«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер



бет25/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Дыбыс және фонема дегеніміз не? 2. Фонеманың қызметі қандай? 3. Фонеманың жаңа ажыратқыш сипатына не жатады? 4. Орфоэпия дегеніміз не?


5.Тіл дыбыстары қандай ұстанымдарға негізделіп жіктеледі?
6. Дауысты дыбыстар қалай топтастырылады?
7.Дауыссыз дыбыстар қалай топтастырылады?
10 Тақырып.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Фонетикаға байланысты терминдер.
Жоспары:
1.Акустикалық әдіс.
2. Физиологиялық әдіс.
3.Фонетикалық терминдердің түрлері
4.Фонетика саласындағы терминдердің орны.
АБЛАУТА (апофония) – фонетикаға байланысты болмайтын сөзжасамдық және сөз түрлендіруші мағынаны білдіретін дыбыстардың алмасуы.Үнді европалық (Герман) тілдерде А. тұлға мен сөзді ажырату үшін қолданылатын тәсіл,бұл ішкі флексия болады.
АККОМОДАЦИЯ ( латын тілінде - бейімдеу) фонетикалық бейімделу, қатар тұрған аралас дауыссыздың және дауыстының жарым – жартылай артикуляциялық бейімделуі. Жасалу бағытына қарай прогрессивті және регрессивті А. болып бөлінеді.А. бойынша кейінгі дыбыстың басталуы алдыңғы дыбыстың аяқталуына бейімделсе,оны ілгерінді А. керісінше, алдыңғы дыбыстың рекурсиясы кейінгі дыбыстың экскурсиясына қарай бейімделсе,оны кейінгі А. дейді.
АКУСТИКА(грек сөзі – есту) – жалпы акустиканың бөлімі, ол лебіздік сигналдың құрылымын,сөйлеу процестерін зерттейді. Сөйлесу екі кезеңнен тұрады: 1) артикулярлық жолда (дыбыстау мүшелері) дыбыстың пайда болуы;
2) актив және пассив дыбыстау мүшелері жасайтын акустикалық фильтрден дыбыстық құрамының қалыптасуы, қалыптасқан дыбыстың ауыз бен мұрын жолы арқылы кеңістікке шығуы. Жасалу түріне байланысты дыбыстар мынадай топтарға бөлінеді;
а) дауыс арқылы жасалған, дауысты және үнді; ә) салдыр арқылы жасалған, қатаң, ызың және аффрикаттар; б) импульсті; қатаң, шұғыл дыбыстар,
в) дауыс пен салдыр арқылы жасалған ұяң, ызың және аффрикаттар, г) дауыс пен импульс арқылы жасалған, ұяң және шұғыл дыбыстар. Тілдің акустика негіздерін Г.Л.Ф. Гельмгольц қалаған.
АКЦЕНТ (лат сөзі – дауыстың көтерілуі,екпін) – екпінмен бара - бар.
АЛФАВИТ ( грек сөзі алғашқы екі әріптің атынан шыққан альфа мен бета) – жазу үлгісінде белгілі бір орналастыру тәртібімен қабылданған.
АССИМИЛЯЦИЯ ( ықпал) ( лат. Assimilatio – ұқсату) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері; Сөз ішінде немесе сөз тіркесінде дыбыстардың өзінен бұрынғы (кейінді А) немесе өзінен кейінгі (ілгерінді А) дыбысқа артикуляциялық икемделуі.А.біртекті дауысты дыбыстар (вокаликалық А) немесе дауыссыз дыбыстар (консанантты А.) арасында пайда болады.А.соң дыбыстар толық немесе ішінара сәйкестенсе, А.толық болады,егер А.соң дыбыстар басқа белгілері бойынша өзгешіліктерін сақтаса, жартылай А.болады.Шектес дыбыстардың А.(контактілі А.) және өзге дыбыстармен ажыратылған дыбыстардың А. болуы мүмкін.
АШЫҚ БУЫН – буынның бір түрі. Жалғыз дауыстылардан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыларға бітетін буын. А.б.- ның дыбыстық құрамы: 1) А: ә-ке, а-на; 2) ВА: да-ла-да; 3) ВВА(кірме сөздерге тән): станок; 4) ВВВА (кірме сөздерге тән): стра-тегия.
АШЫҚ ДАУЫСТЫЛАР – жақтың қатысына қарай дауыстылардың түрі.А.д. –ты айтылғанда астыңғы жақ үстіңгі жақтан барынша қашықтайды, ауа еш кедергісіз еркін шығады. А.д.: а,ә. Жартылай А.д.: о,ө,е.
ЕРІНДІК ДАУЫССЫЗДАР – Лабиаль дауыссыздарымен барабар.
ЕКПІН – сөз ішіндегі бір буынның күшті айтылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет