Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы


) төтенше жағдайларда ұшуда іс-қимылдардың тиісті ерекше тәртібін сақтай отырып, ұшуды жалғастыруы және мұндай жағдайларда әуе кемесінің экипажы іс-қимылдарының белгіленген тәртібіне сәйкес әрекет ет



бет4/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.45 Mb.
#128339
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2) төтенше жағдайларда ұшуда іс-қимылдардың тиісті ерекше тәртібін сақтай отырып, ұшуды жалғастыруы және мұндай жағдайларда әуе кемесінің экипажы іс-қимылдарының белгіленген тәртібіне сәйкес әрекет етуі керек.


306. ӘК авариялық жағдайда тұрғаны туралы хабарлау үшін (егер ол ВОРЛ қабылдағыш-жауап бергішімен жабдықталса) «А» режиміндегі мынадай арнайы кодтар пайдаланылады:

1) «7700» коды – ӘК елеулі тікелей қауіпке ұшырайтынын және экипажға жедел жәрдем талап етілетіндігін көрсетеді;

2) «7600» коды - радиобайланыстың жоғалғандығын көрсетеді;

3) «7500» коды - ӘК заңсыз араласу объектісі болып табылатынын көрсетеді.

307. Авариялық жағдай орын алған жағдайда ӘКК егер бұдан бұрын ӘҚҚ (ӘҚБ) органы басқа белгілі бір кодты пайдалану туралы нұсқау бермесе, қабылдағыш-жауап бергіште А режимінің «7700» кодын белгілейді. Бұл жағдайда ӘКК осы белгілі бір кодты ӘҚҚ (ӘҚБ) органынан басқа нұсқаулар алғанға дейін пайдаланады. ӘКК А режимінің «7700» кодын бұл іс-қимылдардың ең жақсы түрі болып табылады деп есептегенде негіздер болған жағдайларда таңдайды.

308. Егер ұшудағы ӘК заңсыз араласу объектісі болса ӘКК егер жағдай 7700 кодын пайдалануға мүмкіндік бермесе, жағдай туралы хабарлау үшін қабылдағыш-жауап бергіште А режимінің «7500» кодын белгілеу үшін барлық ықтимал әрекеттерді жасайды.

309. Егер экипаж А режимінің «7500» кодын таңдап жәнеоның салдарынан ӘҚҚ (ӘҚБ) органы оған бұл кодты растауға нұсқау берсе, ол жағдайға байланысты не кодты растайды, не мүлдем жауап бермейді.

ӘК экипажынан жауаптың болмауы ӘҚҚ (ӘҚБ) органы үшін «7500» кодын пайдалану кездейсоқ емес екендігін растайды.



Диспетчерлік қызмет көрсетуді және әуе кемелерін

эшелондау тәртібі

Әуе кеңістігін сыныптау

310. Әуе кеңістігін сыныптау әуе қозғалысында қызмет көрсету түріне, Ұшу қағидаларына (АҰҚ. ВҰҚ), ұшуға диспетчерлік рұқсаттың болу қажеттілігіне, әуе кемелерін өз араларында эшелондау, радиобайланысты енгізу бойынша талаптар, әуе кемелерінің ұшу жылдамдығы бойынша шектеулерге және тиісті метеорологиялық шарттарға байланысты жасалады.

311. ӘҚҚ әуе кеңістігі сыныпталады және мынадай түрде белгіленеді:

1) А класы. АҰҚ бойынша ұшуларға ғана рұқсат беріледі. Барлық әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетіліп, эшелондауға жатады;

2) В класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға ғана рұқсат беріледі. Барлық әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетіліп, эшелондауға жатады;

3) С класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі.. Барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетуге жатады АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын өзге әуе кемелеріне қатысты эшелондауға жатады. ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемлері АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелеріне қатысты эшелондауға жатады және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне жатады.

4) D класы. АҰҚ бойынша орындалған ұшулар АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға орындаған басқа да әуе кемелеріне қатысты эшелондап орналастырады. ВҰҚ бойынша ұшуларды орындаған әуе кемелер АҰҚ бойынша ұшуларды орындаған әуе кемелермен салыстырғанда эшелондап орналастырылады. ВҰҚ бойынша ұшуларды орындаған әуе кемелер басқа да әуе кемелердің қозғалысына қатысты барлық ақпаратты алады.

5) Е класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі. АҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетуге жатады және АҰҚ бойынша орындайтын әуе кемелеріне қатысты диспетчерлік қызмет көрсетуге жатады.

6) F класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын барлық әуе кемелеріне әуе қозғалысының қызмет көрсету ұсынылады және барлық әуе кемелердің сұратулары бойынша барлық әуе кемелеріне ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ұсынылады.

7) G класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі және сұрату бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ұсынылады.

312. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі мынадай тәртіпте жіктеледі:

1) 6100 м биіктіктен және одан асатын жоғары әуе кеңістігі және одан жоғары А класына жатады;

2) ӘҚҚ аудандары шекарасы шегінде төменгі әуе кеңістігі С класына жатады. Жер бетіне дейін биіктігі 6100 м эшелоннан бастап төменгі әуе кеңістігі және 1200 м эшелонға дейін төмен С класына жатады.

3) диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған әуеайлақтарының төменгі әуе кеңістігі С класына жатады;

4) диспетчерлік қызмет ұйымдастырылмаған төменгі әуе кеңістігі G класына жатады.

313. G класының әуе кеңістігі бақыланбайтын әуе кеңістігі болып табылады және бақыланатын әуе кеңістігі шекарасынан 300 м төмен орнатылады.

Бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлік рұқсат талап етілмейді. Ұшуларды бақыланбайтын әуе кеңістігінде орындау кезінде радиомен хабарланатын хабарлар азаматтық авиация саласында ОВЧ диапазон жиілігінде уәкілетті орган бекіткен әуе кемелері іске асырады және қозғалыс туралы (ТІВА) ақпарат, жеткізулер және жақын маңда орналасқан басқа әуе кемелері пилоттарын мәлімдеу үшін консультативтік сипаттамасы бар тиісті қосымша ақпарат беру үшін тағайындалған. Тиісті органдарға іздестіру мен құтқару үшін хабарландыруды ұйымдастыру ӘК (ұшу аппараты) пайдаланушыға (иегеріне) жүктеледі.

314. Бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшуды ұйымдастыру, жоспарлау және орындау мәселелеріне қатысты әуе кемелерінің пайдаланушыларына (иегеріне) ұсынылатын талаптар осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.

315. Қазақстан Республикасының әуе кемелерінің белгіленген кластар шекаралары аэронавигация ақпараттың құжаттарында жарияланады.


Әуе кеңістігін ұйымдастыру
316. Әуе кемелерінің ұшуларын орындаудың және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етудің белгілі бір тәртібін орнату мақсатында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі тігінен жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.

317. Жоғары және төменгі әуе кеңістігі арасындағы шекара 760мм.рт.ст. (1013,25мбр/гПа.) атмосфералық қысымына сай келетін деңгейден 6100м биіктікте бекітіледі. Жеке жағдайларда жергілікті жағдайға байланысты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары және төменгі әуе кеңістігі арасындағы шекара басқа биіктікте орнатылады.

318. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарын, әуеайлақтар және әуетораптар аудандары, әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, әуе кемелерінің ұшуы үшін бағыттар мен арнайы аймақтар, бақыланбайтын әуе кеңістігі аудандары тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына арналған шектеу аймақтары және өзінің жиынтығында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің құрылымын құрайтын, әуе кеңістігінде қызметін жүзеге асыру үшін орнатылатын, басқа арнайы элементтер белгіленеді.

319. Жақын орналасқан әуеайлақтар оларда ұшуды үйлестіру мақсатында әуе тораптарына тез біріктіріледі.

320. Әуеайлақтар (әуе тораптар) ауданында SID– аспаптары бойынша ұшып көтерілудің стандартты бағытын, STAR (ағылшын тілінен қысқартылған аббревиатура STAR) – аспаптары бойынша келудің стандартты бағыттары немесе кіру және шығудың әуе дәліздері, сондай-ақ ұшып көтерілу және қону аймағы, күту және басқа аймақтар белгіленеді.

321. Әрбір әуеайлақ үшін көтеріліп ұшу және қону аймағы осы әуеайлақты ұшуды орындайтын әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамасын ескере отырып белгіленеді және өзінің барлық өлшемдері бойынша ұшып көтерілгеннен кейін жоғары биіктігін жинақтау үшін және қонуға отыру кезінде төмендеу үшін белгіленген маневрлерді қауіпсіз орындау маңыздылығын қамтамасыз етеді.

Ұшып көтерілу және қону аймағының жоғары шекарасы күту аймағының екінші эшелондарының биіктігінде орнатылады.

ӘҚҚ аудандарының және әуеайлақтар (әуе тораптар) ауданының әуе кеңістігіне қажет жағдайда жоспардағыдай да, биіктік бойынша да секторларға (бағыттарға) бөлінеді.



Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

322. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін азаматтық авиация саласындағы Заң талаптарына және Әуе кеңістігін пайдалануц қағидаларына сәйкес уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының аэронавигациясының құжаттарында жарияланады.

323. Шектес мемлекеттермен шекараласатын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру ӘҚҚ шекара маңы органдарының өзара іс-қимылдың келісімді рәсімдері негізінде жүзеге асырылады.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері

324. Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің мынадай түрлері бар:

1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету, яғни бақыланатын әуе кеңістігінде мына мақсаттарда ұсынылатын қызмет көрсету:

әуе кемелері арасындағы және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болдырмау;

әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу;

2) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, оның мақсаты ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, кеңестер мен ақпарат беру болып табылады;

3) іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету болып табылатын авариялық хабардар ету.

325. Авариялық хабардар етумен мыналар қамтамасыз етіледі:

1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әуе кемелері;

2) апатқа ұшыраған, олар туралы әуе қозғалысына қызмет көрсету органына белгілі болған басқа әуе кемелері;

3) оларға қатысты, олар заңсыз араласу объектісі болып табылатыны мәлім немесе болжанатын әуе кемелері.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары (пункттер)

326. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету белгіленген жауапкершілік аймаққа байланысты мынадай түрде бөлінеді:

1) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;

2) жақындаған жерде диспетчерлік қызмет көрсету;

3) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету.

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді ӘҚҚ органдары қамтамасыз етеді, оларға мыналар жатады:

1) аудандық диспетчерлік орталық (пункт);

2) әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті).

ӘҚҚ үшін мынадай диспетчерлік пункттер ұйымдастырылады:

1) брифинг диспетчерлік пункті;

2) рульдеу диспетчерлік пункті (РДП);

3) бастапқы диспетчерлік пункт (БДП);

4) мұнара диспетчерлік пункті (МДП);

5) шеңбер диспетчерлік пункті (ШДП);

6) жақындаған жердің диспетчерлік пункті (ҚДП);

7) жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП);

8) аудандық диспетчерлік пункт (АДП).

Ұшудың аз қарқындылығы кезінде әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункттерін (РДП, БДП, МДП, ШДП, ҚДП, МДП,АДП) бірыңғай диспетчерлік пунктіне толық немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты біріктіруді жүзеге асыруға рұқсат беріледі.

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді белгіленген жауапкершілік аймағы шегінде АДО (ӘҚАБ) диспетчері жүзеге асырады.

Жақындаған жердегі диспетчерлік қызмет көрсетуді белгіленген жауапкершілік аймағы шегінде ҚДП диспетчері қамтамасыз етеді.

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді белгіленген жауапкершілік аймағы шегінде әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті қамтамасыз етеді.

ҚДП, ЖДП диспетчерлік пункттері өздерінің жауапты аймақтарымен әуе кеңістігінің құрылымына байланысты АДО (ӘҚАБ) немесе ӘДО (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті) құрамына кіруі мүмкін.

Ұшу ақпарат орталықтары ұшу ақпаратының аудандары шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді және авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету үшін құрылады, егер ұшу ақпаратының ауданы шегінде осындай қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік осындай жауапкершілікпен байланысты функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдары бар ӘҚҚ органына жүктеледі. Ұшу ақпарат орталығы функциясының бөлігі басқа ӘҚҚ (ӘҚБ) органына немесе аэроклубқа жүктелуі мүмкін.

327. Бірлескен орнықтыландыру әуеайлақтарында ӘҚҚ-ны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясының бірлескен орнықтыландыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

328. ӘҚҚ органы арасындағы әуе қозғалысына қызмет көрсетудің қабылдау-беру шектері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекіткен Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес белгіленеді.

Әуе кемелерін басқару

329. Әуе қозғалысын басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

330. ӘҚБ органдары ӘҚБ орталықтарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды басқару пункттеріне бөлінеді.

ӘҚБ орталықтары әуе қозғалысын жоспарлауды және үйлестіруді, әуе кемелерінің қозғалысын тікелей басқаруды, ұшудың белгіленген режимдерін және жауапты аймақтарда әуе кеңістігін пайдалану тәртібін сақтауды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға уақытша режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді енгізуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік авиацияның ұшуды басқару пункттері арнайы жауапты аймақтарда жерде және ауада әуе кемелерін тікелей басқаруды жүзеге асырады.



331. Ерекше жағдайларда әуе қозғалысын және ӘҚБ органдарының қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, тікелей басқару тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында және Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықта белгіленген.

Бақыланатын әуе кеңістігінде тік, көлденең



және бүйірге қарай эшелондау ережелері

332. АҰҚ бойынша ұшу кезінде мынадай тігінен эшелондаудың ең аз аралықтары қолданылады:

1) 8850м (FL290) - 300м (1000 фут) төмен ұшу эшелонында;

2) 8850м (FL290) және 12500м (FL410) ұшу эшелондары арасында:

300м (1000 фут) – RVSM бар ұшуға рұқсат берілген ӘК арасында;

600м (2000 фут):

RVSM бар ұшуға рұқсат берілмеген мемлекеттік ӘК және RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын басқа да ӘК арасында;

RVSM әуе кеңістігіндегі топ құрамында ұшуды орындайтын барлық мемлекеттік ӘК мен басқа ӘК арасында;

RVSM өтудің әуе кеңістігі, RVSM бар ұшуға рұқсат берілмеген ӘК және басқа да ӘК арасында;

Екі ӘК RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындаса, істен шыққан радиобайланыспен ұшуды орындайтын ӘК және кез келген басқа да ӘК арасында;

3) 12500м (FL 410) - 600м (2000 фут) жоғары ұшу эшелондарында.

333. Төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде төменгі эшелон мен ұшу биіктігі арасындағы тік аралық кемінде 300м белгіленеді.

Төменгі эшелоннан төмен биіктіктерде 300 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен Көзбен шолып ұшу ережелері бойынша әуе кемелеріндегі ұшу 150 м арқылы, сағатына 300 км/сағаттан асатын жылдамдықпен – барлық жағдайда 300м арқылы эшелондалады.

334. Шеңбер бойынша ұшу биіктігі мен күту аймағының төменгі эшелоны арасындағы тігінен болатын қашықтық 300 м кем болмауы тиіс.

335. Әуеайлақ ауданында әуе кемелерінің арасындағы тік ара қашықтық кемінде 300 метрден кем болмауы тиіс. Төменгі эшелоннан төмен Көзбен шолып ұшу ережелері бойынша ұшуды орындайтын А санатты ұшақтар мен тікұшақтар үшін В, С, Д, Е санатты әуе кемелерінің ұшу бағыттарын кесіп өту жерлерінде радилокациялық бақылау және олардың арасындағы көлбеу қашықтық 5 км кем болмаса тігінен болатын арақашықтық кемінде 150 м белгіленеді.

336. Визуалды ұшу қағидалары мен Аспаптар жөніндегі ұшу ережелері бойынша әуе кемелерінің ұшуы үшін бір уақытта сол эшелонды (биіктікті) тағайындауға тыйым салынады.

337. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау жарты шар бойынша жүзеге асырылады:

1) 0-179° (қоса алғанда) дейінгі шынайы жол бұрыштарымен әуе тарссалары, жергілікті әуе желілері және белгіленген бағыттар бойынша мынадай ұшу эшелондары орнатылады: 900 м., 1500 м. (FL50), 2150 м. (FL70), 2750 м. (FL90), 3350 м. (FL110), 3950 м. (FL130), 4550 м. (FL150), 5200 м. (FL170), 5800 м. (FL190), 6400 м. (FL210), 7000 м. (FL230), 7600 м. (FL250), 8250 м. (FL270), 8850 м. (FL290), 9450 м. (FL310), 10050 м. (FL330), 10650 м. (FL350), 11300 м. (FL370), 11900 м. (FL390), 12500 м. (FL410), 13700 м. (FL 450), 14950 м. (FL 490);

2) 180- 359° (қоса алғанда) дейін 1200 м., 1850 м. (FL60), 2450 м. (FL80), 3050 м. (FL100), 3650 м. (FL 120), 4250 м. (FL140), 4900 м. (FL160), 5500 м. (FL180), 6100 м. (FL200), 6700 м. (FL220), 7300 м. (FL240), 7900 м. (FL260), 8550 м. (FL 280), 9150 м. (FL300), 9750 м. (FL320), 10350 м. (FL340), 10950 м. (FL360), 11600 м. (FL380), 12200 м. (FL400), 13100 м. (FL430), 14350 м. (FL 470).

338. ӘҚҰ органы ұшу эшелонын белгілеу бойынша жүзеге асырылады:

1) ауысу эшелонында (төменгі қауіпсіз эшелонда) және эшелонның нөмірінен жоғары (ӘК экипажының сұрау салуы бойынша тиісті ұшу эшелонын метрде белгілейді)

2) ауысу эшелонынан төмен (төменгі қауіпсіз эшелон) – метрде.

339. Ұшудың жалпы бағытының өзгеруіне байланысты маршруттың бұрылу пунктінде эшелонды ауыстыру кезінде жаңа эшелонға ие болу осы Ережемен белгіленген аралықты сақтай отырып, ӘҚҰ немесе ӘҚБ органдарының рұқсаты бойынша көрсетілген міндетті хабарлау пунктіне дейін 20 км ішінде орындалады.

340. Егер трассаның (бағыт) басым учаскелерінің берілген ақиқат жол бұрыштары бір шеңбердің жартылай шеңбер шегінде, ал жекелеген учаскелерде – бір шеңбердің басқа шегінде болса, онда барлық әуе трассалары (бағыты) үшін ұшудың қауіпсіздік шаралары сақтала отырып бірыңғай эшелондар белгіленеді.

341. Әуеайлақ (әуеторап) ауданында және күту аймағында тік эшелондау ұшудың белгіленген арақашықтықтарға сәйкес ұшудың берілген жол бұрыштарына тәуелсіз жүргізіледі.

ВҰҚ бойынша ұшқанда көлденең және бүйірге қарай

эшелондаудың ең аз арақашықтығы

342. Бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - 2 км.

343. Басқа әуе кемесi ұшып келе жатқан ұшу эшелонын (биiктiгiн) қиып өткен, сондай-ақ бір эшелонда (биiктiкте) ұшу бағытын қиып өткен кезде:

1) ұшу жылдамдығы 300 км/сағат және одан аз болатын әуе кемелерi үшiн - 2 шақырым;

2) ұшу жылдамдығы 300км/сағат болатын әуе кемелерi үшiн - 5 км.

344. Бір биіктікте ВҰҚ бойынша ұшу кезінде бүйірге қарай эшелондаудың ең аз арақашықтығы:



1) төменгі эшелоннан төмен жергілікті әуе желілері бойынша ұшу кезінде айырылубағыттары үшін – 5 км;

2) алда ұшып бара жатқан әуе кемесін оң жағынан (әуеайлақ шеңбері бойынша – ішкі жағынан) басып озған кезде – 500 м.

Радиолокациялық бақылаумен АҰҚ бойынша ұшу кезінде

көлденеңінен эшелондаудың ең аз арақашықтығы

345. Әуе кемелері арасындағы радиолокациялық бақылаумен АҰҚ бойынша ұшу кезінде көлденең эшелондаудың ең аз арақашықтығы бір эшелонда (биіктікте) бір бағыт бойынша мыналарды құрайды:

1) әуе трассаларында, ЖӘЖ және белгіленген бағыттар бойынша - 30км;

2) АҰҚ АС пайдалану кезінде әуе трассаларында, ЖӘЖ және белгіленген бағыттар бойынша - 20км;

3) жақын келетін аймағында - 20км;

4) АҰҚ АС пайдалану кезінде жақын келетін аймақта - 12км;

5) ұшып көтерілу және қону аймағында:

136 тонна және одан асатын ұшу массасы бар әуе кемелерінен кейінгі барлық әуе кемелері үшін - 12км;

орташа әуе кемелерінен кейінгі жеңіл әуе кемелері үшін - 10км;

барлық қалған жағдайларда - 5км.

346. Белгіленген басқа әуе кемесінің қарсы кездескен эшелонын (биіктігін) кесіп өту кезінде – (10 километрлік бүйірге қарай арақашықтығын сақтай отырып) кесіп өтетін сәтте 30 км.

347. Белгіленген басқа әуе кемесінің бағыттас эшелонын (биіктігін) кесіп өту кезінде - 20км, ӘҚБ АС пайдалану кезінде жақындау аймағында – қиылысатын сәтте 12км.

348. Бір эшелондағы (биіктігі) кесіп өтетін бағыттары бойынша кейінгі әуе кемелері арасында - кесіп өтетін сәтте 40км.

Радиолокациялық бақылау болмаған кезде АҰҚ бойынша

көлденеңінен эшелондаудың ең аз арақашықтығы

349. Бір бағыт бойынша және бір эшелонда (биіктік) жүріп келе жатқан әуе кемелері арасындағы уақытша аралықтар:

1) Әуе жолдары, жергілікті әуе желілері бойынша, белгіленген бағыттар бойынша және жақын келетін аймаққа- 10 минут;

2) ұшу және қону аймағында бағытталған сызба бойынша маневрді орындаған кезде - 3 минут.

350.Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе немесе қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - қиып өткен сәтте 20 минут.

351. Бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша (70о-тан кем емес қиылысу бұрыштары кезiнде) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң уаұытша арасы - қиып өтетiн сәтте 15 минут.

352.Әуеайлақ ауданында радиолокациялық бақылау жоқ болғанда, АҰҚ бойынша ұшқан жағдайда бiр биiктiкте бiр ғана әуе кемесi болуы тиiс.

353. ВҰҚ және АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң арасындағы көлденеңiнен эшелондаудың ара қашықтығы АҰҚ бойынша ұшу үшiн белгiленген ара қашықтан кем болмауы тиiс.



Радиолокациялық бақылау кезінде АҰҚ бойынша ұшулар үшін

бүйірге қарай эшелондаудың ең аз аралықтары

354. Ең аз аралықтар:

1) қатарлас әуе жолдарының остері арасында - 50км;

2) бағыттас әуе кемесімен бос емес эшелонды (биіктіктің) өткен кезде – қиып өткен сәтте 10км;

3) қарсы кездескен әуе кемесімен бос емес эшелонды (биіктіктің) кесіп өту кезінде - (30 километрлік көлденең аралығын сақтай отырып,) қиып өткен сәтте 10км;

4) қарсы кездескен әуе кемесімен бос емес эшелонды (биіктіктің) кесіп өту кезінде, әуе кемелері бір-біріне қатар қайта орналасқан кезде – қиып өткен сәтте 12км.

355. Радиолокациялық бақылау болмаған кезде АҰҚ бойынша ұшу кезінде көлденеңінен эшелондауға тыйым салынады.

Ұшу эшелонын (биіктігін) өзгерту және әуе жолдарын қиып өту тәртібі

356.Тағайындалған эшелонды (жолды) қауiпсiздiк шарттарын сақтай отырып, ӘҚҚ (ӘҚБ) органының рұқсатымен өзгертуге болады.

357. Берiлген эшелонда (биiктiкте) ұшуды орындайтын әуе кемесi осы эшелонды (биiктiктi) алуға рұқсат сұраған әуе кемесiнiң алдында басым құқыққа ие.

358. ӘК иеленген эшелон, егер эшелондаудың басқа түрiн қолдану мүмкiндiгi болмаса алғашқы ӘК төмендеу немесе биiкке көтерiлу туралы баяндағаннан соң басқа ӘК берiлуi мүмкiн

359.Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнсе (қауiптi метеорологиялық жағдайға кез болу, авиация техникасындағы ақау) ӘКК эшелонды дербес өзгертуге рұқсат берiледi және ол туралы ӘҚҚ (ӘҚБ)органына жедел баяндайды..

Мұндай жағдайда ӘККмынадай әрекет етеді: ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпей, әдетте ӘК бағыт осiнен 30о оңға бұрады, 20 км ұшып өткеннен кейiн, кеменi бiр мезгiлде қалаған эшелонына дейiн биiктiкке өзгерте отырып бастапқы бағытқа шығарады. Маневрдiң орындалғаны туралы ӘКК ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды.

Төтенше жағдайларда төмендеу, қарсылық туындаған сәттен бастап, тез арада әуе кемесiн ҰПЕ-нiң шектеулерi шегiнде орындалады.

Ұшудың жаңа эшелонын (биіктік) иеленгеннен кейiн ІКК ӘҚҰ (ӘҚБ) органының келісімiмен ӘК әуе жолына немесе жергілікті әуе жолына шығарады.

360. Әуе жолдарына (жергілікті әуе жолына) кiру, олардан шығу және оларды қиып өту алдын ала келісілген эшелондарда (биiктiктерде) және учаскелерде жүзеге асырылады.

361. Әуе жолын (жергілікті әуе жолына) қиып өтуге немесе оған шығуға арналған эшелонды (биiктiктi) ӘК оның шекарасына кемiнде 10 км қалғанға дейiн иеленуге тиiс.

362. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері ұшуды орындау кезінде ӘК әуе жолына (ЖӘЖ) кiру үшiн оның шекарасына жақындауға кемiнде 5 минут қалғанда ӘҚҰ(ӘҚБ) органынан рұқсат және кіру шарттарын алуы тиіс.

363. Егер ұшу әуеайлағы әуе жолына (жергілікті әуе жолына) жақын орналасса, оларды қиып өтуге және рұқсат ӘҚҰ және ӘҚБ органдары арасында келісіледі және ұшу алдында ӘКК беріледі.

364. Әуе кемесi бiрнеше әуе жолын немесе жергілікті әуе жолының бiрiнен соң бiрiн қиып өткен кезде ӘҚҰ (ӘҚБ) органы ӘКК бiрнеше әуе жолын қиып өтуге бiр ғана рұқсат бере алады.

Тік эшелондаудың қысқартылған ең аз мөлшері шарттарындағы әуе кеңістігіндегі ұшулар (RVSM)

365. Тік эшелондаудың қысқартылған ең аз мөлшері 8850м (FL290) және 12500м (FL410) қоса алғанда эшелондары арасында қолданылады.

366. RVSM қолданып, әуе кеңістігінде ұшуды орындауды жоспарлайтын мемлекеттік әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелерінің навигациялық жабдықтары, RVSM қолданып, әуе кеңістігіндегі ұшулар үшін борт жүйелерінің ең аз сипаттамасына қойылатын техникалық талаптардың өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс.

RVSM қолданып, әуе кеңістігінде ұшуларға рұқсат етуді уәкілетті орган растайды, одан кейін ӘК RVSM-мен бекітілген ұшулар болып есептеледі.

367. RVSM әуе кеңістігіне диспетчерлік рұқсатты, RVSM әуе кеңістігіне ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемелеріне және мемлекеттік авиация кемелеріне беріледі.

RVSM қолданып, әуе кеңістігіне кіруге арналған диспетчерлік рұқсат барлық қалған әуе кемелеріне және топ құрамында ұшуды орындайтын әуе кемелеріне берілмейді.

368. RVSM эшелондау жүйесіне (жүйесінен) кез келген ауысулар ӘҚҰ-ның аралас органдары арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісімдерге сәйкес өтпелі әуе кеңістіктері шегінде

369. RVSM қолданып, әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат етілген әуе кемелері мен RVSM әуе кеңістігіне кіретін және одан шығатын мемлекеттік әуе кеңістіктеріне осы Қағидалардың 237-тармағына сәйкес ұшу эшелондарын бөлу сұлбасына сәйкес ұшу эшелоны тағайындалады.

370. Егер ӘК жабдықтардың істен шығуына, ауа-райы жағдайына, турбуленттікке байланысты белгіленген ұшу эшелоны бойынша талаптарды орындай алмаса, ӘҚҰ органы барлық басқа әуе кемелерінен тік эшелондаудың ең аз мөлшерін 600м (2000 фут) және осы ӘК-ның тиісті тік эшелондауды қамтамасыз ететін болады.

371. Егер ұшу биіктігі туралы көрсетілген ақпарат (RVSM) әуе кеңістігінде тік эшелондаудың ең аз мөлшерін қолданудың белгіленген эшелонынан ±60м (±200 фут) белгіленген мүмкін болатын мәні шегінен шықса, ӘҚҰ (ӘҚБ) органы ӘК-нің экипажына қысымның шамасын белгілеуді тексеруге және ӘК кемесінің ұшу биіктігін растауға нұсқау береді.

372. ӘҚҰ органы, метеорологиялық ақпаратты және қатты шайқалудың бар болуы туралы әуе кемелері экипаждарының хабарламасын пайдалана отырып, ұшу басшыларының келісімі бойынша белгілі бір уақыт мерзіміне және белгілі бір ұшу эшелондарында және/немесе аймақтарында RVSM бойынша ұшуларды қысқарту қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

Егер эшелондаудың ұлғайтылған ең аз мөлшері қажет болған жағдайда, ӘҚҰ органы ұшу эшелондаудың ӘҚҰ (ӘҚБ) аралас органдарымен келіседі, олар ӘҚҰ-ның аралас органдары арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісімге сәйкес төтенше жағдайларда эшелондарды бөлу схемасын айқындайтын жағдайларды қоспағанда, олардың арасында ӘК беру кезінде қолданылатын болады.

373. Пайдаланушы ӘК мынадай жабдықтармен әуе кеңістігінің RVSM санаттарында ұшуларды орындайтын қамтамасыз етеді:

1) ұшу биіктігін өлшеудің екі автономдық жүйесімен;

2) белгіленген ұшу биіктігінен кету туралы белгі берудің борттық жүйесімен;

3) ұшу биіктігін басқарудың автоматты жүйесімен (автопилот);

4) ұшудың белгіленген биіктігін ұстау үшін пайдаланылатын биік өлшегіш жүйесіне қосылған биіктік хабарламасының жүйесі бар қосалқы радиолокацияның (SSR қысқартылған аббревиатура ағылшын тілінде (бұдан әрі - SSR) қабылдау-таратушысы.

RVSM аймағында ұшу кезінде ӘКК ӘҚҰ органын мынадай жағдайда хабардар етеді:

1) белгіленген ұшу биіктігін ұстаудың мүмкін еместігіне әкелетін бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың істен шығуы;

2) бір немесе одан көп биік өлшегіштердің істен шығуы (60м (200 футтан асатын биік өлшегіштер көрсеткіштерінің айырмасы);

3) ұшу биіктігін ұстаудың автоматты жүйесінен бас тарту (автопилот);

4) ұшудың белгіленген биіктігін ұстауға ықпал ететін кез келген басқа жабдықтардың істен шығуы;

5) 90м (300 фут) шегінде ұшудың белгіленген биіктігін ұстауға мүмкіндік бермейтін ұшу эшелонына арналған шайқалмалар.

374. RVSM аймағында түзетілген бағыты бойынша ұшу кезінде радиобайланыс үзілген жағдайда ӘКК ұшу жоспарында мәлімделген әуе трассасында қайтаруды орындайды және осы қағидалардың 360-378-тармақтарын басшылыққа ала отырып, ұшуды жалғастырады.

7. Авиациялық жұмыстар

Авиациялық жұмыстардың тізімі

375. Авиациялық жұмыстар:

1) авиациялық-химиялық жұмыстар;

2) әуе түсірілімдері;

3) орман авиациялық жұмыстары;

4) құрылыс-монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстары;

5) көлік-байланыс жұмыстары;

6) ашық теңіздер мен мұхиттардың аралдарындағы ұшулар;

7) теңіз кемелері мен теңіз бұрғылау қондырғыларынан ұшулар;

8) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шараларды жүргізу үшін;

9) эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін;

10) парашютпен десанттарды түсіру және парашютпен жүктерді тастау;

11) іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрт сөндіру;

12) Ұшудың радиожарықтехникалық қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын, авиациялық радиобайланыс және әуеайлақтық схемаларды ұшып тексеру (ұшулар) болып бөлінеді.

376. Авиациялық жұмыстарды орындау тәртібі Азаматтық авиациясында ұшуларды жүргізу қағидасында белгіленеді.

Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары

377. Іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары апатқа ұшырайтын немесе ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын құтқару мақсатында ұйымдастырылады.

Іздестіруді және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен және азаматтық авиация саласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленетін Қазақстан Республикасының аумағында ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

378. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде (бұдан әрі - ІҚЖ) ұшулар мемлекеттік және азаматтық авиация салаларындағы уәкілетті орган бекіткен осы Қағидаларға және Ұшуларды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.

379. Әуеайлақ аумағында және ауданында ІҚЖ орындау үшін іс-қимылдары арнайы Нұсқаулықта айқындалған жер үсті іздестіру-құтқару командалары (ЖІҚК), авариялық-құтқару командалары (АҚК) құрылады.

380. Іздестіру-құтқару экипаждарының құрамына арнайы жер үсті және ұшу даярлығынан өткен және арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы белгіленеді.

381. ІҚЖЖ жүргізу үшін, арнайы бөліп көрсетілгендерден басқа, көзбен шолып іздестіру және көшіру жұмыстарын орындау үшін іздестіру-құтқару, сондай-ақ, резервтік, санитарлық, патрульдік жабдықтары жоқ және әуеде болатын, қажеттілігіне қарай іздестіру ауданына бағытталатын әуе кемелері пайдаланылады.

382. Іздестіру-құтқару әуе кемелерінің кезекшілігіне бөлінген ұшулар мерзімі апат дабылы алынған сәттен бастап жазда 30 минуттан және қыста 45 минуттан аспайды.

383. «Апат» дабылын немесе ӘК апаты туралы басқа да ақпаратты алған ӘҚҰ (ӘҚБ) органы апатқа ұшырайтын ӘК тұрған орнын анықтайды, қалыптасқан жағдайға сәйкес ӘК экипажына көмек көрсетеді, жоғары тұрған ӘҚҰ (ӘҚБ) органына баяндайды (хабарлайды).

384. Басқа әуе немесе су үсті кемесінен немесе оны апатқа ұшырайтын немесе ұшыраған жағдайда тапқан кемеден не қауіпті төнген адамдардан «Апат» дабылын алған ӘК экипажы оларға қолдан келген көмегін көрсетеді, апатқа ұшырайтындардың (ұшырағандардың) тұрған жерін картада белгілейді, бұл туралы ӘҚҰ (ӘҚБ) органына хабарлайды және «Апат» дабылын қабылдау жиілігін тыңдауды жалғастырды.

Аса қажеттілік тудырмайтын осы жиіліктегі басқа әуе кемелерінің хабарларын қажеттілігіне қарай ӘҚҰ (ӘҚБ) органының ерекше нұсқауына жеткізу уақытша шектеледі.

385. Авариялық-құтқару жұмыстары (бұдан әрі – АҚЖ) мына жағдайларда ұйымдастырылып, орындалады:

1) апатқа ұшыраған ӘК алдағы қонуы туралы хабарлама алу;

2) авиациялық оқиғалар;

3) егер ӘК жолаушыларын, экипаж мүшелерін көшіру талап етілсе;

4) табиғи және техногендік сипаттағы табиғат апаттары кезінде халыққа көмек көрсету.

386. Кез келген ӘК командирі апатқа ұшырайтын әуе немесе су үсті кемесін байқаған жағдайда ӘҚҰ (ӘҚБ) органының нұсқауларын орындайды және егер мұны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса, мынадай іс-қимылдарды орындайды:

1) апатқа ұшырайтын кемеге бақылау жүргізеді;

2) егер тиісі ӘІБ (ӘІБА) органында ол туралы деректер болмаса, әуе немесе су үсті кемесінің тұрған жерін анықтауға көмектесуі мүмкін шараларды қабылдайды;

3) анықтау мүмкін болған кезде ӘҚҰ (ӘҚБ) органын мынадай ақпаратты хабарлайды:

апатқа ұшыраған әуе немесе су үсті кемесінің үлгісі, тану белгілері және жай-күйі;

географиялық координаттарда көрсетілген немесе белгілі бағдардан немесе радионавигациялық құралдан арақашықтықтағы және нақты пеленгтегі оның тұрған жері;

сағатпен және минутпен бақылау уақыты;

апатқа ұшырайтын әуе немесе су үсті кемесінің бортындағы адамдардың саны;

апатқа ұшырайтын әуе немесе су үсті кемесін адамдардың тастап кету фактісі;

су үстінде қалған адамдардың саны;

адамдардың дене жағдайы.

387. Іздестіру-құтқарушы болып табылмайтын және оқиға орнына бірінші келіп жеткен ӘКК оқиға орнына бірінші іздестіру-құтқару ӘК келіп жеткенге дейін кейін келіп жеткен барлық басқа ӘК іс-қимылдарын басқарады.

Су үсті кемесін апат орнына жіберу қажет болған жағдайда, ӘК экипажы өзінің басқаруындағы кез келген құралдарымен және дабылдарымен нұсқаулар береді.

388. Екі жақты байланыс болмаған кезде апатқа ұшырайтын немесе жер үсті құтқару командаларына ақпарат беру үшін ӘК экипажы кемені, егер бұл із жүзінде жүзеге асырылатын болса, байланысты орнату үшін радиобайланыс жабдығын немесе жалауша лақтырады.

ӘК экипажы барлық ықтимал құралдар мен дабылдарды пайдалана отырып, дабылдарды қабылдағанын растайды.

389. ІҚЖ кезінде қолданылатын дабылдар, осы Қағидаларда 8- қосымшасында келтірілген.

8. Апатқа ұшыраған (ұшыраған) әуе кемесі

экипажының іс-қимылдары

390. Ұшулардың апаттық және iздестiру-құтқарушы қамтамасыз ету апатқа ұшыраған және зардап шеккен әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру және құтқаруды ұйымдастыру мен іске асыруға арналған.

391. Әуе кемелері ұшуларының іздестіру-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз ететін тікелей ұйым Қазақстан Республикасының аумағында ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес күштер және құралдармен жүзеге асырылады.

392. Ұшып бара жатқан ӘК-ге қауіп төнген кезде немесе ол апатқа ұшыраса (ұшыраған болса) ӘКК адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша шараларды қабылдайды.

393. Ұшулардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін барлық авариялық жағдайларда ӘК экипажы апат дабылын береді. Дабыл беру тәртібі осы қағидаларға 9-қосымшада айқындалған және ол мыналарды қамтиды:

1) апат дабылын беру;

2) жедел дабылын беру;

3) әуе кемесін ұстап қалу кезінде дабыл беру, типтік фразеология және әрекет ету;

4) апаттық радиостанцияларды пайдалану;

394. Апат дабылы – радиотелеграф арқылы, радиотелефон арқылы «SOS» деген (апатқа ұшыраймын) белгіленген бірыңғай халықаралық дабыл және «Апатқа ұшырадым» деген ашық мәтінмен(«МЭЙДЭЙ» халықаралық ұшулары кезінде) беріледі.

395. Апат кезінде байланысты пайдаланып отырған ӘҚҰ (ӘҚБ) органымен арнаның жұмыс жиілігінде, сондай-ақ, радиотелефон режиміндегі 121,5МГц және 123,1МГц халықаралық авариялық жиіліктерінде немесе радиотелефон режиміндегі 500кГц немесе 2182кГц и 8364кГц жиіліктерінде теңіз қызметтерінен көмек сұрау салу кезінде берілді.

396. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жүргізу туралы шешім қабылданған кезде ӘКК бұл туралы экипаждың барлық мүшелеріне және жолаушыларға ескертеді, олардың бұдан былайғы іс-қимылдар тәртібі туралы нұсқаулар береді. Мәжбүрлі қону кезінде экипаж жерге қонуға (суға қонуға) дейін жер үсті радиостанцияларымен (кемелерімен) радиоалмасу жүргізеді, ал үзілістерде қосулы күйдегі таратқыштарды (басылған түймесі бар) ұстайды. Пеленгілеудің автоматты дабыл тарату құралдары, егер олар бар болса, тұрақты жұмыс режиміне қосылады.

397. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жасаған ӘК экипажы мынадай тәртіппен әрекет етеді:

1) әуе кемесінен жолаушыларды қауіпсіз арақашықтыққа шұғыл түрде көшіреді;

2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

3) өзінің тұрған жерін анықтайды немесе нақтылайды;

4) жақын жердегі әуеайлақпен, жерүсті немесе ұшақ радиостанциясымен байланыс орнату бойынша шаралар қабылдайды;

5) жақын жердегі әуеайлаққа немесе жергілікті атқарушы органдарға мәжбүрлі қону уақыты, орны, жолаушылар мен экипаждың, әуе кемесінің жағдайы және қажетті көмек туралы хабарлайды,

6) өрт пайда болған жағдайда мүмкіндігіне қарай оны борттық және өрт сөндіруге керекті құралдар көмегімен өшіреді.

398. ӘКК әуе кемесінің ҰЭБ (экипаж нұсқаулығы) тәртіп анықталмаса, әуе кемесін өзі ең соңында қалдырады.

399. Әуе кемесі мәжбүрлі қонған орындағы барлық жұмыстарын әуе кемесінің командирі басқарады.

400. Орнында қалу немесе мәжбүрлі қону ауданынан кету туралы шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды.

401. Апатқа ұшыраған ӘК сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ӘКК кемені, жүкті, поштаны және т.б. қажетті шараларды тасымалдау бойынша шараларды қабылдайды.

402. Су бетіне мәжбүрлі қону жағдайында ӘК-ні ол тоқтағаннан кейін және ӘКК нұсқауы бойынша тастап шығу керек. Бұл ретте:

1) экипаж мүшелері мен жолаушыларға құтқару желеткелерін кию және әуе кемесінен шыққан кезде газ толтыру жүйесін қосу;

2) суға топтық құтқару жүзу құралдарын түсіру;

3) барлық адамдарды әуе кемесінен салдарға жіберу, жараланғандар мен балаларды бірінші кезек жіберу;

4) жүзу құралдарына қолда бар азық-түлік, су және жарақтар қорын тиеу;

5) әуе кемесінен қауіпсіз арақашықтыққа ол суға батып кеткенше жүзіп кету қажет.

403. Апатқа ұшырған ӘК көмек көрсету үшін бағытталған авариялық -құтқару көлік құралдары су бетіндегі қозғалыстың барлық түрлері алдында басымдықты пайдаланады.



9. Ұшу қозғалысын орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатына арналған өлшем бірліктері
404. Авиацияда үйлестірудің, биіктіктің, гравиметрикалық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай жүйесі белгіленген. (1942 жылғы үйлестіру жүйесі). Үйлестіру басы Пулковской обсерваториясы Дөңгелек залының орталығы және биіктіктің бас деңгейі - Ресей Федерациясы ауданында орналасқан Балтық теңізіндегі Кронштадттық футштоктың нөлдік мағынасы.

405. Азаматтық авиация саласында «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін -1984 (WGS-84) енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 376 қаулысына сәйкес, Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін - 1984 (WGS-84) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуларды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде орташа теңіз деңгейі (MSL) базасы ретінде пайдаланылады.

Авиацияда үйлестірудің, биіктіктің, гравиметрикалық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай жүйесі осы Қағидаларға 10-қосымшада келтірілген.

406. Мемлекеттік және азаматтық авиация саласында уақытты есептеу жүйесі ретінде григорияндық күнтізбе және халықаралық үйлестіру уақыты пайдаланылады (UTC).

________________________

Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидаларына

1-қосымша

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ БОРТ ЖУРНАЛЫ

АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ БОРТ ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

ӘК түрі: _______________________________ ,

ӘК борттық мемлекеттік тіркеу нөмірі: ___________________________ ,

ӘК сериялы (зауыттық) нөмірі: __________________________________

ӘК пайдаланушының аты немесе иесі туралы мәліметтер: ________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

ӘК құрылым массасы: __________________________ кг

ӘК (центрлеу) ОАХ: _______________________________%

Азаматтық әуе кемесінің борт журналы бөлімдерінің мазмұны

р/с




Атауы

Беті

I.

Базалық, аралық және соңғы мемлекеттік авиацияның әуежайларда әуе-кемесін қабылдау-беру тәртібі туралы нұсқаулық

5

II.

Экипаж мүшелерінің жұмыс қабілеттілігіне баға беру жүйесінің тізбесі

7

III.

Әуе кеменің, қозғалтқыштардың және жүйенің жекелеген ерекшеліктері

10

IV.

Әуежайларда рейске отырғызу кезінде агрегаттарды немесе бөлшектерді ауыстыру

13

V.

Рейстердің базадан тыс әуежайларда техникалық себептер бойынша кідірісі туралы мәліметтер

17

VI.

Ұшу барысында анықталған ұшақтардың жұмыс жасамай қалуы және жарамсыздығы туралы мәлімет

19

VII.

Әуе кемесіндегі борт мүлігінің тізімдемесі

99

VIII.

Ұшақты және тізімдемеге сәйкес борт мүлігі мен жанар-жағар май материалдарының (ЖЖММ) қалдығын тапсыру

106

IX.

Инженерлік және басшылық құраммен журналды тексеру

125

I. Азаматтық авиацияның базалық, аралық және соңғы әуежайларда әуе-кемесін қабылдау-беру тәртібі туралы нұсқаулық

А. Әуе кемесін қабылдау-беру тәртібі

1. Әуе кемесінің техникалық жағдайын бақылау және қабылдау-беруді рәсімдеу үшін «Әуе кемесін қабылдау-беруге арналған борт журналы» жүргізіледі. Ұшу кезінде борт журналы ӘК бортында болуы керек.

2. Әуе кемесінің тұрақ уақыты төрт сағаттан асып кеткен жағдайда экипаждан экипажға ӘК тікелей қабылдау-беру жүргізіледі. ӘК-нің төрт сағаттан аса уақыт тұрақтану кезінде қызмет көрсету және сақтау үшін ұшып келген экипажбен әуежайдың (пайдаланушы) инженерлік-авиациялық қызметіне (ИАҚ) тапсырылады. Қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ұшуға бекітілген экипажға тапсырылады.

3. Ауысым бастығы (инженер) ӘК қабылдау-беру үшін техникалық құрам ішінен лауазымды адам тағайындайды және оның жұмысын бақылайды.

ӘК қабылдау-беру үшін тағайындалған лауазымды адам ұшып келгеннен кейін қарсы алады, ӘКК-не тұрақ орнын көрсетеді, ӘК келуі туралы ауысым бастығына немесе ауысым инженеріне баяндайды, ӘК ішкі және сыртқы жағдайын тексереді, ӘУ экипажынан ЖЖМ қалдығын және VII- тарауының тізімдемесі бойынша мүлікті қабылдайды, қабылдауды борт журналының VIII бөлімінде өз қолымен растайды.

4. Бортинженер (бортмеханик), экипаж құрамында ол болмаса онда екінші пилот не пилот:

1) «Әуе кемесін қабылдау-беруге арналған борт журналы» V-VI бөліміне ұшу кезінде анықталған ұшақтың жұмыс жасамай қалуы және жарамсыздығы, техникалық себептерге байланысты базадан тыс әуежайларда рейстердің кідіруі туралы барлық мәліметтерді жазады, егер ұшақтың жұмыс жасамай қалуы және жарамсыздығы анықталмаған жағдайда журналға «Авиациялық техниканың жұмысы бойынша ескертулер жоқ» деген жазба жүргізеді.

2) ӘК ИАҚ лауазымды адамға журналды және оған тиесілі ЖЖМ қалдығын, борт журналының тізбесі бойынша алмалы-салмалы борт мүліктерін тапсырады және өзінің тапсырғандығын қол қоюмен растайды.

3) ӘК техникалық жағдайы туралы ауысым бастығына (ауысым инженері) жеке баяндайды.

5. ӘК техникалық қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ауысым бастығы (инженер) жарамсыздық себебі, оны жою әдісі, жұмыс жасамай қалуын тіркеу карточкасын наряд пен белгі картасының № көрсетумен, осының алдындағы ұшуда анықталған жұмыс жасамай және жарамсыздықты жою туралы журналдың VI бөліміне қол қояды. V бөлімдегі «техникалық себептерге байланысты рейстердің кідіруі туралы мәлімет қажетті шаралар қабылдау үшін цех бастығына немесе оның орнындағы тұлғаға хабарланады».

6. ӘК экипаж және ИАҚ арасында атқарылмаған реттеу жұмыстарын орындамаумен, жойылмаған жарамсыздықпен, ұшуға жинақталмаған және дайындықсыз күйінде қабылдау/беру рәсімі жүргізілмейді.

7. Экипаж арасында ӘК қабылдау/беру рәсімі мына тәртіппен жүргізіледі:

1) ӘК тапсырушы экипаж мүшесі «ӘК қабылдау-тапсыру борт журналына» ұшу кезінде анықталған барлық ақауларды жазады, қабылдайтын келесі экипажға әуе кемелерін, жабдықтарды, мүлікті (тізімдеме бойынша) және ЖЖМ қалдығын тапсырады.

Материалдық бөлік жұмысындағы барлық ерекшеліктерді, сондай-ақ анықталған ақаулар мен олқылықтарды хабарлайды, ӘК борт журналында әуе кемесін тапсырылғандығын өз қол қоюымен растайды.

2) ӘК қабылдайтын экипаж мүшесі оның жағдайын, жинақтығын, ЖЖММ қалдығын, борт журналындағы жазбалардың толықтығын және дұрыстығын тексереді және осы борт журналында ӘК қабылдағандығын растайды.

8. ӘК қабылдау және тапсыру рәсімінің аяқталған сәтінен бастап тапсырылған ӘК-нің жағдайына және сақталуына әуе кемесін қабылдаған тарап жауапты болады.



Б. «Әуе кемесін қабылдау-беру бөлігінде борт журналын»

толтыру тәртібі

9. Журналды бортмеханик (пилот, екінші пилот), ал егер ол экипаж құрамында болмаған жағдайда жазбаның дұрыс толтырылуына жауапты екінші пилот толтырады.

10. Титул парағын, сондай-ақ «Борт мүлігінің тізбесі» VII бөлімін толтыруды және нақтылауды ИАҚ техникалық бөлімінің жетекші инженері жүргізеді.

11. «Әуе кемесінің, қозғалтқыштардың және жүйенің дербес ерекшеліктері» бөлігінде жазбаны ИАҚ жетекші инженері жүргізеді. Бөлімде электрмен жылынатын алдыңғы қанаты мен соңғы қауырсыны бойынша тексеріс мәліметтері, тоқпен пайдаланылатын әуе бұрмалары, аталған ӘК және оның жүйесінің басқа да ерекшеліктері жазылады.

12. «Әуежайларда рейске отырғызу кезінде агрегаттарды немесе бөлшектерді ауыстыру» бөлімінде бортмеханик (пилот, екінші пилот), ал экипаж құрамында болмаса екінші пилот, әуе кемеде белгіленген агрегаттардың нөмірін көрсетумен, әуежайда қону уақытында ауыстырылған барлық агрегаттар мен бөлшектер туралы жазба жүргізеді.

13. «Ұшуда анықталған ұшақтардың істен шығуы және жарамсыздықтары туралы мәліметтер» VI бөлімінде бортмеханик, ал болмаса – екінші пилот ұшу кезінде анықталған материалдық бөліктің барлық істен шығулары мен жарамсыздығын толық әрі техникалық тұрғыдан сауатты түрде жазады.

14. «Ұшуда анықталған ұшақтардың істен шығуы және жарамсыздығы туралы мәліметтер» VI бөлімінде ауысым бастығы (инженер) ақау себебін, жою әдісін және наряд-картасының нөмірін нақты көрсетеді.

15. «Ұшақты және тізбеге сәйкес борт мүлігі мен жанар-жағар май материалдарының (ЖЖММ) қалдығын тапсыру» VIII бөлімінде «қол қою» бағанына тапсыру және қабылдаушы өз тегін (анық) жазады және қол қояды.

16. Журналдың жүргізілуіне бақылауды ИАҚ жетекші инженері жүргізеді, ІХ бөлімде онымен жүргізілген тексерістің нәтижесін белгілейді. Әуе кемесінің техникалық жағдайын тексеру кезінде журналдың дұрыс толтырылуына Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдалануы және жөндеу жұмыстарын жүргізу қағидаларында көрсетілген лауазымды адам тексереді.

В. Ұшуда материалдық бөлік жұмысы туралы анықтаманы

жүргізу тәртібі

17. Анықтама бланкісі экипажға ұшуға берілген тапсырмамен және ұшу аяқталғаннан кейін ИАҚ экипаж тапсырады.

18. Анықтаманы бортмеханик, ал егер экипаж құрамында болмаса, жазбалардың дұрыс енгізілуіне жауапты екінші пилот немесе пилот толтырады.

19. Анықтама қозғалтқыш пен әуе кемесінің ресурстарын өңдеу бойынша олардың формулярларын толтыру үшін негізгі құжат болып табылады.



ІІ. Ұшу кезінде экипаж мүшелеріне олардың жұмыс қабілеттілігін бағалайтын жүйелер тізбесі

1. Қозғалтқыш және оның агрегаттары

2. Әуе бұрандасы (тасушы және бағыттағыш) және оны басқару

3. Отын жүйесі және оның агрегаттары.

4. Май жүйесі және оның агрегаттары

5. Әуе жүйесі және оның агрегаттары

6. Гидравликалық және гидроазоттық жүйе және оның агрегаттары

7. Шасси (оның ішінде дөңгелегі)

8. Биіктік жүйесі және оның агрегаттары

9. Рульмен, элерондармен, триммерлермен, жалғасқанатшылармен және күшейткіш қондырғылармен,тежегіш парашютпен, тоқтатқышпен басқару және оның агрегаттары

10. Сумен қамтамасыз ету мен сантораптық жүйе және оның агрегаттары

11. Мұздатуға қарсы, өрткеқарсы, оттегі жүйесі және оның агрегаттары

12. Қонуға дұрыс қонбаудың және жартылай автоматты енудің жабдықтары (жұмыс бағасы әр қонудан кейін беріледі);

13. Радиобайланыс жабдығы

14. Навигациялық жабдық

15. Радиолокациялық жабдық

16. Аспапты жабдық

17. Электр жабдығы

18. Тұрмыстық жабдық

19. Жүктің ішкі аспасының жүйесі және басқару

20. «шаг - газ» басқару

21. Трансмиссияны қосатын жалғастырғышты басқару

22. Трансмиссия

23. Қозғалтқышты іске қосу жүйесінің борт қондырғысы

24. Бортты өздігінен жазғыш (ұшу сағатынан қалған үлдір)

Ескертпе: Егер көрсетілген жүйелер бойынша ұшу кезінде бұзушылықтар пайда болса, ӘҚҰ органына баяндама жасайды, онымен байланыс аяқталған жағдайда, экипаж қонатын қысқа мерзімді тұрақ кезінде әуежайдың командалық-диспетчерлік пунктіне бұзушылықты тез арада жоюды қамтамасыз ету үшін олардың сипаты туралы байқалған бұзушылықтар туралы қысқаша хабарламаны және олардың сипаты туралы қысқаша хабарлама жолдайды. қонғаннан кейін экипаж бұзушылықты бағалау және жою үшін қажетті бұзушылық сипаты мен өлшемдерінің сипатын көрсетумен, борт журналына барлық айқындалған бұзушылықтар туралы жазбаны жүргізуді жүзеге асырады.



III. Әуе кемесінің , қозғалтқыштардың және жүйелердің дербес ерекшеліктері














IV. Қону әуежайларында рейске агрегаттарды немесе бөлшектерді ауыстыру


р/с№

Әуежай

Уақыты

Агрегаттың немесе бөлшектің атауы

Алынған

агрегаттың №



Орнатылған

агрегатттың №



Агрегаттарды ауыстыру себебі

Тегі, қол белгісі










































































V. Рейстердің базадан тыс әуежайларда техникалық себептер бойынша кідірісі туралы мәліметтер


Әуежай

Уақыт

Кідіріс уақыты

Рейсті кідіріске әкеп соққан техникалық себептерді қысқаша сипаттау

Экипаж мүшесінің тегі және қол белгісі

Қабылданған шаралар,

ИАҚ жауапты тұлғаның тегі және қол белгісі



Кесте бойынша ұшу уақыты

Нақты ұшу уақыты













































VI. Ұшуда анықталған ұшақтардың істен шығуы және жарамсыздықтары


Әуежай

Уақыт

Ұшу уақытында анықталған ұшақтардың істен шығулары мен жарамсыздықтары


Экипаж мүшесінің тегі және қолы

Істен шығулар мен және жарамсыздықтардың себебі мен әдісі

наряд-картасының № және жұмыс жасамай қалуын тіркеуді жазу туралы белгі



Тегі және қолы(ауысым бастығы)




















VII. Әуе кемесі борт мүлігінің тізбесі

Мүлік атауы

Саны

Мүлік санындағы өзгерістер

және себебі



Уақыты

Жетекші инженердің қолы
































VIII. Әуе кемесін және борт мүлігі мен жанар-жағар май материалдарының (ЖЖММ) қалдығын тізбеге сәйкес тапсыру

Экипаж ауысымының әуежайы

Әуе кемесі командирі нің тегі

Уақыт

Тапсырды

өабылдады

Май қалдығы, кг

Отын қалдығы, кг

Ескертпе

Лауазымы, тегі

Қолы

Лауазымы, тегі

Қолы





























































IX. Журналды инженерлік және басшылық құрамның тексеруі


р/с



Уақыты

(күні, айы, жылы)



Лауазымы, тегі

Мазмұны












________________________


Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидаларына

2-қосымша


Әуеайлақ ауданында (тікұшақ алаңында) және қону алаңдарында (әуеайлақтың (тікұшақ апйлағының) аэронавигациялық төлқұжаты) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты құрудың жалпы талаптары
Жалпы ережелер

1. Әуеайлақ ауданында (тікұшақ алаңында) және қону алаңдарында (әуеайлақтың (тікұшақ апйлағының) аэронавигациялық төлқұжаты) ұшуды ұйымдастыруды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық ұшуларды қамтамасыз етуге, орындауға және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысушы азаматтық авиацияның ұйымдарын тартумен әуеайлақтың пайдаланушысы (тікұшақ, алаңы қону алаңы) әзірлейді.

3. Нұсқаулыққа әуеайлақтың (тікұшақ, алаңы қону алаңы) орналасқан орнына, маневр алаңы сипаттамасы, құралдар мен жабдықтардың әуеайлақтық кедергілеріне, аталған әуеайлақта әуеайлақты пайдалану және қолданыстағы шектеулердің жергілікті ерекшеліктерін есепке ала отырып, ұшуды орындау тәртібіне қатысы бар ақпаратты, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ұшудың метеорологиялық қамтамасыз етуін ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты қамтылған.

4. Аэронавигациялық ақпарат кестелер, сызбалар, суреттер карта-схемалар және мәтіндік суреттеу бойынша беріледі, ол Нұсқаулықтың тиісті бөлімінде жазылған. Әр тараудың соңында аэронавигациялық ақпараттың нықтылығын растайтын құжаттар көрсетіледі. Нұсқаулыққа бекітілген әуеайлақ карталары мен сұлбалар енгізіледі.

5. Әуеайлақ пайдаланушысы Нұсқаулықта аталған әуеайлаққа қолданатын мәліметтерді сол деңгейде қосады.

6. Нұсқаулықта қамтылған мәліметтердің нақтылығын қолдау мақсатында әуеайлақ (тікұшақ, қону алаңы) пайдаланушысы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

7. Пайдаланушы аэранавигациялық ақпарат құжаттарына осы өзгерістерді немесе қосымшаларды уақтылы жариялау үшін Нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы аэранавигациялық ақпаратты басқару қызметін (бұдан әрі - ААБ) немесе уәкілетті органды тез арада хабардар етеді.

8. Азаматтық әуеайлақтарда Нұсқаулықты уәкілетті орган бекітеді.

9. Бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бiрлескен бұйрығымен бекітілген қағидалардың талаптарына сәйкес бекітіледі.

10. Қону алаңдарында Нұсқаулықты қону алаңын пайдаланушы бекітеді.
Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аудандарында ұшуды жүргізу жөніндегі

үлгі нұсқаулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет