Вильгельм Дильтей культурологиялық зерттеулердің бүкіл саласына үлкен
ықпал етті. Ол «мәдениет туралы ғылымдардағы» танымдық әдіснаманың
ӛзгешелігін дәуірдің тұтас рухани ӛмірінің түйсіктік қайта құрылуы ретінде
анықтайды. Мәдениет тарихын Дильтей бір-бірімен байланыспаған тұйық
мәдени жүйелердің қатары ретінде қарастырады. Оның ойынша, мәдениет
феномендерін түсіндіру олардың мағыналық ӛзегі болып табылатын және
мәдени жүйелердің тұтастылығының негізі болып саналатын дүниетанымды
қайта құру арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп санайды. Демек, мәдениет
тарихы, оның ойынша, дүниетаным тарихы. Сондықтан, мәдениетті
ұғынудың жалғыз жолы – адам мен қоғамның рухани ӛмірінің бірегейлігінде
жалғасатын «ӛмірлік бірліктердің» құрылымдық байланысын анықтау.
Мәдениет феноменін ұғынудағы «ӛмір философиясы» желісін
жалғастырушы Георг Зиммель (1858-1918 жж.) болып табылады. Оның
ойынша, мәдениет объективті табиғат әлемі мен адамзат мәдениеті әлемі бір-
біріне қарсы тұратын, «субъективті рух» әрекет ететін әлемнің терең
дуализмімен ажырамас байланыста. «Адам әрине жануар тәрізді табиғи
әлемдік мақсаттылыққа қосыла кетпейді, бірақ одан бӛлініп, ӛзін оған қарсы
қояды. Осы дуализмнің ортасында «мәдениет идеясы» тұрады.
Мәдениет ұғымы символикалық, Зиммель бойынша, оны «рухтың ӛзіне
қарай жолы» деп кӛрсетуге болады. Мәдениет екі элемент кездесетін жерде
болады: жеке тұлға рухы – және «заттылыққа» ие болған рух, яғни оны
жасаған адамның рухани күштері мен мүмкіндіктерінің объектіленуі болып
табылатын бейнебір шығарма, ӛнер туындылары мен моральдық нормалар,
ғылым мен техника, дін мен құқық, мақсатқа сай қалыптастырылған заттар
мен мінез-құлық мәнері.
Мәдениет, осылайша, күрделі, нәзік, субъектілік-объектілік қатынас-
тарға толы ӛмір салты, оның барысында субъективті даму мен объективтік
рухани құндылықтардың тұрақты синтезі жүзеге асырылып отырады. Бұл
жағдайда, мәдениет тарихы – бұл ӛмірдің құндылықты мазмұнының шексіз
ұлғаю процесі. Кез келген шығармашылық ӛмірді тағы бір рух құбылысымен
байытады, бірақ дәл осы жерде, Зиммель бойынша, мәдениеттің трагедиясы –
бір нысанның – адам шығармашылығының қайсыбір жетістігінің нақты және
мәдени мәні арасында қайшылықтың болу ықтималдығы жасырынған.
Достарыңызбен бөлісу: |