АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр


ДӘлелхан Сүгірбаев жайындағы пікірім



бет31/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

ДӘлелхан Сүгірбаев жайындағы пікірім

Дәлелхан тәйжі асылы Монғолияның адамы. Генерал Бәкіш 1921 жылы ауылын шауып ағасы Дөрбітханды атып кеткенде шешесін ертіп Алтайдағы Жақып ауылына қашып келген болатын. Дәлелхан тәйжіні 1942 жылы 10 қыркүйекте107 Баймурзин орыс консулы Ресейге алып кеткен.

1944 жылы шілдеде108 Бұлғын Ақ Үй Соғыс Комитетіне келіп қызметке араласып Алтай Соғыс Комитетінің орынбасары болған еді. Дәлелхан бұрыннан он екі Абақтың бірінің ел билеген шаңырақтың адамы еді. Әкесі Сүгірбай Шеруші елінің тәйжісі болатын.

Біз төңкерісшілер Дәлелханға үлкен сенім байлаған едік. Әуелі саяси қайраткер бола ма? - деп үміттенген едік. Бірақ оның Ресейді айналып келгендігіне қарап оған күмәніміз де бар болатын. Шаңырақты құрғанда оның айтқанына сеніп те жүрдік. Біз ол туралы күмәнімізді

- Ол қайтсе де коммунист болып келді, - деуші едік.

Өзімізбен бірге өскен адам болғандықтан Дәлелхан Оспанмен болған сырласуларымыздың ішінде бола келген еді. Ол:

- Мен елдің бәріне Коминдаң ұрлап әкетті. Үрімжіден қашып шықтым деген едім.109 Мен шынында Алтайдың өзінен Ресейге өтіп барған едім.110 Ресей мені жасырын зорлық қылғандай алып кетті. Мені Ресейге апарып түрмеге салып қойды. “Шың Сысай бізді алдады. Бізбен жауласты. Біз қару-жарақ береміз. Шың Сысайды құлатып Шығыс Түркістанда сыртқы Монғолия секілді бір ел болып кетіңдер”, - деді. Мен оларға мынаны айттым. “Бұл қызмет менің идеямнан өтпейді. Мен Керей жөнінен айтқанда аз ауылдың адамы едім. Менің туыстарым негізінен Монғолияда отыр. Алтай дегенде, Керей дегенде ең көп ел Жәнтекей мен Жәдік елі болады. Онан қалса Қарақас, Молқы бар. Қозғалыс бастауға ұлтанды ру адамдары болса, оның ішінде, әсіресе, Жәнтекей елінен адам болса” дедім. Осы пікірім үшін екі айдай түрмеде жаттым. Түрме жазасы жаныма батқандықтан төңкеріс істеуге мақұл болдым. (178) Совет үкіметі, Монғолия үкіметі “Шынайы көмек қыламыз. Жаң Жеші көп өтпей жеңіледі. Қытайлардың ішкі соғыстары өте көп. Олар осындай әлсіз болып тұрған кезінде қозғалыс бастап Шығыс Түркістанда Монғолия тектес ел болып кетіңдер”, - деп үгіттеді. “Ішкі сыртқы саясаттарыңды Монғолия сияқты өздерің біліңдер”, - деп пікір айтылып еді. Ақыр мен де мақұл болдым. 1942 жылы 20 қарашада, яғни мен барғаннан кейін 71 күннен кейін “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жариялаған интернационалдың жарнамасын алып келіп мені бірнеше күн оқытты. Сонымен қатар, 1943 жылы 2 қаңтардан бастап Шығыс Түркістан азат болғанша жүргізілетін шикізат, товар, мал саудасының тармақтарын орыстар өздері түзіп әкеліп оқып берді. Бұл тармақтарды мен табандай екі ай оқыдым. Бұдан басқа Шығыс Түркістанды ел етіп құрудың бір қанша саяси дәрістерін оқытты. Сонымен Оспан жайындағы болып жатқан қозғалыстардың ахуалын айтып тұрды. Халықаралық жағдайды әрдайым айтып одан дәріс беріп отырды.111 Алтайдағы қозғалыстарды ұғып жатсам да оған тәуелсіз ел болуды жүзеге асыра алмайды деп қарап келдім. Өйткені оның халықаралық жақта белгілі иесі жоқ. Орыстар 1932 жылы Шығыс Түркістан жарнамасын жариялап Қожаниязды қолдаған болса да, соңғы кезде алдап кеткен еді. Сонымен бірге Алтайдағы көп ел Жәнтекей онда Көкен-Тұпан билігінен басқа орындар билік айтса Жәнтекейлер тоқтамайды. Сондықтан менің мұндай қиын жерде жұмыс істеуім қиынға түседі деп ойлап келдім. Қазір де мен ойымнан арылып көргенім жоқ. Ең ақырда жарнама, жазба тоқтамдар мен Оспан жетістіктерінің біраз ілгерілеп жатқандығын көріп істесем істейін деп келіп отырмын. Ендігі істерді сіздерге сүйеніп істеп көрелік, - деуші еді.

Бірақ кейіннен Дәлелханның алғашқы мінез-құлқынан барған сайын алшақтап Оспанды надан деп қарап112 баса билік жүргізетін әдетке көше бастады. Міне тағдыр Оспан мен Дәлелхан арасына бұл мінез-құлықты әдейі алып келді. “Ілгері басқанның иті оттайды. Кейін басқанның келіні ұрлық істейді.” (179) Дәлелханның келіні ұрлық істей бастады. Бір кезде Дәлелхан бір сөзінде:

- Әсілінде Ресейге баратын ниетім жоқ еді. Жәнтекейдің белгілі орындарындағы белгілі адамдарының сол кезде Ресеймен байланыс жасап қазақ консулы Баймурзиннің Алтайда ұйымдастырып жүрген адамдарының күштеп араласуы арқылы кетуге мәжбүр болдым, - деп те қойды.

Баймурзин Дәлелханнан кейін Бұқатты, Қалелді айналдырған. Оны нәтижесінде оларды құртып кеткен еді. Бұқат, Қалел құрығаннан кейін Алтайда, әсіресе, Жәнтекей арасында тағы да саяси ұйым құрылғандығын көреміз. Бұл ұйым адамдары кейін бізбен байланыс жасамады. Олардың аттары бізге мәлім болмады. Сондықтан сол кезде туыстық жақтан Дәлелханға сеніп келдік.

Кейін Дәлелхан орыстар мен Монғолияның адамдарының қолына қонған. Оны біз көріп отырсақ та көпке дейін Оспан батыр:

- Тұра тұр, тұра тұр. Байқайық, - деумен көп уақыт сенісе алмай келдік. Ең ақырда Дәлелхан шын айрылуды талап қылған кезде, Оспан батыр Дәлелханнан бір-ақ күнде сырт айналып, оның есігін бір-ақ жапты.

Орыстар Дәлелханды қолына ұстап тұрып Ысқақбек, Ахметжан сияқты надан адамдардан пайдаланып үш аймақтың мұнай, асыл тас, алтын, барлық шикізатын текке қазып алып арзанға сатып алып бітеу жұтып жатты.113 Ал біз барлық нәрседен қол үздік. Енді өз басымызға қауіп төнгенде сол мекеннен қашып шығуға мәжбүр болдық. (180)

Ресей арқылы қолға келтіреміз дейтін ұлттық ақыдан [қақ-құқықтан] үміт үзгеннен кейін Сан Мын Жушидан үміт күткен едік. Ол жағдайды мен жоғарыда баяндадым.

Бұның өзі, құтты Абай айтқандайын “бір үміт, бір қауіп” астында тұрды. Коминдаң мен Күн Сандаңның кескілескен соғысы болып жатқан қиын-қыстау жағдайды Гоминдаң өзіне бір қажетті базар тауып Шығыс Түркістан өлкесін ең болмағанда “Шын Түркістаны” деп жариялайды деп ойлаған едік. Бірақ осынау ұзақ тарихтан Шынжаңды Шығыс Түркістан өлкесі деп құрып беретін адамды жаратқан Құдай орыстан да, қытайдан да туғыза алмайтындығын түсіндік. Сондықтан уақытша жан бағу қажет болды. У Жуши Үрімжіде демократиялық жаңа өкімет құрғанда осы өлкелік үкіметтің қарауында сегізінші полк құрылған. Осы полктің бастығы Закария полковник еді. Осының І Ландойын бастығы мен болып белгілендім. Полк Пукаң ауданына орналасты. Мен сол жерге барып әскерлерге ат ойының, сынай мергендік үйреттім.

1947 жылы Қалибек тобы Сауаннан бұзылып көшетін болғанда демократиялық өлкелік өкіметтен жәрдем сұрады. Сонда мен ланыммен барып оларды шекарадан аман-есен өткізіп алып келдім.

Үрімжіден екі күн жүріп Құтыби ауданына бардым. Закария сол жерде екен. Жанымханның Дәлелханы бар екен. Біздің әскерлерге сол жерден құралды толықтап берді. Қалибектерді аман-есен өткізіп алып Шындықозыға қонған соң біз сол жерде бір ай жаттық. Онан соң Жаншетіңге келдік. Онан шығып полктың негізгі орны болған Пукан ауданына келіп түстік. 1947 жылдың ақырына дейін бұл орыннан қозғалмадық. 1948 жылы (181) орыс өкіметі мен монғол өкіметінің қуатты армиясының күшімен Ресейдің генералы Бектуров 1947 жылы маусымда Оспанды және оспаншыларды қуалап отырып Бәйтік тауына әкеп тастады. Бұл жолы орыстар үш аудан халқынан 80 мың қойды тартып алды. 1948 жылы көктемде сыртқы Монғолияның Генерал Серін армиясының күшімен Оспаншылдарды қуалап Шонжы ауданына әкеліп тастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет