Азақстан республикасының Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «еуразия су орталығЫ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» акционерлік қОҒамы


-ШІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯСЫН ОРЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ



бет2/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.19 Mb.
#134779
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2-ШІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ТЕҢІЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗДЕМЕЛІК КОНВЕНЦИЯСЫН ОРЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІ ТУРАЛЫ
Тегеран конвенциясының 21-шi бабына сәйкес Уағдаласушы Тараптар «Каспий теңiзінің теңіз ортасының күйі және ластануды болдырмау, азайту, бақылау жөніндегі қабылданған немесе жоспарланған шаралар туралы ақпаратқа өз заңдарына сәйкес қоғамның қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге ұмтылады. 27-шi бабқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар жүйелі түрде есеп беруге міндетті, атап айтқанда, әр бір ұлттық орган «конвенция, оның хаттамалары мен қосымшаларының ережелерін орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы есебін Тараптар Конференциясы бекіткен үлгіде және мерзiмде беріп отырады».

2011 жылғы 10 - 12 тамыз аралығында Актау қаласында, Қазақстан Республикасы өткен Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының Үшiншi сессиясында Тегеран конвенциясы мен оның хаттамалары үшін Стандартты есеп үлгісі қабылданды. және онда хаттамалар. Үшiншi сессияда Конвенция мен оның хаттамаларын жүзеге асыру туралы бірінші баяндаманы ТК Төртінші сессиясына дейін дайындау мен үйлестiру жөніндегі өтінішпен Уақытша хатшылыққа жүгіну туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №749 «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Конвенцияның Қазақстан аумағында іске асыруын үйлестіруші ұлттық орган ретінде белгіленген.

Тегеран конвенциясын Қазақстан Республикасында іске асыру жөніндегі бірінші ұлттық баяндама стандартты есеп үлгісіне сәйкес дайындалған. Баяндаманы дайындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы, программалық құжаттары, жоспарлары, декларациялары талданған және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мұнай және газ министрлігі, Манғыстау облысы мен Атырау облысының Әкімшіліктері, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ сияқты мүдделі мемлекеттік органдар ұсынған ресми ақпарат қолданылған.



Жалпы ақпарат
Есеп беруші Тарап

Уағдаласушы Тарап

Қазақстан Республикасы

Есеп беру мерзімі

2006-2012

Ұлттық құзырлы орган

ҚР ҚОҚМ

Ұйымның толық атауы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Ұлттық байланыс тұлғасы (ҰБТ)

Ахметов Серік

Пошталық мекен-жай

010000, Астана қ, 35-А көшесі 8, Министрліктер үйі

Тел

7 7172 798196

Факс

7 7172 798196

Эл. Пошта

serik.akhmetov@mail.ru

Ұлттық есеп бойынша байланысу органы

ҚР ҚОҚМ

Ұйымның толық атауы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Пошталық мекен-жайы

010000, Астана қаласы, 35-А көшесі 8, Министрліктер үйі

Тел

7 7172 798196

Факс

7 7172 798196

Эл. Пошта

serik.akhmetov@mail.ru

Тапсырған күні

2012 жылғы қыркүйек


Есепті дайындау үшін ақпарат жодлаған ұлттық ұйымдар

Ұйымның толық атауы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Пошталық мекен-жайы

010000 Астана қ, Бейбітшілік көшесі 22

Тел

7 7172 944832

Факс

7 7172 944832




Ұйымның толық атауы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Пошталық мекен-жайы

010000, Астана қ, 35-А көшесі 8, Министрліктер үйі

Тел

7 7172 7424 28

Факс

7 7172 74 24 16




Ұйымның толық атауы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі

Пошталық мекен-жайы

010000, Астана қ, Қабанбай батыр көшесі 32\1

Тел

7 7172 2413 12

Факс

7 7172 24 14 19

Эл. Пошта

mtc@mtc.gov.kz




Ұйымның толық атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті

Пошталық мекен-жайы

010000, Астана қ, 35-А көшесі 8, Министрліктер үйі

Тел

7 7172 74 33 25

Факс

7 7172 74 33 00




Ұйымның толық атауы

Маңғыстау облысының Әкімшілігі

Пошталық мекен-жайы

130000, Ақтау қ, 14 шағын аудан,1 үй

Тел

7 7292 311777

Факс

7 7292 31 45 36




Ұйымның толық атауы

Атырау облысының Әкімшілігі

Пошталық мекен-жайы

060010, Атырау қ, Әйтеке би көшесі 77

Тел

7 7122 3545 05

Факс

7 7122 35 50 30




Ұйымның толық атауы

«Қазмұнайгаз ҰК» АҚ

Пошталық мекен-жайы

010000, Астана қ, Қабанбай батыр көш 19

Тел

7 7172 976 101

Факс

7 7172 976 000

Эл. Пошта

astana@kmg.kz



Жалпы ережелер
Тегеран конвенциясы мен оның хаттамаларын орындаудың құқықтық, институтционалды, экономикалық және тағы басқа да құралдары

Қазақстан Республикасының конституциясын 4-шi баптың 3-шi тармағына сәйкес Тегеран конвенциясы бекiтілгеннен кейiн, халықаралық келiсiм ретінде, Қазақстан Республикасы заңдарының алдында артықшылыққа ие және оның ережелері мен нормалары тiкелей қолданылылады. Конвенцияның негiзгi қағидалары 2007 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қабылданған және қоршаған ортаның қорғау саласындағы белгiлi халықаралық нормаларға сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде қамтылған. Қазақстан Республикасы бекiткен 24 халықаралық көп жақты табиғат қорғау конвенцияларының 19-ның қағидаттары Экологиялық кодексте ескерілген. Кодексте Шаруашылық және басқа да қызметті Каспий теңiзiнiң солтүстік бөлiгiнде жүзеге асырудың экологиялық талаптарын ескеретiн арнайы бөлім бар.

Қазақстан үшін Каспий өңірінің маңыздылығы зор. Қазақстан Республикасының Үкіметі Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау мәселесіне үлкен назар аударады. Каспий экологиясын қорғау шаралары барлық ең маңызды мемлекеттiк, салалық және облыстық стратегиялар мен бағдарламаларға енгізіледі.

Өңірдің ең басты экологиялық проблемаларын шешу үшін халықаралық ұйымдардың қаржылай қолдауымен Каспий экологиялық бағдарламасының бірінші кезеңінде 2003 - 2012 жылдарға арналған Конвенцияны орындау жөніндегі ұлттық каспийлік іс-әрекет жоспарының (КҰІЖ) жобасы дайындалған.

КҰІЖ-да қамтылған іс-шаралар Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутектерін ұтымды және қауіпсіз пайдалану арқылы елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және Қазақстан халқы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы жарлығымен бекітілген 2003-2015 жылдарға арналған Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Қазақстанда Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі көптеген шаралар республикалық және жергiлiктi бюджеттер және теңiз жағалауында қызмет жүргізетін кәсiпорын есебiнен де, есебiнен жүзеге асырылады. Алайда, қазiргi уақытта айқындалған басымдылықтар мен Тегеран конвенциясының міндеттемеделін ескеретін және осы қызметті үйлестiретін программалық құжат жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпанда № 162 қаулысымен бекітілген 2008 - 2010 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау бағдарламасын» іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарында Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау бойынша ұлттық іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу ескерілген. Осы жоспарды орындау мақсатында 2009 жылы ұлттық іс-әрекеттер жоспарының жобасы дайындалып, жоба барлық мүдделі мемлекеттiк органдармен және Атырау және Маңғыстау облыстары әкiмшiлiктерімен келісілді. Алайда, ҚР Үкіметі бағдарламаларды әзiрлеуді жаhандық қаржылық дағдарыс жағдайында тоқтатуына байланысты жоспардың жобасын одан әрi дайындалуы тоқтатылды.

Сонымен бiрге Каспий теңiзінің ортасын қорғау әрекеттерін үйлестiру және табиғат қорғау шаралардың тиiмдiлiгін жоғарылату мақсатында мұндай құжатты әзiрлеу қажет екендігін Тегеран конвенциясының жүзеге асыру тәжiрибесi дәлеледеді.

Былтыр (Ақтау қаласында, Қазақстан) өткен Тегеран конвенциясының Тараптары конференциясының үшiншi сессиясында министрлердің мәлімдемесінде (8-шi тармақ ) каспий маңындағы елдерiнде Тегеран конвенциясының iске асыруы бойынша ұлттық жоспарларды әзірлеу мен іске асыру маңыздылығы атап көрсетілген. Атап айтқанда министрлер мәлiмдемесiнің бұл тармағы негiзiнен Қазақстанға қатысты, өйткенi басқа каспий маңындағы елдерде бұл кезде Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөніндегі тиiстi программалық құжаттар қабылданған болатын.

Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) КАСПЭКО жобасын жүзеге асыру барысында каспий маңындағы елдерде қабылданған Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөніндегі программалық құжаттар сарапшылар деңгейінде Тегеран конвенциясының міндеттемелерін назарға ала отырып қайта қаралды және оларға тиісті толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Алайда, Қазақстанда тиісті программалық құжаттың болмауына байланысты оны қайта қарастыру мүмкін болмаған. Тек Тегеран конвенциясын Қазақстанда жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бірінші нұсқасы дайындалған, оны тиісті негіздеменің (тапсырма) жоқтығына байланысты ресми қарастыру мүмкін болмаған.
Әр түрлі ұлттық салалық және салааралық жоспарларға/бағдарламаларға енгізілген Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясының міндеттерін орындау шаралары

Қазақстанда ұлттық каспийлік іс-әрекет жоспарын (ҰКІЖ) ҚР Үкіметі арнайы құжат ретінде бекітпеген, бірақ оның ең ірі іс-шаралары 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Мемлекеттік Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру бағдарламасына енгізілген.

Сонымен қатар, ҰКІЖ көптеген іс-шаралары кейін Үкіметтің басқа программалық құжаттарына қандай да бір нысанда енгізілген. Атап айтқанда, олар мынадай құжаттарға енгізілген:

- 2004-2015 жылғдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы;

- 2010 жылға дейінгі индустриалдық – инновациялық даму стратегиясы;

- 2004 – 2006 жылғдарға арналған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы;

- 2005-2007 жылғдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы;

- 2005- 2015 жылғдарға арналған Шөлуейттенумен күрес бағдарламасы;

- 2004-2010 жылғдарға арналған Газ саласын дамыту бағдарламасы;

- 2003 – 2010 жылғдарға арналған Минералдық – шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасы;

- Мемлекеттік ауыл аумақтарын 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы.

Сонымен бірге, бірқатар қоршаған ортаны қорғау шаралары Каспий маңындағы облыстардың жергілікті атқару органдарының бағдарламаларына енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 қаулысымен бекітілген теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарына сәйкес теңіз көлігінің ұйымдары табиғат қорғау саласындағы уәкілетті органның аймақтық бөлімшелерімен келісілген табиғатты қорғау шаралары және мұнайдың төгілуінің алдын алу және оны жою жоспарларын жыл сайын бекітеді.

Жоғарыда аталған жоспарлардың шеңберінде теңіздің ластануын болдырмау, атмосфераға шығарындылар көлемін азайту және теңіз суларының жай-күйін бақылау мақсатында компаниялар жыл сайын мынадай жұмыстар жүргізеді:

- кемелерді жөндеу (кеме корпусын тазалау, антикоррозиялық және қорғау жамылғысын жағу, фекалды льялды цистерналарды тазалау және т.с.);

- шаруашылық-фекалды, льялды және құрамында мұнай бар суларды кеінгі тазалау мен утилизацияға жіберу;

- теңіз суының сапасын аналитикалық бақылау;

- мұнайдың төгілуіне ден қою үшін табиғатты қорғау құралдарының қорын сатып алу (толықтыру).


Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау, сақтау және қалпына келтiру, оны ластанудан қорғау, төмендету және бақылау, сонымен бiрге оның ресурстарын теңiз ортасына залал келтірмей пайдалану үшiн Конвенция Тараптарынің бiр-бiрiмен ынтымақтастығы

Каспийдің табиға ресурстарын қорғау және тиімді басқару мақсатына жету үшін Қазасқтан Республикасы көпжақты және екі жақты форматтарында жағалау маңындағы мемлекеттерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қазақстанның жағалау маңындағы мемлекеттерімен екі жақты форматтағы ынтымақтастығы мынадай келісімдерге негізделген:

- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы жерді пайдаланудың егемендi құқығын жүзеге асыру мақсаттарындағы Каспий теңiзiнiң солтүстік бөлiгiнiң түбін шектеуi туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегі келiсiм;

Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы Каспий теңiзiнiң түбін Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында шектеуi туралы келiсiм және Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы Каспий теңiзiнiң түбін Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында шектеуi туралы келiсiмге хаттама;

- Шекарааралық су объекттерiн бiрлесіп қолдану және қорғауы туралы Ресей Федерациясының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы 1992 жылғы 27 тамыздағы келiсiм;

- Теңiздегi көлiк саласындағы ынытмақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы келiсiм;

- Теңiздегi сауда кеме шаруашылығы саласындағы ынытмақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi және Әзiрбайжан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы келiсiм.



Теңiз ортасын қорғау саласында Қазақстан халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады. 12 жылдан астам өлкеде Каспий экологиялық бағдарламасы iске асырылды. Осы уақыт iшiнде түбегейлi нәтижелеге қол жеткізілген. Атап айтқанда, Тегеран конвенциясының iске асыруының процессiне маңызды қолдау көрсеткен. Каспий экологиялық бағдарламасының нәтижелерi әрине, мына халықаралық ұйымдардың тұрақты қолдауының арқасында қол жеткізген:

- БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ);

- БҰҰ Қоршаған орта бойынша бағдарлама (ЮНЕП);

- БҰҰ Азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО);

- Жаһандық экологиялық қор (ГЭФ);

- Дүниежүзілік банк;

- Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ);

- Халықаралық Теңiз ұйымы;

- Еуропалық одақ;

- Мұнайдың төгіліуін жоюға ден қою жөніндегі өңірлік бастама (Каспий теңiзi - Қара теңiз - Орталық Еуразия) (ОSPRI).

2009 жылдан бастап үстіміздегі жылдың ортасына дейiн Каспий экологиялық бағдарламаның үшiншi фазасының Аймақтық кеңсесi Астанада орналасты. Қазақстандық тарап бағдарламаның орындауын процессіне тартылған халықаралық және ұлттық сарапшылар үшiн сенiмдi жұмыс жағдайларының қамтамасыз етуi үшiн барлық күшін салды.


Конвенция және оның хаттамалары ережелерін сақтауын қамтамасыз ету рәсімдерін әзірлеу үшiн Конвенция тараптарының бiр-бiрiмен ынтымақтастығы.

Қолданыстағы халықаралық келiсiмшарттарға сәйкес теңiз көлiгінің саласында мынадай нормативтiк құқықтық акттер қолданылады:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң жеке куәлiгiнің үлгiсін, теңiзде жүзетiн кiтапшаны, дипломдар растауын, оларды ресiмдеу, беру, ұзарту және алып қою ережелерін бекiту туралы» №797-шi 14.07.2011 жылғы қаулысы, (Теңiзшiлердi әзiрлеу және оларды мамандандыру, вахтаны атқаруы туралы халықаралық конвенция, 1978 жыл);

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Кемелермен тасымалданатын қауiптi жүктердi тiзiмнiң бекiтуi туралы» қаулысы (1978 жылғы хаттамамен өзгертiлген Кемелерден ластанудан сақтау жөніндегі халықаралық конвенция (МАРПОЛ 73/78).

Теңiздегi кемелерді техникалық куәләндiруiнде Жүк таситын марка туралы халықаралық конвенция, 1966 жыл, Кемелерді өлшеу бойынша халықаралық конвенция, 1969 жыл, Мұнаймен ластану залалына азаматтық жауапкершілiк туралы халықаралық конвенция, 1969 жыл, 1978 жылғы хаттамасымен өзгертiлген Теңiзде адам өмiрiнiң қорғауы бойынша халықаралық конвенция, 1974 жыл, (СОЛАС 74/78) нормалары қолданылады.
Тегеран конвенциясы мен оның хаттамалары ережелерін орындауға бағытталған әрекеттке шолу

Каспий теңiзінің ортасына терiс әсер етудегі құрлықтағы ластану көздерін толық жою консервациялау.

Мемлекеттiк құрылымдар мен мұнай серiктестiктерi теңiз айдыныда және жағалау аймағында батып кеткен ұңғымақтарды жою және консервациялау, олардың жай күйiн бақылау жұмыстарын жүйелi негiзде жүргiзiледi.

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң стратегиялық жоспарын 2010 жылы iске асыру шеңберiнде Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлігінің шегінде және теңiз суымен басылған аймақатарда 1900 мұнай ұңғымалары тексерілді. Тексеру барысында олардың iшiнде 110 ұңғымақтар (89 - Атырау облысында, 21- Маңғыстау облысында) авариялық күйде екендігі анықталды.

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ұңғымақтардың түгендеуi өткiзiліп, олардың кадастры құралған. Мұнай ұңғымаларын тексеру жұмыстарының нәтижелерi бойынша жер пайдаланудың шартты аумақтарына жатпайтын анықталған авариялық күйдегі ұңғымақтарды жоюға арналған жұмыстардың кейнгі бағыттары анықталған.

Маңғыстаумұнайгаз АҚ Каламкасмунайгаз өндiрiстiк басқармасы дамытып жатқан Қаламқас кен орны Каспий теңiзiнiң Бозашы түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Кәзір Каспий теңiзiнiң белгілі деңгейi салыстырмалы тұрақтылықпен бейнеленедi.

Қаламқас кен орнында мазутталған грунт полигондары, бұрғылаудың қалдықтары және қатты - тұрмыстық қалдықтарда бар. Маңғыстаумұнайгаз АҚ биоремедиации әдiсімен полигондарды тазарту жұмысын жүргiзуде, 2011 жылы барлығы 8677,96 тонна тазалаған. 2012 жылы мазутталған жердiң қалдықтарының 19812 тоннасын тазалау жоспарлаған.

Қатты - тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигонын жобалау басталған. 1988 жыл салынған қазiргi полигон санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмейдi.

Қазмунайгаз АҚ Эмбамунайгаз өндiрiстiк филиалында технологиялық операцияларды өткiзу барысында аумақтарды ластанудан сақтап қалу үшiн канализациялық қақпақтары бар саға алдындағы алаңдардың құрылысы екпiндерi жыл сайын үлкеюде және осы мақсаттар үшін қаржыландыру көлемі жыл сайын көбеюде. 2007 жылы 152 ұңғымақ жағдайы жақсартылды. Қаржы шығындары 166558,67 мың теңгені құрады. 2008 жылы 78 778, 45 мың теңге сомаға 78 ұңғымақ жағдайы жақсартылды. 2011 жылы 147 441, 46 мың теңге сомаға 47 ұңғымақ жағдайы жақсартылды. 2012 жылы осы кездеге 390 704, 83 мың теңге сомаға жұмыстағы 137 ұңғымақтардың жағдайын жақсару жоспарланған және ол жұмыстар кәзір жүргізіліп жатыр.

Жылыоймунайгаз мұнай газ өндіру басқармасының Тәжiғали кен орнындаығ 1989 жылдан бері консервациядағы су басқан және батып кеткен ұңғымақтардың мониторингі квартал сайын жүргiзiледi.

Жер бетiндегi көздерден ластануды болдырмау,қорғау, төмендету және бақылау үшiн ағынды суларының тастауларын ұлттық органдарыының лицензиялауы/рұқсат беруі.

ҚР Экологиялық кодексінің 225 бабына сәйкес:

- осы баптың 2-шi тармағына сәйкес ағынды суларды тастау үшiн табиғи су объекттерiн қолдануға тиім салынады,

- қоршаған ортаға эмиссияға тиiстi экологиялық рұқсат болған жағдайда жер бетіндегі су объекттерiне және жер қойнауына ағынды суларды тастау рұқсат етiледi.

Кодексте белгіленген ережеге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат табиғатты пайдаланушының өтініміне сәйкес беріледі.

Табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрcетiлген шарттарды орындауы керек және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды сақтау жауапкершiлiгі оларға жүктеледi.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін табиғатты пайдаланушы қажеттi құжаттарды рұқсат беру органдарына ұсынады. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу өтінінімінің формасын қоршаған ортаның қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекітелі.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат қоданыстағы рұқсатта көрcетiлген қолданылатын технологиялар мен табиғатты пайдалану шарттарының өзгеруі дейін, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге беріледі.


Қалалық ағынды суларды тазартудың түрлерiн қолдану

Қазiр Маңғыстау облысының әкiмшiлiгi Ақтау қаласында 30000 м3/тәулігіне өнiмдiлiгi бар канализациялық тазарту құрылыстарының құрылысы (бiрiншi кезек) бойынша жұмыстарды жүргізуде. 2009 дан 2011 жылдарға дейiн Маңғыстау облысының әкiмшiлiгi бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 2 400, 9 миллион теңге көлеміндегі қаражатты бөлген, соның iшiнде 2011 жылы 792,8 млн. теңге. Осыған қосымша жергiлiктi бюджеттен 281,7 миллион теңге сомасы бөлінген.

Маңғыстау облысында мынадай кәсiпорындарсумен қамтамасыз ету және суді бөлумен шұғылданады:

Ақтау қаласында және қала ішінде - «МАЭК Қазатомпром» ЖШС «ТВСиВ» ҚКШ

Жаңаөзен қ - ҚКШ «Өзенинвест»;

Түбқараған ауданы бойынша - ҚКШ «БЖКУ»;

Маңғышлақ ст, Опорный аулы, Үстірт ст., Сай-Жар ст., Шетпе ст - «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС;

Бейнеу ауылында - КСК «Хасан-Хусайын»,

Құрық ауылында - ҚКШ «Тұрмыс-Сервис».

Жоғарыда көрсетiлген кәсiпорындар қалалық тұрғын және өнеркәсiптiк құрылыс ошақтарына мынадай техникалық қызметтер көрсетеді:

халықтың, коммуналдық-тұрмыстық кәсiпорындардың, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың шаруашылық - iшiрлiк мұқтаждықтарына және өрт сөндiруге пайдалануы үшін қабылдау және тасымалдауға арналған сумен жабдықтаудың қалалық жүйелерiн эксплуатациялау;

Қаланың шаруашылық қажеттіліктеріне (шаңды басу, өсімдіктерді суғару) пайдалану мақсатында қалалық тазарту құрылымдарына (1-КТҚ) ағынды суларды қабылдау, тасымалдау және тазартуға арналған қалалық су шығару жүйелерін эксплуатациялау.


Маңғыстау облысының тазарту құрылғылары


№ п/п

Объекттің атауы (табиғат пайдаланушының)

Биологиялық тазарту

Тазарту қуаты м3/тәулігіне

1

2

3

5

1

ФК «Бозашы Оперейтинг ЛТД»

Биологиялық тазарту

145 м3/ тәулігіне


2

«ММГ» АҚ

Қаламқас кен орны


Жетібай, Асар кен орындары

Биологиялық тазарту


1500 м3/сут тәулігіне


50 м3/ тәулігіне


3

«БЖКУ» ҚКК

Биологиялық тазарту

200 м3/ тәулігіне


4

«Қарақұдықмұнай» ЖШС

Биологиялық тазарту

120 м3/ тәулігіне


5

«Қазполмұнай» ЖШС

Биологиялық тазарту

100 м3/ тәулігіне


6

«Толқыннефтегаз» ЖШС

Толқын вахталық қалашығы


Боранкөл вахталық қалашығы

Биологиялық тазарту


100 м3/ тәулігіне


200 м3/ тәулігіне

7

«Өзенинвест» ҚКК

Биологиялық тазарту

21500 м3/ тәулігіне

8

«Өзен – Елес» ЖШС

Биологиялық тазарту

2880 м3/ тәулігіне

9

«Қаражанбасмұнай» АҚ

1-КТҚ


2-КТҚ

Биологиялық тазарту

400 м3/ тәулігіне


100 м3/ тәулігіне

10

«Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС

Биологиялық тазарту

840 м3/ тәулігіне


11

«ТВС и В» 1-КТҚ ҚКК

Биологиялық тазарту

72000 м3/ тәулігіне

12

УМГ «Атырау» АҚ«ИЦА»

Биологиялық тазарту

50 м3/ тәулігіне

13

«Қазақтүркмұнай» ЖШС

Биологиялық тазарту

20/10 м3/ тәулігіне

14

«ЗСПТ» ЖШС

Биологиялық тазарту

120 м3/ тәулігіне

15

«Сат Оперейтинг» ЖШС

Биологиялық тазарту

5000 м3/ тәулігіне

16

«Арман» СП ЖШС

Биологиялық тазарту

25,72 м3/ тәулігіне

17

«МАЭК – Қазатомпром» БН-350 ЖШС

Биологиялық тазарту

800 м3/ тәулігіне

18

«Аджип ККО»

Биологиялық тазарту

Қошанай кешені- 41,09 м3/ тәулігіне

RAVEN UNIT – 128.32 м3/ тәулігіне



19

«Теміржолсу-

Маңғыстау» ЖШС

Шетпе аулы 145м/с

Қаркөл ст. 145м/с

Маңғышлақ ст. 200м/с

Сай-өтес ст. 145м/с

Үстірт ст.145м/с

Опорный ст. 145м/с



Биологиялық тазарту

Шетпе аулы - 3480 м3/ тәулігіне

Қаркөл ст. - 3480 м3/ тәулігіне

Маңғышлақ ст. - 4800 м3/ тәулігіне

Сай-өтес ст. - 3480 м3/ тәулігіне

Үстірт ст.- 3480 м3/ тәулігіне

ст.Опорный - 3480 м3/ тәулігіне




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет