Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрліп қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет4/4
Дата08.07.2016
өлшемі434.5 Kb.
#184677
1   2   3   4

Патогенезі. Маса шаққанда вирустар ағзаға еніп, ЖМФ клеткаларында көбейеді. 5-15 күннен кейін вирусемия басталып, 3-5 күнге созылады. Кейіннен вирустар әртүрлі органдар мен тіндерде бүйрек, бауыр, миокард, мида тұрақталып, дегенеративті өзгерістерге әкеледі, эндотелийдың ісінуі, капилляр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы, геморрагия. Дегенеративті өзгерістер, тамырлық бұзылыстар геморрагиялық шок генезінде жетекші әсіресе, аурудың геморрагиялық формасында ішкі органдардың вирустың қайтадан қанға өтуі, екіншілік қызба толқынды.

Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 5 күннен 15 күнге дейін, Денге қызбасының классикалық және геморрагиялық формасын ажыратады. Бас ауруы, миалгия, артралгия, орбитальды ауырсыну түрінде. Ауру жиі жедел, кенет температураның жоғарлауымен 40-41 градуске дейін басталып, 3-4 күнге сақталады. 1-4 күннен кейін дене температурасының көтерілуі 2-3 күнге созылады. Дене температурасының көтерілуі қарқынды бас ауру мен, қалтырау, көз алмасын басқанда аурсынумен, анорексия, жүрек айну және жиі құсумен және буындар мен бұлшық ет ауырсынунан науқастар созылып жатады, ал жүргенде тізе буындарын бүкпей жүрумен (жираф, щегольдың жүрісіне ұқсайды) сипатталады. Обьективті ашық гиперемия «алаулаған», склера және конъюнктива тамырларының инъекциясы, фотофобия, гиперемия барлық денеге таралуы мүмкін. Науқастардың 70 пайызы аяқ-қолдың бүгетін сыртқы бетінде, әсіресе тізе, шынтақ буынында ұсақ бөртпе, көкірек құрсақ, бет терісіне таралатын ұсақ папуллезді немесе скарлатина тәрізді экзантема байқалады. Бөртпе жабысып, жиі петехия дамиды. Бөртпенің қайта керу дамуы, температура түскеннен кейін, қышу және қабыршақтанумен жүреді. Брадикардия, гепатомегалия, лимфоаденопатия байқалады. Қанда: басында лейкоцитоз нейтрофиллезбен, 3-4 күнде лейкоциттер төмендеп, лимфоциттер жоғарлайды.

Асқынуы. миелит, полиневрит, энцефалит, психоз, латентті инфекцияның активациясы, летальдығы 0,1-0,5 пайыз.

Болжамы. жиі жағымды.

Диагнозы. Диагностика эпидемиологиялық (эндемиялық ауданда болу, маса шағу), клиникалық көріністері (жедел басталуы, продром, екі фазалы –қызба; лимфааденит, экзантема, «алаулаған бет» симптомы, «щеголь», «франт» жүрісі), зертханалық (лейкопения, вирус верификациясы қаннан бөлінген, серологиялық реакциялар - ҚБР, ГАТР, НР жұп сары суда) мәліметтерге негізделген. Дифференциальды диагностика тұмау, малярия, мононуклеоз инфекциясы, қызылша, басқада арбовирусты инфекциялармен жүргізеді.

Емі. Антивирусты дәрілердің әсері белгісіз. Жеңілдетілген диета, жедел кезеңінде төсек режимі, патогенетикалық, симптоматикалық диета. Ауыр формасында шокқа қарсы комплекс шаралар.

Алдын алуы. Инфекция ошағында масамен күрес, репеллент, қорғағыш тор көмегімен. Вакцина қабылдау.
Геморрагиялық қызба - әр түрлі жолдармен жұғатын әмбебапты капилляротоксикозбен, геморрагиялық синдроммен сипатталатын қызба, жалпы интоксикациямен жүретін, табиғи-ошақты зоонозды жедел вирусты инфекциялар тобы. Соңғы 10 жылда кейбір Африканың экваторлы мемлекеттерінде «жаңа» вирусты инфекциялық Марбург, Эбол геморрагиялық қызбалардың 40-90% жағдайда өлімге әкелген өршуі болған.

Геморрагиялық қызбаларды қабылдауы өте жоғары, ал олардың халықаралық миграцияда эндемиялық емес аймаққа әкелінуі мүмкін.


Сары қызба (СҚ) - синонимдері Аморильды қызба, аморильды сүзек, омариллез СҚ- аса қауіпті инфекцияға жатады жедел вирусты трансмиссивті ауру негізінен жедел басталумен, екі фазалы қызбамен интоксикациямен, сарғаюмен, гепаторенальды жеткіліксіздігімен сипатталады.

Этиология. Қоздырғышы флабивирус тұқымдастығына флабовирус туыстығына жататын РНҚ-геномды вирус. Денге қызбасы және жапондық энцефалит вирусына антигендік құрылымы жағынан ұқсас боп келеді. Тінді ортада және тауық эмбрионында өсіп өнеді. Ұзақ уақыт мұздатылған күйде ұзақ сақталады, құрғатқанда 60 градус температурада 10 минут залалсызданды, УКС - әсерінен және хлорлы дәрі әсерінен 10 минутта өледі. Вирус маймылдарға, ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына патогенді.

Эпидемиологиясы. Жиі тропикалық елдерде кездесетін табиғи-ошақты ауру, бірақ ауруды тасымалдайтын масалар кездесетін жерлерде де болуы мүмкін. Табиғи ошақтағы резервуары және инфекция көзі - маймылдар, кеміргіштер, қалталылар,кірпілер т.б. болуы мүмкін, антропургиялық ошақтарда - вирусемия кезіндегі науқас адам. Соңғы жылдары СҚ қалалық ауру болып барады, берілу тізбегі «адам-маса-адам». Инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты. Өлім 5%.

Патогенезі. Маса шаққаннан кейін қанға түсіп МФЖ барады да клеткаға енеді. 3-10 күнде репликацияланады (жасырын кезеңі). Онда көбейіп қайта қанға түсіп вирусемия тудырады. Барлық организмге жайылуы олардың бауыр, бүйрек, көк бауыр, сүйек миы, миокард, бас миы т.б. клеткаларына енуін қамтамасыз етеді. Төмен қарай дистрофиялық, некробиотикалық, геморрагиялық қабыну өзегерістері дамиды.

Жүрек-тамыр жүйесінде және бас миы периваскурсиярлы кеңістігінде геморрагиялық пайда болады. Гепатоциттерде, миокардта белокты-майлы дистрофиялар дамиды, бүйрек шумақтарының эпителиінде аймақтық некроздану болады.



Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезеңі 3-6 кейде 10 күнге дейін.

Ауру ағымыынң 3 кезеңін ажыратады: гиперемия кезеңі қысқа уақытта ремиссия кезеңі, венозды іркілу кезеңі.

Гиперемия кезеңі 1-4 күнге созылады жедел басталады, жоғары қызба, бас ауру, миалгия, жүрек айну, құсу, қозу, сандырақпен білінеді. Обьективті: беттеің, мойынның, кеуденің қызаруы, ісінуі, коньюнктивит, склера, тамырларының иньекциясы, «қоян көзі», фотофобия, жасаурау тахи немесе брадикардия, гипотония, ұлғайған ауырсынған бауыр. Қысқа уақытты ремиссия, (1-2 күн) температура төмендейді, науқас жағдайы жақсарады, жазылып кетуі мүмкін.

Венозды іркілу кезеңі: 8-10 күн температура қайтадан жоғарлайды 40-41 градус С–ге дейін интоксикациямен сарғаю үдей түседі. Арқаның қол аяқтың дененің терісі бозарған, көгерген және экзема түріндегі петехаильды бөртпелер болады. Қызыл иектің қанағыштығы қан-аралас құсық, мелена, мұрыннан, жатырдан қан кетеді. Аурудың ауыр ағымында олигурия, анурия, азотурия дамиды. Пульс сирейды, артериялық қож қысыны төмендейды, ИТШ, токсикалық энцефалит, бауыр, бүйрек, жетіспеушілігі туындайды. Өлім – 50%. Жергілікті тұрғындардың эндемиялық аймақтарында жеңіл және абортивті ағымда өтуі мүмкін. Инфекциядан кейінгі иммунитет 6 жылдан артыққа созылады.



Диагностика. Диагнозы клиникалық-эпидемиологиялық, лабораторлық мәліметтер негізінде қойылады. Бастапқы кезеңнің жанама көрсеткіші лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, өршу кезеңінде: лейкоцитоз, үдеген тромбоцитопения, гематокриттің жоғарлауы, калийдың жоғарлауы, гипербилирубинемия, трансаминазаның белсенуі болады. Нақты вирусты анықтау үшін серологиялық (ҚБР, ПИФР, ПГАТР) реакциялары қойылады.

Ажыратпалы диагностикасы – С вирусты гепатитімен, безгек, т.б. геморрагиялық қызбалармен жүргізіледі.



Емі. Ауруханада өткізіледі. Масалар енуінен қорғалған ауруханада емделу керек. Этиотропты емі табылмаған. Реконволесценттердің қан плазмасын қолдану, патогенетикалық емі кешенді түрде шокқа қарсы, дезинтоксикациялық, гемостазды реттейтін дәрілік заттарда қолдану. Үдеген бауыр-бүйрек жетіспеушілігінде айқын азотемияда гемодиализ немесе перитониальды диализ жүргізіледі.

Алдын-алу. Шетелдерден қоздырғышты алып келуді болдырмау, халықаралық медико-санитарлы ережелерді сақтау, масаларды жою. Жеке басты қорғайтын заттарды қолдау. Ошақта арнайы алдын-алу жүргізіледі. Ошақта арнайы алдын-алу жүргізіледі тірі аттенуирлі вакцина 17 Д, сирек «Дакар» вакцинасымен. Егуді жүргізу халықаралық сертификатта белгіленеді. Егілмегендерге 9 күндік карантин тағайындалады, эндемиялық аймақта.
Ласс қызбасы

Ласс қызбасы-зоонозды жедел инфекциялық геморрагиялық қызба негізінен әмбебап капилляротоксикозбен тромбогеморрагиялық синдроммен, тыныс алу мүшелерінің, бауыр бүйректің, миокард зақымдалуымен жүретін ауыр ағымдылығымен сипатталатын ауру. Өлім ИТШ-ға, бүйрек жетіспеушілігімен тромбогеморрагиялық синдромға байланысты.



Этиологиясы. Нигерияда Ласс қаласында ауырған миссионер қанынан қоздырғыш 1969 жылы алғаш анықталды. Arenovirus тұқымдастығына Frenjviridae туыстығына жатады. Пішіні сопақ 70-150 мм липидті қабаттан РНҚ-дан тұратын вирус. Жасыл маймылдың бүйрегінде өсіп өнеді. Ақтышқандарға теңіз шошқасына, маймылдарға патогенді. Қоршаған ортаға вирус төзімді. Биологиялық орталарда (қан, ликвор, сілекей т.б.) инфекциондығы ұзақ уақыт сақталады. Эфир және хлороформға вирус сезімтал.

Эпидемиология. Табиғи ошақты ауру. Аса қауыпты инфекцияға жатады. 1970 жылы Ласс қызбасының эпидемиялық таралуы болып, 28 адам ауырған, 50% өлген. Африканың көптеген елдерінде циркуляцияланғаны анықталды олар Нигерия, Либерин, Гвиней, Синегал, Мали, Заирда және т.б. Резервуары – кеміргіштер. Адам ауа-тозаңды, тағаммен, қарым-қатынас жолдармен жұқтырады. Сондықтан адам инфекция көзі ретінде өте қауіпты.

Бұл ауруды қабылдаушылық өте жоғары. Жүкті әйелдердің өлімі 2 есе жоғары.



Патогенезі. Респираторлы ас-қорыту трактісінің шырышы арқылы вирус енуі мүмкін сонымен қатар микрожарақаттардан инфицирленген материалдан немесе парентеральды жолмен жұғады. Вирус қан ағысына түсіп жайылады. Вирустың гемотогенді шашырауы қан тамыр қабырғасын бұзып өткізгіштігін арттырады, гемостаз бұзылысы туындап айқын тромбогеморрагиялық компоненті ДТҚ дамиды. Тамырлардың зақымдалуы қан құйылулар, ішекте, тыныс алу мүшелерінде, бүйректе, жүректе, бас миында олардың функциясын бұзумен жүреді. Көп мөлшерде құсу мен іш өтуден артериялық қан көлемі азайып гиповолемиялық шок дамиды.

Жедел бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Ласса қызбасымен ауырған адамның қансарысуында арнайы антидене анықталады. Әйтседе ауырғаннан кейінгі қалыптасатын иммунитет ұзақтығы белгісіз.



Клиникалық көрінісі. Жасырын кезеңі 3 күннен 17 күнге дейін. Ауру бірден жедел, сирек біртіндеп басталады. Бастапқы кезеңі 3-17 күн, біртіндеп температураның көтерілуімен, қалтырау, тәбетінің төмендеуі, миалгия, астения мен білінеді. Ауыр жағдайда ауру жедел басталып температура құрт 39-40 градус жоғарлайды. Науқаста қатты қалтырау, бас ауру, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу диарея болады. Бел кеуде бөлімінде ауырсыну сезімі пайда болады, жөтелгенде күшейеді. Жайылған лимфоаденопатия ерте анықталады, әсіресе мойын аймағында. Бет мойын қызаруы, коньюнктивит, жас ағу, ауыз қуысы, таңдай ісінген, борпылдаған. ЖҚТЖ жағынан брадикардия, гипотония. Өршу кезеңі 2-3–ші апта науқас жағдайы нашарлайды инфекциялы токсикалы шок дамуы мүмкін. Гипертермия, интоксикация, гиперемия үдейді шырышты қабат борпылдақ ісігі-жараға айналады. Жаралы-некротикалық элементтер бірігіп, фибринозды дифтерия қабығына ұқсайды. Аяқ-қолда, денеде макула-папулезді петехиальды бөртпе, тері астына қан құйылу болады. Бөртпе қызылша сияқты болады. Жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы күшейіп сұйық немесе мелена болады. Кеудеде ауырсыну күшейіп қан аралас асцит дамиды. Жедел бауыр жетіспеушілігі болады. Кеудеде ауырсыну күшейіп, қан аралас қақырық болады. Перкуторлы дыбыс қысқарып, сырыл шу анықталады. Пневмония, минингеальды белгілер, мұрыннан, ішектен, жатырдан қан кетеді 30-50% жағдайда.

Диагностикасы. Клинико-эпидемиологиялық, лабораториялық мәліметтерге негізделеді.

Жанама көрсеткіштері: лейкопения, лейкоцитоз, нейтрофильді солға жылжу, протромбиннің төмендеуі, гематокриттің жоғарлауы, ӘТЖ жоғарлайды. Бүйрек жетіспеушілігінде қанда креатинин, мочевина көбейеді. Зәрде эритроциттер, цилиндрлер, белок. Нақты көрсеткіштері: қанда, зәрде, құсықта, плевра сүйықтығында вирусты анықтау ҚБР, ПИФР, НР зерттеу әдісі арқылы антиденелерді табу.

Ажыратпалы диагностика іш сүзегі, стрептококкты баспа, дифтерия, безгек, сары қызба, қызамық, герпангина.

Емі. Науқас міндетті түрде оқшауланып стационарда емделуі керек. Төсек режимі, симптоматикалы жалпы нығайтушы дәрілермен, ыстықты түсіретін, седативті дәрілік заттармен тұзды ертінділермен емдеу. Капилляр өткізгіштігі жоғарылап өкпе ісігінде, гидроторокс, жүрек жетіспеушілігінде коллоидты ертінділерді енгіземіз, диуретиктер, гликозидтер реконволесцент плазмасын, интерферон, рибаверин қолданамыз.

Алдын-алу. Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алу үшін науқастарды бокста оқшаулаймыз. Медициналық қызметкер арнайы қорғаушы киімдерді киіп парентаралды ем-шара жүргізгенде сақтық ережелерін сақтауы керек. Зертханада каратинді режим. Ауруды анықтау, күмәнді адамдарды бақылау жүргізіледі. Науқастар стационарда 1 айдан кем болмайды. Зәрді вирусологиялық зерттеу теріс болғанда шығарады.
Жапон энцефалиті

Синоним: Жапондық маса энцефалиті. Жапон энцефалиті (encephalitis japonica) – жалпы токсикалық синдроммен және өте ауыр менингоэнцефалитпен жүретін, летальдығы жоғарғы, табиғи ошақты трансмиссивтік жедел вирусты ауру.

Жапон энцефалиті Оңтүстік Приморьеде, Қиыр Шығыста, Жапонияда, Қытайдың шығысында, Индияда, Кореяда және т.б. жерлерде кездеседі. Қоздырушысы РНК бар, көлемі 15-50 нм, термолабильді вирустарға жатады. Қыздырғанда 56 с-та 30 минуттан кейін, қайнатқанда 2 минуттан кейін инфекциялық қасиетін жояды. Лиофилизацияланған күйінде вирус өте төзімді. Сан-Луи және Нилдың батысымда кездесетін энцефалит вирустарымен антигендік туыстығы бар. Вирусқа маймылдар, ақ тышқандар, саршұнақтар, сұр тышқандар, кейбір үй жануарлары, құстар сезімтал. Олар вирус сақтаушы, ауру көзі болып саналады.



Эпидемиологиясы. Ауру жұғу жолы – трансмиссивтік, масалар шағуымен жұғады. Әртүрлі масаларда трансовариальды вирус тасымалдау болуы мүмкін.

Табиғи және антропоургиялы инфекция ошақтары болып бөлінеді. Табиғи ошағында вирус резервуары болатындар кемірушілер, кұстар және әртүрлі (иксод, гамаз қызыл денелі) кенелер болуы мүмкін.

Антропоургиялық ошақта (ауылдық, қалалық) эпидемиялық тізбекке үй малдары (шошқа, қой, жылқы, сиыр, үй құсы) және адамдар қосылады. Жапон энцефалиті көбінесе тамыз-қыркүйек айларына көбейіп, эпидемиялық ауыры 40-50 күнге созылады. Ауылдық жерде, су маңында жұмыс істейтін еркектер жиі ауырады. Эндемиялық ошақта тұрақты адамдардың ішінен осы инфекцияның тұрақты иммунитеті қалыптасқан латентті түрі жиі анықталады.

Патогенезі. Вирустар маса шаққан жерден қан айналымы арқылы организмнің барлық жүйесіне және органдарына тарайды да, микрокапиллярлардың эндотелийлерін зақымдап миокардта, бүйректе, бауырда, асқорыту жолында және басқаларда серозды геморрагиялы интерстициальдық ісіну дамытады. Вирустың нейротроптысы салдарынан, сол сияқты иммунопатологиялық реакцияның әсерінен қатты морфофункциональдық өзгерістер жоғарғы нерв жүйесінде анықталады. Бас миы мен оның қабықтарының ақ және сұр заттарында ісік, геморрагиялар, периваскулярлық инфильтраттар құрылады. Мишықта, маңдай бөліктерінде, қору төмпешіктерінде, базальды ядролар аймағында некрозды ошақтар және циркуляторлы бұзылу пайда болады. Жұлындағы өзгерістер жеңілдеу.

Клиникалық көрінісі. Инкубация кезеңі 5-тен 21 күнге дейін созылады, орта есеппен 8-14 күн. Ауру барысында:


  1. Басталу.

  2. Қызу.

  3. Сауығу кезеңдеріне бөлінеді.

Басталу кезеңі 3-4 күнге созылады. Жедел кенеттен дене қызуы 39-41 С-қа көтеріледі, осы деңгейде 6-10 күндей тұрады. Температурамен бірге қалтырау, бас ауыруы (әсіресе маңдай), белі, іші, аяқ-қолы ауырады, лоқсып құсады. Беті, көзі, мойны, кеуденің жоғарғы жағы қызарады. Қатты терлеуде байқалады.

Гипоталамус обласы қызметі бұзылуынан жүрек соғуы жиіленеді, пульс 120-140 минутына, артериялық қысым көтеріледі, шеткі капиллярлар өте тарылады.

Бұлшықет және нерв сабақтары ауырып, желке бұлшықетінің және жалпы бұлшықеттің тонусының жоғарылағаны, көз қозғалтатын бұлшықеттің қызметінің бұзылғаны анықталады.

Аурудың қызған кезі 3-4 күннен басталып, мидың ошақты зақымдалған симптомы әрі қарай дамиды: менингеальдық синдром күшейіп, естен тануы комаға дейін тежеледі.

Сауығу кезеңінде астениялық көріністер, интеллекттің төмендеуі, парез, салданулар, гиперкинездер сияқты қалдықтары анықталады.

Диагностикасы. Диагноз вирусты қаннан немесе ликвордан және өлген кісінің миынан бөліп алумен (лабораториялық жануарларды), сол сияқты серологиялық реакциялармен (ҚБР, РТГА, НР, ПИФР) қойылады.

Емдеуі. Ауруларға спецификалық және патогенетикалық емдеу өткізіледі. Спецификалық емдеу үшін аурудың бас кезінде иммуноглобулин (3-6 мл күніне 3 рет), немесе реконвалесценттердің қан сары суын (20-30 мл-ден), сол сияқты гипериммунды жылқы сары суын (15-20 мл бұлшықетке немесе көк тамырға) аурудың 5-7 күндері пайдаланады.

Патогенетикалық терапияға дезинтоксикациялық, зәр жүргізетін, глюкокортикостероидтер, тыныштандыратын және құрысуды басатын дәрілерді қолдану жатады.



Тесттік тапсырмалар

1. Флеботомды қызбаға тән симптомы

А). Фаже

Б). Мурсу

В). Ларрей

Г). Эриксен

Д). Пик

2. Флеботомды қызбаның қоздырғышы



А). флебовирус

Б). тагавирус

В). энтеровирус

Г). буньявирус

Д). ретровирус

3. Флеботомды қызба синонимі

А). Паппатачи

Б). Ласса

В). Марбург

Г). Кедани

Д). Цуцугамуши

4. Флеботомды қызбаның маусымдылығы

А). қыркүйек-қазан

Б). желтоқсан-қаңтар

В). ақпан-наурыз

Г). мамыр-маусым

Д). болмайды

5. Флеботомды қызба қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы

А). бас биті

Б). шіркейлер

В). кенелер

Г). көйлек биті

Д). москиттер

6. Флеботомды қызба инфекциясының берілу жолы

А). фекальды-оральды

Б). жыныстық жолмен

В). трансмиссивті

Г). вертикальді

Д). дұрыс жауабы жоқ

7. Флеботомды қызбадағы негізгі өзгерістер өтеді

А). ұсақ қан тамырларда, көлденең жолақты бұлшықеттерде, нерв жүйесінде

Б). АІT және жүрек – тамыр жүйесінде

В). ірі қан тамырлары және тыныс алу жүйесі

Г). АІT және ОЖЖ–да

Д). барлық аталғандарда

8. Флеботомды қызбаның клиникалық көрінісіне жатады

А). температураның 39 – 40°С–қа дейін жоғарылауы

Б). интенсивті бас ауыруы

В). бел және бұлшықеттерінің ауырсынуы

Г). көз алмасының, көз шараның ауырсынуы

Д). аталғандардың барлығы

9. Флеботомды қызбаның синонимі

А). марсель қызбасы

Б). 7 күндік қызба

В). безеулі қызба

Г). буындық қызба

Д). москиттік қызба

10. Флеботомды қызбаның қоздырғышы

А). флебовирус

Б). тагавирус

В). энтеровирус

Г). буньявирус

Д). ретровирус

11. Флеботомды қызбада инфекция көзі болып табылады

А). науқас адам

Б). бактерия тасымалдаушы

В). тышқан тәріздес

Г). кеміргіштер

Д). әртүрлі биттер

12. Флеботомды қызба синонимі емес

А). Паппатачи

Б). Ласса

В). Марбург

Г). Кедани

Д). Цуцугамуши

13. Флеботомды қызбаға мынадан басқа барлық симптомдар тән

А). қысқа уақытты қызба

Б). миалгия

В). коньюнктивит

Г). қызылша тәріздес бөртпе

Д). сарғаю

14. Стронгилоидоз қоздырғышы қай классқа жатады

А). цестоздар

Б). нематоздар

В). филяриидоздар

Г). микоздар

Д). шистоматоздар

15. Стронгилоидоз ішек гельминттер тобына және келесі аурулар қатарына жатады

А). иерсиниоз, местериоз, трихинеллез

Б). амебиаз, бруцеллез, аскарид

В). антикилостомидоз, трихинеллез, метагониоз

Г). эхинококкоз, лептоспироз, трихоцефалез

Д). ешқайсысы емес

16. Стронгилоидоз мына топқа жатады

А). геогельминтоз

Б). биогельминтоз

В). жанаспалы гельминтоздар

Г). көрсетілген топтардың ешқайсына жатпайды

Д). барлық жауап дұрыс емес

17. Стронгилоидоз қоздырғышы көбейеді

А). екіге бөліну арқылы

Б). біршіктенумен

В). жұмыртқа салуымен

Г). туу арқылы

Д). барлық жауап дұрыс емес

18. Стронгилоидоздың адамға инвазиялық түрі

А). филяриодтар

Б). рабдитоздар

В). екі түрі

Г). плероцеркондтар

Д). барлық жауап дұрыс емес

19. Стронгилоидозда инфекция көзі

А). мысық

Б). адам


В). ірі қара мал

Г). ит


Д). тағы аңдар

20. Дракункулез синонимі

А). стронгилоидоз

Б). анкилостомидоз

В). ришта

Г). лейшманиоз

Д). филяриидоз

21. Дракункулез қоздырғышы

А). сорғыштар

Б). жалпақ

В). нематодтар

Г). филяриидтар

Д). қарапайымдылар

22. Дракункулездің дефинитивтік қожайыны:

А). массалар

Б). москиттер

В). адам

Г). аю


Д). мысық

23. Дракункулездің аралық қожайыны:

А). шаян

Б). устрицалар

В). гамбузия

Г). циклоптар

Д). бақалар

24. Дракункулездің кеш фазасының патогенезі

А). капилляротоксикоз

Б). ДВС-синдром

В). токсико-аллергиялық реакция мен қожайынның тініне механикалық әсері

Г). паренхиматозды диссеминация

Д). лимфаға түсу

25. Дракункулездінде тері астынан паразитті жұлып алған кезде болатын асқыну

А). қан кету

Б). шок


В). флегмона, абцесс

Г). ісіну

Д). тыныс тарылу

26. Дракункулездің емі

А). көк тамыр арқылы парентаральды ерітіндіні енгізу

Б). шел қабаты астынан риштары механикалық жолмен біртілдеп стерженьге

орап шығару

В). хирургиялық жолмен

Г). физиоем

Д). лазермен сәулендіру

27. Антропургиялың ошақтағы дранкункулез көзі

А). балық

Б). моллюск

В). адам


Г). ит

Д). мысық

28. Клонорхозда инфекцияның көзі кім болып табылады

А). адам


Б). кеміргіштер

В). ірі-қара

Г). құстар

Д). бактерия тасмалдаушылар

29. Клонорхоздың негізі берілу жалын көрсетіңіз

А). трансмиссивті

Б). парентеральді

В). алиментарлы

Г). жыныстық

Д). ауа-тамшылы

30. Клонорхоздың қөздырғышы болып табылады

А). бауыр сорғыш

Б). Қытай сорғышы

В). өкпе сорғыш

Г). власоглав

Д). острицалар

31. Филяриидоздың массивті инвазиясының емі кезінде мүмкін болатын асқыну

А). тыныс алу жетіспеушілігі

Б). агранулоцитоз

В). анафилактикалық шок

Г). жедел бүйрек жетіспеушілігі

Д). жедел бауыр жетіспеушілігі

32. Онхоцеркоз сурамен емі кезінде болатын қосымша реакциялар

А). тері бөртпелерінің күшеюі

Б). Диарея

В). жүрек айну, құсу

Г). энцефалиттік реакция

Д). агранулоцитоз

33. Вухерериоз ауруының өсуіне қандай факторлар әсер етеді

А). организмнің қарсыласуының төмендеуі

Б). этиотропты препараттардың болмауы

В). оймақтың миграциясы

Г). тасымалдаушыға қарсы күрестің болмауы

Д). жоғарыда аталғандардың барлығы

34. Филяриидоздың алдын-алу шараларына жатады

А). науқастың толық изоляциялау (шектеу)

Б). лайлы аймақтарды құрғату

В). тығыз киімдерді күні бойы киіп жүру

Г). ормандарды құрту

Д). жоғарда аталғандардың барлығы

35. Филяриидоздың алдын-алу шараларына жатпайды

А). репелленттерді қолдану

Б). барлық аймақты дегельминтизациялау

В). лайлы аймақтарды құрғату

Г). есік, терезелерді қымтау

Д). қөрқынышты болдыратын, шараларына жарық отты қолдану

36. Филяриидоздың алдын-алу шараларына жатады

А). аймақты жаппай қоныс аудару

Б). инвазия қөзінің сауықтануы және тасымалдаушыларды жою

В). тұрғын үйлерде жедеткіштер қолдану

Г). алдын-алу вакциналары

Д). жоғарда аталғандардың барлығы

37. Ласса қызбасының негізгі клиникалық симптомы

А). геморрагиялық диатез

Б). фарингит

В). пневмония

Г). миокард инфарктісі

Д). жоғарыда аталғандардың барлығы

38. Ласса қызбасының қөздырғышы жатады

А). энтеровирустарға

Б). аденовирустарға

В). бактерияларға

Г). риккетсияға

Д). қарапайымдыларға

39. Ласса қызбасында инфекция көзі болып табылады

А). көпсорғышты егеуқұйырық

Б). кеміргіштер

В). кене


Г). жүйе

Д). бүрге

40. Ласса қызбасында қай мүше жиі зақымдалады

А). тамырлар

Б). нерв клеткалары

В). бас миы

Г). бауыр

Д). тамырлар

41. Лейшманиоздың негізгі формаларына мынадан басқасының бәрі жатады.

А). үнді


Б). оңтүстік Америка

В). шығыс Африка

Г). антропонозды

Д). жерорта теңізі – орта Азия

42. Висцеральді лейшманиоздың инкубациялық кезеңі

А). 2 күнге дейін

Б). 10 – 12 айға дейін

В). аптаға дейін

Г). 5 жылға дейін

Д). аталғандардың ешқайсысы


43. Лейшманиоздың клиникалық кезеңін 3 кезеңге бөлеміз

А). басталу, толық дамуы, кахексиялық

Б). продромальды, қызған, шешілу

В). продромальды, толық дамыған, шешілу

Г). басталу, қызба, кахексиялық

Д). латентті, булезді, кеш асқыну

44. Висцеральді лейшманиоздың лабароториялық диагностикасы мынаған

негізделген.

А). қан жұғындысынан лейшманияны табу

Б). зәрде лейшманияны табу

В). мұрынның шырышты қабатының жұғындысынан

Г). зақымдалған эпидермистің қабыршағынан

Д). абсцесс немесе лимфа түйіндерінің пунктатынан

45. Лейшманиоздың профилактикасы

А). лейшманий көзі мен тасымалдаушыны залалсыздандыру

Б). аймақта кенеге қарсы өңдеу жүргізу

В). қайнаған суды қолдану

Г). тағам өнімдерін толық өңдеу

Д). барлығы дұрыс

46. Лейшманиоз - бұл

А). тrуpаnosomosis Americana-мен шақырылатын трансмиссивті протозойтты

ауру


Б). жіпшелі тrуpаnosomatidaе қарапайыммен шақырылатын трансмиссивті

ауру


В). Tremotodaе сорғыштар класының паразитті құрттармен шақыратын

гельминтоз

Г). Бруцелл туыстас қоздырғышпен шақырылатын, зоонозды инфекциялы-

аллергиялық ауру

Д). кенелермен берілетін, ОЖЖ-ны зақымдайтын жедел инфекциялық ауру

47. Лейшманиоз қоздырғышының көзі мен разервуары болып табылады, қате жауабын - көрсетіңіз

А). адам

Б). кеміргіштер

В). шибөрілер

Г). иттер

Д). ашық су көздері

48. Лейшманиоздың берілу механизімі

А). аспирационды

Б). трансмиссивті

В). вертикальді

Г). тұрмыстық жанасу

Д). аталғандардың барлығы

49. Лейшманиоз қоздырғышының тасмалдаушысы

А). москиттер

Б). кеміргіштер

В). иксодты кенелер

Г). киім биті

Д). Culex туыстас масалар

50. Висцаральді лейшманиоз қандай түрінде ешқашан, терілік лешманиоз кездеспейді.

А). үнділік

Б). жерорта теңіздік

В). шығыс Африкалық

Г). зоонозды

Д). антропонозды

Жауап эталондары


  1. – Д

  2. – А

  3. – А

  4. – Г

  5. – Д

  6. – В

  7. – А

  8. – Д

  9. – Д

  10. – А

  11. – А

  12. – Д

  13. – Д

  14. – Б

  15. – В

  16. – А

  17. – В

  18. – А

  19. – Б

  20. – В

  21. – В

  22. – В

  23. – Г

  24. – В

  25. – В

  26. – Б

  27. – В

  28. – А

  29. – В

  30. – Б

  31. – В

  32. – А

  33. – А

  34. – Б

  35. – Д

  36. – Б

  37. – Д

  38. – Б

  39. – А

  40. – Г

  41. – Г

  42. – Б

  43. – А

  44. – А

  45. – А

  46. – Б

  47. – Д

  48. – Б

  49. – Б

  50. – Б




ӘДЕБИЕТТЕР




  1. Белозеров Е.С., Шувалова Е.П. Описторхоз. – М.: Медицина, – 1990, -151с.

  2. Барышников Е.Н. Медицинская паразитология. - М.: Москва, 2005. - 144с.

  3. Лобан К.М. Риккетсиозы человека. - СПб: Элби, 2002- 476с.

  4. Сейдулаева Л.Б. Тропические инфекции и инвазии.-Алматы, 2001-210 с.

  5. Сергиева В.П., Лобзин Ю.В., Козлова С.С. Паразитарные болезни человека. – СПб: Фолиант, – 2006. – 402 с.

  6. Шувалова Е.П. Тропические болезни.-М.: Медицина, 2004, – 501 с.

  7. Шувалова Е.П. Инфекционные болезни.-М.: Медицина, 1995. – 495 с.


МАЗМҰНЫ



  1. Алғысөз 4

  2. Тропикалық инфекциялардың географиялық таралуы 4

  3. Трематодоздар:(шистосомоздар, описторхоз,

клонорхоз, фасциолез) 5

  1. Тропикалық немотодоздар:

  • лимфатикалық филяриидоздар (вухерериоз, бругиоз) 14

  • дәнекер тіннің филяриидоздары (лоаоз, онхоцеркоз,

  • дракункулез) 17

  1. Лейшманиоздар 23

  2. Тропикалық елдердегі безгек (малярия) 28

  3. Трипаносомоздар (африкалық, америкалық) 31

  4. Тропикалық риккетсиоздар (таулы жердегі дақты қызба, Марсель

қызбасы, Цуцугамуши) 36

  1. Тропикалық спирохетоздар 39

  2. Тропикалық арбовирусты инфекциялар 42

  3. Тесттік тапсырмалар 55

  4. Әдебиеттер 67

ҚММА – баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 40

Көлемі 4.3 баспа табақ



100 дана



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет