Қазақстанның ТӨлем жүйелерін



бет8/11
Дата01.07.2016
өлшемі2.87 Mb.
#170304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ

Өткен он жыл төлем карточкаларының отандық нарығының екпінді әрі нәтижелі қарқында дамуымен есте қалды. Бұл барлық аспектілер мен көрсеткіштерге: карточкалардың эмитенттері мен эквайерлерінің қатарына, эмиссияланған және таралған карточкалардың және оларды ұстаушылардың санына, транзакциялар инфрақұрылымы мен көлемдеріне, сондай-ақ қазақстандық банктер ұсынатын жаңа карточкалық өнімдер мен қызметтер мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге қатысты болды. Эмитенттік қызмет пен эквайрингтік бизнес ақпаратты берудің, сақтаудың және өңдеудің жаңа технологияларымен, сондай-ақ деректердің жария болуы тәуекелдерін төмендету жөніндегі шешімдермен тығыз байланысты. Атап айтқанда, егер де 2000 жылдардың басында төлем карточкалары магнитті жолақпен эмиссияланса, ал 2010 жылы олардың негізгі бөлігі микрочиппен шығарылып отыр.

Сонымен қоса, карточка ұстаушыларға қызмет көрсетудің ортақ жүйелерін дамыту, қолда бар жабдықтар базасына жаңа функционалдық мүмкіндіктерді енгізу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың жаңа тәсілдерінің, атап айтқанда Интернет пен мобильді телефондардың пайда болуы себепші болғандықтан төлем карточкаларын қолдану аясы айтарлықтай кеңейді.

Сондай-ақ, төлем карточкаларының нарығына жаңа ойыншылардың қатысқанын да атап өткен жөн. Сонымен, 2002 жылы екінші деңгейдегі 14 банк төлем карточкаларының шығарылымын жүзеге асырса, ал 2010 жылы екінші деңгейдегі 20 банк пен «Қазпочта» АҚ аталған шығарылымды, сондай-ақ шетел эмитенттері шығарған төлем карточкаларын таратуды жүзеге асырып отыр (16-сурет.).



16-сурет.

Төлем карточкалары эмитенттерінің саны

Қазақстанның төлем карточкаларының нарығы халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларымен және жергілікті өнімдермен көрініп отыр. Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, Diners Club International және China Union Pay халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Сондай-ақ, нарықта жергілікті жүйелердің карточкалары: «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ – Altyn Сard, «БТА Банкі» АҚ – SmartAlemCard және «Ситибанк Қазақстан» АҚ – Қазақстан Ситибанкінің жергілікті карточкасы ұсынылып отыр. Сонымен қоса, өткен жылдарда төлем карточкаларының жергілікті жүйелерінің бірқатары өз қызметін тоқтатты, атап айтсақ: TemirCard, KazCard, Каспийский және «Цеснабанк» АҚ-ның жергілікті карточкасы. Банктердің жергілікті төлем карточкаларын шығарудан бас тартуының негізгі себебі халық тарапынан ең төменгі сұраныстың орын алуы болып табылады.

Осыған байланысты айналыстағы төлем карточкаларының жалпы санындағы халықаралық жүйелердің карточкалары үлесінің ұлғаюы байқалып отыр – 2001 жылы олардың үлесіне 81,0% тиді, ал 2010 жылдың соңына таман осы көрсеткіш 98,0%-ды құрады (12-кесте).
12-кесте.

Халықаралық және жергілікті жүйелердің карточкалары үлесінің өзгеру динамикасы


Жылы

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Халықаралық жүйелер карточкаларының үлесі

81,0%

84,2%

82,2%

87,3%

87,1%

95,3%

96,4%

97,5%

97,9%

98,0%

Жергілікті жүйелер карточкаларының үлесі

19,0%

15,8%

17,8%

12,7%

12,9%

4,7%

3,6%

2,5%

2,1%

2,0%

Нарықта бірнеше жыл бұрын негізінен жалақы жобалары ұсынылды және Қазақстан тұрғындары төлем карточкаларын пайдалана отырып, жалақы, стипендия алатын. Қазір нарықта көрсетілетін қызметтердің де түр-түрі және әртүрлі карточкалық бағдарламалардың да көптеген түрі ұсынылады. Сонымен, төлем карточкасының көмегімен тауарлар мен қызметтер үшін дүкендерде және мейрамханаларда есеп айырысуға, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін, салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуге, кредитті өтеуге, ақшаны карточкадан карточкаға аударуға, тауарлар мен қызметтерге Интернеттің көмегімен немесе телефонды пайдалану арқылы тапсырыс беруге болады. Сонымен, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі төлем карточкаларын пайдаланғанды жөн көреді. 2001 жылы орта есеппен Қазақстанның 12 тұрғынына бір төлем карточкасынан келсе, 2010 жылы 2 тұрғынға бір карточкадан келіп отыр (17-сурет).



17-сурет.

01.01.2011 жылғы жағдай бойынша қазақстандық банктер эмиссиялаған және таратқан карточкалардың жалпы саны 8,4 млн. бірлікке жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 10,2% асып кетті. Аталған карточкаларды ұстаушылардың саны 2010 жылы 9,5%-ға ұлғайды және 7,8 млн. адамды немесе елдегі экономикалық жағынан белсенді халықтың жалпы санының 90,8%-ын құрады (18-сурет).
18-сурет.

Банктер клиенттерінің басым көпшілігі «жалақы жобалары» шеңберіндегі төлем карточкаларының ұстаушылары болғандықтан, айналыстағы карточкалардың негізгі бөлігінің үлесіне айналыстағы карточкалардың жалпы санының шамамен 89,5%-ы келетін дебеттік карточкалар болып табылады. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың үлесі 2,6%-ды, кредиттік карточкалардың үлесі 7,8%-ды, алдын ала төленген карточкалардың үлесі 0,1%-ды құрайды. Кредиттік карточкалардың аздаған үлесі оларға қызмет көрсету бағасына да, дебеттік карточкалар бойынша кредиттік лимитті белгілеу мүмкіндігіне де байланысты болады. Алайда, кредиттік карточкалардың ыңғайлылығына және олардың кредиттеудің жекелеген түрлерін ауыстыру мүмкіндігіне қарай болашақта карточкалардың аталған түрлерін пайдалана отырып жүзеге асырылатын операциялар санының және көлемінің өсуін күтуге болады.

Сонымен қоса, айналыстағы төлем карточкаларының жартысына жуығы белсенді еместігін, яғни пайдаланылмайтындығын ескерген жөн (19-сурет).



19-сурет.

Шығарылған және қолданылатын карточкалар санының ара қатынасы

Осыған байланысты Қазақстандық эмитенттердің белсенді төлем карточкаларын пайдалана отырып транзакциялар саны мен сомалары өсімінің оң динамикасын атап өткен жөн. Сонымен, 2002 жыл ішінде белсенді карточка бойынша 276,7 мың теңге сомасына орташа есеппен 23,1 транзакция (транзакцияның орташа сомасы 12 мың теңге) жасалды, ал 2010 жылы осы көрсеткіш 870,1 мың теңге сомасына 35,4 транзакцияны (транзакцияның орташа сомасы 24,6 мың теңге) құрады (20 және 21-суреттер).

20-сурет.

Орташа есеппен бір белсенді төлем карточкасы бойынша жасалған

төлемдер саны

21-сурет.

Орташа есеппен бір белсенді төлем карточкасы бойынша жасалған

төлемдер көлемі

Бұл ретте, жалпы алғанда 2010 жылы Қазақстан аумағында жүзеге асырылған Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер 2009 жылмен салыстырғанда 14,9% және тиісінше 26,4% ұлғайып, 3 186,7 млрд. теңге (21,6 млрд. доллар) сомасындағы 131,5 млн. транзакцияны құрады (22-сурет). Олардың ішіндегі 327,8 млрд. теңге сомасына 22,5 млн. транзакция қолма-қол жасалынбады, бұл 2009 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 23,2% және тиісінше 36,1% көп. Қолма-қол ақшаны беру операциялары 2009 жылмен салыстырғанда саны бойынша 13,3% және сомасы бойынша 25,4% ұлғайып, 2 858,9 млрд. теңге сомасындағы 109,0 млн. транзакцияны құрады.

22-сурет.

Қазақстан аумағындағы Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер ағынының динамикасы


Қазақстаннан тысқары жерлерде Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер 2010 жылы 160,6 млрд. теңге сомасындағы 4,8 млн. транзакцияны құрады, бұл 2009 жылғы аталған көрсеткіштерден 33,0% және тиісінше 24,5% асып отыр (23-сурет). Олардың ішіндегі қолма-қол жасалмайтын жолмен 83,4 млрд. теңге сомасындағы 3,0 млн. транзакция жасалды, бұл 2009 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 45,0% және тиісінше 30,3% көп. Қолма-қол ақшаны беру операциялары 2009 жылмен салыстырғанда саны бойынша 16,5% және сомасы бойынша 18,8% ұлғайып, 77,2 млрд. теңге сомасындағы 1,8 млн. транзакцияны құрады.

23-сурет.

Қазақстаннан тысқары жерлерде Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер ағынының динамикасы

Қазақстан аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдердің жалпы көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 15,5% және тиісінше 26,3% ұлғайып, 3 347,3 млрд. теңге сомасындағы 136,3 млн. транзакцияны құрады.

Бұл ретте, Қазақстандық эмитенттердің карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны 2 936,1 млрд. теңге сомасындағы 110,8 млн. транзакцияны құрады. Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол жасалмаған төлемдер 411,1 млрд. теңге (жалпы соманың 12,3%-ы) сомасындағы 25,6 млн. транзакцияны (жалпы санының 18,8%-ы) құрады. Жаңа банктік қызметтердің (банкоматтар, терминалдар, Интернет арқылы төлеу) дамуы соңғы жылдар ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдердің өсуіне ықпал еткенін атап өткен жөн. Сонымен, 2001 жылмен салыстырғанда Қазақстандық эмитенттердің карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақша алу операцияларының саны мен сомасы 8,1 есе және тиісінше 21,3 есе өсті, ал қолма-қол жасалмайтын төлемдердің саны мен сомасы да 64,0 есе және тиісінше 71,0 есе өсті (24-сурет).


24-сурет.

Төлем карточкаларын пайдалану арқылы жасалған төлемдер санының және сомаларының өзгеру динамикасы

Төлемдер саны



Төлемдер сомасы



Қазіргі уақытта төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес төлемдердің POS – терминалдар (қолма-қол емес төлемдердің жалпы көлемінің 49,4%) және банкоматтар (31,3%) арқылы жүзеге асырылу басым. Банктік дүңгіршектер арқылы жүргізілген қолма-қол емес төлемдердің үлесі 10,6%, Интернет – 5,0% және өзге құрылғылар – 3,7%. Қолма-қол ақша беру бойынша операциялар 96,5% және 3,5% жағдайларда тиісінше банкоматтар және POS – терминалдар арқылы жүзеге асырылады.

Ел тұрғындары арасында VISA International жүйесінің карточкалары неғұрлым жоғары сұраныспен пайдаланылады, бұл осы карточканың бүкіл әлемде танымалдығымен және таратылатынымен түсініледі. Аталған карточкаларға 2010 жылы Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған барлық төлемдердің жалпы санының және сомасының 81,0% және 82,7% тиесілі болды (13-кесте).



13-кесте.

Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалану үлесі


Жылы

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Жергілікті

Саны

14,0%

9,6%

8,8%

8,8%

8,9%

6,1%

3,1%

3,0%

2,5%

2,3%

Сомасы

8,6%

6,9%

8,7%

8,1%

8,2%

5,7%

5,6%

2,9%

2,5%

2,4%

Халықаралық, оның ішінде:

Саны

86,0%

90,4%

91,2%

91,2%

91,1%

93,9%

96,9%

97,0%

97,5%

97,7%

Сомасы

91,4%

93,1%

91,3%

91,9%

91,8%

94,3%

94,4%

97,1%

97,5%

97,6%

VISA

Саны

72,4%

76,9%

77,0%

72,4%

73,4%

76,4%

76,5%

77,0%

77,4%

81,0%

Сомасы

76,7%

79,4%

77,3%

75,3%

76,8%

78,8%

76,5%

78,1%

79,8%

82,7%

MasterCard

Саны

13,1%

13,4%

14,2%

18,7%

17,7%

17,5%

20,4%

19,9%

20,0%

16,6%

Сомасы

14,0%

13,6%

14,0%

16,6%

15,0%

15,5%

17,9%

19,0%

17,5%

14,8%


Қазақстан аумағында шетел эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер 2009 жылмен салыстырғанда саны бойынша 23,7% және сомасы бойынша 28,3% ұлғая отырып, 2010 жылы 65,2 млн. теңге сомаға 2,2 млн. транзакцияны құрады. Оның ішінде қолма-қол емес төлем арқылы 29,8 млрд. теңге сомаға 783,8 мың транзакция жасалды, бұл 2009 жылдың осындай көрсеткіштерінен тиісінше 28,0% және 31,5% жоғары. Қолма-қол ақша беру бойынша операциялар 2009 жылмен салыстырғанда саны бойынша 21,5% және сомасы бойынша 25,7% ұлғайып, 35,4 млрд. теңге сомаға 1 439,5 млн. транзакцияны құрады (25-сурет).

25-сурет.

Қазақстан аумағында шетел эмитенттерінің төлем карточкалары пайдаланылған төлемдер ағынының динамикасы
Бұл ретте көрсетілген төлемдердің анағұрлым көп көлемі VISA International халықаралық жүйесінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалады, оның үлесіне 2010 жылы Қазақстанда шетел эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған барлық төлемдерінің жалпы саны мен сомасының 69,5% және 68,4% келеді (14-кесте).

14-кесте.

Шетел эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалану үлесі


Жылы

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

VISA

Саны

60,1%

61,2%

62,4%

72,2%

71,2%

72,1%

71,1%

69,5%

Сомасы

60,9%

58,7%

59,9%

65,0%

64,7%

65,4%

65,7%

68,4%

MasterCard

Саны

35,8%

35,5%

34,3%

25,5%

26,9%

25,5%

26,3%

27,8%

Сомасы

29,6%

33,3%

31,8%

28,3%

28,0%

27,1%

26,6%

24,8%

American Express

Саны

3,9%

3,2%

3,3%

2,2%

1,9%

2,2%

2,4%

2,4%

Сомасы

9,0%

7,8%

8,1%

6,6%

7,1%

7,2%

7,3%

6,2%

Diners Club

Саны

0,2%

0,1%

0,1%

0,04%

0,02%

0,03%

0,02%

0,03%

Сомасы

0,5%

0,3%

0,2%

0,1%

0,1%

0,1%

0,1%

0,1%

China Union Pay

Саны

-

-

-

0,01%

0,04%

0,13%

0,21%

0,30%

Сомасы

-

-

-

0,01%

0,04%

0,14%

0,27%

0,45%

Сонымен қатар, операциялардың түрлері бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес төлемдердің жалпы көлемінің анағұрлым көп үлесі тауарларға және материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу бойынша төлемдерге, кеден төлемдеріне және бір банк шотынан екіншісіне аударуға тиесілі. Операциялардың саны бойынша да тауарлар мен материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу басым, сонымен қатар байланыс операторларының көп емес сомаға қызметіне ақы төлеу бойынша төлемдер үлесі маңызды (15-кесте).




15-кесте.

2010 жылғы операциялардың түрлері бойынша төлем карточкаларын пайдаланумен жасалған қолма-қол емес төлемдер бойынша мәліметтер


Операция

Төлемдердің жалпы санының үлесі

Төлемдердің жалпы сомасының үлесі

тауарлар мен материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу

50,1%

52,7%

кеден төлемдері

0,3%

24,0%

клиенттің бір банк шотынан екінші банк шотына аудару

5,5%

13,5%

ұялы байланыс операторлары қызметіне ақы төлеу

36,1%

2,1%

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметіне ақы төлеу

1,4%

0,3%

коммуналдық қызметке ақы төлеу

0,7%

0,2%

сыйақы есептелетін салымдар орналастыру

0,1%

0,2%

заемдар беру

0,2%

0,1%

заемдарды өтеу

0,04%

0,1%

қолма-қол ақша салу арқылы банк шотын толықтыру

0,03%

0,1%

Сыйақы есептелетін салымдарды алу

0,01%

0,03%

кабельдік телевидениеге ақы төлеу

0,1%

0,02%

салық төлемдері

0,01%

0,01%

сақтандыру

0,01%

0,01%

төлемдер мен ақша аударымдарының өзге де түрлері

5,4%

6,5%



Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі
Нарықтың даму деңгейі төлем карточкаларына қызмет көрсетудің тармақталған желісіне байланысты. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 10 721 сауда кәсіпорны жұмыс істейді, бұл 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша олардың тіркелген санынан 6,3% (632 бірлік) көп. Бұл ретте осы кәсіпкерлер төлем карточкаларының көмегімен тауарлар мен қызметке ақы төлеу мүмкіндігі үшін өздерінің 16 528 сауда нүктелерінде жабдық орналастырды (өсу тиісінше 11,6% немесе 1 713 бірлік).

Қазақстанның төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі мынадай түрде көрсетілген: 25 914 сауда терминалы, 7 605 банкомат және 711 импринтер. 2010 жылғы 1 қаңтардағы кезеңмен салыстырғанда сауда терминалының саны 13,1% (3 001 бірлік), банкомат саны 9,3% (644 бірлік) өскені және импринтердің саны 14,4% (120 бірлік) қысқарғаны байқалады, бұл банктердің машиналар паркінің жетілдірілу процесін және тозған импринтерлердің өндірістен алынғанын көрсетеді (26-сурет).




26-сурет.

Кәсіпкерлердің және төлем карточкаларына арналған жабдық санының өзгеру динамикасы

Төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғыларға орташа жүктеме көп емес. Сонымен, 2001 жылы бір банкомат бойынша бір күнде орташа қолма-қол ақша алу бойынша шамамен 69 транзакция жасалса, 2010 жылы осы көрсеткіш кемінде 40 транзакцияны құрады. POS – терминалға да аз ғана жүктеме, 2010 жылы бір POS – терминалға бір күнде кемінде 3 қолма-қол емес төлем келді (16-кесте).

16-кесте.

Банкоматтар және POS-терминалдар арқылы бір күнде жүргізілетін

транзакция саны

Атауы

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Банкоматтар арқылы жүргізілген транзакциялар саны

0,4

0,5

0,4

1,1

1,9

1,8

1,9

2,0

2,2

2,4

Pos-терминалдар арқылы жүргізілген транзакциялар саны

68,9

78,7

85,2

82,3

70,2

69,4

45,4

36,8

37,4

38,8

Оның үстіне, қарастырылып отырған кезеңде жабдықтар мен төлем карточкаларын ұстаушылардың ара қатынасының оң динамикасы байқалады. Сонымен 2001 жылы бір POS – терминалға және бір банкоматқа тиісінше 456 және 2 182 төлем карточкаларын ұстаушылар келсе, 2010 жылы бір POS – терминалға және бір банкоматқа тиісінше 302 және 1 028 төлем карточкаларын ұстаушылар келді (17-кесте).


17-кесте.

Бір банкоматқа және бір pos-терминалға шаққандағы ұстаушылар саны

Жылы

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Бір банкоматқа шаққандағы ұстаушылар саны

455,8

451,9

450,3

540,1

438,7

363,0

325,0

324,9

311,4

301,7

Бір pos-терминалға шаққандағы ұстаушылар саны

2 182

2 085

2 166

2 023

1 818

1 735

1 222

1 065

1 026

1 028


Төлем карточкалары нарығының аймақтық бөлігі
Төлем карточкалары Алматы қаласында анағұрлым дамыды, оның үлесінде: айналыстағы карточкалардың 23,8%, карточка ұстаушылардың – 22,4% және пайдаланылған карточкалардың 19,8% тиесілі. Алматы қаласында айналыстағы карточка саны тұрғындар санынан асқанын атап айтқан жөн.

Төлем карточкаларын ұстаушылар санының аймақ тұрғындарына (аймақ тұрғындарының негізгі бөлігі төлем карточкаларын ұстаушылар болып табылады) ара қатынасы бойынша анағұрлым жағымды жағдай Алматы қ., Астана қ., Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады (18-кесте).



18-кесте.

Аймақтар бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айналыстағы карточкалар, карточка ұстаушылар, пайдаланылған карточкалар саны13

Облыстың (қаланың) атауы

Айналыс-тағы карточка-лар саны

(мың бірлік)

Карточка ұстаушылар саны

(мың адам)

Пайдала-нылған карточкалар саны

(мың бірлік)

01.01.11 жылғы жағдай бойынша тұрғындар саны
(мың адам)


Тиімділік көрсеткіштері

1 карточка-ға шаққан-дағы адам саны (адам)

Ұстаушылар саны/ тұрғындар саны, %

Ақмола

262,7

247,5

146,1

733,0

3

33,4%

Ақтөбе

461,7

437,5

213,4

777,3

2

56,7%

Алматы

300,8

283,2

159,0

1 857,8

6

15,0%

Атырау

412,0

383,3

189,6

531,6

1

72,1%

Шығыс Қазақстан

668,5

623,8

330,5

1 396,7

2

44,5%

Жамбыл

317,6

304,5

175,3

1 043,6

3

29,2%

Батыс Қазақстан

299,7

280,5

132,4

608,0

2

45,9%

Қарағанды

813,3

769,7

405,7

1 351,9

2

56,8%

Қостанай

324,8

306,1

183,6

881,2

3

35,1%

Қызылорда

301,5

286,9

164,5

699,1

2

40,6%

Маңғыстау

400,3

367,2

186,9

523,6

1

70,2%

Павлодар

448,2

415,7

231,9

746,0

2

55,7%

Солтүстік Қазақстан

206,8

194,6

105,3

588,9

3

33,3%

Оңтүстік Қазақстан

569,4

538,9

275,3

2 563,1

5

20,9%

Алматы қ.

2 051,9

1 742,6

761,6

1 434,8

1

120,4%

Астана қ.

627,6

570,6

275,1

697,3

1

80,8%

Қазақстан Республикасы

8 466,8

7 752,6

3 936,1

16 433,8

2

47,0%

Төлем карточкаларының кең түрде таралуы Алматы қаласынан кейін мына сияқты аймақтар орын алады: Қарағанды облысы (айналыстағы карточкалардың жалпы санының - 9,7%, олардың ұстаушыларының 10,0%, пайдаланылған карточкалардың жалпы санының 10,1%), Шығыс Қазақстан облысы (тиісінше 7,9%, 8,0% және 8,4%), Астана қаласы (тиісінше 7,4%, 7,3% және 6,9%) және Оңтүстік Қазақстан облысы (тиісінше 6,7%, 7,0% және 7,1%). Қалған аймақтарда осы көрсеткіштердің үлесі барлық көрсеткіштер бойынша тиісінше кемінде 6,0% құрайды. Бұл ретте төлем карточкаларының анағұрлым аз таратылуы бұрынғысынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байқалып отыр, оның үлесі тиісінше 2,5%, 2,5% және 2,7% (27-сурет).


27-сурет.

Аймақтар бойынша айналыстағы карточкалар

2010 жылы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын барлық операцияларды басым үлесі Алматы қаласына келеді (төлемдердің жалпы көлемінің үлесі транзакцияның саны бойынша 24,5% және сомасы бойынша 24,8%). Осы жағдай осы аймақтың республикалық мәні бар қала, республиканың ірі қаржы, ғылым, білім, мәдени және туристік орталығы ретінде дамығанын, сондай-ақ онда төлем карточкалары нарығының барлық сегменттерінің дамуының аса жоғары деңгейін көрсетеді.



Алматы қаласымен қатар төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялар жүргізу мына сияқты аймақтарда анағұрлым көп таралған: Астана қ. (үлесі тиісінше 9,4% және 10,0%), Қарағанды облысы (тиісінше 8,9% және 7,9%) және Шығыс Қазақстан облысы. Қалған аймақтар бойынша осы көрсеткіштер кемінде 6,5% құрайды. карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу кезіндегі неғұрлым төмен қолайлы жағдай Солтүстік Қазақстан (тиісінше 2,6% және 2,1%) және Ақмола (тиісінше 2,9% және 2,8%) облыстарында орын алған (19-кесте).

19-кесте.

2010 жылы Қазақстан аймақтары бойынша Қазақстанда

Қазақстанның және шетел эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалану14

мың транзакция және млрд. теңге

Облыстың (қаланың) атауы

Қолма-қол емес төлемдер

Қолма-қол емес ақша беру бойынша операциялар

Төлем санының барлығы

(мың бірлік)

Төлемнің барлық сомасы

(млн. теңге.)

саны

(мың бірлік)

сомасы

(млн. теңге)

саны

(мың бірлік)

сомасы

(млн. теңге)

Ақмола

272,2

10 038,5

3 629,3

80 217,7

3 901,5

90 256,2

Ақтөбе

664,8

16 665,6

6 200,7

153 346,3

6 865,5

170 011,9

Алматы

605,3

11 885,5

3 919,1

100 558,2

4 524,4

112 443,6

Атырау

628,1

33 876,8

5 898,3

166 728,9

6 526,4

200 605,7

Шығыс Қазақстан

1 747,6

13 160,1

9 546,6

214 397,9

11 294,2

227 558,1

Жамбыл

506,9

13 859,5

4 341,7

102 875,8

4 848,5

116 735,3

Батыс Қазақстан

896,8

17 958,0

4 118,6

97 134,6

5 015,4

115 092,6

Қарағанды

923,9

15 991,0

10 935,9

242 489,7

11 859,8

258 480,7

Қостанай

594,1

8 116,4

4 514,7

103 279,1

5 108,8

111 395,4

Қызылорда

874,7

10 118,4

3 532,2

96 594,3

4 406,9

106 712,7

Маңгыстау

793,9

23 293,9

5 630,4

191 755,8

6 424,3

215 049,7

Павлодар

1 038,2

12 558,9

5 488,4

128 099,9

6 526,6

140 658,7

Солтүстік Қазақстан

429,7

6 336,9

3 049,0

63 431,9

3 478,7

69 768,8

Оңтүстік Қазақстан

482,4

17 245,5

6 451,2

167 684,1

6 933,6

184 929,6

Алматы қ.

10 208,5

108 834,2

22 245,3

698 987,5

32 453,8

807 821,7

Астана қ.

2 453,5

41 990,7

10 050,9

282 977,4

12 504,3

324 968,1

Қазақстан Республикасы

23 120,5

361 929,8

109 552,2

2 890 559,1

132 672,7

3 252 488,9

Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес жасалатын төлемнің анағұрлым көп үлесі Алматы қаласында (қолма-қол емес төлемнің жалпы санының 44,2% және жалпы көлемінің 30,1%) және Астана қаласында (тиісінше 10,6% және 11,6%) байқалады.

Қолма-қол ақша алу бойынша операциялардың саны мен көлемі бойынша мына аймақтар көшбасшы: Алматы қ. (тиісінше 20,3% және 24,2%), Қарағанды облысы (тиісінше 10,0% және 8,4%), Астана қ. (тиісінше 9,2% және 9,8%) және Шығыс Қазақстан облысы (тиісінше 8,7% және 7,4%).

Төлем карточкаларына қызмет көрсетудің анағұрлым дамыған желісі де Алматы қаласында ұсынылған. Төлем карточкаларын ақы төлеуге қабылдайтын кәсіпкерлердің жалпы санының 31,9%, төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін жабдық орнатылған сауда нүктелерінің жалпы санының 33,1%, банкоматтардың жалпы санының 19,6%, сауда терминалдарының жалпы санының 32,5% және импринтерлердің жалпы санының 58,6% осы аймаққа тиесілі. Бұл ретте осы көрсеткіштердің тиісінше Астана қаласына: 15,5%, 14,8%, 10,0%, 13,8%, 10,7%, Шығыс Қазақстан облысына 7,1%, 6,6%, 8,0%, 6,5% 3,7% және Қарағанды облысына 6,5%, 6,8%, 9,0%, 7,2% 3,4% (20-кесте) келеді.



20-кесте.

Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған құрылғылардың 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша саны


Облыстың (қаланың) атауы

Кәсіпкерлер саны (бірлік)

Сауда нүктелерінің саны (бірлік)

Банкоматтар саны (бірлік)


Сауда терминалдарының саны (бірлік)

Импринтерлер саны (бірлік)

Ақмола

299

404

263

609

4

Ақтөбе

453

666

417

1 213

12

Алматы

138

207

303

523

9

Атырау

512

774

443

1 283

44

Шығыс Қазақстан

756

1 089

607

1 687

26

Жамбыл

251

430

272

644

6

Батыс Қазақстан

313

516

298

832

17

Қарағанды

702

1 128

686

1 874

24

Қостанай

322

499

305

782

19

Қызылорда

181

261

213

418

5

Маңғыстау

424

583

383

953

15

Павлодар

570

820

467

1 276

17

Солтүстік Қазақстан

287

451

228

660

7

Оңтүстік Қазақстан

425

788

473

1 142

13

Алматы қ.

3 422

5 463

1 490

8 433

417

Астана қ.

1 666

2 449

757

3 585

76

Қазақстан Республикасы

10 721

16 528

7 605

25 914

711

Сонымен қатар, төлем карточкаларын ұстаушылар санының орнатылған құрылғылар санына ара қатынасы кезінде неғұрлым қолайлы жағдай Астана қаласында байқалады, бір POS – терминалға және бір банкоматқа тиесілі карточка ұстаушылар саны тиісінше 157 және 744 болды (28-сурет).

28-сурет.

Бір банкоматқа және бір POS-терминалға шаққандағы төлем карточкаларын ұстаушылар



Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық15

2010 жылы Қазақстан банктері 56,9 млн. теңге сомаға заңсыз жасалған 691 транзакция анықтады (Қазақстан эмитенттерінің Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасаған төлемдерінің жалпы көлемінің тиісінше 0,0005% және 0,03%), бұл 2009 жылмен салыстырғанда саны бойынша 25,4% аз және сомасы бойынша 8,5% көп. Оның ішінде қолма-қол емес төлем арқылы 29,9 млн. теңге сомаға 389 транзакция және қолма-қол ақшаны алу арқылы 27,1 млн. теңге сомаға 302 транзакция жасалған.



Қазақстан банктерінің төлем карточкаларымен алаяқтық транзакциялар негізінен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүзеге асырылатынын атап өткен дұрыс (алаяқтық операциялардың жалпы сомасының 73,1% және жалпы санының 68,7%), бұл шетелде, оның ішінде Шығыс Азия аймағы елдерінде алаяқтық желілерінің көп таралғанын сипаттайды. Бұл ретте шетелде Қазақстан банктерінің карточкаларын пайдалана отырып алаяқтықтың аса көп тараған тәсілі қолдан жасалған төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық транзакцияның жалпы көлемі 26,9% және саны 31,3% болды. Бұл ретте Қазақстан аумағында Қазақстан банктерінің карточкаларын пайдалана отырып алаяқтықтың аса көп тараған тәсілдері қолдан жасалған және жоғалған немесе ұрланған төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық болып табылады (21-кесте).

21-кесте.

2010 жылы төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық тәсілдері бойынша мәліметтер


Алаяқтық тәсілі

Қазақстан аумағында

Қазақстаннан тыс жерде

Саны (бірлік)

Жалпы саны-ның үлесі, %-бен

Сомасы (мың теңге)

Жалпы сомасының үлесі,

%-бен

Саны (бірлік)

Жалпы саны-ның үлесі, %-бен

Сомасы (мың теңге)

Жалпы сомасының үлесі,

%-бен

қолдан жасалған төлем карточкалары

107

27,1%

9 371,7

22,5%

288

72,9%

32 305,1

77,5%

жоғалған, ұрланған төлем карточкалары

83

93,3%

5 144,7

91,9%

6

6,7%

452,0

8,1%

почта, телефон, Интернет арқылы тапсырыс

2

1,2%

291,4

3,3%

161

98,8%

8 500,3

96,7%

басқа

24

54,5%

537,0

61,2%

20

45,5%

340,8

38,8%

Жалпы жиынтығы

216

31,3%

15 344,8

26,9%

475

68,7%

41 598,2

73,1%





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет