Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени


ОТБАСЫНДАҒЫ МƏДЕНИЕТТІҢ ДƏСТҮРЛЕР МЕН НАНЫМ-СЕНІМДЕРДЕГІ САҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ



бет46/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

ОТБАСЫНДАҒЫ МƏДЕНИЕТТІҢ ДƏСТҮРЛЕР МЕН НАНЫМ-СЕНІМДЕРДЕГІ САҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ





      1. Мəдениеттегі əдет-ғұрыптың дəстүрі мен жаңалығы

(инновациясы).

      1. Қазақстан халықтарындағы дəстүрлер мен наным-сенімдер.


  1. Мəдениеттегі əдет-ғұрыптың дəстүрі мен жаңалығы (инновациясы)

Дəстүрдің диахрондық тұрғыда үлкеннен кішіге, ұрпақтан- ұрпаққа қалыптасқан мəдениеттің негізін қалайтындығын білді- реді. Қандай дəстүр болмасын – бұрынғы инновация, ал кез кел- ген инновация – болашақ дəстүр. Əрбір дəстүрдің қоғамда өзіндік бастамасы, яғни инновациясы болады. Қазіргі инновацияның, мə- дениетте сақталып қалмай дəстүрге айналуы заңды болар.

Дəстүрден барлық əдет-ғұрып тарағанымен, рəсімдердің барлығы тарамайды, Рəсімдердің кейбірі есте сақталып, ерекше сəттерде қолданылуының мүмкіншілігі бар. Инновациядан эво- люцияны ажырата білудің қажеттілігі оның өмірге білінбей жəне біртіндеп енуі, революциялық ойлап табу шеттен немесе қапылыс арқылы келеді. Ол ескі дəстүрдің үзіліп, жаңа əдет-ғұрыптардың тууына алып келді. Инновацияның дəстүрге айналуы мерзімді бір уақыттың мөлшерімен айқындалады. Бұған 50-60 жыл көлемінде енген инновацияны жатқызуға болады. Егер инновацияның ен- ген кезеңі ұмытылып, тек əсері қалса, онда оның ескірген белгі-
сінің байқалуы деген сөз. Жоғарыда келтірілген жылдардан асып, инновация толығымен дəстүр болып қоғамда қабылданады. Топ- тық дəстүр тез əрі жеңіл ауысып тұрады. Жаңа құбылыстың ұзақ жылдар бойы ұсталымы дəстүрдің белгілі бір бөлігін өзгеріске ұшыратады. Кезеңдік-аймақтық дəстүр қалыптасады. Қазіргі ке- зеңдегі урбанизация, жаһандану мен модернизацияның салт-дəс- түрлерге қарқынды ықпалы да байқалып тұр.

Инновация мен жаңа рəсімнің енуі төрт маңызды кезеңмен байланыста болады: 1) селекция; 2) ойлап шығару мен көшірме;

3) құрал жəне модификация; 4) құрылымдық интеграция.

Дəстүр мен діннің адамдарға əдет-ғұрыптық өмір циклі жүйесі арқылы əсер етудегі рөлі жоғары. Олардың этностардың ішкі қа- рым-қатынасын жəне ұлттық ерекшеліктерін сақтауға ықпалы зор. Жаңа дəстүрлер мен салттардың қоғамдағы əлеуметтік-эт- никалық, психологиялық, тəрбиелік жəне т.б. тұлғаның дүниета- нымын қалыптастырып, рухани адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған қызметтері белгілі. Революциялық кү- рес, еңбек, азаматтық, отбасылық дəстүрлердің нығаюы жүрген.

Салт-дəстүрлердің тұрақтылығы мен синкретизмін зерттеу қажет болып тұр.

Халықтық-дəстүрлік пен жаңа отбасылық-тұрмыстық жəне өзге ғұрыптардың өзара қатынасының ерекшелігін анықтайтын күн жеткен сияқты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет