59.14 Кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет
59.14.0 Кинофильмдерді көрсету бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа:
- кино- немесе бейнефильмдерді кинотеатрларда, ашық алаңдарда немесе кинофильмдер және бейнежазбаларды көрсетуге арналған басқа жерлерде көрсету
- киноклубтар қызметі кіреді
59.2 Дыбыс жазбалары және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет
59.20 Дыбыс жазбалары және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет
59.20.0 Дыбыс жазбалары және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет
Бұл ішкі класқа жазбалардың төлтума немесе дыбыс материалдары кассета, CD дискілер, сияқты тасымалдаушылармен өндіру; оларды шығару, жарнамалау, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындар немесе тікелей тұтынушыларға тарату кіреді. Аталған қызмет сол кәсіпорынмен мастер-жазбаларды әзірлеу қызметімен біріктіріле алады. Егер біріктіріле алмаса, онда кәсіпорын мұндай қызметті жүзеге асыратын бөлімше соған сәйкес мастер-жазбаларды көшіріп алу және тарату құқығын сатып алуға тиіс.
Бұл ішкі класқа сондай-ақ жазылған (яғни тікелей эфирде таратылмайтын) радиобағдарламаларын өндіру қоса, студияларда және басқа жерлерде дыбыс жазу қызметі де кіреді.
Бұл ішкі класқа сондай-ақ музыкалық шығармаларды шығарумен байланысты қызмет кіреді, яғни музыкалық шығармаларға авторлық құқық сатып алу және тіркеу, олардың жарнамасын, рұқсаттамаларды беру және жазбадағы музыкалық композициялар деректерін авторландыру және радиоға, теледидарға, кинофильмдерге, концерттерде, спектакльдерде, баспа түрінде және басқа жеткізгіштерде пайдалану кіреді. Аталған қызметтегі кәсіпорындар авторлық құқықты иелене алады немесе авторлық құқық иелері атынан музыкалық құқықтар әкімгері рөлінде әрекет ете алады. Музыкалық партитуралар және ноталарды шығару да бұл ішкі класқа жатқызылады.
60 Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет
Аталған бөлімге радио-, телебағдарламалар, сонымен қатар ақапараттық және ойын-сауық бағдарламалары, сондай-ақ жаңалықтар, ток-шоулар және т.б. сияқты бағдарламаларды тарату, ұстау және одан әрі көрсету құқығы немесе сатып алу қызметі кіреді. Аталған бөлімге сондай-ақ әдетте телерадиохабарлармен таратуға біріктірілген деректерді беру кіреді. Телерадиохабарларын түрлі технологиялар көмегімен тарату: эфирде тарату арқылы, спутниктік тарату, кабельдік желілер немесе Интернет желісі арқылы жүзеге асырыла алады.
Аталған бөлімге сондай-ақ белгілі бір аудиторияға арналған тарату мақсатымен, жазылу немесе төлемдер негізінде, әдетте, үшінші тұлғалар арқылы тапсырыстық телехабарлар (ақпараттық, спорт, білім және жастар бағдарламалары сияқты шектелген форматттағы) үшін жасалатын бағдарламалар өндіру кіреді.
Аталған бөлімге жазылу бойынша көрсетілетін кабельдік және басқа бағдарламаларды тарату кірмейді, (61-бөлімді қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |