Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары жмп


Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады



бет9/10
Дата20.05.2024
өлшемі2.32 Mb.
#501515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ПВШ 4-тема 2019-20г

Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады.
  • STEM-білім берудің мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету. STEM орталықтары – оқушыларға қосымша білім берудегі ғылыми, техникалық және инженерлік компоненттерді қолдайтын ғылыми зертханалар желісі.
    • Қазіргі таңдағы білімге STEM ғана емес, STEAM қажет. Яғни STEM курсының пәндеріне А (Аrt) қосылады. STEAM-білім беру дегеніміз не? Бір сөзбен жеткізе алсақ, S – science, T – technology, E – engineering, A – art, M – mathematics STEАM-білім берудегі Arts (өнер) ұғымы ‒ шығармашылық. Көркем өнер пәндерінің белсенділігі кез келген инновациялық мәселелерді шешуде жасампаз тұжырым ұсынуда, ал оның түйіні Arts-білім беруде жатыр.
    • Әлемдік тәжірибеде STEM-нен STEAM-білім беруге көшуде белсенді қозғалыс байқалады. Осылайша, STEAM-білім беру STEM білім беру тұжырымдамасының жалғасы саналады. «Arts» санаты бойынша STEAM-білім беруде өнердің түрлі бағыттарын қарауға болады: жеке түрлері ретінде – кескіндеме, архитектура, мүсін өнері, графика, музыка, әдебиет және поэзия, сол сияқты синтетикалық түрлері – театр, хореография, балет, кино, дизайн.
    • STEAM-білім беру жүйесіне көркем шығармашылықты кіріктіру үшін қолданылатын негізгі оқыту әдісі – жобалау
    • Демек, STEAM-білім беру балаларға мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. STEAM - XXI ғасырға қажетті дағдыларды дамытудың жаңа жолы.
    • Бұл қазіргі уақытта көптеген елдердің білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарының бірі. Мұнда пәндерді жеке оқытпай, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндерді оқушыларға әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға басты назар аударады. Сондықтанда қазіргі уақытта STEАM оқыту бағытындағы кіріктірілген сабақтарды өткізудің маңыздылығы қарастырылады. Жалпы білім беретін орта мектептерінде «Робототехника» курсы енгізілді. Мектеп бағдарламасына «Ғылымға кіріспе», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сынды ақпаратты сараптай білуге үйрететін заманауи пәндер кіргізілуде.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет