Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет1/13
Дата23.02.2024
өлшемі198.14 Kb.
#493031
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
stud.kz-67926



Кіріспе

Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы қазіргі заманғы сапалы білімге қол жеткізуде және XXI ғасырда баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.


Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы үнемі даму үстінде қызмет етеді, өйткені ол оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуде негізгі қабілеттерін көрсетуге ықпал етеді. Бұл ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына және ақпараттық қоғамдағы балалардың әлеуметтенуіне қызмет етеді.
"Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясын" қарапайым тілмен айтқанда, бұл – адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана білуі. "Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы" бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру............
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі.
«Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» оқу пәнінің оқытудың мақсаты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін білім алушыларды компьютерлік құрылғы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептеу ойлауы, робототехника мәселелері бойынша базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
«Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін оқыту бойынша әдістемелік нұсқау келесі сұрақтарды қарастырды:

  • Халықаралық тәжірибе негізінде бастауыш сыныптарда «Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін оқыту ерекшеліктерін зерттеу

  • «Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін оқытудың өзекті мәселелері

  • «Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін оқытудың әдістемелік жүйесі

  • «Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін оқытуда АКТ ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бойынша әдістемелік ұсынымдар



Нәтижесінде «Бастауыш мектепте цифлық сауаттылықты оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін оқыту қазіргі Қазақстандағы мектеп информатикасының даму тенденцияларын қамтамасыз ете отырып, іргелі білімнің қажеттілігін оның рөлін арттырады.


2-Дәріс. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту мақсаты мен міндеттері.





    • Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары;

    • Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттері;

    • “Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерi;

Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:

  • оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану процестерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;

  • оқушылардың оқу процесiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:

  • информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;

  • информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;

  • информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.

“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.

Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.


Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет