29.2 Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру; тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру
29.20 Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру; тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру
29.20.1 Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жүргізушілерге арналған кабинаны қоса алғанда, автомобиль шанақтарын өндіру
- автомобильдердің барлық типтерін жарақтандыру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- автомобильдердің шанақтарына арналған бөлшектерді және керек – жарақтарды өндіру кірмейді, (29.32.0 қараңыз)
29.20.2 Тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тіркемелер және жартылай тіркемелер: автоцистерналар, ағаш таситын машиналар және т.д.; тіркеме-үйлер және т.б. өндіру
- бір немесе бірнеше көлік түрімен тасымалдау үшін жүк контейнерлерді өндіру
- тіркемелер және жартылай тіркемелерді жарақтандыру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ауыл шаруашылығында пайдалану үшін арнайы әзірленген тіркемелерді және жартылай тіркемелерді өндіру, (28.30.2 қараңыз)
- жегін көлік құралдарын өндіру кірмейді, (30.99.0 қараңыз)
29.3 Автомобильдердің бөлшектері мен керек–жарақтар өндіру
29.31 Автомобильдерге арналған электрлік және электрондық жабдық өндіру
29.31.0 Автомобильдерге арналған электрлік және электрондық жабдық өндіру
Бұл ішкі класқа:
- автомобильдерге арналған тұрақты және айнымалы ток генераторы, от алдыру білтесі, электр өткізгіш, терезе және есіктердің автоматты ашу, жабу жүйесі, шыны тазалаушы, терезенің булануға қарсы және мұздануға қарсы жабдықтар, кернеуді реттеуіштер және т.б. сияқты электрлік жабдықтар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- автокөлік құралдарына арналған батареялар өндіру, (27.20.0 қараңыз)
- автомобильдерге арналған жарықтандыру жабдығын өндіру, (27.40.2 қараңыз)
- автомобильдерге және қозғалтқыштарға арналған сорғыларды өндіру кірмейді, (28.13.1 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |