Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпығА



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#124768
1   2   3   4   5   6

түсінігі болуы керек.

Іскерлік әкімшілік магистрі мыналарды білуі тиіс:

- денсаулық сақтау ұйымының стратегиялық даму жоспарының принциптерін;

- басқарудың қазіргі тәсілдері және менеджменттің аналитикалық әдістері, диагностика, талдау және проблеманы шешу әдістерін;

- денсаулық сақтау ұйымы қызметінің жүйелік тәсілі әдістемесін;

- диагностика, талдау және проблеманы шешу әдістерін, сонымен қатар шешімді қабылдау және оларды практикада іске асыру әдістерін;

- сапаны басқару жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын, принциптерін және әдістерін;

- кем дегенде бір шет тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медицина және іскерлік ақпаратты еркін түсінетін деңгейде.

Іскерлік әкімшілік магистрі мыналарды істей алуы керек:

- ұйымның міндетін және мақсатын анықтауды, бәсекелес ортада оның күшті және әлсіз жақтарын талдауды, осының негізінде ұйымның стратегиясын жасай алуы;

- денсаулық сақтау ұйымы қызметінің стратегиясына, мақсаты мен міндеттеріне, сыртқы, ішкі жағдайына сәйкес ұйымдық құрылымды әзірлеу;

- қызметкерлердің өкілеттігі мен жауапкершілігін бөлуді жүзеге асыру, мамандардың корпоративтік жұмысын үйлестіру;

- денсаулық сақтаудағы бизнес-процестерді талдау және жобалау;

- дауларды басқару принциптерін және әдістерін меңгеру;

- cтратегиялық, ағымдағы, жедел жоспарлау және бақылау жүйесін әзірлеу;

- қызметтің түрлі саласындағы операцияларды басқару принциптерін және қазіргі әдістерін меңгеру;

- өзінің алдағы кәсіптік өсуін жобалау.

Іскерлік әкімшілік магистрінің мынадай машықтары болуы керек:

- денсаулық сақтау ұйымдарында адами ресурстарды тиімді басқару;

- денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру;

- тиімді қарым-қатынас, іскерлік хат алмасу, презентация өткізу және келіссөздер жүргізуді іске асыру;

- денсаулық сақтау менеджментінің практикалық проблемаларын шеше білу және ол шешімді өмірде жүзеге асыра білу;

- денсаулық сақтау ұйымында қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру;

- денсаулық сақтау ұйымының даму проблемасы бойынша кешенді жобаларды басқару;

- кәсіптік қықметінде қазіргі ақпараттық технологияны қолдана білу.



Іскерлік әкімшілік магистрі мына жұмыстарда білікті болуы керек:

- заңнама және құқық саласында, денсаулық сақтау ұйымы қызметін тиімді басқару және жоспарлауда;

- медицина бизнесін басқару мәселелерінде;

- іскерлік этикет мәселелерінде;

- жеке және кәсіптік өсуге дайын болып, ақпараттық іздестіру проблемасын шешуде.
Медицина ғылымдары магистрінің:

- қоғамдық денсаулық сақтаудың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері туралы, оның негізгі даму бағыттары туралы;

- қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті проблемалары және оларды шешудің қазіргі әдістері;

- қоғамдық денсаулық сақтауды оқытудың қазіргі әдістемесі туралы;

- қазіргі денсаулық сақтаудағы ғылыми және педагогикалық мектептердің рөлі (сабақтастық) туралы;

- денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылым мен инновацияның рөлі туралы;

- қазіргі ғылыми ақпарат туралы және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдану туралы;


  • деректерді статистикалық талдаудың қазіргі әдістері туралы

түсінігі болуы керек.

Медицина ғылымдарының магистрі мыналарды білуі тиіс:

- қазіргі қоғамдық денсаулық сақтау сүйенетін іргелі ғылымдардың негіздерін;

- қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі жетістіктері және даму үрдістерін;

- азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнаманы, медицина қызметкерлері қызметінің құқықтық негіздерін;

- ғылыми танымның қазіргі тұжырымдамасын, теориялық-әдістемелік негіздерін;

- ЖОО психологиясы мен педагогикасының негіздерін;

- ұжымның ғылыми қызметінің менеджменті мен мотивация негіздерін; - қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

- кем дегенде бір шетел тілін еркін меңгеру деңгейінде, оның ішінде медициналық ақпаратты еркін түсінетін деңгейде.



Медицина ғылымдарының магистрі мыналарды істей алуы керек:

- өзінің кәсіптік, ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметін, сонымен қатар ұжым қызметін жоспарлауды және жүзеге асыруды;

- кәсіптік қызмет саласының пәнаралық, сектораралық кешенді проблемаларын шешуді;

- іргелі ғылымдардан білімін өзінің практикалық жұмысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы нақты міндеттерді шешу үшін қолдануды;

- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан талдауды;

- өз қызметінде психологиядан және педагогикадан жоғары оқу орнында алған білімін қолдануды;

- командада жұмыс істеуді, кәсіптік қызметінде өз бетінше шешім қабылдауды;

- өзінің алдағы кәсіби дамуын жобалауды;

- жеке басының деформациясына және кәсіптік деформацияға қарсы тұру;

- білімін интеграциялау және оны жазбаша және ауызша формада қисынды байланыстырып, сыпайы жеткізе білуді.



Медицина ғылымдарының магистрінің мынадай машықтары болуы қажет:

- қисынды және сыни ойлау, шешімдерді дәйектеп дәлелдеу, өз ойын дұрыс және қисынды жазбаша және ауызша формада ресімдеу;

- ақпараттық және білім беру технологиясы, ақпаратты іздестіру және креативті шешім қабылдау негізінде өз білімін тереңдету, толықтыру, кәсіптік біліктілігін арттыру;

- зерттеудің алғашқы жобаларын әзірлеу және басқа да жобаларға қатысу, дербес зерттеу жұмыстарын жазу;



  • адамзаттың бұдан бұрынғы рухани дамуы мен практикалық әрекетінің синтезінің формасы ретіндегі философиялық принциптер тұрғысынан қоғамдық денсаулық сақтау жетістіктеріне талдау жасау;

- кәсіби қызметінде қазіргі ақпараттық технология мен дәлелді медицина принциптерін қолдану;

- зерттеу және педагогикалық міндеттердің стандартты түрлерін шешу;

- білім алушылар мен мамандар аудиториясымен жұмыс.

Медицина ғылымдарының магистрі мына жұмыстарда білікті болуы тиіс:

- қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы педагогикалық және ғылыми қызмет мәселелерінде;



  • Қазақстан Республикасында және шетелдерде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және қаржыландырудың қазіргі жүйесі саласында;

- кәсіптік, жеке және корпоративтік байланыс орнатуда;

- жеке және кәсіптік өсуге дайын болып, ақпараттық іздестіру проблемасын шешуде.


8 Магистрлік білім беру бағдарламасын әзірлеуге және оның шарттарына қойылатын талаптар

8.1 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын ғылым және білім беру ұйымдары дербес әзірлейді және бекітеді.

8.2 Магистратураның білім беру бағдарламасы мыналардан тұрады:

- негізгі және бейіндік пәндерді оқудан тұратын теориялық оқыту;

- кәсіптік практика;

- эксперименттік-зерттеу жұмысы, оған бейіндік магистратурада оқитындар үшін магистрлік диссертацияны орындау кіреді;

- ғылыми зерттеу жұмысы, оған ғылыми және педагогикалық магистратурада оқитындар үшін магистрлік диссертацияны орындау кіреді;

- аралық және қорытынды аттестаттау.

8.3 Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны жоғары орнынан кейінгі жалпыға міндетті білім беру стандарты мен типтік оқу жоспары негізінде дайындалған жұмыс оқу жоспары мен бағдарламалармен анықталады.

8.4 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымында өзіндік жұмысқа маңызды орын бөлінеді.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – магистранттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы (МОБӨЖ) және магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ).

МОБӨЖ – магистранттың оқытушымен байланыста өткізетін аудиториядан тыс жұмысы, ол оқу сабақтарының кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. МОБӨЖ сағаттарына үй тапсырмасын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептерді және МӨЖ тапсырмаларының басқа да түрлерін орындау жөніндегі консультациялар кіреді.

МӨЖ – магистранттың дербес өзі орындайтын аудиториядан тыс жұмысы. МӨЖ оқу-әдістемелік әдебиетпен, ұсыныстармен қамтамасыз етілген және өз бетімен оқуға бөлінген тақырыптардың белгіленген тізімі бойынша орындалады. Ол жұмыс тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, есеп беру жолымен және білімді бақылаудың басқа да формаларымен тексеріледі.

Өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі МОБӨЖ мен МӨЖ арақатынасын білім беру және ғылым ұйымдары өзі белгілейді. Ғылыми және педагогикалық дайындықта МОБӨЖ көлемі өзіндік жұмыстың жалпы көлемінің 1/4 бөлігінен кем болмауы керек, бейіндік дайындықта өзіндік жұмыстың жалпы көлемінің 1/3 бөлігінен кем болмауы керек.

8.5 Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен бірлесе отырып жасалған жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды, ғылыми жетекшінің ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD академиялық дәрежесі болуы және ғылымның осы саласында ғылыми зерттеумен белсенді түрде айналысуы шарт. Қажет болған жағдайда ғылымның ұқсас салаларынан ғылыми кеңесшілер тағайындалуы мүмкін. Жеке жоспар барлық оқу кезеңіне толық құрылады.

Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалады.Ол төмендегі тарауларды қамтиды:

- жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);

- эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, есеп беру мерзімі мен түрі);

- практика (бағдарлама, база, есеп беру мерзімі мен түрі);

- негіздемесі мен құрылымымен бірге магистрлік диссертацияның тақырыбы;

- магистрлік диссертацияны орындау жоспары;

- ғылыми жарияланымның, сынақ мерзімінен өтудің жоспары, (қажеттігі болса).

8.6 Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау нәтижелерінің халықаралық білім кеңістігінде танылуын қамтамасыз ету үшін білімді бағалау рейтингілік -балдық әріптік жүйемен жүргізіледі.

8.7 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасына практиканың өндірістік түрі кіруі тиіс.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, біліктілікке және практикалық дағдыны үйрену мақсатымен, сонымен қатар озық тәжірибені игеру мақсатымен жүргізіледі. Практика жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Магистрант шетел ғалымдарының дәрістерін тыңдауға, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысуға, ғылыми жетекшінің қадағалауымен эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиісті.

Өндірістік практиканы өткізу орны – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары, ғылыми ұйымдар.

Ғылыми және педагогиалық магистратураның білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қарастырады:

- педагогикалық;

- зерттеу.

Педагогикалық практика оқыту әдістемесі мен практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Педагогикалық практиканы оқу процесінен қол үзбей-ақ теориялық оқыту кезеңінде жүргізуге болады.

Магистранттың зерттеу жұмысына бөлінетін практика еліміздің және шетел ғылымының жаңа теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктерімен, эксперименттік деректерді өңдеу мен түсіндіру әдістерімен, ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Практиканың өтетін орны:

педагогикалық практика жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында;

зерттеу практикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда өткізіледі.

8.8 Өндірістік/зерттеу практикасының мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.

8.9 Практиканың барлық түрлері жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

8.10 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар

Бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысы:

- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;

- ғылымның, техниканың және өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсыныстың, басқару міндеттерінің өзіндік шешімі болуы;

- ақпараттық озық технологияның қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тараулардан тұруы тиіс.

8.11  Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар

Ғылыми және педагогикалық магистратураның ғылыми-зерттеу жұмысы:

- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуы;

- өзекті, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

- ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

- ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тарауларының болуы;

- білімнің тиісті саласындағы халықаралық озық тәжірибеге негізделуі тиіс.

8.12 Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы магистрлік диссертацияның (МЭЗЖ) орындалуын қосқанда 6 кредитті құрайды.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы магистрлік диссертацияның (МҒЗЖ) орындалуын қосқанда 11 кредитті құрайды.

8.13 Эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін магистрант әр академиялық кезеңнің соңында есеп түрінде ресімдейді.

Магистранттың эксперименттік-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы - магистрлік диссертация, оны дайындауға 1 кредит бөлінеді.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем дегенде бір жарияланымда және ғылыми-практикалық конференцияда бір баяндама түрінде ұсынылуы керек.

8.14 Магистрлік диссертацияның мазмұнына және ресімделуіне, оны дайындауға және қорғауға қойылатын талаптар білім саласының өкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

8.15 Кадрлармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Магистратураның білім беру бағдарламалары білім беру қызметін атқаруға лицензиясы бар мекемелерде жүзеге асырылады.

Оларда: осы стандарттың базалық және бейіндік пәндер циклі бойынша дәріс беретін ғылым докторлары, ғылым кандидаттары дәрежесі және философия докторы (РhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі бар штаттағы оқытушылар саны 45% -дан кем болмауы керек.

8.16 Магистратурада оқу сабақтарын ғылым докторы немесе кандидаты, PhD докторы академиялық дәрежесі немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі бар тұлғалар жүргізеді.

Бейіндік магистратурада сабақ жүргізу үшін тиісті профиль басқармасының жоғары буынының практик-мамандарын шақыруға болады.

8.17 Магистратурада оқу сабақтары инновациялық технология және оқытудың интерактивті әдістері қолданыла отырып жүргізілуі керек.

8.18 Оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілу талаптары:

Оқу процесінің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі магистранттардың білім беру бағдарламасын сапалы меңгеру мүмкіндігіне кепілдік беруі тиіс.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйеге, деректердің электронды базасына, кітапхана қорына еркін кіруге, компьютерлік технологияларды, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті еркін қолдануға мүмкіндік жасалуы қажет.

8.19 Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу талаптары: Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасының (аудитория қоры, компьютер класы, лабораториялар, аспаптармен жабдықталуы, қор материалдары) болуы шарт, ол база қолданыстағы санитариялық-техникалық нормаларға сай болуы және теориялық, практикалық дайындықтың оқу жоспарында қаралған барлық түрлерін өткізуді, сонымен қатар магистранттың эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысының тиімді орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Білім беру және ғылым ұйымдары зерттеу нәтижесінің жариялануына көмектесуі керек.


9 Магистратураның білім беру бағдарламаларын орындаған тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
9.1 Жалпы талаптар

Магистратура түлегінің іргелі ғылыми және кәсіптік дайындығы болуы, қазіргі ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін игеруі, қазіргі ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдай және шеше алуы, таңдаған ғылыми мамандығы бойынша эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлап, жүргізуі, жоғары оқу орындарында сабақ бере алуы, зерттеу және басқару қызметін табысты атқара алуы керек.

9.2 Арнаулы пәндер бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеруге қойылатын талаптар сол пәндердің оқу бағдарламасымен анықталады.


А қосымшасы

(міндетті)

6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының

Типтік оқу жоспары

(бейіндік бағыт) 


Оқу мерзімі: 1 жыл

Академиялық дәрежесі: Денсаулық сақтау магистрі




Пәндер циклі

Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Семестр

Бақылау формасы

1

2

3

4

5

6

НП

Негізгі пәндер

13







МНП

Міндетті компонент

9







01 МНП

IFN 6201

Ғылым тарихы мен философиясы

1

1

Емтихан

02 МНП

IYa 6202

Шетел тілі (кәсіптік)

2

1

Емтихан

03 МНП

Men 6203

Менеджмент

1

1

Емтихан

04 МНП

Psi 6204

Психология

1

1

Емтихан

05 МНП

EMI 6205

Эпидемиология және зерттеу әдістері

1

1

Емтихан

06 МНП

SAOZ 6206

Қоғамдық денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау

1

1

Емтихан

07 МНП

OP 6207

Ұйымдағы тәртіп

1

1

Емтихан

08 МНП

OB 6208

Биоэтика негіздері

1

1

Емтихан

ТНП

Таңдау компоненті

4

1




БП

Бейіндік пәндер

13







МПП

Міндетті компонент

6







01 МПП

OUZ 6301

Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару

1

1

Емтихан

02 МПП

ZZ 6302

Денсаулық сақтаудағы заңнама

1

1

Емтихан

03 МПП

UZPZ 6303

Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу

1

2

Емтихан

04 МПП

ODM 6304

Дәлелді медицина негіздері

1

2

Емтихан

05 МПП

EZ 6305

Денсаулық сақтау экономикасы

1

2

Емтихан

06 МПП

MPRZ 6306

Денсаулық сақтауда шешім қабылдау әдістері

1

2

Емтихан

1

2

3

4

5

6

ТК

Таңдау компоненті

7

2




Эксперименттік-зерттеу жұмысы

 

4

1,2

 

Практика

Өндірістік

3

  2

 

Қорытынды аттестаттау (ҚА)




2

2

 




1. Кешенді емтихан (КЕ)

1

2

 

2. Магистрлік диссертацияны (жұмысты) қорғау

1

2




 

Барлығы

30

 

 

Е с к е р т у –

Практика мен қорытынды аттестаттауға бөлінетін кредит саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредит санын көбейте алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет