Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/7
Дата20.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#149326
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж.,
    № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17,
    155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13,
    53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат;
    № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7,
    32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82,
    83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2,
    5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж.,
    № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; №10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

221-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса, –»;

ескерту мынадай редакцияда жазылсын:



«Ескерту.

1. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.



2. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны бірінші рет табыс етпеген не аталған декларацияға немесе салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге немесе төлеуге байланысты өзге құжаттарға көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген жеке тұлға белгілі бір жанама әдіспен салық салу және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша жеке табыс салығын төлеген жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық жауаптылықтан босатылады.».

  1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8,
    189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат;
    № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10,
    69-құжат;
    № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат;
    2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3,
    26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1,2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат):

178-2-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы алып тасталсын.

  1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж.,
    № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10,
    244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1 - 2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11,
    56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3 - 4,
    16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21 - 22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5 - 6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2 - 3, 16-құжат; № 9 - 10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19,
    88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3 - 4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17 - 18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат;
    № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21 - 22, 124-құжат;
    2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

«4-2) аудиттелетін жеке тұлғалармен жасалған сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға;».



  1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат;
    № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат;
    № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; №10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10,11- құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

  1. мазмұнында:

206-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiне, шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу, сондай-ақ салық есептiлiгiне толық емес, дәйексіз мәліметтер беру»;

206-2-баптың тақырыбы алып тасталсын;

358-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де уәкiлеттi органдардың және уәкілетті адамдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы»;

2) 206-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«206-бап. Салық есептiлiгiне, шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу, сондай-ақ салық есептiлiгiне толық емес, дәйексіз мәліметтер беру»;



бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі –

ескерту жасауға әкеп соғады.»;



мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:

«2-1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқтыратын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияларда, жеке тұлғаның табыстары туралы қысқаша декларацияда толық емес, дәйексіз мәліметтер беру –

ескерту жасауға әкеп соғады.



2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;



мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

«Ескерту. Осы баптың 2-1 және 2-2-бөліктерінің ережелері тиісті мемлекеттік органдарда активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер болған кезде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда осындай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.»;

3) 206-2-бап алып тасталсын;

4) 216-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«салық қызметі органдарының банк шоттары бойынша белгiлi бір кезеңде жасалған операциялар туралы сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, салық төлеушiлердiң, оның ішінде аудиттелетін жеке тұлғалардың осы шоттарда ақшасының бары туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты табыс етпеуі;»;

5) 358-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де уәкiлеттi органдардың және уәкілетті адамдардың салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де уәкiлеттi органдардың және уәкілетті адамдардың табыс етпеуi, уақтылы, дәйекті немесе толық табыс етпеуі -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

«Ескерту. Осы бапта пайдаланылатын салық заңнамасының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.»;

6) 541-баптың бірінші бөлігінде «206-2» цифрлары алып тасталсын;

7) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының отыз төртінші абзацында «206-2» цифрлары алып тасталсын.



  1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

  1. мазмұнында:

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Салық қызметі органдары. Кеден органдары. Салық қызметі органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы. Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО)»;

мынадай мазмұндағы 24-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«24-1-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара


іс-қимылы»;

мынадай мазмұндағы 25-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«25-1-бап. Салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (ҚӨО)»;

67-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«67-бап. Салық агенттері табыс ететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері»;

мынадай мазмұндағы 67-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:



«67-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері, табыстары мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері»;

154-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«154-бап. Жекелеген жағдайларда табысқа салық салудың ерекшеліктері»;

154-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 154-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«154-2-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері»;

156-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«156-бап. Салық салудан босатылатын табыстар»;

мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5-баптардың тақырыптармен толықтырылсын:

«156-1-бап. Салық шегерімдері

156-2-бап. Салық шегерімдерін қолдану тәртібі

156-3-бап. Жұмыс берушілердің салық шегерімдерін қолдану ерекшеліктері

156-4-бап. Жеке тұлғалардың салық шегерімдерін өз бетінше қолдану ерекшеліктері

156-5-бап. Салық шегерімдерін растайтын құжаттар»;

157-баптың тақырыбы алып тасталсын;

159-баптың тақырыбы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 159-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету»;

19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар»;

160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«160-бап. Жалпы ережелер»;

мынадай мазмұндағы 160-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:



«160-1-бап. Салық және есептілік кезеңдерi»;

мынадай мазмұндағы 162-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру тәртібі»;

166-баптың тақырыбы алып тасталсын;

20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«20-тарау. Жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстары»;

177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«177-бап. Жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстары»;

мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«177-1-бап. Салық кезеңі»;

178-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«178-бап. Жеке тұлғаның өзі дербес салық салуға жатқызатын табыстары бойынша жеке табыс салығын есептеу»;

мынадай мазмұндағы 180-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:



«180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимаратындағы үлесін беруден түскен табыс»;

2-параграфтың және 181, 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«§ 2. Жеке практикамен айналысудан түсетін табыс

181-бап. Жалпы ережелер

182-бап. Жекеше нотариустың табысы»;

мынадай мазмұнда 182-1, 182-2 және 182-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:



«182-1-бап. Жеке сот орындаушысының табысы

182-2-бап. Адвокаттың табысы

182-3-бап. Кәсіби медиатордың табысы»;

мынадай мазмұндағы 184-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысын айқындау тәртібі»;

185-баптың тақырыбы алып тасталсын;

186 және 187-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 21-1-тараудың, 1-параграфтың, 187-1, 187-2 және 187-3-баптардың, 2-параграфтың, 187-4 және 187-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары

«§ 1. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация

187-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация

187-2-бап. Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау ерекшеліктері

187-3-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс ету мерзімдері


  • 2. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация

187-4-бап. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларация

187-5-бап. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімдері»;

200-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салудан босатылатын табыстары»;

205-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«205-бап. Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету»;

221-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;

363-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«363-бап. Салық және есептік кезеңдер»;

416-баптың тақырыбы алып тасталсын;

417-баптың тақырыбы алып тасталсын;

17-бөлімнің, 60-тараудың және 419-425-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

583-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«583-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік, жергiлiктi атқарушы органдардың және уәкілетті адамдардың салық қызметінің органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері»;



83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфтың және 606-1-606-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«§ 2. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару

606-1-бап. Жалпы ережелер

606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру

606-3-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі

606-4-бап. Білім беруге, медицинаға шығыстары, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі

606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі»;

мынадай мазмұндағы 88-1-тараудың және 626-1, 626-2, 626-3, 626-4, 626-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«88-1-тарау. Камералдық аудит

626-1-бап. Камералдық аудит

626-2-бап. Камералдық аудитті жүргізудің тәртібі және мерзімдері

626-3-бап. Камералдық аудит барысында жеке тұлғаның табысын айқындау

626-4-бап. Камералдық аудит нәтижелері

626-5-бап. Жеке тұлғаның табысын айқындаудың жанама әдісін қолдану»;

21-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бөлім. Камералдық аудит, салықтық тексеру нәтижелеріне және салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану»;

мынадай мазмұндағы 92-1-тараудың және 665-1, 665-2, 665-3, 665-4,
665-5, 665-6, 665-7, 665-8 и 665-9-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«92-1-тарау. Камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламаға шағымдану тәртібі

665-1-бап. Жеке тұлғалардың камералдық аудит нәтижелері туралы хабарламасына шағымдарды қараушы органдар

665-2-бап. Жеке тұлғаның шағым беру тәртібі

665-3-бап. Жеке тұлға шағымының нысаны мен мазмұны

665-4-бап. Шағымды қараудан бас тарту



665-5-бап. Шағымды қарау тәртібі

665-6-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару

665-7-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет