Пародонтология практикасында толқынының ұзындығы 253,7 нм қысқа ультракүлгін сәулелер кеңінен пайдаланылады. Физиологиялық әсері: ультракүлгін сәулелену кванттарының үлкен энергиясының салдарынан тіндерде атом белсенді етіледі және аса жоғары деңгейге өтеді, мұнымен УК-сәулелердің фото-химиялық әсері түсіндіріледі. Органдар мен организм жүйелері жағынан алуан түрлі жауапты реакциялар тудыратын, биологиялық активті заттардың көп саны босатылады. УК-сәулелердің кванттары олардың өлуін тудыра отырып, микробтық клеткалардың ДНК-на да әсер етеді.
Терапиялық тиімділігі: ауырсынуды басушы, бактерицидтік, қабынуға қарсы, иммунитетті қуаттандырушы, сезімталдықты жоғалтушы, алмасу және біте бастау процестерін жеделдетуші.
Көрсеткіштері: ойық жаралы гингивит, жарылғаннан кейінгі пародонтальды абсцесс.
Қарсы көрсеткіштері: қатерлі өскіндер, қан кетуге бейімділік, тиреотоксикоз, жүйелі қызыл жегі, жүдеу (кахексия), бүйректердің функционалды жетіспеушілігі, УК-сәулелерге жоғары сезімталдық.
Аппаратурасы: ОКУФ-5М, ЛКУФ-3
Мөлшерлемесі: Қызыл иектерді сәулелендіруді 1 биомөлшерден бастайды да, әрбір кейінгі сәулелендіруді 1 биомөлшерге ұлғайта отырып, емдеудің аяғына қарай 4 биомөлшерге дейін жеткізеді. Емдеу курсы - 4-6 сәулелендіру, күн сайын немесе күнара.
Лазерлік терапия
Лазерлерді ойлап табу сәулемен емдеуде жаңа дәуірді ашты. Қазіргі уақытта стоматологиядағы лазерлік терапия – бұл, негізінде төмен энергетикалық лазерлік сәуле шығарумен емдеу мақсатымен, биологиялық объектіге әсер ету, ол, лазерлік сәуле шығарудың барлық басқа түрлері сияқты, когеренттікпен, монохроматтықпен, полярланғандықпен және электр-магниттік тербелістер ағынының бағытталғандығымен сипаттала-ды. Стоматологиялық патологияны емдеу мақсатымен гелий-неон лазерінің төмен қарқынды монохроматты когеренттік полярланған жарығын пайдалануды әзірлеудегі басымдылық қазақстандық ғалымдарға тиесілі болады.
Емдік факторы: лазерлік сәуле шығару, өзінің табиғаты бойынша, жарық сияқты, оптикалық ауқымды электр-магниттік тербелістерге – ультракүлгіннен инфрақызылға дейінгі тербелістерге жатады.
Лазер – бұл техникалық құрылғы, ол бағытталған шоқ түрінде когерентті полярланған монохроматты электр-магниттік сәуле, яғни өте тар спектрлік ауқымда жарық шығарады.
Стоматология практикасында төмен энергетикалық лазерлер: қызыл (сәуле шығару толқынының ұзындығы 632 нм) және жақын инфрақызыл (сәуле шығару толқынының ұзындығы 760-1200 нм) спектрлік ауқымды лазерлер аса кең қолданыс тапты.
Физиологиялық әсері: төмен қарқынды лазерлік сәуле шығару (ТЛС), тіндерге әсер ете отырып, бос энергияның бөлінуі арқылы, ал бұлшық ет және нерв тіндерінде, керісінше, оның жұтылуы арқылы тіндерді жалғау құрылымдарының ыдырауына әкеліп соғады. Энергиямен қаныққан клеткалар ТЛС-тің әрекет ету өрісінде жартылай өткізгіштердің қасиеттерін иеленеді. Клеткалардың лазердің қызыл түсін жұтуы оның клеткалар мембраналарына, және ең алдымен нерв клеткалары митохондрияларының резонанстық сәйкес келуімен себептелген, өйткені оларды белсенді ету табалдырығы жарық спектрінің қызыл бөлігінде жатыр. ТЛС-тің әсер етуінің қорытындысы глюкозаны тотықтырғыш фосфорилдеу процестерін қуаттандыру және АТФ-тің шығарылуын ұлғайту болады. Бұл митохондриялық ферменттерді – цитохромдарды белсенді етумен және электрондардың осы тізбегі бойынша бір жерден екінші жерге көшіруді үдетумен байланысты, бұл клетканың энергетикалық потенциалын арттырады. Монохроматты қызыл түс қанға және қанның жасалу органдарына тура жолмен де, жанама жолмен де әсер етеді. Бірінші жағдайда қызыл түс, порфириндермен жұтыла отырып, ескі эритроциттердің ыдырауын тудыруы мүмкін. Қанның жасалуына жанама әрекет ету эндокринді бездердің, ең алдымен гипофиздің және қалқанша бездің қызметін белсенділендіру есебінен болады, олардың қанның жасалу қызметінің реттелуіне тікелей қатынасы бар. ТЛС коллатеральды қан айналысының дамуына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде тіндердің оттегілік қамтамасыз етілуі қажетті деңгейге дейін жоғарылайды. Оттегілік метаболизм белсенділігінің өсуі клеткада энергетикалық және пластикалық процестердің күшеюіне мүмкіндік туғызады. ТЛС қан ағысының күшеюімен және тромбтық массалардың шайылуымен де, қанның ұюына қарсы жүйені белсенді етумен де байланысты болатын, тромболиттік әсер етеді.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы әсер, бактерия жойғыш және бактериостатикалық әсер, ісікке қарсы әсер, алмасу процестерінің жақсаруы, біте бастау процестерінің үдетілуі, қан элементтерінің жасалуына әсер етеді (эритроциттер, гемоглобин мөлшері ұлғаяды, ЭОЖ азаяды), тромболиттік әсер, нейроэндокринді жүйенің қызметтерін белсенді ету, аралық ми – мидың қосымша бөлігі – бүйрек безі жүйесін қуаттандыру, организмнің табиғи төзімділігін қуаттандыру, сондай-ақ сезімталдықты жоғалту әсері.
Тиімділік тірі материяны ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде айқындалады: субклеткалық, клеткалық, тіндік, органдық және жүйелік.
Лазерлік аппаратура. Лазерлік физио- және рефлекстік терапия үшін қолданылатын, терапиялық аппараттарда, газдық гелий-неондық және галлий арсенидіндегі жартылай өткізгішті лазерлер аса кеңінен пайдаланылады. Гелий-неондық лазерлер қан және қоймалжың қабаттар клеткаларымен аса тиімді жұтылатын, қызыл түсті сәуле шығарады (толқынның ұзындығы 632 нм). Жартылай өткізгішті лазерлер инфрақызыл сәуле шығаруды генерациялайды (толқынның ұзындығы 760-1200 нм), олардың жұтылу коэффициенті қызыл түспен салыстырғанда аз, бірақ биотіндерге өту тереңдігі үлкен – 7 см-ге дейін болады. Жұмыста AL-010, SOFT-LASER, «Галамед», «Оптодан» сериялы лазерлік аппараттар кеңінен пайдаланылады.
Көрсеткіштері: төмен қарқынды лазерлік терапия әр түрлі тіндердегі қабыну және азғындау-дистрофия процестерімен, ауыру синдромымен, организмнің жергілікті қан айналысы-метаболистикалық және иммундық-резистенттік функцияларының бұзылуымен қоса жүретін, алуан түрлі ауруларды емдеу үшін, сондай-ақ зақымданған тіндерді қайтадан қалпына келтіру үшін көрсетілген.
Пародонтологиядағы көрсеткіштері: гингивит, пародонтит, пародонтоз.
Қарсы көрсеткіштері: жалпы - қатерлі өскіндер, үдеуге бейім қатерсіз өскіндер, организмдегі компенсациялық жағдайдың бұзылу сатысындағы өкпе-жүрек және жүрек-қан тамыры патологиясы, организмдегі компенсациялық жағдайдың бұзылу сатысындағы қант диабеті, тиреотоксикоз, белсенді туберкулез, қызбалы күй, қозғыштығы күрт жоғарылайтын нерв жүйесінің аурулары, факторға жеке төзуге болмаушылығы;
жергілікті: экссудациялық құбылыстары айқындалған жедел қабыну процесі (пародонт қалталарынан ірің ағуы, іріңдену), металл протездердің көп санының бар болуы.
Мөлшерлемесі: сәуле шығарудың биоқуаттандырушы деңгейлері - 10-100 мВт/см2, ал микроайналым арнасын жақсартушы, қабынуға қарсы және ауырсынуды сезінбеуші – 100-200 мВт/см2.
Лазерлік терапияның жалпы әдістемелері. Лазерлік сәуле шығару ашық кеңістікте сәуле шығарғыш пен объект арасындағы объектіге сәуле өткенде дистантты түрде, сондай-ақ сәуле шығарғыш жарық жетекшінің сәулеленетін бетке тығыз жанасқан кезде түйіспелі түрде де берілуі мүмкін.
Стоматологияда дистантты (түйіспесіз) әдістемені басым көпшілігінде ауруды сезбеу және ісікке қарсы әрекет ету мақсатымен патологиялық ошақтары мен тіндердің проекцияларын сыртқы сәулелендіру кезінде, сондай-ақ жақ-бет хирургиясында тарылатын тіндерді интраоперациялық сәулелену кезінде пайдаланады.
Түйіспелі әдістемені патологиялық ошақтардың трансоральды сәулеле-нуі, лазерлік фотофорез процедуралары кезінде пайдаланады, өйткені тығыз түйісу кезінде лазерлік сәуле шығару 3-5 есе тереңге өтеді және барлық нерв және қан тамыры өрімдеріне, сондай-ақ бұлшық ет және сүйек тіндеріне жетеді. Сондай-ақ сәулеленудің тұрақты және тұрақсыз әдістемелерін ажыратады.
Тұрақты әдістеме кезінде сәулелену процесінде әсер ету өрісі өзгермейді.
Тұрақсыз (сканерлеуші) әдістеме патологиялық ошақтың мөлшері сәулелену өрісінің мөлшерінен едәуір жоғары болған жағдайларда пайдаланылады. Сондықтан процедура процесінде сәулелену өрісін оның барлық ауданын және 1 см. шамасында тиесілі тіндерді қамти отырып, патология ошағы бетінің бойымен ауыстырады. Сканерлеуші қозғалыстардың жылдамдығы – 1 см/с.
Тұрақты да, тұрақсыз да әдістеме түйіспелі не болмаса дистантты болуы мүмкін. Сөйтіп, әдістемелердің үйлесуі тіндерге әсер ету техникасын кеңейтуге мүмкіндік береді:
-
лазерлік бейімдеп қондыру (түйіспелі немесе 1-8 см саңылаумен, бірақ сейілу мен шағылысуды болдырмаудан артық емес);
-
биологиялық активті нүктелерге әсер ету (лазерлік рефлекстік терапия);
-
өріске әсер ету (1 сеансқа 2-ден 25 өріске дейін, процедураның жалпы ұзақтығы 3-5 мин немесе 25-30 мин лазерлік сәуле шығару параметрлеріне байланысты);
-
сканерлеуші әдістеме;
-
қалта ішінде сәулелену.
Достарыңызбен бөлісу: |