160
Ерітіндімен ығыстырылатын ауа флаконнан еркін шығуы үшін
воронканың түтігі флакон мойнына емін-еркін кіріп тұруы керек.
Құрамында темір қоспасы бар фильтр
қағазымен фильтрлеген кезде
ыдырайтын дәрілік заттардың (натрий салицилаты, адреналин гидрохлориді
және т.б.) ерітінділерін, Ф-ОМ маркалы
тазартылған фильтр қағазымен,
күлсіз фильтрмен фильтрлеу қажет. Кәдімгі фильтр қағазы қолданылса,
дәрілік заттар адсорбцияланады.
а
б
в
Сурет 29.
Бүрмелі фильтр қағазы арқылы фильтрлеу
а); бүрмелі фильтр; б) фильтр қағазының және воронканың дұрыс
орналасуы; в) олардың дұрыс емес орналасуы.
Фильтр мен воронка флаконның мойнына немесе фильтрлеуге арналған
штативтің сақинасына орналастырылады (сурет 30).
Сурет 30.
Воронка және штатив арқылы (а), түрлі саптамалар (б, в)
Достарыңызбен бөлісу: