Қазіргі таңДАҒы халықаралық ҚҰҚЫҚТАҒы адам және азаматтардың ҚҰҚЫҚтары мен бостандықтарын реттеудің Өзекті мәселелері



бет4/18
Дата22.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472593
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ МД ОКК

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Адам құқықтары проблемасына Т.Б. Бекназар-Юзбашев, В.А. Карташкин, И.А. Ледях, Б.Г. Манов, Р. Мюллерсон сияқты Ресей зерттеушілерінің еңбектері арналған. Отандық заң ғылымында Т.А. Ағдарбеков, М.Т. Баймаханов, М.С. Башимов, Б.А. Есентемірова, А. Жұмағұлова, Г.К Искакова Г. Лупарев, А.К. Мұхтарова, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сәбікенов, А.В. Турлаев, Н.А. Шайкенов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңістігінде адам құқықтарын іске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж.Д. Бусурмановтың диссертациялық зерттеуі ерекше орын алады.
Мaгистpлік диссepтaциялық жұмыстың зepттeу объeктісінe - қазіргі таңдағы халықаралық құқықтағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттеудің өзекті мәселелері халықаралық деңгейде құқықтық реттелуінің іске асырылуының жағымды тәжірибесін анықтау және қарама-қайшылықтармен кемшіліктерді табу арқылы жүйелі талдау.
Мaгистpлік диссepтaциялық жұмыстың зepттeу пәніне − адам құқықтарының халықаралық деңгейде құқықтық реттелуінің сотпен қорғалу құқығын, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік аппараттың және оның жеке органдарының қызмет ерекшеліктері болып табылады.
Мaгистpлік диссepтaциялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Адам құқықтарының халықаралық деңгейде құқықтық реттелуін жетілдіру бойынша шаралар ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:

  • қазіргі таңдағы халықаралық құқықтағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттеудің өзекті мәселелеріне талдау жүргізу;

  • Адам құқығының халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық сипатын қарастыру;

  • Босқындардың құқықтарын халықаралық деңгейде реттеудің ерекшеліктерін саралау;

  • Адам құқықтарының халықаралық деңгейде құқықтық реттелуін саралау.

  • Мaгиcтpлік диccepтaцияның ғылыми жaңaлығы. Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтағы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын реттеудің өзекті мәселелері тұтастай алынып, арнайы зерттеліп отыр. Сонымен бірге, адам құқығының халықаралық және ұлттық құқықтағы басымдылық сипаты, босқындардың құқықтарын халықаралық деңгейде реттеудің ерекшеліктері, адам құқықтарының халықаралық деңгейде құқықтық реттелуі, мақсат-мұраттары, рухани мұраттары, рухани бастаулары, негізгі ұғым-түсініктері, қағида-принциптері, олардың даму кезеңдері, тарихи сабақтары мәселе ретінде көтеріліп, жүйелі түрде зерделенеді. Магистрант зерттеу жұмысында адам құқықтарының отандық және халықаралық деңгейде құқықтық реттелуінің тәжірбиесіндегі озық үлгілерді бүгінгі күннің биігінен талдауға ұмтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет