«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шешімімен бекітілген 2013 жылғы 18 қантардағы №49- хаттама (30. 06. 2015 жылғы жағдай бойынша) «Қазақтелеком»



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#141996
  1   2   3   4   5


«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шешімімен

БЕКІТІЛГЕН
2013 жылғы 18 қантардағы № 49- хаттама

(30.06.2015 жылғы жағдай бойынша)



«Қазақтелеком»

акционерлік қоғамының

Ж А Р Ғ Ы С Ы

Астана қаласы


2013 жыл

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының осы Жарғысы (бұдан әрі – Жарғы) Қазақстан Республикасының заңнамасына, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жаңа редакцияда әзірленді және бұдан әрі Қоғам деп аталатын "Қазақтелеком" акционерлік қоғамын ұйымдастыру мен іс-әрекеттерінің құқықтық негіздерін белгілейді.


1-тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Қоғамның атауы және орналасқан жері
1. Қоғамның толық ресми атауы:
1) қазақ тілінде: «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;
2) орыс тілінде: Акционерное общество «Казахтелеком»;
3) ағылшын тілінде: Joint Stock Company «Kazakhtelecom»
2. Қоғамның қысқартылған ресми атауы:
1) қазақ тілінде: «Қазақтелеком» АҚ
2) орыс тілінде: АО «Казахтелеком»
3) ағылшын тілінде: JSC «Kazakhtelecom»
3. Қоғамның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сауран к-сі, 12-үй.
4. Қоғам Басқармасының орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сауран к-сі, 12-үй.

2-бап. Қоғамның заңдық мәртебесі



1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша Қоғам заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес балансы бар, өзінің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелене және атқара алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.
2. Қоғам өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, негізгі мақсаты акционерлерінің мүддесі үшін табыс табуды көздейтін коммерциялық ұйым болып табылады.
3. Қоғамның ұйымдық – құқықтық нысаны – акционерлік қоғам.
4. Қоғамның меншік нысаны – жекеменшік.
5. Қоғам Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес құрылған және ұлттық компания мәртебесіне ие. Қоғамның осы тармақта көрсетілген құқықтық мәртебесінің шеңберінде құқықтары мен міндеттерін атқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғам Жарғысымен белгіленеді.
6. Қоғам «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясының құқықтық мирасқоры болып табылады (алғашқы мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының әділет органдары 1994 жылғы 1 желтоқсанда жүргізген).
7. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында акционерлік қоғамдар үшін көзделген барлық құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте берілген лицензияларға сәйкес құқықтарын пайдаланады.
8. Қоғамның мөрлері, банкілерде есеп-шоттары, оның ішінде валюталық есеп-шоттары бар, тауарлық белгісі, логотипі және басқа да фирмалық деректемелері болуы мүмкін. Қоғамның барлық деректемелері мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді. Мемлекеттік және орыс тілдері Қоғамның жұмыс тілдері болып табылады. Қажет болған жағдайда Қоғам құжаттары басқа да тілдерде дайындалуы мүмкін.
9. Қоғам қорғану құжаттарын, «ноу-хау» технологияларын, басқа да зияткерлік шығармашылық жұмыс нәтижелері құқыларын сатып алуға және иелік ету мен пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ өзінің иелігіндегі мемлекеттік құпияларды, қызмет бабындағы ақпаратты, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын Қоғам құпияларын сақтауды қамтамасыз етуге құқылы.
10. Қоғам еншілес және тәуелді заңды тұлғалар құруға, сондай-ақ осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде басқа да заңды тұлғалардың жарғылық капиталдары мен іс-әрекеттеріне қатысуға құқылы. Қоғам және еншілес/тәуелді ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас Қоғамның және оның еншілес/тәуелді ұйымдарының тиісті органдары арқылы бекітілген корпоративтік рәсімдер аясында жүзеге асырылады.
11. Қоғам сондай-ақ мыналарға:

1) Қоғамда тиісті құрылымдық өзгерістер жүргізуге;

2) Қоғам атынан мүліктік және қаржылық операциялар атқаруға сенімхаттар мен кепілдемелер және жүргізілетін мәмілелер мен операциялар бойынша міндеттемелер беруге;

3) Қазақстан РРРРРРРРррРр Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қоғам тарапынан көрсетілетін байланыс қызметтеріне тарифтер қалыптастыруға;

4) азаматтық-құқықтық жауапкершілік пен Қоғамның қызметінде пайда болатын кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруға құқылы.
12. Қоғам Қазақстан РРРРРРРРррРр Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне ие болады.

3-бап. Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері
1. Қоғам заңды тұлға болып табылмайтын, Директорлар кеңесі бекітетін Ережелер негізінде әрекет ететін филиалдар мен өкілдіктер (құрылымдық бөлімшелер) құруға құқылы. Қоғамның нормативтік құжаттарын, сондай-ақ филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін оңтайландыру және біріздендіру мақсатында Басқарма Қоғамның филиалы/өкілдігі туралы үлгі ереже әзірлеуге құқылы. Бұл ретте, Қоғамның филиалдары және өкілдіктері туралы ережелерді тікелей бекітуді Директорлар кеңесі атқарады.
2. Қоғам филиалдары – облыстық телекоммуникация дирекцияларын басқарудың үлгі/типтік ұйымдық құрылымы және басқа филиалдарды басқарудың ұйымдық құрылымдары Қоғам Басқармасының шешімімен бекітіледі.

Филиал ішінде құрылымдық бірліктерді (өкілдіктерді) құру және жою Қоғам Басқармасының шешімі негізінде жүргізіледі.


3. Филиалдың (өкілдіктің) қызметін басқаруды Басқарма тағайындаған тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдың (өкілдіктің) басшысы Басқарма алдында жауап береді және Қоғам Басқармасы төрағасынан алған Бас сенімхат негізінде іс-қимыл жасайды. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басқа да басшы қызметкерлерін тағайындау тәртібі филиал (өкілдік) туралы ережемен белгіленеді.
4. Қоғам филиалдарының және өкілдіктерінің қызметі үшін Қоғам жауап береді.

4-бап. Қоғамның және оның акционерлерінің жауапкершілігі
1. Қоғам өз акционерлерінің мүліктерінен оқшауланған мүлікке ие және өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі мүлік шегінде жауапкершілікті болады.
2. Қоғам өз акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акционерлер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамның қызметімен байланысты залалдарға өз иелігіндегі акциялардың құны шегінде тәуекел етеді.
3. Қоғам мен оның акционерлері арасындағы мәмілелер кәдімгі коммерциялық негізде жасалады.
4. Қазақстан Республикасы Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қоғам Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша жауапты емес.
5-бап. Қоғамның қызмет мерзімі
Қоғамның қызмет мерзімі шектелмейді.

2-тарау. Қоғам қызметі
6-бап. Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары
1. Қоғам өз қызметін мына мақсаттарда жүзеге асырады:

1) коммерциялық қызметтен пайда табу және оны акционерлердің мүддесіне пайдалану;

2) Қазақстан Республикасы аумағында қазіргі заманға сай телекоммуникация желілерін құру және оларды әлемдік телекоммуникация желісімен ықпалдастыру;

3) Қазақстан Республикасы аумағында және шетелдерде пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін ұсыну.



2. Қоғам қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, іскерлік этикасының жалпы қабылданған қағидаттарымен (дәстүрлерімен), Корпоративтік басқару кодексімен, Листингілік қағидалармен, шарт міндеттемелерімен және осы Жарғымен жүзеге асырылады.

7-бап. Қоғам қызметінің түрлері
1. Қоғам Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін және жекеменшік телекоммуникация жүйелерін құру, құрастыру, пайдалану және оларға техникалық күтім жасау қызметтерін жүзеге асырады, Халықаралық электр байланысы одағының Регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысу құқығымен жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісі операторының, оның ішінде қалааралық және халықаралық байланыс операторының міндеттерін атқарады.
2. Қоғам мынадай қызмет түрлерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асырады:

  1. таксофон желісі, телеграф байланысы мен АТ-50 абоненттік телеграфтау желісі және телекс, деректер беру қызметтері, оның ішінде арналар мен пакеттерді коммутациялау қызметтерімен бірге, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісінің дыбыстық байланыс базалық қызметтерін;

  2. телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлерін тарату үшін арналар мен байланыс жолдарын, оның ішінде цифрлыларын жалға беру;

  3. қосымша қызметтер көрсету, оның ішінде, конференц-байланыс, сөйлеу поштасы, хабар күту, шақыру күту, шақыру жіберу, шақыруларды бұғаттау, шақыруларды селективтік қабылдау, шақырушы абоненттерді идентификациялау, шақыруларды іріктеу, жедел шақыру, қайта шақыра отырып нөмірді теру, деректер банкі қызметтері, бейнеконференциялар өткізу, интерактивтік ақпарат құралдары қызметтері, “клиент сервер” типті жүйелерді пайдалану және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері немесе жеке телекоммуникация жүйелері арқылы көрсетуге болатын басқа да қызметтерді;

  4. ақпараттық–анықтамалық қызметтердің және операторлар арқылы қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерінің барлық түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылыстарды;

  5. бағдарламалық өнімдерді, жабдықтарды, консалтинг қызметтерін жеткізуден тұратын ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді енгізу және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер.

6) жоғары технологиялы байланыс қызметтерін:

а) зияткерлік байланыс желісі, кадрларды қайталап көрсету қызметтері;

б) интернетке коммутациямен қатынау;

в) бөлектелген арналар арқылы интернетке қатынау;

г) ашық цифрлы арналарды ұйымдастыру;

д) VPDN (жеке коммутациялы виртуалды желілер);

е) бейнеконференцбайланыс;

ж) басқа да жоғары технологиялы байланыс қызметтері.

7) сымсыз байланыс қызметтерін:

а) барлық пейджингтік және басқа да ұқсас сымсыз деректер мен хабарлар беру қызметтерін енгізу, пайдалану, қабылдау және беру;

б) барлық дербес байланыс қызметтері мен барлық дербес байланыс жүйелерін, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген транкингтік ұтқыр жүйелерді және стандарттардың ұялы байланыс қызметтерін қоса отырып, бірақ бұлармен шектеліп қоймай, енгізу, пайдалану, қабылдау және беру.

8) спутниктік байланыс қызметтері: телекоммуникацияны пайдаланушыларға спутниктік байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында радиожиілік спектрі мен геостационарлық және төменорбитальдық байланыс спутниктерінің орбиталарын пайдалану.


3. Қоғам телекоммуникация саласында мынадай технологиялық жұмыстарды жүзеге асырады:

  1. жалпы республикалық, магистральдық және халықаралық байланыс жолдарын жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану;

  2. инженерлік-іздестіру, ғылыми-зерттеу, сараптау, жобалау-конструкторлық жұмыстар;

  3. құрылыс-құрастыру, жөндеу және іске қосу-келтіру жұмыстары;

  4. инновациялық жұмыс;

  5. телекоммуникация саласындағы метрологиялық жұмыс;

  6. байланыс арналары арқылы ақпараттың барлық түрлерін толассыз беруді ұйымдастыру, жұмыстың сенімділігі мен сапасын арттыру және телекоммуникация желілерін тиімді пайдалану;

  7. Қоғамның телекоммуникация желілерін дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  8. телекоммуникация ғимараттары мен объектілерінің күрделі құрылысын ұйымдастыру;

  9. байланыс қызметтерін пайдаланушылардың мүдделеріне сай желінің трактілері мен арналарын ұтымды түрде бөліп таратуды, басымдылықпен бөлуді, сондай-ақ, резервте сақтауды қамтамасыз ету;

  10. Қоғамның телекоммуникация желілерін қалыптастыру;

  11. Қоғамның телекоммуникация желілері жұмысының сапасы туралы ақпарат жинау және талдау;

  12. телекоммуникация құралдарын пайдалануды жетілдіру;

  13. телекоммуникация объектілерін, олардың өндірістік-экономикалық жағынан тиімділігін арттыру мақсатында қайта құру;

  14. желінің жай-күйіндегі және Қоғамның байланыс желісін нөмірлеудегі өзгерістер туралы пайдаланушылар мен байланыс операторларын хабардар ету;

  15. телекоммуникация бойынша халықаралық жобаларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

  16. әртүрлі операторлармен және байланыс қызметін пайдаланушылармен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру;

  17. Қоғамның мүддесі үшін халықаралық телекоммуникациялық және басқа да ұйымдар мен бірлестіктерге қатысу;

  18. жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілерінің немесе Қоғам пайдаланатын жеке желілердің көмегімен кез келген басқа қызметтерді көрсету.


4. Қоғам басқа да қызметті жүзеге асырады, атап айтқанда:

  1. Қоғамға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте көзделген рұқсат етілген сыртқы экономикалық қызметті атқару;

  2. сауда-сатып алу, делдалдық және коммерциялық жұмыстар;

  3. менеджмент, маркетинг, инжиниринг;

  4. ақпараттық, сервистік және басқа да Қоғам үшін тыйым салынбаған қызметтерді көрсету;

  5. Қоғамның және басқа да заңды, жеке, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қаржылық қаражаттарын Қоғамның телекоммуникация желісін дамытуға жұмылдыру және шоғырландыру;

  6. Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасындағы шаруашылық және өндірістік өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормативтер әзірлеу;

  7. ішкі және сыртқы рынокта Қоғамның бағалы қағаздарын шығару және өткізу;

  8. мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

  9. Қоғамның қаражаттарын салалық және өңірлік бағдарламалар мен жобаларға инвестициялау;

  10. төте және портфельдік инвестициялау;

  11. Қоғам қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін алдыңғы қатарлы технологиялар, бірлескен өндірістер құру мақсатында өз қаражаттарымен басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысу;

  12. еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жұмыстарын ұйымдастыру;

  13. телекоммуникация құралдарына сервистік күтім жасау жүйесін құру;

  14. құрылымдық бөлімшелерді материалдық - техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

  15. ғимараттарды, құрылғыларды, технологиялық және арнайы көлікті, механизмдерді, энергетикалық жабдықтарды белгіленген ережелер мен нормаларға сәйкес ұстауды қамтамасыз ету;

  16. қабылданған бағдарламаларға сәйкес Қоғам кадрларын дайындаудың және қайта дайындаудың тиімді жүйесін енгізу;

  17. әріптестерді іздестіру және олармен Қоғам мүддесіне сай шарттар жасасу;

  18. Қоғамның жылжымайтын мүлкін басқару, мүліктік құқық мүддесінің сақталуы және мүліктік құқықты қорғау бойынша шараларды іске асыру.

  19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтер.


5. Жарғының осы бабында көрсетілген Қоғам қызметінің барлық түрлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдарының тиісті лицензиялары және қажет болған жағдайда, басқа да рұқсаттары, сертификаттары, рұқсаттамалары және т.б. негізінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Қоғамның мүлкі және капиталы
8 -бап. Қоғамның мүлкі
1. Қоғамның мүлкі Қоғамның қызметін қамтамасыз етуге арналған және оның меншік құқығына жатады.
2. Қоғам мүлкі мыналардың есебінен:

1) Қоғам акцияларын сатып алғаны үшін төлем ретінде акционерлерден (құрылтайшылардан, инвесторлардан) жарғылық капиталға түскен ақшалай қаражаттардан және басқа да мүліктерден;

2) Қоғамның қызметі нәтижесінде түскен кірістерден;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа негіздермен алынған өзге де мүліктерден құралады.


3. Қоғам құрған филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі меншік құқығымен Қоғам иелігіне жатады.
4. Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері оларға Қоғам тарапынан берілген мүлікке иелік етуге және оны пайдалануға құқылы. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің мүлікті иелену және пайдалану өкілеттілігін, сондай-ақ мүлікке иелік жүргізу құқығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, Қоғамның жұмыс регламенті, Құрылымдық бөлімше туралы ереже және филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берілген Бас сенімхат айқындайды.

9-бап. Қоғамның жарғылық капиталы
1. Жарғылық капитал Қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін құралады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілері мен осы Жарғы талаптарына сәйкес белгіленген, Қоғам құрылтайшыларының акцияларға олардың атаулы құны бойынша және инвесторлардың орналастыру бағамы бойынша төлемдері арқылы қалыптасады.
2. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте және негізде жарғылық капиталға өзгерістер енгізуге құқылы.

4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
10-бап. Қоғамның акциялары
1. Акция Қоғам шығаратын және түрі мен санатына байланысты Қоғам акционерлерінің мынадай құқықтарын куәлендіретін бағалы қағаз болып табылады:

1) дивидендтер алу;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасында және осы Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғам жұмысын басқару ісіне қатысу;

3) Қоғамды тарату барысында қалған оның мүлкінің бөлігіне.


2. Акцияның атаулы құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі. Қоғамның барлық акциялары атаулы болып табылады және құжаттамасыз нысанда шығарылады.
3. Қоғам жай немесе жай және артықшылықты акциялар шығарады. Акция бөлінбейді. Бір акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаның иелігінде болған жағдайда, олардың барлығы Қоғамға қатысты бір акционер болып табылады және өз құқықтарын ортақ өкіл арқылы жүзеге асыра алады.
4. Жай акция оны иеленуші әр акционерге басқа иеленушілерге бірдей қатысты құқық көлемін береді. Жай акция акционерге дауысқа салынатын барлық мәселелерді шешу барысында дауыс беру құқығымен Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді. Жай акция, сондай-ақ Қоғамның таза табысы болған жағдайда акционерге дивиденд алу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Қоғам таратылғаннан кейінгі қалған мүліктің бөлігін алу құқығын береді.
5. Қоғам артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Орналастыру кезеңінде артықшылықты акциялардың саны оның орналастырған акцияларының жалпы санының 25 (жиырма бес) пайызынан аспауы тиіс.

Акционерлер – артықшылықты акциялардың иегерлері акционерлер – жай акция иегерлеріне қарағанда осы Жарғыда көзделген алдын ала белгіленген кепілдемелік көлемде дивидендтер алу және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен Қоғамды тарату барысында мүліктің бөлігін алу артықшылықты құқығына ие.


6. Артықшылықты акция акционерге мынадай жағдайларда Қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді:

1) Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі артықшылықты акциясы бар акционердің құқығын шектеуі мүмкін шешім қабылдайтын мәселені қарағанда. Мұндай мәселе бойынша шешім орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы санының (сатып алынғандарын шегеріп тастағанда) кем дегенде үштен екісіне ие акционерлер шектеу үшін дауыс берген жағдайда ғана қабылданған болып есептеледі.

Шешім қабылдау артықшылықты акцияларға ие акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге мыналар жатады:

артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтер көлемінің азаюы немесе дивидендтер көлемін есептеу тәртібінің өзгеруі;

артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібінің өзгеруі;

артықшылықты акцияларды Қоғамның жай акцияларына айырбастау;

2) Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ұйымдастырылмаған нарықта артықшылықты акциялар сатып алу барысында олардың құнын анықтау әдістемесіне өзгерістерді бекіту (әдістемені бекіту) туралы мәселені қарайды;

3) Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы Қоғамды қайта құру немесе тарату мәселесін қарағанда;

4) артықшылықты акция бойынша дивидендті Қоғам Жарғысына сәйкес оны төлеу үшін белгіленген мерзімі өткен күннен кейін 3 (үш) ай ішінде Қоғам толық көлемде төлемегенде.
7. Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын Қоғамның бір «алтын акциясын» енгізу және шығарылымы туралы шешім қабылдауға құқылы.

«Алтын акция» оның иесіне Акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының ұлттық қауіпсіздік, елдің қорғаныс қабілеті мен сыртқы саясатына қатысты мәселелер бойынша шешімдеріне тыйым салу құқығын береді.

«Алтын акция» бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын болып табылады. Алтын акциямен куәландырылған тыйым салу құқығын басқаға беруге болмайды.

«Алтын акция», мемлекет Қоғамның акционері болған жағдайда, уәкілетті орган тұлғасында тек мемлекеттің иелігінде болады.


8. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғам шығарған акцияларды сатып алуға опциондар жасасуға құқылы. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес туынды бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
9. Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен облигациялық бағдарламаға сәйкес, Қоғам облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Облигациялар шығару құрылымын, оларды мерзімінен бұрын өтеу шартын, сондай–ақ Қоғам облигациялар шығару барысында орындауға тиісті шарттар мен шектеулерді облигациялық бағдарлама проспектісі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы белгілейді.
10. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша бағалы қағаздарды алмастыруға, сондай-ақ айырбастауға құқылы.

Қоғамның бағалы қағаздарының айырбасы бағалы қағаздарды алмастыру жолымен атқарылады. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау бағалы қағаздардың бір түрін кейіннен өтелетін бағалы қағаздардың екінші түрімен алмастыру жолымен жүргізіледі.


11. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылымы Қоғамның жарияланған және орналастырылған акцияларының арасындағы айырмашылық шеңберінде атқарылады. Облигацияларды акцияларға айырбастау тәртібі облигацияларды шығару шарттарымен айқындалады. Қоғамның артықшылықты акцияларын артықшылықты акцияларды иеленетін акционерлердің құқықтарын бұзбай жай акцияларға айырбастауға болады. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін Қоғамның акциясының өзге түріне айырбастау шарттары, мерзімі және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және акциялар шығару проспектісімен белгіленеді.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды Қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады.



11-бап. Қоғам орналастыратын акцияларды төлеу
1. Қоғам орналастыратын акциялардың бағасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен белгіленеді.
2. Қоғам орналастыратын акцияларды төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен акцияларға мүліктің және мүліктік құқықтардың кейбір түрлерімен төлем жасауға тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, ақша, мүліктік құқықтар, соның ішінде зияткерлік меншік нәтижелеріне құқықтар мен өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.

Қоғам акцияларын ақшадан басқа, өзге де мүлікпен төлеу (бағалы қағаздарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы белгілеген баға бойынша жүзеге асырылады.

Қор биржасында айналымдағы және Қоғамның орналастыратын акцияларына төлем ретінде берілетін бағалы қағаздар құнын бағалау қаржы биржасының қаржылық құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Көрсетілген әдістеме бойынша мұндай бағалы қағаздарды бағалау мүмкін болмаған немесе акцияға төлем ретінде енгізілетін бағалы қағаздар түріне қатысты әдістеме болмаған жағдайда олардың құнын бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы жүргізеді.

Егер Қоғам орналастыратын акцияларды төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, Қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін Қоғам акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет