монголияда, Батыс және Шыгыс Сібірде таралган.

Дайындалауы. Дәрілік мақсатта тамырын (Radicis Jlycyrrkizal) пайдаланады.

Химиялық құрам. Өсімдіктің құрамында калий және кальций тұздарының глициризин қышқылы болып табылатын глициризин (4,9 - 22,2) флавоноидтар оның ішінде ликвиритигенин және оның гликозидтері, халқондар бар.

Бұлардан басқа, шикізаттың құрамында көмірсулар 2,83 - 16,6 %, глюкоза, сахароза, пентоза 11,32-13,21 %, крахмал 15,53-24,52 %, пектиндер 2,92-4 %, органиқалық қышқылдар 1,26-4,6 %, стероидтар, алкалоидтар, азотты қосылыстар 0,1 %, кумариндер, илік заттар 7-9,46 %, флавоноидтар 1,95-4 %, гетероциклді, оттекті қосылыстар, липидтер 2,97-5,5 % кездеседі.

Қолданылуы. Мия тамырының препараттары тыныс алу жолдарының ауруларында, қақырық түсіретін, жұмсартатын дәрі ретінде және асқазан, ішек жолдарының ауруларында қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Ликуразид, глицерам, қою және құрғақ экстрактар.

Сақталу мерзімі 10 жыл.



Биік оплонакс, эхинопанакс Аралия тұқымдасы

Eleutherococus senticosus Araliaceal

(Rupr. etMakino) Maxim

Сипаттама. Ополанакс туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін, жатаған, ұзын тамыршалары бар бұта. Сирек бұтақталған не бұтақталмаран көтеріңкі бұтақшалары бар. Жас бұтақтардың өркендері жиі орналасқан, тез сынғыш, ине тәрізді, тікенекшелермен жабылған. Екі жатаған бұтақтарында тікенектері болмайды. Жапырақ тәқтасының диаметрі 15-35 см, 5-7 салалы болады. Түйнектері ірі, ара тісті болып келеді. Жапырақ сағақтарының ұзындығы 6-15 см, тығыз орналасқан, түкшелермен қапталған. Гүлдері реңсіз, ұсақ, майда шатыршаларға шоғырланған. Олар түкті селдір шашаққа шоғырын кұрайды. Жемісі етженді сарғылт-қызыл сұйекті жидек. Маусым-шілдеде гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында жеміс береді.

Таралуы. Киыр Шығыс аймақтарының Приморскта улы ормаңдарыңың жоғарғы еңдіктерінде таралған.
Дайындалуы. Дәрілік мақсат үшін тамырын /Rhizoma Eleutherococci/ жемісі піскен кезде, қырқүйек- қазан айларында жинап алады. Тамыры мен тамырсабағын қазып алып, ұзындығы 35 см-дей етіп кесіп бөлшектейді. Жұқалап жайып жақсы желдетілген бөлмелерде немесе шатырда кептіреді.

Сыртқы белгілер. Тамыр сабағының ұзындығы 35 см-дей, ағаш сияқты, қалыңдығы 2 см, цилиндр тәрізді. Сыртынан қарағанда әжімделген, сұрғылт түсті, ішкі жағы әжімделген қызыл дақтары бар. Тамырлары аздаған қалындығы 1 мм, цилиндр тәріздес. Иісі өзіне тән, дәмі ащылау, аздап күйдіргіш болып келеді.

Химиялық құрам. Жапырағында, сабағы мен тамырында 2,7 - 5% эфир майы, оның ішінде спирттер, альдегидтер 10 %, фенолдар 3 %, еркін қышқылдар 4 % кездеседі. Үштерпенді сапониндер, эхинопаксозидтер, флавоноидтар, гликозидтер, кумариндер бар.

Қолданылуы. Бұл өсімдіктің тамыры мен тамырсабағынан жасалған дәрілер қан қысымын төмендететін, денег қуат беретің қасиеттері толық анықталған. Әсіресе, ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету кабілетің едәуір арттыратыны белгілі. Биік оплопанкстың дәрілік қасиеттері гинсенг тамырының емдік қасиетіне өте жақын болып келеді.


Биік аралиясы : Аралия тұқымдасы.

Aralia elat et Maxim Araliaceal

Сипаттама. Аралия туысына жататын, ұзындығы 6 м-ге жететін ағаш өсімдік, тік бұталы емес. Жапырағының ұзындығы 1 метр кейде одан да ұзын болады, күрделі гүлдері ұсақ, ақ түсті, шатырға жиналып гүл шоғырың құрайды. Жемісі қара-көк түсті, 5 сүйекшеден тұрады.

Таралуы. Приморск, Хабаровск өлкесінің оңтүстік аймақтарында, Амур облысының оңтүстік орманды аударында таралған.

Дайындалуы. Дәрілік шикізатты ретінде тамырын /Radicis Aralial/ пайдаланады. Негізгі дайындау аудандары Қиыр Шығыс өлкесі. Дайындауды көктемде жапырағы шыққанға дейін жинайды. Күрекпен диаметрі 5-10 см етіп қазып алады, өте ұсақ және ірі тамырлары жиналмайды. Қазып алынған тамырды жерден тазартады, қарайған бөліктерін алып тастайды. Кептіргенде 600 С температурада немесе желдетілген бөлмелерде кептіреді


Ашық күнде кептіруге де болады. Сонымен қоса, Шмид аралиясын /А « Shidtii Pojark/ да жинауға болады.

Сыртқы белгілер. Тамыр бөліктері бүтін немесе көлденең кесілген, тамырлары жеңіл, әжімделген. Қабығы жұқа, сыңықтары тікенекті. Тамырының түсі сыртынан сұрғылт-қоңыр, ішкі жағы сұрғылт-сүрғыш. Дәмі ащылау, хош иісті.

Химиялық құрам. Тамырының құрамында үштерпенді сапониндер A, B, С аралозидтер, сонымен қатар, крахмал, белоктар, кәмірслар және эфир майы болады.
Қолданылуы. Тамырынан жасалған дәрілер гипотония, астения ауруларын емдеу үшін қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Спирт тұңбасы, сапарал.

Сақталу мерзімі 2 жыл.
Көкшіл көкшегүлі Көкшегүлдер тұқымдасы.

Polemonium coeruleum L. Polemoniaceag

Сипаттама. Көкшегүл туысынажататын, биіктігі 1 м-гедейін баратын, көп жылдық, шөптексес өсімдік. Тамыр сабағы қысқа, одан көптеген жіңішке тамырлар тарайды. Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасады, қауырсын тәрізді сопақша, ұштары сүйір болып келеді. Төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғарғы жағындағы жапырақтары отырмалы. Гүлдері көкшіл түсті, майда, ұнамды иісі бар. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүлжапырақшалары да 5-5-тен болады. Жемісі сопақша, келген көп тұқымды қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Жемісі тамыз-қырқүйек айларында піседі.

Таралуы.Ормандардың шеттерінде, шабындықтарда, жол жиегінде, өзен жағалауларыңда, орман ішіндегі алаңдарда еседі. Қазақстанда Тобыл, Есіл, Ертіс аңгарларында, Алтайда кездеседі. Ресейдің европалық бөлігіңде, Батыс және Шыгыс Сібірде, Батыс Европада таралған.

Дайындалуы. Шикізаты ретіңде тамыры мен тамырсабағын /Rhizomata et radicis Polemonii/ күзде қазып алады. Топырағынан тазартып салқын сумен жуады. да, кептіргіштерге салып кептіреді.

Сыртқы белгілер. Тамыр сабағы көлденең, тік немесе майысыңқы болады ұзыңдығы 0,6-5 см-ге дейін, қалындығы 0,3-2 см-ге дейін келеді. Сыртқы беті әжімделген, сұрғылт -қоңырқай түсті, ішкі жағы ақшыл-сарғыш. Тамырлары жұқа, ұзындығы 7-35 см, жуандығы 1-2 мм, цилиндр тәріздес, сынғыш. Сыртқы жағы сарғыш, іші ақ түсті, өзіне тән әлсіз иісі, ащы дәмі бар.

Химиялық құрам. Өсімдіктің тамыры мен тамырсабағында үштерпенді сапониндер, сапонизид, полемонозид С бар. Сонымен қатар, шикізаттың құрамында эфир майы, флавоноидтар, қара май, органикалық қышқылдар, майлар, микро /калий, кальций, темір/, макро /марганец, кобальт, молибден, хром, калий, қорғасын, стронций, күміс /элементтер кездеседі/.

Қолданылуы. Медицинада қақырық түсіретін дәрі ретінде жедел және созылмалы бронхит аурударында қайнатпа түрінде пайдаланады. Седативті әсері бар. Басқа шөптермен қосып асқазан мен үлтабардың жарасын емдеуге пайдаланады.



Тесттер

1. Сапониндерге сапалық реакциясы болып табылады:

А) крахмал

Б) бронтренгер реакциясы.

В) балье реакциясы

Г) көпіршік

Д) судан мен (ІІІ) реакция.

2. Сапониндердің қантсыз бөлігі аталады:

А) аликон

Б) гликон

В) сапогенин

Д) генин

Г) хинолин

3. Нипоидық диаскорияның басты әсер етуші тобы:

А) алколидттер

Б) стеройдты сапонидтер

В) эфир майы

Д) жүрек гликозидтері

Г) тритерпенді сапонидтер.

4. Стероидты сапаниндердің ерекшелігі олардың:

А) полисахаридтерді бұзуы

Б) жоғарғы сприттермен байланысуы холестеринмен байланысуы

В) қышқылдармен байланысуы

Д) тұздарды түзу

Г) барлығы дұрыс

5. С30Н48 формуласы бар пентациклді қосылыстар бұл:

А) тетратерленді және тритерпенді сапонендер

Б) ащы гликозидтер

В) тианогликозидтер

Д) стероидты сапониндер

Г) барлығы дұрыс

6. Миа тамырының фармакологиялық әсері:

А) босатқыш

Б) аллергияға қарсы

В) қақырық түсіргіш

Д) қан тартқыш

Г) барлығы дұрыс

7. Сапониндер химиялық құрылымы бойынша ненің гликозиді болып келеді:

А) 17-ші жағдайға қанықпаған локтальды сақинасы бар стероидты қосылыс

Б) лактоиды циклі бар секвитерпеноидты қосылыс

В) стероидты немесе үштерпенді агликоидтар

Д) антроцентуындылар

Г) 27 жағдайға азот атомы бар, стероидты сапониндер

8. Сапониндерге сапалық реакция болып табылады:

А) крахмалмен реакция

Б) Боритрегер реакциясы

В) Балье реакциясы

Д) көбік түзу реакциясы

Г) судан ІІІ реакциясы

9. Қандай шу құрамында терпенді - сапонинді аролозид бар:

А) шабындық тамыры

Б) далалық қырықбуын

В) қызғылт наперстянка

Д) манжур аралеясы

Г) жалаң мия

10 “Биоженьшень” препаратын қандай әдіспен алады?

А) перколяция

Б) мацерация

В) экстракция

Д) ұлпалар культурасы

Г) репорация

11. Стероидты сапониндер туындысы болады:

а) антраценнің

б) циклопентанпергидрофенантреннің

в) олеанол қышқылының

г) флавонның

д) гало қышқылының

12. Стероидты сапониндердің белсенділігі молекулада ненің болуына байланысты:

А) азот атомына

Б) қанықпаған лактон сақинасына

В) спирокетальды топқа

Г) синил қышқылының атомына

Д) карбоксильді топқа

13. Стероидты сапониндердіңерекше қабілеттілігі болады:

А) полисахаридтерді бұзуы

Б) жоғары спирттермен байланыстырады, көбінесе холестеринмен

В) қышқылмен байланыстырады

Г) тұз түзуі

Д) барлығы дұрыс

14. Диоскорея дайындайтын шикізат:

а) Rhizomata

б) Rhizomata cum radicibus

в) Herba


г) Radices

д) Flores

15. Ниппон диоскореясы қолданады:

А) ойық жаралар кезінде жара жазатын

Б) бронхитта қақырық түсіретін

В) жүрек және бас миының тамырларының атеросклероз гиполипидимия кезінде

Г) кардиотоникалық созылмалы жүрек жетіспеушілігі кезінде

Д) физикалық және ақыл-ой шаршау кезінде

16. Dioscorea nipponica негізгі әсер етуші зат тобы:

а) алкалоидтар

б) стероидты сапониндер

в) эфир майлар

г) жүрек гликозидтер

д) үштерпенді сапониндер

17. Биік аңдыз, манжур аралиясы, женьшен таралу аймағы:

а) Ресейдің Еуропа бөлігі

б) Кавказ тауларында

в) Южный Урал

г) Батыс Сібірдің оңтүстүгі

д) Қиыр Шығыск

18. Шикізаттың сулы сығындысын интенсивті шайқау кезінде тұрақты көбік пайда болады, қандай заттар болуы мүмкін болған жағдайда:

а) полисахаридтер

б) майлы майлар

в) сапониндер

г) фитоэкдизондар

д) лигнандар

19. Глицирризин қышқылы жатады:

а) үштерпенді сапониндер

б) стероидты сапониндер

в) тетрациклді тетратерпендер

г) ащы гликозидтер

д) цианогликозидтер

20. «Солодка» препараты алынатын шикізат:

а) жалаң мия

б) биік аңдыз

в) маньжураралиясы

г) көк гүлкекіре

д) женьшень

21. Стероидты сапаниндердің активтілігі қандай молекуланың болуымен негізделген

А) азот атомы

Б) қанықпаған лактон сақинасы

В) спирокетальды топ

Г) синил қышқылының атомы

Д) карбоксил тобы

22. Сулы сіріндіні шайқағанда көп көпіршіктердің түзілуі құрамында не бар екендігін көрсетеді.

А) полисахаридтер

Б) майлы май

В) сапониндер

Г) фитоэкдизондар

Д) лигнандар

23. “солодка” препараттын қандай шикізаттан алады

А) жалаң мия

Б) биік заманиха

В) манжур аралиясы

Г) көкшіл көкшегүл

Д) женьшень

24. Женьшеньнің негізгі әсер етуші заттарына жатады:

А) лупеол тобына

Б) фриделин қатарына

В) амирин класына

Г) дамаран туындыларына

Д) сманан тобына

25. Ащы тұңдырманы ішке қолданады:

А) ас алдында

Б) аспен бірге

В) 10-15 мин ас алдында

Г) 30-40 мин ас алдында

Д) астан кейін

26. Цианогенді гликозидтердің агликон құрамында бар:

А) синил қышқылы

Б) галла қышқылы

В) эллага қышқылы

Г) меркапто – (SH)- топ

Д) генинде азот атомы

27. Дәрілік өсімдіктер дегеніміз.

А) құрамында биологиялық белсенді заттар бар адам және жануар ағзасына әсер ететін д.ө.ш. затын пайдалануға және емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер.

Б) дәрілік зат ретінде кептірілген түрде қолдаднылатын бүтін өсімдік немесе оның бөліктері.

В) Д.Ө.Ш заттың көзі болып табылатын нормотивті құжаттардың талаптарына сәйкес келетін дәрілік өсімдіктер

Г) өнеркәсіптің әр түрлі салаларында қолданылатын және белгілі бір аймақтарда өсетін өсімдіктер.

Д) сағақ пен жәен сағақсыз жиеауға күрделі жаппырақшалардың немесе кептірілген жаңадан жиналған жапырақтар.

28. Фармацевтік практикада жапырақтар деп төменгі сипаттағы д.ө.ш- ті атайды.

А) өркеннің бүйірлік құрылымдық бөлігі.

Б) сағақпен немесе сағақсыз жиналған күрделі жапырақтардың кептірілген жекелеген жапырақшалары.

В) сағақ пен немесе сағақсыз жиналған күрделі жапырақтың жекелеген кептірілген немесе жаңадан жиналған жапырақтар.

Г) гүлдену кезеңінде сағақты немесе сағақсыз жинақталған өсімдіктің кептірілген жапырақтары.

Д) күрделі жапырақтардың жекелеген жапырақшалары.

29. Дәрілік өсімдік шикізаттары беттік түсін анықтау үшін

А) жапырақтар

Б) тамырлар

В) пиязшалар

Г) гүлдер

Д) қабықтар

30. Дәрілік өсімдік шикізаттары өзі екендігі –бұл

А) Шикізаттың өзінің атына сай келуі

Б) шикізаттың өзінің өндіретін өсімдігіне сай келуі

В) Шикізаттың өзінің атына сай келуі және шикізаттың өзінің өндіретін өсімдігіне сай келуі

Г) зат барлық нормативті құжат сай келуі

Д) затта жіберілмейтін қоспалардың болмауы


Жауаптар эталондары:

  1. Г; 6-В; 11- Б; 16- Б; 21-В; 26- А;

  2. В; 7- В; 12- В; 17-Д; 22-В; 27-А;

  3. Б; 8- Д; 13-Б; 18-В; 23-А; 28- В;

  4. Б; 9 –Д; 14- Б; 19-А; 24- Г; 29- Д;

  5. А; 10-Д; 15-В; 20-А; 25-В; 30-В;



ҚҰРАМЫНДА АНТРАГЛИКОЗИДТЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Антрацен туындылары - бұл табиғи ароматты көмірсутектер класындағы органикалық қосылыстар болып табылады. Оның негізін антрацен құрайды. Молекуласы бір қатар орналасқан, конденсацияланған 3 бензол ядросынан тұрады. Оның ортадағы сақинасы антранол мен антрахинонға дейін тотыққан.

Антрахинондар өсімдіктерде тотығу дәрежесі бойынша ортаңғы сақинасында болады. Барлық табиғи антрацен қосылыстары құрамында фенолокси топшасы болуы тиіс. Олар негізінен көміртек атомының 1-ші, 2- ші немесе 3-ші, 1- шісінде кездеседі, ал кейбір антрохинондар 2,6-шы көміртек атомынаң тағы да қосымша гидроксил топшасын құрайды.

Антрогликозидтердің молекуласында ең жиі ұшырасатын орынбасар топшалары: метил тобы, метоксиметилен, альдегид, карбоксил болып келеді.

Классификациясы. Табиғатта 200-ге жуық заттар белгілі. Қазіргі кезде бірнеше классификация бар. Окси топшасының соңына, ортаңғы сақинаның тотығу дәрежесіне байланысты және конденсация дәрежесіне қарай антрацен туындылары 8 топқа бөлінеді. Олардың негізгі 4 тобы 1,2-диоксиантрахиондар. Құрамында орынбасарлары тек қана 1,2 көміртек атомына жалғасқан. Көбінесе рияндар және сабынкөктер тұқымдастарына ұшырасады, олардан ализарин табылған. Бірақта олар несеп бөліп шығаратын қасиетке ие емес, ал кальцимен қоспа түзіп, әрі бүйректігі кальциді ерітеді. Егер бүйректегі тұздар оксалат кальциден құралған болса және фосфаттарды нашар толық ерітіп алмайды.

1,8-диоксиантрахинондар. Оларды құрамындағы А және С сақинасында орынбасарлары болады.

Ең көп таралған топ болып 60-тан астам қосындыдан тұрады. Олардың жиі ұшырасатын тұқымдастары: тарандар, қаражемістер, лалагүлдер, астралар, шәйқурайлар, бұршақтар және т.б. Олардың іш жүргізетін қасиеті бар.

Тангут рауғашында реун-эмодин, ал алоэ шырынында алоэ-эмодин кездеседі.

Антрондар аз ұшырасып, олардағы антрахинон түгелімен тотықпаған күйінде болады. Егер де 1,8-диокси туындысы болса, олар оған жалғаспалы болып келеді. Ол итжүзім, бұршақ, жауқазын, шайқурай тұқымдастарында да табылған. Олар антрахинондардың биогенстикалық із ашарлары болады. Іш жүргізетін, тітіркендіретін эффектілерге ие болды.

Эмодин-------------------О2-------------------антрахинон

Конденсацияланған атрахинон туындысы – диантрахинондар. Күрделі құрылыстан және биомолекулалардан құралған.

Олар көбінесе рияндар және шайқурайлар тұқымдастарына жататын өсімдіктерде кездеседі. Бұлар іш жүргізетін қасиетке ие болмайды, бірақ та фтодинамикалық белсенділіктерінің УК сәулесінде сезгіштігін көбейтеді. Антрахинондар өсімдіктерде гликозид түрінде, бастысы О-гликозид түрінде жиі ұшырасады, бірақ та О-гликозидтерде де кездеседі. Негізінен моногликозид, биозид, дигликозид күйінде болады. Әдетте, көміртек қалдығы 8-ші және 6-шы жағдайда орналасады. Қантты күйінде глюкоза, рамноза, галактоза және т.б. ұшырайды. С – гликозидтерде де қант көміртектің 10-ыншысында жайласқан. Жаңа піскен өсімдік құрамында антропандар мен антронолдар күрделі гликозид түрінде болады. Антратуыстары шыбыншіркей, құрт-құмырсқаларда да табылған. Әдетте, тотыққан және тотықсызданған күйінде кездеседі. Тотықсызданған күйі көбіне кәрілерде болады. Алоэның жапырағында антрогликозидтер тотықсызданған күйінде: антрондар, антронолдар кездеседі. Ал раугаш, тижүзімдерде тотыққан және тотықсызданған түрлері болады. Тотыққан және тотықсызданған формалар қатынастар арасында модификациясы ауысады. Медицина үшін антрацен туындыларының ішіндегі ең бағалысы тотыққан күйі болып есептелінеді.

Райғаштың жас жапырақтарында тотықсызданған күйі болып, ал жазда тотыққан күйі 2 есе көбейеді. Ал рауғаштың жас тамыры мен тамыр сабақшасында тотықсызданған күйі ұшырасады, ал тотыққан күйі ағашқа айналған тамыры мен тамырсабақшаларында кездеседі.

Физиологиялық ролі. Вазицкийдің айтуы бойынша антрацен туындылары оттегіні тасымалдаушы болып есептеліп, олар тотығу-тотықсыздану процестеріне қатынасады, ал кейбіреулер антрахинондарды қорғаныш ретінде қызмет атқарып, өсімдіктерді әр түрлі аурулардан қорғап, антрагликозидтер микроорганизмдерді өлтіреді деп санайды.

Биологиялық балсенділігі. Егерде тотыққан антроцентуындылары организм үшін зиянсыз болса, ал тотықсызданған күйі улы болып, әрі жағамсыз, сонан соң, организм уланып қалуы мүмкін. Әдетте, тотықсызданған күйі ауадағы оттегімен тотығады (1 жыл бойы сақтағанда) немесе 1000 С температурада 1 сағат бойы әсер еткенде тотығады. Бірақта, антрондар мен антронолдар антрахинонға дейін тотығады. Бірақта, антрондар алоэ мен шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларда табылған болып, олар жоғары температураға және тотыққанға шыдамды болып келеді.

Жойылтпаушылығы. Ережеге сәйкес антрацентуындылары өсімдіктерде көп көлемде анықталған бір бөлігінде болады. Сана жапырағы мен жемісінде, алоэ жапырағында, рауғаштың, бояу рияның тамырында, ішдәрі қара жемістің жемісінде шоғырланған. Антрахинондар түрлері 0,5-10% - ке жуық кездеседі. Жаңа піскен өсімдіктерде гликозид түрінде кездеспейді. Гликозидтерде кептірген кезде олар агликонға дейін бөлінеді. Сондықтан өсімдіктер шикізатында агликондар қанша көп болса, сонша есе ұзақ кептіріп, сақтауға тура келеді. Ферменттерде өзінің үлкен әсерін тигізеді. Итжүзімнің жемісіндк антранодар болады, бірақта олар жетіле келе антрахинонға айналады. Фермент глюкозидазаглюкозидтерді рН – 4 – 6 ортасында бөліп тастайды. Егер де ортаның қышқылдылығы мен сілтілігі күшті болса, онда фермент өз әсерін тигізе алмайды. Сана мен алоэда глюкозидаза ферменті мүлдем болмайды. Өсімдіктердің тарандар және рияндар тұқымдастарында глюкозидаза өте көп ұшырасады.

Антроглюкозидтердің қышқылды гидролизі агликондарға байланысты әр түрлі жылдамдықпен жүруі мүмкін. Мысалы: франгулогликозид 0,1 н. Тұз қышқылы суықта 30 минут ішінде ыдыратады. Алоэ гликозиді 0,1 н. Тұз қышқылымен қыздырғанда ыдырамайды. Ал бояулы риян гликозиді 10%- тік тұз қышқылымен 2 сағат бойы қайнатқанда ыдырайды.



Антрагликозидтердің биосинтезі. Антрахинондар анықталған бойынша олар белсендірілген сірке қышқылымен ацетил КоА қатынасынан тұрады. Оли-Берра ережесі бойынша антратуындылары сірке қышқылының молекуласынан түзіледі.

Одан да басқа теория бойынша антрахинондар 1,4 нафтохиноннан да түзілуі мүмкін.

Кейбір өсімдіктерде (бояу риян) антрахинонмен бірге нафтохиноннан кездеседі. Бірақта бір қатар өсімдіктердің құрамында нафтохинондар болмайды. Теориялардың ішінде ең ақиқатты антрагликозидтердің сірке қышқылынан түзілуі. Антрақосылыстар бұл сары-қызғылт немесе қызыл кристалды заттар. Агликондары этил спиртте, эфирде, бензолда, хлороформда жақсы ериді, суда ерімейді. Гликозидтер суда жақсы ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді. Неғұрлым қант көп болса соғұрлым ерігіштігі жоғары болады. Олар оптикалық белсенді қосылыстар.

Химиялық қасиеттер. Қыздырғанда антрагликозидтер ыдырамайды. Натрий сілтісінің қатысы бойынша антратуындысы ашық қызыл бояуын бермейді. Қызыл бояуды илік заттар да беруі мүмкін, сондықтан анрагликозидтерден тұратын шикізаттарды айыру үшін оны концентрлі тұз қышқылымен қайнатқанда (сонда гидролиз жүреді) сонан соң, қосындыны бензол мен немесе эфирмен араластырады, оған натрий сілтісін қосқанда, сонда су қабығы интенсивті қызыл реңге енеді. Бұл Бортрегер реакциясы. Ол Бугера-Ламберта заңы бойынша жүреді де, микрохимиялық анализде қолданылады.

Бірінші шикізатты концентрациясы көп мүсәтір ерітіндісімен ылғалдағанда антрахиноны бар клеткалар қызыл түске енеді. Ал егер де антрондар мен антрахинондар бар екенділігін білу үшін шикізатты ұнтақтап оған бірнеше тамшы сутек асқын тотығын қосқан антрондар мен антронолдар антрохинондарға дейін тотығады. Содан кейін, Бортрегера реакциясы жүргізеді. Көптеген диантрондар (көкшіл) әр алуан қызыл түске енеді. Диантронолдарды сапалық ашуда Туманның (антранолдарға) реакциясын қолдануға болады. Антрагликозидтердің судағы ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқанда құрамында селениал қышқылынан тұрғандар көк-жасыл түске енеді. Ол кейін қара түске ауысады. Антрондарды Кариена реакциясымен ашады. Ол үшін шикізаттың судағы ерітіндісіне борат натриді қосқанда, содан ол сары-жасыл түске еніп флуоресценция береді. Қағаз бетіне сынақ ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызып, оған 1%-тік п-амино-3-ортодиметиланилинді қосқанда көк-жасыл түске енеді.

Антрохинондарды табу үшін хроматография пластинкасына 1%-тік магний карбонатының ерітіндісіне қойып, 1050С температураға дейін қыздырады. Сондағы ерітінділер, калий хлордың ерітіндісін немесе берік бояғыш тұзының ерітіндісінде қызыл, көк, жасыл түстерге боялады. Антрацен туындылары аммоний тұзымен (NH4C), хроммен (С4) комплекс түзеді өз құрамында гидроксил (ОН) топшасынан тұратын антрохинондар реакцияға белсенді қатысады. Олар өздерін қышқыл тәрізді сезініп (Na2CO3), сода да ериді және натрий сілтісімен натрий анетаттарымен қызыл түске боялады.

Тотығу-тотықсыздану реакциясы. Асқын сутек антрон мен антронолдарды антрохинондарға дейін тотықтырады. Реакция бәйберекет жүреді. Тотықсыздану үшін қышқылды ортада үш валентті қалайы немесе қатысында антрохинондар антрондарға дейін тотықсыздандыруға болады.

Сандық анықтау әдістері. 1. Гравиметриялық әдіс. Шикізаттың белгілі салмағы алынып оны күкірт қышқылымен қыздырады ( гидролиз). Агликонды бензолмен немесе эфирмен бөліп алады. Ерітіндіні буландырады және қалдықты өлшейді.

2.Колориметриялық әдіс. Бұл әдістің негізіне Бортрегер реакциясы жатады. Гидролизді күкірт қышқылымен, органикалық еріткішпен агликонды бөліп алады. Кейін ол сілтімен интенсивті түс береді. Реннің тығыздығы мен антрахинондардың құрамын сандық анықтайды. Бұл әдістің көпшілігі: антратуындылары әр түрлі /көк, қызыл/ түстер беруі мүмкін.

Спектрофотометриялық әдіс. Бұл әдістің негізіне шикізат ерітіндісінің УК /220-400нм/ диапазоны шегінде оптикалық тығыздығын анықтауға арналған. Мұнда негізінен спиртті ерітінді алынып, максималды жұтылуы анықталады.

Қоспаны әрі бос күйіндегі антратуыстарын суық жағдайда бензол мен эфир арқылы сығынды күйінде немесе Борнтрегер реакциясы бойынша ФЭК-те оптикалық тығыздығын анықтайды. Бұл үшін шикізаттың салмағын тұз қышқылымен гидролиздеп, агликонды бензол немесе эфирмен бөліп алып және антрацентуындыларын қосып колбиметриялық әдіспен анықтайды. Осылардың айырмасы агликон мен гликозидтерге тең болады. Антрогликозидтердің тотыққан және тотықсызданған күйлерін әдеттегі әдістермен өткізеді. Содан соң, шикізаттың салмағын сутектің асқынған тотығымен анықтайды, ал одан кейін тотықсызданған күйін анықтайды. 1- ші және 3-ші анықтаулардың айырмасы бойынша тотықсызданған күйін анықтайды.

Антрахиноннан тұратын шикізаттарды қолдану жолы. Іш жүргізетін дәрі ретінде агликон мен гликозидтер қолданылады. Олар ішектің жоғары қабатын тітіркендіреді. Бұл дегеніміз тоқ ішектің бөлігін жиырады. Антрацентуындылары усыз, организмге зияны жоқ заттар, организмде жиналып қалмайды.

2.Кейбір антрацентуындылары (хризофан қышқылы) тері ауруларына қарсы қолданылады.

3.Антрагликозидтер нервке (неврология) әсер ету және де бүйректегі тасты еріту қасиетіне ие.

4.Диантрондардың (шәйқурай құрамындағы) антибиотикалық қасиеті бар. /бактерияларға қарсы новоманин жабдығы қолданылады.

5.Рейін болса қатерлі ісік ауруларына қолданылады. Құрамында антрахиноны бар шикізатты дайындағанда өсімдіктердің өсіп өну кезенің пайдаланады. Қабықтарды көктемде жинайды. Жемісті жетілген, піскен кезде, шөпті гүлдене кезінде, тамыры мен тамыр сабақшаларын күзде немесе көктемде жинайды. Шикізатты 50-700 С температурада кептіреді. Шикізатты жәшікте сақтайды аммиак буынан, тұз, күкірт қышқылдарынан және басқа да дәрі-дәрмектерден алыс жерлерде сақтайды.

Шілтер жапырақ шәйқурай немесе К. шәйқурай Hypericum perforatum L.

Шәйқурай шөбі Herba Hyperici

Шәйқурайлар Hypericicaceae
Сипаттама. Шәйқурай туысына жататын, биіктігі 30 см-ден 1 м-ге дейін жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік бұтақталған, жапырағы сопақша, онда безді қара дақтары болады. Гүлдері ірі, сыпыртқы кейде қалақша гүл шоғырын құрайды. Гүлінде жасыл түсті, әрі қара нүктелі 5 тостаған жапырақша, сары 5 күлте, түбі 3-ке бөлініп топталып біріккен көп аталық, 1 аналық болады. Жемісі қауашақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанның барлық жерінде таралған. Шалғынды төбелерде, ағаштар мен бұталар арасында, темір жол жағасында, таулы беткейлерде өседі. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірде, Орта Еуропа, Балқан, кіші Азия, Иран, Гималай, Батыс Қытай, Монғолия, Жапония және Солтүстік Америкада таралған.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта жеу үстіндегі бөлігін (Herba Hyperici) жемісі пайда болғанға дейін жинайды. Жоғарғы жағынан 25-30 см биіктікте шөбін сабағы мен кесіп алады: тамырында зақым тигізбеу керек. Ең тиімдісі 40 с температурада кептірген жөн.

Сыртқы белгілері. Сабақтары қарама-қарсы тармақталған, цилиндр тәріздес, жалаңаш, іші қуыс емес, ұзындығы 30 см-ге дейін болады. Жапырақтарының ұзындығы 0,7-3,5 см, ені 1,4 см, сопақша, жоғарғы ұшы доғал, жиектері түзу, түксіз, гүл тәжі 5 күлтеден тұрады.

Сандық көрсеткіштер. Экстрактивті заттар 5 – тен төмен болмауы керек. Ылғалдылығы 13-тен, күлі 8 – тен, 10-тік хлорсутегі қышқылында ерімейтін күлі 1 – тен, органикалық, минералды қоспалары 1-тен жоғары болмауы керек.

Химиялық құрам. Шайқурайдың шөбінде антроцентуындылары гиперицин (0,1-0,4), псевдогиперицин, протопседогиперицин, гиперин дегидродиантрон, франгулоэмодинантронол бар.

Бұдан басқа 0,2-1,18 эфир майы, оның ішінде - пинен, цинеол, мирцен және т.б., стероидтар, үштерпенді сапониндер, алкалоидтар (0,807), азотты, қосылыстар (холин), С, Е витамині, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары; кумариндер, катехиндер (2,8-2,39), илік заттар, флаванойдтар (кварцетин 2-5), рутин (0,5-0,7), антоциандар (5,6), лейкоантоциандар, жоғары алифаттық көмірсулар, жоғары алифаттық спирттер кездеседі.



Қолданылуы. Шайқурайдың дәрілері ауыз қуысының ауруларын емдеуге, қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Новоиманин препараты сырт тәнге жараларды, күйікті, флегмонаны, пиодермитті, мастит, ринит, гаймарит: фарингитті емдеуге қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Тұнба, қайнатпа, спирт тұнбасы, новоиманин. Түрлі қоспалардың құрамында болады.
Өткіржапырақты сана Cassia acutifolia Del

Жіңішке жапырақты сана Cassia angustifolia Vahl,;

Сана жапырақтары, жемістері Folia, fructus Cassiae

Цезалпиндер Caesalpiniaceae

Сипаттама. Сана туысына жататын, биіктігі 1 м-ге дейін жететін бұта. Сабағы жақсы дамыған, тік болып келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, сопақша келген. Гүлдер бұрыс, сопақша, сарғыш түсті. Жемісі жасыл-қоңырқай бұршақ, ұзындығы 3-5 см, ені 1,5-3,5 см. Маусым айының аяғында гүлдейді.

Таралуы. Африка шөлдерінде, Қызыл теңіз, Ніл жағалауларында, Оңтүстік Аравияда, Суданда өседі. Оңтүстік Қазақстанда мәдени өсімдік ретінде өсіріледі.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта жапырағы мен жемісі (Folia, fructus Cassiae) тамыз-қыркүйек айларында жинап алады. Өсімдіктің жер беті бөлігін қоса кесіп алып, сабағының жуандау бөліктерін алып тастайды жапырақтарын сабағының жіңішке жас бөліктерімен гүлдерін қалдырады. Жас сабақтарын гүлдерімен, жапырақтарымен бірге көлеңкелі жерлерде жайып кептіреді.

Сыртқы белгілері. Жапырақтарының ұзындығы 1-3 см-дей, ені 0,5 – 1 см, қандауыр, жоғарғы жағы үшкірленіп келген, жиектері теріс, қысқа сабақты. Түсі сұрғылт немесе сарғыш – жасыл, иісі әлсіз, дәмі ашқылау. Жемісі етжеңді, аздап майысқан, жасыл-қоңыр түсті, тұқымы желпек, жүрекше тәріздес, сарғыш – жасыл түсті, беті торланып әжімделген.

Сандық көрсеткіштер. Жапырақтарында; Ылғалдылығы –42-тен, күлі 12-тен, сабақ бөлігі 3-тен, жемістері 4-тен, жапырақтары 50-тен, қарайған, жапырақтары 3-тен, органикалық қоспалар 3-тен, минералды қоспалар 1-тен, жоғары болмауы керек. Жемісінде: Ылғалдылығы 12-тен, күлі 12-тен, сабақ, сабақ бөліктері 10-тен, жоғары болмауы керек. Антроцентуындылары 1,4-тен төмен болмауы керек.

Химиялық құрам. Жапырағында антрогликозидтер, оның ішінде гликоалоээмодин, глюкореин, димерлі қосындыларға жататын сеннозидтер А,В,С,Д бар.

Сонымен бірге шикізаттың құрамында флаваноидты қосылыстары (изорамнетин, кемпферол, органикалық салицил, май пальмитин, сторин қышқылдары, микро-макроэлементтер кездеседі.



Қолданылуы. Бұл шөптен жасалған дәрілер үш жүргізетін қасиеті кеңінен қолданылады.

Дәрі-дәрмек. Антрасенин, сенейда, құрғақ экстракт, сулы тұңбасы. Іш жүргізетін қоспалардың құрамында болады.

Сақталу мерзімі 2 жыл.


Бояулық риян

Грузин рияны

Риян тамырлары мен тамырсабақтары

Рияндар
Rubia tinctorum L.

R. iberica C Koch.

Rhizomata et radices

Rubiae tinctorum

Rubiaceae


Сипаттама. Рияндар туысына жататын, биіктігі 130 см-ге дейін жететін, көп жылдық, шөптес өсімдік. Тамырының түсі қоңыр, бұтақтары көп, тамырсабақтары ұзын. Төрт қырлы келген сабақтарының өң бойында, ұштары сыртына қарай қайырылған, көптеген тікенектері бар. Жапырақтары қалың, сопақша келген, эллипс тәрізді, сабақтары қысқа, екіден, төрттен, кейде алтыдан сабақтарын айнала қоршай орналасқан. Гүлдері жасыл-сары түсті, жартылай шатыр жасап, бұтақтарының ұш жағына, төмен орналасқан. Гүл тәжінің төменгі бөлігін воронка тәрізді болып келеді де, жоғарғы жағының ұштары сүйір, 5 жапырақшаға бөлініп, сыртына қарай бүгіліп тұрады. Маусым айынан бастап гүлдеп, тамыз айында жеміс береді.

Таралуы. Өзендер мен арықтардың жағаларында, тастақты жерлерде, бақшаларда, қақпалардың маңайында өсе береді. Қазақстанда, Арал, Балқаш, Түркістан, Қызылорда, Мойынқұмда, Қызылқұмда, Қырғыз, Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратау, Тянь-Шань тауларында, Ресейдің еуропалық бөлігінде, Иранда, Индияда, Кіші Азияда, батыс Қытайда таралған.

Дайындалуы. Дірілік мақсатта тамыры мен тамырсабағын (Rhizomata et radices Rubiae tinctorum) күздің ақырғы айына дейін немесе көктемде жинап алады. Жер асты бөліктерін арнайы күректермен қазып алып, жер үсті бөліктерінің қалдықтарынан тазартады. Тамырларын кей жағдайларда ғана шаяды. Кептіру орнына жеткізе салысымен дереу жұқалап жайып кептіру қажет. Бұл үшін жақсы желдетілген орындар немесе кептіргіште 45-500 С температурада кептіру қажет. Өсімдіктің тұқымы құрыпкетпеу үшін егістікті екінші рет тек 3 жылдан соң пайдалануға болады. Бояу риянды тұқымдарымен не тамырсабағының бұталарымен көбейтуге болады.

Сыртқы белгілер. Шикізаттың құрамында тамырлары мен тамырсабақтары әжімделген әр түрлі ұзындықта, ені 2-8 см, сыртқы беті қызғылт – көкшулан, көлденең кесіндісінен қызғылт – көкшулан қабырғы, қызғылт – сары өзегің көруге болады. Иісі ерекше.

Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 13%-тен, риянның басқа бөліктерінің қоспалары 1:5%-тен, басқа өсімдіктердің қоспалары 1%-тен, минералды қоспалары 1%-тен аспауы керек. Бір-бірімен байланысқан антратуындылары 2%-тен төмен болмауы керек.

Химиялық құрам. Өсімдіктің тамыры мен тамыр сабағында антрахинондар (2,68%), ализарин, рубинадин, пурпурин, луцидин, псендопурпурин, руборитрин,пурпурин 3 карбон қышқылдары бар.

Бұдан басқа шикізаттың құрамында алкалоидтер, органикалық қышқылдар, иридоидтар (0,1% -ке дейін ), асперулозид кездеседі.



Қолданылуы. Бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілер зәр шығаруды күшейтесін, қуықтың, бүйректің зәр шығару жолдарының бұлшық еттерінбосатқытатын қасиеттері бар. Сонымен қатар, бояулық риян қуықта және жүректе пайда болған әр түрлі фосфорлы тастарды ерітеді. Осыған байланысты қуық, бүйкек және өт жолдарына тас байланғанда өсімдіктің шипалық қасиеті мол деп саналады. Бұл өсімдіктерден жасалған препараттар түрлі тастарды зәрмен шығарады. Дәрінің әсерінен еріп мүжілгендіктен бұл тастардың сыртының кедір-бұдырын, ұзына бойындағы кішкене қуыстарды көруге болады. Зәрдің өзі де дәрінің әсерімен 3-4 сағаттан кейін атық-қызыл түске боялып шыға бастайды.

Дәрі-дәрмектер. Сұйық экстракт ұнтағы. Өт айдайтын қоспалардың құрамында, цистеналдық құрамында болады.

Сақтау мерзімі. 3 жыл.



Тангут рауғашы

Рауғаш тамырлары

Тарандар


Rheum halmatumn L. VAR.

Radices Rhei

Polygonaceae


Сипаттама. Рауғаш туысына жататын биіктігі 250 см шамасында көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түзу, іші қуыс. Гүлдері ұсақ, ақшыл-қызыл түсті, сыпыртқы тәрізді шоғырға жиналған. Жемісі 3 қырлы жаңғақша. Маусымда гүлдейді, жемісі шілдеде піседі.

Таралуы. Шыққан жері – Тибет, Қытай, Ресейдің европалық бөлігінде, Беларуссияда, Прибалтикада, Солтүстік Украинада өсіріледі.

Дайындалуы. Дәріге рауғаштың тамыры (Radices Rhei) күзде не ерте көктемде жинап алынады. Тамыры мен тамырсабағын 3-4 жасар кезінде жинайды. Қазір алынған тамырды тіріген бөліктерінен алып тастап, сабақ, жапырақ, топырағынан тазартып, жуып, кесіп, бөліктерге бөледі. Сонан соң, көлеңкелі жерлерде аздап кептіріп алып соңғы сатысында кептіргенше салып 600 С температурада кептіреді.

Сыртқы белгілер. Тамыры мен тамырсабақтарының өлшемдері әр түрлі, ұзындығы 25 см, ені 3 см-ге дейін келген. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар.

Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 12% -тен жоғары болмауы керек. Антрацен туындылары 2,2 % -тен төмен болмауы керек.

Химиялық құрам. Шикізаттың құрамында антроцен туындылары, оның ішінде, уризофанол, алоэ-эмодин, фисцион, реин және оның монодирликозидтері, семнозид А, В, С, Д, алоэ-эмодин- диантрон, диантронгликозидтер, пектин илік заттар (10,6% ), крахмал болады.

Жапырақ сабағында органикалық қышқылдар (алма, лимон, янтарь), қант, С, В, РВ витаминдері, пектиндер, макро-микроэлементтер кездеседі.



Қолданылуы. Бұл өсімдіктің дәрілері іш жүргізетін, өт айдайтын, іштін өтуін тоқтататын қасиеттері бар. Осыған байланысты, ішектің жұмысы нашарланғанда, іш желдегенде, іш жүрмей қалғанда рауғаштың жер асты мүшелерінен дәрі жасайды. Рауғаштың тамыры дәрі ретінде көбірек пайдаланса )0,2-2г ) іш жүргізеді. Орташа мөлшерде (0,2г) өт айдайды, аз мөлшерде пайдаланса (0,05-0,2г) іштің өтуін тоқтатады. Геморрой ауруына шалдыққанда, тоқ ішектің шеті жараланғанда, үлкен дәретті сұйылтып шығару үшін де қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Ұнтағы, таблеткалар, құрғақ экстракт, спирт тұнбасы, сироп.

Сақталу мерзімі. 5 жыл.


Жылқы қымыздық

Қымыздық тамырлары

Тарандар

Rumex confertus Willd

Radices Rumicis conferti

Poygonaceae



Сипаттама. Қымыздық туысына жататын биіктігі 1,5 м-ге жететін, көпжылдық шөптектес өсімдік. Тамырсабағы жуан әрі қысқа, қосымша тамырлары көп. Сабағы түзу, өн бойына созылған, салалары бар. Тамыр жапырақтары және төменгі сабақ жапырақтары үшбұрышты жүрек тәрізді, сабақтары ұзын, ұштары доғал тәрізді келеді. Жоғарғы сабақ жапырақтарының сабақтары қысқа. Барлық жапырақтарының астыңғы беттерін қысқа түк басқан. Гүлдері майда, жасыл түсті, сыпырғы сияқты шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Таралуы. Шабындықтарда, орманның шеттерінде, шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде өседі. Қазақстанда, Тобыл, Ертіс маңында, Ақтөбе, Тоғай, Зайсан, Алтай, Көкшетау тауларында кездеседі. Жалпы еліміздің еуропалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста таралған.

Дайындалуы. Дәрілік мақсат үшін тамырын (Radices Rumicis conferti) күзде жинап алады. Қазып алады да жер беті бөлігін кесіп аклып тастайды, тамырын топырағынан тазартып, салқын сумен жуады. Таза ауада кептіріп алып, бүлінген бөліктерін бөліп тастайды. Сонан соң, қалын тамырларды, ұсақ бөлшектерге бөліп кеседі. 50-600С температурада кептіргіште кептіреді.

Сыртқы белгілер. Бүтін немесе көлденең кесілген тамырлары қатты, әжімделген, тегіс немесе сәл қисықтау, ені 2-5 см, көлденеңі 3-10 см. Сыртқы түсі қоңыр, ішкі жағынан сарғыш-қоңыр не сұрғылт – қоңыр болады. Иісі әлсіз, дәмі ащылау.

Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 13% -тен, бөлінбеген сабақтары мен тамырлары 5%-тен, минералды қоспалар 0,5%-тен жоғары болмауы керек.

Химиялық құрам. Жер асты өнімдерінде антропен гликозидтер (0,86-1,6% ), эмодин, аробинозид эмодина, хризофанол, Франгулоэмодин, алоэ-эмодин, фисцион болады.

Сонымен бірге, илік заттар 6,6 – 15%6 антроциандар 5%, лейкопелларгонидин, лейкодельфинидин, лейкоцианидин, катехиндер (катехин, эпикатехинраллат), нафталин туындылары (некодин, непозид); фенол (галло, кофе), органикалық (алма, лимон), қышқылдары, эфир майы 0,2%, сапониндер, алкалоидтар С, К витаминдер кездеседі.



Қолданылуы. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, өт айдайтын, қан тоқтататын, құрқұлаққа ем болатын қасиеттері бар. Аш ішектің және тоқ ішектің қабынуын, геморрой түйіндерін, қанның азаюын емдеу үшін де қолданылады. Ауыз уылғанда және тіс қабынғанда ауыз шаяды. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі-дәрмектермен кейбір тері ауруларын емдейді.

Дәрі-дәрмектер. Тұнба, қайнатпа.

Сақталу мерзімі. 3 жыл.


Іш дәрі қаражеміс

Қаражеміс жемістері

Қаражемістер

Rhamnus catharticae L.

Fructus Rhamnui catharticae

Rhamnceae



Сипаттама. Қаражеміс туысына жататын, биіктігі жететін шағын ағаш немесе ірі бұта. Діңнен шалқайыңқы өскен бұталардың тікендері бар. Өсімдіктің жас бұталарының қабығы қызыл-көкшулан, жылтыр және қаралау болып келеді. Жапырақтары сағақты, қарама – қарсы орналасқан, домалақ жұмыртқа тәрізді, шамалы үшкір. Жиектері майда, ара тісті. Жапырақтарының екі негізгі жажағына доға тәрізді қосалқа жиектер (сынғақ итшомырттан айырмашылығы) бар. Гүлдері майда, жасылдау жапырақтарының қуысына шоқ болып жиналған, жемістері етженді сүйекше, ішінде 2-4 жаңғақшалары болады.

Таралуы. Өзен жағаларында, бұталар арасында, орман алаққайларында, тау беткейлерінде өседі. Ертісте, Тобыл, Есіл өзендерінде, Көкшетауда, Ақтөбеде, Тоғайда, Іле Алатауда, Қаратауда, Батыс Тянь-Шяньда кездеседі. Жалпы еліміздің еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Кіші Азияда таралған.

Дайындалуы. Емдік мақсатта жемісін (Fructus Rhamni catharticae) әбден піскен кезінде немесе кейде тамыздың аяғына таман түсі қара түске боялған кезінде жинайды. Жинау кезінде бұталарын сындыруға сонан кейін, жемісін үзуге болмайды, себебі бұлай еткен өсімдіктің өнімін азайып немесе құрып кетеді. Жемістерін кептіргіште 50-600С температурада кептіреді.

Сыртқы белгілер. Жемісі домалақ, әжімделген, жалтырақ, қара жеміс сүйекше. Шырында көкшулан-қоңыр түсті, кері жүмыртқа немесе домалақ үшбұрышты келген бір тұқымды, негізі аздап сүйірленген сүйектері болады. Иісі әлсіз, жағымсыз, дәмі қышқыл тәттілеу.

Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 10% -тен, күлі 4% - тен, піспеген жемістері 4%-тен, күйген жемістері 5%-тен, басқа өсімдіктің жемістері мен бұталарының сынықтары 2%-тен, минералды қоспалар 0,5%-тен жоғары болмауы керек.

Химиялық құрам. Жемісінің құрамында антрогликозид қосылыстары, оның ішінде глюкофрангулин, франгулин, франгулоэмодин, жостерин болады.

Сонымен бірге, флаваноидтар (рамноцитрин, ксанторамнетин, рамнетин, кверцетин, кемпферол), пектиндер, органикалық қышқылдар, макро- микроэлементтер бар.



Қолданылуы. Медицинада өсімдіктің дәрілері спастикалық және атониялық іш қату кезінде, іш жүргізетін дәрі ретінде қолданады.

Дәрі-дәрмектер. Тұнба, қайнатпа. М.Н. Здренконың қоспа құрамында енеді.

Сақталу мерзімі. 4 жыл.


Сынғақ итшомырт

Итшомырт қабығы

Итшомырттар
Frangule alnus Mill

Cortex Frangulae

Rhamnaceae


Сипаттама: Итшомырт туысына жататын, биіктігі 3 м-ге дейін жететін, тікенсіз бұталы өсімдік. Қабығы жылтыр, жас бұтақтарының қабығы қызғылт, әр жерінде ағарған дақтары бар. Эллипс тәрізді, сопақша, кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты жапырақтарының ұштары сүйір, шеттері бүтін. Гүлдері майда, көкшіл түсті жалпақтау, дөңгелек екі сүйекше. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қыркүйек айында жеміс береді.

Таралуы. Сынғақ итшомырт тоғайларда, жартастар мен жыралар арасында өседі. Күнгей, Теріскей, Қырғыз Алатауларында, Қаратауда, Көкшетауда кездеседі. Еліміздің европалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Батыс және Шығыс Сібірде, Иранда, Монғолияда, Батыс Қытайда, Гималайда таралған.

Дайындалуы. Шикізаты ретінде қабығын (Cortex Frangulae) ерте көктемде 30-50 см-ге дейін көлдененең сопақша тәрізді кесінді жасап осы көлдененең кесінділерді ұзын кесінді арқылы бірімен-бірін қосып ағашынан ажыратып алады. Құрғақ кездері оны ашық ауада немесе жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді. Ылғалды күндері оны кептіргішке салып кептіру қажет.

Сыртқы белгілер. Түтікше тәріздес қабығының қалыңдығы 0,5-2 мм-ге дейін болады. Сыртқы беті біртегіс, күнгірт қоңыр немесе сұрғылт қоңыр келген. Қабығының ішкі жағы қызғылт түсті. Иісі әлсіз, дәмі ащы болып келеді.

Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 15%-тен, қабығының қалындығы 2 мм-ден қалын бөліктері 3%-тен, органикалық және минералды қоспалар 0,5% -тен жоғары болмауы керек.

Химиялық құрам. Өсімдіктің қабығында 2,57-5,7%- ке дейін антрохиндар, оның ішінде франгулозид, франгулин, А, В, эмодин, хризофанол, алоромодин, рейін бар.

Бұлардан басқа шикізаттың құрамында көмірсулар, пектин 3,99%, қант 3,28 –5,66%, крахмал, органикалық қышқылдар, эфир майы, сапониндер, алкалоидтар 0,15%, С витамині, кумариндер, илік заттар 0,58-10%, камфоралық ароматтық қышқылдар, нефтохинондар кездеседі.



Қолданылуы. Ресми медицинада өсімдіктің қабағынан іш жүрмей қалғанда, үлкен дәретті сұйылтып шығару қажет болғанда, ішек түйіліп ауырғанды емдеу үшін дәрі жасайды.

Сынғақ итшомырттан жаңа ғана жиналып алынған немесе таяуда ғана кептірілген қабағынан дәрі дайындауға болмайды, себебі оның құрамындағы диантрондар жүректі айнытып, лоқсытып, құстырып, асқазан тұсын қатты ауыртатын жағдайлар кездеседі. Сондықтан дәрі жасау үшін температурада бір сағат қыздырып пайдалану керек.



Дәрі-дәрмектер. Құрғақ экстракт, тұнба, қайнатпа.

Сақталу мерзімі. 5 жыл.


Ағаш алоэ

Алоэ

Лалагүлділер

Aloe arborecens Mill.;

A. vera L.

A. soccotrina Lam

Sabur folia aloe

Liliaceae


Сипаттама: Алоэ туысына жататын, мәңгі жасыл, көп жылдық, шырынды өсімдік. 180 түрлі белгілі. Отанында биіктігі 4 м-ге дейін жететін, ал біздің бөлме жағдайында 70 см-ден аспайды. Тамыры шашақ, жіңішке, топырақтың үстіңгі қабатына орналасқан. Сабағы тік, бұтақтанған. Жапырағы ұзын бозғылт жасыл түсті, еңезденіп тұрады, найза пішіндес, ұшы төмен иілген, шеттерінде шеміршек тәрізді тікенектері бар. Жапырағының үстіңгі беті ойыс, астыңғы жағы дөңес, өркен бойына кезектесе, қынап сабақты орай, қондырмалы орналасқан. Гүлдері шашақ тәрізді шоғырға жиналған, ұзындығы 20-30 см. Гүлдері қызғылт-сары, қандауыр тәрізді, түбі біріккен, 6 күлте, 1 аталықтан тұрады. Жемісі ұш бұрышты қауашақ.

Таралуы. Отаны – Оңтүстік және Шығыс Америка, Қазақстанда, Грузияда мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі.

Дайындалуы. Емдік мақсатқа өсімдіктің жапырағын, (Sabur folia aloe) пайдаланады. Қыс – көктем айларында дайындайды. Жапырағын бүтін күйінде, сындырмай жинау керек. Алдымен төменгі жапырақтарын жинайды, жоғарғы жас жапырақтарын қалдырады. Жинап болған соң тез кішкене желдеткіштері бар жәшіктерге салып қояды. Әр жәшікке 15-20 кг-нан салады да дәрі жасайтын жерге тез жеткізеді.

Сыртқы белгілер. Жапырағының ұзындығы 15-45 см-ге дейін жетеді, ені 2-5,5 см-ге дейін, шырынды келген, шеттерінде тістері бар, жапырағының түсі жасыл, көгілдір дақтары бар. Түстері сарғылт – жасыл түсті немесе қызғылт. Иісі әлсіз, дәмі ащылау болады.

Сандық көрсеткіштер. Құрғақ шикізаттың құрамында ылғалдылығы 10%- тен, күлі 17%-тен, минералды қоспалар 0,0055-тен жоғары болмауы керек. Жас жапырағының қалдығынды көбі қалдықтар 2%-тен, кепкеннен кейінгі жоғалтқан салмағы 92% -тен кем болмауы керек. Күлі 18%-тен сынық жапырақтары 10%-тен, минералды қоспалар 0,5%-тен жоғары болмауы керек.

Химиялық құрам. Жапырағынан алынған сөлінің құрамында антрагликозидтер –алонин, алоэ эмодин, барболоин, раборберон бар. Сонымен қатар, ферменттер, витаминдер, фитонцидтер табылған.

Қолданылуы. Алоэ дәрі-дәрмектері қабынуға, бактерияға қарсы, өт қудыратын күйінде қарсы, ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартатын, іш жүргізетін қасиетіне ие. Алоэ препараттары ресми медицинада биогендік стимуляр ретінде кең қолданылады.

Дәрі-дәрмектер. Шырыш, жағар май, эмульсия, құрғақ экстракты, ұнтақ, тұнба.

Сақталу мерзімі. 24-48 сағат.

Тесттер

1. Тамыр шикізатын қай кезде анықтайды.

А) бутанизация (периодында) кезінде

В) жемісі піскен кезінде

С) гүлдеу кезінде

Д) вегетация фазасында

Е) ерте көктемде біріншілік сөл кезінде

2. Жапырақ шикізатын қай кезде дайындайды.

А) біріншілік сөл кезінде

В) гүлдену кезінде

С) жемісі піскен кезде

Д) гүлденгеннен кейін

Е) бутанизация кезінде

3. Ащы бадам тұқымының құрамындағы гликозид

А) аукубин

В) пруназин

С) амигдалин

Д) синигрин

Е) самбунигрин

4. Hyoscyamus niger жемісі:

А) жидек

В) тұқым


С) қақпақшалы қорабша

Д) қақпақшалы ашатын инелі қорапша

Е) ашылатын саңылаулы қорапша

5. Шикізатта болатын қоспалар

А) шыны

В) улы өсімдіктер бөліктері



С) өндейтін өсімдіктің басқа бөліктері

Д) кеміргіштер нәжісі

Е) құс нәжісі

6. Көпшілік өсімдіктерді өндеу кезінде қолданылатын қорғау әрекеттері

А) шөптесінді баспайды

В) өсімдіктерді тамырымен жұлмайды

С) өндеу аймақтарын ауыстырып тұрады

Д) өсімдіктердің жартысын тұқымдануға қалдырады

Е) барлығы дұрыс

7. Цианогенді гликозидтердің агликон құрамында бар:

А) синил қышқылы

В) галла қышқылы

С) эллага қышқылы

Д) меркапто – (SH)- топ

Е) генинде азот атомы

8. ДӨШ–ң беттік түсін анықтау үшін

А) жапырақтар

В) тамырлар

С) пиязшалар

Д) гүлдер

Е) қабықтар

9. ДӨШ –ң өзі екендігі –бұл

А) Шикізаттың өзінің атына сай келуі

В) шикізаттың өзінің өндіретін өсімдігіне сай келуі

С) Шикізаттың өзінің атына сай келуі және шикізаттың өзінің өндіретін өсімдігіне сай келуі

Д) шикізат барлық НҚ сай келуі

Е) шикізатта жіберілмейтін қоспалардың болмауы

10. Күн көзінде кептіруге болады:

А) тамырлар мен қабықтар

В) жапырақтар

С) гүлдер

Д) д ө ш күн көзінде кептірмейді

Е) жемістер

11. Антроцен ядро негізінен әртүрлі тотығу дәрежесінен тұратын үлкен табиғи қосылыс тобы – бұл:

А) гликозидтер

Б) қарапайым фенолдар

В) лигнандар

Г) кумариндер

Д) агнтрцентуындылар

12. Антроцентуындылар классификация негізі қос байланыстың болуы:

А) 2. фармакологиялық әсері

Б) 3. ДӨШ ботаникалық сипаттамасы

В) 4. ароматты сақина және бүйір тізбегінде көмірсу атомдары

Г) 5. атроцен ядро саны

Д) барлығы дұрыс

13. Суда, сілтіде және сұйытылған спиртте жақсы еритін; хлороформда, ацетонда, эфирде нашар еритін сары немесе қызғылт сары кристалды зат:

А) гликозидтер

Б) қарапайым фенолдар

В) лигнандар

Г) кумариндер

Д) агнтрцентуындылар

14. Құрамында іш жүргізетін зат ретінде қолданатын ДӨШ:

А) фенолгликазидтер

Б) жүрек гликозидтер

В) лигнандар

Г) терпеноидтар

Д) антроцентуындылар

15. Құрамында антроцентуындысы бар ДӨШ:

А) қытай лимоннигі

Б) тікенді элеуротерококк

В) шәйқурай

Г) қара бұрыш

Д) барлығы дұрыс

16. Жылқы қымыздығының тамыры мен тамырсабағы қолданады:

А) ұйқысыздық кезінде

Б) бас ауырған кезде

В) іш қатқан кезде

Г) жоғары қозушылық кезінде

Д) дұрыс жауабы жоқ

17. Жылқы қымыздығы қандай тұқымдасқа жатады:

А) лалагүлділер

Б) тарандар

В) бұршақтар

Г) Сегізгүлділер

Д) ерінгүлділер

18. Сенна жапырақтары мен тұқымдары қолданады:

А) бырыстырғыш

Б) ауырсынуды басатын

В) іш жүргізетін

Г) тыныштандыратын

Д) витаминді

19. Сынғақ итшомырт қандай тұқымдасқа жатады:

А) лалагүлділер

Б) қаражемістер

В) бұршақтар

Г) Сегізгүлділер

Д) ерінгүлділер

20. Дақты шәйқурай қандай тұқымдасқа жатады:

А) лалагүлділер

Б) шәйқурайлар

В) бұршақтар

Г) Сегізгүлділер

Д) ерінгүлділер

21. Күн көзінде кептіруге болады

А) тамырлар мен қабықтар

Б) жапырақтар

В) гүлдер

Г) д ө ш күн көзінде кептірмейді

Д) жемістер

22. Екіншілік биосинтез заттарын көрсетіңіз.

А) терпеноидтар

Б) белоктар

В) липидтер

Г) ферменттер

Д) көмірсулар

23. Екі жылдық өсімдіктін жапырағын қай кезде жинау керек.

А) бірінші жылғы жапырағын

Б) екінші жылғы жапырағын гүлдемей тұрғанда

В) екінші жылғы жапырағын

Г) бірінші жылғы жапырағын гүлдегенен соң

Д) дұрыс жауабы жоқ

24. Өсімдіктің жер үстінгі мүшелерін қай кезде жинап, кептіру қиын болады.

А) күннің ашық, ауаның жылы кезінде

Б) жауында немесе шық түскенде

В) желді немесе жауынды күндері

Г) ыстық немесе салқын күндері

Д) дұрыс жауабы жоқ

25. Бүршіктердің латынша атауын көрсетіңіз.

А) cortices

Б) glaucii

В) gemmae

Г) flores

Д) herba

26. Қабықтардың латынша атауын көрсетіңіз.

А) fructus

Б) gemmae

В) flores

Г) cortices

Д) herba

27. Өсімдікті кептіру дегеніміз не.

А) өсімдік бойындағы суды бөліп алу

Б) өсімдік бойындағы артық ылғалды буландырып ажырату

В) өсімдік бойындағы ылғалды ажырату

Г) өсімдік бойындағы суды буландыру

28. Қандай өсімдік бөліктерін күн сәулесінде кептіруге болады.

А) жемісін, жапырағын

Б) тұқымын, гүлін

В) жемісін, гүлін, жапырағын

Г) ешқандай бөлігін кептіруге болмайды

Д) тұқымын, қабығын, тамырын

29. Дәрілік өсімдікті түсі, иісі, дәмі, арқылы анықтау қандай талдауға жатады.

А) макроскопиялық

Б) микраскопиялық

В) химиялық

Г) люминесценттік

Д) дұрыс жауабы жоқ

30. Макроскопиялық талдау қалай анықталады.

А) анатомиялық құрылысы арқылы

Б) микроскоппен қарау арқылы

В) түсі, дәмі, иісі арқылы

Г) химиялық реактивтер арқылы

Д) дұрыс жауабы жоқ

Жауаптар эталондары:


1 – Е;

2 – В;


3 – С;

4 – С;


5 – С;

6 – Е;


7 – А;

8 – Е;


9 – С;

10 – А;


11- Д;

12 – Г;


13- д;

14-Д;


15- д;

16-Д;


17 –Б;

18 – В;


19 – Б;

20 –Б;


21-А;

22-А;


23-Б;

24-Б;


25-В;

26-Г;


27-Б;

28-Д;


29-А;

30-В;



ҚҰРАМЫНДА ФЕНОЛГЛИКОЗИДТЕР МЕН ЛИГНАНДАР БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Фенолдар – бұл молекулалардағы гидроксил топтары бензол ядросымен байланысқан органикалық қосылыстар. Олар ароматты көмірсутектерінің туындылары.

Фенолдардың номенклатурасын құрастырғанда бензол сақинасындағы көмірсутегі атомдарының гидроксил тобымен байланысқан көміртегі атомынан бастап 1-ден 6-ға дейінгі санмен белгілеу қабылданған:



Химиялық қасиеттері бойынща фенолдың және оның туындылары спирттерден өзгешілігі бар. Бұл айырмашылық фенол молекуласындағы гидроксил тобы мен фенил радикалы /С6Н5/ деп аталатын бензол ядросының өзара әсеріне байланысты. Бұл әсердің мәні мынада: бензол ядросындағы п-электрондар өз сферасына гидроксил тобындағы оттегі атомның бөлінбеген электрондық жұбын тартып, нәтижесінде оттегі атомындағы электрон тығыздығы азаяды. Бұл өзкезегінде он байланысының электрон тығыздығын сутегіден оттегіне қосымша ығысуына әкеледі, сутегі қышқылдық қасиетке ие болып жылжығыш және реакцияға қабілеттілеу болады.

Сондықтан, олар күйдіргіш сілтілермен оңай әрекеттесіп, сулы ерітінділерде тұрақты фенолдар түзеді.

Өсімдіктердің және жануарлардың құрамында фенолдар туындылары кең таралған. Фенолгликозидтер бірнеше топқа бөлінеді. Олар жай фенолгликозидтерді, лингнандар, антрогликозидтер, илік заттар, α- және γ- пирон туындылары (флаваноидтар, кумариндер, фенолкарбон қышқылдары).

Фенолгликозидтер суда жақсы ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді. Агликондар суда ерімейді, бірақ хлороформда, ацетонда, спиртте, этилацетатта, бензолда т.б. жақсы ериді. Сапалық жағынан анықтауда, мысалы арбутинге түрлі-түсті реакцияларды қолдануға болады. Егер сулы қайнатпасына Мор тұзының кристалын қосқанда, сонда қызыл не көк түске боялуы және арбутин тұнбаға түседі, ал фосформолибдаттың ерітіндісі көк түске боялады.

Адам организмінде жай фенолгликозидтер фенол тұзын түзіп бөлініп шығады. Ол бактерицидтік қасиетке ие және асқазан сөл бездеріне әсер етеді. Бұл қосылыстар кейбір өсімдіктер тұқымдасында ұшырасады. Олар бересектер (Erecaceae), шегіргүлділер (Violfceae), қаражидектер (Rosaceae), лалагүлділер (Lilieceae), тасжарғыштар (Saxifragaceae) т.б. болып табылады.

Қазіргі кезде олардың түрлі биохимиялық, физиологиялық процестерінде маңызы, активті екендігі анықталған.
Кәдімгі арктостафилос Аrctostaphylos

(аюжидек) uva-ursi (l.) spreng

Ерикацеа тұқымдасы Еricaceae
Сипаттама. Мәңгі көгеріп тұратын көп бұтақты, биіктігі 120 см-ге жететін жатаған өсімдік. Сабақтары тармақты, бұтақты. Жапырақтары ұсақ алмұрт тәріздес, қабықтары қалың. Алқызыл гүлдері сабақтарының ұшында шоқталып өседі. Жемісі домаланған қызыл түсті, жидек тәрізді.

Таралуы. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Сібірде кең таралған, Қазақстанда Алтай өлкесінде кездеседі.

Дайындалуы. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырақтарын, өркендерін (Folia et cormus Arctostaphylos uvae-ursi), мамыр-маусым айларында өсімдік гүлдеген кезінде жинап алады.

Химиялық құрам. Өсімдіктің өркенінде фенолдар және олардың туындылары, арбутин 6,4-8,13 %, 9,4-17%-ке дейін илік заттар, жапырақтарында фенолдар және оның туындылары; гидрохинон 0,12-0,32%, арбутин 2,5-25%, метиларбутин 1,17-1,22%, илік заттар 7,2-41,6%, танин 7%, галлотанин 17,1%, эллаготанин 0,75 %-ке дейін бар.

Бұдан басқа шикізаттың құрамында иридоидтер (монотропин), үштерпеноидтер, флавоноидтар 0,33-1,55%, органикалық қышқылдар 0,01%, эфир майы, С витамині, каротин, фенолкарбон қышқылдары, кумариндер, катехиндер кездеседі.



Қолданылуы. Ақжидектің дәрі-дәрмектері залалсыздандыратын және қуық пен несеп жолдарының қабынуында (нефрит, цистит), несеп шығаратын дәрі ретінде кеңінен қолданылады. Дәрі-дәрмектер. Қайнатпа, тұндырма. Несеп жүргізетін жинақтың құрамына енеді.

Сақталу мерзімі 5 жыл.


ИТБҮЛДІРГЕН ҚАРАЖИДЕК Vaccinium Vitisidaea L.

ҚАРАЖИДЕКТЕР ТҰҚЫМДАСЫ Vacciniaceae
Сипаттама. Қысы-жазы көгеріп тұратын аласа жартылай бұталы өсімдік. Тамыр сабағы жіңішке жатаған. Биіктігі 30 см-ден аспайды. Бұтақтары жұмыр, сыртында жоғары қараған түктері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қыста да түспей қар астында жата береді, теріс қаратып қойған жұмыртқаға ұқсайды, төменгі жапырақтарында бірнеше қара дақтары бар. Бұтақтарының жоғары жағында орналасқан гүлдерінің түсі ақ немесе қызыл, 4 түсті, қоңырау сықылды, 4-5 гүл жапырақшасынан тұрады, гүл сабақтары қысқа. Тұқымы қызыл түсті, дөңгелек, шар тәрізді, дәмі ашылау, 3 мм-ге жететін жидек.

Таралуы. Итбүлдірген қылқанды және аралас ормандарда өсаді. Көкшетауда, Алтайда кездеседі. Ресейдің еуропалық бөлігінде, Қиыр Шығыста, Скандинавияда, Батыс және Шығыс Сібірде, Кореяда, Солтүстік Қытайда, Солтүстік Америкада таралған.

Дайындалуы. Дәрі-дәрмектер алу үшін өркендерін және жапырақтарды қағаз бетіне жұқалап жайып кептіреді. Қарайған, қоңырқай тартқан жапырақтарын алып тастайды.

Химиялық құрам. Жапырақтарың құрамында фенолгликозидтер арбутин, метиларбутин, сонымен қатар урсол, аскорбин қышқылдары мен илік заттар кездеседі.

Қолданылуы. Бұл өсімдіктің препараттары бүйрек ауруын емдейтін (пиелит, цистит), несеп жүргізетін дәрі есебіне пайдаланады.

Дәрі-дәрмектер. Тұнба, қайнатпа. Несеп жүргізетін қоспалар құрамында енеді.

Сақталу мерзімі 3 жыл.
Қызғылт семізот

(алтын тамыр)

Жасаншөптер тұқымдасы

Сипаттама. Ірі әрі жуан тамыра бар, көп жылдық шөптектес өсімдік. Кейбір тамыраның салмағы 900 г-ға дейін кездеседі. Тамырларының сырт жағы алтын түстес, сары, ішкі жағы ақ түсті, көптеген кезде тамырының сынған жері ашық – қызыл. Тамырдың сыртқы қабығын пышақпен ептеп кесіп байқасаңыз мұрныңызға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабықтары лимон сияқты сары түсті. Бұл тек алтын тамырға ғана тән қасиет. Тамырдан биіктігі 50 см-ге жететін, бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады. Бірақ бұталар болмайды, оның есебіне ірі, кезектесіп орналасқан, қалың етті, сопақша жапырақтары болады. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда, ірі, сирек тістері болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғары жағына шоғырланып тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.

Таралуы. Таулардың және төбелердің беткейлерінде, шалғынды жерлерде, тау өзендері мен көлдерінің жағалауларында өседі. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауларында кездеседі. Ресейдің европалық бөлігінде, Қиыр шығыста, Сібірде ұшырасады.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта өсімдіктің тамырларын (Radices Podiotae roseae) күзде жинап алады. Тамырсабағын күрекпен қазып, топырағынан тазартады, ағын сумен жуып, тоз қабатынан, шіріген бөліктерін, сабақтарын кесіп алып тастайды, көлеңкелі жерлерде аздап кептіреді. Сонан соң, ұсақтап кесіп, ұзындығы 2-10 см-дей етіп кептіргішке салып 50-600С температурада кептіреді.

Химиялық құрам. Қызғылт семізоттың жер асты өнімдерінде фенол және спирттер мен гликозидтер, оның ішінде салидрозид (родиолозид), розавин, розицин бар.

Салидрозид (родиолозид)

Сонымен бірге, шикізаттың бойында флаваноидтар, илік заттар 20% галла қышқылы, эфир майы 0,8-0,9%, органикалық қышқылдар, глюкоза, сахароза, липидтер кездеседі. Эфир майының құрамында фенилэтил спирті, фенилэтилацетат, цитраль, альдегидтер, терпендер табылған.

Қолданылуы. Бұл өсімдіктің денеге қуат беретіні толық анықталған. Әсіресе ой еңбегімен айналасып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттырады. Алтын тамыр, панакс гинсенг, мақсыр рапонтикум, аралия, опломакс сияқты өсімдіктердің дәрілік қасиеттеріне ұқсас біртекті өсімдіктер қатарына енеді.

Дәрі-дәрмектер. Сұйық экстракт.

Сақталу мерзімі 3 жыл.
Еркек қырыққұлақ dryopteris filix mas l. (schott.)

Полиподиацеа тұқымдасы polypodiaceae
Өсімдік екі түрлі жолмен – жынысты және жыныссыз көбейеді.

Жыныссыз диплоидты спорофит – тамырсабағы қыстап шығатын көпжылдық шөптесін өсімдік, тамырсабағы көлденең өседі, көптеген бау тәріздес тамырлары бар. Тамырсабағының жоғары өскен ұшында әрқайсысының ұзындығы 1 метрге, ені 25 см-ге жететін шоқ жапырақтары бар.

Ашылмаған жапырақтары ұлу қабығы тәрізді бұралып тұрады. Жапырақ сағағының ұзындығы 25 см-ге дейін сыртын татты-бурыл түсті қалың қабықты түк басқан, сағағының негізгі сөлді және кеңейген, жапырақтары солғаннан кейін сағағының осы бөлігі тамырсабағында қалып қояды. Жапырақ тақтасы күңгірт жасыл түсті, ұзынша эллипс тәрізді қос қауырсын салалы, жапырақ шеттеріндегі тістері доғал. Жапырақтарының астыңғы бетінде түсті түтікшелер дамиды. Олардың астында дөңес формалы ұзын аяқты спорангиилер орналасқан.

Спорангиилерде бурыл түсті споралар дамиды. Споралардан өсе келе ұсақ, жасыл түсті тақталы жүрекше өсінді архегонии мен анредий түзетін гаплоидты гаметофит дамиды.

Ұрықталған архегоний жұмыртқа торысынан жыныссыз жоғарыда сипатталған өсімдік дамып жетіледі де, цикл қайталанады.

Тамыр сабағын қазып алып қарағанда өткен жылғы қурап түсіп қалған жапырақтары сағақтарының әлі де көк күйінде сақталып тамырсабақтарда сыртын қаптап тұрғанын байқауға болады. Тамыр жапырақтары қоңырқай, ал қабығын сындырып қарағанда ішкі жағының ашық - жасыл түсті екендігін байқауға болады. Оның тамырсабақтарының үстіңгі жағынан жыл сайын бір көп жасыл жапырақтары өсіп шығады. Жапырақтары ұзынша, эллипс тәрізді, әр ұштары сүйірленген, ірі, құстың қауырсыны тәрізді тілімделген. Жаздың соңғы айларында өсімдіктің жапырақтарын астыңғы жағынан екі қатар қоңыр түсті споралы (сорустар) пайда болады. Споралар түстеленгеннен кейін жерге түседі де, көктемде өседі.



Таралуы. Қылқанды жапырақтары ормандарда, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Солтүстік Қазақстан, Батыс Тянь-Шаньда, Шығыс Атырауларда таралған.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта еркек қырыққұлақтың (Rhizomata Dryopteris filicis maris) жазда күзде жинап алады.

Химиялық құрам. Шикізаттың құрамында флороглюцин туындылары, оның ішінде филицин қышқылының филмарон туындылары, филикс қышқылы, аспидиндезаспидин, альбаспидин, флаваспидин қышқылы, аспидинол болады.

Мұнан басқа, тамырсабағында эфир майы, илік заттар, крахмал, майлы майлар 6 %, сахароза, микро-, макроэлементтер, фитоэкдизондар ұшырасады.

Дәрі-дәрмектер. Фицилин, қою экстракт.

Сақталу мерзімі 1 жыл.

Кептірілген және өсімдіктің жаңадан жиналған тамырсабақтарынан әзірленген препараттары илек құрттарына өте жақсы әсер етеді.

Үштүсті шегіргүл viola tricolor l.

Шегіргүлдер тұқымдасы Violaceae

Сипаттама. Биіктігі 10-40 см-ге дейін жететін, 1-2 жылдық шөптестек өсімдік. Сабағы тік, аласа. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қысқа түкті, жиектері ара тісті. Төменгі жапырақтары сопақша, сағақты, жоғарғылары ұзынша, отырмалы. Гүлдері жеке-дара, ұзындығы 2-3 см, гүл сағағына орналасқан, көкшілкүлгін. Жемісі сопақша, жұмыртқа тәрізді, қауашақ піскен кезде үш жерінен бөлініп кетеді. Сәуір айынан күзге дейін гүлдейді, маусымда жемісі пісіп жетіледі.

Таралуы. Іле, Күнгей Алатауларында, Алматы бақтарында, Батыс, Солтүстік аудандарында кездеседі. Еліміздің орманда және далалы аймақтарында, Батыс Сібірде жиі таралған. Негізінен шабындықтарда, батпақты жерлерде өседі.

Дайындалуы. Емдік мақсатқа шөбін (Herba Violae tricoloris) өсімдік гүлденген кезінде жинап алады. Гүлдеген кезінде шикізаттың шөбін жер бетінен жоғары бөлігін прышақпен кесіп алып, тығыздамай себеттерде салып кептіру орнына жеткізеді. Жиналған шөбін қағаз бетіне жұқалап жағып, аудастырып отырады, жақсы желдетілген бөлмелерде немесе кептіргіштерде 400С температурада кептіреді.

Химиялық құрам. Шөбінде феногликозидтер, флавоноидтар 2,1%, (рутин, виолокверцетрин 0,15-0,45%, виолантин 0,7%, витексин, сапонаретин, ориентин, изоориентин, виценин - 2) бар. Бұлардан басқа шикізаттың құрамында полисахаридтер, эфир майы 0,2%, оның ішінде салицил қышқылының метил эфирі, сапониндер 14,8%, С витамині, фенолкарбон қышқылдары, илік заттар кездеседі.

Қолданылуы. Қақырық түсіретін және несеп жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.

Дәрі-дәрмектер. Тұңдырма, қайнатпа. Несеп жүргізетін, қақырық түсіретін жинақтардың құрамына енеді.

Сақталу мерзімі 2 жыл.

Лигнандар

Лигнандар – табиғи күрделі органикалық қосылыстар, яғни фенилпропанның димерлері.



Олардың химиялық құрылысында екі пропан қалдықтары С – С бета көміртек атомы арқылы түзіледі.

Ароматикалық сақинасының құрамында түрлі оттекті орынбасарлары (годрокси, метокси, метилендиокси) болады.

Лингнандардың молекуласының құрылысында тетрагидрофуран, лактон шығыршықтары болуы мүмкін. Мұндай қосылыстар подофилдің лигнандарында, кубенинде, оливилде кездеседі.

Ароматикалық сақинасының орналасуына қарай күрделі лигнандар бірнеше типтерге бөлінеді.

Лигнанның дегидронафталин түрі



Лигнанның дегидронафталин түрі Лингнаның сезамин не диоксабициклооктан


Лигнанның диарилбута түрі гваян сүрегінде, дигидронафталин тобы подофильдің жер асты өнімдерінде, ал сезамин лигнандар күбеде жемістерінде, құнжыт тұқымдарында ұшырасады.

Лигнандар майлы майларда, шайырларда, эфир майларда жақсы ериді, су буымен ажырамайды. Оларды майлы майлардан шығарып алу өте қиын.

Лигнандар өсімдік шикізатынан экстракция жолымен органикалық еріткіштер арқылы (эфир, петролеи эфир, бензол, хлороформ) алынады.

Табиғатта лингнандар кең таралған. Өсімдіктерде бос күйінде немесе гликозид түрінде кездесуі ықтимал. Олардың өсімдіктің барлық мүшелерінде, бірақ көп мөлшерде тұқымында, тамырында, сүректе және сүректелген сабақтарында кездеседі.

Лигнандар биологиялық активті заттар. Подофилдің жер астындағы бөлігінен алынған лигнандар, кардиолитикалық қасиетін білдіреді, ал құнжыт майының құрамындағы лигнандар тромбопения, геморрагиялық диатезді емдегенде жақсы нәтиже береді. Аралия тұқымдасына жататын өсімдіктердің (элеутерококк, акантопанакс, шизандра т.б.) бойындағы лигнандар жақсы стимуляторлар болып есептелінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет